Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау


КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан маңызды табиғи әлеуеті және әлеуметтік - экономикалық мүмкіншіліктері бар дамып жатқан жаңа туристік бағыт болып табылады. Қазақстанды әлемдік туристік нарыққа өткізудің басты талабы - ішкі нарыққа ұсынуға болатын тартымды туристік өнімді қалыптастыру. Аймақтық туристік саясаттың даму мәселесі Қазақстанның көптеген облыстары үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанда туризмді дамытудың негізгі алғышарттарының бірі - алдымен ішкі туризмді дамыту. Осыған орай, еліміздің туризмді ұйымдастыруға болатын аймақтарын анықтап, оларды дамыту, әрі зерттеу қажет екендігі айқын. Алайда, еліміздің көптеген жерлері назар аударылмай қалады, сондықтан диплом жұмысымның негізі болып отырған Шардара ауданының туристік мүмкіншілігін анықтап, зерттеу жүргізу мәселесі бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып отыр.
Осы өлкенің табиғи-туристік мүмкіншіліктерін бағалай отырып аймақты үлкен демалыс орнына айналдыру. Қазіргі мүмкіншіліктер мен келешекте болуға тиісті мүмкіншіліктерге ұсыныстар жасалды.
Қазақстан Республикасының өкіметінің қабылдаған республика туризмнің даму концепция мен бағдарламасы жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың зерттеу нысаны -Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданының туристік орындары .
Жұмыстың мақсаты - Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау.
Жұмыстың міндетері:
-Шардара ауданының туризм дамуының алғышарттарын сипаттау;
-Шардара ауданының туризм шаруашылығының жағдайын анықтау;
-Шардара ауданының туризм дамуы болашағы мен мәселелерін талдау;
Зерттеу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
-туристік объект ретінде Шардара ауданының туризм дамуының алғышарттары көрсетілген. Оның ішінде, табиғи, тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары берілген.
-ауданның туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасалынған. Негізгі туристік нысандарына сипаттама жасалынған.
-туристер потенциалы, туристік саладағы жағажай бағытының маңыздылығы, даму мәселелері, ішкі туризмінің көрсеткіштері анықталған. Жұмыстың соңында қорытынды және әдебиеттер тізімі келтірілген.
Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы зеттеулер мен аудандық, облыстық туризм басқармасының еңбектері жатады.
Зерттеу жұмысының барысында келесі әдістер пайдаланды: тарихи, салыстырмалы, сипаттау, статистикалық және картографиялық.
Зерттеу пәні Шардара ауданның туризм шаруашылығының даму мүмкіншіліктері.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жұмыс зерттеулерінен алынған нәтижелер аймақта туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Таңдап алынған аудан автор үшін тек қана қызығушылығына байланысты болмай, сонымен қатар, ауданның тарихи және географиялық ерекшеліктерінің аудан туризмін дамытуға үлкен әсер етуіне байланысты. Жұмыста Шардара ауданы бойынша жаңа туристік маршрут құрастырылды.
Жұмыстың нәтижелері Қазақстан рәміздеріне арналған Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер конференциясының жинақтарында жарияланғанды.
1 ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Ауданның табиғи-географиялық ерекшеліктері
Жалпы алғанда Тұран плитасы Оңтүстік және Батыс Қазақстан территорияларында орналасқан. Шардара ауданы негізінен Тұран плитасында орналасқан. Тұран плитасының шекарасын әр түрлі зертеушілер әрқалай көрсетеді, бірақ олардың көпшілігі былай қабылдаған: плита батысында Каспий теңізінің акваториясымен шектелген, солтүстік -батысы, яғни Оңтүстік Ембі ауданында Шығыс Европа платформасының Каспий маңы ойысымен шектеседі; солтүстігі мен солтүстік - шығысында оның контуры Орал және Орталық Қазақстанның мезозойға дейінгі қатпарлы кұрылымдарының беткі бөлігіне шыға беріспен сөйкес келеді де Тұран иілімімен жалғасады; оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде плита Батыс Тянь-Шань мен Копетдагтың жоталары және таулы ойыстарынан тұратан альпі орогенді белдеуімен шектеседі.
Тұран плитасының фундаменті құрамы мен жасы әр түрлі болып келетін докембрийден пермь-триаска дейінгі геологиялық формациялардан кұралған күрделі гетерогендік кұрылым. Бұлар әр түрлі деңгейде дислокацияланған, сынулармен және интрузиялармен бөлінген. Тұран плитасының платформалык қаптамасы жоғарғы триастан төрттікке дейінгі шөгінділерден құралған. Қаратау жотасы мен Қызылқұмның орталык бөлігіндегі үстірттерден (Бұқантау, Тамдытау, Құлдыжықтау, Сұлтансыздак т. б. ) басқа плитаның барлық жерінде дерлік мезозой-кайназой қаптамасы дамыған. Қызылқұм мен солтүстік-батыстағы Шу-Сарысу ойысында теңіздік щөгінді қабаттар көбінесе сұр саздар, ақ және сұр кварцты кұмдармен көмкерілген: карбонатты жыныстардың маңызы шамалы. Қабаттың калыңдығы 20-400 метр аралығын құрайды [1] .
Орта олигоцен-төрттік шөгінділер (жоғарғы құрылымдық қабат) Тұран плитасының барлық дерлік территориясында таралған, тек ірі көтерілімдердің кейбір бөліктерінде ғана жоқ. Олардың жалпы калыңдығының таралуында айқын зандылық байқалады, олар алғашқы жүз метрден аспайды. Қабат кескінінде 3 бөлік байқалады: орта олигоцен-төменгі миоцен, орта миоцен-төменгі плиоцен және жоғарғы плиоцен-төрттік. Олардың арасындағы шекаралар айқын байқалады. Бөліктердің ішінде сонымен қатар үзілістер де бар, бірақ олардың маңызы айтарлықтай емес. Жоғарғы плиоцен-төрттік қабат платформалық қаптама кескінін аяқтайды. Ол көбінесе төсеме қабатга жатады, ал негізінен үлкен аумақтарда жоқ немесе аз қалындықта болады. Қызылқұмда кейінгі плиоценге континенттік немесе теңіздік сары-сұр, сұр және далалық карбонатты және құмды саздар, сұр және далалық құмдар, борпылдақ құмдақтар, алевриттер, мергельдер жатады. Солтүстікте Қарақтау тауына қарай төменгі миоценге қызғыш-коңыр және сұр құмдақты саздар, сұр жұқа дәнді саздақты құмдақтардан тұратын шұбар түсті шөгінділер (қалыңдығы 4-26 м арлығында) жатады. Батысында төменгі миоцен шөгінілерінің қалыңдығы 85 м-ге дейін ұлғаяды. В. П. Нижегородовтың анықтауы бойынша бұнда олар борпылдақ сары ұсақ дәнді кұмдақтар және қоңыр-қызыл құмдақты саздардан тұрады. Солтүстік-батысқа Арыс ойысына қарай қалыңдығы 400 м-ге дейінгі құмдақты, карбонатты ашық-қоңыр саздар мен алевриттерден тұратын біртекті кабатты кездестіруге болады [2] .
Қарақтау тауы аумағында палеонтологиялық материал орта миоценді жоғарғыдан бөлуге мүмкіндік бермейді. Бұл шөгінділер кей жерлерінде ашық- сұр гипсі бар ашық және қызғыш-қоңыр саздардан тұрады. Сырдария өзенінің аңғарындағы төрттік жыныстар көбінесе көлдік, аллювийлік, эолдық (сұр және жасыл сұр саздар, құмдар, алевриттеқұмдақтар, саздақтар, қалың саздақтар) . Жалпы алғанда Шардара территориясының беткі бөлігі негізінен бор және үштік кезең құмдары, құмдақтары, саздары, сонымен қатар опок, конгломерат, галечник сияқты континенттік және теңіздік шөгінділерден құралған. Теңіз шөгінділері плиоценнен кейін бұнда қалыптаспады. Үштік және бор шөгінділері көбінесе лесс тәрізді саздар мен саздақтар, сондай-ақ әр түрлі аллювиалдық үйінділермен жабылған [3] .
Тұран плитасының платформалык қаптама құрылымы барлық қалыңдықта бірдей емес. Аталған кұрылымдық қабаттардың әрқайсысына құрылымдық жоспар ерекшеліктері тән, бірақ жалпы алғанда жоғарғы горизонттан төменге қарай қаптама құрылымының күрделенетіндігі байқалады. Басты құрылымдық элементтері барлық горизонттан көрінеді. Оларға ірі ойыстар мен көтерілімдер, сонымен қатар аралық кұрылымдық элементтер - моноклиналдар, ойыстар және қүрылымдық террасалар (сатылар) жатады. Сырдария ойысы ( Шығыс Қызылқұм ) Шығыс Аралдың оңтүстігіне қарай орналасқан және одан Аққыр-Құмқалы ойпатымен бөлектенген. Сырдария ойысының ішкі құрылысы құрылысы күрделі. Оның ішінде алты иілу - Үрмеқұм, Жауғаш, Берді, Арыс-Байырқұм, Ерғашқұдық және Келес -үш көтерілу - Төртқұдық, Балтакөл-Басаға және Қарақтау бөлінеді. Осы құрылымдық элементтер арасындағы шекаралар әдетте флексуралар мен жарылулар арқылы жүргізіледі. Иілімдердегі фундаменттің жату тереңдігі 3 шақырымға жетеді, ал көтерілулер мен ойыстардың ернеу маңы бөліктерінде жүздеген метрге дейін төмендей береді.
Шөгінді қабаттардың қалыңдығының анализі құрылымдардың морфологиясы мен даму ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Қаптаманың барлық ірі құрылымдары мезозойдағы сияқты кайназой шөгінділерінен де жақсы байқалады. Қаптама құрылымдарына фундаментгщ сынулармен бөлшектенген және мезозой мен кайназой шөгінділерінен де жақсы байқалады. Қаптама құрылымдарына фундаменттің сынулармен бөлшектенген және мезозой мен кайназойда тік қозғалыстар дифференциациясына ұшыраған көтерілген және төмнен түскен. Солтүстік бөлігінде ойыстар шартты түрде Үрмеқұм иілімі және Кемпір көтерілімі, Жауғаш иілімі бөлінген. Үрмеқұм иілімі бірнеше брахиантиклиналдармен күрделіленген қүрылымнан түрады. Кемпір көтерілімі солтүстік-батысқа бағытталған, ол Үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің терең батқан моноклиналын қиындата түседі. Жауғаш иілімі ойыстың орталык бөлігінде орналасқан [4] .
Құрылымның шығыс бөлігінің білігі солтүстік -шығысқа бағытталған. Солтүстік-шығысқа қарай созылған шөгінді қаптаманың ірі қүрылымына Балтакөл-Басаға мен Қарақтау бүйраты және оларды бөліп түратын Берді иілімі, сонымен қатар Арыс-Байырқұм иілімдері жүйесін Келес иілімінен бөліп тұратын Шулы-Шардара көтерілімдер тобы жатады. Балтакөл-Басаға бұйраты ойыстың орталық бөлігінде орналасқан. Берді иілімі Балтакөл-Басаға бұйратымен қатар орналасқан. Оның морфологиясы қаптаманың әр түрлі горизонтында әрқалай болып келеді. Иілімнің солтүстік-батыс бөлігінде Айдар антиклиналы табылған. Оның оңтүстік-батыс қанатын бұрғылаудың нәтижесінде пермь-триастың сұр түсті, шұбар түсті шөгінділері табылған. Қарақтау бұйраты ойыстың орталық бөлігін оның шығыс шетінің құрылымынан бөліп тұрады. Жоспарда оның формасы дұрыс эллипс тәрізді, оның оңтүстік -шығыс қанаты солтүстік бөлігінде Асаршық брахантиклиналымен күрделіленген. Арыс-Байырқұм иілімдер жүйесі Қарақтау бұйратының шығысына қарай орналасқан. Ол солтүстік-шығысында Үлкен Қарақтаудьщ оңтүстік-батыс беткейінің моноклиналына, ал оңтүстік-батысында Нұратау жотасының солтүстік-шығыс беткейінің моноклиналына біртіндеп ауысады [5] .
Жүйе шөгінді қаптаманың барлық горизонтынан айқын байқалады және аралас Қарақтау дуалы мен Шулы көтерілімінен ірі сынулармен бөлектенген. Жүйе Арыс және Байырқұм иілімдеріне бөлінген : олардың арсындағы шекара шартты түрде жүргізіледі. Изометрлі Арыс иілімі солтүстік шығыста орналасқан. Оның ішкі бөлігі ірі антиклиналь жөне синклиналь қатпарлармен (Қаракүңгір- Ақдала, Арыс антиклиналы т. б. ) күрделіленген. Иілімнін солтүстік-батыс қанатында Шығыс-Қоскүңгір брахиантиклиналы зерттелген. Байырқұм иілімі Арыстың оңтүстік-шығысына қарай орналасқан. Иілімнің солтүстік бөлігінде Байырқұм брахиантиклиналы бар. Шулы-Шардара көтерілімдер тобы ойыстың оңтүстік-шығысында орналасқан. Ол Шулы және Шардара көтерілімдерінен түрады. Алғашқысының формасы бұрыс изометрлі, құрылымдық үйінділер және шығанақтармен күрделіленген. Палеозой фундаментінің беткі бөлігінің изосызықтарынан оның бөлігінің солтүстік-шығысқа бағытталғаны көрінеді. Көтерілімнің қанаттары Арыс-Байырқұм көтерілімдер жүйесімен шекарада ірі сынулармен күрделіленген; оңтүстік қанаты Келес иілімімен шекарада фундаменттің сынуымен байланысқан ірі флексурамен созылған. Шардара көтерілімі Шулының оңтүстік-батысында орналасқан және одан жайпақ ойпат арқылы бөлінген. Ол бұрыс күрлелі формалы бірақ жалпы алғанда солтүстік-шығысқа қарай аздап созылған. Ол оңтүстік-батысында Нұратау жотасының солтүстік-шығыс беткейінің моноклиналына акырындап ауысады. Көтерілімнің солтүстік-шығыс бөлігінде қанаттары жарылулармен күрделіленген ірі Жаусымқұм моноклиналы бар. Келес иілімі ойыстың шеткі оңтүстік-шығысын ала, солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Иілім шөгінді қаптаманың барлық горизонтында жақсы көрінеді. Ойыстың оңтүстік-батыс шетінде Ерғашқұдық иілімі мен Төртқұдық-Қызылқұрын көтерілімі орналасқан. Бірақ бұлар өте аз зерттелген [6] .
Аллювиалды төрттік үйінділердің ұшуынан пайда болған кұмдары басым болып келетін кең байтақ аймақтарға мыналар жатады: 1) солтүстік-шығысынан Аралға тақалып жататын Арал маңы Қарқұмы 2) Сырдария маңы жазығының оңтүстік жағалаулық үлкен бөлігін алып жатқан Қызылқұм және 3) Үлкен Борсық құмдарының солтүстік бөлігі. Көбінесе бұл құмдардың қалыңдығы аса үлкен емес және жоғарыда аталған үштік, сирек болса да бор жасындағы шөгінділер әлгі құм жалдарының арасында жиі кездесіп отырады. Көпшілік бөлігі өте тегістігімен, әйтсе де қазіргі кездегіге қарағанда бүрынғы кездердегі, бастауын таулардан алатын өзендердің тегіс жазықта жиі ұшырасатындығымен байланысты пайда болған төбешікті бұйратты жер бедерімен ерекшеленеді. Бұндай аудандардың кейбір жерлерінен беткі бөлік тілімденуі үштік шөгінділердің борпылдақ құрылымымен, сондай-ақ олардың тұздылығымен қамтамасыз етілген басқа типтерін табуға болады. Борпылдақ жыныстардың тығыздануы, сонымен қатар тұздың сумен бірге тереңге сіңуі сияқты басқа да факторлар өте тегіс ойыстардың пайда болуына жағдай жасайды. Шығу тегіс сол немесе басқа тегіс қазаншұңқырларда әдетте тұзды көлдердің таралуы осыған байланысты.
Тұран ойысының бұрынғы өткен біршама дәуірлердегі транзиттік өзендерінің кеуіп қалған аудандарында алғашында кәдімгі жайылмалық жер бедері болған аллювиалды құмдардың кең байтақ жерлері пайда болды. Кейінірек құм рельефі жел әрекетінің әсерінен түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Сырдария маңы жазығында құмды материалдардың жетіспнушілігі байқалмайды, қайта өзендер арқылы жиналған үштік және бор жыныстары бұнда өте көп кездеседі. Сондықтан аллювиалдық құмды жазықтардың пайда болуы үшін өзендер тек аздаған арақашықтыққа құмды материалдарды алып келіп, түбірлі жыныстардың үстіне, ең құрығанда аллювиалды үйінділердің бетіне жұқа қаптама етіп төсей салса болғаны. Осындай жолмен пайда болған аллювиалды жазықтардың біріне Сырдария маңы жазығы жатады. Ол Сырдария өзенінің іс-әрекеті нәтижесінде пайда болған жазық. Сырдариядан кейінгі Қызылорда қаласынан төмен оңтүстік-батыс пен батысқа қарай кететін көптеген ежелгі кұрғақ арналарды көріп, алғашында бұл өзен оңтүстік-батыс бағытқа, сосын батысқа, ең соңында барып солтүстік-батысқа (қазіргі кездегісіндей) бағытталған жаңа арналарды қосып алған шығар деп ойлауыңыз мүмкін (Герасимов 1943) . Сырдария арнасының бағытын бұлайша өзгертуі Қызылқұмның кең байтақ территориясының аллювиалды жазыққа айналуына жағдай жасады. Түбегейлі зерттелмесе де бұл аудандағы құмды жазықтың қалыптасу процесін детальды түрде сипаттап айтуға болады. Бұндағы құмдардың арасында сазды шөлдердің (тақырлар) көптеп кездесуі оның бір ерекшелігі болып табылады. Бүның себебі Сырдария өзенінің әкелген және әкеліп жатқан өте көп мөлшердегі лайымен түсіндіріледі. Өзендердің суы азайған кезде бұл лайлар саз үйінділеріне айналады екен. Герасимовтың айтуынша, тақырлардың өте көп кездесуі сонымен қатар Сырдария маңы жазығында ойыстар мен көлдердің жоқ болуына себеп болады. И. П. Герасимов бұны ылғал жинала алатын жер бедерінің төмен түскен элементтерін су өткізбейтін тақырлардың жауып жатуымен түсіндіреді. Қызылқұм жазығы оңтүстік-шығысында тегіс Оңтүстік Бетпақдала жазығына өтеді. Бұл жерде Сырдария өзенінің ені онша кең емес. Өзен Қызылқұмға жақындаған солтүстік-батысына таман өзен арнасы өте кеңейе түседі [7] .
Оңтүстік Қазақстандағы өзен торабының аңғарлары бір мезгілде пайда болған жоқ. Дамудың кейінгі альпілік неотектоникалық этабының анализі таулы бөліктердегі бассейндердің жер бедері аллювиалды жазықтардың беткі бөлігінен ежелгірек екендігін көрсетеді. Таулардағы өзен тораптарының қалыптасуы бүған дейінгі этапта басталып, бірінші кезекте жауын-шашын көп түсетін жерлерде, яғни көтеріңкі жер-телімдерде белгісі мен амплитудасы бойынша біртекті емес қарқынды радиалды неотектоникалық қозғалыстар жағдайында дамыды. Таулы көтерілімдердің өзен торабы жазықтардың өзен торабынан және өзінің қабылдайтын бассейіндерінен ежелгі болып келетін Оңтүстік Қазақстан өзендерінің арналары мен аңғарлары тау алды шлейфтері мен аллювиалды жазықтардың төменгі ағыстарында олар қазіргі сағаларына қаншалықты жақын орналасса ; соншалықты жас болады. Кейбір өзендердің арналары (Сырдария, Арыс) өздерінің аллювиалды жазықтарының өзен маңылық жер-телімдерінен асып кетеді. Су толған кездерде апатгы су тасқындарына дейін баруы мүмкін. Өзен арналары мен аңғарлары В. М. Девистің айтуы бойынша (1899) негізінен регрессивті эрозия жолымен белсенді түрде ұзарады. В. Н. Вебердің (1929-1930 жж) сипаттауынша Оңтүсік Ферғанада күрғақ атырау миграциясы кеңінен танымал. Бүл қүбылыс Оңтүстік Қазақстанның өзендерінде айкын байқалады. Сырдария өзенінің арнасында төрттік дәуірде оңтүстіктен солтүстікке қарай миграция болғандыгын Б. А. Федорович (1946) сипаттап жазды [8] .
Шардара ауданыны территориясының қазіргі кездегі беткі бөлігіне өзен арналары мен аңғарларындағы аллювиалды жазыктар тән. Олар өзен арналары мен аңғарларына қарай аздап еңгіш келеді. Олардың беткі бөлігін күрделілендіретін эолдық өңдеудің әр түрлі формалары тән. Аралық зонаның батып, шөгіп кеткен жер-телімдеріне Қызылқұм ойысы (депрессия) жатады. Оның жер бедері Сырдария өзенінің төрттік шөгінділерінен күралған аллювиалды және аллювиалды-пролювиалды жазыктан тұрады. Бұл жазық тектоникалық қозғалмалы аудандарда ұзақ уақыт бойы түзілді. Өзендері арнасының орнын біртекті өзгертпеді және аллювиалды жазықта бұралаңдап ағып отырды. Сырдария өзеніндегі бұл кұбылысты Б. Н. Федорович (1946, 1952) сипаттап жазды. Бұндағы аллювиалды жазықтар террасаланған. Құмдардан кұралған биік те ежелгі террасалар желдің әрекетінен пайда болған. Бұндай жазықтардағы эолдық жер бедерінің пайда болуы мен дамуын Б. Н. Федорович (1952, 1956) зерттеп жазған болатын.
Қызылқұм құмдарының шығу тегі туралы әдебиеттерде бір жақты пікір айтылмады; оларды мезозой және үштік жастағы жыныстардың үгілуіне немесе кейінгі борпылдақ жыныстардың ұшып тарауына жатқызады. Қазіргі уақытта Қызылқұмның қызғыш-сары эолдық құмдары неоген және одан да ежелгі палеозой және бор шөгінділерінен қүралғандығы дәлелденді. Құмдардың эолдық формалары әр түрлі - жалаңаш барханнан тізбекті, қуысты, дөңесті құмдарға дейін барады. Ылғалданудың әр түрлі дәрежесіне байланысты Э. Мамедов кұм типтерінің бойлық заңдылығын атап көрсетеді: 1) бөліну тереддігі 20-дан 80, тіпті 100 метрге дейін баратын бүзылған үстірттер мен қазаншұңқырлар түлғасындағы қазаншұңқырлы- қуысты қүмдар, 2) сақиналы "дюналар"- диаметрі 20-40 м дефляциялық қазаншұңқырлар және 3) қайтадан, бөліну тереңдігі 40-45 м-ге дейінгі қуысты құмдар. Құм рельефінің барлық формалары өсімдік жамылғысымен бекіген. Құмдардың бекуі олардың қуысқа айналуының негізгі себебі болып табылады. Қызылқұмның құмды рельефі ежелден-ақ (мезолит, тіпті палеолит) адамның ықпалына үшыраған. Бұл рельефтің біршама кайтадан түзілуіне алып келді [9] .
Климат жағдайларының ерекшеліктері ең алдымен географиялық орнына байланысты. Шардара ауданы қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігіндегі шөл зонасында орналасқан. Аудан климатының қалыптасуына сонымен қатар Қызылқұм кұмдары, жазда тропиктік ауа массалары әсер етеді. Бұл территорияның климаты айқын көрінетін континенталдығымен, құрғақтығымен және жылудың молдығымен сипаттталады. Жоғарғы континенталдық күн мен түннің, қыс пен жаздың шұғыл температуралық өзгерістерінен байқалады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°-тан жоғары жылы кезең шамамен 10 айға созылады. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ. "Қызылқұм" метеостанция-сының мәліметтері бойынша ең ыстық ай шілденін, орташа температурасы +29, 6°С құрайды. Абсолюттік максимумы +46° С. Жаздағы аптап ыстық Иран жақтан соққан желге байланысты. Ондай күндері ауа құрғап, температура +45°-қа дейін көтеріледі [10] .
Мұндай ыстық егінге, бау-бақшаға үлкен зиян тигізеді. Маусым айының 25-інен тамыз айының 5-іне дейін "шілде" түседі. Бұл 40 күн шілде жылдың ең ыстық мезгілі. Күннің ыстығы соншалық күндізгі сағат 12-ден кешкі 18-ге дейін даладағы қызу енбек, тіршілік тоқтап қалғандай болады. Жаздағы болып түратын желдің жылдамдығы 3-5, 5 м/сек. Аңызак жиі болып тұрады. Қыс аудан территориясында ұзаққа созылмайды және коңыржай суық болады. Қыстағы ауаның абсолюттік максимумы -35°С. Қыстағы жалпы қар жамылғысының калыңдығы 8-15 см-ге жетеді. Қыс катты, ұзақ болған жылдары 25-30 см-ге барады. Жылдың суық мезгілдерінде аудан территориясында солтүстік-шығыс пен шығыстан соғатын жел басым келеді. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 3-5 м /сек. Аязсыз күндері топырақ қабатының 30-40 см-і тоңданып қалады. Көктайғақ болатын күндер саны 1-7 аралығында. Жылдың көп мезгілінде күн ашык болады. Жыл бойьгаа дауылды желдер болып түрады. Әсіресе көктемнің соңында және жаз айларында шаңды дауылдарды көруге болады. Құрғақшылық - бүл аудан климатының негізгі белгісі. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем-қыс айларына тура келеді. Территорияға түсетін атмосфералық жауын-шашын көп емес, оның орташа жылдық мөлшері 170 см-ден аспайды. Бұның өзі маусым бойынша әрқалай таралады. Жауын-шашынның 2 максимумы байқалады: бастысы, шүғыл көрінетін- көктемгі, екіншісі - күзгі. Жазы өте құрғақ. Эффективті температура жиынтығы 4000-4600° құрайды. Температурасы 10 -тан жоғары кезеңде ауа ылғалы дефицитінің жиынтығы 2600-3200 мм-ге тең. Ылғалдану коэффициенті 0, 3-ке дейін өзгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz