Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары


К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі болып табылады [1] .
Банк экономиканың дамуына зор үлесін қосады. Банксіз бірде бір дамыған елді елестете алмаймыз. Өйткені қоғамда банк арқылы көптеген операциялар жүзеге асырылады. Біз банк арқылы аударымдар жүргіземіз, сатып алушы мен сатушы банк арқылы есеп айырысуларды жүргізеді, жалақыны аламыз, депозит, несие немесе көптеген басқа операцияларды жүргізе аламыз. Бұл бізге мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндігін береді.
Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы деп танылған. Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59-шы орынды иеленеді [2] .
А. А. Аралбаева өзінің диссертациясында банк жүйесінің ел экономикасында алатын орынды былай көрсеткен: бүгінгі нарықтық қатынастарға негізделген экономикалық жүйедегі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі ел экономикасының маңызды секторы ретінде дамуда. Осы банк жүйесінің банктік заңнамаға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай жұмыс істеуінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер өз клиенттері мемлекетке, уәкілетті мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға қаржылық-несиелік, инвестициялық және есеп айырысу қызметін көрсете отырып жалпы ұлттық өнімді құруға өз үлестерін қосады. Сонымен бірге олар ақша қаражаттарын, оның ішінде салық төлемі сомаларын бюджеттерге аудару, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын қарыз алушыға немесе алушыға аудару, уақытша бос бюджеттік қаражаттарды депозитке алу және осыған орай тиісті бюджетке сыйақы төлеу, мемлекеттік қарыз қаражаттарын тапсырма бойынша аудару, банктік несиелеу барысында қоғамның қаржылық инфрақұрылымының шешуші буыны сипатында, сондай-ақ тиісті банктік құқықтық қатынастарда макроэкономикалық өсу көрсеткіштерінің ерекшеліктерін есепке алатын мемлекеттің экономикмлық тұрақтыландыру саясатының жүргізушісі ретінде көрініс табады [3, 3 бет] . Осыдан банктің қоғам және мемлекет өмірінде алатын орынын көреміз.
Банк қалыпты жұмыс істеу үшін оның қызметі үнемі реттелініп қадағалану қажет. Әсіресе қазіргі кезде, өйткені қаржы жүйесіндегі орын алған дағдарыс бүкіл әлемнің экономикасына әсер етті. Қаржы рыногының ғаламдық тұрақсыздығының соққысын өзіне қабылдаған негізгі сектор болып елдің банк секторы табылады [4, 7 бет] .
Осы әсерлердің салдарын жою үшін, сонымен қатар бұндай жағдайларды қайта болдырмау үшін біз банк қызметін реттеу керекпіз. 2008 жылдың Елбасының халыққа жолдауында макроэкономикалық саясаттың басымдықтары жайлы былай делінген: «Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Бірінші, қаржылық бақылау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет. Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс [5] .
Сонымен қатар, Елбасы өзінің қаржы секторын дағдарыстан кейнгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында дағдарыстан кейн еліміздің экономикасын күшейту үшін қолданылатын шараларды қарастырды. Оның ішінде салымшылардың екінші деңгейдегі банктердің қызметіне сенімділігін арттыру бойынша сұрақтар да қарастырылды: «Халықтың және кәсіпорындардың жинақ ақшасын тарту. Халықтың және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі депозиттері қаржы секторын қорландырудың негізгі көзі болып қалады. Мемлекет осы құралға сенімді нығайту және оның тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Бұған кірістер деңгейі тұрғысынан алғанда қолайлы болатын, бүкіл депозиттерге толық кепілдік бермей, депозиттер бойынша өтеуге кепілдік беру, нарықтық тәуекелдерді сақтандыру құралдарын дамыту, қаржы нарықтарының қатысушылары қызметінің және олардың құралдарының айқындылығын арттыру, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы қол жеткізіледі» [6] .
Жоғарыдан көргендей банк жүйесі еліміздің экономикамызда маңызды орын алатындықтан, банк аясы мемлекет жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Мемлекет бақылауды өзінің органдары арқылы жүзеге асырады. Кез келген қадағалау мен реттеу заңның негізінде жүргізіледі. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын құқықтық актілер жүйесі болады. Олардың өмірде болып жатқан өзгерістерге сай және икемді болуы өте маңызды.
ҚР-ның Даму Банкінің құқықтық мәртебесі бүгінгі банк құқығы теориясында кешенді және толық түрде зерттелмегендігімен түсіндіріледі. Ішкі мемлекеттік заңдылықтың ақтаңдақтары, қарастырған мәселе бойынша кешенді ғылыми зерттеудің жоқтығы зерттеу тақырыбын таңдауды негіздеді және жұмыстың мазмұнын, құрылымын, мақсаттарын, міндеттерін анықтады.
2001 жылы құрылған Қазақстанның Даму Банкі бүгінгі күнде мемлекеттік инвестициялық саясаттың ең басты жолсеріктерінің бірі болып табылады.
Өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті өндірістер құруды қаржыландырып және елдің инфрақұрылымын дамыта отырып, Банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.
Банктің инвестициялық қызметі елдің барлық өңірлерінде және өңдеуші өнеркәсіптің маңызды салаларында танытылған. Банктің қаржыландыру көмегімен енгізілген жаңа және жаңғыртылған өндірістер Қазақстанның өнеркәсіптік және экспорттық қатаюына және өңіраралық интеграцияға іс жүзінде елеулі үлесін қосып отыр.
Қазақстанның Даму Банкі экономиканы жаңғыртудың ең басты қатысушыларының бірі болып табылып, бұдан әрі де серпінді және кластерлік жобаларды іске асыруда, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімілігін арттыруда өз озаттығын нығайта беретін болады. Бұл істе біздің негізгі қағидаттарымыз Кәсібилік, Сенімділік және Айқындылық болып табылады [7] .
Осы үдерістердің барлығы біз үшін біздің бүгінгі құрып жатқан экономикамыздың, жаңа экономикамыздың инжинирингіне бірігеді.
Тақырыптың ғылыми зерттеу дәрежесі. Жұмыстың теориялық негізіне банктік және қаржылық құқық салаларын зерттеуші ресей, қазақстан және ТМД елдерінің мынадай ғалымдарының С. С. Алексеевтің, М. Н. Марченконың, М. М. Агарковтың, М. В. Карасеваның, А. Ю. Викулиннің, О. Н. Горбунованың, И. С. Гуревичтің, Н. Ю. Ерпылеваның, Л. Г. Ефимованың, О. Н. Олейниктің, Н. И. Химичеваның, Г. А. Тосунянның, А. А. Тедеевтің, А. И. Худяковтың, С. М. Найманбаевтың және т. б. авторлардың ғылыми еңбектері көрініс тапты.
Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Конституциясы, банктік заңнама және өзге де заңнамалық актілер, оның ішінде Даму Банкі заңнамасы негізінде жасалатын банктік шартының жалпы теориялық-тәжірибелік мәселелері мен нақтылы мемлекеттік құқықтық аспектісі.
Зерттеудің пәні. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - Даму Банкінің қызметіне байланысты банктік құқықтық қатынастар және нақтылы бағытталған іс - шаралар, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормативтік - мәнділік және құрылымдық - функционалдық мән-жайларын, Даму Банкінің құқтық мәртебесінің ғылыми негіздемелерін қалыптастыру және құқықтық жүйесіндегі мемлекеттік құқықтық іс - шаралардың экономикалық - заңи табиғатын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту, экономикаға сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуда Даму Банкінің ролін, теориялық мәселелерін жан - жақты саралап, қарастыру, ғылыми сипаттамасын беру, Даму Банкінің құқықтық аспектісін, оның ерекшеліктерін нақтылы айқындау, Даму Банкі қызметі барысында туындайтын банктік қадағалау қатынастардың теориялық және тәжірибелік мән - жайларын тұжырымдап, түйіндеу әрі қазіргі заманғы даму тенденциялары мен ағымдағы жағдайларын ашып көрсету жатады.
Дипломдық жұмыстың міндеті. Қойылған мақсаттарға жету үшін зерттеу барысында мынадай міндеттер қойылды:
- Даму Банкінің түсінігін, белгілерін, оның маңыздылығын және банктік қызмет жүйесінде алатын орнын анықтау;
- «Қазақстан Республикасының Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: арнайы бағыт-бағдары, құрылымын талдау;
- Даму Банкінің инвестициялық жобалары мен экспорттық операцияларын анықтау, зерттеу және т. б.
Зерттеу жұмысына ұсыныс:
1) Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, яғни мемлекеттік заңды тұлғаларды қаржыландыру көзін Қазақстан Даму Банкі арқылы жүзеге асыру.
2) Қазақстан Республикасының өзге де облыстарында, аймақтарында, ауылдық жерлерінде Даму Банкінің филиалдарын ашу.
Зерттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың ғылыми - әдістемелік негізі талдау, ұқсастық, салыстыру, жүйелі - құрылымдық, нақты әлеуметтік, статистикалық әдістерден тұрады. Дипломдық жұмыста қолданыстағы заңнамаға талдау жасалынады. Қоғамдық, әлеуметтік - экономикалық, банктік және қаржылық құқықтық құбылыстарды зерттеуге орай қолданылатын жалпы және арнаулы ғылыми таным тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы (диалектикалық, салыстырмалы - құқықтық, талдау, қыйсындылық - заңи, құрылымдық - функционалдық, нақтылы - социологиялық, жүйелік әдістер), бойынша диалектикалық танымның іргелі ережелері құрайды. Банктік заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын талдау, Қазақстан Республикасындағы банктік құқықтық қатынастардың, оның ішінде қаржылық құқықтық аспектілі банктік құқықтық қатынастардың қазіргі заман әрі мемлекет дамуының талабына сай екенін танып - білу, осыған орай банктік және қаржылық заңнаманың тиімділігін банктік құқықтық және қаржылық құқықтық реттеу теориясы мен тәжірибелік нәтижелеріне қарай айқындау барысында жоғарыда аталған таным әдістері, сондай-ақ жүйелік жолдар қолданылды.
Жұмыстың жаңалығы. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы бойынша банктік құқықтық қатынастар мен Даму Банкінің теориялық және құқықтық мәселелеріне байланысты жүргізілген ғылыми ізденіс нәтижесінде жазылған еңбектердің бірі болып табылатындықтан өзіне тән жаңалығымен, жұмыста жасалған тұжырым-қорытындылар мен қалыптастырылған ұғым, түсініктемелердің және алынған дәйекті ережелердің теориялық әрі тәжірибелік қажеттілігімен ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының құқықтық базасын: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заң, Қазақстанның Даму Банкі туралы Заң, нормативтік актілер, Қазақстан Респуликасы Президентінің Жарлығы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы ғылыми зерттеудің мақсаты және міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы үш бөлімнен яғни, кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, үш тараудан, қн бөлімшеден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі қойылған талапқа сай.
I ТАРАУ. БАНКТІҢ ТУЫНДАУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 Банктің туындау тарихы, даму кезеңдері
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін - өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме [8] .
Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік - экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша - кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.
Осы орайда банктік құқықтың мән - жайын және қажеттілігін негіздеу үшін «банк» сөзінің, банктік қызметтің мағынасын қысқаша анықтау әрі ашып көрсету жөн болар деп санаймын. Банктердің алғашқы қалыптасып, даму кезеңдері, олардың банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде із қалдырғаны белгілі.
Ең алғашқы банктер ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға қолайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген. Осындай операциялар біздің эрамызға дейінгі XXVIII-XXVII ғ. ғ Мысырда (Египетте) жүзеге асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген қыш тақтайшалар (құжаттар) храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырғанын, сондай-ақ ақша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақша алу көзделгенін дәлелдейді.
Дегенмен аталған банктік операциялар толық мәнінде бактік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған. Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретінде айырбасшылар мен өсімқорлар ғана көрініс тапқан. «Банк» сөзі италян тілінде «вансо» - ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын (дық) деген мағынада түсіндірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр даму кезңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаи, аргентарий, менсарии, трансферит, кумулярии деп аталған. Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя қаласында 1407 жылы мамандандырылған кредиттік - есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын.
Дүние жүзіндегі елдердің банктері кезінде Ганзейлік банктер, кенеппен сауда жасайтын Британ банкі, теңіз садасына арналған Пруссия банкі, париж есепке алу кассасы, Ломбардтар, жиробанктер, Ресей мәнет канцеляриясы деген және т. б аттарымен белгілі болған. Бүгінде Ресей Федерациясының Орталық Банкі, Францияның мемлекеттік банкі, Австриның Ұлттық Банкі, Бельгияның Ұлттық банкі, Италияның ұлттық банкі, АҚШ орталық банкі - Федералдық резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және т. б елдердің немесе орталық банктері жұмыс істейді [9, 5 бет] .
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекеленген қалаларында (Венеция, Греция) XIV-XV ғ. ғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғ. ғ. Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер - клиенттер арасында қолма - қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттерінің арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізеді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға береді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдадық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, «банк сөзінің» өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
Банк сөзі «banco» - деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл "айырбас столы" тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр турлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда - саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша - сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу ушін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу ceбебi, оның сол уақыттарда дуниежүзілік сауда орталығы болғандығын eскеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б. э. д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметгері мен қатар, ссудалар берген. Олар б. э. д. VI г. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б. э. д. IV ғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бip ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы бантік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тулғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақытгары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде Kiші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу кажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердің салым иелерінің бip шотынан басқа бip шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы iскерадамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезеңінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда - саттықта делдал кызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине, мұның бәpi алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие берушімен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бip нәрсе - бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бip тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк "ipi несиелік мекеме" ретінде сипатталады. Несиелікicтің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бip жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие бepyшi өзінің несие беpyiн тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бipге несие бepyші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бipтұтac орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйксс, б. э. д. III ғ. айырбас iciне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие бepiп қана қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу - сату, және басқа да операцияларды орындаған [10] .
Қазіргі уақытта банктер меншік нысандарына қарай: мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; кооперативтік банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк, клирингтік банк, коммерциялық банк, жер банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі, консорциялдық банк, даму банкі, әмбебап банк, трансұлттық банктер, тұтыну кредиті банкі, мемлекетаралық банк және т. б банктер түрінде сипат лады.
Банктер алғашқы кездерде негізінен ақшалай операцияларды, сондай - ақ сақтау, есепке алу, есеп айырысу және айырбас операцияларын, салым операцияларын, ақша белгілерін, эмиссиялауды жүргізген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz