Экскурсиялық құжатты жобалау (Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Т. Рысқұлов атындағы

Қазақ экономикалық университеті

«Басқару» Факультеті

«Маркетинг және коммерция» Кафедрасы

Тақырыбы: Экскурсиялық құжатты жобалау

(Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)

Оқытушы:Бейсекей Е.

Студент:Майлыбаева А.

Мамандығы:Туризм.

Тобы: 204.

Алматы 2010жыл

Жоспары

Кіріспе . . . 3 1. Экскурсияның теориялық негіздері . . . 7

Экскурсия туралы жалпы түсінік . . . 7

2. «Алматы қаласының архитектуралық көрінісінің ерекшелігі» экскурсиялың технологиялық құжаттары . . . 13

«Алматы қаласының архитектуралық көрінісінің ерекшелігі» титулдық бетті . . . 13

«Алматы қаласының архитектуралық көрінісінің ерекшелігі» бойынша алғы сөз . . . 14

«Алматы қаласының архитектуралық көрінісінің ерекшелігі» атты экскурсияның маршруттық схемасы . . . 16

Алматы қаласының архитектуралық обьектілері . . . 18

«Алматы қаласының архитектуралық көрінісінің ерекшелігі» экскурсияның аяқталуы . . . 19

Контрольді текст . . . 21

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған Әдебиеттер . . . 28

КІРІСПЕ

Алматы қаласында қала құрылысы мен сәулет өнері саласында тұрғын үйлер саны молайды, әрі қала келбеті жақсарды, сонымен қатар маңызды ірі ғимараттар да пайда болды: Қазақтың М. О. Әуезов атындағы академиялық драма театры ғимараты (қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры), В. И. Ленин атындағы сарай (қазіргі Республика сарайы), Турист қонақ үйі ( қазіргі Алатау қонақ үйі), Қазақ мемлекеттік циркі, Медеу спорт кешені, Неке сарайы, С. Мұқановтың мұражай үйі (қазіргі С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби мемориалды мұражай кешені), қалалық аэровокзал, 1-Алматы теміржол вокзалы, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан қонақ үйі, Медеу қонақ үйі, округтік Офицерлер үйі ғимараты, әмбебап дүкені, Қазақстан КП ОКнің ғимараты, Отырар қонақ үйі, М. О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Респуьликалық пионерлер сарайы ( қазіргі оқушылар сарайы), Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің резиденциясы және Орталық мешіт.

Ал осы аталған ғимараттарға экскурсия жасаудың өзі бір керемет тарихи, мәдени, рухани әсерлер береді. Менің экскурсиямның тақырыбы Республика алаң болғандықтан мен тек сондағы объектілер мен сол алаң жайлы мәліметтерді экскурсоводтарға көрсету және айту тәсілдері арқылы жеткіземін. Бұл орынға экскурсия тарихи әсерін береді. Және бұл алаң қаламыздың көрікті де, киелі жерінің бірі болып есептеледі.

Осы курстық жұмысымды үш негізгі бөлімнен құрадым. Курстық жұмыс Экскурсиятану пәнінен жүргізілгендіктен, бірінші бөлімде жалпы экскурсия туралы түсінік жайлы жаздым. Екінші бөлімі мен жүргізуге бағытталған экскурсия маршруты, объектілері, соған қажет ақпараттар туралы. Үшінші бөлімі тақырыптың ең маңызды бөлімі болып табылғандықтан, мұнда экскурсоводтың экскурсанттарға жеткізетін мәлеметтері, сонымен қатар оны қалай жүзеге асыратындығы жайлы, яғни көрсету мен айту тәсілі.

Жылдарды ғасырларға алмастырған зымыран уақыт көшімен бірге- бір кездері гүлденіп-көркейген қалалардың іргесі сөгіліп, бір халықтың орнына екіншілері пайда болып жатты. Алайда олар тарих құрдымына біржола сіңіп жер бетінен іс-түссіз жоғалып кеткен жоқ. Ежелгі қалалардың, тұрмыс заттары мен қару-жарақтардың, теңгелер мен зергерлік бұйымдардың қалдықтары қадым замандардың көзіндей боп бүгінгі күнге жетті. Алматы қаласының тарихы да XIX ғасырда Кіші Алматы өзенінің жағасында бой көтерген орыс бекінісінен әлдеқайда әрі, көне замандардан тамыр тартады.

1979 жылы бұрынғы Алматы шекара училищесінің территориясынан екі күміс теңге табылды. Сыртқы түрі, көлемі және соғылу тәсілі жағынан олар XVIII ғасырдың басында, Масұд бек жүргізген ақша реформасы кезінде Орта Азия мен Шығыс Түркістан қалаларында шығарылған теңгелердегі көмескілене бастаған жазуларды ажыратып оқу мүмкін болмады. Теңге бетіндегі бұдан бұрын кездеспеген белгісіз таңбалар ғалымдар назарын айрықша аударды. Олар Шағатай мемлекетінің 12 ақша сарайында шығарылған теңгелер арқылы бұрыннан жақсы таныс Шағатай таңбаларымен қатар орналастырылып, 1271-1272 және 1306-1307 жылдар деген датамен белгіленген. Осы айғақтың негізінде шығыстанушы, нумизмат В. Н. Настич бұл теңгелердің Жетісуда соғылғаны және XIII ғасырда қазіргі Алматы территориясыныда теңге сарайының болғандығы жөнінде болжам айтты. 1990 жылы мәскеулік коллекционер В. Н. Настичке осыған ұқсас таңбалары бар, бірақ олардан безендірілу нақышы өзгеше (таңбалар бір-бірімен қатар емес, екі жақта орналасқан) екі күміс теңгені көрсетті. Ол теңгелерді Қазақстаннан барған адамнан алған екен. Жоғарыда аталған теңгелер тәрізді, қатты бүлініп, ақауланғандықтан, олардың біреуін анықтау қиынға түсті, ал екіншісінің бетіндегі жазудан теңге сарайының аты мен датасы анық көрінеді: “бұл дирхем Алмату аймағында бесінші жылы соғылды”. Сөздегі әріптердің арасына нүкте қойылмаған, алайда әріп таңбаларынан “Алмату” сөзі көзге айқын шалынады. Бұл дерек арқылы Алматудың XIII ғасырда қазіргі Алматы қаласының орнында ірге тепкен елді мекен екеніне көзіміз анық жетеді. Өкінішке орай, аталған теңгелердің соғылу мерзімін дәлме- дәл анықтау мүмкін емес, алайда сыртқы түр-нұсқасы мен бетіндегі жазу жұрнағы - олардың Масұд бектің 1271-1272 жылдары басталған ақша реформасы кезінде мавераннахр мен Түркістанда шығарылған теңгелердің бірі екендігінің айқын дәлелі. Алматы төңірегінде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының материалдарына сүйене отырып, ғалымдар Алмату мен Алматы қалаларының түп төркіні деген тоқтамға келді. Археологиялық қазба жұмыстары қала тарихы жайында көптеген деректерді алға тартады.

“Үлкен Алматы” аймағын адамдар ерте кезден қоныс етіп, мекендеген. Б. д. д. X-IX ғасырлардағы кейінгі қола дәуірінде мұнда отырықшы тайпалар өмір сүріп, егін және мал шаруашылықтарымен айналысқан. Жер үйлерде тіршілік еткен егіншілер мен малшылардың кіші-гірім тұрақтары бұл көптеп кездеседі. Қаланың шеткері солтүстік аймағында орналасқан солардың біріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, біразына қызыл бояумен жолақша өрнек тартылған қыш бұйымдар табылды.

1997-1999 жылдары археологтар Көктөбенің батыс беткейінен, телемұнараға таяу арадан осындай елді мекеннің орнын қазып, балшықпен сылынған берік едені бар жер үйдің бір бөлігін аршып алды. Бұл жерден негізінен б. д. д. X-VIII ғасырларда жасалған қыш бұйымдар табылып, жинастырылды. Қоныс иелері Андронов мәдениетіне жататын, тайпа өкілдері болып табылады.

Кейінірек Алматы өңірінде сақ тайпалары, ал одан беріде үйсіндер қоныстана бастады.

Сақтардың бірегей мәдениеті, төл жазу-сызуы, мифологиялық аңыз-әңгімелері болған. Олардың зергерлік ісінде қол жеткен үздік өнері “Жануарлар стилі” ретінде әлемдік қазына қатарына қосылды. Көне шеберлер жыртқышаңдар мен шөп қоректі жануарлар арасындағы айқас-тартыстарды өз өнерлеріне сюжет етіп көркемдікпен пайдалана білді. Олардың ісмер қолдарымен жасалған сан алуан алтын және қола бұйымдар-ғажайып өнер туындылары бүгінде дүние жүзінің көптеген мұражайларының сән салтанатына айналып отыр.

Сақтардың әдет-ғұрпы бойынша патшаларды, даңқты жауынгерлерді, абыздарды, ал кейде қатардағы қарапайым руластарын жерлеген кезде, қабірге олардың мүрдесімен бірге қыруар әшекейлер, қару-жарақ, саз балшық пен жасалған ыдыстар, тұрмысқа қажетті заттарды қоса көметін болған.

1969-1970 жылдары Алматы маңынан кейіннен дүние жүзіне танылған сақтардың “Есік” атты көне қорған-обасы табылды. Қорған ішіндегі шырша бөренелерімен шегенделіп, ағаштан еден төселген бейітте патшасының мәйіті қойылып, басынын аяғына дейін жапсырмалармен қапталған киім кигізілген. Басында - күн құдайының символы саналатын қанатты аттар бейнесімен әшекейленген биік сүйір дулыға. Қасына қару-жарақ ретінде ұзын қылыш пен келте қанжар қойылған. Бейіт ішінен қымыз құйылған балшық ыдыстар, ет салынған ағаш астаулар, күміс пен қоладан жасалған қымбат құмыралар табылды. Тарихқа “Алтын адам” деген атпен сақ патшасының мүрдесі б. д. д. V-IV ғасырларда жерлегені анықталды.

Үйсін кезеңіне жататын белгілі көне мұрағаттардың бірі-Іле Алатауының теңізден 2300 метр биіктіктегі Қарғалы шатқалынан табылған “Қарғалы тәтісі”. Екі бөліктен тұратын жапсырма түрінде жасалған тәтінің ұзындығы 35 см, ені 4, 7 см. Жапсырма бетінде адамдар, аңдар, жануарлар және мифтік бейнелермен қоса өрілген өсімдік өрнектері кескінделген. Жануарлардың көздерінің орнына альмандин, сердолик тәрізді асыл тастар қойылып, денелеріне көгілдір ақықтан бедер салынған.

Тәтіні алғаш зерттеуші А. Н. Бернштам оны б. д. д. I-б. д. II ғасырлар кезеңіне жатқызады. Ғалым бейнелер композициясында Иран, Қытай елдерінің ғұрыптық жораларының әсері көрініс деп топшылайды.

Шыққан жері Алмату қаласы деп көрсетілген жоғарыда аталған XIII ғасырдағы теңгелер тарихы да осы қаламен тығыз байлынысты. Қаланың аумақты жерде орналасуы, онда күйдірілген кірпіштен соғылған құрылыстың, қолөнер бұйымдары мен шеберханасының болуы, ақша сарайының жұмыс істеуі-бұл арада X-XIII ғасырларда Жетісу өңірінің экономикалық және саяси кіндігі ретінде Ұлы Жібек жолы бойында маңызды рөл атқарған Алмату орын тепкенінің бірден-бір дәләлі.

Қазіргі таңда, Алматы қаласында түрлі меншік нысанындағы 270-тен астам мәдени-тарихи инфрақұрылымдар жұмыс істейді. Алматы қаласында 126 қозғалмайтын ескерткіштер бар. Олардың 81 - архитектуралық, ал 45 - монументальді туындыларға жатады.

Алматы қаласы мәдени мұрасының қазіргі ахуалы көп ғасырлық мәдени мұралардың сақталуын зерттеу және насихаттау бойынша кешенді шаралармен мүмкіндігінше қамтамасыз етумен, жаңа монументтерді ашумен және тарихи және мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстарын жандандырумен сипатталады. Тарихи-мұрағаттық ізденістер мен түбегейлі зерттеулер нәтижесінде Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі жаңартылуда. Қазіргі уақытта 179 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Оның 30-ы республикалық маңыздағы ескерткіштер, 99-ы тарих және сәулет, 52-і монументалдық, 28-і археологиялық ескерткіштер санатына жатады.

Бұлардың көпшілігін еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұрғындарының көпшілігі көру мүмкіндігіне ие бола бермейді. Сонымен қатар Алматы қаласы тамаша көркі мен мәдени-тарихи ескерткіштері арқылы шетелдіктерді де қызықтыратыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда біздің жұмысымыздың өзектілігі мен маңызы ерекше болып табылады.

1. Экскурсияның теориялық негіздері

Жаңа экскурсияны дайындау техникасы

Жаңа экскурсия төмдегілерден тұрады:

- Бизнес жоспар;

- Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады;

- Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу;

- Экскурсияға қажетті ақпараттарды таңдап алу;

- Экскурсиондық объектілерді таңдау;

- Экскурсиондық объектілерді таңдап алу принципі;

- Маршрутты құрастыру;

- Маршрутты айналып өту;

- Контрольді текст;

- Экскурсоводтың портфелі;

- Технологиялық карта;

- Экскурсияның негізгі бөлімі;

- Индивидуалды текст;

- Экскурсия жүргізуге лицензия алу;

Бизнес жоспар - экскурсиялық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес жоспарды экскурсияның жаңа тақырыптары экскурсияға берілген уақыты және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес жоспарды жазу үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметшілеріне жаңа экскурсияның дайындалу уақыты, мақсаты және экскурсияға жауапты адамдар тағайындайды. Жаңа экскурсияны жасайтын адам анықталған соң экскурсоводтар тақырып бойынша мәліметтерді жинайды. Экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдайды және экскурсияның маршрутын қарастырады.

Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады. Экскурсияның негізгі мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық ұйымның негізгі мақсаты табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды ақпаратты және табысты болуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді атқару керек:

- Экскурсанттарды туған аумақтың табиғатымен, тарихымен және архитектурасымен таныстыру керек;

- Экскурсияның мақсатына жету және экскурсияның тақырыбын ашып жеткізу;

Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі талаптарлдан тұрады:

- Потенциялдық сұраныс;

- Нақты экскурсия;

Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның тақырыбына байланысты болу керек.

Экскурсияға қажетті ақпараттарды таңдап алу. Экскурсияға қажетті ақпараттар 2-ге бөлінеді:

- Негізгі ақпарат;

- Қосымша ақпарат;

Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет журналдардан, архивтардан, интернеттен алуға болады.

Экскурсиондық объектілерді таңдау. Экскурсияның объектілер келесі түрлерге бөлінеді:

- Тарихи;

- Табиғи;

- Археологиялық;

- Архитектуралық;

- Мәдени;

- Құжаттық;

Экскурсиялық объектілердің классификациясы:

- Мазмұны бойынша - экскусиондық объектілер бір жоспарлы және көп жоспарлы болып екі түрге бөлінеді.

- Функциондық қызметі бойынша - экскурсиондық объектілер функциондық қызметі бойынша негізгі, қосымша болып екіге бөлінеді.

- Сақталу дәрежесі бойынша - экскурсияның объектілері келесі түрлерге бөлінеді:

- Толық сақталған;

- Өзгерістерге ұшыраған;

- Жоғалтылған объектілер;

Экскурсиялық объектілерді таңдап алу принциптері . Объект атақты, данқты, көрнекті болуы керек. Сонымен бірге танымды мәнерлі, оналасу орны бойынша, уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.

Маршрутты құрастыру экскурсиялық маршрутты құрастырудың үш түрі бар:

- Хронологиялық;

- Тақырыптық;

- Хронологиялық-тақырыптық;

Маршрутты құрастыруда бірнеше мәселелер қарастырылады:

- Логикалық;

- Топологиялық;

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Маршрутты айналып өту экскурсияны құрастырған кезде хронометраж анықталады. Хронометраж дегеніміз экскурсиялық объектіге бөлінген уақытты есептейді.

Хронометраж бір объектіден екінші объектігі дейін болған уақытты есептеп, соңында толық уақытты есептеп шығарады. Маршрутта объектілердің орналасу принциптері:

- Маршрут қайталанбау керек;

- Туристік объектілердің қасында туристерге арналған арнайы орындар болуы керек;

- Бір объектіден екінші объектке дейін уақыт 10 минуттан аспау керек (шолу экскурсиясында) ;

- Қаланың экскурсиялық маршруты шеңберлі болу керек;

- Маршруттың қосымша нұсқасы болу керек;

- Қала шетіндегі экскурсияда санитарлық аялдамалар болуы керек;

- Маршрут жол полциясымен келісілген болуы керек;

Контрольді текст. Контрольді текстте экскурсия бойынша жиналған барлық мәліметтер ретеледі. Және әдеби тілмен жазылуы тиіс.

Экскурсоводтың портфелі. Экскурсоводтың портфелінің ішінде суреттер, көшелердің схемасы, жануарлардың суреттері, ғимараттар, сызбалар және маңызды құжаттардың көшірмесі болу керек.

Технологиялық карта. Технологиялық картаның бірінші парағында экскурсияны дайындаған адамның аты-жөні; экскурсияның аты, түрі, экскурсияның ұзақтығы, экскурсанттардың құрамы, және жүргізуші туралы толық мәліметтер беріледі. Екінші парағында экскурсияның міндеттері қарастырылады. Үшінші парағында экскурсияны ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Экскурсовод экскурсияның алдында 15 минут бұрын келуге тиісті.

Экскурсияның негізгі бөлімі. Экскурсияның негізгі бөлімі 7-ге бөлінеді:

- Экскурсияның маршруты (көшелердің аты, туристік объектілер, экскурсияның басталуы, экскурсияның аяқталу уақыты қарастырылады) .

- Экскурсияны жүргізген кезде арнайы аялдамалар қарастырылуы керек.

- Экскурсия кезінде көрсетілетін объектілер негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді.

- Экскурсияның ұзақтығы. Әрбір объектіге бөлінген уақыт толығымен есептелінуі керек.

- Экскурсияда қарастырылатын тақырыптар мен тақырыпшалар талдануы керек.

- Экскурсияны ұйымдастыру жолдары:

- Экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Экскурсанттардың объект қасында орналасуы;

- Экскурсия кезінде кездесетін әртүрлі кедергілерде өту әдістері;

- Экскурсияны жүргізудің әдістері.

Индивидуалды текст. Индивидуалды тескт 3 бөлімнен тұрады:

- Кіріспе

- Негізгі бөлім

- Қорытынды

Экскурсияның белгілері мен функциялары

Экскурсия дегеніміз латын тілінен аударғанда серуендеу деген мағынаны білдіреді. Экскурсияның белгілері:

Экскурсияның уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. 1 сағат = 45 минуттан есептелінеді;

Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттардың саны 1-ден 70-ке дейін болады;

Жоғарғы маманды экскурсоводтың болуы. Экскурсоводтар 4 категорияға бөлінеді:

- категориялы экскурсоводтар бір тақырып және 1, 2 экскурсия жүргізеді;

- категориялы экскурсоводтар 2, 3 тақырып және 7, 8 экскурсия жүргізеді;

- катeгориялы экскурсоводтар 4, 5 тақырып және 40, 50 экскурсия жүргізеді;

- категориялы экскурсоводтар 10 тақырып және экскурсияларды жеке ұйымдастыру;

Экскурсия кезінде объектілерді көрсету;

Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаттылығы;

Экскурсанттарды алдын ала құрастырылған маршрутпен жүргізу. Экскурсия шолу экскурсия шеңберлі болуы мүмкін;

Экскурсиондық құжаттар болу керек. Экскурсия маршрутының схемасы, экскурсияның мәліметтері, экскусоводтың портфелі болу керек;

Экскурсанттардың белсендігі;

Экскурсовод - уақытша болатын елдегі ресурстармен таныстыру жөніндегі туристерге экскурсиялық ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар кәсіби даярланған жеке тұлға.

Экскурсант - бір жерге, елді мекенге немесе аймаққа, сол жердегі басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға.

Экскурсияның функциялары:

- Танымдық ;

- Діни ;

- Рекрациялық ;

- Ақпараттық ;

Спорттық ;

Экскурсияның құрлымы:

- Кіріспе. 3 минуттан - 15 минутқа дейін созылады.

- Негізгі бөлім.

- Қорытынды. 3 минуттан - 5 минутқа дейін созылады.

Экскурсияның классификациясы

Экскурсия құрлымы бойынша 2-ге бөлінеді:

- Шолу экскурсиясы

- Тақырыптық экскурсия

Экскурсияны көрсету тәсілдері

Экскурсияда көрсету тәсілдері объекті бақылауды жеңілдетеді. Экскурсияның объектінің ерекшелігін көрсетеді және объектіні бірнеше бөліктерге бөлініп көрсете алады. Көрсету тәсілдері 7 түрге бөлінеді.

- Экскурсиондық объектті алдын ала көрсету. Бұл тәсіл экскурсанттар оъектінің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын ала тәсілі қарастырып жатқан объектің тарихын сонымен байланысты тарихи оқиғаларды қарастырады. Алдын ала көсету тәсілі экскурсиондық объектке баға береді. Егер де экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған ортаға баға беріледі. Экскурсанттар бұл тәсілде өздері экскурсоводтың көмегінсіз объектіні қарастыра алады. Алдын ала көрсету тәсілінде объектіні көрсету, ақпарат берілумен бірге жүргізіледі.

- Панарама тәсілі. Бұл тәсілде экскурсанттар объекттерді биіктіктен көруге мүмкіндігі бар. Панарама тәсілін қолданған кезде экскурсанттар бір ғана объектті емес, бірнеше объектілерді қарастырады. Экскурсовод панарама тәсілінің көмегімен көптеген объектің ішінде жүргізіп жатқан экскурсияға байланысты объекті таңдап алып, экскурсанттарға көрсетеді.

- Реконстукция тәсілі. Экскурсиялық объектілер экскурсовод алғашқы түрін сөзбен айтып жеткізеді. Бұл тәсіл ескерткіштерді, ғимараттарды және мекемелерді көрсетке кезде қолданылады. Экскусовод объектіні көрсету алдында өзі сол объект туралы толық мәліметтерді жинап алу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп, жетіспеген бөлігін сөзбен айтып жеткізеді. Егер объект толығымен жойылғанда экскурсовод порфелінің көмегімен объектіні көрсетеді. Егерде ескерткіштер, ғимараттар және туристік объектілер толығымен жойылса экскурсовод объектілердің ежелгі көрінісін экскурсантарға айтып жеткізеді.

- Монтаж тәсілі. Бұл тәсіл реканструкция тәсіліне ұқсап келеді. Монтаж тәсілінің көмегімен экскурсовод бір объектіні көрсеткенде сол объект туралы толық мәліметтерді бееді.

- Локализация тәсілі. Бұл тәсілдің көмегімен туристердің назарын бір объектіге немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады.

- Обстрагирование тәсілі. Обстрагирование тәсілдерін қолданып экскурсовод объектінің бөліктерін экскурсанттардың ойында мысалы ретінде келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен экскурсовод объектінің керек емес бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның тақырыбын ашуға көмектесетін бөліктерін көрсетеді.

- Салыстыру тәсілі. Салыстыру тәсілінде экскурсовод бір объектіні басқа бір объектімен салыстырып, экскурсанттарға ерекшелігін айтып береді.

Жол ақпаратты дайындау

Жол ақпаратты үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:

Алдын ала жұмыс - бұл кезеңде экскурсия бойынша толық мәліметтерды жинайды және олады зерттейді.

Экскурсияның мақсатын, тақырыбын және міндеттерін анықтайды және де экскурсияның маршрутында көсетілетін объектілерді таңдап алу.

Экскурсияны ұйымдастыру - экскурсиондық объектілерді құру, нақты мәліметтерді зерттеу, экскурсияны бақылайтын мәтінді жазу, маршрут бойынша техникалық картаны дайындау, индивидуалды тексті әзірлеу.

Соңғы кезең - мұнда жол ақпараттарын қорғайды, коммиссия мүшелері қарастырған соң бекітеді.

Жол ақпарат дайындаудағы негізгі пунктер:

- Жол ақпараттың мақсаты мен міндеттерін таңдалуы;

- Тақырыпты анықтау;

- Экскурсияға қажетті әдебиеттерді зерттеу;

- Экскурсия барысында көрсетілетін объектілерді таңдау;

- Экскурсовод портфелін толықтыру;

- Экскурсияны жүргізу техникасы;

- Көрсету және айтыпберу әдістемелерін таңдау;

- Экскурсоводтың индивидуалды текстін дайындау;

- Экскурсиондық ақпаратты қорғау;

- Жол ақпаратты бекіту;

Жол ақпаратты дайындауға қажетті құжаттар:

- Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі экскурсия бойынша қолданылатын барлық кітаптардың, газет журналдардың тізімі болуы керек.

- Объектінің құжаты қарастырылып жатқан зерттеу объектіге толық сипаттама беретін мәліметтер объектің құжатын жазған кезде келесідей мәселелер қарастырады:

- Объектінің түрі;

- Атауы;

- Объектке байланысты оқиғалар;

- Қысқаша сипаттамалар;

- Авторы;

- Орналасу уақыты;

-Экскурсияның бақылау тексті экскурсияның тақырыбы, сұрақтары толығымен ашылып жазылады.

- Индивидуалды текст - бақылау текстінен алынады, яғни мұнда экскурсовод өзі үшін қысқаша мәліметтерді түртіп алады.

- Маршруттың схемасы - онда экскурсияның басталуы және аяқталу орны туралы, объекттің орналасуы, аялдамалар көрсетіледі.

- Экскурсияның портфелі ішінде: экскурсия тақырыбына байланысты суреттер, құжаттар, кестелер, схемалар, карталар, т. б.

- Әдістемелік қабылдаулар көрсету және айтып беру әдістері;

- Жол ақпаратқа қажетті мәліметтер (газет-журналдар, кестелер, мақалалар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қорғау
“TOUR TRAVEL” туристік фирманың “бизнез-жоспары”
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Экскурсия маршрутын құрастыру
Балалар - жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz