Қазақ халқының рухани мәдениеті жағдайы мен даму тенденциясы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының рухани мәдениеті

жағдайы мен даму тенденциясы.

МАЗҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. Рухани мәдениет және өнегелі құндылықтар.

1. 1. Рухани мәдениеттің теория - методологиялық

мағынасымен бағыттары . 4-12

1. 2. Көне қазақтың рухани мәдениеті. 13-25.

1. 3. Кеңес өкіметі кезіндегі қазақ рухани мәдениетінің

жағдайы. 26-38

II ТАРАУ. Бүгінгі қазақтың рухани мәдениетінің жағдайы

2. 1. Халықтың рухани мәдениетінің дамуы

2. 2. Тұлғаның құндылық бағдары қалыптастығындағы

рухани мәдениетінің рөлі.

2. 3. Қазақ мәдениетінің даму тенденциясы

ҚОРЫТЫНДЫ .

Пайдаланылған әдебиеттер.

Косымша

Кіріспе

«Қазақ халқының рухани мәдениетінің жағдайы мен даму тенденциясы» атты тақырыптағы жұмысының көлемі 84 беттен тұрады. Ондағы пайдаланылған деректер мен әдебиеттер көлемінде мұрағат құжаттарын, музей коллекцияларын, кітапханалардағы әдебиеттер мен газет-журналдарды пайдаландым.

Зерттеудің өзектілігі . Қазақ халқының рухани мұраларын табу, зерттеу, сақтау және насихаттау, ауыл кітапханаларының жұмысын жаңғырту, жаңа технологияларды кеңінен қолдану қоғамға рухани нәр дарыту, алыс-жақыл елдермен тәжірибе алмасу жұмыстарына ерекше назар аударылып, қолға алыну шараларының негізін қалау қазақ халқының рухын сақтап, оны өскелең ұрпақтың рухани игілігіне айналдыруға бағытталған. Ол игілік, сөз жоқ біздің ұл-қыздарымыздың парасатты, ұлттық тарихи құндылығымызды қастерлейтін, еліне адал зиялы азамат болып өсуіне септігін тигізері сөзсіз.

Зерттеу пәні . «Қазақ халқының рухани мәдениетінің жағдайы мен даму тенденциясы» атты тақырыпты архив материалдарымен жазба дерек материалдарымен толықтыру арқылы оның мазмұнын ашу керек.

Зерттеу міндеттері . Қазақтың рухани мәдениетін зерттеу барысында қазақ халқы тек малшы, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша сәулетші, мүсінші, ұста, зергер де болғандығын көреміз. Бұған Маңғыстау түбінен табылған мәдени қазбалар, Ақсу-Жабағылыдан, Ұлытаудағы т. б. жерлерде кездесетін таубалы тастар. Түркістандағы А. Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы-көрпеш Баян сұлу зираттары, Есіктентабылған «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы тайқазан т. б. халқымызда он саусағынан өнерлі шеберлердің болғандығын айқындау, зерттеудің теориялық қағидалары және әдіскерлік негіздерін анықтау. Қазақ халқының рухани мәдениеті туралы жазылған жазба деректерді және әдістерді пайдалану.

Зерттеудің мақсаты : Қазақ халқының ежелден кәзірге дейінгі өнер, дін, фольклор, философия, ғылым, құқық, саясат, мораль т. б. рухани мәдениетін сараптап, ғасырлар бойы сәдени мұра ретінде қалыптасқан, отан тарихының алтын өзегі, еліміз бен мемлекеттігіміздің шежіресі, тәуелсіз қазақстанның әлемдік өркениетке қосқан баға жетпес азаматтық рухани байлығы екендігін анықтау.

Зерттеу әдісі : Еліміздің рухани мәдениетін археологиялық, этнографиялық, фольклорлық және тарихи, мәдени жазба түп деректер, соңғы әдебиеттерді пайдалану арқылы салыстыра зерттеу. Зерттеу жұмысында мұрағат құжаттарын, музей коллекцияларын, интернетті пайдалану, деректер жинау арқылы жұмыстың сазмұнын, сапасын арттырып, нәтижелерін қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жауаптылығы : Жұмыстың ғылыми жауаптылығы қазақ халқының рухани мәдениетінің жағдайымен даму тенденциясын ашып көрсететін археологиялық, этнографиялық, фольклорлық түп деректер, жазба деректер, ғылыми айналымға пайдаланды.

Түп деректерді түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып, автордың ұзақ уақыт зерттеулерінің нәтижесінде мына мәселелер қарастырады:

  • қазақ халқының рухани мәдениеті тұңғыш рет археологиялық, этнографиялық, фольклорлық түп деректер тұрғысынан зерттеліп, қарастырылады.
  • зерттеу жұмысында пайдаланылған түп деректер ғылыми концепция негізінде жүргізілді.
  • Ежелгі заманнан еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізген уақыт аралығында мәдениеттің даму кезеңдері қарастырылды.
  • Халқымыздың өткенін зерттегенде, оның әл-ауқат деңгейін емес, рухани деңгейін зерттеп, қазақ рухын жаңғырту қажет екенін біз үшін рухани құндылықтарымызды, байлықтарымызды өзіміздің игеруіміз керек екендігі қарастырылды.
  • Алғаш рет рухани мәдениет материалдық мәдениетпен қатар, тарихи, әдеби, мәдени тұрғыдан зерттеледі.
  • Тарихи түп деректер ауыздар сарынымен салыстыра зерттеледі.

Қорғалатын жұмыстың ғылыми маңыздылығы : мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүр мен өнер халықтың рухани өзегі, мәдениеттің діңгегі, тілінің тірегі, халықтың салт-дәстүрлері мен ұлттық руханиеттің даму дәрежесі туралы көптеген мәліметтер алуға болады.

  • Қазақ халқының рухани мәдениеті арқылы өсіп келе жатқан ұрпаққа мәдениетіміздің аса жоғарғы бағаланғанын көрсете аламыз.
  • Бұл жұмыс қазақ мәдениетін толықтыра түседі.

Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі . Қазақ халқының рухани мәдениеті халықтың ұлт болып қалыптасуына әсері, ата-бабамыздың көшпелі өмірі мен қатар отырықшы өмірінің болғанына дәлел.

Сондай-ақ Қаратау, Қазығұрт атырабы мен сыр бойында, - Отырар алқабында қалыптасып әлемдік деңгейде дамыған рухани мәдениетінің болғандығы монаграфиялық зерттеу тұрғысынан ғылыми деректемелер негізінде айқындалған.

Зерттеудің тәжірибнлік маңыздылығы : Жұмыста қаралған сұрақтар мен мәселелер, ғылыми жауаптылықтар, көптеген материалдар қорытындысы мәдениеттану ғылыми жұмысында пайда болды.

Зерттеу қорытындысы мәдениеттану мамандығында, лекцияларда, семинар, конференцияларда оқуға болады. Бұл тақырыпқа байланысты Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2000 жылы мәдениетті қолдау жылы деп жарияланады.

Зерттеу жұмысына өзіндік көзқарас : Жұмысты зерттеуде оның маңызы мен міндеттеріне көңіл бөлу басты мәселе. Рухани мәдениеттің жағдайы мен даму тенденциясына жаңадан қосқан материалдарды зерттеуде және олардың мақсаттарын зерттеуде Қазақстан сәдениетіне үлес қосар жерлері көп.

Автордың жеке үлесі жұмысында пайдаланылған тарихи түп деректердің саны сапасы ғылымдық ауқымы, қазақтарда үлкен әлемдік мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ мәдениетін зерттеу методологиясында жаңа жүйе қалыптасқан деуге болады. Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті археологиялық, этникалық зерттеу жүргізуде, тақырыптың мәдениеттану ғылымында алатын орны ерекше екенін көреміз.

I - ТАРАУ

РУХАНИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕГЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР.

1. 1. Рухани мәдениеттің теория - методологиялық

мағынасымен бағыттары .

«Мәдениет дегеніміз не?»-деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият»-қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінік пен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп айтуға болады. І1с, 6б. І Бұл жерде алдымен көзге түметіні- мәдениет пен табиғатты «культура мен натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде «б. з. д. 45 ж) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

  1. мәдениет -белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.
  2. мәдениет-адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері(полеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т. б. )
  3. мәдениет-адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, құқық мәдениеті және т. б. )
  4. агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т. б. )

мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық -адам мен оның ақыл ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастаған жөн. Жоғарыда атап көрсеткендей, бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-ана мен оны өңдеп баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Біліміміз бен тәрбиеміз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады . Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие болды. І2с, 50бІ Мәдениетті меңгере отырып, өткен және қазіргі ұрпақтардың жетістіктерімен таныса отырып, адам өзінің субъективтік бастамасын қалыптастырады. Адам о бастан қалыптасқан мәдениетпен таныс болғандықтан, ол оның бақылауына, өзінің қисынсыз эмоциясын және мағынасыз қылықтарын тежеу арқылы, көнуі қажет. Сол себептен мәдениет жеке адамның санасынан немесе оның еркінен тәуелсіз және белгілі бір жоғарғы бастауды(Құдайдың, Жоғарғы ақыл-естің, Дхарманның және т. б. ) белгілейтін өріс ретінде көрінеді. Бұл З. Фрейдтің, мәдениетті репрессивтік бастама деп айтуына негіз болды. Ол адам табиғаттындағы мәдениет пен интенсивтік ұмтылыстардың келіспеушіліктерін суреттейді.

Сайып келгенде мәдениет жалпы қарекеттің (шоғырланған өндіріс сияқты), маңызды компоненті. Көркем мәдениетке байланысты үлкен бөліктің, мақсатталған өндіріске жатпайтындығына күман болмауы қажет.

Мәдениет негізінен материялдық және рухани болып 2-ге бөлінді. Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлудің шартты екендігін ескере кеткен жөн. Кез келген рухани құбылыс пен оның заттандырылған түрі-адамдық тұтас әрекеттің екі жағы. Қоршаған ортаға адамның сәулесі түсіп тұр, ал оның сезімдері мен ақыл ойы әлемнен нәр алады. Осы тұтас мәдениет әлемін түсіну мақсатында ғылыми дәстүр бойынша әрқайсысы жеке талданады.

Соның ішіндегі рухани мәдениетке келейік. Рухани мәдениетке келмей тұрып, біз оның түбірі - Рух қа анықтама беріп кетейік - жан дүниесі кейде «жан» атауының баламасы ретінде қолданылады. Бұл атаулардың әрқайсысының мәні олардың өзара арақатынасы сияқты, белгілі бір ойшылдардың түсінігіне, сондай-ақ оларды қолдану түріне қарай өзгеріп отырады. Психология және психофизиология түсініктемеде мутакаллимдер, әдетте, бұл екі түсінікті адамның дене және сана еңбегінің тұтас көрінісі деп қарады, олар «жынды», Адам атаның жаратылуы туралы Құран аяттарын осы мағынада түсіндіреді. Фаласифтер Рухты өсімдік, жан-жануар және ең жоғарғы ақыл иесі деп өздері бөлген материалды дүниенің иесі деп есептеді, ал сопылар адам жанының осы ең жоғарғы қалпын «Жан дүниесі» (рух), қалған бөліктерін «Жан» (нафс) деп атады. Құран дәстүрін ұстаған мұсылман ғылымында періштелер мен перілерге «жан» атауы қолданылмайды. Періштелер мен перілер «жан иелері» деп аталады. Діни философиялық математикада «жан» және «рух» түсініктеріне онтологиялық-космологиялық мағына берілген.

Рух жайын тілге тиек еткенде ең алдымен бабалар айтқан мына бір өсиет ойымызға оралады: «рухани аштықтан даналық жолы ашылып, шындыққа сәуле шашылар. Шындықтың арты - мәңгілік қуанышқа бөленер. Ол мәңгілік қуаныш Тәңірді марапаттап, адам жанын мәңгі бақилыққа көтерер». іі

Біздің қазіргі мақсатымыз- тарихымызды түгендеп, намысымызды жанып, рухымызды ояту. Ұлттың рухы ояну үшін табанды тіреп тұратын негіз болуы шарт. Ол дегеніміз-білім, мәдениет.

Рух дегеніміз мәдениет пен білім арқылы қалыптасып, санада оянатын текті қасиет. Атамыз қазақ »Санасызға сөз айтпа»-деген. Ұлт рухы өзінен өзі ұрандағаннан пайда болатын жалаулы, жайдақ дүние емес. Ол рухани қазыналарымыздан қаныққан санада, толысып-толығып барып, бүр жаруынан бұлқына оянатын үлкен мағына. І3с, 498б. І Осыдан келе Руханилық - адам танымы мен дүниеге көзқарасының адамаралық қарым-қатынастағы биік адамгершілік қағидасы. Рухани мәдениетінің құнарлана түсуіне, іргетасы бекуіне ықпал етеді. Рухтан алшақ мәдениеттер мен өркениеттер іштей құрылымдық ыдырауға ұшырайды. Осы есептен әлемде көптеген империалар бірте-бірте күйреді. Себебі адамаралық қатынастарда басымдылық танытқан жалған бағдарлар мен моральдық нормалар жалпы жүйенің ыдырауына әкеліп соқтырады. Сондықтан руханилық жеке адамға да, үлкен әлеуметтік топтарға да ауадай қажет құбылыс ретінде кез келген мәдениетті жаңғырта түсетін, болашаққа жылжуына іргетас болатын ішкі мәндік заңдылықтар жиынтығы. Руханилық бар жерде адамдардың бір-біріне құрметі, ізгілік қатынастары қалыптасады. әр-түрлі салаларда кәсіби деңгейі жоғары кез-келген шебердің туындысы руханилық негізде жасалуы жалпы қоғамның әлеуметтік дамуы мен рухани жетілу жолына түсу үшін қажет. Ондай іс-әрекеттің нәтижелері қомақты дүниелерге айналып, рухани мұра ретінде қызмет атқарады. Мәселен, Қорқыттың, Құрманғазының күйлері, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері, қазақ билерінің шешендік сөздері руханилықтың тарихи үлгілері болып табылады. Халық армандаған тұлғалық бейнелері фольклорда, аңыз әңгімелерде руханилық кемелденген кейіпкерлер түрінде көрініс беріп отырған. Мәселен, Аяз би бейнесі нағыз руханилықтың үлгісі. Ол кішіпейілділік пен адалдықтың, сабырлылық пен ақниеттіліктің үлгісін танытты. Ал өзі аңқау, ақкөңіл кешірімді кейіпкер Қожанасырдың бейнесі де руханилық образы болып табылады. Қожанасыр үнемі күлкілі жағдайларға ұшырасады да, ешқашан басқаның мүддесін аяққа таптамауға, өзін өзгелерден биік ұстамауға тырысады. Осылайша халық руханилық туралы түсінікиерін әдебиетінде, тілінде, ділінде сомдай білген. Руханилықтың теориялық негіздемесін діннің қасиетті кітаптарынан табуға болады. Рухани негіздерін дамытпаған адам табиғи түйсіктер деңгейінде қалып қояды және ол өзімшілдіктің шеңберінен шыға алмайды. Ал қоғамдағы пендешіліктің түпнегізі де осы процестердің сана мен ділде барынша тереңдеп кетуіне байланысты болады. І3с, 499б. І Міне, осылардан келе, Рухани мәдениет пайда болады- адамның қоғам өміріндегі мәдени қызметінің нәтижесі. Өнер, дін, фольклор, философия, ғылым, құқық, саясат, мораль, т. б. құбылыстар рухани мәдениеттің өзегі болып саналады. Рухани мәдениет материалдық мәдениетпен астаса дамиды және олар тарихи дамуда көрініс берген жалпы мәдениеттің құрылымын түзейді. Ғасырлар бойы мәдени мұра ретінде қалыптасатын рухани мәдениет кез келген қоғамның өркениеттік деңгейін білдіреді және сапалық сипатын танытады. Ол бір-бірімен тығыз байланысты екі формада өмір сүреді:

  1. Рухани өмірді туындатады мақсат еткен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен даралығынан рухани әлемі түрінде:
  2. Сол өнімдердің рухани құндылықтар деңгейінің бағалануы яғни олардың әлеуметтенуі жатады.

Адамзаттың рухани өндірісінде рухани мәдениет үлгісі боларлық биікке көтерілген дүниелер тарихы кезеңінде симай әлеуметтік этникалық кеңестік аясынан шығып жалпы халықтық асыл қазынаға айналып отыр. Сондықтан рухани мәдениет әлеуметтік немесе тарихи топтар үшін ғана емес, жер бетіндегі тұтастай адамзат үшін халықтарды біріктіру мен ынтымақтастыру үшін жасалған. Ал бұл өлшемге жауап бермейтін рухани өндірістің өнімдері тарих сынағынан өте алмайды. Мәселен, нәсілшілікті әсіресе ұлтшылдықты ту етіп көтерген идеялар ұлттық мәдениеттің кері кетуіне, құлдырауына себепкер болады. рухани мәдениетті тағы бір құлдырататын нәрсе оның барынша прогматистік принциптерге негізделуі, сауда мен табыс көзіне айналуы. Қазақ халқының ежелгі заманнан қордаланған рухани мәдениеті озық үлгілі рухани құндылықтарға толы. Қазақ халқының салт-дәстүріндегі үлкенді силау, әруаққа бас ию, қонақты құрметтеу, табиғаттың үйлесімділігін сақтау, сөз кадірін білу, аталы сөзге тоқтау, рухани мәдениеттің ерекше үлгісі болып табылады. Атақты билердің айтқан әрбір әділ сөзі халықтың жадында ғасырлар бойы сақталып, оның діліне ұлтты іштей біріктіруші бағдар бола алды. Қазақ рухани мәдениетіеің биігі ретінде қазақтың бас ақыны Абай мен ойшылы Шәкәрімнің терең руханилыққа толы шығармаларын, өмірлік тәжірибелерін атауға болады. XX ғасырда халықтың рухани мәдениеті жаңғырта түскен қазақ зиялыларының үлкен бір тобы пайда болды. Олар рухани мәдениеттің саясатпен, құқықпен байланысты тұстарын ұштай түсті. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М, Дулатов, М. Шоқай т, б, қайраткерлер халықты еркіндікке шақыра отырып, рухани мәдениетті көтеруге білім мен ғылымның маңыздылығын жоғары бағалады. 1917 жылдан кейін кеңестік мәдениет социолистік сипат алып, ұлттық рухани мәдениеттерді идеялогиялық бірізділікке шақырумен ерекшеленеді. Нәтижесінде ұлттық мәдениеттің негізгі мазмұны таптық құрылымдардың шеңберімен, қисынымен шектелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның рухани мәдениеті демократиялық, ұлттық бағдардағы даму жолына түсті. Елде өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің ұлттық мәдениетінің гүлдеп, өркендеуіне мүмкіндік берілді. Қазақ халқы да өзінің рухани мәдениетін жаңғырту жолына түсті. І3с, 499б. І

Қоғамның даму процесін материалистік тұрғыдан қарайтын көзқараста: « адам саясатпен, ғылыммен, философиямен шұғылданудан бұрын жеу, ішу, киіну, баспана соғу т. б. керек. », - деген.

Ал, негізінен қандай да бір қоғамда болмасын адам ең алдымен дұрыс жеуді, ішуді, киінуді, өмір сүру үшін дүние табуды, адамдармен қатынасуды үйренуден бастайды. Бұл қызметтердің дерлік барлығы қоғамда қордаланған мәдениетті меңгерусіз және оны сақтаусыз іс жүзіне асуы мүмкін емес.

Кез-келген жинақталған өндіріс, рухани өндірістің мәнін қамтитын, рухани жағын қамтамасыз етуді талап етеді.

Дәл рухани өндіріс өрісінде мәдениет қалыптасады. Онсыз не шаруашылық, не саясат, әлеуметтік дәйекті функционалды өмір сүруі мүмкін емес. Сайып келгенде, мәдениет рухани өндірістің мазмұнын құрайды. Жалпылама және сағымдап келгенде, мәдениет бұл жағдай (процесс) және рухани өндірісті жасаудағы, сақтаудағы, таратудағы және рухани құндылықтардың нормаларын, білімдерін, түсініктерін, мәндерін, рәміздерін игерудегі өнімдердің жүйесі. Ол, қоғам мен адамның рухани өмірін қалыптастырады, жалпы қоғамдағы білім мен жөн табудың бөлшектенген жүйесін, қоғамдағы өмір сүретін қарекеттің түрлерін жүзеге асыра отырып, қамтамасыз етеді. Онда, қоғамның әрқилы қарекеттерін реттеу үшін басшылыққа алатын идеялар, нормалар, мағыналар және мақсаттар шығарылады.

Қоғамның рухани өмірінде, әлеуметтік өмірдің дамуына әртүрлі бағыт беретін, ерекше қасиеттерден тұратын құрылымдылық элементтер бар. Олар: әдет-ғұрып, нормалар, құндылықтар, білім және мағыналар. Соның ішінде Әдет ғұрыптан бастайық - аса қарапайым мінез-құлықтардың типтерінің бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір оқиға жағдайға байланысты қолданылып жатады. Ол үлгі қарекеттің айқындалмаған бір бөлігіне енгізіледі.

Адамдардың мінез-құлқын реттеуші ретінде, әдет-ғұрып тұрақты тұрмыстық ортада, инертті әлеуметтік топтарда, қарапайым этнографиялық қоғамда орын алғанымен, ол жоғарғы сатыдағы елдерде де кездеседі. әлеуметтік жағынан танылған үлгілер әдет-ғұрып болып қалыптасады, ал қордаланған тәжірибелер ұрпақтан-ұрпаққа, тұлғадан-тұлғаға сабақтасып жатады. әдет-ғұрыпқа дәстүрлі еңбек тәжрибелерін, тәртіптің түрлерін, өмір салттарын, тәрбие барысын, күнделікті қалыптасқан тазалық ережелерін, тамақтану уақыттарын, ұйқыны т. б. жатқызуға болады.

Көптеген мәдениеттерде, ішімдік және наркотикті қабылдау туралы біршама қатал нормалар бар. өкінішке орай, шынтуайтқа келсек, қалалық жаппай мәдениетте олар жоқ болып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері
Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарының тарихы
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Жанұя тәрбиесі
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Ұлттық ерекшеліктердің педагогика ғылымында зерттелуі
Таным теориясына қатысты қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің пікірлерінің өзектілігі
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz