«Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және тиімділігін арттыру» (ЖШС «АРЫС» мысалында )


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамыуы және тиімділігін арттыру» (ЖШС «АРЫС» мысалында ) тақырыбына жазылған
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6
1. 1. Шағын кәсіпкерліктің мәні және оның қазақстан экономикасындағы ролі . . . 6
1. 2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті нығайту мен кемелдендіру мәселелері . . . 12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ . . . 23
2. 1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау . . . 23
2. 2. ЖШС«АРЫС» шағын кәсіпорынының технико-экономикалық жағдайы . . . 32
2. 3. Кәсіп орынның өнім өндіру үрдісінің экономиеалық тиімділігі . . . 38
3. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРЫТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 49
3. 1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың ішкі ресурыстық потенциялын пайдалануды жақсарту . . . 49
3. 2. Шағын кәсіпкерлікті мемелекет тарапынан қолдауды жетілдіру . . . 54
3. 3. Нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арыттыру бағытында шетелдік тәжірибелерді пайдалану . . . 61
ортынды . . . 72 Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 80
Қосымшалар . . .
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстан Республикасында жүргізілген экономикалық реформа, біздің елімізде барлық аймақтарда және экономиканың барлық салаларында еркін кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағыттарын ашты.
Әсіресе кәсіпкерліктің шағын түрі өзінің ықшамдылығымен қоса қолайлылылығымен ерекшеленеді. Ішкі және сыртқы нарықтық конъюктураның жылдам өзгеруіне дер кезінде бейімделе біліу де шағын кәсіпкерліктің өміршеңдігін айқындайды. Сондай-ақ, белгілі бір өнім түрін өндіруге мейлінше тез бейімделіуі және жаңа технологияларды ендіруге жылдам ықшамдала білуінің қасиеттері шағын кәсіпкерліктің бұл түрінің экономикалық табыстардың ең шешуші кепілі бола алатындығын дәлелдеді.
Осы орайда бүгінгі күнге дейін шағын кәсіпорындарды басқару мәселесінде кездесетін олқылықтардың болуы оны басқаруға орасан күш-жігермен қатар, білім мен білік, өмірлік тәжрибе қажет екендігін көрсетеді. Сонымен, шағын кәсіпкерліктің жеткілікті дәрежеде дамымай жатқандығының басты себептерінің бірі ретінде жекелеген кәсіпкердің өз кәсіп орнын басқарудағы ұйымдастыру тәжірибесінің тапшылығын атап өтіуге болады. Сондықтан да басқару тұжырымдамасы ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең зерттелуге тиіс. Осы дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі де осында деп білеміз.
Бұл мақсатты іске асыру көбінде шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты. Артықшылықтар кешені, атап айтқанда, нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан аз ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін және тағы басқалар, шағын кәсіпкерлікке көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық пргрестің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, шағын кәсіпкерлік-қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.
Қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікпен қол жеткізген нәтижелер бойынша республика дамыған және дамушы мемелекеттермен қатар, тәуелсіз мемелекеттер достығының (ТМД) жеке елдерінен артта қалды. 2003 жылдың басында Қазақстанда 449, 9 мың шағын кәсіпкерліктің субьектілері үшін (ЖІӨ) жұмыс істеді. Олармен ЖІӨ-нің 20, 4 пайызы ғана өндірілді, ал ел бюджетіне млрд. тг, аударылды, халықтың 21, 0% жұмыспен қамтылды, бұл экономикасы дамыған елдер нәтижелерінен 2-4 есе төмен. Сонымен қатар, экономиканың осы секторына экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан деңгейден, бәсекелестік қабілеттілігінің арытта қалу факторының үдейе түсуіне тән. Осыған байланысты сырытқа шығарылатын инновациялық жеке зерттеулер мен өнімдердің өндірісі жоқ деуге болады.
Жоғарыда айтылған шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары және ең бастысы республикада оның дамыуының қанағатсыз болуы алынған тақырыптың өзектілігіне шарыт болды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік процесті қалыптастыратын факторлар мен жағдайларға, олар атқаратын функтцияларға, ШКС-нің қызметіне қоршаған ортаның әсеріне, әр түрлі ұйымдастыру-қуқықтық формаларға және т. б. қатысты басылымдардың көп болуына қарамастан, зерттелетін проблемалар шеңбері азаймай керісінше, ұлғая түсуде. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерліктің өткен жолы өте қысқа және қайтадан пайда болған проблемаларды шеше алмайды. Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің болашағы барма, ел экономикасында маңызды рөлді атқарама, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыра алама, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі факторлар қалыптастырады және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның динамикалық қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр, мұның бәрі зерттеу объектісі. Ал шағын кәсіпкерлік аймағында орындалған зерттеулер іс жүзінде ШКС арасында зерттеудің, таратудың және енгізудің тек алғашқы кезеңінде тұр.
Соның ішінде, кәсіпкерлік қызметтің және ынтаның даму деңгейін бағалау жөніндегі мәселе аз зерттелген, ол республика өңірлері арасында экономиканың бұл саласының даму нәтижелерін салыстыруға, жеке алынған аймақта шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын бақылауға, әкімдер жұмысы туралы айтуға, табиғи, материалдық және еңбек қорларын пайдалануды сипаттауға мүмкіндік береді.
Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін, және оның тиімділігін арыттырудың жолдарын зерттеу. Аталған мақсатқа жетіу үшін жұмыста келесі міндеттерге ден қойылған:
- шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздерін зерттеу;
- шетелде шағын кәсіпкерлікті қолдау түрлері мен формаларын анықтау;
- шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын проблемаларды анықтау;
- жалпы республика бойынша шағын кәсіпкерліктің жағдайы мен тенденцияларын зерттеу;
- шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын анықтау.
Зерттеу нысаны ретінде “Арыс” кәсіпорынның шаруашылық жүргізу барысындағы мәсіметтері алынған.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін шетелдік және отандық ғалым-экономистер еңбектері, нормативтік-құқықтық актілер, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту туралы қабылданған мемелекеттік бағдарламалар пайдаланылады.
Дипломдық жұмыстың құрлымы. Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың мазмұны компьютерлік бетте баяндалған, оның ішінде кесте, сурет, дияграмма қамтылған.
Кіріспеде таңдап алынған тақырыптың өзектілігіне, тақырыптың зерттелуі деңгейіне, зерттеудің мақсаты және міндеттеріне, зерттеу объектісіне, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне, зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызына сипаттама беріледі.
Бірінші тарауда, бұл бөлім бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері бойынша шағын кәсіпкерліктің мәні мен ҚР экономикасындағы рөлі және оны кемелдендіріу мәселелері қарастырылады.
Екінші тарауда, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі мен оның қазіргі жағдайын бағалау беріледі.
Үшінші тарауда, нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары бойынша, мемлекет тарапынан қолдау мен шетелдің озық тәжрибелерін пайдаланудың артықшылықтары талқыланады.
Қортындыда зерттеу нәтижелерінде өрбіген негізгі ойлар мен ұсыныстар баяндалады.
1-ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН
ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ.
Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнін, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп, кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік бұл - табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер -бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Оз кезегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігінде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты-кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен катар, кәсіпкерліктің әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.
Нарықтың әр түрлі сфераларын жеңіп алу және әлемдік
қауымдастықтың көптеген елдерінде шағын кәсіпкерліктің өркендеуі, кәсіпкерліктің осы формасының ТМД республикаларында, соның ішінде Қазақстанда кең таралуын анықтады. Шағын кәсіпкерліктің өзіне тән ерекше белгілері мен артықшылықтарын зерттеп, біз шағын кәсіпкерліктің келесі түсінігін ұсындық: « ІІІағын кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларьнда жұмыс істейтін қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінін өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру процесі.
Шағын кәсіпке рлік - бұл қаржы ресурстарының шектелген жағ-дайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметі».
Берілген анықтама шағын кәсіпкерлік процесін толық көлемде сипаттайды, оның мәнін инновация ретінде анықтайды кәсіпкерлер қызметінде қауіп және белгісіздік элементтерінің болуын білдіреді, өндіріс және басқару процесінде меншік иесінің ролін анықтайды, және ең бастысы - кәсіпкерлік кызметтің ынталандырушысы болып алынатын табыс келеді. Шағын кәсіпкерліктің тұжырымдалған анықтамасы шағын бизнестен түбегейлі ерекшелінеді. Берілген анықтамаға сәйкес шағын кәсіпкерлікке өнім мен қызметтердің, өндірісті ұйымдастырудың колданылатын әдістерінің үнемі жаңартылуы, жоғары өнімді жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, пайданы ғана емес, сонымен қатар үстеме пайданы алу тән. Ал шағын бизнеске репродуктивтік кызметтерді атқару және жоспарланған пайданы алу тән.
Шағын кәсіпкерлік экономикасы дамыған елдерде экономиканың басым салаларының бірі - қоғамда болып жатқан барлык процестермен
кешенді түрде дамуда. Бұл елдердің үкіметі шағын кәсіпкерліктің дамуына белсенді қолдау көрсетеді, оның қызмет етуі үшін колайлы жағдайларды құру көрініс тапқан.
Ал, өз кезегінде кәсіпкерлік пен кәсіпкер, соның ішінде шағын кәсіпкерлік ұғымна жоғарыда түсінік бердік, енді шағын кәсіпкерліек түсінігін, шағын бизнес түсінігімен шатастырмас үшін түсінік беріп, жеке тоқталып өтсек.
Шағын бизнес - шағын кәсіпкерлікпен қарайлас нарықтық экономиканың маңызды элемент, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу каркындарын ЖҰӨ-нің құрылымы мен сапасын анықтайды. Бұл сектор өзінің мәні бойынша нарықтық инфрақұрылымның шешуші элементі болып табылады. "Бизнес" сөзі ағылшынның "businessy" деген сөзінен шыққан. Ағылшын тілінен аударғанда коммерциялық қызмет, іс, шаруа, сондай-ақ тиісінше "бизнесмен" ("businessmen") сөзі іскер адам, табыскер деген ұғымдарды білдіреді.
Бизнес - біржақты анықтауға келмейтін, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Ол істі жүргізу, қажетті және адамдар арасында сұранықа ие өнім жасау, іс, жұмыс, нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажетілігін қанағаттандыру көзі және сонымен бірге өмір салт жүйесі ретінде қарастырылады.
Ең алдымен бизнесті табыс табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтама береді.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып. Қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады.
Шагын бизнес кәсіпорындары деп - бір немесе бірнеше инвесторлармен қурылган, географиялык, шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген улесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жузеге асырады, олар барлык стратегиялык шешімдерді кабылдайды; басқару - нысаншылдықты жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жумысшылардың жоғары өзара ауыспалылыгы байқалады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын кәсіпкерлікке анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ конгресс комитетіне шағын кәсіпкерліктің 700-ге жуық анықтамасы үсынылған. Шағын кәсіпкерлікті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жүмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі
негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең тараға критерийлердің бірі жүмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жүмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілер 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылан адамдар саны 1-ден 500-ге жететін кәсіпорындарды шағын кәсіпорынға жатқызады, сөйте тура олар келесі 4 категорияға бөлінеді.
1. 20-дан 49-ға дейін;
2. 50-ден 99-ға дейін;
3. 100-ден 199-ға дейін;
4. 200-ден 449-ға дейін;
Германияда жылдық ақша айналымы 3, 5-нан 11. 5 миллион неміс маркасын қүрайтын фирмалар, кәсіпорындардын тиімділігі АҚШ пен Жапонияға қарағанда жоғары. Мүнда 12, 3% ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жүмыспен қамтылған 34% жүмысшылардың үлесіне үлттық
абыстың тек 52, 6% ғана кетледі. Жүмыс орындарының үштен екісінен көбі шағын кәсіпкерліктің арқасында ашылуда.
Жапонияда занды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар: өнеркәсіп, көлік және құрылыста - 300 адамнан көп емес, көтерме саудада - 100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында - 50, олар осы критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, қүрылыс және көлікте - 770мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада - 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында 77 мың доллар.
Ресей Федерациясының қазіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес, шағын кәсіпорындарға:
• өнеркәсіпте - 200 адамга дейін;
• қүрылыста - 100 адамга дейін;
• көтерме саудада - 50 адамға дейін;
• ауылшаруышылығында - 50 адамға дейін;
• ғылымда және өндірістік емес салада - 25 адамға дейін;
• бөлшек саудада - 15 адамға дейін;
жүмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Қазақстанда адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8-сәуірдегі N499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:
• өндірісте, қүрылыста және шаруашылықта - 50 адамға дейін;
• сауда да және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста - 25 адамға дейін;
• ғылымда және жаңартпашылық қызметте - 20 адамга дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта кәсіпкерлікке жатады.
Шағын кәсіпорындар азаматтар, жанүя мүшелері және сауда шаруашылығын біріккен түрде жүргізетін мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар әртүрлі занды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін. Шағын және орта кәсіпкерлік, қазіргі кезеңде жұыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987ж. АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды.
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын кәсіпкерлік барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жүмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы, жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50-ші жыддардан бері, келісім-шарттар негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындасында) 53, 5-тен 65, 5%-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес 198 1ж 85, 7%-ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі Қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес салмағы 90 -шы жылдардың басында 80% - ке жетті.
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әртүрлі Қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жүмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, кұрылыстық - монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға жөндеу жұмыстарын жүргзуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда.
Сондықтан, шағын және ірі құрылыстық кәсіпорындар арасында тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз. Шағын кәсіпкерлік ірі кәсіпкерлікке қарағанда анағүрылым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы орынын сәтті иеленеді.
1- кесте Шағын және ірі кәсіпкерлікті салыстыру
Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары айқын. Бұл - шағын кәсіпкерліктің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жүмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы енбек ұжымына түрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялык қүрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстырды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын ксіпкерліктің басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен қатар, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуте және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда кұрушылар (негізін қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін, маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе екі жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуте болады, себебі негізін калаушы мен менеджер - бұл ереже бойынша бір адам.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын кәсіркерлік тіпті де өз мәні мен маңыздылығына ие бола түсіу де. Көптеген елдердің Үкіметтері шағын кәсіпкерліктегі жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстар мен өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.
Шағын кәсіпкерлік шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады. Мысалы, Алматыдағ және Астанадағы ірі құрлыс компаниялары аясындағы, шағын кұрылыстық фирмаларды құру жүздеген құрылыс мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа түруға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz