Қазақ тіліндегі периссология мәселесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПЕРИССОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҒЫНАЛАС ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
1. 1 Жалпы тілтанымдағы «синоним» ұғымы 6
1. 2 Қазақ тіл біліміндегі «мағыналас» пен «вариант» ұғымы 8
1. 3 Қазақ тілтанымындағы лексикалық синонимдер мен
мағыналас фразеотіркестердің ұқсастығы мен айырмашылықтары 11
2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПЕРИССОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ
2. 1 Периссология терминінің анықтамасы 22
2. 2 Мағыналық мәннің сақталуына қарай лексикалық плеоназмдарды
топтау 33
2. 3 Сыңарлары арасындағы мағыналық қатынасына қарай плеоназм-
дардың түрі 36
2. 4 Плеоназмдардың лексика-семантикалық топтарындағы мағына
мәнінің жақындықтарына қарай жүйелеу 38
2. 4. 1 Басым сыңары зат есімнен болып келетін есімді лексикалық
плеоназм тіркестер 39
2. 4. 2 Басым сыңары сын есімді плеоназм тіркестер 44
2. 4. 3 Басым сыңары үстеулерден тұратын плеоназм тіркестер 47
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
КІРІСПЕ
Жалпы адамзат тілі қоғам тарихымен тығыз байланысты. Қай халықты алсақ та оның басынан өткен қилы-қилы кезеңдері сол халықтың тіліне ізін қалдырмай тұрмайды. Себебі: сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық тарихымен, халық тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Осы қатынастық сырын ашу - тілшілер алдында тұрған үлкен міндет. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең зерттелгенімен, зерттеуді одан әрі қажет ететін мәселелер де бар. Соның бірі - периссиология мәселесі.
Бір-біріне тәуелділігі синтаксистік байланыс негізінде құрылған, оның тәуелді сыңары (көбіне бірінші бөлігі) тіркестегі негізгі сыңардың мағынасын ерекше анықтап немесе әсерелеп күшейте аларлықтай дәрежедегі, мағына жағынан жақын немесе айқындауыш - анықтауыш қатынастағы синоним сөздердің кез-келген тіркестерін плеоназм немесе периссология деп санауға болатынын, оның тілімізде ертеден келе жатқандығын, байқау біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Қазақ тіліндегі периссология мәселесі біздің зерттеу нысанымыз. Сондықтан әр түрлі ғылыми теориялық және көптеген лингвист ғалымдардың берген пікірлерін, түрлі сөздіктерде келтірілген анықтамаларды, сондай-ақ сол анықтамаларға сәйкес мысалдар жинау, бір жүйеге келтіру, ол мысалдарға жан-жақты сипаттамалар беру, плеоназмдарды аралас жатқан басқа құбылыстардан шектейтін басты міндетін нақтылай түсу - бітіру жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.
Бұл мақсаттарды орындау үшін төмендегідей талаптар қойылды:
- Тақырыпқа қатысты ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік еңбектерді оқып, қажетті жерін жазып алу.
- «Периссология» терминіне байланысты анықтамалардың жүйесін жасау.
- Көркем әдебиеттен, түрлі баспасөз, халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан терілген мысалдарды анықтамаға сәйкес жинақтау, жүйелеу, картотека қалыптастыру.
- Теориялық бағытта да, практикалық (тәжірибелік) бағытты да қорытындылай келіп, жаңа атау ұсыну.
Жұмыстың жаңашылдығы. Бітіру жұмысымызға таңдап алынған тақырыпқа сәйкес арнайы ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік еңбектер қазіргі таңда жоқтың қасы. Сол себепті ф. ғ. к. профессор Ахметжанова Ф. Р. жетекшілігімен аталған тақырыпты зерттеп, оның міндеттерін анықтап, жүйеге түсіруге тырыстық. Бітіру жұмысымыздың жаңашылдығы да осында. Бізге дейін бұл мәселе бітіру жұмысы дәрежесінде бұрын-соңды қаралмаған.
Зерттеудің материалдары. Бітіру жұмысымызға әр түрлі анықтағыштардан, 1, 2, 3 одан да көп тілде жазылған сөздіктерден, ғылыми-теориялық еңбектерден және іргелі еңбек-монографиялардан жинақталған периссология терминіне байланысты жазылған анықтамалар, зерттеу материалы болып табылады.
Бітіру жұмысының теориялық маңызы мен практикалық құндылығы. Көркем ойды бейнелі етіп жеткізуде адам сөзі әсем де көркем, тіл байлығы мол болуы тиіс. Сол себепті бітіру жұмысының нәтижелерін түрлі мақсаттардағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында, арнайы курстарда, көркем сөз оқу шеберлерінің үйірме жұмыстарында, шығармашылық бағыттарда өтетін семинарларда және жалпы тіл байлығын арттыру мақсатында, сондай-ақ периоссология терминін жете түсінуге, сөз қолданыстарымыздың маңызын білуге үлес қосады деп ойлаймыз. Қорыта айтсақ, бітіру жұмысының нәтижесін лексикология, семасиология, синтаксис және тіл мәдениеті салаларында пайдалануға болады. Плеоназм категориясына, қолданысына өз тұрғымыздан ой, пікір, жаңа аталымдар қосылды деп түсінеміз.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Бітіру жұмысын жазу барысында ғылыми сипаттама, сипаттамалар мен тілдік материалдар, анықтамалар беру, қиындылар қалыптастыру, талдау, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Еңбектің мақұлдануы. Бітіру жұмысымыздың тақырыбы 2005 жылдың қазан айында болған қазақ тілі кафедрасының кезекті отырысында бекітілді. Қазақ филологиясы факультетінде 2006 жылдың сәуір айында өткізілген студенттердің ғылыми конференциясында осы тақырыпқа сәйкес баяндама жасалды. Сондай-ақ, бітіру жұмысының жазылу барысы туралы 2006 жылдың ақпан айында өткен алдын-ала қорғауда тыңдалды.
Бітіру жұмысының жазылуы тікелей ғылыми жетекшім ф. ғ. к. профессор Ф. Р. Ахметжанованың жетекшілігімен орындалды.
Бітіру жұмысының құрылысы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, тақырыпқа қатысы бар еңбектер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҒЫНАЛАС ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
1. 1. Жалпы тілтанымдағы «синоним» ұғымы
Синонимдер (грек. synonymos - аталуы бірдей) - мағыналары толық не жартылай сәйкес келетін, бір сөз табына жататын сөздер (фразеологизмдер, морфемалар, синтаксистік құрылымдар) . Лексикалық синонимдердің мағыналық бірлігі ретінде сөздің элементарлы (қарапайым) мағынасы, оның лексика-семантикалық түрі (варианты) алынады. Сондықтан да көп мағыналы сөз бірнеше синонимиялық топтарға кіреді. Әр топта семантикасы мен стилистикасына қарай басым (доминант) сөздер ерекшеленеді; мысалы «ұзын бойлы» (адам туралы) - «бойшаң» (ауызекі) - «сорай» (қарапайым түрі) ; «жоғары» (стиль жөнінде) - «көтеріңкі», «салтанатты», «патетикалық» (кітаби) . Синонимиялық дәрежесіне қарай (пара-пар болу, мағына жақындығы, бір-бірінің орнына қолдануы) синонимдер - «толық» немесе «абсолют» (мысалы, «қораз-әтеш», «сәби-бөбек») және «жартылай» немесе «относительді» («сұлу-көрікті-әдемі», «толық-семіз») деп бөлінеді. Сонымен қатар, семантикалық - стилистикалық синонимдер екі қызметті де атқара алады, мысалы: «жүру» - «сүйретілу» т. б. Құрылымы жағынан синонимдер әр түрлі түбірлі («көзілдірік-көз әйнек») және бір түбірлі деп бөлінеді. Сөз тіркестері де синоним болуы мүмкін, мысалы: «соғу- соққы беру», «қорқақ- су жүрек», «батыр- ер жүрек» т. б. [1, 190б. ] .
Синоним деп - әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, эмоциялық сәл ерекшеліктері бар, бір сөз табынан болған сөздерді айтады. [2, 30б. ] .
Синоним айтылуы басқа болғанымен, мағынасы бір-біріне жақын, бірінің орнына бірі жүре алатын лексикалық топ. [3, 571б. ] .
Синонимъ м. греч. однословъ, сословъ, однозначещее или весьма близкое по смыслу къ другому слову. Словарь синонимовъ. [4, 187б. ] .
Синоним, -а, м. Слово, тождественное или очень близкое по своему значению другому слову, например: «смелый» и «храбрый», «труд» и «работа», «гореть», «пылать» и «полыхать». // Тождественное понятие. - Когда мы молоды, то поэтезируем и боготворим тех, в кого влюбляемся; любовь и счастье у нас - синонимы. Чехов Ариадна. Фашизм стал синонимом голода и рабства. М. Калинин, Сила народная. [5, 96б. ] .
Синонимы (от греч. Synonymоs - одноименный) - слова одной и той же части речи (а также в более широком понимании, фразеологизмы, морфемы, синтаксических конструкции), имеющие полностью или частично совпадающие значения. В качестве единицы смыслового сопоставления лексических синонимов выступает элементарное значение слова, его лексико-семантический вариант. Поэтому многозначное слово может входить сразу в нескольким синонимических рядов (или парадигм) . Члены каждого ряда идентифицируются семантически и наиболее простого, стилистически нейтрального и синтагматически найболее простого, стилистически нейтрального и синтагматически найменее закрепленного, например, «высокий» (о человеке) ; «рослый» - «длинный» (разг. ), «долговязый» (разг. ), «высокий» (о языке, стиле) - «возвышенный», «приподнятый», «торжественный», «потетический» (книжный) ; «высокий» (о звуке, голосе) ; «тонкий» - «писклявый» (разг. ) [6, 447б. ] .
Синоним - айтылуы мен естілуі әр түрлі болғанымен, мағынасы бір - біріне өте жақын, ұқсас, мәндес сөздер. Синоним сөздердің мән-мағынасы мен атқаратын рөлі қазақ тілінде және әдебиетінде айтарлықтай. Мұндай сөздер тобы тілдің, әдебиеттің пайдалану қорын молайтады. Мысалы, әдемі, әсем, сұлу, көркем деген сөздерді алсақ, бұлар әр түрлі айтылып, жазылғанымен мағынасы жағынан жуықтас, синонимдер екені белгілі (Бекниязов Т. ) [7, 301б. ] .
Синонимы (от греч. Synonymos - одноименный), слова, различные по звучанию, но тождественные или близкие по смыслу, а также синтаксической и грамматической конструкции, совпадающие по значению. Синонимы бывают полные («языкознание»- «языковедение») и частичные («дорога»- «путь») [8, 1205б. ] .
1. 2 Қазақ тіл біліміндегі «мағыналас» пен «вариант» ұғымы
Сөздің жарыспа тұлғалары қазақ тілі лексикасының мол қабатын құрайды. Мұндай вариант пен дублет сөздер - халық тілінің сөздік қорын байытып келген, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылымының даму барысында ұдайы өзгеріске түсіп отыратын лексика-семантикалық сөздердің айырықша тобы. Халықтың қоғамдық - әлеуметтік жағдайының, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгерістің, басқа халықтармен тарихи, рухани, шаруашылық қарым-қатынасының сөздің әр алуан жарыспа тұлғаларының түзілуіне әсер еткені анық.
Бір сөздің жарыспа тұлғалары дегеніміз - мағыналық жағынан абсолют теңдікте тұрған, сөйлемде ешбір реңктік, стильдік бояуымен ерекшеленбейтін, әр алуан себептерден дыбыстық немесе тұлғалық ауытқуға ұшырап, әрқалай жазылып, әрқалай айтылып жүрген дыбысталуы бөлек, бірақ қолдануы да бөлек, бірақ қолдануында мағыналық дербестігі жоқ бірнеше вариантта айтылатын сөздер. Вариантты сөздер барлық сөз табында ұшыраса береді.
Зат есім: пәтер / бәтер; былғары / бұлғары; апиын / әпиін; аужай / әужәй; дуадақ / дуалақ; екпет / ептеп; әткеншек / әлпеншек.
Сын есім: зеңгір / зеңгер / заңғар; түзу / дүзу; алал / адал.
Етістік: аңду / аңлу; бүкшеңде / бүкшіңде; жұбату / жуату; ұқсау / ұсау.
Есімдіктер: ол / о; ана / әне / әні; қане / кәне; әгәр / егер.
Шылаулар: да / де / та / те; мен / бен / пен; қой / ғой; көрі / гөрі; қана / ғана; құрлы / ғұрлы; шейін / дейін.
Одағай : айхай / айқай / айһай /ойхой.
Еліктеуіштер: пыр-пыр / быр-быр; пыс-пыс / быс-быс.
Сан есім: жүз /дүз; жетпіс / джетпіс; сегіз /секіз.
Тіл мәдениетін арттырудың басты шарты бүкіл жұртшылыққа ортақ жазба әдеби тіліміздің нормасын қатаң сақтау, емле ережелерін басшылыққа алу, сөз қолданудағы ала-құлалыққа жол бермей, бірізділікті сақтау мәселесі бүгінгі таңда өткір күйінде қалып отыр. Аға ғалымдарымыздың айтып келгеніндей, қайбір тілде болмасын сөз атауларының барлығы бірдей өзінің бастапқы қалпында я түрінде қалып қоя бермей, заман озған сайын дыбыстық, тұлғалық өзгеріске ұшырап отырғаны белгілі. Сондықтан да болар, халық тіліндегі сөздің фонетикалық вариантының саны әдеттегіден анағұрлым көп. Олардың санын әрдайым дәл анықтау оңай емес. Мысалы: қазіргі тілімізде ештеме / ештеңе тәрізді бір сөздің екі вариант қатары жарыса қолданылып жүргені белгілі. Бұған көркем әдебиетте әлі күнге дейін кездесіп қалатын қарапайым сөйлеу тілінің элементтері іштеме / іштеңе сыңарларын қоссақ, олардың саны көбейе түседі. Сондай-ақ бұл сөздің жергілікті ерекшелікке жататын еждеңе / еждеме / іждеңе / іждеме / ештеңе / іштеңе дыбыстық варианттары кездесетіні мәлім. Сөйтіп, бір ғана «ештеме» сөзінің он шақты вариант қатарын келтіруге болады екен.
Қазақ тіліндегі жарыспа тұлғалар лексикада, қос сөздер мен фразада, морфологиялық, синтаксистік құрылымда жиі ұшырасады. Жеке адамның индивидуальды сөйлеу ерекшелігіне байланысты да бар. Мағыналық тепе-теңдіктегі тұлғалар сөйлеу тілі мен атыраптық (говарлық) деңгейде шектеліп қалмайды. Олардың баспасөзде жарыса қолданылып жүргені де аз емес: ажуа / әжуа; заңғар / зеңгір; залал / зарар; дейін / шейін; тозақ / дозақ; бәйек / бәйік; ертегі / ертек; арам / харам; өмір / ғұмыр. Кісі аттарына байланысты Абдолла / Ғабдолла / Қабдолла; Әли / Ғали / Қали; Иса / Айса / Ғайса, халық атауларына байланысты моңғол / маңғұл / монгол / мұңғыл дегенге ұқсас түзілген вариант сөздер де бар. Байырғы сөздер мен терминдердің вариант қатарын түзуі баспасөзде сирек кездеседі. Оған керісінше, кірме сөздердің вариант қатары өте көп. Араб - парсы элементтерінің бірнеше вариантта айтылып жүргендері баспасөзде әлі күнге дейін жиі ұшырасса, русизмдердің бір вариантының әдеби нормаға айналуы басым. Вариант тұлғалардың қолдану көлемі де бірдей емес: ғылыми әдебиетте сирек, көркем әдебиетте одан гөрі көбірек, ал қарапайым сөйлеу тілінде бәрінен де жиі ұшырасады.
Тілдегі варианттылықты зерттеушілер уақытша құбылысқа жатқызады. Сондай-ақ бұл жарыспа тұлғалар көне мен жаңаның сабақтастығын танытатын тілдің обьективті даму кезеңімен сипатталады. [9, 3б. ] .
Лексикалық варианттар - мағыналық тепе-теңдікті білдіретін тұлғасы әр басқа сөздер. Оларды дублет деп атаймыз. Дублет пен вариант тұлғалардың атқарар қызметінің ортақ жақтары бары анық. Дей тұрсақ та қалыптасу жолы мен тұлғасы жағынан дублеттер сөз варианттарынан өзгешелеу. Алайда лексикологтар еңбегінде бұл ұғымның өзі әрқалай аталып келгені мәлім. Бірсыпыра еңбекте вариант пен дублет терминдері қатар қолданылып жүрді. Ал бұл екеуінің ұқсастығы неде, айырмашылықтары қандай, бұл жайында тіл ғалымдарының айтқан пікірлері қандай деген сұрақ туары анық. Мағыналық тепе-теңдікті білдіретіндіктен, дублет пен варианттың ортақ жақтары бар. Алайда тіл құбылыстарына біржақты қараудан, «вариант» пен «дублет» терминдеріне біржақты ғана анықтама берілуі мүмкін. Сондықтан дублет пен вариант терминдерін ажыратып қолдану жайлы пікірді бірсыпыра лингвистер еңбегінен кездестіреміз.
Қазақ тіліндегі еңбектерде де «дублет» пен «вариант» терминдерінің ара-жігі ашылмай қабат алынып келді. Оның себебі қазақ тіліндегі дублет пен вариант қатарлары мәселесі 70 жылдарға дейін арнайы түрде сөз бола қоймаған еді. Әрі олардың бәрі мағыналық тепе-теңдіктегі жарыспа тұлғалар болғандықтан, негізінен әдеби тілге қатысты, нормалану мәселесі тұрғысынан ғана сөз етіледі.
Дегенмен «вариант» пен « дублет» терминдерінің білдірер ұғымын ашып көрсетпейінше бұл құбылыстардың мәні мен жасалу жолы, түрлері мен өзгеру тенденциялары секілді қазіргі таңдағы актуальды мәселелерді түбегейлі шешіп беру мүмкін емес.
Басқа да жарыспа тұлғалар тәрізді дублет қатарларының айырым белгісін анықтап, олардың түрлерін арнайы зерттеу қазақ тіліндегі басқа құбылыстардың сыр-сипатын аша түсуі үшін қажет. Лексикалық варианттардан, сөздің грамматикалық және фонетикалық варианттарының елеулі айырмашылығы бар.
Дублет - француз сөзі, қазақша екі, қос деген ұғымды білдіреді. Ал варианттылықта ( латынша өзгерім, түрін ауыстыру) мұндай шек жоқ. Демек дублет қатарының көбінесе екі сыңары ғана болса (көрпе/ жұрқан), сөздің фонетикалық варианты екеу де (балуан / палуан, теңіз/ деңіз) ; үшеу де (дарбыз / қарбыз / арбыз) одан да көп бола беруі мүмкін (ұқсау / ұқшау / оқсау /оқшау / құсау) [10, 115б. ] .
1. 3 Қазақ тілтанымындағы лексикалық синонимдер мен мағыналас фразеотіркестердің ұқсастығы мен айырмашылықтары
Лексикалық синонимдер деп әдетте бір-біріне мағыналары жақын сөздерді айтамыз. Лексикалық синонимдер турасында қаншама еңбектер жазылды, бұл мәселе жан-жақты талқыланды, қаралды, ой-пікірлер айтылды, теориялық тұжырымдары жасалды. Бірақ фразеологизмдердің де синонимдік қатар құратынын естен шығармайық. Синонимдес мәнде қолданылатын, мағыналары жуық тұрақты сөз тіркестері де бар. Бұларды фразеологиялық синонимдер деуге болады. Тұрақты сөз тіркестерінің мұндай мағыналық ерекшеліктері тіл біліміміздегі ең күрделі мәселе болып отыр. Бұған аса назар аудару қажет деп білеміз.
Академик І. Кеңесбаевты «қазақ фразеологиясының атасы» деуге болады. Сол ғалым кезінде қазақ фразеологизмдерін қолға алып зерттеп, фразеологиялық сөздік жазған болатын. І. Кеңесбаев фразеология саласында әлі де жете зерттелмеген тұстар бар деп ой айтады. Ең алғаш синонимдес фразеологизмдерге анықтама беріп, олардың фразеологиялық варианттардан айырмашылығын көрсетеді.
«Синоним фразеологизмдерде ешбір қайталана алмайды. ФБ-тердің мағыналық жуықтығы болғанымен, тұрпат жуықтығы болмайды» [11, 591б. ] . - дейді. Осыдан соң ғалым бірнеше мысалдар келтіреді: «он қолынан өнер тамған; бит қабынан / терісінен / биялай тоқыған; ағаштан түйін түйген т. б. осындағы синонимдердің бірде-бір сыңары жоқ. Демек бұлар - синонимдес фразеологизмдер»[11; 591б. ] .
Мысалы, ұнатпау ұғымын - жаман қарау, қабағы келіспеу, қабағын тыржиту, түю, қыңыр қарау, құлқы сүймеу, мұрнын тыжыру (жақтырмау), оң қарамау, салқын қарау, суқаны сүймеу, іші қаламау. Зерігу, жалығу - екі қолы алдына сыймау, көңілі жалығу, өзін-өзі қоярға жер таппау (алаңдау, ашулану), іші жарылып барады, іші пысу [12, 48б. ] іспетті тұрақты сөз тіркестері арқылы беруге болады. Фразеологизмдер арасында ұшырасатын осындай құбылыстар турасында тілші-ғалымдарымыздың бірен-саран пікірлері болмаса, көлемді де сапалы жазылған ғылыми-теориялық тұжырымдар аз. Оның ішінде «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері» еңбегін және сол ғалымның «Мағыналас фразеологизмдер сөздігін» атап айту лазым. Бұл еңбектердің авторы Г. Смағұлова осы тақырыпты егжей-тегжей қарастырып, алғашқылардың бірі болып теориялық тұжырымдар келтірді. Алайда сөздіктің кемшілік тұстары да жоқ емес: кейбір мағыналық топтарда үш-төрт тұрақты тіркес берілген. Мысалы: қауіп төну - жаны қысылу, қауіп-қатер төну, тықыр таяну [12, 18б. ] .
Тағы бір кемшілік - мағыналас тіркестер алфавит бойынша берілген. Біздіңше, алғашқы кезекте доминант, яғни жиі қолданылатын, жалпыхалықтық тұрақты сөз тіркестері тұруы керек. Бірақ, жоқтан бар демекші, барға қанағат етуімізге тура келеді.
Синонимдес фразеологизмдер туралы сөз қозғамас бұрын, лексикалық синонимдер жөнінде, олардың ерекшеліктері мен тән белгілері жөнінде айта кеткен орынды.
Шындығында да лексикалық синонимдер толық, жан-жақты зерттелген семантикалық категориялар. Жалпы тіл білімін былай қойғанда, қазақ лингвистикасында қазіргі кезге дейін жүздеген мақалалар, ірі-ірі монографиялар жарық көрді.
Мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Өзара мәндес сөздерден синонимдік қатар құрылады. Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде одан да көп сөздер енеді. Мысалы: 1) адам-кісі; 2) күш - қуат - әл - дәрмен; 3) қадірлі - құрметті - ардақты - аяулы- қымбатты; 4) болдыру - шаршау - титықтау - тұралау; 5) құрғау - кебу -дегду - тобарсу; 6) тез - жылдам - шапшаң - лезде - сәтте және т. б. [13, 125б. ] .
Сөздердің синонимділігі жайлы айтылған ғылыми тұжырымдар негізінен бір ортақ пікірдің айналасынан табылады. Кезінде А. Б. Шапиро, А. Н. Гвоздев т. б. бір ұғымды білдіретін мағынасы жақын, бір-бірінен мағыналық реңктер арқылы ғана ажыратылатын сөздерді синоним деп таныса, енді бір зерттеушілер (Булаховский, Евгеньева) мағына жақындығымен қоса, мәтін ыңғайында (контекст) бір-бірінің орнын ауыстырып қолданғанда пәлендей айырмасы болмайтын сөздер синонимдер деп аталуы керек дейтін пікірлерді айтты. Ұзақ жылдар бойы мәтінді оқып, үйрену тәжірибелерінен, лексикалық қолдану ерекшеліктерінен туған мұндай пікірлермен қоса, бертін келе синоним теориясын толықтыра түскен (Александрова, Вакуров) синоним сөздердің эмоционалды - экспрессивті реңк бояулары және олардың бір стильдік деңгейден табылуы, әрі басқа сөздермен тіркесімділігіне назар аударды. Сонымен қатар, синоним сөздердің бір сөз табынан болуы керектігі де ескерілді (Ахманова) .
Синонимдер туралы айтылған басқа да теориялық тұжырымдар жоғарыда аттары аталған ғалымдардың ой-пікірлерін қайталаумен болды. Олар да синоним болу үшін қойылатын шарттарды осылай жүйеледі.
Бір сөздің орнына басқа бір сөзді алып қолдану қандай тілде болса да жиі ұшырасады. Яғни, бір ұғымды бірнеше сөзбен беру аз кездесетін құбылыс. Г. Смағұлова бұларды дублет сөздермен шатастырмау керектігін ескертеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz