Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Программалау тілі - ол электрондық есептеуіш машинасына программалық жабдықтауды өңдеуге арналған құрал болып табылатын ерекше тіл. Программалауда қолданылатын тіл программист ойы қалыптасуына ісер етуі керек және де программалау заңдылығын, программалау шығармашылығының көркемділігін ұғынуға себеп болуы қажет.
Паскаль тіліне тән болатын программалау стилінің негізгі ретінде мәліметтер типінің философиясы алынған. Программалау әдістеріне дағдылану үшін тілдегі мәліметтердің ұйымдастырылу концепциясын түсініп, білу керек. Программаны түсініп ұғынуда және оның орындалу барысында пайда болатын қателерге автоматты түрде диагностика беруде мәліметтер типтері маңызды роль атқарады деп айтуға да болады.
Паскаль тілінің дәл осы қасиеті оның құндылығы болып саналады да, бұл тіл программалау мәдениетін тиянақты үйретуде үлгі бола алады.
Соңғы жылдары программисттер арасында Turbo Pascal тілі кеңінен тарай бастады. Бірақ бұл тілді оқу процесінде кеңінен енгізуге қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы үлкен кедергі жасауда. Сондықтан бұл кітап осы қиыншылықтарды шешуде аз да болса көмегін тигізер деп ойлаймыз.
Бұл құралда қарастырылатын материалдар Турбо Паскаль тілінің бастапқы курсы бола тұрып бұл тілдің тақырыптарын қамтиды.
Паскаль программалау тілі.
Программалау дегенді біз бүгінгі күннің, ғылым мен техникадағы прогрестің туындысы деп санаймыз. Бірақ ол дұрыс емес. XIX ғасырда алғашқы есептеу құрылғылары пайда болғаны белгілі, сол кезден бастап есептеу программаларды құрудың қажеттілігі туындады. Бірінші болып осы мәселені шешкен Ада Лавлейс болып саналады, ол Чарльз Беббидждің есептеу машинасында жұмыс істейтін программаны құрған. Ал бірақ нағыз программалау тілдері әрине электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) ғасырында пайда болды.
Ең бірінші программалау тілі болып Short Code (1949) саналды. XXғасырдың 50-ші жылдарында пайда болған жоғары деңгейдегі программалау тілдері болып ФОРТРАН, КОБОЛ және АЛГОЛ саналады. Фортран мен Коблон әлі күнге дейін пайдаланылады, ал Алгол болса бірталай тілдердің (олардың ішінде паскаль тілі де бар) негізгі болып табылады. Кәзіргі уақытта программалау тілдерінің саны бірнеше жүз құрайды. Осы тілдердің ішінде паскаль тілінің орнын келесі суреттен көруге болады.
1-сурет. Паскаль тілінің құрылуының қысқаша тарихы.
1970ж. программалау әлемінде кемінде екі маңызды оқиға болды, олар: UNIX- операциялық жүйесінің және Паскаль атты жаңа программалау тілінің пайда болуы. Бұл тілді алғашқыда жалпы программалауды оқыту мақсатымен құрастырған Швейцариядағы жоғарғы политехникалық мектебінің Инфрматика институтының директоры, профессор Никлаус Вирт (1968-1971жж) . Жаңа программалау тіліне француз математигі, физигі және философы, көрнекті ғалым Блез Паскаль (1623-1662жж) есімі берілді.
Кейіннен осы тілдің бірталай түрлері және толықтамалары пайда болды. Олардың ішінен кеңінен таралған BORLAND компаниясының Turbo Pascal - пакеті. Программа құрастырудың сапасымен жылдамдығын арттыру үшін 80-ші жылдардың ортасында Турбо Паскаль атты программалау жүйесі дүниеге келді. Турбо деген сөз Borland International. Inc. (АҚШ) фирмасының сату таңбасының бейнеленуі.
Сонымен қатар Turbo Pascal тілі компьютерлік графиканы пайдалануға, дыбыспен жұмыс істеуге, жүйелік программалауға үлкен мүмкіндіктер береді.
Бүл тілдің программистер арасында кеңінен таралуына келесі себептер болды:
- Паскаль тілі өзінің икемді сипатталуына байланысты оқушылардың игеруіне өте оңай және жылдам.
- Алгоритмдердегі концепцияныпрограмма түрінде бейнелеуге түрлі программалық құралдар мен мүмкіншіліктерін ұсынады.
- Программада пайдаланатын айнымалылардың алдын ала сипатталынуы, программа, орындалмай түрып компиляция кезеңінде оның үйлесімділігін тексеру т. с. с. Паскаль - программаларының қасиеттері программаға деген “сенімділікті” арттырады.
- Паскальда қарапайым және икемді басқару құрылымдарының пайдаланулы: сызықтық, тармақталу, қайталану.
Паскаль тілінің құрушысы Н. Вирттің айтуы бойынша: “ . . . Паскаль тілінің тәжірибелік пайдалануы оның құндылығын әйгі етіп көрсетті: - бұл тілде программа түзудің өте оңай екендігін; программаның жұмысын жөнге салудағы икемділігін; көптеген тәжірибелік мәселелердің шешімін тиімді жолдармен табу үшін ұсынылатын Паскаль тілінің техналогияларын, т. с. с . . . ”. Бұл тілді Н. Вирт біріншіден- программалауға жүйелік бапты енгізіп, автоматты түрде программа мен мәліметтердің бірлігін тексеру мақсатымен құрды, екіншіден- жаңа компьютерлік мәдениетті игерудегі оқу құралы ретінде.
Паскаль тілінің маңызды ерекшелігі болып бұл тілдегі оператор мен операндтың бір- бірімен байланысы, яғни кез келген оператор тек белгілі бір операндтар тобына тән болады. Бұл жерде операндтар деп операторлар арқылы түрлі өңдеуге түсетін бастапқы мәліметтерді атаймыз. Осының жалғасы - Паскаль тіліндегі мәліметтермен айнымалылардың типтеліну концепциясы болады. Типтеліну коцепциясының мағынасы неде? Көптеген программалау тілдерінде операторлардың әрекеттеріне байланысты барлық бастапқы мәліметтер бірнеше класқа немесе типтерге бөлінеді. Сондықтан тілдің барлық операторлары да өздеріне тән типті мәліметтермен жұмыс атқара алатын болады. Сонымен операторлар тобы мен операндтар тобы бір- бірімен нық байланысты болатын тіл элементтерін құрайды.
Трансляторлар. Паскаль тілінде жазылған программа компьютерге түсініксіз болғандықтан, оны машина тіліне аудару керек болады. Программалау тілінен машина кодтарына аудару процесі трансляция (translation - аудару) деп аталады, ал аудару арнайы трансляторлар деп аталатын программалар арқылы орындалады.
Трансляторлар үш түрлі болады, олар: интерпретаторлар, компиляторлар және ассемблерлер.
Интерпретатор деп берілген программаның әр операторын өңдеп, орындайтын трансляторды атайды.
Компилятор - берілген программаны толығымен машина тіліндегі модульге айналдырып, оны компьютердің жадына жазып барып орындайды.
Ассемблерлер автокодтар (ассемблер) тілінде жазылған программаны машина тіліне түрлендіреді.
Кез- келген транслятор келесі мәселелерді қарастырады:
- Трансляция жасылып жатқан программаның синтаксистік қателерін тексереді, талдайды;
- Объекттік немесе қарапайым деп аталатын, копьютерге түсініқті болатын программаны жасайды;
- Компьютерлік жадының тиімді пайдалануын қадағалап байқайды (программаның әр үзіндісіне, айнымалыларға, тұрақтыларға, массивтерге жіне де басқа объектілерге өздеріне тән болатын жадының бөліктерін белгілейді) .
Turbo Pascal 7. 0 интегралдық программалау
ортасын пайдалану
Паскаль тілінде программа құрастыру келесі кезеңдерден тұрады: программаның текстін енгізу және оны редакциалау, программаны трансляциалау, программаны орындаудағы кемшілігін түзету.
Әр кезеңде орындалатын әрекеттерге сай арнайы құралдар қолданылады, мысалға программаның текстін енгізу және оны редакциялауға - текстер редакторы, программаны трансляциялауға - компилятор, компьютер орындайтын программалық модульді құрастыратын -үйлестіруші (linker), программаның орындалуын жөнге салуда - түзетуші (debugger) .
Турбо Паскаль программалау жүйесі интегралды (integration- бөлек - бөлек элементтерді біліктіру) программалау орта деп аталады, өйткені ол бұрын әр қайсысы өз бетінше бөлек жұмыс атқаратын құралдардың (текстік редактор, компилятор, үйлестіруші т. с. с. ) мүмкіншіліктерін біріктіріп, програмистерге тамаша сервистік мүмкіншіліктерді ұсынады.
Турбо Паскаль 6. 0 және 7. 0 интегралдық программалау ортасы келесі қолайлы ерекше мүмкіндіктері бар:
- экранға бірінің үстіне бірі қабатталып ашылатын көптеген терезелерді пайдалану;
- менюді, диалогтық терезелерді, компьютерлік тышқанды қолдануы;
- көпфайлды редактор (көлемі 1 байтқа дейін болатын файлдарды редакциялауға мүмкіншілігі бар) ;
- программаның орындалуын жөнге салуда (түзеуде) кеңейтілген мүмкіншіліктер береді.
Турбо Паскаль пакетінің негізгі файлдары. Егер де Турбо Паскаль программалау жүйесі С: дискісінде С:\BORLAND\BP қондырылса, онда . . . \ВР каталогында Турбо Паскаль программалау ортасының келесі негізгі файлдары орналасқан болады:
TURBO. EXE - интегралдық программалау орта;
TURBO. HLP - жедел жәрдем мәліметтерін сақтайтын файл;
TURBO. TP - жүйенің кофигурациясын сақтайтын файл;
TURBO. TPL - Турбо Паскальдің стандарттық модульдерінің кітапханасы.
Ал C:\BORLAND\BP\BGI каталогында графикалық режимде жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін GRAPH. TPU графикалық процедуралар мен функциялардан тұратын модуль орналасуы тиіс.
Турбо Паскаль интегралдық программалау ортасын іске қосу.
Турбо Паскаль программалау ортасын іске қосу үшін ағымдық каталог Турбо Паскаль болуы керек немесе Turbo. exe командасы берілуі тиіс.
Осы әрекетті орындаған соң экранға бірнеше бөлімнен тұратын Turbo Pascal терезесі шығады (2-сурет) .
2. -сурет. Турбо Паскаль 7. 0 терезесі.
Экранда программалау ортасының негізгі үш компаненті бейнеленеді, олар: меню жолы-экранның жоғарғы жағы; терезе аумағы - экранның ортасы; статусжолы (программаның атқарып жатқан жұмысын көрсететін жол - статус деп аталады) - экранның төменгі жағы.
Меню жолы - менюдің барлық командаларын орындауға мүмкіндік береді. Негізгі жүйелік меню жолын F10 фунционалдық клавишы арқылы іске қосуға болады. Осы негізгі жүйелік менюдің нұсқаулары:
File - фаил нүсқаулары
Edit - Редакциялау нұсқаулары
Search - Іздеу нұсқаулары
Run - Программаны іске қосу
Compiler - Копиляция
Debug - Программаның орындалуын түзеу
Tools - Құралдар
Options - Операциялар
Window - Терезелер
Help - Анықтамалар жүйесі
Экранның төменгі жағында функционалдық клавишалар арқылы орындалатын іс- әрекеттерді көрсететін ескерту жолы орналасқан.
Негізгі менюдің керекті нұсқауын таңдау үшін курсоды басқару клавишалары ( ←, ↑, →, ↓) немесе тышқан арқылы жылжыту, ал нұсқаудың орындалуы үшін Enter клавишасын басу керек.
Егер де меню нұсқауларының жазылуы ( . . . ) символдарымен аяқталса, онда бұл нұсқаудың таңдалуы диалогтық терезенің шақыруына әкеледі. Егер де нұсқаудың жазылуы (► ) символымен аяқталса, онда төмен деңгейдегі келесі меню ашылады. Ал нұсқаудың жазылуында ( . . . ) немесе (► ) символдары пайдаланбаса, онда осы нұсқауға сәйкес бір әрекет орындалады.
Ал орындалып жатқан әрекетті тоқтату үшін Ctrl+Break клавишаларын бір мезгілде басу керек.
Турбо Паскаль программалау ортасында көрініп, орындап отырғаныңыздың бәрі де терезе аумағында орындалады десек те болады. Терезе деп - жылжытуға, мөлшерін өзгертуге, жабуға, ашуға болатын экранның жұмыс атқару аумағын атайды. Бұл орта көптеген терезелерді ашып жұмыс атқаруға мүмкіндік береді, бірақ әр мезгілде тек қана бір тереземен жұмыс істеуге болады - оны ағымдық деп атаймыз. Терезелердің бірнеше түрлері болады да олардың көпшілігі келесі элементтерден тұрады:
- жабу батырмасы;
- скролинг жолы;
- масштаб батырмасы;
- терезе нөмірі;
- терезенің мөлшерін өзгертетін бұрыш.
Бұл элементтердің терезеде орналасуын 2-суреттен көруге болады. Ағымдық терезенің нышандары: қас сызықпен қоршалған, әрқашанда жабу батырмасы, масштаб батырмасы және терезенің мөлшерін өзгертетін бұрышы бар болады.
1-кесте Жалпы “ыстық” клавишалар
Статус жолында клавишалардың негізгі қисындасуы көрсетіледі және де статус долы келесі функцияларды орындайды:
- әрекеттің ең тиімді орындалу жолын көрсетеді;
- қандай функция орындалып жатқаны туралы мәліметтерді көрсетеді, мысалы, егер де файлды компьютер жадында сақтау орындалып жатса статусжолында келесі информация оқуға болады: “Saving filename…”;
- таңдалған команда немесе диалогтық терезе элементтері бойынша қысқаша нұқаулар береді;
- ағымдық терезеде, осы мезгілде рұқсат етілген “ыстық” клавишалар туралы мәліметтер беріледі.
Паскаль тіліндегі программаны теру және оны редакциалау.
Программаны теріп оны редакциялауды Турбо Паскаль- программалау ортасындағы текстік редактор атты құрал арқылы орындауға болады.
Жаңа программаны жазу үшін File New командаларын орындау керек, содан соң осы программаны жазу үшін жаңа терезе ашылады. Терезенің жоғарғы жағында файлдың аты жазылуы тиіс, бірақта сіз файлыңызға ерекше атау бермегенше, оның аты - NONAME00. PAS - деп аталады (қазақшаға аударғанда - ауыстырыңыз) .
2-кесте. Меню командаларына қатынас жоқ
клавишалардыңарнайы қисындасуы
Программаның текстін терген кезде әр 10-20 минуттан кейін терілген программаны жадыда сақтап отыруды ұмытпаған жөн, өйткені әртүрлі ыңғайсыз жағдайлар тууы мүмкін.
Енді осы текстік редактордың жүйелі менюінің негізгі нұсқауларының орындалуын қарастырайық.
Егер Edit командасының менюін ашып қарасақ, онда 3-суретте көрсетілген функциялардың тізімін көруге болады.
3-сурет Edit командасының менюі
Edit менюінің нұсқауларын орындау алдында редакциялауға арналған текст таңдалып, ол текст көзге түсерлік болып белгіленуі тиіс (жоғарыда аталған амалдардың бірімен) .
Бұл тізімде көрсетілген нұсқаулар аса көп те емес және келесі функциялардан тұрады:
- aлдыңғы орындалған әрекетті жою(Undo),
- aлдыңғы орындалған әрекетті қайта тұрғызу(Redo),
- жойылған информацияны буферге орналастыру(Cut),
- белгіленген информацияның көшірмесін буферге сақтау(Copy),
- буфердегі информацияны экранда курсормен белгіленген орынға қою(Paste),
- белгіленген информацияны жою(Clear) .
Функциялдың оң жағында осы функциялармен байланысты клавишалар немесе олардың қисындасуы көрсетіледі.
Егер кезінде алдыңғы орындалған әрекеттерді қайтару керек болса, онда F10 клавишын, содан соң E (Edit) клавишын, содан соң U (Undo) клавишын басу (немесе Alt+ Backspace) керек.
Соңғы Show clipboard функциясы буферде қандай информация бар екнін қарап шығуға мүмкіншілік береді.
Турбо Паскальдағы текстік редакторының негізгі мүмкіншіліктері клавиатураны және арнаулы клавишалардың қисындасуын пайдаланумен байланысты, сондықтан қисындасулардың тізімін қарастырайық.
3-кесте Редакциялауда пайдаланатын “ыстық” клавишалар
Редакциялаумен байланысты болатын негізгі жүйелі Менюдің келесі пункті - ол Search (іздеу) нұсқауы.
4-сурет Search нұсқауының менюі
Search нұсқауы бойынша орындалатын іс- әрекеттер:
Find - Іздеу
Replace - Алмастыру
Search again - Қайта іздемтіру
Go to line number - Бнлгіленген нөмірге көшу
Show last compiler - Соңғы компиляцияның қателерін көрсету
error
Find error - Қатені іздеу
Find procedure - Процедураны іздеу
Іздеу процедурасын орындау үшін алдымен ізделінетін текстің үзіндісін белгілеп алу керек (оны іздеу “үлгісі” дейді) . Содан кейін бұлүлгіні Find немесе Find/Replace нұсқауларын пайдалануға болады.
Өте маңызды жай: Tab және Tab+ Shift клавишалары диалогтық терезе бойынша циклдік жылжуды (ілгері қарай - кейін қарай) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер де Replace диалогтық терезесі ашық болса, алдыменен іздеу үлгісін енгізіңіз, сонан соң Enter клавишасын баспай- ақ, тек Tab клавишасын басып отырып іздеуді орындауға болады.
Run (іске қосу) менюі. Бұл меню нұсқаулары программаны іске қосу әрекетін және программаның “орындалуын түзеу” режиміне қосуға немесе бұл режимнен шығуға пайдаланады.
Run нұсқауы (немесе Ctrl+ F2) программаны іске қосу үшін пайдаланады.
Program reset (Ctrl+ F2) нұсқауы ағымдық программаның жөнге салуын тоқтатып, компьютер жадын сіздің программаңыздан босатып, барлық ашылған файлдарды жабады.
Go to cursor (немесе F4) нұсқауы ағымдық терезедегі программаның курсормен белгіленген позициясына дейін орындалуында пайдаланады.
Trace into (немесе F7) нұсқауы программаңыздың әр қадамы бойынша орындалуын көріп, тексеріп отыруға пайдаланады. Егер де программаның орындалуы процедура шақырылуына келіп тірелсе, онда процедураның да әр қадамының бөлек - бөлек орындалуын көруге болады.
Step over (немесе F8) нұсқау программаңыздың әр қадамының орындалуын көрсетеді, бірақ процедураларға кірмейді, яғни процедураны бір қадам деп санайды.
Программаны компиляциялау және компиляция қателерін іздеу, оларды жою.
Программаны теріп болғаннан кейін оны дискіге жазу керек, содан соң компиляцияға кірісуге болады. Компиляцияны орындау үшін: File→ Compile немесе Alt+ F9 клавишаларын басу керек.
Сонымен қатар компиляция кезінде программадағы қателер туралы хабарламалар береді. Хабарлама терезенің жоғарғы жағында қызыл түспен белгіленіп, қатенің коды беріледі, ал курсор болса программада бірінші қате табылған жерді көрсетіп отырады. Ал егер программа дұрыс терілген болса, экранға копиляция ойдағыдай аяқталды деген хабарлама беріледі (5-сурет) .
Хабарламада аталған қателерді жою үшін олардың ситаксисін (дұрыс жазылуын) анықтама жүйесінен көруге болады.
5-сурет Компиляция нәтижесі туралы хабарлама
Турбо Паскаль программалау ортасының анықтама жүйесін пайдалану үшін F1 функционалдық клавишын, не болмаса бұл жүйенің толық түрін File→ Help нұсқаулар арқылы шақыруға болады.
“Compile successful” деген хабарламаға жауап - “кез - келген клавишаны” - басуды білдіреді.
Егер де программаны атқарушы файл (кеңейтілуі . exe болса) ретінде магниттік дискіге жазу керек болса, онда Негізгі менюде Compile нұсқауының Destination (тағайындалған жер) опциясын таңдаңыз. Және де, егер Destination опциясын оң жағында 6 - суретте көрсетілгендей Memory (жады) сөзі көрініп тұрса (ол орындалатын программаның жадыда сақталатындығының белгісі), онда Enter клавишасын басыңыз (сонымен тағайындалған жер озгеріп, Disk - болады) .
6-сурет. Compile менюінің пунктері (Destination опциясы Memory қалпында)
Сонан соң Compile нұсқауының менюінде Make (жинақтау) опциясын таңдап, немесе F9 клавишын басу керек. Бүл әрекеттер дискіде . exe файлы жасалуына әкеледі.
Егер де Destination опциясы Disk көрсетіп тұрса (ол орындалатын программаның жадыға . exe - файл түрінде жазылатынының белгісі), онда менюдің осы пунктінің Make (жинақтау) опциясына өтіңіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz