Қазақ зиялыларының көзқарасына қатысты құжаттар



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.4

І.Тарау. Қазақ зиялылары қызметін зерттеудегі Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары дерек көзі ретінде. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.20

ІІ.Тарау. Қазақ зиялыларының көзқарасына қатысты құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.44
ІІІ.Тарау. Қазақ зиялыларының басапасөздегі мақалаларының деректік құндылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45.51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53.55
Кіріспе
Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады.
Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ. халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу еліміз тарихын оқып - үйренудің шешуші шарттарының бірі.
Деректану, тарихнамамен қатар, келешек тарихшы мамандардың теориялық - методологиялық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының өзіндік ерекшелігінен туындайды: тарих объектісі — "қоғамның өткенін" — тарихшы тікелей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымынын тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректерді сыни талдау арқылы ғана зерттей алады. Тарихи деректерді сын елегінен ғылыми негізде өткізудің қажеттігі мен маңызы туралы белгілі орыс ғалымы Лев Гумилев: "Оларға тарихи сын әдістерін қолданбай деректерді оқу ешқандай мән-мағына бермейді" - деп, жазды /1/.
Сол деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кәсіпқой тарихшыларды үйрететін ғылым - деректану ғылымы.
Сондықтанда менің диплом жұмысымның негізгі обьекті ретінде алынған және деректану ғылымына тиісті болған проблемалардың бірі Халық Ағарту Комиссариатының тиісті құжаттары.
Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы тарихын зерттеу деректерді талдау жұмысын қажет етеді. Тарих ғылымында әр уақыттың, әр кезеңнің өзіндік құндылығы бар. Әсіресе, Кеңес өкіметімен бірге Қазақстанда жаңадан дүниеге келген мемлекеттік мекемелердің алғашқы жиырма жылдағы өсіп-өркендеуін терең деректанулық талдау жасау арқылы көрсетуге болады. Кеңес өкіметінің кұрылуымен катар жаңа мемлекеттік мекеме жүйесі де қалыптаса бастады. 1920 жылғы қазан айында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Құрылтай съезінің шешімінің негізінде республика территориясында мәдени құрылысты басқарушы біріккен орталық орган құрылды. Ол - Халық Ағарту Комиссариаты (бұдан былай ХАК) еді. ХАК-ы республикадағы мәдени кұрылыстың барлық салаларымен айналысатын орталық мемлекеттік мекеме. /2/. Комиссариаттың мемлекеттік мекеме ретінде қалыптасуы және 1920-1936 жылдардағы қызметі Ш.Тәукебаева еңбегінде терең талдауға алынған /3/.
Дипломдық жұмысты зерттеудегі біздің негізгі мақсатымыз — осы аталған мекемеге қатысты зиялылардың қызметін баяндауда құжат деректік материалдарды көрсету. Мәселен, сол тарихи кезендегі азаттық қозғалыстың басшыларының бірі А. Байтұрсынов жаңа кұрылған Комиссариаттың тұңғыш басшысы болды, соған байланысты бұл мекеменің қызметінің бағыттары мен мазмұнын айкындауда оның ролі зор еді. Міне, осы мазмұндағы тұжырымды А. Кенжин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жолдыбаев, К. Тоқтыбаев және басқа осы уақытқа дейін мемлекеттік және қоғамдық қызметтері зерттеушілер назарынан тыс қалып келген алаш және кеңестік зиялылар жөнінде айтуға болады.
Кеңес өкіметі алғашқы жылдарындағы мекемелер жаңадан ашылғандықтан нормативті және басқарушы құжаттар саны өте көп болды. Коммунистік партия алғашқы жылдарда бірден орталықтандырылған толыққанды үкімет жүйесін құрып кете алмағандығын ағарту мекемелерінің құжаттарынан көреміз. Шын мәнінде, Комиссариаттың практикалық қызметі, тек 1921 жылдың қаңтарынан бастап қана жүзеге асты. 1921 жылдың шілдесіне дейін барлық губерниялық және уездік халық ағарту бөлімдерінің толық бағынуы және басшылықтың орталықтандырылуы жүргізілмеген еді /4/. Жылдар бойы тоталитарлық жүйе орнығып келген кеңес тарихын зерттеушіге деректердің толықтығы мен көптүрлілігін көрсету міндет. Құжаттарды талдау барысында оның ауқымының өте кең екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан жұмыс барысында құжаттарды мазмұн жағынан түрге бөлу принципі негізге алынды. Бұл принцип кеңес тарихшылары арасында 1930 жылдарда-ақ орнықты қолға алынды және соңынан М.Н.Тихомировтың КСРО тарихынан деректану оқулығында жан-жақты баяндалды. Нормативті және басқарушы құжаттар жайлы академик И.Д.Ковальченко былай деді: "Басқарушы құжаттар ұйымдастырушылық негізінде жатқан, басқару қызметтін жүзеге асыру үшін жасалады. Оған шешімдер, қарарлар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, үкімдер жатады. Басқарушы құжаттарда мекеменің, ұйымның қызметінің тек қана бастапқы қалыбы емес, оның жүзеге асуындағы белгілі шаралар көрініс табады. Ұйымдастырушы-басқарушы құжаттарындағы ерекше көптүрлілікті хаттамалар, Коллегияның және коллективті ұйымның мәжілістерінің стенографиясы құрайды. Хаттамалар мен стенографиялар — мәселенің талқылануының және шешілуінің өнделген жобасы" /5/. Барлық басқарушы шешім әрқашан қаралып отырған мәселемен және объектпен қаралады. Объектілікпен, ақиқаттылықтан, оперативтіліктен және ақпарат толықтығынан қабылданған шешімнің дұрыстығы, нақтылығы көрінеді. Ақпаратты көрсетуші (фактінің көріну нәтижесі объективті шындықтың және адамның ойлау қызметінің құбылысы) құжат болып табылады /6/ Мемлекеттік мекеме жүйесінде қордаланған басқарушы құжаттардың тасқыны көп болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты құжаттарды талдау жұмысы қолданылған принцип нәтижесінде объективтілікті көрсетеді.
Қазіргі Ресей тарихшылары посткеңестік деректану ғылымында позитивисттік ағым орын алғанын айта келіп, деректану ғылымында жаңа әдіс ұсынды. Жаңа әдіс бойынша тарихи деректі мақсатқа ұмтылған адам қызметі, мәдениет құбылысы ретінде, адам қызметі процесінде құрылған мәдени шығарма ретінде қарау ұсынылды. Бұл әдісті басшылыққа ала отырып, диплом жұмысында 1920-36 жылдардағы қазақ зиялыларының ағарту саласындағы қызметін қоғам өмірімен, әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра отырып зерттеуді мақсат етіп қойдым.


Дипломдық жұмысты зерттеудегі біздің негізгі міндеттері.
Басқару құжаттары мекеменің қызметінің барысын және құрылымының мазмұнын көрсету. Комиссариат жұмысында кездескен ең көп түрлері үкімдер, мәжіліс хаттамалары, мұғалімдер және партия-кеңес сьездерінің материалдарын талдау болып табылады.
ХКК-і мен Қазақ АКСР Орталық Комитетінің қаулыларын қарау барысында қазақ зиялы қауымының білім беру саласындағы, мектеп ісіндегі, оқулықтар шығару мәселесіндегі еңбегі баяндалады. Қаулыларда көрсетілген материалдарды зерттеу одардың мазмұнын, ұқсас құжаттар құрылымында зандық актілердің маңыздылығын анықгап, терең зерттеулерге жол ашады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1.Гумилев.Л.Н. Древние тюрки.М.1993.с.86.
2.Таукебаева Ш. Становление государственных учреждений Казахстана по образованию, культуре и науке (1917-1936 гг.):
Алматы.- 1999.-30с.
3. Сонда.
4.Ә.Бөкейханов. Таңдамалы.А.2004.
5. Источниковедение истории СССР. Под редакцией И.Д.Ковальченко.- Москва:«Высшая школа», 1981.- 496 с; Ковальченко И.Д. Исторический источник и историческое познание (методические аспекты).- Томск: Издательство Томского Университета,1973.- 208 с.
6.Доқументы и делопроизводство. Справочное пособие.- Москва :Экономика, 1991. с.3-4.
7.Тастанов Ш.Ю. Казахская советская интеллигенция.- Алма-Ата: Наука, 1982.-С. 62.
8.Меметов В.С., Данияев А.А. О месте и роли интеллигенции в политической истории общества //Интеллигенция в политической истории XX века/Сб. науч.тр.-Ивановский Государственный Университет, 1993. С. 3.
9.Тастанов Ш.Ю., Сулейменов Р.Б. Интеллигенция и перестройка // Известия АН КазССР.- 1990.- №4.-с. 3-15.
10.Сапаргалиев Г. Советское государство в борьбе за развитие
социалистической культуры в Казахстане.-Алма-Ата: Издательство Академии Наук КазССР, 1957. - 142 с
11.Чокаев М. Туркестан под властью Советов. - Алма-Ата: Ғылым,
1993. - 79 с.
12. Козыбаев М. Историография Казахстана: уроки истории.- Алма-Ата: "Рауан", 1990. с. 57.
13.Жаманбаев К. Высшая школа в Казахстане.- Алма-Ата: «Казахстан», 1972. -184 с.
14. Омарбеков Т. Мәдени құрылыс тарихы: тапшыл көзқарас сабақтары // Ақиқат.-1996.-№3.-29-32-Б.; Омарбеков Т. Сауатсыздықты жою: науканшылдық және оның салдарлары //Ақикат.- 1996.-№2.-3,0-35-Б.
15.Сулейменов Р.Б. Выступления участников юбилейной сессии общего собрания АН КазССР//Вестник АН КазССР.-1989.- №8.-С.34-38.; Сулейменов Р.Б. Историография культурной революции.//Историческая наука Советского Казахстана./Сб.науч.тр.-Алма-Ата:Гылым,1990.-206с.
16.Сулейменов Р.Б. Великий Октябрь и культурные преобразования Казахстане.- Алма-Ата: Наука КазССР, 1987.- 86 с.-С. 53.
17. Әбжанов Х.М., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы.- Алматы: Респ. мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру. институты, 1992.-127 б.
18. Қойгелдиев М. Қазақстандағы 20-30 жылдардағы репрессиялаусаясаты және қазақ зиялыларының тағдыры. //Ураз Джандосов- выдающийся государственный деятель и просветитель./Материалы научной конференции.- Алматы,1999. С20-23.
19.Омарбеков Т. Сауатсыздықты жою: науқаншылдық және оның салдарлары.//Ақиқат.-1996.- №2.-30-35-Б.
20. Сулейменов Р.Б. Историография.культурной революции// Историческая наука Советского Казахстана / Сб. науч. тр. Алма- Ата: Гылым, 1990.-С. 209.
21.Годы работы в Казпедвуз. Ташкент.1928г.
22. Әбжанов X. Мәдени құрылыстың ақтандақгары // Қазақ тарихы.- 1993.- 47-50-Б.
23. Белышев И.С., Кузьмичев А.С. Формирование интеллигенции в вузах и техникумах в 1917-1928 годах // Интеллигенция в политической истории XX века / Сб. науч. тр. — Иваново, 1993.-102 с- С. 42.
24.Сулейменов Р., Бисенов X. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов.-Алма-Ата: «Наука«,1967.-422с.
25.Әбжанов X. Мәдени құрылыстың ақтандақгары // Қазақ тарихы.- 1993. 52Б.
26. Культурное строительство в Казахстане. 1933-июнь 1941 г.Сборник доқументов и материалов.- Алма-Ата: Казахстан, 1985.- 283 с.
27.Асанова С.А. К вопросу о понятии "национальная интеллигенция" //Вопросы истории, историографии и источниковедения Казахстана / Сб. статей молодых ученых. Выпуск ІУ.-,Алматы, 1993. -С. 11-12.
28.Сулейменов Р. Выступления участников юбилейной сессии общего собрания АН КазССР // Вестник АН КазССР.- 1989.-№8-34-38-Б.
29.Таукебаева Ш. Қазақстандағы халық ағарту ісі мекемелерінің қызметі (1920-1930жж.)//Ақиқат.-1998.- №6. 86 -87-Б.
30. Сулейменов Р. Т. Жургенев.-Алма-Ата: «Казахстан», 1968.-104 с.
31.Нүрпейісов К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында)
// Столичное обозрение.- 1998.- №7.
32. Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?-Алматы: Ана тілі, 1993.- 208 б.
33.Первый Казахский университет в Ташкенте. Сборник материалов и документов. Ташкент.2005.С.68.
34.Сонда.
35.Панфилова А.М. Советская периодическая печать как исторический источник. М.,- «Высшая школа», 1970-326с- С.2
Омарбеков Т. Мәдени құрылыс тарихы: тапшыл көзқарас сабақтары //Ақиқат-19986.-№3. -б.29-32., Сауатсыздықты жою: науқаншылдық және оның салдары // Ақиқат.-1996 №2.б.-30-35
36.Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993.-208 б.
37.Мендешов С. Состояние и задачи подготовки национальных кадров.// Народное хозяйство Казахстана -1933-№3 С.-41-46
38.Сулейменов Р.Б. Историография культурной революции // Историческая наука Советского Казахстана /Сб.науч.труд. Алматы:Ғылым,1990.-С.209
39.Нүрпейісов К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында) //Столичное обозрение - 1998. - №7
40.Т.Омарбеков. Ш.Омарбеков Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. А. 2004ж. 179б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-4

І-Тарау. Қазақ зиялылары қызметін зерттеудегі Халық Ағарту
Комиссариатының құжаттары дерек көзі ретінде.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5-20

ІІ-Тарау. Қазақ зиялыларының көзқарасына қатысты
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-44

ІІІ-Тарау. Қазақ зиялыларының басапасөздегі мақалаларының деректік
құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..45-51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 53-55

Кіріспе
Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену келешек кәсіби
тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады.
Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ. халқының тарихы да өзінің тума төл
деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу
еліміз тарихын оқып - үйренудің шешуші шарттарының бірі.
Деректану, тарихнамамен қатар, келешек тарихшы мамандардың теориялық -
методологиялық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер
санатына қосылады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының
өзіндік ерекшелігінен туындайды: тарих объектісі — "қоғамның өткенін" —
тарихшы тікелей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымынын тікелей зерттеу
объектісі болып табылатын тарихи деректерді сыни талдау арқылы ғана зерттей
алады. Тарихи деректерді сын елегінен ғылыми негізде өткізудің қажеттігі
мен маңызы туралы белгілі орыс ғалымы Лев Гумилев: "Оларға тарихи сын
әдістерін қолданбай деректерді оқу ешқандай мән-мағына бермейді" - деп,
жазды 1.
Сол деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кәсіпқой тарихшыларды
үйрететін ғылым - деректану ғылымы.
Сондықтанда менің диплом жұмысымның негізгі обьекті ретінде алынған
және деректану ғылымына тиісті болған проблемалардың бірі Халық Ағарту
Комиссариатының тиісті құжаттары.
Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы тарихын зерттеу деректерді талдау
жұмысын қажет етеді. Тарих ғылымында әр уақыттың, әр кезеңнің өзіндік
құндылығы бар. Әсіресе, Кеңес өкіметімен бірге Қазақстанда жаңадан дүниеге
келген мемлекеттік мекемелердің алғашқы жиырма жылдағы өсіп-өркендеуін
терең деректанулық талдау жасау арқылы көрсетуге болады. Кеңес өкіметінің
кұрылуымен катар жаңа мемлекеттік мекеме жүйесі де қалыптаса бастады. 1920
жылғы қазан айында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Құрылтай
съезінің шешімінің негізінде республика территориясында мәдени құрылысты
басқарушы біріккен орталық орган құрылды. Ол - Халық Ағарту Комиссариаты
(бұдан былай ХАК) еді. ХАК-ы республикадағы мәдени кұрылыстың барлық
салаларымен айналысатын орталық мемлекеттік мекеме. 2. Комиссариаттың
мемлекеттік мекеме ретінде қалыптасуы және 1920-1936 жылдардағы қызметі
Ш.Тәукебаева еңбегінде терең талдауға алынған 3.
Дипломдық жұмысты зерттеудегі біздің негізгі мақсатымыз — осы аталған
мекемеге қатысты зиялылардың қызметін баяндауда құжат деректік
материалдарды көрсету. Мәселен, сол тарихи кезендегі азаттық қозғалыстың
басшыларының бірі А. Байтұрсынов жаңа кұрылған Комиссариаттың тұңғыш
басшысы болды, соған байланысты бұл мекеменің қызметінің бағыттары мен
мазмұнын айкындауда оның ролі зор еді. Міне, осы мазмұндағы тұжырымды А.
Кенжин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жолдыбаев, К. Тоқтыбаев және басқа осы
уақытқа дейін мемлекеттік және қоғамдық қызметтері зерттеушілер назарынан
тыс қалып келген алаш және кеңестік зиялылар жөнінде айтуға болады.
Кеңес өкіметі алғашқы жылдарындағы мекемелер жаңадан ашылғандықтан
нормативті және басқарушы құжаттар саны өте көп болды. Коммунистік партия
алғашқы жылдарда бірден орталықтандырылған толыққанды үкімет жүйесін құрып
кете алмағандығын ағарту мекемелерінің құжаттарынан көреміз. Шын мәнінде,
Комиссариаттың практикалық қызметі, тек 1921 жылдың қаңтарынан бастап қана
жүзеге асты. 1921 жылдың шілдесіне дейін барлық губерниялық және уездік
халық ағарту бөлімдерінің толық бағынуы және басшылықтың орталықтандырылуы
жүргізілмеген еді 4. Жылдар бойы тоталитарлық жүйе орнығып келген кеңес
тарихын зерттеушіге деректердің толықтығы мен көптүрлілігін көрсету міндет.
Құжаттарды талдау барысында оның ауқымының өте кең екендігіне көз
жеткіздік. Сондықтан жұмыс барысында құжаттарды мазмұн жағынан түрге бөлу
принципі негізге алынды. Бұл принцип кеңес тарихшылары арасында 1930
жылдарда-ақ орнықты қолға алынды және соңынан М.Н.Тихомировтың КСРО
тарихынан деректану оқулығында жан-жақты баяндалды. Нормативті және
басқарушы құжаттар жайлы академик И.Д.Ковальченко былай деді: "Басқарушы
құжаттар ұйымдастырушылық негізінде жатқан, басқару қызметтін жүзеге асыру
үшін жасалады. Оған шешімдер, қарарлар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер,
үкімдер жатады. Басқарушы құжаттарда мекеменің, ұйымның қызметінің тек қана
бастапқы қалыбы емес, оның жүзеге асуындағы белгілі шаралар көрініс табады.
Ұйымдастырушы-басқарушы құжаттарындағы ерекше көптүрлілікті хаттамалар,
Коллегияның және коллективті ұйымның мәжілістерінің стенографиясы құрайды.
Хаттамалар мен стенографиялар — мәселенің талқылануының және шешілуінің
өнделген жобасы" 5. Барлық басқарушы шешім әрқашан қаралып отырған
мәселемен және объектпен қаралады. Объектілікпен, ақиқаттылықтан,
оперативтіліктен және ақпарат толықтығынан қабылданған шешімнің дұрыстығы,
нақтылығы көрінеді. Ақпаратты көрсетуші (фактінің көріну нәтижесі
объективті шындықтың және адамның ойлау қызметінің құбылысы) құжат болып
табылады 6 Мемлекеттік мекеме жүйесінде қордаланған басқарушы құжаттардың
тасқыны көп болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты құжаттарды
талдау жұмысы қолданылған принцип нәтижесінде объективтілікті көрсетеді.
Қазіргі Ресей тарихшылары посткеңестік деректану ғылымында позитивисттік
ағым орын алғанын айта келіп, деректану ғылымында жаңа әдіс ұсынды. Жаңа
әдіс бойынша тарихи деректі мақсатқа ұмтылған адам қызметі, мәдениет
құбылысы ретінде, адам қызметі процесінде құрылған мәдени шығарма ретінде
қарау ұсынылды. Бұл әдісті басшылыққа ала отырып, диплом жұмысында 1920-36
жылдардағы қазақ зиялыларының ағарту саласындағы қызметін қоғам өмірімен,
әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра отырып зерттеуді мақсат етіп қойдым.

Дипломдық жұмысты зерттеудегі біздің негізгі міндеттері.
Басқару құжаттары мекеменің қызметінің барысын және құрылымының мазмұнын
көрсету. Комиссариат жұмысында кездескен ең көп түрлері үкімдер, мәжіліс
хаттамалары, мұғалімдер және партия-кеңес сьездерінің материалдарын талдау
болып табылады.
ХКК-і мен Қазақ АКСР Орталық Комитетінің қаулыларын қарау барысында
қазақ зиялы қауымының білім беру саласындағы, мектеп ісіндегі, оқулықтар
шығару мәселесіндегі еңбегі баяндалады. Қаулыларда көрсетілген
материалдарды зерттеу одардың мазмұнын, ұқсас құжаттар құрылымында зандық
актілердің маңыздылығын анықгап, терең зерттеулерге жол ашады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және
қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І-Тарау. Қазақ зиялылары қызметін зерттеудегі Халық Ағарту Комиссариатының
құжаттары дерек көзі ретінде.

Алаш қайраткерлерінің Кеңес өкіметі жағына шығуы 1920 жылы қазан
айында Қазақ АКСР-інің құрылуымен қатар ХАК-ының қызметінің басталуына
септігін тигізді. Зиялылардың Кеңес өкіметі жағына шығуына большевиктердің
өз мүдделілігі болғанын, Қазақ ревкомының 1920 жылғы 27 қаңтардағы
хабарламасынан көруге болады: "Кеңес өкіметінің құрылысы мен қалыптасуы
үшін Қазақ өлкесінде зиялылардың мөлшері көп болуы қажет. Сондықтан әскери
ревком барлық зиялы қауым күшін жұмысқа тартуды қажет деп санайды" 7. ХКК-
інің төрағасы В.И.Ленин де зиялы қауымды қоғамға тартудың қажеттілігі
туралы айтты. Ол пролетариаттық мәдениетті өткен ұрпақпен жасалғанды
лақтырып, бос жерде құруға болмайтынын баса айта келіп, пролетарлық
табынушылыққа қарсы шықты
Ресейлік тарихшылар пікірінше: "Марксизмнің дағдарысы қоғамның бастаушы
тобы пролетариат болуында"8. Осы жерде жалпы интеллигенция деген сөзге
тоқталып өтелік. Бұрынғы кеңестік мемлекеттерде "интеллигенция" термині
қолданылып келді. Ресей тарихшылары осы мәселе төңірегінде көптеген қызу
пікірталастар өткізуде. "Интеллигенция" деген термин латыншадан аударғанда
- түсіну, білу деген мағынаны білдіреді. Кеңес өкіметі кезінде зиялыларды
тапқа жатқызбай, әлеуметтік топ деп атады. Зиялы қауым өкілдері тек ой
еңбегімен айналысатын ғана емес, рухани жағынан толыққан адамдарды айта
аламыз. Біз 1920- жылдар тарихында орны бар, қазақтың зиялыларының қызметін
еңбегімізде көрсетпекпіз. Кеңестік әдебиеттерде Қазақстан зиялылар тобы
Кеңес өкіметі тұсында қалыптасты деген пікір орын алып келді. Ал шындығында
кеңестік қазақ зиялыларының қалыптасуына зор үлес косып, оларды даярлаған
алаштық азаматтар еді. Олардың дені Комиссариатта қызмет етуімен қатар,
ағарту жүйесінің толық жұмысын құрып, халықты сауаттандыру ісінің
жандануына жол ашты. Бұл мәселені большевиктер де мойындаған еді. Қазақстан
Өлкелік Комитетінің хатшысы Ф.И.Голощекин кеңестік қудалауды бастаушы
көрсеткеніндей, басты мәдени жұмыстың салаларында, идеологиялық әсер және
басшылық жөніндегі мәселе шешілетін орында алашордалық зиялылардың қызмет
етуі кеңес өкіметі тарапынан үлкен қателік еді.
Кеңестік өкімет құжаттарының сарапталу кезеңін екіге бөлуге болады.
Бірінші кезең-қазақ зиялыларының, яғни Алаш партиясының лидерлерінің,
ағарту мекемелерінде қызмет еткен тұсындағы құжаттар. Олар
объективтілігімен көзге түседі. Жалпы кезеңді қарай отырып, бүкіл Қазақстан
халық ағарту саласы осы жылдар нәтижесінен, қазақ зиялыларының ерен
еңбегінің арқасында дами алды деген пікірге келдік. Екінші кезең - алаш
қайраткерлерінің репрессияға ұшырап, оқу-ағарту саласынан біржола
ығыстырылғаннан кейінгі кезең. Алайда, құжаттар орталыкқа бағынған
Комиссариаттың бюрократиялық жүйесі қалыптасқанын көрсетсе де, деректерде
халық ағарту ісін сол даму дәрежесінде қалдырмай, әрі қарай алып кеткен
екінші топ — кеңестік зиялы қауым қызметі де маңызды. Бұл кезеңде де ХАК-і
қазақ зиялыларының ерекше топтасқан мекемесі ретінде үлкен роль атқара
берді.
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев және
басқа қызметкерлер мәдениеттің дамуына зор үлестерін қосты 9. Қазіргі
тарихшылар арасында Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы басқару
жұмыстарына тартылған зиялылар туралы көптеген пікірлер бар. "1920
жылдардың ортасына дейін, -деп көрсетті Х.М.Әбжанов,- ескі зиялы қауым
өкілдері ұйымдастыру қызметіне белсене араласты. Сол кездегі Кеңес
өкіметінің практикасы мен саясаты халықтың қайта өрлеуі мен оның мақсатқа
ұмтылуына сай келгендіктен, бұл зиялы қауымның прогрессивті бөлігіне әсер
етпей қоймады"10. Ш.Тастановтың айтуынша, алаш зиялылары большевиктерге
интеллектуальды вакуумды толтыру үшін керек болды 11. Ұлттық зиялылардың
Кеңес өкіметі жағына шығуы Қазақстандағы мәдени құрылыстың қарқыны мен
көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді 12. Көрнекті тарихшы К.Нүрпейісұлы
мәселені былай көрсетті: "Жиырмасыншы жылдардың басында ұлттық
демократиялық интеллигенцияның жекелеген белгілі қайраткерлері Қазақстан
мен Түркістан АКСР-нің мемлекеттік баскару жүйесінде жауапты қызметтер
атқарды. Мәселен, А.Байтұрсынов Қазақ АКСР-нің Халық Ағарту Комиссары
болса,, М.О.Әуезов Республиканың Орталық Атқару Комитетінде жауапты
жұмыста болды. Алаш қозғалысының бұрынғы белсенділерінің айтарлықтай тобы
ҚазАКСР мен Түркістан АКСР-інің республикалық, губерниялық және уездік
деңгейлерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықплымен Алаш
Қозғалысының мүшелері баспасөз, оқу-ағарту, ғылым, өнер жүйелерінде
жетекшілік етуге тиісті орындарда шешуші буындарды басқарды."
Көріп отырғанымыздай, Алаш қайраткерлерінің Кеңес өкіметінің ағарту
жүйесіне тартылуы большевиктердің мәдени саладағы реформаларын орындау үшін
керек болды.
Жалпы ағарту мәселесіне байланысты алғашқы өкімет кұжаты ретінде 1920
жылғы 26 тамыздағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті және РСФСР ХКК-нің
В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған "Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік
Республикасын құру туралы" декретін алуға болады. Қазақстан Кеңесі Құрылтай
съезі кабылдаған ҚазАКСР еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияда халыққа
білім беру туралы мәселе де қаралды. "Еңбекшілердің білімге жол ашу
мақсатында - делінген онда, - жұмысшыларға, кедей шаруаларға, барлық
еңбекші қазақ халқының бәріне толық жан-жақты және ақысыз білім алу
мүмкіндігін беруді, біруақытта халықтың сауатсыздығын жоюға қадам басуды,
өсіп келе жатқан ұрпакқа жан-жақты физикалық және рухани дамумен қамтамасыз
етуді міндет етіп қою керек" 13. Құжаттар туралы айтқанда, олардың
құрамының әртүрлілігіне көзіміз жетеді. Біріншіден, Ресей ХАК-ынан түскен
қаулылар, екіншіден, Қазақстан ХКК-і мен Қазақ Орталық Атқару Комитеті
қаулылары, үшіншіден, әрине, ХАК-ының өз қаулылары. Қаулылар таза ресми
құжаттар болғандықтан, саны көп емес, халық ағарту ісінің барлық жұмысының
мәселелерін ашып бере алмайды, бірақ олардың мазмұнын, оқу ағарту
саласындағы өзгерістерді және бұндай заң актілерінің шығу себептерін
анықтау белгілі бір дәрежеде қоғам өмірін көрсетіп тұрады. Бұл жерде
тоқталатын мәселе, орталықтандырылған жүйе болғандықтан, Қазақ АКСР
мекемелері Ресей ХКК-іне тәуелді болды. Олар өз нұсқауларын беріп отырды.
Дегенменен, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жалпы орталықтандыру жүйесі
болмағандықтан, құрылым әлсіз болған соң, Комиссариат қызметіне тікелей
басшылық жасай алмады.
Комиссариаттың бастапқы құжаттарының бірі ретінде ХКК-інің төрағасы
В.И.Лениннің қосымша істеген жұмыс үшін қызметкерлер мен жұмысшыларға
қосымша ақы беру туралы 1920 жылдың 16 қаңтарындағы құжатын айтуға болады.
Қаулы өкіметтің ағарту қызметкерлерінің жағдайын көтеру үшін жасаған шарасы
еді.
Ал олардың зиялыларға тікелей қатыстысы Бүкілодақтық Орталық Атқару
Комитетінің төрағасы Калинин қол койған 1920 жылғы 10 қазандағы қаулысы.
Онда Халық Ағарту Комиссарының баяндамасымен танысқанын айтты. Сондықтан
БОАК ХАК-ының Коллегиясына Комиссариат бекіткен міндеттер мен жоспарларды
жүзеге асыру үшін кең әкімшілік тәжірибе жинаған адамдарды кіргізу,
Комиссариатқа балалар мен ересектерге сауат үйрету және қажетті оқу
құралдарын шығару, осы мақсатта бірнеше адамдарды басқа жұмыстардан
босатып, тартуды тапсырды.
Сонымең катар, Комиссариаттың барлық тәжірибелі қызметкерлерін басқа,
азаматтық мекемелерден (егер олар онда жауапты қызметкерлер болмаса) ағарту
қызметіне қайтару керектігін көрсетіп өтті. Қаулы қазақ зиялыларының белді-
белді өкілдеріне Комиссариат қызметіне араласуына ашылған даңғыл жол еді.
Шынында да халықтың жартысынан астамы сауатсыз елдегі зиялыларды
буржуазияшыл деп шетке итеру арқылы халықты сауаттандыру мүмкін, емес.
Кеңес белсенділері бұл әрекетке амалсыздан барды. Мұнда ағарту
қызметкерлерін сақтау мақсатында шаралар кабылданды. Кеңестік жұмысшыларды
қамтамасыз ететін Комиссариатка ХАК-ы азық-түлікпен қамтамасыз етуді іске
асыру, олардың нормасын дәрігерлер мен инженерлермен бірдей ету, Азық-түлік
Комиссариатына арнайы киім дайындау үшін мануфактура беру, мұғалім үйлерін
ұйымдастыру тапсырылды 14.Ағарту ісі кеңес өкіметінің кезек күттірмейтін
екпінді жұмыстарының біріне айналды.
Көптеген жағдайларда жобалар жүзеге асырылып отырылған. Мәселен, ХКК-і
қаулысы. Онда мектеп және басқа ағарту мекемелерінің жағдайын жақсарту
шаралары айтылады. Жобаның қаулы болып шыққанын зерттеуші А.И.Сембаевтың
көрсетуінен білеміз. Онда: "аштық басталған соң елдің жаңа экономикалық
саясатқа өтуге байланысты РКП(б) Орталық Комитеті 1921 жылы "ағарту
қызметкерлерінің арасындағы жұмыс туралы" қаулы қабылдады. Бұл құжатта
ағарту қызметкерлерінің одағының жұмысын жақсарту бағдарламасы жасалынады"
деп айтылды.
Қазақ АКСР-і құрылып, оның Комиссариат қызметін бастаған тұсы елдегі 1921-
1922 жылдардағы аштық кезіне тап келді. Сондықтан Комиссариаттың жергілікті
орындармен қатынасы үзіліп, елдегі ағарту жұмысына басшылық ету қиынға соға
бастады.
Азамат соғысы бүкіл Кеңес республикаларын тұралатқаны соншалық, мәдени
құрылыстың кеңейтілген бағдарламасын жаңа экономикалық саясат басталғанға
дейін тоқтатуға тура келді. Финанстық және басқа мүмкіншіліктердің
жетіспеуі онсыз да өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмады. Комиссариат жағдайдан шығу үшін өзінің жергілікті
бөлімдеріне арнап қаулыларын шығарып, оларды аштықка ұшырағандарға көмек
көрсету қызметіне шақырып, Комиссариат жанынан Президиум құрды. Президиумді
Комиссардың -Орынбасары А.Кенжин, әлеуметтік бөлім бастығы Лазовтар
басқарады. 1921 жыл - Комиссариатта әлеуметтік мәселенің (қаражат,
материалдық негізінің) шиеленіскен тұсы. Сол үшін Комиссариаттың жергілікті
комитеттері қызметкерлер арасында еңбек тәртібін көтеру туралы қаулылар
шығарып отырды. 1921 жылы 1 шілдедегі қаулыда Комиссариат Коллегиясы
қызметкерлердің тұрмысын көтеру ісінде барлық қолдан келген шараларды
қолдануды, әйтпесе еңбек тәртібінің төмендейтінін айтты. Әрине, онсыз да
әлеуметтік жағынан қорғалмаған, жалақысы аз ағарту қызметкерлерінің аштық
жылдарында әлеуметтік белсенділігі төмендеп, тоқырай бастады. Әлеуметтік
жағдайлардың күрделенуі тек Қазақстанға тән болмады, бүкіл РСФСР-да
көрінді. Бұл мәселе Кеңес республикаларының толық орнап, аяғынан тұрып кете
алмауынан келіп шықты. Сондықтан ағартуға байланысты Кеңес өкіметінің
басшысы В.И.Ленин қаулылар қабылдады. 1921 жылы 16 қыркүйекте шығарылған
қаулыда мектеп пен ағарту мекемелерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді
жақсарту шаралары айтылды. Ол үшін ХАК-ына оқушылардың көмегімен,
кооперативтермен, артельдермен бірігіп, жеке шеберханалар және
ауылшаруашылық фермаларын ұйымдастыруға құқық берді.
Сонымен қатар фабрика-завод кәсіпорындары және кеңес органдары ағарту
мекемелерін азық-түлікпен қамтамасыз етуі, аштыққа ұшыраған елді
мекендерден басқа жерлерде ағарту қызметкерлерін азық-түлікпен ауыл
тұрғындарын қамтамасыз етуі тиіс болды. Бұл мәселе негізінде Қазақ АКСР ХКК-
інде "Ағарту мекемелерін жабдықтау үшін ауылшаруашылық фермаларын және
өндіріс мекемелерін кәсіпорындарын ұйымдастыру құқығы туралы" қаулысының
жобасы шықты. Қаулыда Қазақстан ХАК-ы мен оның органдарына ағарту
мекемелерін жабдықтау үшін ауылшаруашылық фермаларын және жеке өндіріс
кәсіпорындарын ұйымдастыру тапсырылды. Ал, Қырпромбюро, Жер Халық
Комиссариаты, Еңбек Халық Комиссариаты және басқа Комиссариаттарға көмек
көрсету міндеттелді. Өкімет әлеуметтік қиын жағдайда Комиссариатка ешқандай
көмек бере алмаған соң, осы шараларды амалсыз қабылдайды. Мәселені
Комиссариатта қызмет еткен қазақ зиялылары жалпыхалықтық үндеуге
айналдырып, халықты оқу білімді қолдауға шақырды. Дерек қоғам өміріндегі
қайшылықтардың ағарту ісіне қандай әсері болғанын шынтуайтты көрсете келіп,
объективті жағдайды аша алады. Комиссариаттың көптеген құжаттары ХКК-нің
қорларында сақталған. Қазақстанның экімшілік-территориялық құрылымының
жетілдірілмегені ХАК-ы аппаратының жұмысына кері әсерін тигізді. Ескі
әкімшіл территориялық құрылыстың толыктай дерлік сақталып қалуы Халық
Комиссариаттарының нығаюына жағдай жасамады. Әсіресе, төменгі болыстық және
ауыл, селолардың құрылымдары мүлде шиеленісті болды .
Комиссар А.Байтұрсынов ХКК-нің сұрауына байланысты Комиссариат
Коллегиясының болыстық халық ағарту кеңестерін енгізу туралы қаулы
шығаруының себептерін былай түсіндірді: "көп қазақ болыстықтарында бір, екі
мектеп қана, болыстарда халық Ағарту ісімен айналысатын адам түгіл,
қоғамдық сипаттағы іспен айналысатын да зиялылар жоқ, сондықтан Комиссариат
халық ағарту аппаратының халыққа жақындауы үшін, қаулыны шығаруға мәжбүр
болды".
Қаулыларды іс жүргізу материалдары ретінде талдар болсақ, олардың пайда
болуын, Комиссариат қызметіне, ондағы зиялыларды калыптастыру ісіндегі
ролін аша аламыз.
Комиссариаттың қызмет еткен кезіндегі әлеуметтік мәселенің ең күрделісі,
шешуін таппағаны-мұғалімдердің жалақысын уақытылы берілмеуі. Бұл туралы
қаулылар Комиссариатқа ХКК-інен түсіп отырды. Басшы органдар Комиссариаттың
жағдайымен, құрлымымен танысып, мағлұмат алып отырды. ХКК-і 1924-25
жылдардың бірінші ширегінде ХАК-ына территориялық бөлініске байланысты
қосылған облыстарда ауылшаруашылық, педагогикалық, орман шаруашылығы
техникумдарындағы қарыз ақшаны жою туралы ұсыныс жасады .
Комиссариат ауылдық мектептердің күшеюі үшін бар мүмкіндіктерін салып,
барлық округтік халық ағарту бөлімдеріне жолдаулар жіберіп отырды.
Комиссариаттың есептеуінше, ауыл мектептерінің негізгі жетіспеушіліктері:
өндірістік базасының (оқулық құрал-жабдық, мектеп жабдықтары) болмауы,
мұғалім кадрлардың аздығы. Тіпті, төрт жылдық мектептерді қамтамасыз ету
қиынға соқты. Бұл мәселелерді шешу зиялылардың міндетіне енді. Елде қиын
жағдай орнап, Кеңес өкіметі тәртібін орната алмай жатқан кезде ұлттық
зиялылардың басым бөлігі ағарту салаларын көтеруге күшін салып бақты.
Сондай істердің бірі - қазақ мұғалімдерін даярлау үшін оқу орындарын ашу
мәселесі. Педагогикалық техникумдар мен халықка білім беру институттары
мектептерді ұлттық мұғалім кадрлармен қамтамасыз ете алмады.
Ташкенттегі Қазақ Ағарту институтында қазақ зиялылары көптеп қызмет
етті. Осыны ескеріп, республиканың өкіметі Қазақ Ағарту, институтының
көлемінде педагогикалық жоғары оқу орынын ұйымдастырмақшы болды. 1926 жылғы
2 маусымда Қазақ АКСР ХКК-ның үкімінде: "Қазақ АКСР-і үшін жоғары оқу
орнын, әсіресе педагогикалық жоғары оқу орнын құру қажеттілігін мойындап
отырып, Ташкент қаласындағы Қазақ Ағарту институтын "қазақ педагогикалық
институты" деген атпен кайта кұрылған педагогикалық жоғары оқу орны деп
есептеу керек". Институттың ректоры болып Орта Азия Мемлекеттік
Университетінің түлегі, соңынан Халық Ағарту Комиссары болған Т.К.Жүргенов
тағайындалды. Қазақ Ағарту институтының Ташкент қаласында ашылуы
Қазақстанның өз жерінде жоғары оқу орнын ашуға әзірлік болмағанын
көрсетеді, екіншіден, Қазақстанның астанасының жиі-жиі өзгеруі де белгілі
бір қиыншылықтар тууына әсер етпей қоймады. Бірақ Қазақ АКСР-інде жоғары
оқу орнын ашуға деген жұмыс жүріп жатты. Жоғары оқу орындарының ашылуының
қажеттілігі мынандай мәселелерден туындады:
* КАКСР-дың барлық облыстарында мамандардың жетіспеушілігі өткір көрінді.
РСФСР-дің жоғары оқу орындары арқылы мамандарды даярлау баяу жүрді;
* қазақ ұлттық мәдениетінің керекті қарқынмен жүзеге асуы тек кана жоғары
оқу орны өмір сұрген жағдайда ғана мүмкін болатын еді;
* жергілікті тұрғындардан Қазақстанға қажетті ғылыми кадрлар даярлау қазақ
жоғары оқу орны мен ғылыми зерттеу институттары арқылы жүргізілуі тиіс;
* жоғары оқу орындарында оқығысы келетін қазақ жастарынын саны әр жыл сайын
көбейді және олардың бәрін Қазақстаннан тыс жерлерге оқуға жіберу
мүмкіншілігі болмады;
Қорыта айтқанда, жоғары оқу орындары ашылмайынша, халыққа білім беру
жүйесінің дұрыс құрылуы мүмкін емес еді.
Жоғары оқу орындарын ашу қазақ халқы үшін аса маңызды еді, бұл білімді
адамдарды даярлаудың ең кажетті жолы. Деректер қазақ білім ордаларының
негізі Комиссариатта жасалғанын дәлелдейді. Алдыңғы қаулыларды салыстыру
соңғыларының шығуындағы алға басушылықты көрсетеді. 1928 жылдың 7
желтоқсанында Халық Ағарту Комиссары О.Жандосовтың атына ХКК-нің баяндамасы
бойынша РСФСР ХКК-нің қаулысы келіп түсті. Қаулыда ҚазАКСР үкіметінің
шаруашылық және мәдени құрылыстағы қызметі туралы баяндамасын тыңдалғаны
айтылып, Қазақстандағы мәдени кұрылысының дамуындағы белгілі жетістіктерді
атады .
ХКК-ның 1930 жылдардағы ең үлкен шараларының бірі-жалпыға бірдей білім
беру мәселесі. Қазақ зиялылары бұл шараны қуана қарсы алды.
Ағарту тарихын зерттеген ғалым Х.Табылдиев мынадай пікір айтты:
"Тұтастай алғанда, сауатсыздықгың жойылуы Қазақстанда большевиктер жүзеге
асырған мәдени революцияның жемісі болып табылады. Осы арада бірнеше
қосымша факторды еске алған орынды. Ол ағартушылар легінің қазақ халқының
сана-сезіміне жасап кеткен ықпалы, ол алаш ұрпағының ұлт санасын оятуға
жасаған ықпалы, халық рухын көтеріп, өзінен озық- халықтарды қуып жетуге
талпынысы, совет, партия қызметіндегі қазақ зиялы қауым элитасының
(С.Сейфуллин, С.Мендешев, А.Байтұрсынов, Сәдуакасов) жігерлі істері ерекше
болды" 15.
1930 жылы 25 желтоқсанда БКПб Өлкелік Комитеті "Жалпыға бірдей білім
берудің барысы туралы" қаулы шығарды. Қаулыда жетістіктерге қарамастан,
өлкелік, қоғамдық, шаруашылық орындар және партиялық ұйымдар жалпыға бірдей
білім беру директивасын орындалмағаны көрсетілді. Оған бірнеше себептер
болды: әкімшілік - кеңсе жұмысындағы мұғалімдерді педагогикалық жұмысқа
тартылмауы, жалпыға бірдей білім беру майданында оқулықтармен қамтамасыз
ету міндеті орындалмауы, кәсіподақтардың жалпыға білім беруге тартылмауы,
тек қаулылар шығарумен айналысуы. Өлкелік Комитет пен өкіметтің
нұсқауларына қарамастан, Сауда Халық Комиссариаты мен өлкелік одақ және
оның жергілікті органдары мұғалімдерді жабдықтау туралы директиваны
орындамады, қалалық партия комитеттері мен аудандар жалпыға білім беру
туралы мәселені қолдамады, ХАК-ы жалпыға білім беру ісіне басшылық жасауда
өзгерістер жасағанымен кейбір аудандардың өз ерекшеліктерін есептеп,
басшылық жасауға калыпқа келтірмеді және бүкіл Қазақстанда жүйелеу жұмысы
жүргізілмеді.
БКПб Өлкелік Комитеті осы жағдайларды ескере келіп, қаулы шығарды:
* аудандық партия комитеттеріне алдағы үш кезеңде барлық балаларды оқумен
қамту ісінде шешуші болып табылатын қажетті шараларды қабылдауды міндеттеу
керек;
* қазақ ауылында қыздарды оқумен қамтудың саяси мәнісін көрсете отырып,
аудандық комитеттерді бұл мәселе төңірегінде назар аударуға міндеттеу
керек;
- оқушыларды ыстық тамақтармен қамту туралы өкіметтің директивасын
орындау керек;
- аудандық комитеттер кедей оқушыларды жылы киім және аяқ киіммен
қамтамасыз ету үшін жергілікті мүмкіндіктерді тартуға шаралар қолдануы
керек ;
Қаулы арқылы біз сол жылдардағы ХАК-ның ғана емес, бүкіл ағарту
саласының мәселелерін көре аламыз. Қаулыларда басқа өкіметтік
құжаттардағыдай емес, ағарту саласын мадақтап, асыра көрсету болмауы
олардың ақиқаттылығын аша түседі. Қаулыға дерек ретінде қарасақ, ол тарихи
ақиқаттың бір бөлігі болып табылатындықтан, оның жасаушылары шындықты
обьективті түрде көрсетті. Құжаттың обьективтілігі сонда, әкімшіл-өміршіл
жүйенің кызметкерлері өмірде болып жатқан шындықты айтуға мәжбүр болды.
Кеңестік әдебиеттерді қарап отырсақ, деректерді зертеушілердің замана
талабына сай субьективті дерекке айналдырғанын көреміз. Деректанулық талдау
кезінде қолданылатын әдістің бірі мәселенің тарихнамалық құндылығын ашу.
Сондықтан кеңестік әдебиеттерде қоғам өміріндегі ағарту мәселесінің орнын
көрсеткен, тарихи ақиқатты анықтаған сәттер болды. Қаулылар бізге Ағарту
саласының қаншалықты дамығандығын көрсетеді. Елде жалпыға бірдей міндетті
білім беру реформасын енгізу жағдайы қалыптаспағаны қаулыдағы мәселелердің
шиеленісуінен көрінеді Қаншама кеңестік қоғамға сай жазылса да, құжаттарды
пайдалану кезінде обьективтілік принципі қолданылғанын ағарту саласының ірі
зерттеушісі Р.Б.Сүлейменовтың сауатсыздықгы жою мәселесіне байланысты
пікірлерінен көреміз. Оның ойынша ағарту жұмысын кұшейту жұмыстарына
көтерме сөздер, ұрандар көмектеспеді, ұжымдастыру кезіндегі қиыншылықгар
мәдени құрылысқа әсер етпей қоймады 16.
1929 жылдан бастап қазақ зиялыларының репрессияға ұшырай бастағаны
жалпыға білім беру реформасын жүзеге асыру жолындағы ең үлкен
тосқауылдардың бірі болды. Бұрынғы оқулықтардың іске аспай қалуы,
кадрлардың азайып кетуі ХАК-ының қызметін әлсіретіп, ірі көлемдегі жұмыстар
жүргізуге мүмкіндік бермеді. Мұғалім кадрлардың білімінің төмендеуі жалпыға
бірдей білім беру реформасын бүкілхалықтық даңғазаға, сапасыздыққа, санмен
өлшеуге әкеп соқты. Әрине, бүкіл реформаны жокқа шығара алмаймыз, бірақ
мәселенің субьективті жақтары кұшейіп көрсетілді: Қиындықтарға және елдегі
ағарту саласының бостаңдығына қарамастан, ХКК-і 1931 жылы жалпыға бірдей
жеті жылдық білім беруді енгізу туралы қаулы шығарды.
Сонымен қатар 1930 жылы 27 тамызда жалпыға бірдей бастауыш білім беру
туралы қаулы шыққан болатын. Қаулылар Кеңес өкіметінің білім беру саласының
дамуын көрсетеді. В.И.Лениннің өзі жол салған мәдени революциясын
большевиктер Қазақстанда мүмкіндігінше кұштеп болса да үкімет шешімдері
арқылы енгізгісі келді, ал бүған ел дайын емес еді.
Кеңес өкіметі жылдарында "мәдени революция" реформасы жүргізілді. Бұл
туралы мәдениет тарихын зерттеуші ғалым Х.Әбжанов былай деді: "Мәдени
революция - социалистік құрылыстың негізгі күрамдас бөлігі, қоғамның рухани
өмірінің түбегейлі өзгерісі. Мәдени революция барлық еңбекшілерді
социалистік құрылыстың барысында мәдени-тарихи процестің әлеуметтік-саяси
белсенді мүшелеріне айналдырып жаңа адамды тәрбиелеуді қажет етеді.
Қазақстандағы мәдени революция өзінің даму барысында және жүзеге асырылу
әдістерімен тәсілдеріне қарағанда бірнеше кезенді бастан өткізді.
Совет өкіметінің алғашқы он жылдығында мәдени құрылысқа партиялық-
мемлекеттік басшылық жасаудың обьективті лениндік принциптері творчестволық
қолданыс табуы арқасында қазақ халқының рухани өсуі әлеуметтік-саяси
кемелденуі, жаңаша өмір сұруге деген ынтасы бұрын-сонды болмаған қарқында
жүрді. Ал 1920-жылдардың аяғына қарай орныққан әкімшілдік жүйесін қой
терісін жамылған қасқыр десе болғандай. Бұл кезең жарты ғасырдан астам
уақытқа созылды. Өкімет билігін марксизм-ленинизм ілімімен бүркемелеген
сталиншілдік басқару аппараты қолына алып алған соң социализм құру ісі,
қоғамның, оның мәдени өмірі адам танығысыз бұрмаланды" 17.
Мәдени революция жүргізілуінде халық ағарту ісі, сауатсыздықты жою,
жаңа кеңестік зиялыларды қалыптастыру белгілі бір орынға ие болды. Алайда
мәдени революция бұл мәселені шеше алмады.
Мәдени революция большевиктердің елдегі мәдени саланы социалистік
құрылысқа, коммунистік тәрбиеге бейімдеу жолындағы мақсатын жүзеге асыру
үшін керек болды. Мәдени революция қазақ халқын оқу-білімге шақырумен
қатар, орыстандыру саясатының бүркемеленген түрін алып келді. Жоғарыдағы
басшылар халықты өркениетке жеткіземіз деген желеумен, рухани отарлаудың
жаңа әдістерін қолдана бастады. Сондықтан 1920-30-жылдардағы мәдени
революция кезінде біз ағарту ісін жүргізу жақсы жағынан көрінді деп айта
алмаймыз.
1920 жылдарда азамат соғысы, ашаршылық, жаңа экономикалық саясаттың
жүзеге аспауы, қаптаған реформалар елді титықтатса, 1930 жылдардың
басындағы үжымдастыру, зорлап отырықшыландырудың салдарынан болған аштық
халық, ағарту саласы туралы ойландыртпады. Осылайша, қаулылардың жүзеге
асуына елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайы мүмкіншілік бермеді. 1930
жылдардағы халық ағарту ісіндегі негізгі кемшіліктерді көрсетсек:
Қазақстан мектептері Кеңестер Одағының алдыңғы қатарлы мектептерінің
дәрежесінен артта қалды. Негізгі кемшілік балалардың бастауыш мектептерде
өте көп жинақталуында және жоғары класстардың аз болуында еді .
Сауатсыздықгы жою ісі мандымады. Барлық губернияларда сауатсыздықгы жоюға
қабілетті мамандар жетіспей жатты. Бар деген окытушылар, нұсқаушылар,
әдістемешілер қиын материалдық жағдайға душар болды .
3. Мұның бәрі 1928 жылдан басталған қазақ зиялы қауымының репрессияға
ұшырауынан басталған еді. 1930 және 1932 болып өткен сот процестері
нәтижёсінде 60-тан астам алаш қозғалысының басшылары сотталып, олардың
біразы (М.Дулатүлы, Ж.Аймауытүлы) осы кеткеннен оралған жоқ18.
4. Астық дайындау, ет дайындау, егін егу тәрізді науқандардан колы
босамаған көптеген округтар бұл мәселеге пәлендей мән бере қойған жоқ. Оның
үстіне қазақ шаруалары әлеуметтік жағдайының төмендеуі мен орын алған
жаппай босқыншылық жоғарыда көрсетілген сауатсыздықгы жою жоспарын 1932
жылға дейін орындап шығуға мүмкіндік бермеді 19.
Сонымен қатар, қазақ зиялыларының С.Мендешев, Т.Жүргенев, О.Жандосов,
Ф.Оликов, Н.Манаев сияқты өкілдері реформаға зор ыкыласпен кірісті. Елде
көптеген мектептер ашылып, мұғалім кадрлары тоқтаусыз дайындалып жатты.
Жүздеген ауыл мектептерінде, жаңадан ашылған оқу орындарында болашақ Кеңес
өкіметіне қызмет ететін кадрлар қиыншылықтарға қарамастан калыптасып келе
жатты. Сол кезеңнің контексінде қарасақ, қаулылар жүзеге асуы мүмкін емес
еді.
Ағарту жұмысының мамандары Г.Береза, О.Сафро, Х.Амрин, С.Меңдешев,
Н.Нұрмақов өз еңбектерінде Қазақстандағы жалпыға бірдей білім берудің
жүзеге асырылуының бірінші қортындысын сипаттады 20. Олар ағарту ісінің
дамуына жақсы баға берді. Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқының мәдени
дамуы сүбелі де мазмұнды тұтас бір дәуірді алып жатқанын ешкім жоққа шығара
алмайды. Бір кездегі көшпелі жартылай өмір кешкен халық адамзат ақыл-ойының
сапалы жаңа биігі марксизм-ленинизмен табысты. Қысқа мерзім ішінде жаппай
сауаттандыруды артта қалдырып, ұлттық театры мен оркестрін, баспасөзі мен
мектебін құра алды.Үлы Қазаннан бастау алған социалистік мәдени төңкеріс
Отанымыздың басына төнген небір ьдысталаң сәттерде жұмысшылар мен жастарға
қоғам мүшелерінің бәріне кұш-қуат беріп, болашакқа сеніммен қарауға
үйретті, алға жетеледі.
Міне, осылай кеңестік саясаттың үлкен бір күрделі бөлігі сауатсыздықгы
жою ісі туралы осындай екі түрлі пікір қалыптасты. Комиссариат құжаттарының
ішінде ағарту ісін жүргізуде зор үлесі адамдарды қудалау туралы ерекше
құнды тарихи жаңалық ретіндегі материалдар кездеседі. Қор құжаттары кешенді
түрде бұрын қаралмағандықган, бұл деректер Кеңес өкіметінің саясатын толық
ашып, қоғам өмірін шынтуайтты тарихи ақиқат тұрғысынан көрсетеді. Дерек
арқылы Комиссариатка жоғарыдан қысым жасалғанын байқаймыз. 1930 жылы 15
қыркүйекте ҚазМУ-дың профессоры Х.Досмұхамбетовтың іске тартылуына
байланысты ОГПУ өкілі Поповтың ХАК-на жолдаған қаулысы Комиссариат
қызметкерлерінің репрессияға ұшырауының басталғанын көрсетеді. Материалды
тарихи шындық тұрғысынан қарағанда, замана тіршілігін көрсеткен объективті
құжат дәрежесін анықтаймыз. Себебі бұл өкіметтің қуғын-сұргін саясатының
бет-пердесін айқын ашатын көріністердің бірі.
Комиссариаттың 1930 жылдардағы қызметін көрсететін қаулы-
Комиссариаттың есеп баяндамасы бойынша Қазақ Орталық Атқару Комитетінің III
сессиясының Қазақстандағы мәдени кұрылыстың соңғы ұш жылының негізгі
қорытындысы. Қаулыда Қазақ АКСР-нің мәдени құрылыс орнатудағы үлкен
жетістіктерін көрсете келіп, соңғы үш жылда бірінші кезеңдегі мектептерде
оқушылардың саны 347.511-ден 603 мыңға, техникумдарда 6.991-ден 13.560-ға,
ФЗУ-ларда 386-дан 15.314-ке, жоғарғы оқу орындарында 625-тен 2.475-ке жетті
деп көрсетілді. Сауатсыздықты жою 1929 жылы 140 мың, 1930 жылы 275 мың,
1931 жылы 600 мың, 1932 жылы 800 мың адамға жетті және жоғары оқу
орындарының дәрежесі көтерілгені айтылды.
Мектеп ісі жолға қойылып, оқу ана тілінде жүргізілді, оларда жаңа
бағдарламамен жұмыс істелініп, маркстік-лениндік педагогика іске аса
бастады. Қаулы осылайша жеткен жетістіктерді баяндады. Қаулының келесі
бөлігі-жетістіктермен қатар алып тастауға болмайтын кемшіліктер. Кеңес
әкіметі ағарту саласының мешеу қалуының себебі ретінде мәдени майданда көп
уақыт бойы алашордашылдардың идеологиясының әсерінен күтыла алмауын
көрсетті. Егер сол уақыттың обьективтілігі тұрғысынан сараласақ, халық
ағарту ісін кеңестік даму дәрежесіне жеткізген алаш кайраткерлері.
Жалпы 1930 жылдардағы құжаттарда алаш қайраткерлерінің куғын-сүргінге
ұшырауына байланысты оларға деген жағымсыз көзқарас калыптасты. Кеңес
өкіметі өздерінің әлеуметтік-экономикалық саладағы артта калушылықтарынан
туындаған ағарту саласының олқылықтарын қазақ ұлттық зиялы қауымының
кызметімен байланыстырды. Ал, шындығында олар енді он жыл Ағарту саласында
еңбек еткенде, Кеңес өкіметі мәдени төңкерістің нәтижесіне жетуші еді. Алаш
қайраткерлерінің ағарту саласында шеттетілуімен қатар, бұл салада
орыстандыру саясаты да ене бастады. Қазақ мектебін бітірген балаларға жол
жабыла бастады. ХАК-ы және оның жергілікті органдарының жұмысының әлсіреуі,
кеңестік, кәсіподақтық, шаруашылық ұйымдардың мәдени құрылыс мәселесіне
көңіл аудармауы мәдени - революцияның бәсең жүруінің келесі себептері
болды. Бұл артта қалушылық мынадай сипат алды:
-Орталық Комитет пен БКПб Өлкелік Комитетінің қаулылары жүзеге аспады,
сондықтан мектептер төмен дәрежеде қалды;
-мектептерде жалпы білім беру ісі дұрыс болмады, соның әсерінен
политехникаландырылу формальды сипат алды;
* бастауыш және орта мектептің материалдық базасы нашар болды;
* жоғары мектептерге қазақ еңбекшілерінің балалары қабылданбады;
ересек тұрғындардың сауатсыздығын жою жоспары орындалмады;
- мұғалімдерге деген лениндік көзқарас жүзеге аспады жабдықтау,
жалақыны уақытында беру, пәтермен қамтамасыз ету;
Мұндай кемшіліктерді қарап отырсақ, келеңсіздіктердің тууына алаш
қайраткерлерінің қатысы жоқ екендігін көреміз. Жоғарыда аталған мәселелер
үкімет халықтың әлеуметтік жағдайын және ағарту саласының материалдық күйін
жақсарта алмауынан туындады.
Жоғарғы дәрежедегі өкімет қаулыларында бұл мәселелердің ашылып
көрсетілуі халық ағарту құрылысының шыныменен төмен дәрежеде болганын
білдіреді. Ағарту саласындағы қазақ зиялы қауымының өкілдерінің қудалануы
мәдени төңкеріс саясатына үлкен зиянкершілік өкелді, өсіп-өркендеп келе
жатқан құрылым бұзылып, регресс басталды. Сондықтан жоғарыда айтылған
өкімет қаулысы осы процесстерді тоқтатпау мақсатында Қазақстандағы мәдени
қурылыстың кезекті міндеттерін белгіледі.' Онда мына мәселелер көрсетілді:
- халыққа білім беру органдарының шешуші міндеті жалпыға бірдей білім
беру және бастауыш, орта мектеп туралы Қазақ АКСР үкіметінің, БКПб
Өлкелік Комитетінің және Орталық Комитет қаулыларьшың толық жүзеге асуын
қадағалау, сонымен қатар жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруге көшу үшін
жағдай жасау, мектептің қалыптасуына қол жеткізу, мектептердің ұлттық
күрамын жақсарту, отырықшыланатын аудандардағы мектеп ісінің негізгі
құрылымына ұйымдастырушы және оперативті өзгерістер енгізу; политехникалық
мектеп үшін күрес, ХАК-ы мен оның органдарын, мектеп пен мұғалімдерді жедел
бағдарламалық - әдіснамалық көмекпен жабдықтау;
барлық мектеп пен мәдени мекемелерді қажетті кадрлармен қамтамасыз ету
үшін жалпы және арнаулы білім алуды көтеру және мұғалімдердің материалды-
құқықтық жағдайын өзгерту;
- мектептің материалдық базасын құру және қалыптастыру (жаңа мектеп
үйлерінің құрылысын жөндеу, оқу құралдары мен оқулықтарды өндіру) барлық
кеңес органдарының шаруашылықтық, профессионалдық, қоғамдық ұйымдарының
басты міндеті болуы;
- сауатсыздықты жоюдың толық орындалуы;
Қазақ АКСР-індегі мәдени құрылыстың осы алдыңғы кезектегі міндеттерінен
шыға отырып, барлық мектеп құрылымы және мәдени мекемелердің
жергіліктендіру ісіндегі ХАК-ының күресі ұлттық ғылыми техникалық кадр және
өнер қызметкерлерін даярлау болып табылады.
Қаулының практикалық шараларды жүзеге асыру туралы бөлігі Орталық
Комитеттің алдыңғы шығарған бастауыш және орта мектеп туралы қаулысының
жүзеге аспағанын дәлелдей түседі. Бұдан мынандай қорытындыға келуге болады,
қаулының қарастырылып отырған бөлігіндегі материалдар тарихи деректанулық
шынтуайттылық дәрежесін анықтай алады. Әрбір практикалық жүзеге асырылуы
тиіс шаралар ағарту саласындағы орындалмай отырған өзекті мәселелерді
қозғайды.
Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сессиясының негізгі мақсаты-орта мектеп
туралы қаулыны тез әрі толық жүзеге асыру. Міндеттемелерді талдайтын
болсақ, алдыңғы қаулыны жүзеге асыру үшін ХАК-ы мен оның органдарына
жергілікті жерлермен байланысты күшейтуді тапсырды. Негізгі мектеп туралы
шаралар жергілікті жерлерде істелетіндіктен, байланыс болуы маңызды. Сондай-
ақ, директивалық органдардың басты қаулылардың орындалуын тексеруі, ғылыми-
зерттеу және тәжірибе-көрсеткіш педагогикалық мекемелердің жұмыс істеу
жоспары мен құрылымын жасап, ХКК-інің қарауына алуы Ағарту ісіңің
төмендеуіне алаңдаушылықган еді. ХАК-ының шараларды жүргізуіне материалдық
жетіспеушілік және кадрлардың аздығы тосқауыл етті. Келесі мәселе етіп
алынған оқулықтар жайы. Қазақ зиялы қауымының кудалауға ұшырауына
байланысты олардың шығарған оқулықтары жарамсыз деп табылды.
Оқулықтар туралы белгілі тарихшы М.Қойгелдиевтің пікірі: тарихи шындық
сондай, 1920-30 жылдары қазақ мектептері мен педагогикалық оқу орындарында
пайдаланылған оқулықтар мен оқу күралдарының авторлары негізінен . партияда
жоқ кезінде алаш қозғалысына белсенді ат салысқан ұлттық интеллигенция
өкілдері болатын. Олардың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Х.Досмұхамбетов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, С.Асфендияров және басқа
көптеген жазушылар бар еді. Алаштық атанған зиялылардың үлкен тобы оқу-
ағарту Комиссариаты жүйесінде, ғылым, өнер, баспа орындарында жұмыс жасап
жүрді21.
1928 жылдан бастап Комиссариаттың ауыл мектептерін ұлықтармен
қамтамасыз етуі әлсіреді. Оқулықтар жазатын зиялылардың қудалануы,
коммунистердің ішінде авторлардың әлі толық даярланып бітпеуі енді-енді
дамып келе жатқан ХАК-ының мектеп туралы реформасын, жалпыға білім беруді
орындауға кедергі болды.
Сондықтан қаулыда оқулықтарға бөлінген қаржыны дұрыс пайдалану,
оқулықтарды уақытылы шығару туралы бөлімдер бар. Себебі оқулықтар
мәселесіне өкімет орындарының араласуына тура келді. Алайда қаулылар оқулық
мәселесін шеше алмады.
Жалпыға бірдей білім беру реформасының толыққанды жүзеге аспай
жатқандығынан Қаржы Халық Комиссариатына қаржы бөлу тапсырылды. Ал,
шаруашылық Халық Комиссариаттары мен колхоз одақтарына, МТС-тар мен жер
бөлімдеріне, мектептер мен халыққа білім беру бөлімдеріне, жабдықтау Халық
Комиссариатына, Қазақ; Өлкелік одағына тапсырылған оқушыларды азық-
түлікпен, киіммен қамтамасыз ету туралы бөлімдер бар. Жалпыға бірдей білім
беру ісіне осылайша барлық Комиссариаттар араласты. Келесі көтерілген үлкен
мәселе - кадрлардың жетіспеушілігі, жеткен күннің өзінде де білімдерінің
төмендігі. Бұл үшін шаралар жүргізу ХАК-ына міндеттелді. Мәселені тез арада
шешу мүмкін емес еді, бүтіндей \ мұғалімдер армиясын жасауға жылдар керек
еді.
Ағарту мәселесін жаңа көзқараспен зерттеп жүрген тарихшы Х.Әбжановтың
көрсетуінше, ұлт мектебін өркендету қажеттілігі, оның жолдары мен межелері
туралы қаулы-қарарлар, уәделер, партиялық тапсырмалар аз емес-тін22.
Сондықтан қаулылар дерек ретінде Қоғам өмірін обьективті тұрғыдан
көрсеткеніне қарамастан, орындалмай қалды. Қаулыда көрсетілген Қазақстанда
түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет орнату мәселесі үлкен дау
тудырады. Біздің ойымызша, Кеңес өкіметі тұсында мазмұны социалистік
мәдениет орнату басым болды. Оның түп-тамыры 1930 жылдардағы идеологиялық
тазартулардан басталып, жаңа зиялы қауым өкілдері толық социалистік
қалыпқа салынып, біркелкі коммунистік партияның ықпалынан шыға алмайтын
жаңа буын өкілдері ретінде даярлануынан басталған. Зиялылар тәрбиелеуші
басты мекеме ХАК-ы болғандықтан, 1930 жылдардан бастап толық коммунистік
идея, социалистік мәдениет үшін қызмет ете бастады.
ХАК-ына қатысты қаулылардың бір бөлігі ХКК-і мен Қазақ Орталық Атқару
Комитетінің қорларында сақталған. 1934 жылы 3 сәуірдегі Қазақ АКСР ХКК-нің
қаулысында тақырыптық жоспарды бекіту туралы айтылды. Қаулыда қазақ
бастауыш және орта мектептері үшін 97 тұрақты оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кұралдарды шығару туралы тақырыптық жоспарды бекіту, қазақ баспасына
оқулықтарды уақытында шығарып, кітап орталығына мектептерге оқу жылының
басталуына қарай тарату тапсырылды.
Мемлекеттік жоспарлау комитетіне оқулықтарға қағазды бірінші кезекте
бөліп, қамтамасыз ету, ХАК-ының оқулықтардың шығарылу жоспарын оперативті
түрде тексеріп, әрбір мектептің нақты игіліктерін және нормаға сай бөлінуін
қадағалау міндеттелді. баспасының қызметінің күшеюі мен қалыптасуы үшін
оған өлкелік қордан 100 мың сом бөлу көзделді.
Оқулықтар туралы БКПб Орталық Комитетінің 1929 жылғы 5 тамыздағы
Халыққа білім беру саласындағы басшы кадрлар туралы" қаулысында кеңес
аппаратын тазалау кезінде халыққа білім беру органдарында пролетарлық
таптық линияны шеттететін идеологиялық бөтен элементтерден тазалауға ерекше
назар бөлу керек деп көрсетілді 23. Қаулымен Комиссариаттағы зиялы
қауымға қарсы көзқарас қалыптасты. Мәселеге назарды 1930 жылғы
Бүкілқазақтық ҮІІ- партконференциясы аударды. Конференцияда былай
көрсетілді: Қазақстанда ұлттық пиғылдағы алаш орда идсологиясымен
тәрбиеленген зиялылар әлі де болса мәдени құрылыстың (оқулықтар құрастыру,
әдістемелік басшылык) жұмысының басты салаларына көрнекті әсерін сақтауда
Партия конференциясы әрі қарай партия үйымдарға мәдени құрылыста өз
басшылықтарын күшейтуге шақырды Жалпыға бірдей білім
беру реформасы елде қызу жүріп жатқан болса да басты қажетті оқу
оқулықтардың басылуы мен дайындығы қанағаттанарлықсыз болды. 1934-35 оқу
жылында ауыл мектептерінің оқушыларды (оқулықтармен 60 пайыз қана
қамтамасыз етті 24. Кеңес өкіметі мәселені шешуге бүкіл күшті жұмсап,
1930 және 1936 жылдарда .Асфендияров, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллиннің,
Ө.Тұрманжановтардың оқулықтарын шығара бастады. Бүкіл оқулықтардың жүзеге
аспай қалуы мәдени құрылыс салаларының дамуына әсер етті.Жалпы 1920-30
жылдары оқу-ағарту ісінің үкіметтік материалдарына кешенді түрде
деректанулық сын және талдау жасағанда тарихилық принциптерді қолдана
отырып, екі кезеңге бөлуге болады:
-1920 жылдан бастап 1930 жылға дейін - Кеңес өкіметінің ағарту
саласындағы реформаларының шарықтау шегі. Халықтың ғасырлар бойы қол жетпей
келген өзгерістерді қызу қолдауына сүйеніп, қазақ ағартушыларының сан қырлы
жұмыс жүргізуі;
-1930 және 1936 жылға дейін - ағарту салаларында кеңестік
идеологияның үстемдік алуы. ХАК-ынан ұлттық зиялыларды алыстатып,
Комиссариатты тікелей партиялық органдардың ыкпалымен басқаруы;
Әрбір қаулы ағарту саласының қайшылықтарын көрсетті. Бұрынғы кеңестік
әдебиеттерде бұл құжаттар Кеңес өкіметінің мәдени саланы күшейтуге шығарған
қарарлары деген субъективті пікірлер орын алды. Ал қазір тарихи тұрғыдан
келіп, объективті түрде қарай аламыз.
1934 жылы оқулықтар жетіспеушілігі айқын көрінді. Осы жылы 4 карашада
ХКК-інің қаулысында оқулықтарды тарату және басып шығару жағдайы туралы
айтылды. Қаулының шығуына ХАК-нан Т.Жүргеневтің Қазақ баспасынан шыққан
оқулықтардың таратылуы және басылуы туралы баяндамалары әсер етті. ХКК-нің
төрағасы О. Исаевтің ХАК-ы мен Қазақ баспасының жұмысындағы жетістіктерді
көрсете келіп, әлі, де көптеген жетіспеушіліктерді, әсіресе жергілікті
атқару комитеттері мен органдардың оқулықтарды тарату ісіндегі енжарлықарын
сынады. Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы қаулылардың жиі-
жиі шығуы мәселенің шиеленіскенін дәлелдейді.
1935 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақ АҚСР ХКК-нің БКПб Қазақ Өлкелік
Комитетінің қаулысында - 1935-жылғы 7 тамыздағы КСРО ХҚК-і және БКПб
Орталық Комитетінің қаулысына тікелей сілтеме жасалады. Деректе
Қазақстанның бастауыш және орта мектептері туралы оқу жылының басына қарай
қазақ оқулықтарын басып шығару және тарату ісінде қамтамасыз етілмегені
айтылды. Қаулыда: ...оқулықтардың бұндай жағдайына қарамастан, ХАК-ы,
қазақ баспасы және кітап орталығы, сонымен қатар облыстық атқару
комитеттері оқулықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін барлық
қажетті шараларды қабылдамай отыр — делініп, қазақ баспасына оқулықтарды
шығару бастауыш мектеп үшін 277 мың дана 14 тақырыптағы кітаптарды қайта
шығару міндеттелді. ХАК-ы мен қазақ баспасына оқулықтарды қазақ тіліне
аударуды тапсырды. 1930-1931 жылдары босап қалған оқулықтар хаосын
толтыру үшін жоғары жақтың жиі-жиі қаулылары ХАК-ын аудару жұмысына ерекше
мән беруге мәжбүр етті.
Жаңа коммунистік идеология кадрларының толық қалыптасып бітпеуінен
қажеттілікті аударма жолымен толтыруға тура келді. Бұл да 1930 жылдардағы
оқулықтар шығару тарихының бір белесі еді.
Қазақ АКСР БКПІбІ Өлкелік Комитетінің 1935 жылы қарашада шығарған ҚАКСР
жоғары оқу орындарында оқытуды қазақ тіліне көшіруді ұйымдастыру шаралары
туралы қаулысы кең көлемді, мемлекеттік маңызы бар мәселені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
А. Кенжин
Тақырыптың методологиялық мәселелері
Қазақ АКСР-і құрамындағы Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы (1924-1930 жж)
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары Республика зиялылары қызметін зерттеудегі дерек көзі
Пәндер