Франция Республикасының қабырғалық физикалық картасын құрастыру және жобалау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1ҚАБЫРҒАЛЫҚ КАРТАЛАР: ЖАЛПЫ,ТҮСІНІКТЕР,АНЫҚТАМАСЫ, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Карта элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Карта қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Физикалық карталарды жобалаудың жалпы мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 ҚАБЫРҒАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1Карта масштабтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Картографиялық проекциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3 Қабырғалық физикалық карталардың мазмұны, құрастырылуы және безендірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.1 Карталардың арнайы мазмұнының элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.2Карталарды құрастыру, жобалау (ақпарат жинау және талдау) ... ... ... ... ... ..39
4 АЛЫНҒАН КАРТАЛАРДЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
Жұмыстың маңыздылығы: Қойылған тақырыптың өзектілігі қазіргі мемлекеттік органдарда,оқу орындарында кеңінен пайдаланылады. Кейінгі уақытта қабырғалық карталар,оның ішінде физикалық карталар ғимараттардың көркін ашып тұратын дизайн ретінде кеңінен пайдаланылады. Карталарды құрастыру барысында қазіргі заманауи ГАЖ технологияларының бірі ArcGIS бағдарламасы қолданылады.
Құрастырылған карталар яғни гипсометриялық карталарды жасаған кездегі картографиялаудың негізгі нысаны жер бетінің рельефі болып табылады. Бұларда биіктіктердің сатылары бойынша қабат-қабатпен бояай отырып, горизонтальдармен рельефтің бейнесі беріледі. Рельеф, сонымен қатар ажырамастай байланысты гидрография осы карталардың негізгі мазмұны болып табылады. Гипсометриялық карталар жер бетінің биіктік белдіктері туралы түсінік беруге, сондай-ақ оның негізгі пішіндерін, олардың морфологиялық ерекшеліктерін көрнекі түрде көрсетуге болады.
Физикалық карталарды жасаған кезде гидрография және рельеф элементтерін толық және егжей-тегжейлі көрсету қарастырылады, ал елді мекендер мен жолдар екінші планмен, үлкен іріктемемен көрсетіледі.
«Карта» термині Орта ғасырларда, Қайта жаңғыру дәуірінде пайда болған. Оған дейін tabula және descriptionis (бейне) сөздері қолданылған. Термин гректің «хартес» (хартес – папирустан жасалған қағаз) сөзінен туынды латынның "charta" (парақ, қағаз) сөзінен шыққан.
Ресейде бастапқыда карта «чертеж» (сызба) деп аталған, бұл жердің бейнесін сызықтармен, сызумен бейнелеуді білдіретін және тек Петр І заманында ғана алдымен «ладкарта», одан кейін «карта» термині пайда болған. В.Дальдің (1881) Түсіндірме сөздігінде карта дәл осылайша, «жердің, теңіздің, аспан әлемінің қандай да бір бөлігін сызу» ретінде анықталатындығы қызықты болып отыр. Қазіргі таңда «карта» сөзі әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да қолданылып отыр: француз тілінде - carte, неміс тілінде — karte, итальян және португал тілінде — carta, голланд тілінде — kaart, швед тілінде — karta, дат тілінде — kort, украин тілінде— карта, грек тілінде — , түрік тілінде – harita. Бірақ латынның «тарра» сөзінен туынды термин одан кем таралмаған, бұл кездеменің кесегін білдіреді: ағылшын тілінде т а р , испан тілінде — тара, поляк, чех, словак тілдерінде — тара. Кейбір тілдерде екі термин де қолданылады, мысалға, ағылшын тілінде "chart" терминімен теңіз және аэронавигация карталарын белгілейді, испан тілінде "carta" сөзін жоспарлар, теңіз және астрономия карталары үшін пайдаланады. Картаның таза ұлттық атаулары да бар: жапонша - tizu, венгерше — terkep (сөзбе-сөз — аумақтың бейнесі), литовша — zemelapis (Жердің парағы).
1. Билич Ю.С., Васмут А.С. Проектирование и составление карт 1984 6-26беттер,29-33беттер,135-161беттер.
2. Берлянт А.М. Картография. М.,2010. 167-169беттер, 34-64беттер.
3. Берлянт А.М. Картографический метод исследования. М.,1978. 8бет
4.Салищев К.А. Картоведение.М.,1990. 22-52беттер.
5. Картоведение/ Под ред. А.М.Берлянта.М.,2003.52бет
6. Заруцкая Карта природы
7.www.ststistic.rz
8.Кошкарев А.В.,Тикунов В.С. Геоинформатика.М.,1993 70-85беттер
9.Репина Л.П. «Новая историческая наука» и социалная история.М.,1993
10.Акашева А.А., Пространственный анализ данных в исторических науках.
Применение геоинформационных технологии.Учебно-методическое пособие, Нижний Новгород 2011.22-34беттер
11.Дүниежүзі картасы
12. Заруцкая Карта природы 55-61беттер
13. Энциклопедия физ.геог. Франции
14. Информационный бюллетень АИК.N30. Специаиальный выпуск: Материалы 4конференции АИК.М.,2002 9-11беттер
15.Подушкин А.Н. «Кангюй» 2006 99-115беттер
16.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
17.Тикунов В.С., Цапук Д.А. Устойчивое развитие территорий: картографо-геоинформационное обеспечение. М.-Смоленск,1999. 40-50беттер
18.Бородкин Л.И. Информатика,математика.М.,1994 100-114беттер
19.Гарскова И.М. Базы и банки данных в исторических исследованиях

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Франция Республикасының қабырғалық физикалық
картасын құрастыру және жобалау.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Франция Республикасының қабырғалық
физикалық картасын құрастыру және жобалау,оның ішінде физикалық карталардың
мектеп оқушыларына арналған,гипсометриялық карта және саяси-әкімшілік
картасын құру.
Негізгі міндеттері:
1) жаңа карталарды жасау процестерін, карталардың атқаратын
міндеттерін,мазмұн элементтері туралы түсініктеме беру;
2) физикалық карталар ғимараттардың көркін ашып тұратын дизайн ретінде
пайдалану;
3) карта құру кезінде картографиялық ізденістер түріне қарау;
Зерттеу әдістемесі. Қабырғалық карталар туралы түсініктер жіне ГАЖ
бағдарламасының көмегімен ақпараттарды карта бетінде көрсету.
Зерттеудің бастапқы мәліметтері. Франция Республикасының қабырғалық
картасы және алынған мәліметтері.
Жұмыс нәтижелері мектеп оқушыларына арналған карта жасалды, сондай-ақ
гипсометриялық және саяси-әкімшілік картасы құрастырылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден,4 тараудан,қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттерден

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1ҚАБЫРҒАЛЫҚ КАРТАЛАР:
ЖАЛПЫ,ТҮСІНІКТЕР,АНЫҚТАМАСЫ, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
1. Карта
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Карта
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3. Физикалық карталарды жобалаудың жалпы
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... .8
1. ҚАБЫРҒАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ
ПРОЕКЦИЯЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1Карта
масштабтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .10
2. Картографиялық
проекциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .11
2. Қабырғалық физикалық карталардың мазмұны, құрастырылуы және
безендірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.1 Карталардың арнайы мазмұнының
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.2Карталарды құрастыру, жобалау (ақпарат жинау және
талдау) ... ... ... ... ... ..39
4 АЛЫНҒАН КАРТАЛАРДЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .54
Пайдаланылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 55

КІРІСПЕ

Жұмыстың маңыздылығы: Қойылған тақырыптың өзектілігі қазіргі мемлекеттік
органдарда,оқу орындарында кеңінен пайдаланылады. Кейінгі уақытта
қабырғалық карталар,оның ішінде физикалық карталар ғимараттардың көркін
ашып тұратын дизайн ретінде кеңінен пайдаланылады. Карталарды құрастыру
барысында қазіргі заманауи ГАЖ технологияларының бірі ArcGIS бағдарламасы
қолданылады.
Құрастырылған карталар яғни гипсометриялық карталарды жасаған кездегі
картографиялаудың негізгі нысаны жер бетінің рельефі болып табылады.
Бұларда биіктіктердің сатылары бойынша қабат-қабатпен бояай отырып,
горизонтальдармен рельефтің бейнесі беріледі. Рельеф, сонымен қатар
ажырамастай байланысты гидрография осы карталардың негізгі мазмұны болып
табылады. Гипсометриялық карталар жер бетінің биіктік белдіктері туралы
түсінік беруге, сондай-ақ оның негізгі пішіндерін, олардың морфологиялық
ерекшеліктерін көрнекі түрде көрсетуге болады.
Физикалық карталарды жасаған кезде гидрография және рельеф элементтерін
толық және егжей-тегжейлі көрсету қарастырылады, ал елді мекендер мен
жолдар екінші планмен, үлкен іріктемемен көрсетіледі.

1 Жалпы түсініктер,анықтамасы
Карта термині Орта ғасырларда, Қайта жаңғыру дәуірінде пайда болған. Оған
дейін tabula және descriptionis (бейне) сөздері қолданылған. Термин гректің
хартес (хартес – папирустан жасалған қағаз) сөзінен туынды латынның
"charta" (парақ, қағаз) сөзінен шыққан.
Ресейде бастапқыда карта чертеж (сызба) деп аталған, бұл жердің бейнесін
сызықтармен, сызумен бейнелеуді білдіретін және тек Петр І заманында ғана
алдымен ладкарта, одан кейін карта термині пайда болған. В.Дальдің
(1881) Түсіндірме сөздігінде карта дәл осылайша, жердің, теңіздің, аспан
әлемінің қандай да бір бөлігін сызу ретінде анықталатындығы қызықты болып
отыр. Қазіргі таңда карта сөзі әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде
Қазақстанда да қолданылып отыр: француз тілінде - carte, неміс тілінде —
karte, итальян және португал тілінде — carta, голланд тілінде — kaart, швед
тілінде — karta, дат тілінде — kort, украин тілінде— карта, грек тілінде —
, түрік тілінде – harita. Бірақ латынның тарра сөзінен туынды термин
одан кем таралмаған, бұл кездеменің кесегін білдіреді: ағылшын тілінде т а
р , испан тілінде — тара, поляк, чех, словак тілдерінде — тара. Кейбір
тілдерде екі термин де қолданылады, мысалға, ағылшын тілінде "chart"
терминімен теңіз және аэронавигация карталарын белгілейді, испан тілінде
"carta" сөзін жоспарлар, теңіз және астрономия карталары үшін пайдаланады.
Картаның таза ұлттық атаулары да бар: жапонша - tizu, венгерше — terkep
(сөзбе-сөз — аумақтың бейнесі), литовша — zemelapis (Жердің парағы).
Картографияның халықаралық көп тілді техникалық терминдер сөздігі (1973)
картаның келесі анықтамасын береді: Жер бетінің, басқа аспан денелерінің
немесе аспан сферасының математикалық заң бойынша жазықтықта тұрғызылған
шартты белгілердің көмегімен нысандардың осы беткейлермен байланысты
орналасуын және қасиеттерін көрсететін кішірейтілген, жалпылама бейнесі.Ең
ортақ дәстүрлі анықтама мынандай.Карта — бұл Жер бетінің, басқа аспан
денесінің немесе ғарыш кеңістігінің математикалық тұрғыдан анықталған,
азайтылған, генерацияланған, оларда орналастырылған немесе проекцияланған
нысандарды шартты белгілердің қабылданған жүйесінде көрсететін бейнесі.

1.1 Карта элементтері
Картаның элементтері — бұл өзіне картографиялық бейнені, легенданы және
картаның жақтаудан тысқары безендірілуін қосатын, картаның құрамдас
бөліктеріНегізгі элемент — картографиялық бейне,картаның мазмұны, нысандар
мен құбылыстар туралы, олардың орналасуы, қасиеттері, өзара байланыстары,
динамикасы туралы мәліметтердің жинағы.Жалпы географиялық карталар
төмендегідей мазмұндарға ие: елді мекендер, әлеуметтік-экономикалық мәдени
нысандар, қатынас жолдар байланыс тораптары, гидрография, өсімдіктер мен
топырақтар, саяси-әкімшілік шекаралар. Тақырыптық және арнайы карталарда
картографиялық бейненің екі құрамдас бөлігін айырып таниды. Біріншіден, бұл
географиялық негіз,мазмұнның тақырыптық немесе арнайы мазмұндағы
элементтерді түсіру мен байланыстыру, сондай-ақ картада бағдар алу үшін
қызмет ететін жалпы географиялық бөлігі. Екіншіден, тақырыптық немесе
арнайы.Кез келген картаның аса маңызды элементі - легенда, яғни картада
пайдаланылған шартты белгілеулердің оларға мәтіндік түсіндірмелердің
жүйесі. Олар стандартталған және тиісті ауқымдағы барлық карталарда
қолданылуға міндетті. Тақырыптық карталардың көпшілігінде белгілеулер
бірыңғайландырылмаған, сондықтан легенданы картаның парағының өзінде
орналастырады. Күрделі карталарда легенданың ақпараттылығын арттыру үшін,
оны кейде кесте (матрица) түрінде көрсетеді. Сонда легенданың жолдары
бойынша бір көрсеткіш,ал бағандары бойынша – екінші бір көрсеткіш беріледі.
Картографиялық бейне осының картадағы элементтері болып координаталық
торлар, масштаб пен геодезиялық негіз болып табылатын математикалық негізде
құрылады. Ұсақ масштабты карталарда геодезиялық негіздер көрсетілмейді.
Математикалық негізбен картаның компоновкасы, жақтаудың шегінде бейнеленіп
отырған аумақтың өзінің, картаның атауының, легенданың, қосымша карталардан
басқа да мәліметтердің өзара орналасуы да тығыз байланысты.Картаның көмекші
жарақтандырылуы оны оқуды,пайдалануды жеңілдетеді. Ол өзіне әртүрлі
картометриялық графиктерді картографияланып отырған аумақтың зерттелгендік
схемасын, пайдаланылған материалдардың схемасын, алуан түрлі анықтамалық
мәліметтерді қосады. Қосымша мәліметтерге кірістірілген карталарды,
фотосуреттерді, диаграммаларды, графиктерді, профильдерді, мәтіндік және
сандық мәліметтерді жатқызады. Олар тікелей картографиялық бейнеге немесе
легендаға тиесілі емес, бірақ тақырып жағынан картаның мазмұнымен
байланысты, оны толықтырып, түсіндіріп отырады.

1.2 Картаның қасиеттері
Картаның анықтамасының өзінде оның негізгі қасиеттері белгіленген:
1) құрастырудың математикалық заңы — Жердің сфералық бетінен картаның
жазықтығына көшуге мүмкіндік беретін, арнайы картографиялық проекцияларды
пайдалану;
2)бейненің таңбалылығы – картографиялық символдардың ерекше шартты тілін
пайдалану;
3) картаның генерализациялануы — бейнеленетін нысандарды іріктеп алу және
жалпылау;
4) болмысты бейнелеудің жүйелілігі – элементтерді және олардың арасындағы
байланыстарды беру, геожүйелердің иерархиясын бейнелеу.
Картаның қасиеттері аэро және ғарыш суреттерімен салыстырып қарағанда жақсы
түсінікті болады. Суреттер жердің егжей-тегжейлі бейнелерін,
көшірмесін,ешқандай шартты белгілерсіз береді. Суреттерде аумақ қандай
болса, сондай етіп көрінеді. Картографиялық шартты белгілер бейнені көбіне
көп байытады. Олар нысандардың сандық және сапалық сипаттамаларын
беруге,адамның көзі жетпейтін нысандарды (мұхит түбінің рельефін, үлкен
тереңдіктердегі жер қыртысының құрылысын және т.с.) көрсетуге мүмкіндік
береді. Белгілер сезім органдары қабылдамайтын нәрсені (магниттік
ауытқуларды, ауырлық күштерінің аномалияларын және т.б.) көрнекі түрде
көрсетуге, процестердің динамикасын, олардың уақытта жүруін және кеңістікте
орын ауыстыруын (атмосфералық құйындар, жүк ағындары, халықтың миграциясы)
беруге мүмкіндік жасайды. Ақырында, шартты белгілердің көмегімен картада
есептік көрсеткіштерді және ғылыми абстракцияларды, айталық, температуралар
өрісінің градиентін немесе табиғи ландшафттардың химиялық ластануға
орнықтылық дәрежесін көрсетуге болады. Картограф белгілерді бейнелеу
тәсілдерін өзі таңдап алады, картада ненің қалайша көрсетілетіндігін
шешеді. Бір мезгілде ол нысандарды іріктеп алуды және жиынтықтауды
жүргізеді, осы карта үшін ненің маңызды екендігін,ненің онда міндетті түрде
болуы керектігін, ал ненің маңызы азырақ екендігін толығымен немесе ішінара
алынып тасталуы мүмкін екендігін анықтайды. Бұл кезде картаны құрастырушы
белгілі бір ғылыми қағидаларды, ережелерді, нұсқауларды басшылыққа алады,
өзінің білімдерін тартады, бейнеленіп отырған құбылыстың, оның генезисінің
және картографияланып отырған геожүйедегі маңыздылығының мәнісін өзінің
ұғынуын басшылыққа алады. Картограф қабылдайтын көптеген шешімдер әрбір
нақты жағдайда дербес болып келеді сондықтан қиын формалданады. Суреттен
өзгешелігі, карта жердің көшірмесі болып табылмайды, бұл картографтың басы,
қолы арқылы өткізілген нақты жердің бейнесі.
Табиғат карталарының классификациясы, олардың түрлері типтері.
Картографиялау нысаны.Осыларда табиғат нысандары, құбылыстары, процестері,
олардың кеңістіктік заңдылықтары бейнеленетін карталар табиғат карталары
деп аталады.Бұл карталардың арасында ерекше орынды физикалық-географиялық
карталар алып отырады, бұл карталардың мазмұнын географиялық ортаның және
географиялық қабықтың, табиғаттың құрамдас бөліктерінің немесе
құбылыстарының (климат, топырақ және т.б.) және олардың заңды
үйлесімдерінің – табиғи аумақтық кешендердің бейнесі құрайды.Физикалық-
географиялық карталардың мазмұны (тақырыбы) бойынша классификациясына
тоқтала кетейік. Бұл классификацияда негізгі қағида болып табиғаттың
құрамдас бөліктері: литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера, Жердің
физикалық өрістері және т.б. бойынша топтастыру болып табылады. Осылайша
келу Жер туралы ғылымдарды бөлу қағидасымен үйлесімін табады табиғи
нысандар мен құбылыстардың келесі карталарын бөліп көрсетуге мүмкіндік
береді: геологиялық, жер бетінің рельефі, метеорологиялық және климаттық,
океанографиялық (теңіздер мен мұхиттар суларының), гидрологиялық (жер
бетіндегі сулардың), топырақ, геоботаникалық, зоогеографиялық карталар,
сондай-ақ геофизикалық (жер магнетизмі, гравиметриялық және т.б.) карталар.
Осыларда табиғи жүйелер жалпы бейнеленетін ортақ карталар ретінде
ландшафттардың, табиғи аудандастырудың және т.с. карталары көрініс табады.
Карталарды түрлерге бөлу көбінесе бейнеленетін құбылыстар, процестер,
элементтер бойынша (ормандардың, батпақтардың, төртінші реттік
шөгінділердің карталары, сейсмикалық карталар, жауын-шашын карталары және
т.с.), зерттеліп отырған құбылыстардың әртүрлі жақтары бойынша
(гипсометриялық, морфометриялық) жүргізіледі. Табиғи тақырыптық
картографиялаудың өзекті және жаңа бағыттары дүниежүзілік мұхиттың
тақырыптық карталарын, ғарыш кеңістігін зерттеуге және игеруге арналған
карталарды, ресурс-бағалау бағытындағы карталарды, табиғи ортаны қорғау,
бақылау және жетілдіру карталарын жасау болып табылады.

1.3 Физикалық-географиялық карталарды жобалаудың жалпы мәселелері және
ерекшеліктері
Табиғи нысандарды, құбылыстарды және процестерді картографиялық үлгілеу
жалпы алғанда табиғатты, табиғи кешеннің бөліктерін зерттеуге, ландшафттың
жекелеген элементтерінің суретінің орналасуының және геометриялық
ерекшеліктерінің өзіндік келбетін және олардың ортақ белгілерін айқындауға,
сондай-ақ құбылыстардың өзара байланыстарының түрлерін және типтерін
анықтауға негізделеді. Байланыстардың төмендегідей негізгі маселелер арқылы
көрсетуге болады:
1) негізінен алғанда ландшафт компоненттерінің ендік табиғи аймақтар
бойынша өзгерістерін ескеруге мүмкіндік беретін климаттық факторлармен
байланысты аймақтық байланыстар;
2) теңіздер мен мұхиттардың су массаларының әсерімен анықталатын,
құрылықтық-мұхиттық, оның ішінде құрғақ жер мен теңіздің тікелей өзара
әрекеттесу аймақтарындағы (жағалаулық) байланыстар;
3) ландшафт элементтерінің әртүрлі биіктіктегі белдіктерде орналасқан
табиғи шекараларын анықтауға мүмкіндік беретін биіктік-белдіктік
байланыстар;
4) ландшафт элементтерінің рельефтің пішінімен сәйкестігін белгілейтін
орографиялық байланыстар;
5) аумақтың геологиялық құрылысының ерекшеліктерімен және құраушы
жыныстардың литологиялық-петрографиялық құрамымен байланысты құрылымдық-
литологиялық байланыстар;
6) өсімдіктер мен жануарлар әлемін картографиялау кезінде ескерілетін
биологиялық байланыстар;
7) геохимиялық байланыстар.
Карталарды жобалаудың негізгі ерекшелігі олардың мазмұнын, түрлерін
типтерін картографияланып отырған табиғи құбылыстардың өзгешелігін ескере
отырып, жасап шығару болып табылады. Бірқатар ережелер мен талаптар
табиғаттың әртүрлі карталарын жасау үшін қоланылады. Олардың арасында
жетекші орын бұларды құрудың географиялық қағидаларына, әр құбылысты,
нысанды табиғи кешеннің бөлігі ретінде айқындауға, көрсетуге, салыстырып
қарауға болатын аналитикалық карталардың сериялары бойынша, сондай-ақ
кешенді немесе синтетикалық карталар бойынша құбылыстардың тұтас және жан-
жақты сипаттамасын алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бөлінеді.
Табиғат карталарының легендалары картографиялау нысандарының бейнесін
жекелей алғанда табиғаттың құрамдас бөліктерінің және жалпы геокешендердің
негізгі белгілері бойынша географиялық рас генерализациялауды орындау үшін
ерекше маңызға ие бола бастайды.
Гипсометриялық карталар.
Гипсометриялық карталарды жасаған кездегі картографиялаудың негізгі нысаны
жер бетінің рельефі болып табылады. Бұларда биіктіктердің сатылары бойынша
қабат-қабатпен бояай отырып, горизонтальдармен рельефтің бейнесі беріледі.
Рельеф, сонымен қатар ажырамастай байланысты гидрография осы карталардың
негізгі мазмұны болып табылады. Гипсометриялық карталар жер бетінің биіктік
белдіктері туралы түсінік беруге, сондай-ақ оның негізгі пішіндерін,
олардың морфологиялық ерекшеліктерін көрнекі түрде көрсетуге тиіс. Бұларда
жергілікті жердің орографиялық құрылымының негізгі белгілері, абсолюттік
және салыстырмалы биіктіктер, баурайлардың салыстырмалы тіктігі, қиылысудың
тереңдігі және сипаты беріледі.
Рельеф қимасының шкаласын таңдап алу – гипсометриялық картаны жобалаудың
аса маңызды мәселесі. Бұл ретте негізгі ықпалды картаның масштабы және
рельефтің аймақтық ерекшеліктері көрсетеді. Рельефті бейнелеу үшін бұл
карталарда айнымалы шкалалар қолданылады, оларда горизонтальдар арасындағы
қашықтықтар биіктіктің артуына қарай өзгеріп отырады, орографияны бейнелеу
әдістемесі, рельеф пішіндерін іріктеп алу және жинақтау қағидалары, жасап
шығарылады, орографиялық және гидрографиялық нысандарды жазу ережелері
белгіленеді. Осылардың мазмұны жергілікті жердің рельефімен байланысты
бірқатар өзге карталардың егжей-тегжейлілігі гипсометриялық картада
рельефтің бейнеленуініе байланысты болып келеді.
Гипсометриялық карталарда рельефті құрастырудың әдістемесі басқа карталар
үшін де ортақ болып табылады, мұнда оны гипсометриялық тәсілмен көрсетеді.
Мұндай амал-тәсіл гипсометриялық және жалпы географиялық картографиялық
туындыларда рельефтің бейнеленуінің бірыңғайландырылуын қамтамасыз етеді.
Бояу шкаласын таңдап алу, бейнелеу тәсілдерін таңдап алу және қолдану
дербес маңызға ие. Соңғы кездері осыларда сұр-жасыл, сары сұр-қоңыр немесе
сұр-күлгін реңдер, олардың үйлесімдері қолданылған бірегей шкалалар пайда
болды. Осы карталарды жасап шығарудағы өзге қызықты бағыт – биіктік
аймақтарын аумақтың игерілгендігін, тұрғындардың орналастырылуын ескере
отырып көрсету, алдыңғы қатарға рельефтің орографиялық құрылымдарын беру
үшін бояумен безендірудің жарқындығын күшейту болып отыр. Гипсометриялық
карталар табиғаттың тақырыптық карталарын жасау үшін кешенді картографиялау
үшін негіз болып қызмет етеді, өйткені биіктіктік және орографиялық
байланыстардың бейнеленуін жеңілдетеді. Бұл карталарды сонымен қатар
инженерлік-геологиялық карталар, бағалау типіндегі карталар жасау үшін
негізгі материал ретінде пайдаланады. Бұл карталар бойынша жер бетінің
пішіндерін зерттеуді жүргізеді, басқа да ғылыми және инженерлік міндеттерді
шешеді.

2 Карталардың математикалық негізі және картографиялық проекциялар
Картаның математикалық негізін құрастыру. Картаның математикалық
негізіне: картографиялық проекцияны таңдау, құрастырылып отырған картаның
картографиялық торының жиілігін анықтау, карта масштабын, форматын,
компоновкасын және графикасын жоспарлау кіреді.
Проекцияны таңдағанда ең алдымен өлшемі, картографияланатын
территорияның географиялық орналасуы, картаның қолданылуы, сызықтық,
алаңдық және бұрыштық бұрмаланулардың өлшемі, олардың карталарының әр
бөлігіндегі таралуы, картографиялық тор мен масштабының түрі ескеріледі.
Карта сериялары үшін математикалық негізге қойылған талаптарды
қанағаттандырылған бірыңғай проекцияларды таңдайды.

1. Карталардың масштабтары.
Картаның масштабы — олардың жер бетіндегі (дәлірек айтқанда – эллипсоидтің
бетіндегі) өлшемдеріне қатысты, нысандардың картада кішірейтілу дәрежесі.
Географиялық карталарда ол жерден жерге қарай және тіптен бір нүктеден
екінші нүктеге қарай – әртүрлі бағыттар бойынша өзгеріп отырады, бұл
ғаламшардың сфералық бетінен жалпақ бейнеге көшумен байланысты. Сондықтан
карталардың негізгі және жекелеген масштабтарын айырып таниды. Негізгі
масштаб картада сызықтық өлшемдердің эллипсоидқа немесе шарға қатысты қанша
есе азайтылғандығын көрсетеді. Бұл масштаб картада жазылады, бірақ оның тек
бұл жерлерде бұрмаланулар жоқ жекелеген сызықтар және нүктелер үшін ғана
әділ екендігін есте ұстау керек. Жекелеген масштаб нысандардың өлшемдерінің
картадағы және аталған нүктедегі эллипсоидтағы ара қатынастарын көрсетеді.
Ол негізгі масштабтан көбірек немесе азырақ болуы мүмкін. Ұзындықтардың μ
жекелеген масштабы картадағы ds’ шексіз шағын үзіктің ұзындығының
эллипсоидтың немесе шардың бетіндегі ds шексіз шағын үзіктің ұзындығына
қатынасын көрсетеді, ал аудандардың ρ жекелеген масштабы картадағы dp' және
эллипсоидтағы немесе шардағы dp шексіз шағын аудандарының осыған ұқсас ара
қатынастарын береді:
μ = ds'ds және ρ = dp' dp.
Жалпы жағдайда, картографиялық бейненің масштабы неғұрлым ұсағырақ болса
және аумақ неғұрлым ауқымдырақ болса, негізгі және жекелеген масштабтар
арасындағы айырмашылық соғұрлым күштірек білінеді.

2.2 Картографиялық проекциялар
Картографиялық проекция— бұл ғаламшар эллипсоидының немесе шардың
(глобустың) бетінің картаның жазықтығына математикалық белгіленген
бейнеленуі.
Проекция нүктелердің геодезиялық координаталары (ендігі В және бойлығы L)
мен олардың картадағы тікбұрышты координаталары (Х және Ү) арасындағы
бірмәнді сәйкестікті белгілейді. Проекциялардың теңдеулері жалпы түрінде
тым қарапайым көрінеді:
X=f1(B,L);Y=f2(B,L).
f1 және f2 функцияларының нақты іске асырылуы көбінесе айтарлықтай күрделі
математикалық тәуелділіктермен көсетілген, олардың саны шексіз, ал демек,
картографиялық проекциялардың алуан түрлілігі іс жүзінде шектелмеген десек
болады.Картографиялық проекциялар теориясы математикалық картографияның
негізгі мазмұнын құрайды. Картографияның бұл бөлімінде әртүрлі аумақтар
және әртүрлі міндеттер үшін жаңа проекцияларды іздестіру, зерделеу әдістері
жасап шығарылады, проекцияны талдаудың, бұрмаланулардың бөлінуін және
шамаларын бағалаудың тәсілдері мен алгоритмдері жасалады. Міндеттердің
ерекше аясы бір проекциядан екінші біріне және т.с. өте отырып, карталар
бойынша өлшеулер кезінде осы бұрмалануларды ескерумен байланысты болып
отыр.Кез келген картографиялық проекцияларды іздестіру кезіндегі бастапқы
аксиома Жер шарының (эллипсоидтың, глобустың) сфералық бетін картаның
жазықтығында бұрмалануларсыз бұруға болмайтындығынан тұрады. Міндетті түрде
деформацияланулар – шамасы мен бағыты бойынша әртүрлі қысылулар немесе
созылулар болып отырады.Барлық картографиялық проекциялардың бұрмаланулары
бар. Кей кездері олар көзге қатты түседі, мысалға, материктердің кескіндері
көзге үйреншікті еместей созылған немесе жалпайған болып шығады. Бейненің
кейбір бөліктері дәл бір қомпайған секілді, басқалары деформацияланған
боладыӨлшемдері мен пішіні ұзындықтардың, аудандардың және бұрыштардың
бұрмалануларын көрсетеді, ал үлкен осьтің меридианға және параллельге
қатысты бағдар алуы – ең көп созылудың бағытын көрсетеді. Бұрмаланулардың
эллипсінің үлкен осі аталған нүктедегі ең көп созылудың бағытын, ал шағын
осі – ең көп қысылудың бағытын көрсетеді.
Тең шамалы проекциялар — аудандарды бұрмалануларсыз сақтайды. Мұндай
проекциялар нысандардың аудандарын өлшек үшін ыңғайлы болып келеді. Алайда,
оларда бұрыштар мен формалар айтарлықтай бұзылған, бұл әсіресе үлкен
аумақтар үшін өте көзге түседі.
Тең бұрышты проекциялар — картада көрсетілген кескіндердің пішіндерін
және бұрыштарды бұрмалануларсыз қалдырады (бұрынырақта мұндай проекцияларды
конформды деп атаған). Мұндай проекцияларда элементарлы шеңбер әрқашан
шеңбер болып қалады.Мұндай проекциялар белгіленген азимут бойынша
бағыттарды анықтау және бағыттарды салу үшін әсіресе ыңғайлы болып келеді.
Сондықтан оларды әрқашан навигациялық карталарда пайдаланып отырады
Тең аралықты проекциялар — осыларда негізгі бағыттардың бірі бойынша
ұзындықтардың масштабы тұрақты және әдетте картаның негізгі масштабына тең
болатын еркін проекциялар. Мұндай проекцияларда аудандар мен бұрыштардың
бұрмаланулары болып отырады, бірақ олар теңдестірілгендей болады
Еркін проекциялар – бұл осыларда аудандар да, бұрыштар да қандай да бір
еркін ара қатынастарда бұрмаланып отыратын, проекциялардың барлық қалған
түрлері. Оларды тұрғызған кезде, қандай да бір ымыраға қол жеткізе отырып,
әрбір нақты жағдай үшін бұрмаланулардың ең тиімді бөлінуін табуға ұмтылады.
Айталық, картаның шеттеріне қарай барлық қысылуларды және созылуларды алып
тастай отырып, картаның орталық бөлігінде минималды бұрмаланулары бар
проекцияларды таңдайды.

сурет 2.2-цилиндрлік проекциялар
1 — қалыпты цилиндр проекцияның жаймалануы (жанама цилиндрге проекциялау);
2 – қиюшы цилиндрге қалыпты цилиндр проекция; 3- геодезиялық аймақтарды
жобалау үшін әсіресе ыңғайлы болып келетін, қиюшы цилиндрге қиғаш цилиндр
проекция.
Конусты проекцияларда шардың беті жанама немесе қиюшы конустың бүйір
бетіне проекцияланады, осыдан кейін ол түзуші бойынша кесілген секілді
болады және жазықтыққа жайылады. Дәл алдындағы жағдайдағы секілді, конустың
осі Жердің осімен сәйкес келетін қалыпты (тік) конусты проекцияны және
конустың осі экватордың жазықтығына еңкейген қиғаш конусты проекцияны
айырып таниды.
Азимуттық проекциялар – Жер шарының (эллипсоидтың) беті жанама немесе
қиюшы жазықтыққа көшіріледі. Егер жазықтық Жердің айналу осіне
перпендикуляр болса, онда қалыпты азимуттық проекция алынады Оның
параллельдері – концентрациялық шеңберлер, ал меридиандары – осы
шеңберлердің радиустары. Бұл проекцияда әрқашан біздің және өзге
ғаламшарлардың полюсті облыстарын картографиялап отырады.
Егер проекцияның жазықтығы экватор жазықтығына перпендикуляр болса, онда
көлденең (экваторлық) азимуттық проекция алынады. Ол әрқашан жарты
шарлардың карталары үшін пайдаланылады.Ал егер проекциялау экватордың
жазықтығына кез келген бұрышта тұрған жанама немесе қиюшы көмекші
жазықтыққа орындалған болса, онда қиғаш азимуттық проекция алынады.

Сурет 2.2.1-азимуттық проекциялар
а — жазықтыққа қалыпты немесе полюсті проекциялау; б — полюсті проекцияның
торы; в — көлденең немесе экваторлық проекциядағы тор; г — қиғаш азимуттық
проекциядағы тор.
Азимуттық проекциялардың, конустың ұшының маңындағы бұрыш 180° тең бола
бастағандай, конусты проекциялардың шекті жағдайы болып табылатындығын
көрсетуге болады.Азимуттық проекциялардың арасында осыдан шарды жазықтыққа
проекциялау жүргізілетін нүктенің орны бойынша ерекшеленетін бірнеше түр
тармағын бөліп көрсетеді
Шартты проекциялар — осылар үшін қарапайым геометриялық аналогтарды
таңдап алуға болмайтын проекциялар. Оларды қандай да бір берілген
шарттарға, мысалға, географиялық тордың ниет етілген түріне, картадағы
бұрмаланулардың бөлінуінің қандай да бір бөлінуіне, тордың белгілі бір
түріне және т.б. сүйене отырып тұрғызады. Жекелей алғанда, шартты
проекцияларға псевдоцилиндрлік, псевдоконустық, псевдоазимуттық және бір
немесе бірнеше бастапқы проекцияларды түрлендіру арқылы алынған өзге
проекциялар жатады.

Сурет 2.2.2-азимуттық проекциялар үшін проекциялау орталығының қалпы

Сурет 2.2.3-әртүрлі картографиялық проекциялардағы меридиандар мен
параллельдер торларының түрі:
а — цилиндрлік; б — конустық; в — азимуттық; г — псевдо цилиндрлік; д —
поликонустық; е — псевдоконустық; ж — псевдоазимуттық
Псевдоцилиндрлік проекциялар — осыларда параллельдер – тік сызықтар
(қалыпты цилиндрлік проекциялардағыдай), ортаңғы меридиан – оларға
перпендикуляр тік сызық, ал қалған меридиандар – ортаңғы меридианнан
қашықтаған сайын қисықтығын арттыратын қисықтар. Көбіне көп бұл
проекцияларды Әлем және Тынық мұхиты карталары үшін пайдаланады.
Картографиялық тор – бұл осылардың есебі бастапқы Гринвич меридианынан
бастап жүргізілетін бойлықтардың және осылар экватордан бастап есептелетін
ендіктердің мәндерін көрсететін меридиандар мен параллельдердің
сызықтарының картадағы. Картографиялық тор маңызды географиялық мәнге ие,
ол солтүстік-оңтүстік және батыс-шығыс бағыттарын көрсетеді, ендік
белдіктер туралы, нысандардың дүниенің бұрыштарына қатысты орналасу туралы
пікір айтуға мүмкіндік береді. Меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі
бойынша географиялық азимуттар есептеледі, ал екі пункттің бойлықтарының
айырмасы уақыттағы айырмашылықты көрсетеді. Карталарда географиялық тордың
сызықтарын әдетте тең аралықтар: бірнеше ондаған градустар, бірнеше
градустар, минуттар және тіптен секундтар арқылы түсіреді – барлығы
картаның масштабына және атқаратын міндетіне байланысты болып келеді.

Сурет 2.7- Глобустағы ендік (φ) және бойлық (λ) және картадағы параллельдер
мен меридиандардың торы

2. Қабырғалық физикалық карталардың мазмұны,құрастырылуы және безендірілуі.
Карталарды жобалау және құрастыру – теориялық тұрғыдан да, практикалық
тұрғыдан да картографияның жетекші ғылыми-техникалық пәні. Картография
теориясын дамытудың аса маңызды міндеті болып ең алдымен осы ғылыми-
техникалық пәннің теориялық іргетасын жасау болып табылады. ArcGIS – бұл 3
өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcTooLbox базалық мүмкіндіктердің
жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік
анализ, мәліметтерді редакторлау және оларды географиялық өңдеуден өткізу
сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ – функцияларды шешуге мүмкіндік
береді.ArcGIS геоақпараттық бағдарламада өңдеу арқылы территорияның жер
бедерін бейнелейтін растрлық сурет алуға болады. Алынған растрлық форматты
векторлық форматқа экспорт жасау арқылы территорияның жер бедерін
бейнелейтін векторлы-полигональды қабат аламыз. Карта масштабына сай
векторлы қабатқа генерализация жүргізіледі. ГАЖ-да картадағы барлық
объектілер кеңістіктік объектілер түрінде бейнеленеді. Олар үш типке
жіктеледі: нүкте, сызық және полигон. Осы типтер арқылы көптеген табиғи
және әлеуметтік феномендерді бейнелеуге болады. Нүктелік объектілер
дегеніміз – кеңістікте бір ғана нүктеде орналасқан объектілер. Мысалы,
бұлар құдық, бұрғылау орындары, биіктік белгілері және т.б. модельдеу
негізінде мұндай объектілердің кеңістікте ұзындығы мен ені жоқ деп
есептеледі, бірақ олардың әрқайсысы өзінің орналасу орнының координатасы
болып табылады. Ол–ұзындық. Мұндай бір өлшемді объектілер–жолдар, өзендер,
шекаралар, горизонтальдар. Жалпы барлық жіңішке сызық пішінді объектілер
болуы мүмкін. Полигондар немесе ауданның объектілері деп координаталық
кеңістікте екі өлшемді, яғни, ені мен ұзындығы бар объектілерді айтамыз.
Олар – көл, алаң, кез-келген объект шекарасы және т.б. ArcMap–ArcGIS-тің
негізгі қосымшасы. Мұнда барлық карталық тапсырмалар орындалады–карта
жасау, өңделген мәліметтерді басып шығару, картаны анализдеу және
редакциялау. ArcCatalog қосымшасы барлық ГАЖ мәліметтерді құрайды және
басқарады. Оған кіретін құралдар геоақпараттарды көруге, іздеуге мүмкіндік
береді, географиялық мәліметтер базасын құрастыруға және экспорт жасауға
мүмкіндік береді. Мәліметтер түрі - географиялық қабаттармен жұмыс жасауға,
әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда
негізгі картографиялық жұмыстар жасалынады. Безендіру түрі- мәліметтер
түрлерінде жасалған картаны безендіру, яғни легенда құрастырылады, тақырыбы
жазылады, мәліметтер базасы, қағаз көлемі, масштабы және т.б. көрсетіледі
Франция,оның ішінен растр, вектор,жұмыс жиыны деген папкалар ашамыз.
топографиялық картаны кеңістікте орналастыру үшін сканерден өткізіп,
TIFжәне JPEG форматында Франция→ rastrдеген папкада сақтаймыз. Картаға
проекция береміз. Ол үшін ArcCatalog қосымшаны ашып, тышқанның оң жағын
басып, қасиеттеріне (Propertis) кіреміз. Оның ішінде таңдау (Select) →
Координата жүйесі проекциясы (Projekted Coordinate
Systems)→wgs_1984_web_merkator_Auil lary_sphere→ok→ok.Кез-келген
географиялық объект түрі жеке қабаттардан жасалады. ArcCatalog - тан
Франция ішіндегі vector папкасынан тышқанның оң жағын басып, Жаңа→
Персоналды геомәліметтер базасы, яғни геоақпараттық мәліметтер базасын
құрамыз. Бұл базадан (Персоналды геомәліметтер базасы) → Жаңа→ (Набор
классов обьектов)→кеңістіктік объекттер класы, яғни обьектілер жиынтығын
құрып, оның ішінде қабаттар ашамыз.

Сурет 3- Қабат құру

Обьектілер жиынтығын құрғанда жасайын деп отырған картаның
координаттарын көрсетеміз. Ашылған қабаттардыArcMap-қа шақырамыз. Ол үшін
ArcMap-тан + Мәліметтерді енгізу тетігін басамыз. Ашылған терезеден vector
папкасындағы қажетті қабаттарды шақырамыз. Оларды Мой компьютер арқылы
ашқан кезде ғана көре аламыз.

Сурет 3-ArcMap-қа қабаттарды шақыру

Кез-келген қабатпен жұмыс істегенде барлық обьекттерді категорияларға
бөлеміз. Картасы құрастырылып отырған территориядағы барлық объекттер
салынып болған соң, әрбір обьектіні өз категориясы бойынша категорияға
бөліп, жеке-жеке символ береміз. Яғни, пішінін, түсін, сызықтық объект
болғанда қалыңдығын және т.б. анықтаймыз. Нәтижесінде әрбір объект өз
категориясы бойынша белгілі бір шартты белгіге ие болады.Карта бетіндегі
обьектілерді жазу технологиясы, тексттік баған құру, онымен жұмыс жасау
жолдары. Географиялық объекттерді категорияларына қарай атауларына шрифт
өлшемдерін таңдау. Кез-келген географиялық объектілер белгілі бір ақпарат
көзі болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән мәліметі (атауы,
морфометриясы, морфологиясы) болады. Мысалы, таудың атауы, биіктік өлшемі,
көлдердің атауы, тереңдігі, көлемі және т.б.Барлық географиялық карталарды
құрастыруда карта бетіндегі объекттердің атауы жазылады, негізгі
географиялық ақпарат беріледі.Карта бетіндегі объекттерді бейнелеу
барысында, оның аттарын жазғанда, масштаб ескерілу керек. Масштабқа
байланысты объекттерді таңдап алады.
Аннотация және оны құру жолы. Аннотация дегеніміз – обьекттердің сандық
және тексттік мәліметтерден тұратын жеке қабаты. Аннотация құру жолы:
Объекттердің қажетті мәліметтері жазылған соң, мысалы, елді мекендердің
атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады.
Объекттердің атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше
қабаттың мәліметтері осы әдіспен жазылған жағдайда бір – бірімен араласып,
оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация кабатын құрып, олардың
орнын ауыстыруға болады. Осы процедураны іске асыру үшін келесі
функцияларды атқарамыз: АгсМар-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз (
жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation) (
ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады( байланысты
объектілер (feature linked).

Сурет 3-Аннотация құру

Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар:
1)карта масштабын көрсету керек;
2)аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі объектілердің
картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек.
Аннотация қабатында объектілерқанша класқа бөлінсе,сонша кластан
тұратынкатегорияны көрсетеді. Кез-келген уақыттабір категорияға кіретін
барлық объектілердің автоматты түрде шрифтін, түсін, өлшемін өзгертуге
болады.Объектімен байланысты аннотация, яғни сол объектімен тікелей
байланыста, объектіні алып тастағанда аннотация өшіп қалады. Соңында
convert–ті басамыз, аннотация қабаты қосылады.Енді кез-келген объектіні
белгілеп, орнын ауыстырып коюға, қажет емес кезде алып тастауға, шрифттің
түсін, өлшемін өзгертуге болады.Карталарды безендіру. Қағаз бетіне басып
шығаруға әзірлеу. Мәліметтер түрінде (Data view) – кеңістіктегі объекттерді
бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы
мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.
Компоновка түріндегі (Layout view) – картаны безендіру, қағаз бетіне
басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады. Өзімізге қажетті объекттер
редакцияланып болған соң, картаны безендіру үшін Мәліметтер түрінен
Компоновка түріне ауысамыз. Ең бірінші байқайтынымыз: панельде қағаз өлшемі
көрсетіледі(сурет 2.14)

Сурет 3-Қағаз өлшемін көрсету

Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз, карта қағаз бетіне симаса, қағаз
өлшемін үлкейтеміз.Ол үшін Бет пен баспа параметрі (Page and print set up)
командасын ашу керек. Оны екі жолмен ашуға болады:
1. Файл арқылы
2. Картадан бос кеңістікте тышқанның оң жағын басу арқылы.
Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда текқағаз өлшемі
ғана емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүзеге асырылады
1. Nameкомандасында принтердің немесе плоттердің атын көрсетеміз.
2. Рарег – қағаз өлшемін таңдаймыз.
З. Orientetion:
1) Портрет (Portret)
2) Альбом (Landskapе)

Сурет 3-Картаны безендіру

Карта масштабын жазу. Масштаб картаның тақырыбы мен қолданылуына, оның
форматы мен компоновкасына байланысты таңдалады. Масштабты
картографияланатын аумақтың көлеміне, картаның тағайындалуы, оның
қолданылуы, оның тақырыбына, картада бейнеленетін учаскелерінің көрінісінің
жақсы оқылуына байланысты таңдайды.
Картаның масштабын 2 түрлі жолмен анықтауға болады: біріншісі –
картометриялық жұмыстарды орындау мүмкіндігі бар масштаб. Ең басты
қойылатын талап құрастырылатын картаға нақтылықты қамтамасыз ету.
Екіншісінде картаның нақтылығы маңызды емес. Бұл жағдайдаоны картаның
тағайындалуына, аумақтың қамтылуы және белгіленген форматқа байланысты
таңдайды. Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге болады: сызықтық және
сандық.
Сызықтық – Scale bar
Сандық – Scale text
Қою (Insert)(Сандық (Scale text)
Карта легендасын құрастыру. Картографиялық шартты белгілер деп картада
әртүрлі объектілер мен олардың сипаттамасын белгілеу үшін қолданылатын
графикалық символдарды айтады. Осы терминніңмемлекеттік стандартта қойылған
қысқаша формасы – шартты белгілер. Осы белгілер мен олардың жүйесі ерекше
жасалған тілді – яғни карта тілін құрайды. Олар картаның мазмұнын, яғни
картаның ішіндегі нақты болмыс туралы білімді жеткізеді. Картографиялық
белгілер затты, құбылысты, процесстерді (мұнай мұнарасы, электр желілері,
батпақ, елді мекен, жер бедері, ауа температурасы, су ағыны және т.б.)
көрсетеді. Оларды нақты және абстрактылы объектілер үшін, мысалы, нақты
елді мекенді және абстрактылы түсінік беретін халық тығыздығын көрсету үшін
пайдаланылады. Олай болса, картографиялық белгілер заттық және мағыналы
мәнге ие. Олар бейнеленетін объектімен нақты байланысты болады. Белгілерден
олардың пішіні мен мағынасын анықтауға болады. Бір пішінді белгілер
(мысалы, дөңгелек) әр түрлі картада әр түрлі мағына (мысалы, елді мекен,
кен орындары және т.б.) беруі мүмкін, бірақ нақтылы карталарда әрбір
белгінің мағынасы тұрақты – оның омонимі болмайды.
Осылармен бірге әрбір белгі әр түрлі, бірақ қандай да бір объектімен
байланыста біркелкі болатын топтар үшін, мысалы, аудан орталықтары үшін,
екі рельсті темір жол, өтпелі батпақ және т.б. үшін пайдаланылады. Олай
болса, әрбір белгіге түсінік формасын беретін белгінің мағыналы мазмұны
болатын нақтылы қорытынды тиіс. Картаны қолдану үшін картографиялық
белгілердің мағынасын, олардың мазмұнын, яғни бейнеленген заттармен,
құбылыстармен, процесстермен байланысын меңгеру тиіс
Қою (Insert) ( Легенда (Legend) ( ашылған терезеде 2 баған
бар:
1) Мар layers
2) Legend Items ( Далее ( Аты ( шрифт өлшемі ( Далее (шартты белгінің
ені мен ұзындығы ( Дайын картаны қағаз бетіне басып шығару.
Картаны безендіру жұмыстарынан кейін дайын болған картаны қағаз
бетіне басып шығару үшін төмендегі операциялар орындалады:Карта өлшемін
тексереміз. Оның 3 түрі бар. Ол үшін, яғни тышқанның оң жағын басып:
1. Бет пен баспа параметрі (Page and print set up)( Use printer paper
settinge (Show printer margins on laeout.
2. Ғі1е ( Print preview
З.ҒіІе( Print( Number copies (ОК
Картаның форматы–бұл бүкіл картаның жалпы көлемі. Карта форматын
таңдауда сол картаның ішкі және сыртқы рамкасының көлемін, далалық аймақтың
қиылуы бойынша, сондай–ақ қағаз форматын ескереді.
Картаны жобалауда картаның компоновкасының жобасы өңделеді. Карта
компоновкасы–картаның рамкасына қатысты картада бейнеленген аумақтың
орналасуын анықтаумен және карта тақырыбының орналасуымен, оның
легендасымен, қосымша карталар, графиктер және мәтіндер, карта схемасымен
түсіндіріледі.
Картаның рамкасы–картадағы бейнені қоршап тұратын сызықтар жүйесі болып
табылады. Соған байланысты ішкі және сыртқы рамкасымен ажыратылады. Ішкі
рамка картографиялық бейнелермен шектеледі. Ішкі рамада қималарға бөлінген
сызықтық градустар, минуттар мен олардың бөліктері көрсетіледі. Барлық ішкі
рамкаларды қоршайтын сыртқы рамка декоративті болып табылады.

3.1 Карталардың арнайы мазмұнының элементтеріне горизонтальдар, елді
мекендер, жол тораптары, гидрология(өзен,көлдер, теңіздер, су қоймалары
және т.б.) Гидрография нысандарын және гидротехникалық қондырғыларды
бейнелеу және оларды генерализациялау.Гидрографияны бейнелеудің және оны
генерализациялаудың ортақ мәселелері
карталарда:
1) теңіздердің, өзендердің, көлдердің, су қоймаларының және өзге су
тоғандарының жағалау сызығы, аралдар, жары бар жағалаулар, жағалаудағы
жалдар және өзге де жоталар, судың ағып келу-қайту жолақтары, жағалаудағы
судың таяз жерлері, қайырлар, қайраңдар;
2) өзендер, жылғалар, арналар мен арықтар;
3) табиғи және жасанды су көздері (бастаулар, қайнарлар, бұлақтар, барлық
түрдегі құдықтар, минералды және ыстық су көздері, гейзерлер, су жинауға
арналған құрылғылар және т.с.);
4) жартастар, тастар, рифтер, сарқырамалар және табалдырықтар;
5) плотиналар, шлюздер, дамбалар және жасанды жалдар, су құбырлары,
кәріздер және т,с.;
6) судағы қатынас жолдары және оларға жататын нысандар;
7) теңіздер мен ірі су тоғандарының түбінің рельефі көрсетіледі.
Осы нысандардың барлығы таби,и және жасанды шептер, көлік жолдары, сумен
жабдықтау көздері және бағыт-бағдарлар ретінде үлкен маңызға ие. Олардың
рельеф пен өсімдік жамылғысын қалыптастырудағы, сондай-ақ елді мекендер мен
жолдарды кеңістікте орналастырудағы ролі де зор. Міне, дәл сондықтан да
гидрографиялық торапты картаның оригиналында, оның жоспарлық орналасуын
және бағыт-бағдарларды дәл бейнелей отырып, геодезиялық пункттерді
түсіргеннен кейін бірінші кезекте бейнелейді.
Гидрография элементтерін құрастыру барысында, генерализациялауға кірісе
отырып, генерализациялау процесіне елеулі әсерін тигізетін нысандардың
мазмұндық белгілерін және олардың кеңістіктік құрылымын анықтайды.
Мазмұндық белгілер бейнеленіп отырған нысандардың мағыналық, мазмұндық
жағын сипаттайды. Кеңістіктік құрылым олардың рішінін, кеңістікте
оқшаулануын сипаттайды. Мазмұндық белгілерді айқындай отырып, жағалаудың
және жағалау маңының жалпы сипаттамасын, кеме жүрісін, өзендердің арналары
және сулардың деңгейлік беті туралы, өзендердің ағу жылдамдығы туралы,
судың сапасы туралы мәліметтерді анықтайды; өзендердің, олардың сағаларының
және өзен аңғарларының түбінің сипаты және олардың өткізгіштігі,
гидротехникалық құрылғылардың сипаты және навигациялық жағдай анықталады.
Одан кейін гидрографиялық нысандардың кеңістіктік құрылымын талдау
жүргізіледі. Жоспардағы нысандардың (өзен желісінің) сыртқы пішінін, ішкі
кеңістіктік құрылымын, олардың түрін және орналасу жиілігін зерттейді.
жағалау сызығының кескінделу ерекшеліктерін, теңіз жағалауының түрін,
көлдер мен аралдардың пішінін, өзен желісінің жиілігін, көлдер мен
аралардың орналасу дәрежесін және сипатын айқындайды.
Картографияланып отырған аумақтың географиялық ерекшеліктерін және
гидрографиялық нысандардың мазмұндық белгілерін зерттеудің нәтижесінде
гидрографиялық немесе орографиялық схемалар құрастырылады. Гидрографиялық
нысандарды құрастыру теңіздер мен ірі көлдердің, негізгі өзендердің
олардағы аса маңызды гидротехникалық қондырғылармен бірге жағалау сызығын
бейнелеуден басталады. Одан кейін барлық қалған гидрографиялық нысандарды
бейнелеуге көшеді. Нысандардың атаулары және сандық сипаттамалары, әдетте,
нысандардың өздерін бейнелегеннен кейін жазылады.Гидрография элементтерін
бейнелеу және оларды генерализациялау мәселелерін толығырақ қарастыруға
көшейік.Жағалауларды және көлдерді бейнелеудің және оларды
генерализациялаудың ерекшеліктері
Теңіз жағасы (жағалауы) – бұл осының шегінде теңіз бен құрғақ жердің өзара
әрекеттесуі байқалатын жер бетінің жолағы. Жағалаудың құрамына: жаға аймағы
– құрғақ жердің теңізге жапсарлас жатқан және су толқындарының әсерінде
тұратын бөлігі; жағалау маңы – теңіздің құрғақ жерге жапсарлас жатқан суы
таяз бөлігі кіреді. Жағалау сызығын дұрыс бейнелеу ерекше маңызға ие. Су
тасуы жоқ теңіздердің жағалау сызығы карталарда бір сызықпен бейнеленеді.
Осылардың деңгейі судың тасу-кері қайту тербелістеріне ұшырап отыратын
теңіздер үшін жағалау сызығы екі шекті қалып кезінде қабылданады.
Жағалаудың негізгі сызығына толық су (су тасқыны кезіндегі) сызығы
қабылданады. Жағалаудың су қайту кезінде құрғайтын, құрғау жолағы деп
аталатын учаскесі осылайша бейнеленеді.
Теңіздердің түбін сипаттау және жағалаулардың қол жетімділігін көрсету
үшін, теңіз жағынан теңіз карталары бойынша навигациялық қатерлер (құздар,
рифтер, тастар, қайраңдар), сондай-ақ маяктар, кеме тұрақтары, теңіз
арналары, судың тасу-кері қайту ағындары, тереңдіктердің белгілері және
изобаттар түсіріледі.
Жағалау сызығы ірі масштабты карталарда картаның масштабы жол беретін ең
көп егжей-тегжейлікпен бейнеленеді. Шолу-топография карталарында
жағалаулардың бейнесін генерализациялау, осы кескіннің типтік қасиеттерін
және өзіне тән ерекшеліктерін (бұрыштық, тісті, бірқалыпты, сопақ, тік және
т.с.) сақтай отырып, жағалау сызығының кескінін кеңістіктік жалпылаудан,
өзінің шығу тегі және құрылысы бойынша жағалаудың аталған түріне тән болып
келетін жағалау пішіндерін айқындаудан және картада беруден тұрады. Бұл
ретте жағалаудың аса маңызды нүктелерін – бұрылыс, мүйіс, бұғаз нүктелерін
дәл беру ойластырылады. Жағалау сызығын бейнелей отырып, оның
морфологиясын, жағалаулардың түрлерін бейнелеген маңызды.
Фьордты жағалауды бейнелеген кезде оның ұзын, құрғақ жерге енген
шығанақтармен қатты бөлшектенуін берген маңызды.
Шхерлік жағалаулар фьордтық жағалауларға қарағандатереңдігі азырақ, бірақ
көбірек жиі және ұсақ бөлшектенгендігімен ерекшеленеді және жағалау
маңындағы аралдардың, тасты қайраңдардың және жекелеген су астындағы мен су
бетіндегі тастардың көптігімен сипатталады.
Далмат жағалауды бейнелеген кезде оның құзды сипатын, сопақ пішіні бар және
жағалауға параллель орналасқан шығанақтардың, қойнаулардың және аралдардың
көп санын бейнелеген маңызды болып келеді.
Картада арал жағалауларын бейнелей отырып, олардың аралдардың, түбектердің,
тар да ирелеңдеген шығанақтардың, ағыстардың және құмды қайраңдардың көп
санымен қатты тілімделгендігін беріп отыру керек.
Лиман жағалауларды лимандардың сағаларын тұйықтайтын немесе жағалаудың
бағытына қатарлас жүретін құмды жалдардың бар болуы ерекшелендіреді. Оларға
өзінің сыртқы түрі бойынша лагуна жағалаулары көбірек жақын болып келеді.
Оларға жағалаудың жалпы бағытына қатарлас орналасқан суы таяз шығанақтар
(лагуналар) тән.
Топографиялық карталарда жағалау аймағының егжей-тегжейлі сипаттамасы:
жағалау кертпешінің құрылысы (жарлы, тік, жадағай), жағажайдың бар-жоқтығы
және ені, жағалаудың грунты (тасты, малта тасты, құмды), жағалау жалдарының
бар-жоқтығы беріледі.
Теңіз жағалауын бейнелеуге көше отырып, карта құрастырушы картограф
ауданның географиялық ерекшеліктерін зерттейді, негізгі картографиялық
материал және географиялық анықтама бойынша жағалаудың түрін және оның
құрылысының ерекшеліктерін анықтайды. Одан кейін жағалау сызығы
ирелеңдіктің әртүрлі дәрежесі және жағалау аймағының әртүрлі құрылымы бар
учаскелерге бөлінеді. Осыдан кейін жағалауға ең тән нүктелердің және
сызықтардың (мүйістердің, айлақтардың және т.с.) орнын атап көрсетеді және
жағалау сызығының кескінін салады. Құрастыру кезінде әртүрлі учаскелердегі
жағалау сызығының тілімделуіндегі айырмашылықтарды, сонымен қатар жағалау
пішіндерінің құрылысының типтік қасиеттерін және өзіне тән ерекшеліктерін
сақтап қалуға ұмтылады. Жағалауды құрастыру жағалау маңындағы аралдарды,
құздарды, қайраңдарды және суы таяз жерлерді бейнелеумен аяқталады.
Карталарда көлдерді және жасанды ашық су тоғандарын бейнелеген кезде
генерализациялау барысында олардың шамасы, жағалауларының сипаты, су
деңгейінің тұрақтығы, қоректену және кеме жүзу жағдайлары, судың сапасы,
көлдердің даму бағыты (сатысы) секілді (мазмұндық және кеңістіктік-
құрылымдық) белгілер бейнеленеді. Аталған ауданға тән болып отырған, көлдің
және бүкіл көлдер жүйесінің типтік кескіндемесін, сондай-ақ олардың
жергілікті жердің басқа элементтерімен байланысын және көлдің (көлдердің)
даму динамикасын бергеннің маңызы одан кем түспейді.
Карталарда теңіздердің, ірі көлдердің және су қоймаларының жағалау
маңындағы жолағын бейнелеген кезде навигациялық теңіз карталары және
лоциялар пайдаланылады.Өзендерді, өзен жүйелерін, сулы көздерді және
гидрографияның басқа элементтерін бейнелеудің ерекшеліктері
Карталарда өзендерді көрсеткен кезде өзен жүйесінің және су ағысының түрі
мен сипаты, оның кеме жүзгіштігі, су ағынының режимі және қуаты, өзеннің
ағу жылдамдығы, өзен сағасының түбінің және жағалауларының құрылысының
ерекшеліктері, өзеннің жетілгендігі, өзен арқылы өткелдердің сипаты
секілді мазмұнды белгілер бейнеленеді. Карталарда бейнеленетін кеңістіктік-
құрылымдық белгілерге өзендердің айналымдылығы, олардың ені, ұзындығы,
тереңдігі, су ағысының бағыты, өзен сағасының жоспардағы пішіні, су
ағысының ұзына бойғы профилі, жағалаулардың кескінінің сипаты
жатқызылады.Барлық өзендер мен арналар карталарда кеме жүзетін және кеме
жүзбейтін болып бөлінеді. Өзендердің кеме жүзетін учаскелері және кеме
жүзетін арналар карталарда олардың атауларын жазудың қарпімен ерекше көзге
түсіріледі. Кеме жүзудің басталуы арнайы шартты белгімен көрсетіледі. Кеме
жүзетіндерге осылар бойынша навигация кезеңінде өзен кемелерінің жүрісі
жүзеге асырылатын өзендер мен арналарды жатқызады. Ең суы мол және бірінші
кезекте кеме жүзе алатын ағыстар бөліп көрсетіледі.
Су ағынының тұрақтылығы бойынша өзендер тұрақты және құрғап кететін болып
бөлінеді. Тұрақты өзендер бүкіл жыл ішінде, құрғап кететін өзендер – тек
белгілі бір кезеңдерде су ағысына ие болып отырады. Мерзімді су ағысының
арналары құрғақ арналар белгісімен көрсетіледі.
Өзендердің жағалаулары жадағай, жарлы, жағажайы бар, жағажайсыз және т.с.
болып бөлінеді.
Картада өзендердің ені және ұзындығы бейнеленеді. Ені бойынша картаның
масштабында олардың арасында белгіленген аралығы бар екі параллель сызықпен
бейнеленетін өзендер және бастауынан сағасына қарай тұрақты жуандауы бар
бір сызықпен бейнеленетін өзендер көзге түседі.
Ирелеңдік дәрежесі және басқа белгілері бойынша таулы, жазықтықтық және
өтпелі (олардың арасындағы) түрлердегі өзендерді айырып таниды. Таулы
өзендерге тән белгілер болып арнасының аз ирелеңдігі, су ағысының үлкен
жылдамдығы, сарқырамалардың бар болуы табылады. құрастыру кезінде аталған
түрдегі өзеннің арнасының кескінін өзен аңғарының пішінімен келістіруге
ерекше назар аударылып отырады.
Жазықтықтағы өзендер арнасының үлкен ирелеңдігімен, құлауының шағын
шамасымен, аса баяу ағысымен сипатталады. Маңызды көрсеткіш болып ирелеңдік
көрсеткіші табылады, ол өлшемдік коэффициенттерді пайдаланудың негізінде
анықталады. Жекелей алар болсақ, ирелеңдік көрсеткіші ретінде Ки
коэффициентін қабылдауға болады, ол аталған учаскенің ұзындығының осы
учаскенің шекті нүктелерін байланыстыратын тік сызықтың ұзындығына
қатынасына тең. Ирелеңдік коэффициентінің мәніне байланысты тік арналарды
(К = 1), иілген (К = 1 —1,5), ирелеңденген (К=3,5) арналарды бөліп
көрсетеді. Карта масштабының азаюымен өзендердің бейнесінің ирелеңдігінің
болмай қоймайтын тегістелуі жүріп отырады.
Жоспардағы (кескіні бойынша) сыртқы пішіні бойынша барлық өзен жүйелері
жергілікті жердің рельефінің сипатына және геологиялық құрылымына
байланысты тармақталған, діңгекті, торлы, параллель, радиаль, лабиринт
тәрізді, желпуіш тәрізді болып бөлінеді.
Өзен жағалауларының нүктелерінің абсолюттік биіктігін анықтау үшін олардың
межелік деңгейге келтірілген биіктіктерінің белгілері жазылып отырады.
Карта масштабында бейнеленетін, өзендердің (су шептері және қатынас жолдары
ретіндегі) қосымша сипаттамасы ретінде оның енінің, тереңдігінің, су
ағысының жылдамдығының және су түбі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялық карталарды топтастыру
Қазақстанның физикалық картасы
Географияны оқытудағы инновациялық технологияларға сипаттама бере отырып оқушылардың шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, географияны оқытудың нәтижелігін көтеру
Шатыр төсеу технологиясы
Қызылорда қаласындағы жылдық өнімділігі 20000м3 газдысиликальциттен майда қабырға блоктарын өндіретін зауыт жобасы
Газбен қаныққан мұнай
Құрылыс материялдарын сынау лаборатория жағдайында өнім сапасын талдау
Тарих сабағында картографиялық көрнекілікті пайдалану
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ
Пәндер