Маңғыстау облысындағы іскерлік туризмді дамыту және жақсарту-арттыру жолдары


Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі Маңғыстау облысындағы іскерлік туризмінің дамуының мүмкіншілігін зерттеу. Мұнайлы өлке болған соң іскер мақсатта туристер көптеп келеді. Мұнай бар жерде іскер турист бар.
Туризм индустриясы шаруашылықтың бір саласы ретінде бизнеспен кәсіпкершілікті дамытуға танымдылықпен салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы ерекше құрал ретінде қарастырылуда.
Әлемдік туристік нарықтағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатты бағдарламасы жасалды. Онда халықаралық деңгейге іскерлік туризм түрін шығару және біздің кәсіпкерлер бизнестік форумдарға қатысуға арнайы іскерлік туризмді дамытуға бағыт алынды. Өткен жылғы туризм саласындағы негізгі көрсеткіштер:
- сырттан келу туризм 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың адамды құрады;
- ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрды;
- сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды құрады.
Жалпы көрсетілген қызмет көлемі 3932, 6 млрд. тенге. Сатылған турөнімдер 13890, 7 млн. тенге. Бұл көрсеткіштер 2006 жылға карағанда 1, 9 есеге өскен.
Осы жоғарыда көрсетілген мәлеметтерден дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты құрылды, яғни Маңғыстау облысындағы іскерлік туризмнің қалыптастыру мәселелерің ілімдік және практикалық тұрғыда сараптай отырып төмендегі міндеттерді шешу:
- нарық жағдайындағы іскерлік туризм түрін талдау;
- іскерлік туризм түрінің қалыптастырудағы басқару мәселелерінің анықтау;
- іскерлік туризм түрінің негізгі міндеттерін айқындау;
- іскерлік туризм түрін қалыптастыруға қатысты ұсыныстар беру.
Зерттеу объектісі: Каспий Тур ЖШС -тің мысалында Маңғыстау облысының іскерлік туризмін қарастыру.
Туристік фирмалардың жұмыстарымен танысу. Практикалық маңыздылығы: ілімдік негізде Маңғыстау облысының туризмі туралы деректерді талдау барысында іскерлік туризм түсінігін туризм индустриясында пайдалану жолдарын көрсету. Туристік өнім бейнесін анықтай отырып Республикадағы іскерлік туризмнің жүйесін қалыптастыру. Еліміздегі іскерлік туризмнің қалыптастыру концепциясын жасауда алғы шарттар берілуі еліміздегі туризм индустриясының дамуына өзіндік септігін тигізуге тиісті.
Дипломдық жұмыс үш тараудан турады. Бірінші тарау - Іскерлік туризмнің қалыптасуының ілімдік және әдістемелік негіздері қарастырылды. Екінші тарау Маңғыстау облысының физикалық географиялық жағдайы Үшінші тарау Маңғыстау облысындағы іскерлік туризмді дамыту және жақсарту шараларын қарастыру.
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері
Іскерлік туризмге анықтама, және қызметтер түрлері. Іскерлік туризммен бүкіл халықаралық тарихты байланыстыруға болады. Ұлы Жібек жолымен жүрген саудагерлер, Марко Поло, Афанаси Никитин, Васко да Гама, Христофор Колумбтар сапарларын белгілі бір мақсатпен байланыстырады, былайша, іскерлік сапар жасаған десек те болады.
Қазіргі таңда саяхатшылардың әрбір төртіншісі сапарларын іскерлік мақсатпен байланыстырады. Және осы іскерлік сапарлардың әр түрлі мақсатта жасалатын үлкен саяхаттар секторын іскерлік туризм дейміз.
Іскерлік туризм - дегенде туристік қызметтердің толық пакетін жатқызамыз. әуе билетін броньдаудан бастап бизнес виза жасау және трансферлер іскерлік кездесулерді, демалуларды ұйымдастыруларды айтамыз [1] .
Іскерлік туризм - әр елдің ұлттық экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Және сол экономиканың әлемдік нарыққа интеграциалануына септігін тигізеді. Іскерлік туризм әр қилы, ол өз құрамына жеке сапарлар мен топтық сапарларды қамтиды. Және бұл сапар шегулер әр түрлі халықаралық корпорациялар ұйымдастыратын іс шараларға қатысады. Ал бұндай іс сапарлардың түрі көп. Съездер, конференциялар, семинарлар, тағы басқадай шаралар. Бұндай іс шараларды көптеген саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени, діни және басқа да ұйымдар ұйымдастырады. Бұнымен қатар әр түрлі жәрмеңкелер, бизнес трэйнингтер, бизнес курстар тағы басқада іс шараларға қатысу, бұлардың барлығы іскерлік туризмнің бір бөлігі. Сонымен қатар бұндай іс шаралар әрқашан экскурсиялармен, танымдық бағдарламалармен байланыстырылады.
Іскерлік туризм тұтынушылармен, инвесторлармен, іскерлік әріптестермен кездесуге, жаңа технологиялармен танысуға, бизнестің дамуына оң септігін тигізеді. Ал жекелеген бизнестің дамуы дегеніміз сол мемлекеттің барлық экономикасының алға жылжуы, дамуы екендігі айтпаса да белгілі. Осы себептен біз іскерлік туризмді экономиканың маңызды бір бөлігі дей аламыз.
Іскерлік туризм дегеніміз не? Алдымен турист мағынасын ашып көрелік. Сөз жоқ, көз алдымызға табиғат аясындағы жорық көлбең ете қалар: тігілген шатыр, арқадағы рюкзак, шалқыма от басындағы шабытты ән, түрлі спорттық ойындар, тәбет ашар балық қалбырының кермек иісі. Тіпті турист дегенімізді қашық жерге шығып, тәуліктен астам уақыт тұрақты жүріп-тұрған адамды ен тағып даралап, дәлдеп атап жатады. Ал іскерлікті ту еткен туристің жайы белгілі. Бизнесін бекемдеу мақсатымен айшылық алыс жерден келген іскер адам ойындағысын тындырған соң, тосын шаһардың тарихи, мәдени орындарын аралап, сұлулық көрінісін тамашаласа, оның туристен несі кем? Мысалы, Парижге бардыңыз делік. Құмарлық отың маздап жүре берер . . .
Енисей алқабын аралау, Луврды тамашалау, опера театрына бару . . . Ой-өрісің танымдық жағынан байи түсер. Аралаған жеріңнің бәрі сені турист ретінде бағалап, құрметтейді, мінсіз қызметін көрсетеді. Туриспін деп кеуде соғуыңа болады. Яғни, іскер-турист! Осы түсінік астаналық шенеуніктерге көп парыз жүктейді. Елорданы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, сондай-ақ оны Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту жолында күрделі шаралар жүзеге асып жатқан кезеңде іскерлік туризм проблемаларын бүге-шігесіне дейін зерттеп, нақты жұмыс істеуге ықыласты олар. Сондықтан да шығар, әкім Асқар Мамин кезекті бір жедел кеңесте осы мәселені күн тәртібіне шығарып, тиісті сала мамандарын біраз ширықтырып алған. Онымен де шектелмей, бұл мәселені үнемі бақылау қырынан шығармай отырады [1-3] .
Туризмге деген ықылас қаланың кластерлік экономикасының ең басым бағыттарының бірі есептелетіндіктен де айрықша мәнге ие болып отыр деуге негіз бар.
Келімді-кетімді адамдардың туристік сапарларының мәнісін сараптағанда белгілі болған жәйт мынадай. Олардың саны жылдан-жылға орта есеппен 20-30 пайыз өсіп келеді. Дегенмен, бір нәрсенің басы ашық қалып отырғандай. Іссапармен келушілер қатарының көбейгенімен, Ал шетелдік туристік топтарға мінсіз қызмет ету, міне, мақсатты іс сонда ғана кемелдене түспекші. Бізде осы жағы қандай деңгейде екен?
Іскерлік туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда өз ерекшеліктері бар. Бұл туризмнің қызметін тұтынушыларына сапарларының басты мақсаты сол елдегі іскерлік мақсат. Бұл әртүрлі халық аралық конференциялар, симпозиумдер, жиналыстар, көрмелер, компаниялардың еншілес фирмаларына сапарлары, тәжірибе алмасуы. Сол елдің ішкі іскерлік сапарлары. Осындай сапарлардың туризммен ара қатынасын анықтап алу керек. Анықтап алу үшін сапар шегушілердің туризмнің қандай қызметтерін пайдаланатынын анықтау керек. Бұл қызметтер ішіне қонақ үй қызметі, тамақтану, транспорт, экскурсиялық қызметтер тағы басқа.
Іскерлік туризм тікелей экономикалық жағдаймен байланысты. Олардың дамуы тура пропорционал болып келеді. Қазақстанға жыл сайын 50 млрд. тан астам шетелдік инвестиция құйылады. Республика аймағында жүздеген шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Жыл сайын көптеп кәсіпорындар мен кәсіпкершіліктер бой көтеруде. Бұл дегеніміз осы мекемелердің мыңдаған қызметкерлері іскерлік сапар шегеді деген сөз. Осы сапарлар барысында қызметтерді тұтыну арқылы туризмге әсер етеді.
1. 1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны, рөлі және мәні
Іскерлік туризм - адамдардың іс-сапарлары, жиірек кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілердің ресми мақсатпен:келісімшартқа отыру, контракт, жиналыс өткізу, консультация, тәжірибе алмасуы және т. б. Сонымен қатар, іскерлік туризмге съездерге қатысу, конгресс, конференция, көрмелер мен жәрмеңкелер жатады. Іскерлік туризммен көбінесе тұрмыс жағдайы жақсы қамсызданған, көлікке, қонақ үйге, сувенирлерге, экскурсияларына қомақты қаржы жұмсайтын адамдар айналысады. Айтып кету керек, іскер туристер туризмнің жаңа бағыттарын ашып жатады. Туристік емес елдерде іскерлік мақсатта басқа елдерге бару 70-75%, ал туристік елде осындай мақсатпен сыртқа шығу 10-15% құрайды. Ал жалпы алғанда әлемде бұл туризм түрі 20%-ды алады. Басым бағыттары Еуропа, Солтүстік Америка және Оңтүстік Шығыс Азияға бағытталады. 1991 жылы Еуропа мемлекеттері 27, 5 млн іскерлік туристерді қабылдады. Бұл 56% кәсіпкерлердің іссапары, 20% конгрестік турлар, 20% - жәрмеңкелер мен көрмелер, 4 %-ын т. б. Еуропа сонымен қатар шығу іскерлік туризімінен де алғашқы орында. Кіру және шығудан Еуропада Германия елі көш басында. Ал іскер адамдарды күтіп алудан Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария Бельгия елдері алғашқы орында. Бірақ қазіргі уақытта кіру және шығу іскерлік туризмнің дамуы АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде байқалуда. 1992 жылы АҚШ-қа 3, 1 млн іскер адамдарды қабылдады. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бойынша Сингапур (1, 1 млн. ) және Жапония (935 мың. ) елдері ерекшеленіп отыр [1-5] .
Сурет 1. Іскерлік туризмнің жіктелуі [авторлық]
Конгрестер мен көрмелерге қоса іскерлік туризмге инсентив турлар кіреді. «incentive» мағынасы ағылшыннан түрткі болатын дегенді білдіреді. Мұндай туризм түрі коммерциялық фирмалардың ең жоғары нәтиже көрсеткені және шығу семинарлар мен жиналыстар жүргізгені үшін қыметкерлерін мадақтап, сапарға жіберуі. Инсентив турды 2-ге бөліп қарастырады: жеке және шығу семинарлары, конференциялар, диллерлік мектептер.
Ең алғашқы инсентив тур 1910 жылы АҚШ-тың National Cash Register Company of Danton компаниясымен жүргізілді. Компанияның агенттері мен диллерлері өте жақсы нәтижелі жұмыстары үшін Нью-Йоркке тегін сапармен марапатталды. ХХғ 60-жылдары азаматтық реативті ұшақтардың ұшуына байланысты мұндай турлар тұрақтана бастады.
Инсентив туризмнің бірнеше мақсаты бар:
Презентация және жаңа өнім мен қызметтердің алға жылжуын;
Өнімнің сапасын жоғарылату;
Диллерлік және агенттік жүйелерді құру;
Лояльді және бірге жұмыс атқаратын топ жасау;
Мақсат тәуелділігіне сәйкес 3 инсентив бағдарламадан тұрады:
Марапаттау бағдарламасы
Мотивациялық бағдарлама
Топ құрастыру (team building) .
Инсентив бағдарлама - эффектісі көп уақытқа созылатын клиенттер мен диллерлерді, қызметкерлерді марапаттайтын ең жақсы шешім.
Инсентив бағдарламаның ерекшелігі нақты тапсырыс берушінің жеке өзімен іске асырылады. Бұл турлар маршрутта ең жоғарғы класты орналастыру мен қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. Іскерлік туризмде инсентивтің алатын үлесі 8 %, ал Испания мен Францияға баратын марапатталған туристер 5-7% құрайды. Инсентив турлардан пайда айтарлықтай жоғары. Себебі мұндай турлар қарапайым турларға қарағанда әлдеқайда қымбат. Мысалы, небәрі 20 туроператор мен 230 турагенттік айналысатын Швейцарияда инсентив туризмнің айналымы 460 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал жалпы Еуропа бойынша инсентив туризм айналымы 4, 5 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Жақсы жұмыс істегені үшін сапарға жіберу АҚШ-та ХХғ 60-жылдары басталды. Әлемнің әр аймағында туризмнің басқа түрлері сияқты инсентив туризм те етек алып, тарап кете қоймады. Тек 1970-80ж. ж. мадақталған туристер ағымы ескі континентке жылжуымен, Еуропаны жаулады, содан соң Азия едеріне бағыт алды. Дәл осы кезеңде Еуропа мен Азида 5* отельдер қарқынды жұмыс істей бастады.
Осыдан бері интенсив туризмнің географиясы өзгермеді. АҚШ баяғысынша мадақталған туристердің басты жеткізуші көзі болып табылады. Еуропаға сапардың 60% үлесі инсентив сызығы бойынша турға кіреді. Мадақталған турлардың қалаулы бағыттары АҚШ-тан Мексика, Ұлыбритания, Азия және Тынық мұхит елдері. Инсентив туризм сапарларының 80% Еуропа, 10% АҚШ, 6% Оңтүстік Шығыс Азия, 4% басқа бағыттар құрайды. Еуропалық туристер көбінесе Франция, Испания, Швейцария, Австрия, Кипр, АҚШ, сонымен қатар Кариб теңізінің аралдарына барғанды қалайды. Осындай инсентив турлар Еуропада кең етек жаюда. Тәжірибе көрсеткендей, тұтынушы тауарына қарағанда инсентив турлар әлдеқайда қызықтырарлық.
Ұлыбританияда фирманың жалпы шығынының 2/5 бөлігі осындай турларға жұмсалады екен, ал Франция мен Германияда тең жартысы. Инсентив турдың бағасы адам басына шаққанда 500-ден 1500 АҚШ долларын құрайды, ал ұзақтығы 3-7 күн.
Еуропалық ассоциацияның мәліметі бойынша, мадақталған туристерді жеткізуден баяғысынша АҚШ көш басында (60 %), Ұлыбритания (20%), Германия (11%) . Соңғы жылдары инсентив туризммен Жапонияға келушілер саны да көбейді. Ал Қазақстанда мұндай турлар саусақпен санарлықтай. Инсентив топтың құрамы мынадай: басқарушы персонал (31%), сату бөлімінің менеджерлері (20%), тұтынушылар (20%), агенттер мен дистрибьютерлер (14%) .
Инсентив турды құрастырғанда ең алдымен сапардың тартымдылығына, жас құрамына, денсаулығына, діни көзқарасына және жеке қызығушылығына басты назар аудару қажет. Инсентив туризмнің нарықта кең тарауына байланысты осындай турларды ұйымдастыратын фирмалар пайда болды.
АҚШ-та мұндай турфирмалар қатарына «Е. Ф. МакДоналд Трэвел Компани», «Мариц Трэвел Компани» және «Топ Вэлью Интерпрайзис»кіреді.
Инсентив турдың ең қарапайымы бұл - 4*немесе 5* отельде орналасу және экскурсиясы толы бағдарлама. Мұндай турларды көбінесе американдық туристер қалайды екен. Сонымен қатар инсентив турдың басқада түрлеі жетерлік. Олар көбінесе бір идеяға бағытталады. Олар гольфтен жарыс, үрленген шарда серуендеу, Альні шыңына шығу, ән, би кештері бар круиздер, гастрономиялы немесе тамақтану турлары.
Инсентив турдың өсуіне байланысты конгресті көрмелік кәсіпкерліктің, форумдардың кең тарауының түрткісі болды. Солардың бірі Нью-Йоркте орналасқан Мадақталған туризмнің қоғамдық қызмет түрлерінің сферасы (SIТЕ) . Ол 650 мүшеден тұрады. Қазіргі уақытта SITE-ң 18 комитеті жұмыс атқарады. Олар инсентив туризм университетін басқарады, аймақтық жиналыстар семинарлар, сауда көрмелерін жүргізеді. Эксперттердің болжауы бойынша инсентив турдың болшағы зор. ХХI ғ инсентив туризм әлемдік шаруашылық қызметкерлерін мадақтаудағы басты формасына айналмақ.
Инсентив турлардың ұйымдастырылуы маманданған ұйымдастырушылар мен аймаққа байланысты. Іскерлік орталықтар мен рекреациялық аймақтар инсентив сапарларды жүргізудің басты аудандары болып табылады.
Инсентив турдың географиясы күннен-күнге кең етек жаюда. Осындай турларға байланысты арнайы «инсентив турларға арналған қонақ үйлер» торабы жұмыс істеуде.
Іскерлік саяхаттарда конгресті көрмелік туризм динамикалық сегментке айналып отыр. Конгресті көрмелік туризм қатарына конгрестер, көрмелер, конференциялар, ісшаралар кіреді. ДТҰ-ның статистикасы бойынша конгресті көрмелік туризм іскерлік сапарлардың 10-12% құрайды. Әлемде форумдар, конференциялар, симпозиумдар, жиналыстар, семинарлар, жәрмеңкелер мен көрмелерге деген қызығушылық артуда. Ғалымдар, кәсіпкерлер, дәрігерлер, өнер адамдары, туризм және басқа сала қызметкерлері (құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы т. б. ) жаңа ақпарат алу, әріптестерімен көрісу, тәжірибелерімен алмасу, күнделікті тіршіліктен құтылу үшін осындай ісшараларға жанталаса қатысады. Конгрестер мен көрмелердің бірге берілу себебі олардың мағыналарының бір-біріне өте жақындығында.
Әдетте конгересті көрмелік туризмі дамыған елдердің ғылыми- техникалық бағыттағы репутациясы көш алдында. Мұндай елдер ең алдымен мамандарды қызықтырады және де басқа келушілерді өздеріне тартады. Конгересті көрмелік туримнің қатысушыларды өзіне тартудың басты шарттары болып елдегі экономиканың дамуы, транспорттық инфроқұрылымы, байланыс құралдары, қонақ үй қорының болуы. Көрмеге қатысу - шығыны көп ісшара. Себебі стендистердің іссапар бағасы, құралдарды жеткіу, стендтің алатын орнының құны осылардың бәрі ескеріледі. Конгресті туризм көрмелік туризмнің әртүрлілігін көрсетеді.
Іскерлік туризм жан жақты болып келеді. Жоғарыда айтылғандай, мамандар бизнес туризмі түсінігінің орнына ағылшын термині “MICE” көп қолданады. Бұл бизнес туризмінің құрылымы болып табылады [1-3] .
1. Бүгінгі таңда іскерлік туризм құрылымында көп кездесетін түрі жеке іскерлік саяхаттар болып табылады, оның үлесі - 70, 8 % (2 сурет) .
2. Конференциялар мен семинарлар - 12, 6%.
3. Көрмелер - 10, 9 %.
4. Конгрестік туризм - 3, 3 %.
5. Инсентив туризм - 2 %.
Сурет 2. Іскерлік туризмнің үлесі [5]
Енді іскерлік туризм түрлеріне жеке тоқталып өтейік . Жеке іскерлік саяхаттар, қазіргі бизестердің ең көп жасайтын саяхаттарының бірі. Негізінен бұндай саяхаттардың мақсаты жаңа нарықты барлауға жаңа байланыстар құруға арналған болып келеді. Бұл жағдайда бизнесмендер өз саяхаттарын алдын ала жоспарламайды.
Конференциялар мен семинарлар осы шараларды өткізу әдетте алдын ала жоспарланады. Бұндай шараларға компаниялардың бір адамы немесе топ, ғалым, жай ғана бақылауша жіберіледі.
Конгрестік туризм. Конгрестік қызмет көрсету туристік көрсетудің ішіндегі спецификалық түрдің бірі. Конгрестік туризм ең табысты түрі болып келеді. Осы туризм түрінің басқа саяхаттарға қарағанда айта кететін екі артықшылығы бар :
- конгрестік туризм маусымаралық кезеңде немесе маусымсыздықта да материалдық базаны қолдануға мүмкіндік береді;
- конгреске қатысушылардың орнын шараның басталуынан алдын ала бронь жасап қою керек, және орналасу жері ыңғайлы, конгресс өтетеін жерге жақын болуы керек, сонымен қатар көңіл көтеру, демалу, спортпен айналысуға мүмкіндігі бар жер болуы тиіс;
Осы туризм түрі бір мезгілде екі түрлі қажеттілікті қанағаттандырып отырады: ақпарат алу және демалу. Конгрестік туризмнен түсетін табыстың 30% ын экскурсиялық бағдарламалар мен банкеттер құрайды.
Инсентив туризм (ағылшын сөзі «incetntive» - стимул, марапаттау) пайда болуына онша көп болған жоқ. Қазіргі заманда көптеген компаниялар өз ұйымдарын мотивациялау мен біріктіру саясатын жүргізе бастады. Бұл біріккен саяхаттар, корпоративтік кеш, ұйымдық демалыс, табиғаттағы пикник ретінде жүзеге асады.
Компаниялар басшылары өз жұмысшыларына жақсы жұмыс істегені үшін алғысын білдірудің бір тәсілі ретінде де инсентив туризмді қолдануға болады.
Оқу семинарларды, треннингтер, персоналдың потенциалын дамытып қана қоймай, күш қуатын арттыруға да көмегін тигізеді. Кең ауқымды ұсыныстарды қолдана отырып турфирмалар мен консалтинг компаниялар әр ұйымға салалық, кадрлық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып жеке бағдарламалар құрастырады.
Осы туризм түрінің болашағы өте зор. Өйткені компаниялар саны жылдан жылға артуда. Ал егер бір ұйымға көрсетілген қызметтер ұнаса олар әрдайым клиент болуға даяр болады. Халықаралық туристік бизнесте incentive destination деген ұғым қолданады. Ол қалалардың тізімі. Оны ірі компаниялар корпоративтік демалыстары үшін таңдайды. SITE халықаралық ассоцациясы осындай қалаларға есеп жүргізеді. Олар әр түрлі параметрлерге қарап демалыс орындарын бағалайды: жақсы көлік торабы, тұрақты саяси жағдай, халықаралық санитарлық нормаларға сәйкестігі, отельдердің дамыған жүйесі, рекреациялық орындардың көптігі [1, 5-7] .
Іскерлік туризмдегі қызмет, олардың түрлері. Әрине, туристік мақсаттағы келіп-кетудің жөні бір басқа екендігінде дау бар ма? Айдай әлемге атақ-даңқы жайыла бастаған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани тіршілігімен танысу сырт қонақтың көздегені болса, соның бәріне қолайлылық туғызу да оңай міндет емес. Бірақ жаман үйді қонағы билейдінің кебін келтірмес үшін басты қаланың намысын үлгілі қызмет ауанымен қорғап қалу қандай ғанибет десеңізші. Өкінішке қарай, турист күтудің дәл осы буынында кемшін тұстар көп.
Сондықтан мемлекетте туризм кластерін дамытқан кезде іскерлік туризммен айналысатын мекемелерге де көп көңіл бөлген жөн. Мемлекет дамыған сайын сол мемлекетке келетін туристер саны да арта түседі. Және келетін туристер дамыған мемлекеттерден келуі көбірек болады. Ал сол дамыған мемлекетте қызмет көрсету саласы әлде қайда дамыған болып келеді. Сол себептен де туристері де таңдағыш келеді. Туристік мекемелер қызмет сапасына көңіл бөлулері тиіс.
Негізгі стандарт бойынша белгіленген қызмет түрлері бар [1] .
Олар:
Стандарттық конференстік пакет:
әуе қатынасы
транферлер
орналастыру
тамқтандыру
бағдарлама бойынша алып жүрулер
конференц залды арендаға алу
кофе брэйктер
конференц зал үшін жабдықтармен қамтамасыз ету
аудармашылар қызметі
кешкі іс шаралар
экскурсиялық бағдарламалар
сақтандыру
визалық қызметтер
Сонымен қатар қосымша қызмет түрлері де көрсетіледі:
қарсы алу - шығарып салу
басқа қаладан келушілерді орналастыру
әуе жайда VIP қызметтерді ұйымдастыру
іскерлік кездесулерді ұйымдастыру
дөңгелек стөл кездесулерді өткізу үшін қосымша залдар алу
жарнамалық компаниялар жүргізуді ұйымдастыруға көмек
комфортты демалыс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz