Каспий өңірінің экологиялық ахуалы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
I. Каспий маңы ойпатына физика-географиялық жағынан сипаттама беру
1. 1. Геологиялық құрлысы және жер бедері . . . 5
1. 2. Гидрографиясы . . . 7
1. 3. Климаттық жағдайы . . . 7
1. 4. Топырақ және өсімдік жамылғысы . . . 8
II. Каспий маңы ойпаты мұнай-газ саласындағы компаниялардың жұмысына экономикалық баға беру
2. 1. Каспий мұнайлы-газды аймағы . . . 14
2. 2. Қазақстан экономикасындағы «Теңізшевройл» компаниясының
орны . . . 15
2. 3. Атырау мұнай өңдеу зауытының жетістіктерін экономикалық
тұрғыдан сипаттау . . . 19
III. Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешу амалдары
3. 1 Каспий теңізінің экологиялық жағдайлары . . . 23
3. 2 Қазақстанға қажеті - қалдықсыз өндіріс . . . 27
3. 3 «Теңізшевройл»-дың қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына
экологиялық баға беру . . . 29
3. 4 Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық мәселелерді шешудегі
іс-шаралары . . . 35
IV ЖАҢА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КАРТА ҚҰРАСТЫРУ ПРОЦЕСІ ( ARCGIS ПРОГРАММАСЫНДА) . 36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 43
Кіріспе
Каспий өңірі . . . Соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ жіберді. Жұртшылық оны өлеңге қосып, еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен, оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес екен, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында “қара маржан” теңізі тұнып жатқаны анықталды. Ол аз десеңіз Каспий қайраңында да мұнай өнімін өндіру қарқынды орын алып келеді.
XVIII ғасырдың басындағы орыс карталарында Каспий-Арал арасы “Иесіз маң дала” деп көрсетіліпті. Әрине, бұл білместіктен, зерттелмегендіктен, шынтуайтқа келгенде өгей көзқарастан болғаны анық. Ал қазіргі кезде “болашағы зор аймақты ” бас көзге қарамай құлшына игеру осы Каспий өңірін шынымен де “маң далаға” айналдырып жібере ме деп қауіптенесің. Себебі ондай қиянат білместіктен емес, біле тұра белден басылып, адамзат тарихының ақтаңдағына соқтырмай ма деген ойға еріксіз жетелейді.
Каспий қойнауындағы қара алтын басты орынға шығып, теңі келмес флорасы мен фаунасы, экологиялық ахуалы жайлы мәселе көлеңкеде қалып отырғаны жан күйдіреді.
Алайда соңғы жылдары аз да болса Каспий өңірінің проблемаларына бет бұрылып, оларды шешудің жолдары қарастырылуда.
Курстық жұмыстың мақсаты.
Жұмыста ең алдымен көтеріліп отырған мәселе Каспий өңірінің экологиялық ахуалы.
Каспий теңізі өңірін тек мұнай-газ қорының, бекіре балығының, пайданың көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық апат аймағы тұрғысынан қарастыру.
Жұмыстың III бөлімінде Европа мен Азияның дәл ортасында жатқан Каспийдің экологиялық мәселелері және олардың себептері ашық көрсетілген.
I. Каспий маңы ойпатына физика-географиялық жағынан сипаттама беру
1. 1. Геологиялық құрылысы және жер бедері
Батыс Қазақстанның мұнайлы-газды аудандары - Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарының географиялық координатасы 42-49 0 солтүстік ендік және 50-58 0 шығыс бойлықта орналасқан. Бұл территорияның геолого-географиялық жағдайына Маңғышлақтың денудациялық жазығы, Үстірт және Каспий маңы ойпатының өзен-көлдік жазығы жатады /1/. Каспий маңы ойпаты - Каспий теңізін солтүстігінен доға тәрізді ораған ойпат. Солтүстігінде Жалпы Сырт қыратымен, шығысында Үстірт және Маңғыстау тауларының етегімен, батысында Ергене қыратымен шектеледі. Каспий маңы ойпаты бұрын теңіз түбі болған. Төрттік дәуірдегі теңіз трансгрессиялары кезінде теңіз дүние жүзілік мұхит деңгейінен 50 м жоғары көтеріліп, солтүстігінде Жигули тауларына дейін жеткен. Каспий маңы ойпатының жер бедері теңізден қалған қалыңдығы 1 км-ге дейін жететін беткі қабаты құм, шөгінді саз жыныстары қабаттарынан қалыптасқан. Тегіс жазықтың үстінде жеке тұз күмбезді қыраттар кездеседі (Бесшоқы 60 м, Индер 56м, Үлкен Боғда 152м, т. б. ) . Ойпаттың теңіз жағалық бөлігінде батысында Кума өзенінің сағасынан, шығыста Жем өзеніне дейін бэр төбешіктері таралған/3/. Каспий маңы ойпаты абсолюттік биіктігі - 10-27м ағынсыз өзен-көлдік-аккумулятивтік жазықтықта орналасқан. Оның кристалдық ірге тасы солтүстік-батыста 6-7 км-ден 14-18 км-ге дейін, шығыста 7-8 км-ге дейін, оңтүстік-шығыста 10-12 км-ге дейін және орталығында 20-21 км-ге дейінгі тереңдікте жатыр. Ойпат мезокайнозойдың борпылдақ қалдығымен толтырылған, оның беті тұзданған төрттік шөгінділер, өзен-көлдік және аллювиалдық топырақ саздық жамылғымен жамылған. Бұл территория палеозой-мезазой жасындағы мұнай-газ қорлары мен құрылыс материалдары және әртүрлі химиялық шикізаттарға бай/1/.
Жер шарының ғажайып табиғи су қоймасы - Каспий теңізі. Оның ескі атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар және т. б. Ол - Евразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Жалпы ауданы 376000 шаршы км. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 320 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км, қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, т. б. 50-ге тарта арал бар. Ірі түбектері: Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп /3/.
Геологиялық құрлысына және физика-географиялық жағдайына байланысты, яғни тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Олар: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік. Теңіз түбі бедері күрделі, ол әр түрлі жастағы геотектоникалық құрлымнан тұрады.
Солтүстік Каспий 24, 3% ауданды алады, Каспий теңізінің 0, 5% көлемін
құрайды. Жалпы ауданы - 91942 шаршы км, суының көлемі 397 текше км. Мұнда теңіздің тереңдігі 4-10 м-ден аспайды. Теңіз түбінің жер бедері - әлсіз толқынды, аккумулятивті жазық. Шығыс жағалауда - Бузачи аралшығы, Сор Қайдақ, өлі Құлтық және Үстірттің батыс жарылымы орналасқан. Солтүстік Каспий жағалаулары - төмен, ирелеңді, аккумулятивті. Солтүстік Каспий Каспий маңы ойпатының бөлігі болып табылады. Бассейннің түбі Еділ, Жайық өзендерінің грунтты шайылымымен толған. Солтүстік Каспийге Еділ, Жайық, Терек және Жем өзендері келіп құяды. Өзендер атырауы бірнеше ағыстарға тілімденген, олар көптеген ұсақ аралдарды құрастырады.
Орталық Каспий - 140 мың шаршы км ауданды алып жатыр, суының көлемі 26439 текше км. Орталық Қаспий құрамына 36, 4% аудан кіреді, ол теңіз көлемінің 33, 9% алып жатыр. Ең терең жері - 788 м, ал орташа тереңдігі - 192 м. Ең терең жерлері Дербент ойпатында жатыр. Түбінің бедері Солтүстік Каспий бассейнінің бедерінен біршама ерекшеленген. Мұнда шельф, материктік беткей және ойпаттың түбі анық бөлініп көрсетілген. Батыс жағалаудың шельфі тар, Дербент ойпатының материктік беткейі тар және жарлы болып келген. Шығыс жағалаудың шельфі кең, солтүстікке қарай біршама ирелеңденген беткейлікте. Орталық Каспий ойпатының оңтүстігі Оңтүстік Каспийден су асты үйінділер және аралдар қатары орналасқан Апшерон құрлысы беткеймен бөлінген.
Солтүстік Каспийдің жағалауы денудациялық жарланған. Батыс жағалауы Үлкен Кавказ жотасымен жағалас. Шығыс жағалауы шөлді. Теңіз үстінен Үстірт жарлары, Маңғышлақтың таулы жүйесі, Туарқыра, Құбадақ-Құбасенгір және Үлкен Балқан түбектері көтеріліп жатыр. Шығыста, неогендік төмпешіктер арасында көп санды ағынсыз ойпаттар және Қарабұғаз-Гол бұғазы орналасқан.
Оңтүстік Каспий біршама тереңделген сейсмобелсенді, Каспий теңізінің қозғалмалы бөлігі. Жалпы ауданы - 148640 шаршы км немесе Каспий теңізінің 39, 3% ауданын алып жатыр. Суының көлемі - 51245 текше км. немесе теңіз су көлемінің 65, 6% алып жатыр. Ең терең жері - 1025 м, ал орташа тереңдігі - 345 м. Теңіз түбінің бедері күрделі - шельфтер, материктік беткейлер, терең ойпаттар және су асты жоталарымен ерекшеленеді. Шығыс бөлігі шельфінің ені - 130 км, ал батыс жағалауы 43 км құрайды. Батыс жағалаулардың жер бедері әр түрлі қалыптасқан. Баку қаласынан Алят мүйісіне дейін Кавказ таулары созылып, әрі қарай Кура-Араксин ойпаты, яғни Кура өзенінің атырауы орналасқан. Мұнда жағалау ойпатты-аккумулятивті. Мұнда Батыс-Түркмен мұнай-газды облысы орналасқан. Жер бедері шөлді құмдардан, ал олардың арасы сорлар мен тақырлардан тұрады /2/.
1. 2. Гидрографиясы
Каспий теңізі жеке су торабы ретінде өзінің маңызды гидрологиялық тізбесін құрайды. Бұл тізбе барысында өзінің реттік факторлары: климаттық
жағдай, өзен ағысы, теңіз тереңдігі және түбінің бедері, жергілікті бедер, жағалау сипаты анықталады. Өзен ағысы тимператураның таралу сипаттамасына, тұздануына және судың тұздылығына әсер етеді.
Өзендері . Теңіздің солтүстік бөлігіне ірі өзендер - Еділ, Жайық, Жем, құяды. Жалпы ағыс жиынтығы Каспийге ағатын жылдық ағыстың 88% жуығын құрайды. Батыс жағалауға ұсақ өзендер жатары, яғни жылдық ағыстың 7% -ын беретін Сұлақ, Терек, Қура өзендері құяды. Қалған 5% ағыс Иран өзенінің жағалауынан келеді (Горган, Херад, Сефидруд) . Шығыс жағалауда тұрақты су ағысы жоқ. Өзендер торы сирек. Еділ, Жайық, Терек өзендері ғана Каспий теңізіне дейін жетеді, ал Қараөзен, Сарыөзен, Ойыл, Сағыз, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты өзендері жазда үзіліп қалады. Тұзды көлдер көп.
Мұздық тізбесі. Теңіздің гидрологиялық тізбесінде тереңдік және түбінің бедері маңызды рөл атқарады. Теңіздің терең бөлігінде жазғы уақытта жиналған жылу қыста су температурасының таралуына әсер етеді. Қысқы уақытта Солтүстік Каспийдің тайыз жерлерінде ауа температурасының төмендеуі нәтижесінде мұздану процесі жүреді. Бүкіл Солтүстік Каспий желтоқсан айының соңында 40-100 см-ге жететін мұзбен жамылады.
Аралдары. 1980 жылға дейін Каспий теңізінде 350 шаршы км ауданды құрайтын 50-ге жуық аралдар болған. Олардың аса ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жилой, Огурчинский және басқалары. Аралдардың аудандары теңіз толқынының деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта деңгейдің өсуіне байланысты көптеген арал аудандары кенеттен қысқартылған, тіпті кейбіреулері теңіз суы деңгейінің астында қалған. Каспий теңізі суының түсі көкшіл-жасылдан сарғыш-қоңырға өзгеріп отырады. Судың мөлдірлігі лайлы өзен суы ағысының нәтижесінде онша емес. /2/
1. 3. Климаттық жағдайы
Климаты тым континенттік. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -14 0 С, Каспий теңізінің жағалауында -8 0 С. Абсолют минимумы -40 0 С-қа дейін барады. Қар жамылғысы жұқа түскенімен, 4-5 ай жатады. Жазы ыстық, әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы 22-24 0 С. Абсолют максимумы 40 0 С-тан асады. Жылдық жауын-шашын солтүстігінде 250 мм-ден оңтүстік-шығысында 150 мм-ге дейін кемиді. Аңызақ желі жиі қайталанады.
Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26 ْ С, оңтүстігінде 27-28 ْ С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10 ْ С-қа жуық болады.
Орталық және Оңтүстік Каспийдің климаттық жағдайы қыста тұрақсыз жылы, жауын-шашынды ауа температурасы суық, күн сәулесі жарықтық ауа температурасымен ауысып отырады. Жәй күндізгі ауа температурасы 3-6 0 С. Жауын-шашын немесе қар жауып, бірақ тез арада ериді, дегенмен қыстың суық қаһарында қар қалыңдығы 10 см жетеді. Көктемі жылы, бірақ басқа жыл мезгілімен салыстырғанда ылғалды. Көктемнің бірінші жарты айларында түнде суық байқалады. Ал жазы құрғақ, ыстық, аспаны ашық. Ыстық күндері ауа температурасы +25-30 0 С (+43 0 С) жетеді, ал түнде +16 0 С төмендейді. Жазда жауын-шашын болмайды. Ауаның ылғалдануы күндіз 30%, түнде 60%. Күздің бастапқы айларында ауа температурасы жылы, аспан ашық болады, ал қалған айларында бұлтты, салқын болады. Күндіз ауа температурасы жоғары, түнде керісінше төмен болады. Мұнда жел жиі-жиі орын алады. Ол Каспийдің шығыс жағалауынан соғады, жылдамдығы 3-5 м/с. Сонымен қатар Каспийдің солтүстік және орталық бөліктерінде де жел жиі-жиі болады.
1. 4. Топырақ және өсімдік жамылғысы
Каспий маңы ойпаты шөлейт және шөлді аймақтарды қамтиды. Сортаң бозғылт қоңыр және қоңыр топырақ сипатты сор мен сортаң кең көлемде таралған. Мұнда көбінесе жеке жоталар мен өзен байларында қақ, сорлар, құмды аудандар бар. Топырақ палеогеннің аяғында басталған құм аралас сазды шөгінділерінен түзілген. Ойпаттың оңтүстік беті - теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық. Бірақ мұнда тұз күмбездері ұшырайды, солтүстік бөлігіне қарағанда тұзды сорлар, қақтар көбірек. Солтүстігінде жусанды бетегелі, оңтүстігінде жусанды сортаң өсімдік басым. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы мен флорасымен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100 астам түрі кездеседі. Теңіздің солтүстік бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі ( оның ішінде омыртқасыздар- 1069, омыртқалылар- 415, паразит жануарлар- 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар ( шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і ) құрайды.
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, торта, көксерке, сазан, килька көп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Итбалық аулау ертеден жолға қойылған. Теңізде бекіре тұқымдастарының 5 түрі тіршілік етеді. Дүние жүзілік қордың 70%-ы осы Каспийде. Кәсіптік балықтардың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізінің балық қоры 2, 9 млн. тонна болса, оның 40%-і Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді.
Солтүстік Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі кездеседі. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына ” енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т. б бар.
Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады, 6 түрі- Қазақстанның “Қызыл кітабына ” енгізілген.
Каспий маңы ойпатының физикалық картасын құрастыру
ГАЖ дегеніміз - табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады.
ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі - нұсқаларының географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.
ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе.
Каспий маңы ойпатының физика-географиялық картасын құрастыру барысында ArcGIS геоақпараттық программалық өнім қолданылды. Карта құрастыруда ең негізгі қолданылған модуль Spatial Analyst қосымшасы.
- Spatial Analyst қосымшасы арқылы осы территорияның 1:5 масштабтағы топографиялық қартасынан биіктік белгілерін нүктелік қабатқа түсіреміз, барлық биіктік өлшемдері мәліметтер базасында тіркеледі.
- 1:5 масштабтағы топографиялық картадағы горизонтальдар сызықтық қабатта векторланып, барлық өлшемдері мәліметтер базасында тіркеледі.
- Негізгі гидрографиялық торлар (өзендер) сызықтық қабатта векторланып, барлық өлшемдері мәліметтер базасында тіркеледі.
- Тұйық су көздері (көлдер, теңіздер) полигондық қабатта векторланып, барлық өлшемдері мәліметтер базасында тіркеледі.
- Осы аталған қабаттарды Spatial Analyst модулінде өңдеу арқылы территорияның жер бедерін бейнелейтін растрлық сурет алуға болады. Алынған растрлық форматты векторлық форматқа экспорт жасау арқылы территорияның жер бедерін бейнелейтін векторлы-полигональды қабат аламыз. Карта масштабына сай векторлы қабатқа генерализация жүргізіледі.
1-сурет. Биіктік белгілері енгізілген нүктелік қабат және мәліметтер базасы (атрибуттар кестесі)
2-сурет. Горизонталь сызықтары бейнеленген сызықтық қабат және мәліметтер базасы (атрибуттар кестесі)
3-сурет. Гидрографиялық тор
1-кесте. Каспий маңы ойпатының физикалық сандық картасының мәліметтер базасының құрылысы.
Қабаттың аты
( ArcGIS бағдарламасында)
Геомет-
риялық типі
өзендер
көлдер
НП
Шекаралар
рельеф
сызық
полигон
нүкте
сызық
полигон
Гидрографиялық өзен торлар
Тұйық сулар (Каспий теңізінің батиметриясы)
Елді-мекендер
Мемлекеттік шекара
Жер бедері
1
2
3
1
2
3
4
5
1
2
1
2
3
4
5
6
7
ірі өзендер
ұсақ өзендер
уақытша ағын сулар
батиметрия шкаласы
облыс орталықтары
қала типтес поселке-лер
Метрмен өлшенген биіктіктердің шкаласы
төмен - (-100)
-100 - (-50)
-50 - 0
0 - 100
100 - 200
200 - 300
300 - жоғары
II. Каспий маңы ойпаты мұнай-газ саласындағы компаниялардың жұмысына экономикалық баға беру
2. 1. Каспий мұнайлы-газды аймағы
Қазақстан Республикасының шаруашылығында мұнай-газ саласы ерекше орынға ие. Мұнай газ ресурстарын тиімді пайдалану халықтың өмірінің жақсаруына және тұрақты экономикаға әсер етеді. Мұнай газ ресурстарының
қоры жағынан Қазақстан Республикасы дүние жүзі бойынша 12-ші, ал шығаруы жағынан 15-ші орынға ие. Мұнай-газдың негізгі көздері Батыс Қазақстанда - бұлар Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау, Бұзашы, Оңтүстік Торғай ойысы.
Атырау, Батыс Қазақстан, ішінара Ақтөбе облыстарының жерінде орналасқан мұнай, газ кен орындары шоғырланған аймақ. Ерте палеозойға дейінгі даму сатысында тектоникалық төмендеуіне байланысты қалың шөгінділердің жиылуына шалынған Шығыс Еуропа платформасының құрамдас оңтүстік-шығыс бөлігі. Геофизикалық деректер бойынша кембрийге дейінгі іргетастың тереңдігі 20 км-ден асады. Стратиграфиялық қимада жаппай дамыған кунгур ярусының тұзды қабаттары бүкіл киманы 2 бөлікке бөледі: жоғарғы бөлік (мезозой - кайнозойлық тұз үстіндегі терригендік шөгінділер) және төменгі бөлік (тұз астындағы палеозойлық карбонатты-терригендік шөгінділер) . Аймақтың жоғары мұнайлы-газдық әлеуметі көптеген факторларға байланысты, олардың ең бастылары: шөгінді қабаттардың орасан зор қалыңдығы және ондағы жыныстардың түзілу тегінің теңіздік болуы; шөгінді шоғырлануының жоғарғы дәрежедегі көлемдік жылдамдығы (әрбір млн. жылда - 15000 текше км) ; тұз үсті және тұз асты шөгінділеріндегі органикалық заттың молдығы; стратиграфиялық қимада мұнай мен газ түзуші жыныстардың жақсы дамығандығы, т. б. 2000 жылға дейін Каспий мұнайлы-газды аймағындағы 3 әкімшілік облыстың аумағында 120 мұнай, мұнай-газ, мұнай-газ-конденсат кендері ашылды.
«Каспиймұнаймаш» - Ақтау қаласындағы машина жасау кәсіпорны. «Каскор» акционерлік компаниясының бұрынғы Жөндеу-механикалық зауыты негізінде 1997 ж. 15 шілдеде жабық акционерлік қоғам нысанында құрылды. Қазіргі кезде кәсіпорын мұнай мен газ өндірісі саласының кәсіпорындарына, энергиялық кәсіпорындарға және облыстың химия кешеніне жабдықтар шығаруға мамандандырылды. Кәсіпорында оқпандарды бұрғылау және мұнай айдау кезінде пайдаланылатын бұрғылау сорабын, тербелме-станоктарға арналған Ц2НШ редукторларын күрделі жөндеуден өткізуді игерді. Кәсіпорынның жылына 100-ден астам сорап шығаруға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге кәсіпорын бұрғылауға, мұнай жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған босалқы бөлшектер мен аспаптарды, соның ішінде мұнайды жинап, сақтауға арналған ыдыстарды кең ауқымда өндіреді /3/.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Ақтау қаласында орналасқан және құрылымы «Комсомолнефть» НГДУ, бұрғылау жұмыстарының өзіндік басқармасы, бұрғылау жұмыстарының Маңғыстау басқармасы; бұрғылау жұмыстарының Жетібай басқармасы; технологиялық көлік басқармасы сияқты болып бөлінеді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кеніштері Қазақстан Республикасындағы ең ірі өндіргіш кәсіпорын бола тұрып, өндіру жағынан төмендеп бара жатқандығымен сипатталады. Себебі, 1998 жылы 3347, 4 мың т. мұнай өндірілген, ол 1997 жылмен салыстырғанда 74, 7 % құрайды. Мұнайдың көп бөлігі Қаламқас және Жетібай кеніштерінде өндіріледі. Өндірудің төмендегі техникалық себептерден басқа, оны реализациялау қиындықтарымен байланысты болды. 1999 жылы
Ресейдің алыс шетелдерге мұнайды экспорттауға арналған квоталары айтарлықтай жоғарылаған, бұл берілген кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын жақсартуы мүмкін/5/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz