Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І.бөлім. ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ .бөлім. ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ПРОЦЕСІ. ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ . ҰЗАҚ ТА ЖАУАПТЫ ПРОЦЕСС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ.бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектiлiгi.
Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған.
Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты.
Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде.
Саяси даму – кез-келген қоғам өмiрiнiң барлық салаларымен тығыз байланыста дамитын және оның iшкi саяси тұрақтылығына тiкелей әсер ететiн аса маңызды саяси-әлеуметтiк фактор ретiнде қоғамдық ғылымдар, оның iшiнде саясаттану ғылымындағы өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады. Республика Президентi Н,Ә. Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына Жолдауында.. “қоғамның бекем тұстарының бiрi оның саяси тұрақтылығы мен бiрлiгiнде жатыр ”, - деп атап көрсеттi.
Тақырыптың зерттелу деңгейi.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың ”Қазақстан-2030” Жолдауы халқымыздың өсiп-өркендеуiн, қауiпсiздiгiн және әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған, ел дамуының үлкен бiр кезеңiне арналған мемлекеттiк бағдарлама болып табылады.
Қазақстан Республикасының саяси дамуы мәселесiн қарастыру жолында ”Қазақстан-2030” даму стратегиясын басшылыққа алдық. Елбасы онда атқарылған iстерге баға берiп, алдағы жылдағы атқарылар iстiң нақты нысаналарын көрсетiп бердi.
Қоғамдағы демократияландыру – ұзақ та күрделi процесс. Демократияны дамыту – меншiк қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту, яғни экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттiң қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егемен мемлекеттi қуатты президенттiк республика етiп қалыптастыру. Қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдiсi, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мәселелерi Ө.Байгелдiнiң, М.А. Биекеновтiң, Ж.Х .Жүнісованың, Т.Омарбектiң және Әбiш Кекiлбаевтің және т.б ғалымдардың еңбектерiнде жан-жақты қарастырылған.
Өтпелi кезендегi экономикалық саясаттың ерекшелiгiн, оның бүгiнгi деңгейiн, елiмiздiң нарықтық экономикалық жүйеге көшуiнiң проблемалары мен перспективасын, жалпы мемлекеттiк экономикалық саясаттың стратегиясын қарастыру мәселелерi Р.Ю.Қуатовтың, А.Е. Болғанбаевтың, К.А. Берденованың және т.б. еңбектерiнде барынша ауқымды зерттелген.
Қазақстан – 2030 стратегиясы бойынша иновациялық экономика құру бойынша ғылыми шикiзаттық емес факторды дамыту мәселелерiн талдауда, бiлiм беру, мәдени – рухани қызметтi ашып көрсетуде, олардың бүгiнгi проблемалық мәселелерiне арналған конференция материалдары, Конституция және т.б. елеулi рөл атқарады.
Қазақстан Республикасын демократияландыру, оның қоғамдық – саяси, әлеуметтiк – экономикалық және рухани дамуы мәселелерiн жан-жақты зерттеуде төмендегi газет – журналдардың материалдары қамтылды: «Ақиқат», «Саясат», «Азия», «Егемен Қазақстан» , «Казахстанская правда», «Полис», «Түркiстан» .
Диплом жұмысымның мақсаты мен мiндеттерi.
Жұмыстың негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтiк және рухани дамуының алғышартьтарын ашып көрсету және елдегi ахуалды терең таразылау, дамуымыздың әлемдiк тәжiрибе тұрғысынан талдау және реформаларды іске асыру мен жаңа институттардың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру болып табылады.
Осы алдымызға қойған мақсаттан мынадай мiндеттер туындайды:
- Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық саяси ахуалды анықтап,
оның даму үрдiстерiн айқындау;
- қазақстандық қоғамды демократияландыру процесiнiң ерекшелiктерiн саралау, оның басым бағыттары мен негiзгi принциптерiн зерттеу;
- қазіргі кезендегi экономикалық саясатты жүзеге асырудың
қазiргi жай – күйi мен оның ерекшелiктерiн талдап көрсету;
- республикадағы демократиялық өзгерiстердiң қоғамның бiлiм
және мәдениет мәселелерiне ықпалын ашып көрсету;
Дипломдық жұмыс құрылымы.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi сипатталады. Сонымен бiрге жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi көрсетiледi.
“Президент Жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары” атты бiрiншi бөлiмде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 Ел халқына Жолдауы туралы, ондағы елiмiздiң iшкi және сыртқы саясатына, саяси экономикалық және әлеуметтiк дамуына байланысты мақсат – мiндеттер айқындалады. Сонымен қатар Президенттiң ”ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары”, 1998-2000 жылдарға арналған неғұрлым маңызды мiндеттерге талдау жасалынады.
”Қоғамды демократияландыру процесi” – деп аталатын екiншi бөлiмде Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдiсiнiң қалыптасуы, оның жүзеге асырылу ерекшелiктерiне тоқтала келiп, мәселенiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк салалардағы негiзгi принциптерi мен мiндет – мақсаттары анықталады.
”Өтпелi кезеңдегi экономикалық саясаттың ерекшелiгi” деген үшiншi бөлiмде елiмiздiң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясының басты мiндеттерi көрсетiлiп, нарықтық экономиканың қалыптасу ерекшелiктерiне, меншiк институттары, кәсiпорындарды жекешелендiру, шетел инвестицияларын қорғау және алу және т.б. мәселелер талданған.
“2030 – стратегиясы : бiлiм және мемлекет мәдениет мәселелерi” атты төртiншi бөлімінде Қазақстан Республикасындағы бiлiм және мәдениет проблемаларының бүгiнгi таңдағы даму ерекшелiктерi, елiмiздегі жаңаша бiлiм беру жүйелерiнiң құрылып жатқандығы туралы, демократиялық саяси мәдениет және басқа да мәселелер қарастырылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) Назарбаев Н. Ә. "Қазақстан - 2030". Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1998. — 96 бет.
2) Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы. 1996
3) Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.
4) Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
5) Назарбаев Н. Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын // Ақиқат, 1998, №3.
6) Назарбаев Н. Ә. Қазақстан халқының азаматтық тандауы — тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар: Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама. Ақмола, 1997, 6 маусым. Алматы: Қазақстан, 1997.
7) Кекілбайүлы Ә. Жабыла іске жұмылсақ, жағдай тез жақсарады //Ақиқат, 1998, №2.
8) Байгелді Ө. Егемендік — ел бақыты (это священное слово свобода) Алматы, 1998.
9) Байгелді Ө. Ел ертеңі-бүгіннен // Егемен Қазақстан, 1997, 25 қазан.
10) Джунусова Ж. X. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. Алматы, 1996.
11) Қуатов Р. Ю., Болганбаев А. Е. Экономика и проблемы переходного периода. Алматы, 1997.
12) Қазақстанның - 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешудің жолдары. Алматы: Қазақстан, 1998. - 136-бет.

13) Бабақұмаров Е., Жансүгірова Ж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы // Саясат, 1995, № 2.
14) Ильин М. В., Мельвиль А. Ю., Федоров Ю. Е. Демократия и демократизация. (раздел учебного пособия). // Полис,1996, №5 -стр.146.
15) Шмиттер Ф. Размышление о гражданском обществе и консолидации демократии // Полис, 1996, - 19-27.
16) Озғанбаев Ө. Демократия бастауында // Ақиқат, 1996, №10, 11, 12.
17) Нысанбаев Ә. Мақсат айқын болмай , бағыт түзу болмайды // Ақиқат, 1993, № 8.
18) Есімов Ғ. Өтпелі кезең, ол не? // Ақиқат, 1995, № 8.
19) Әженов М. Қазақстан қазіргі кезеңцегі әлеуметтік қүрылымы // Ақиқат, 1996, №3.
20) Бижанов А. Қазақстандық патриотизм // Ақиқат, 1997, № 11.
21) Назыханов К. Дала демократиясы // Ақиқат, 1995, № 10.
22) Ержанов А., Юшібеков Д., Сыздықов Ү. Өтпес кезең: түйіндер мен түйткілдер // Ақиқат, 1995, № 4.
23) Бабақұлы А. Татулық! Тендік! Тұрақтылық! //Ақиқат, 1998,
№ 1.
24) Омарбеков Т. Бірлік жоқ жерде — тірлік жоқ. // Ақиқат, 1998, №2.
25) Қазақстан халқының тандауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар. // Егемен Қазақстан,1997, 17 маусым.
26) Қоғамдық келісім - Қазақстанның демократиялық дамуының негізі // Егемен Қазақстан, 1996, 30 сәуір.
27) Омарбеков Т. Президенттік Республика - Қазақстан тандаған жол // Егемен Қазақстан, 1996, 7 наурыз.
28) Ертісбаев Е. Бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс // Егемен Қазақстан, 1997, 6 желтоқсан.
29) Смайылов Қ. Қазақстан XXI ғасыр: Әлеуметтік талдау және болжам // Егемен Қазақстан, 1996, 25 маусым.
30) Сағымбаев Ғ. Демократия туралы не білесіз? // Түркістан, 1998, №11-14.
31) Даму жолы даңғыл ма? // Азия, 1992, № 5.
32) Стратегическая мысль — основа экономического роста // Егемен Қазақстан, 1997, 8 ноябрь.
33) Сабденов О. Стратегия нуждается в практической подд ержке // Казахстанская правда, 1997, 8 ноябрь.
34) Ертысбаев Е. Программа действий для нас, ценностной ориентир — для грядущих поколений // Казахстанская правда, 1997, 30 ноябрь.
35) Берденова К. Т. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Алматы: Экономика, 1998.
36) Биекенов М. А. Халықтың өзін-өзі басқаруы. Алматы, 1992.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Теориялық және қолданбалы
саясаттану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси
дамудың алғышарттары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І-бөлім. ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..

ІІ –бөлім. ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ПРОЦЕСІ. ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ
– ҰЗАҚ ТА ЖАУАПТЫ
ПРОЦЕСС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ-бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектiлiгi.
Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық
құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының
“Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу
мәселесiне арналған.
Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-
қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу,
саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға
бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан
Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан
мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi
өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы
қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне
әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар
қалыптасты.
Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi
негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр
ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-
қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал
бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк
институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы
Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер
мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде.
Саяси даму – кез-келген қоғам өмiрiнiң барлық салаларымен тығыз
байланыста дамитын және оның iшкi саяси тұрақтылығына тiкелей әсер ететiн
аса маңызды саяси-әлеуметтiк фактор ретiнде қоғамдық ғылымдар, оның iшiнде
саясаттану ғылымындағы өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады. Республика
Президентi Н,Ә. Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына Жолдауында.. “қоғамның
бекем тұстарының бiрi оның саяси тұрақтылығы мен бiрлiгiнде жатыр ”, - деп
атап көрсеттi.
Тақырыптың зерттелу деңгейi.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың ”Қазақстан-2030” Жолдауы халқымыздың өсiп-
өркендеуiн, қауiпсiздiгiн және әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге
бағытталған, ел дамуының үлкен бiр кезеңiне арналған мемлекеттiк бағдарлама
болып табылады.
Қазақстан Республикасының саяси дамуы мәселесiн қарастыру жолында
”Қазақстан-2030” даму стратегиясын басшылыққа алдық. Елбасы онда атқарылған
iстерге баға берiп, алдағы жылдағы атқарылар iстiң нақты нысаналарын
көрсетiп бердi.
Қоғамдағы демократияландыру – ұзақ та күрделi процесс. Демократияны
дамыту – меншiк қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту, яғни
экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттiң қалыптасуына
қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас
егемен мемлекеттi қуатты президенттiк республика етiп қалыптастыру.
Қазақстандық қоғамды демократияландыру үрдiсi, тәуелсіз мемлекетті
қалыптастыру мәселелерi Ө.Байгелдiнiң, М.А. Биекеновтiң, Ж.Х .Жүнісованың,
Т.Омарбектiң және Әбiш Кекiлбаевтің және т.б ғалымдардың еңбектерiнде жан-
жақты қарастырылған.
Өтпелi кезендегi экономикалық саясаттың ерекшелiгiн, оның бүгiнгi
деңгейiн, елiмiздiң нарықтық экономикалық жүйеге көшуiнiң проблемалары мен
перспективасын, жалпы мемлекеттiк экономикалық саясаттың стратегиясын
қарастыру мәселелерi Р.Ю.Қуатовтың, А.Е. Болғанбаевтың, К.А. Берденованың
және т.б. еңбектерiнде барынша ауқымды зерттелген.
Қазақстан – 2030 стратегиясы бойынша иновациялық экономика құру бойынша
ғылыми шикiзаттық емес факторды дамыту мәселелерiн талдауда, бiлiм беру,
мәдени – рухани қызметтi ашып көрсетуде, олардың бүгiнгi проблемалық
мәселелерiне арналған конференция материалдары, Конституция және т.б.
елеулi рөл атқарады.
Қазақстан Республикасын демократияландыру, оның қоғамдық – саяси,
әлеуметтiк – экономикалық және рухани дамуы мәселелерiн жан-жақты зерттеуде
төмендегi газет – журналдардың материалдары қамтылды: Ақиқат, Саясат,
Азия, Егемен Қазақстан , Казахстанская правда, Полис, Түркiстан .
Диплом жұмысымның мақсаты мен мiндеттерi.
Жұмыстың негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтiк
және рухани дамуының алғышартьтарын ашып көрсету және елдегi ахуалды терең
таразылау, дамуымыздың әлемдiк тәжiрибе тұрғысынан талдау және реформаларды
іске асыру мен жаңа институттардың қалыптасу дәрежесін үздік әлемдік
тәжірибемен салыстыру болып табылады.
Осы алдымызға қойған мақсаттан мынадай мiндеттер туындайды:
- Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық саяси ахуалды анықтап,
оның даму үрдiстерiн айқындау;
- қазақстандық қоғамды демократияландыру процесiнiң ерекшелiктерiн
саралау, оның басым бағыттары мен негiзгi принциптерiн зерттеу;
- қазіргі кезендегi экономикалық саясатты жүзеге асырудың
қазiргi жай – күйi мен оның ерекшелiктерiн талдап көрсету;
- республикадағы демократиялық өзгерiстердiң қоғамның бiлiм
және мәдениет мәселелерiне ықпалын ашып көрсету;
Дипломдық жұмыс құрылымы.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi
сипатталады. Сонымен бiрге жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi көрсетiледi.
“Президент Жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру
стратегиялары” атты бiрiншi бөлiмде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан –
2030 Ел халқына Жолдауы туралы, ондағы елiмiздiң iшкi және сыртқы
саясатына, саяси экономикалық және әлеуметтiк дамуына байланысты мақсат –
мiндеттер айқындалады. Сонымен қатар Президенттiң ”ұзақ мерзiмдi басым
мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары”, 1998-2000 жылдарға арналған
неғұрлым маңызды мiндеттерге талдау жасалынады.
”Қоғамды демократияландыру процесi” – деп аталатын екiншi бөлiмде
Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдiсiнiң қалыптасуы, оның жүзеге
асырылу ерекшелiктерiне тоқтала келiп, мәселенiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк салалардағы негiзгi принциптерi мен мiндет – мақсаттары
анықталады.
”Өтпелi кезеңдегi экономикалық саясаттың ерекшелiгi” деген үшiншi
бөлiмде елiмiздiң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясының басты
мiндеттерi көрсетiлiп, нарықтық экономиканың қалыптасу ерекшелiктерiне,
меншiк институттары, кәсiпорындарды жекешелендiру, шетел инвестицияларын
қорғау және алу және т.б. мәселелер талданған.
“2030 – стратегиясы : бiлiм және мемлекет мәдениет мәселелерi” атты
төртiншi бөлімінде Қазақстан Республикасындағы бiлiм және мәдениет
проблемаларының бүгiнгi таңдағы даму ерекшелiктерi, елiмiздегі жаңаша бiлiм
беру жүйелерiнiң құрылып жатқандығы туралы, демократиялық саяси мәдениет
және басқа да мәселелер қарастырылды.

I. бөлім. Президент жолдауындағы басым мақсаттар мен оларды iске асыру
стратегиялары.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, Елбасымыз жылма – жыл
халықты iшкi және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етедi.
1998 жылғы 30 қыркүйекте Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ”Қазақстан – 2030.
Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл– ауқатының
артуы” атты 2030-шы жылға дейiнгi дамуын байыптайтын ұзақ мерзiмдi
Стратегия ұсынды. Онда Президент аталмыш Стратегияны жүзеге асыруда
ағымдағы жылы атқарылған iстерге баға берiп, алдағы жылдарда атқарылар
iстiң нақты нысаналарын көрсетiп бердi . Бұны өз отандастарымыз құптап
қарсы алды.
Президенттiң Қазақстан халқына арналған Жолдауы алыс және таяу
шетелдердегi баспасөз беттерiнде кейiнен жазылып, оқырмандар назарын өзiне
қатты аударып отыр. ”Қазақстан-2030” бағдарламасы әлдебiр дерексiз
абстрактты идеология емес, ол – ең алдымен , нақты iс-қимылдың айқын
жоспары. Ал, ол жоспары өзiнiң кезең-кезеңiмен жүзеге асырылуы тиiс. Ол
үшiн нақты iс-қимыл мен жұрттың бәрiне айдай айқын нәтиже керек.
Елбасы өзiнiң Жолдауының кiрiспесiн: ”Мен сiздерге, Қазақстан халқына
қоғамымыздың болашағы мен мемлекетiмiздiң мұраты хақындағы өзiмнiң
пайымдауымды жолдап отырын. Мен сiздермен келер ғасырға жаңа мыңжылдыққа,
алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзiмнiң ой
толғаныстарыммен бөлiскiм келедi. Бiздiң өзiмiздiң болашағымызды және
балаларымыздың болашағын қандай күйде көргiмiз келедi, осыны айқындап
алатын уақыт жеттi ”,- деп басталды.
Алға қойған мақсат та нақты: ”Осынау болашаққа қол жеткiзiп, өз
мұратымызды iске асыруға жәрдемдесе алады-ау” деген сенiм ұялату. Бүгiнгi
қиындықтар бiздi күш – қуатымыз бен ертеңге деген үмiтiмiзден айырмауға
тиiс. Сенiмдiлiктiң бiрден – бiр көзi – қазақстандықтардың төзiмдiлiгi мен
түсiнушiлiгi, бiздiң қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу
жолындағы бiртұтастығы және халықтың барлық жiктерi мен топтарының ортақ
мiндеттерiн шешуге бағытталған стратегия айналасындағы топтасуы, саяси және
экономикалық реформалар жүргiзуi жөнiнде жинақталған тәжiрибе, әлемдiк даму
процесi туралы бiлiмдiлiгiмiздiң молая түскендiгi.
Жолдауда Қазақстанның тәуелсiздiк жағдайында дамуының алғашқы екi
кезеңi айқындалған . Алдыңғы кезеңнiң мәнi “Басталып кеткен аласапыран
өтпелi кезеңнiң буырқанған жағдайына дербес мемлекет ретiнде табан тiреп
қалуға” келiп сайса,” қазiр бiз тұрақтану кезеңiне өтудемiз”.
Аса маңызды құжаттың негiзгi тараулары: Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз?
, Қазақстан мұраты, ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру
стратегиялары, Күн тәртiбiнде: 1998-2000 жылдар, Үкiметке 1998 жылға 8
нақты тапсырма деп аталуының өзi көп президент жәйдi аңғартса керек .
Президент өз жолдауының ”Күн тәртiбiнде: 1998-2000 жылдар” деген
тарауында былай деп атап көрсеткен болатын: ”Егер бiз ХХI жүзжылдықтың
басына дейiн келесi үш жылға арналған мiндеттерiмiздi белгiлеп, оларды
орындай алмасақ, осы айтқанымыздың бәрi де құрғақ қиял, жел сөз болып қалу
қаупi бар.
Бiздiң көптеген азаматтарымызды дәл бүгiн келешектiң онша алаңдатып
отырмағаны аян, өйткенi қазiр проблемалар еңсе көтертпей тұр. Адамдардың
көпшiлiгi таяу уақытта аздап болса да нақтылы нәтижелердi сезбейiнше,
олардың ұзақ мерзiмдi мақсаттар мен жақсы деген уағдалардың өзiне
сенiмсiздiкпен қарары анық. Шынында да ол адамдардың басым көпшiлiгiн
бүгiнгi күннiң проблемалары қатты толғандырады. Олардың бәрiне де өмiр
бiрақ рет берiлген. Сондықтан да тым алыстағы ең жақсы деген болашақтың
оларды қызықтыра қоймайтыны белгiлi. Алайда, ең таяудағы уақыттың iшiнде
тұрмыс едәуiр жақсара бастаса, көз алдымызда экономикалық өрлеу күшейе
түссе, онда әлгi алыстағы болашақтың өзiне-өзi жақындап, адамдардың
көпшiлiгiне түсiнiктi бола түсетiнi сөзсiз .
Қоғамымызда Президент Жолдауы өте зор мүдделiкпен талқыланылуда.
Бұған мысал ретiнде елiмiздiң әртүрлi аймақтарында тұратын адамдардың 1998-
2000 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi басыңқы мiндеттердi басқаша
ретпен белгiлеудi ұсынғанын айтсақ та жеткiлiктi. Ал, бұл жылдарға арналған
неғұрлым маңызды мiндеттердiң Жолдауда мынандай ретпен түзелгенi мәлiм.
- iргелi елдермен белсендi қарым-қатынас жасау.
Қазақстанның энергетикалық секторына капитал тарту және елiмiздiң
әскери доктринасын әзiрлеу арқылы ұлтық қауiпсiздiктi нығайту;
- ауылдың неғұрлым өткiр проблемасын шешу;
- кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;
- iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның бiрлiгiн нығайту жолымен
экономикалық өркендеуге жету;
- барлық әлеуметтiк – экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен,
бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның нәтижесiнде
зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтiк жәрдемақыларды толық
көлемiнде уақтылы төлеу;
- қолайлы инвестициялық ахуал туғызу;
- үкiмет пен мемлекеттiк қызмет реформаларын жеделдету, сыбайлас
жемқорлық пен қиянатқа қарсы күрестi күшейту”.

Ал, адамдар бiрінші кезектегi орынға үкiмет пен мемлекеттiк қызмет
реформаларын қоюды ұсынады. Өйткенi, үкiмет дегенiмiз нақты орталық орган
ғана емес, тұтас алғанда мемлекеттi басқару. Мемлекеттiк басқару жүйесiн
реформалап, жетiлдiре түсу керек. Әкiмшiлiктерге реформа қажет. Жаңа
бағдарламаны жаңа адамдар жүзеге асыруы тиiс. Бағдарламаны жүзеге асырушы
практиктердiң командалары Президенттiң жанындағы орталықта ғана емес,
сонымен қатар әрбiр ауданда, әрбiр қалада, әрбiр облыста болуы керек. Әрбiр
кәсiпорынның, әрбiр ауданның, әрбiр ауыл мен селоның, рентабельдi
шаруашылық жүргiзетiн қандай да болсын кез-келген әрбiр субъектiнiң
таяудағы үш жылға арналған даму жоспары болуы шарт. Ол жоспар Президент
Жолдауында көрсетiлген нақты мiндеттер сөзсiз жүзеге асыруды қамтамасыз
етуге бағытталған болуы тиiс. Олардың барлығы да жергiлiктi үкiмет билiгi
тарапынан елеулi қолдау тауып отырғаны жөн.
Шынында да, өкiмет билiгiн реформалап алмай тұрып, өкiмет билiгiнiң
өз менталитетiн, оның қалыптасып қалған әдеттерiн, дәстүрлерiн жалпы өмiр
сүру салтын түбiрiмен өзгертпей тұрып, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi нығайту, ел
экономикасына сырттан капитал тарту, ауылдың проблемасын шешу,
инвистициялық ахуал туғызудың мүмкiндiгi жоқ. Олай ету реформалаудан
өткiзiлген жаңа өкiмет билiгiнiң ғана қолынан келедi.
Стратегияның ”Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз”, ”Қазақстанның мұраты ” деп
аталатын тараулары қазақстандықтардың реформаға артып отырған мүдделерi мен
үмiттерiн, көздейтiн мақсаттарын саралап көрсетуге арналған. Егер олар
басым маңыздылығы жағынан саты-сатыға, кезек-кезекке бөлiнiп, тәртiпке
келтiрiлiп, егжей-тегжейлi жүйеленбесе, бұл құжат күллi ұлттың күш жiгерiн
ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын стратегия мен тактика қызметiн атқара алмас
едi. Үшiншi негiзгi тарау, мiне, осыған арналыпты. Онда 1998-2000 жылдарда
атқарылар жетi ұзақ мерзiмдi басымдық жеке-жеке талданады. Сол арқылы ұзақ
бағдарламаны кезең – кезеңге бөлiп iске асырудың ұғынықты әдiстемесi
жасалынған.
Ұзақ мерзiмдi басым мақсаттар мен оларды iске асыру стратегиялары
Жолдауда мынадай ретпен түзелген:
1. ұлттық қауiпсiздiк;
2. Iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3. Экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматарының денсаулығы, бiлiмi мен әл-аухаты;
5. Энергетика ресурстары;
6. Инфрақұрылым, әсiресе көлiк және байланыс;
7. Кәсiби мемлекет.
Алғашқы кезекке ұлттық қауiпсiздiктi сақтауды жүзеге асыру қойылған.
Ұлттық қауiпсiздiк, яғни бұл елiмiздiң аумақтық тұтастығын толық сақтай
отырып, Қазақстанның тәуелсiз егемен мемлекет ретiнде дамуын қамтамасыз ету
болып саналады. Тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгi –
азаматтарымыздың көркеюi мен жүргiзiлiп жатқан реформалардың табысқа
жетуiнiң басты кепiлi болып табылады. Оны қамтамасыз етудiң алғышарты
қоғамның ынтымағы мен iшкi саяси тұрақтылығы. Бұл оңай мiндет емес. Алайда
Жолдауда атап көрсетiлгендей Қазақстан: ”ең жақын және тарихи достас
Ресеймен арадағы сенiм мен тең құқылы қарым-қатынасымызды дамытып нығайта
бередi.
ҚХР-мен өзара тиiмдi негiздегi осындай сенiммен тату көршiлiк
қатынастарымызды жалғастырады ”. Сонымен қатар бiз Орталық Азия
мемлекеттерiмен, Орта Шығыс елдерiмен байланыстарымыз бен интеграциялық
процестердi күшейте беремiз. Бүгiнде Қазақстан Республикасы АҚШ және басты
демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттер мен байланысын күшейтiп,
БҰҰ, Халықаралық волюта қоры, Дүниежүзiлiк, Азиялық, Еуропалық және Ислам
даму банктерi сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегi мен
қолдауын барынша пайдалану жолындағы саясатты ұстануда. Мiне, осылайша
Стратегияда ұлттық қауiпсiздiк пен қоғамдық тұрақтылыққа шешушi маңыз
берiлген.
Төле би бабамыздың ”Бiрлiк жоқ жерде – тiрлiк жоқ ”деген қасиеттi
тұжырымды пiкiрi Президентiмiз Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауының ”Iшкi саяси
тұрақтылық пен қоғамның топтасуы” жайлы екiншi ұзақ мерзiмдi басымдығына
темiрқазық етiп алыпты. Мұның өзi Президенттiң 1998 жылды ұрпақ
сабақтастығы жылы деп жариялауымен үндесiп жатыр.
Осылардың өзi-ақ Елбасымыздың халық бiрлiгi, оны тарих сабақтары
негiзiнде рухтандыру, ұрпақтар сабақтастығы жете мән беру мәселелерiне аса
үлкен маңыз берiп отырғанын көрсетсе керек.
Солтүстiк Ирландия, Югаславия, Перу, Ауғаныстан, Камбоджа мен Руанда
тәрiздi мемлекеттердiң Президентiмiз мысалға алып отырған алауыздықтың орын
алуынан, ауызбiрлiктiң жоқтығынан қасiрет шеккенi белгiлi. Мұндай жағдай
”әртүрлi топтар оларды қандай мүдделердiң – саяси, идеологиялық, дiни,
этникалық немесе таптық мүдделердiң бiрiктiретiне қарамастан, қарама-
қарсылық күйде болса ” бетiн аулақ қылсын, сөз жоқ, орын алуы мүмкiн. Нақты
мысал өз тарихымызда да кездеседi. Ел мүддесi жолында қызмет атқарған
қазақ зиялыларын 1925-1933 ж.ж Қазақ - өлкелiк комитетiнiң бiрiншi
хатшысы болған Ф.И.Голощекин әртүрлi топтың құрамында деп,
”Рысқұловшылдық”, ”Қожановшылдық”, ”Сәдуақасовшылдық” тәрiздi көптеген
қолдан жасалған жiктеулерге жол ашты. Ал бiздiң бүгiнгi күндегi басты
мiндетiмiз Президентiмiз көрсетiп отырған “бiрлiкке апаратын жолдағы
бұрынғы кедергiлердi жойып, жаңа кедергiлерді болдырмау“ болып табылады.
Салауатты экономикалық өрлеу мәселесі стратегияда мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттiң белсендi рөліне және шетел инвестицияларын тартуға
негiзделедi.
Орталықтағы және жергiлiктi жерлердегi өкiмет экономикаға араласудың
барлық түрiмен, дән себу, егiн жинау және басқалармен айналасуды тоқтатуға
тиiс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды
шеңберлерiн құра отырып, экономикада маңызды, бiрақ шектеулi рөл атқаруға
тиiс. Яғни, меншiк құқықтарын рәсiмдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға
қарсы күрестi реттеудiң сенiмдi құралдарын құруға, фискальды және
монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтiк қорғау жүйесiн дамытуға, қажеттi
инфрақұрылымды, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге
және мықты экономикалық саясат жүргiзуге бағытталған құқықтық және
нормативтiк база жасауды аяқтау көзделiп отыр.
“Шетел инвестицияларын тиiсiнше қорғауда және пайданы керi қайтарып алу
мүмкiндiктерi бұрынғысынша назарда бiрiншi кезектегi мәселелер қатарында
ұсынылады. Экономиканың бiрнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру,
инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, елiмiз үшiн бұлар тұрақты
маңызға ие .Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтiк
салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кiрiгуiне ықпал
етедi. Бұл капиталды қажет ететiн салалар, оларды дамыту үшiн шетел
капиталымен қатар мемлекеттiң қатаң стратегиялық бақылау қажет. Бiрақ тiптi
Адам Смиттiң де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбiр
қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды
қамтамасыз етудегi соңғы шара ретiнде мемлекет оны өз мойнына алады.”
Барлық қазақстандықтардың өмiр сүру жағдайларын, денсаулығын, бiлiм мен
мүмкiндiктерiн ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту маңызды
мәселелердің қатарында.
Мемлекеттiң, бiр жағынан, ауруды болдырмау, екiншi жағынан, салауатты
өмiр салтын ынталандыру жөнiндегi қадамдары халықтың денсаулығына әсер
ететiн маңызды фактор екенiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Аурулардың
алдын алу дегенiмiз таза су мен кенеулi асты пайдалануды, тазарту
жүйелерiнiң болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян
келтiретiн объектiлердi қысқартуды, басқа да қауiптi факторларды төмендету
жөнiндегi осыған ұқсас шараларды бiлдiредi.
Салауатты өмiр салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен
айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есiрткiлердi, темекi мен алкоголдi
тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с.
бағытталған.
Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау
органдары стратегияда қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс
жүргiзуге тиiс. Кез келген сапасыз тамақ өнiмдерiн өткiзушiлер мен жасап
шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәрiне берiк және қат-қабат
тосқауыл қойылуы қажет.
Қазақстан табиғи ресурстардың, әсiрiсе энергетика ресурстарының орасан
қорына ие. Қазақстан елiнiң аумағында, мұнайлы алғашқы он елдiң қатарына
қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда
көмiрдiң, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры
бар .
Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы мынадай элементтердi
қамтиды:
Бiрiншiден, Қазақстан елi өз қорларын жедел әрi тиiмдi пайдалану үшiн
үздiк халықаралық технологиялар, ноу-хау, iрi капиталдар тарту мақсатымен
басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзiмдi әрiптестiкке барады.
Стратегияның екiншi бөлiгi – мұнай мен газ экспорты үшiн
құбырнамаларының жүйесiн құру. Тәуелсiз экспорт арналары көпрезидент
болғанда ғана көршiлердiң бiрiне тәуелдi болудан және келесi тұтынушыға
баға жөнiнен кiрiптар болудан құтылуын көздейді.
Үшiншiден, отын ресурстарын пайдалану жөнiндегi әлемдiк қауымдастықтың
iрi елдердiң мүддесiн Қазақстанға, оның әлемдiк отын өндiрушi ретiндегi
рөліне бағыттау.
Төртiншiден, шетел инвестицияларын тарту арқылы Қазақстан iшкi
энергетика инфрақұрылымын құру мен дамытуды, iшкi қажеттiлiк пен тәуелсiз
бәсекелестiк проблемаларын шешетiн болады.
Ақыр соңында, бесiншiден, бұл стратегия осы ресурстардан түсетiн
келешек кiрiстердi барынша үнiмшiлдiкпен пайдалануды көздейдi.
Белгiлi бiр дәрежеде көлiк және байланыс саласы бiршама дамыған, ал
ұзақ мерзiмдiк келешекте жан-жақты өсу стратегиясына iлесуге тиiс. Бұл
стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесi, жол және күрделi құрылыс
салаларынын барған сайын дамыта беруге және отандық өнiмнiң өзiндiк
құнындағы көлiк шығасысын кемiтуге жәрдемдесетiн болады.
Телокоммуникациялар нарықтық тетiктер қызметiн ақпарат алуды кеңейту
мен олардың берiлуiн жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады.
Телефондар, факстер мен электрондық почта – осы заманғы бизнестi
дамытудың өмiрлiк маңызды әрi объективтi тұрғыдан қажеттi шарты.
Ақпараттық технологиялар, оның басқа түрлерiмен салыстырғанда, өз
мәнiсi жағынан неғұрлым ”көпшiл” әрi икемдi бола отырып, бизнестi,
экспорттық қызметтi дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша
жәрдемдеседi. Олар ұлттық экономикаларды шоғырландырады және аймақтың
ауқымын кеңейте отырып, әлемдiк экономикалық байланыстарды нығайтады.
Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта
әлемнiң дамыған елдерiнiң осындай инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге
қабiлеттi дербес тәуелсiз және тиiмдi телокоммуникациялық қызмет көрсету
жүйесiн құру мiндетi тұр.
Қазақстанда нарықтық экономика үшiн оңтайлы болатын мемлекеттiк қызмет
басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасау; басым мақсаттарды
iске асыруға қабiлеттi Үкiмет құру; ұлттық мүдделердiң сақшысы бола алатын
мемлекет қалыптастыру – халықтың алдында тұрған мiндет.
Үкiмет пен жергiлiктi өкiметті түпкiлiктi қалыптастыруға мүмкiндiк
беретiн жетi негiзгi стратегия принциптерi мынаған саяды:
1. Неғұрлым маңызды бiрнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам
әрi кәсiпқой үкiмет.
2. Стратегиялар негiздегi iс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын
жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған мекеме аралық үйлестiру.
4. Министрлердiң өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерiн, олардың
есептiлiгiн және олардың қызметiне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрлiктердiң iшiнде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен
жекеше секторға қарай орталыққа тәуелдiлiктi жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
7. Кадрларды жалдау, даярлату және жоғарылату жүйелерiн жақсарту.
Бiздiң басымдықтарымыз өзгерiссiз күйiнде қалады. Бұл – ХХI ғасырдың
талабына қарсы тұруға қабiлеттi әрi ұзақ мерзiмдi ұлттық мүдделердi
қамтамасыз етуге бағытталған, белсендi, жан-жақты және үйлесiмдi сыртқы
саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым
бағыттар болып қала бередi. Азия мен Таяу Шығыстың негiзгi елдерiмен өзара
iс-қимылға зор маңыз берiледi.
Қазақстанның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ел iшiндегi реформаларға
қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкiметтiң алдында осы мемлекеттермен
арадағы негiзгi шарттар және келiсiмдердi бұлжытпай жүзеге асыру мiндетi
тұр.
Осыдан бiр ай бұрын Мәскеуде қол қойған Қазақстан мен Ресей арасындағы
шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда
тұңғыш рет бiз өзiмiздiң стратегиялық әрiптесiмiз Ресеймен заң жүзiнде
ресiмделген мемлекеттiк шекараға ие болдық.
Осылайша бiз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың шақырымнан асатын шекараны
толығымен межелеуге қол жеткiздiк. Бұл бiздiң мемлекеттiк құрылыстағы
жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық
қауiпсiздiгiмiздiң маңызды кепiлi.
Бiз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделерi толығымен ескерiлген
жағдайда Бүкiләлемдiк Сауда ұйымына тезiрек кiруге мәселесі ұлттық
қауiпсiздiгiмiздiң маңызды кепiлi.
Бiз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделерi толығымен ескерiлген
жағдайда Бүкiләлемдiк Сауда ұйымына тезiрек кiруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕуроАзЭС-тi реформалауға,
БЭК –тi құру жөнiндегi жұмыстарға да ерекше мән бередi.
Бiздiң елiмiз үшiн барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ мен бұрынғысынша iс-
қимыл жасау маңызды болып қала бередi. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге
бiздiң кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершiлiкпен қараймыз.
Бүгiнгi бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткiзудi көздейдi.
Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрi халықаралық
қоғамдастықтағы тамыры берiк өңiрлiк держава ретiнде қабылданатынын да
естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебенi қастерлеуiмiз және елiмiздiң
қазiргi әлемдегi беделiн нығайту үшiн қосымша күш жiгер жұмсауымыз керек.
Бiз қаруланбау мен ядролық қарусыздану жолын таңдап алып, әлемдiк
қауымдастықтың алдында өңiрлiк қауiпсiздiктiк факторына айналдық. Қазақстан
Семей ядролық сынақ полигонын өз еркiмен жапты. Әлемдегi төртiншi
ракеталық-ядролық әлеуеттен бас тартып, күллi дүниеге үлгi көрсеттi.
Қазақстан Еуразия кеңестiгiндегi интеграциялық процестердiң бастамашы
әрi белсендi қатысушысы болды.
Бiздiң елiмiздiң әлемдiк аренадағы есiмi Азиядағы өзара iс-қимыл мен
сенiм шаралары жөнiндегi кеңестi шақыру туралы ұсынысымен тiкелей астасып
жатыр десек асыра айтқандық емес. Өзiндiк төлтума құжат-сенiм шараларының
катологын қабылдаған Сыртқы iстер министрлерiнiң Алматыдағы соңғы кездесуi
– мен 1992 жылдың өзiнде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 – сессиясында жасаған
бастаманың ойдағыдай iске асуының жақсы айғағы.
Егер 1991 жылы әлемдiк қоғамдастықтың iс жүзiнде Қазақстанға қандай да
бiр ықыласы аумай келсе, бүгiнгi күнi Қазақстанды әбден танып, құрметтеп
отыр.
Таяуда белгiлi Ресей ғалымы,академик А. Агенбегян атап көрсеткендей,
Қазақстан мен Қытай сияқты екi ел бүгiнгi таңда жоғары экономикалық даму
қарқынына жетiп отыр..

II. бөлім. Қоғамдағы демократияландыру процесi.

Қоғамдағы демократияландыру – ұзақ та жауапты процесс

Әлемдiк тарихқа көз жiберсек қоғамды демократияландырудың сан қилы
жобаларының бiрсыпырасы жүзеге асты да. Мәселен, ХVII ғасырдағы Американ
Конституциясы немесе Ұлы Француз буржуазиялық революциясының азаттық пен
теңдiк ұрандары. Ал, Қазақстан қоғамындағы демократия туралы мәселенi
халқымыздың тарихынан бастаған жөн болар. Мәселен, Дала демократиясы,
хандардың сайланумен қатар Қасым ханның қасқа жолы, Есiм ханның ескi жолы
мен Тәуке ханның ”Жетi жарғысы” қазақ даласындағы демократияның алғашқы
көрiнiстерi емес пе, сахарадағы демократияның мықты тұғырларды тiрек
еткенiне билер институты да куә болып табылады .
Алайда Егемен Қазақстанның ұлттық тәуелсiздiкке бағытталған жолы өте
ұзақ болды.
Сонау ХV ғасырдағы ұлан ғайыр кең далада көне феодалдық мемлекеттiң
мұрагерi ретiнде қазақ хандығы шаңырақ көтердi. Түрлi тарихи жағдайлардың
пәрменiмен бірнеше ғасырлар бойына Қазақстанның аймақтары Ресей
империясының құрамына ендi. Осыдан кейiнгi кезеңде Қазақстанның саяси
тарихи ұзақ уақыт Ресей империясы тарихының қосымшасы болып қана келдi
.Адамзаттық қоғам құру жөнiндегi идея Ресейде тек ғасыр басында ғана
көтерiле бастады, ал шет аймақтарына тым кеш естiлдi. Дегенмен,
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. либерал демократтық
бағыттағы қазақ зиялылары ұлттық мемлекет құрудың жолдарын, оның келешек
өзiндiк келбетiн талқылай бастады. Маңайына алдындағы қатарлы зиялыларды
топтастырған ”Қазақ” газетi кезiнде бұл мәселеге байланысты маңызды
мақалалар арнады. Қазақстандағы тарихи даму өркендей келе 1916 жылғы ұлт-
азаттық қозғалысқа ұласып, ол жаңа ұлттық сананы оятуға әкелдi. Оның соңы
патшалық ресейдегi революцияға ұласты.
Ресейде социалистiк революция жеңiп, 1922 жылғы КСРО құрылған соң
Қазақстан алғашқыда автономиялық республика, ал 1936 жылдан бастап одақтық
республика ретiнде сол мемлекеттiк құрылымға ендi. Соның салдарынан бұрынғы
патшалық Ресейдiң басқа да халықтары сияқты қазақтар да жетпiс жылдан астам
социалистiк сипаттағы мемлекеттi ұжым болып құру тәжiрибесiн бастан
кешiрдi. Бұл тарихи эксперименттiң негiзiн буржуазиялық демократия деп
айдар тағылған, жеке меншiктi түбiмен жоққа шығарған марксизм-ленинизм
идеологиясы құрады. Марксизм негiзiн салушылар мемлекетсiз коммунистiк
қоғам құруды мұрат тұтты. Сондықтан да олардың пайымдауынша, болашақта
мемлекет мен азаматтық қоғам қарым-қатынасы жөнiнде сөз қозғаудың мәнi
болмады. Мемлекет болмаған жерде құқықтық қарым-қатынас та, құқықтың
институттардың да болмайтыны белгiлi, олай болса онда құқықтың өзi де
болмақ емес.
К. Маркс қоғамы үстемдiксiз ғана емес, өкiметсiз деп елестеттi. Үкiмет
жоқ жерде басқаруды да ешкiм қажетсiнбейдi, яғни ”халықты басқару”
демократия дегеннiң де мәнi болмайды.
Сондықтан да В.И.Ленин ескi мемлекеттiк жүйенi қирату қажеттiгiн айта
отырып, адамзаттық қоғам және құқықтық мемлекет ұйымдарын ауызға алмады.
Адамзатты азат ету ақыр соңында таптық айырмашылықты жоюға, одан соң
азаматтық қоғам мен мемлекеттiң бөлiнуiн жоюға, сондай-ақ жеке адам мен
ұжымдық өмiр сүрудi үйлестiруге жеткiзедi деп есептеледi. Нәтижесiнде,
шынайы социализм жағдайында, жалпы мүдделердiң кепiлi мен тiлегiн бередi
деп есептелген мемлекет шын мемлекет мәнiнде күллi қоғамды өзiне
бағындырып, жұтып қояды.
Марксизм-ленинизмнiң утопиялық идеолгиясын жүзеге асыруға тырысу ХХ
ғасырдағы аса ауқымды тарихи оқиға болды. Планетаның түрлi бөлiктерiнде
ондаған мемлекеттер социализмдi өзiнiң қоғамдық дамуындағы тарихи мақсат
ретiнде жариялады. 1936 жылы салтанатты түрде қабылдаған КСРО
Конституциясында көптеген азаматтық құқық пен еркiндiк жария етiлсе де, iс
жүзiнде оның бәрi қағаз бетiнде ғана қалды. КСРО –дағы жаппай қудалаудың,
қуғын-сүргiннiң бұрын болып көрмеген шарықтау шегiне жетудiң дәл осы
уақытқа келуi де тегiн емес, ол қазақстан халықтарының басына да қара бұлт
болып төндi. Мысалы, қазақстанда әдейi қолдан жасалған 1932-1933 жылдардағы
аштық қазақ халқының тең жартысына жуығын қаусатып кеттi, ал үштен бiрi ата
қонысын тастауға мемлекет мәжбүр болды. Бiртұтас қазақ ұлты бөлшектенiп,
Иран, Ауғаныстан, Тәжiкстан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғыстан, Ресей,
Түркия, Қытай мен Монғолия жерлерiне шашырап кеттi. Бүгiнде қазақ халқының
шағын топтары әлемнiң 44 елiнде тұрады. Олардың өкiлдерi 1992 жылғы
Алматыда өткiзiлген әлем Қазақтарының 1-құрылтайында ғана тұңғыш бас қоса
алды.
ХХ ғасырдағы әлеуметтiк трагедия тәжiрибесi КСРО мен басқа да
социалистiк елдердiң қоғамдық дамудағы өз үлгiсiн жалпы адамзаттың
өркениеттегi қалған дүниеге қарама-қарсы қоюы тарихи тығырыққа әкелiп
тiрейтiндiгiн айқын дәлелдедi. Қаншама халықтың қанын сүлiктей сорып,
отарлық езгiге салып, зорлық – зомбылыққа ұшыратқан, табиғи байлығын шексiз
талапайға салған алып елдегi 1917 жылғы Қазқстанда орнаған әлеуметтiк-
экономикалық жүйе ғасырымыздың 90-жылдарының басында iштей күйредi.
Халықтың ескi жүйеден босанып шығуы Шығыс Еуропа мен Балттық
Республикаларын басталып , Орта Азия мен Қазақстандағы дейiн ретпен жүзеге
асты.
Отандық тарихымызда қазақ халқының ұлттық өркендеуiндегi көкейкестi
мәселелердi шешудiң шынайы мүмкiндiгi туып отырған бүгiнгi сәтте бiз тек
ғана ашық, демократиялық азаматтық қоғам құра білгенде ғана, әлемдiк
өркениеттiң, жалпы адамзатың тәжiрибесiне қол арта алғанда ғана сәттi қадам
жасауға болатындығын түсiнiп отырмыз.
Бүгiнгi өркениеттiң аса бағалы көп сипаттарының iшiнде әрбiр
мемлекетте қоғамдық өмiрдi демократияландыру қажеттiгiн түсiнуге
негiзделген, әлемдiк қауымдастықта құрметтi орынға лайық адам құқығы
ерекше орынға ие. Сөз жүзiнде адамдардың еркiндiгi мен құқығын айғайлай
жариялағанымен де, тотаритарлық қоғам өз табиғатында қоғамда шынайы
демократия орнатуға дәрменсiздiгiн танытты. Сондықтан да елдiң қожасы деп
жарияланбаған еңбекшiлер iс жүзiнде партиялық – мемлекеттiк машинаның
елеусiз теңгермешiлiк жоғары өнiмдi еңбекке деген ынта-ықыласты жойды. Адам
қоғамның идеологиялық диктат пен өмiр ағысын қатаң реттеу жағдайында
өзiндiк таңдау құқығынан мүлде айырылды. Бұл жағдай ең алдымен тұлғаның
демократиялық құқығы мен еркiндiгiн жоққа шығарған тоталитарлық саяси режим
басқаруының салдарынан болды.
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру-қайшылықты, ұзақ
та күрдделi процесс. Бұл бiздiң жас мемлекетiмiздiң аяғынан қаз тұру
жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам
өмiрiне өту қажеттiгiн айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан
тұрғындарының алдында ең алдымен қалыптасып келе жатқан демократиялық
жетiстiктердi қорғаудың механизiмдерiн жасаудың мiндетi туындады. Сол
маңызды механизмнiң құрамдас бiр бөлiгi –Қазақстан мемлекетiнің егемендiгi
мен тәуелсiздiгi.
Бұл орайда демократияны дамыту-меншiк қатынастарын реформалау мен
нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудын, ұлттық
мемлекеттiң қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси
саладағы басты мақсат – жас егемен мемлекеттi қуатты президенттi республика
етiп қалыптастыру. Бiздiң мемлекетiмiзде барлық азаматтардың теңдiгi
барлығының заң алдындағы бiрдей жауапкершiлiгi, кiмнiң қай ұлтқа
жататындығына қарамастан бiрдей екендiгi әуелден-ақ нақты көрсетiлген,
әрине. Кейбiр жағдайда жергiлiктi ұлт-қазақтардың мүддесi, бiрқатар
мемлекеттердегi сияқты ерекше ескерiледi. Мұндай жағдайларға ұлттық
мәдениеттi, тiлдi өркендету, қазақ диаспорасының рухани – мәдени және басқа
да байланыстарын қалпына келтiру, оларды өз Отанына қайтып оралуына
қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Бұл орайда басқа елдер деңгейiмен салыстырмалы түрде алғандағы
экономикалық байлыққа қол жеткiзудiң алғышарты – бүкiл қоғамдық өмiрдi
демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру екендiгiн түсiну шарт.
Бұрынғы социализм орнына орнығып жатқан қоғамдық жүйенiң аты жөнiнде
даурығудың қажетi шамалы, бұл – кәдiмгi көпті укладты нарықтық экономикаға
негiзделген қалыпты демократиялық қоғам. Мұндай қоғамда әрбiр адамның
алдында басқамен тең мүмкiндiк ашылатындығына, өзiнiң мұратын еркiн
таңдауына, экономикалық, әлеуметтiк, ұлттық және саяси мүдделерiн жүзеге
асыруға кең жол ашылатындығына сенемiз. Оның үстiне, мұндай демократиялық
қоғамда ең алдымен заң халықтың еркi мен салқын қанды ақылы үстемдiк етедi,
ал экономикалық жетiстiктерге iскер, еңбек сүйгiш адамдар ғана қол
жеткiзбек.
Құқықтық демократиялық мемлекетке Конституцияның аса жоғары мемлекеттік
мәнге ие екендiгi белгiлi.
КСРО өзiнiң 70 жылдық тарихында ұлттардың этникалық топтардың, аз
халықтардың теңдiгi мен құқығы жөнiнде жар салудан жалыққан емес, ал
шындығында Конституциялық заң ережелерi орындалмады. Шынайы демократия
болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзiнде қалып отырады, оны жүзеге
асырудың заңды кепiлдерi мен құқықтық механизмдерi болады. Тек егемендi
Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы
мүмкiндiгi туып отыр.
Қоғамды демократияландыру оның нарықтық экономикаға қарай iлгерi
жылжуының аса маңызды шарты. Ол шара барлық азаматтарды қоғамның саяси,
экономикалық және рухани өмiрiне кеңiнен тартып, олардың белсендi
атсалысуын қажет етедi. Қоғамды демократияландыру дегенiмiз қоғамның
мүшелерiн оның сан салалы өмiрiне қатыстыру түрлерiн жетiлдiре беру
барысындағы ұзаққа созылатын күрделi процесс. Бiздiң жас республикамыз өзi
өмiр сүре бастаған уақыт iшiнде қоғамды демократияландыру саласында қыруар
жұмыс атқарды. Мұның жарқын дәлелi – бiздiң Ассамблеямыздың құрылуы, оның
жүргiзiп келе жатқан белсендi қызмет.
Демократиялық құқықтық мемлекет құру, елiмiздiн Конституциясында атап
көрсетiлгендей, Қазақстан Республикасының басты саяси мiндетi болып
табылады. Ал мұндай мемлекеттiң басты құндылықтары адам, оның өмiрi, еркi
және еркiндiгi екендiгi және белгiлi. Мiне, сондықтан да Республика
Конституциясындағы бұл жолдар мемлекеттiк өмiрдiң мәселелерiн неғұрлым
демократиялық әдiстермен шешу болып табылатынын атап көрсетедi.
Саяси өмiрдi демократияландыру процесi – Қазақстан тәрiздi жас,
егемен мемлекет үшiн, айтарлықтай қайшылықты әрi мүлде жаңа мемлекеттік
мәселе болып табылады. Оның үстiне демократиялық азаматтық қоғамды
әлдеқашан құрып үлгерген елдердiң тарихи тәжiрибесi бiздiң Республика
бастан кешiп отырған өтпелi кезеңде әрбiр елдiң өзiне тән ерекшелiктерi
және әртүрлi мiндеттерi көрiнiс беретiнiн көрсетiп бердi.
Тәуелсiздiк алғалы берi Қазақстанда да осындай күрделi процестер жүрiп
жатыр. Мұндағы ерекшелiктер: 1 – ден, бiздiң елiмiз бүгiнде дүниежүзiлiк
бұрынғы КСРО құрамындағы елден бiртiндеп егемен мемiлекетке, халықтың
саясат субъектiсiне айналуда, 2-ден, бұрын мемлекет Мәскеу басқаратын және
Орталыққа жүгiнген Қазақстанның дербес нарықтық экономика жолына өтуi белең
алып келедi. Ақырында Қазақстанда бұрынғы тоталитарлық, әмiршiл-әкiмшiл
социалистiк жүйеден демократиялық құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттерге
өту басталды.
Әрине, мұндай құбылыстар тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы кеңестiк
империя құрамында болған басқа да одақтас республикаларда, сондай-ақ
Ресейдiң өзiнде де орын алуда.
Бiздiң ойымызша, Қазақстан үшiн көрнектi үлгi болатын елдер бәрiнен
бұрын, шын мәнiнде демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құрып
үлгерген, азаматтық қоғам қалыптасып қалған, көп партиялық саяси жүйе
шынайы әрекет ететiн, тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдары iс жүзiнде өрiс
алған, сондай-ақ осыларға азаматтың құқықтық және саяси мемлекет мәдениет
деңгейi сәйкес келетiн елдер болуы тиiс екендiгi еш күмән туғызбаса керек.
Кез келген өркениеттiң, соның iшiнде Батыс Еуропаны және АҚШ-ты қоса
алғанда, демокраия механизмiнiң қалыптасуын салыстыра талдау, Қазақстанда
демократиялық қоғам құруға қажеттi практикалық маңызы бар нақты материал
және тарихи тағылым бере алады. Десек те, бұл жерде Қазақстанның Шығыс елi
екендiгiн, бәрiнен бұрын мұндағы халықтың басым көпшiлiгiн азиялықтар
құрайтындығын ұмытпағанымыз жөн. Менталитетi, дәстүр – салты жағынан
Қазақстанда Еуропа елдерiнен және АҚШ-тан көрi шығыстық және азиялық
елдердiң демократияға бару тәжiрибесi әлде қайда тартымды және жақын.
Қоғамды демократияландыру дегенiмiз не? Мәселен, аталмыш Жолдауда
экономикалық реформаларды одан әрi тереңдету, мемлекеттiк құрылымдар, оның
iшiнде алдымен Үкiметтiң жұмыс жүйесiн түбегейлi өзгерту сияқты ауқымы кең
мемлекеттік мәселелермен қатар саяси реформаларды тереңдете түсу
проблемалары да барынша қамтылған. Қоғамдағы демократиялық өзгерiстерге
тiкелей жол ашатын саяси жүйенi реформалаудың маңызы орасан зор.
Бүгiнгi қазақстандық қоғамдағы демократиялық үрдiстер мәселесiне
тоқталатын болсақ, алдымен Қазақстанда Президенттiк билiк жүйесi орныққанын
атап өтуге тиiспiз. Бiздiң елiмiздiң Конституциясында да осылай делiнген.
Әлемде билiк жүйесiнiң түр-түрi бар: парламенттiк, монархиялық,
президенттiк. Алайда, бiздер үшiн қазiргi жағдайдағы ең тиiмдiсi-
президенттiк билiк. Неге?
Бiрiншiден, президенттiк билiк өтпелi кезең үшiн таптырмайтын, бiрден –
бiр өзiн ақтай аларлықтай билiк болып табылады. Президенттiң харизмалық
күш-қуаты мен оның сан алуан мемлекеттiк мемлекет мәнi бар шешiмдерге
тiкелей араласуы көппрезидент жағдайларда түрлi тығырықтардан алып шығары
сөссiз.
Екiншiден, бiздiң қазақ қоғамында Батыстағы сияқты ғасырлар бойы
қалыптасқан парламенттiк дәстүрлер жоқтың қасы. Жоғарыда айтып
өткенiмiздей, демократияның мәнiн тарихи тұрғыда жақсы сезiнсек те тура
бүгiнгiдей батыстық либералдық құндылықтар жағы кемшiндеу соғып жатыр.
Үшiншiден, қазiргi Қазақстандық қоғамдағы саяси партиялар мен
қозғалыстардың өзi де көптеген объективтiк себептерге орай айтарлықтай
қуатты емес. Бұл жерде әңгiме билiк үшiн күрес және күрестiң өркениеттi
формалары хақында болып отыр.
Республика Президентiнiң бастамасымен өз бастауын алатын қоғамдағы
соңғы өзгерiстер: Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан
Президентi Н.Ә. Назарбаев “Елдегi жағдай, iшкi және сыртқы саясаттың
негiзгi бағыттары туралы: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру,
экономикалық және саяси реформа” атты жолдауында Қазақстан қоғамын одан
әрi демократияландыру турасында: ”Мен бүгiн сiздерге демократиялық
принциптерге арқа сүйейтiн Қазақстанды таңдап алуды ұсынамын ... Мемлекетi
тиiмдi де әдiл басқаруға негiзделген жаңаша құрылымдар мен жаңаша тәртiптi
таңдап алуды ұсынамын ” – деп атап көрсеттi . Ал жоғарыдағы Жолдаудың өз
кезегiндегi ”Қазақстан- 2030”стратегиялық бағдарламасымен мейлiнше
үндестiк тауып отырғанына күмән жоқ.
Қоғамды демократияландыру ондағы азаматтардың саяси белсендiлiгiн
арттыра берудi, пiкiрлердiң әр алуандығын, түрлi саяси партияларды,
кәсiподақтардың, әйелдердiң, жастардың ұйымдарын құруды, адамдардың дiни
нанымдарына жол ашып жандандыра түсудi көздейдi.
Менiң көзқарасым бойынша, еркiн өмiр сүруге және белсендi қызмететуге,
бiрiншiден, өз жұмысын елдiң Конституциясының талаптарына сай құра
бiлетiн, екiншiден, бүкiл қызметi республикамыздың егемендiгiн нығайта
түсуге, көп ұлтты мемлекетiмiздiң халықтарын демократия, азаматтардың тең
құқығы мен бостандығы, прогресс пен әдiлеттiк принциптерiнiң негiзiнде
одан әрi топтастыруға бағыттаған саяси ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстардың
ғана құқығы болуы тиiс. Алайда өмiрiмiзде кездесетiн уақытша қиындықтарды
тiлге тиек етiп, оларды өздерiнiң қызметтерiне Конституцияға қарап, әрекет
түрлерi мен тәсiлдерiне баруға тырысатын партиялар мен адамдардың
жекелеген топтары да бар екенi шындық.
Қоғамды демократияландыру ұлттық сана – сезiмдi оятады, ұлт
мәдениетiнiң, айырылып қала жаздаған тiлiмiздiң, дәстүрiмiздiң, әдет-
ғұрыпымыздың және басқа да салттарымыздың қайта өрлеп, дамуына iзгi ықпал
етедi.Тап осындай жаңа толқынның пайда болуы арқасында республикамызда
ұлттық-мәдени орталықтар құрылып, белсене жұмыс iстеп келедi. Этносаралық
қарым-қатынастардың жарасымды үйлестiгi мен ұлтаралық қатынастардың
мәдениетi арта түстi, қазақстандықтардың этносаяси ортақтастығы негiзiнде
әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң арасында жаңаша қарым-қатынас түрлерi қалыптасып
келдi.
Ұлы Махатма Ганди: ”Дүниенi өзгерту үшiн өзiмiз өзгеруiмiз қажет”, -
деп едi. Демократияның сырт түрiн орнату қиын емес. Ешкiм де о бастан
демократ, патриот, реформатор, социалист, ұлтшыл және басқа да бiреулер
болып тумайды. Әркiм бiрте-бiрте солай қалыптасады. Олай болса, әрбiр
отбасында, мектептерде, жоғары оқу орындарында, ұйымдар мен мекемелерде
адамдарға, әсiресе жас ұрпаққа, бейбiтшiлiк, жалпыұлттық келiсiм,
Қазақстандық патриотизм рухында тәрбие берудiң маңызы мен рөлiн арта түсуi
қажет деп ойлаймын.
Демек, құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмiрдi демократияландыру,
ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастықтың лайықты, толық
мүшесi болып енуiнiң басты шарты болып табылады. Онсыз мемлекетiмiздiң
әрбiр азаматының жоғары экономикалық деңгейге көтерiлуi, өз өмiрiн
мазмұнды өткiзетiн еркiн адам дәрежесiне жетуi мүмкiн емес. Жалпыұлттық
келiсiм мен әлеуметтiк-саяси тұрақтылық елiмiздiң демократиялық дамуының
қажеттi бағыты.
Ресейдiң, Украинаның, Түркiменстаның Президенттерi жеке жолдауларында,
Өзбекстан Президентi телефон арқылы сөйлесу барысында құжаттың негiзгi
қағидаларына өздерiнiң қолдауларын бiлдiрiп, көптеген ұстанымдар бойынша
көзқарастар бiрлiгiн атап көрсеттi.
Ресейден, Түркиядан, Жапониядан, сондай – ақ, ЕҚЫҰ, ДИАҚБ пен НАТО –
дан ресми тұлғалардың БАҚ–тардың және аналитикалық қауымдастық өкiлдерiнiң
жан-жақты түсiндiрмелерi келiп түстi.
”Елдегi ахуалға Сiз берген бағаны, әсiресе демократиялық реформалардың
кең ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi сiздiң идеяларыңызды зор
қызығушылықпен оқып шықтым. Альянс мүшелерi Қазақстанның Орталық Азияда
қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi және өңiрлiк тұрақтылықты орнықтырудағы
шешушi Республика елiн мойындайды және қауiпсiздiктiң лаңкестiк, жаппай
қырып-жою қаруларын тарату, Ауғанстандағы ахуал секiлдi жалпы мемлекет
мәселелерiн шешу үшiн, ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн және ортақ
мүдделер игiлiгi жолында сiздiң елмен ынтымақтастықты күшейтуге әзiр, -
деп хабарлады. Мемлекетiмiздiң басшысына жолдаған хатында НАТО-ның бас
хатшысы Яап де Хооп Схеффер.- Еуроатлантикалық әрiптестiк кеңеснiң және
бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк бастамаларының аясында НАТО сiздiң
елiңiздiң реформаларды жүзеге асыру, атап айтқанда, қауiпсiздiк пен
қорғаныс саласында жүзеге асыру жөнiндегi күш-жiгерiне белгiлi бiр үлес
қоса алатын бiрқатар маңызды бағдарламаларды ұсынады. ”Осы тұрғыда, деп
атап өткен бас хатшы, альянсқа мүше мемлекеттер НАТО – мен жеке
әрiптестiк iс-қимыл жоспарын дамытуға Қазақстанның әзiрлiгiн құптайды, бұл
жоспарын дамытуға Қазақстанның әзiрлiгiн құптайды.
Мемлекет басшысының Орталық Азия мемлекеттерiнiң одағын құру туралы
бастамасы Ресей саясатшылары мен сарапшылары арасында барынша үндестiк
туғызады. Ресейдiң Үкiметтiк топтарында бұл идея бiрiншi кезекте Өңiрлiк
тұрақтылық пен қауiпсiздiктi нығайтуға бағытталған деп санайды.
Жолдаудың саяси блогын талдай келiп, ресейлiк мас-медиа ”саяси
өзгерiстердi өршiлдiк сипатта жүзеге асыру ” атап айтқанда, билiктiң
жергiлiктi деңгейiнде сайланбалықты кезең-кезеңмен ендiру стратегиясы
туралы жазуда.
Қытайда дипломатиялық,қоғамдық және ғылыми топтар арасында Мемлекет
басшысының Қазақстан халқына Жолдауының мазмұны үлкен қызығушылықпен
қабылданды. ”Синьхуа ” агентiгi және Жэньминь жибао орталық газетi осы
тақырыпқа тиiстi ақпараттар жариялады.
Оларда ҚР-ның осы заманғы дүниеде сыртқы саясаттағы басымдықтарының
Жолдауда қуатталғаны, олардың бiрi ҚХР–мен жан-жақты ынтымақтастықты
дамыту болып табылатыны атап көрсетiлген. Сондай-ақ Қазақстанның ХХI
ғасырдың сынақтарына қарсы тұруға қабiлеттi, белсендi, жан-жақты және
теңдестiрiлген сыртқы саяси стратегия жүргiзiп отырғаны атап өтiлген.
Қытай БАҚ–тары: ”Қазақстан лидерiнiң экономиканың жедел дамуы және
қоғамдық тұрақтылықты сақтау елдiң байыппен және нық тұрғыда алға
жылжуының аса маңызды факторлары және кепiлдiктерi болып табылады дегенi
ақиқат екендiгi сөссiз” деп жазуда.
Қытайдың сарапшы топтары Президент Н.Назарбаевтың Орталық Азия
мемлекеттерiнiң одағын құру бастамасына, сондай-ақ Жолдаудың Өңiрлiк
ынтымақтастық мен экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жоспарлау мен болжау
Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратег
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының алғышарттары
КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ
Қазақстан Республикасының тұрақты даму алғышарттары
Экономиканың өрлеуі
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Адам ресурсындағы стратегиялық жоспарлау
Пәндер