Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Орындаған Кайргужина Г. К. "" ___2012 ж.
2 курс магистранты /қолы/
Ғылыми жетекші Абдирайымова Г. С. "" 2012 ж.
соц. ғ. д., профессор /қолы/
.
Қорғауға жіберілді:
әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс
кафедрасының меңгерушісі,
соц. ғ. д., профессор Абдирайымова Г. С. ""2012 ж.
/қолы/
Алматы 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
ҚОСЫМШАЛАР . . . 64
Реферат
Зерттеу тақырыбы: Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кездегі әлемдегі глобализация, модернизация урбанизациялық үрдістерді күшейте түсті, әсері өсуде. Бұл жағдайлар, әсіресе, жастарға әсерін тигізді. Қалаға жастар көптеп ағылады, ал урбанизациялық үрдістер құндылықты бағдарларына өзгеріс енгізбей қоймайды.
Осы тұста, қала жағдайындағы үрдістердің қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға әсер етуіне әлеуметтік талдау жасап, кемшілігі мен артықшылығын анықтап ұсыныстар жасаудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Урбанизациялық үрдістердің қазақстандық қоғам шынайылығындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау, ірі қалаларда тұратын жастарға тән ерекше сипаттарын анықтау.
Мақсаты: Қазақстан жастарының құндылықты бағдарларына урбанизация үрдістерінің әсер етуін, қазiргi Қазақстанның ірі қаласының жастарының құндылық әлемiнiң ерекшелiктерiнiң анықтауы болып табылады.
Магистрлік диссертацияның негізгі міндеттері:
- Құндылық бағыттардың даму тенденциясын айқындау Урбанизациялық үрдістердің әлемдік теорияларын сараптау;
- Құндылықтардың, құндылықты бағдарлардың мәнін, негізгі түсініктерін талдау;
- Қазіргі заманғы урбанизациялық үрдістердің жастарға әсерін, Қазақстандағы көрінісін анықтау;
- Мегаполистың дамуының ерекшелiктері жастардың құндылық бағыттарының құрастыруының факторы ретінде талқылау;
- Қала жағдайында өтетін процестердің тиімді, тиімсіз тұстарын анықтау, сараптамалық ұсыныстар дайындау. Ірі қала жастарының құндылықтарының басқа да ерекшелiгiн айқындау. Алдыма қойған міндетке қол жеткізу үшін мен келесідей әдістерді қолданамын: баяндау, салыстыру, талдау және сауалнама.
Зерттеу обьектісі: Ірі қала жастары (Алматы, Астана қаласы)
Зертеу пәні: Мегаполистың қазiргi даму кезеңiндегi жастардың құндылық бағыттары.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері: Берілген мәселені зерттеу барысында Ресей ғалымдарының, қазақстандық ғалымдар еңбектерінің зерттеулеріне, мерзімдік басылымдардағы мақалаларға және интернет сілтімелерге сайттарындағы ақпараттарға сүйендім. Жастар мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің эмпирикалық негізін ресейлік, неміс және қазақстандық социологиялық зерттеулердің нәтижелері, статистикалық мәліметтер, талдау нәтижелері құрады. Жалпы, бірінші тарауда құндылықты бағдарлардың теориялық негіздерін жазу барысында ақпарат көздері болып ресей, қазақстан, шетел ғалымдарының еңбектері қолданылды. Екінші тарауды жазуда шетел ғалымдарының заманауи теориялары пайдаланылды. Үшінші тарауды жазу барысында ресейлік және неміс интернет сайттарында жарияланған ғылыми зерттеулер мен ақпараттарды пайдаландым. Төртінші тарауды жазу барысында қазақстандық журналдар мен газет мақалаларын, 2012 жылы өткізілген зерттеу мәліметтерін қолдандым.
Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, төрт бөлімнен және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы бітіру жұмысы 74 беттен тұрады.
Глоссарий
- Жастар- әр түрлі әлеуметтік-психологиялық, физиологиялық, жыныс-жас ерекшеліктері тән, әлеуметік есею қалыптасуын, ересектер әлеміне бейімделуін өтетін әлеуметтік-демографиялық топ
- Жастар- әлеуметтену кезеңін өтетін, жалпы білім алу, мамандық және мәдени фунцкцияларды меңгеретін және қоғаммен әлеуметтік рөлдерді үйренуге, орындауға дайындалатын адамдар ұрпағы
- Құндылықтар- бұл адамдардың өмірге деген және осыған сәйкес қолайлы мінез-құлқына көзқарасы болып табылады.
- Құндылықтар- әлеуметтік-психологиялық жақтан - адам қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыратын қоршаған ортадағы феномендердің ол үшін маңыздылығы мен жеке мәнін бейнелейді.
- Құндылықтық бағдарлау- адам әрекетін қамтамасыз етуші білік, мінез-құлықтың мақсатты бағытта реттелуі
- Іскерлік, креативтілік- мақсатты түрде қалыптасқан және дәстүрлі нормалардан тыс жаңа идеяларды жаратуға жаны жақын индивидтің шығармашылық қабілеті.
- Қазіргі глобализация- глобалды масштабтардағы экономикалық интеграцияға бағытталған, ғылыми-техникалық жетістіктерді және нарықтық механизмдерді максималды қолдану (ұлттық мүддені ескермеу) .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кездегі әлемдегі глобализация, модернизация урбанизациялық үрдістерді күшейте түсті, әсері өсуде. Бұл жағдайлар, әсіресе, жастарға әсерін тигізді. Қалаға жастар көптеп ағылады, ал урбанизациялық үрдістер құндылықты бағдарларына өзгеріс енгізбей қоймайды
Осы тұста, қала жағдайындағы үрдістердің қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға әсер етуіне әлеуметтік талдау жасап, кемшілігі мен артықшылығын анықтап ұсыныстар жасаудың маңызы зор.
Мақсаты: Қазақстан жастарының құндылықты бағдарларына урбанизация үрдістерінің әсер етуін, қазiргi Қазақстанның ірі қаласының жастарының құндылық әлемiнiң ерекшелiктерiнiң анықтауы болып табылады.
Магистрлік диссертацияның негізгі міндеттері:
- Құндылық бағыттардың даму тенденциясын айқындау Урбанизациялық үрдістердің әлемдік теорияларын сараптау;
- Құндылықтардың, құндылықты бағдарлардың мәнін, негізгі түсініктерін талдау;
- Қазіргі заманғы урбанизациялық үрдістердің жастарға әсерін, Қазақстандағы көрінісін анықтау;
- Мегаполистың дамуының ерекшелiктері жастардың құндылық бағыттарының құрастыруының факторы ретінде талқылау;
- Қала жағдайында өтетін процестердің тиімді, тиімсіз тұстарын анықтау, сараптамалық ұсыныстар дайындау. Ірі қала жастарының құндылықтарының басқа да ерекшелiгiн айқындау. Алдыма қойған міндетке қол жеткізу үшін мен келесідей әдістерді қолданамын: баяндау, салыстыру, талдау және сауалнама.
Зерттеу обьектісі: Ірі қала жастары (Алматы, Астана қаласы)
Зертеу пәні: Мегаполистың қазiргi даму кезеңiндегi жастардың құндылық бағыттары.
Зерттеудің теоретико-методологиялық негізі. Жұмыстың теориялық негiзі пәнаралық және жүйелiк келу, салыстырмалы социологиялық талдаудың қағидалары болып табылады. Қойылған міндеттердің шешiмі үшiн нақты-тарихи, салыстырмалы, таным әдiстерi қолданылды.
Құндылықтар және қазiргi жастардың құндылық бағыттарының зерттеулерi үшiн аксиологияның мәселелерді қарастыратын еңбектердің мәнi бар. Құндылық бағыттардың мәнiн түсiну, құндылықтардың шығуы, олардың болуының формалары және тәсілдері мәселелеріне О. Н. Астафьева, А. Г. Здравомыслов, М. С. Каган, В. А. Ядов, М. С. Яницкий секілді авторлардың жұмысы арналған.
Құндылықтарды зерттеуде жастар әлеуметтануының маңызы зор. Әлеуметтік құрылымның трансформациясы, жастардың құндылықты бағыттының өзгеруіне ресейлік ғалымдырдың - Т. И. Заславская, Г. В. Осипов, З. Т. Голенков еңбектері арналған. Отандық жастар әлеуметтануында өзекті мәселелер - жастардың құндылықты бағдарлануы, әлеуметтік шарттары, қалыптастыру тетіктері, типологиялық ерекшелігі. Отандық зерттеушілердің тақырыбы - жастар мәселелерінің әдістемелік және қолданбалы аспектілері (М. С. Аженов, К. У. Биекенов, К. Ғ. Ғабдуллин, М. Ф. Пузиков, Л. Н. Қасымов т. б. ), жастардың саяси әлеуметтенуі (Ш. Омаров Л. Ю. Зайниев), Қазақстан жастарының трансформациясының әлеуметтік, саяси, құндылықтық және этникалық аспектілері (З. Ж. Жаназарова, Г. С Абдирайымова, Г. О. Абдикерова, А. С Сарсенбаев) . Жалпы, жастардың құндылықты бағдарларын зерттеу обьектісі пәнаралық болып табылады.
Сонымен қатар, осы жұмыстың тақырыбы қала әлеуметтануымен байланысты болып келеді. Қаланы қоғамның тарихи дамудың экономикалық құрылыс, мәдениет, пен саяси институттар контекстінде талдау М. Вебер еңбектерінде қарастырылады. Г. Зиммель еңбектерінде индивидтің ірі қаладағы өмірінің негізгі ерекшеліктерін көрсетті (жоғары мазасыздық, тәуелсіз болу, дәлдік пен есепқорлық) . Оның зерттеуі әлеуметтік-психологиялық аспектілермен ұштасады.
Чикаго социологиялық мектебiнiң негiздеушiлердiң бiрі Эрнст Берджесс Робертом Паркпен бірігіп, қаланы зерттеу үшiн әлеуметтiк - экологиялық теорияның қолданбалы нұсқасын жасады және қалалық кеңiстiктiң «шоғырлас аймақтар» болжамын ұсынды.
Мегаполистың мәселесiнiң зерттеуiне маңызды теориялық-әдiстемелiк үлес М. Кастельс еңбектері қосты, оның еңбегінде қала әр түрлi әлеуметтiк қатынастардың (экономикалық, саяси, идеологиялық) кеңiстiктiкте iске асырылуы ретінде суреттелген. Ресей ғылымында қала феноменін В. Л. Глазычев, Г. А. Гольц, М. Н. Межевич, Л. Б. Коган, Э. В. Соколов зерттеді.
Осы уақытқа дейін жастар мәселелеріне, өмiрдiң қалалық формаларына, құндылықтар және қазiргi әлеуметтiк-мәдени процестердің аксиологиялық негiздерiн зерттеуге түбегейлi көңіл әрқайсысына жеке бөлінді.
Бұл аспектілердің барлық жиынтығын зерттеуді қолға алу болып жатқан құбылыстардың толық бейнесін жасауға мумкіндіктер ашады. Оған қоса, көлемді модернизация жағдайындағы ірі қалалардың ерекше ортасының ықпалымен қалыптасатын, өзгеретін жастардың құндылықтарының зерттеу өзекті болып табылады.
Жастар мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің эмпирикалық негізін ресейлік, неміс және қазақстандық социологиялық зерттеулердің нәтижелері, статистикалық мәліметтер, талдау нәтижелері құрады.
Елде болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық реформалар, қоғамдық қатынастардың модернизациясы, барлық процестерге еніп бара жатқан глобализация терiс те, оң да құбылыстар тудырды. Қоғамдағы жаңа мәдени парадигманың бекітілуi, жаңа стиль және өмiр салтының қалыптасуы (бұл экономикалық өзгерістерге де байланысты) революцияға дейінгі және кеңестік кезеңнің дәстүрлері, идеалдарынан, тәжірибе мен құндылықтарынан және «Батыс» құндылықтары, тұтынушылық қоғам, бұқаралық мәдениеттің стандарттарынан тұратын қазiргi құндылықты туғызды, ол қоғамның мағыналық жүйесін құрайды. Субмәдениеттер, мәдени формалардың алуантүрлiгi, жеке деңгейде елдiң мәдени, экономикалық, саяси потенциалының жоғарылатуы және таңдаудың мүмкiндiктерiнiң кеңеюі орын алды.
Ірі қалалардың әлеуметтік-мәдени ортасы адамдардың арасындағы өмiрдiң стильлерi, мінез-құлық формалары, субмәдениеттер, өмірлік байланыстардың, құндылықтың бағдарлардың алуантүрлiлiгiмен сипатталады. Қаланың өмiрiнiң сипаты мен қасиеттері жалпы әлемдік мәдени - әлеуметтiк-экономикалық процесстерiне қосылудың қарқындылығы, алуантүрлiгі, дәрежесіне тікелей байланысты. Батыс елдерiмен еркiн мәдени айырбастар үшін шегарлардың ашылуы, қоғамның демократизациясы мен модернизациясы, ақпараттық технологиялардың белсендi дамуы және енуiмен байланысты болған Қазақстандағы 1990-шi жыл басталған өзгерiстер ең алдымен ірі қалалар (астаналар) кеңiстiктерiнде кең әсер алды.
Мегаполис мәдениетiнiң құндылықтарының масштабы өнерлерді, ғылым дамытумен, халықтың эстетикалық тәрбиесімен кәсiби шұғылданатын әлеуметтiк-мәдениеттi институттарының көп болуы мәдени потенциалдың жеткiлiктi биiк көрсеткiштерi туралы айтуға болады. Мегаполистың мәдени потенциалының элементтері ретінде шығатын қоғамдардың дәстүрлi институттарының жұмыс жасауымен қатар, өзіне бос уақытын өткізу саласының даму сипатына әсер ететін бұқаралық сана үшін маңызды «экрандық мәдениетті» (кино, теледидар, интернет) қосатын ақпараттық сала маңызды мәнге ие болуда.
Қала жастары ішкі біртекті емес, дифференциалды болғанымен, қала мәдениеттiң дәстүрлер және инновацияларының iске асырылу кеңiстiгі ретiнде белгілі бір құндылықтық сана иесі болып табылатын жас буынды жалпы сипаттайтын ортақ қасиеттерді шығаруға мүмкіндік береді.
Ірі қалалар жастары санасында отбасылық, достық, денсаулық, махаббат құндылықтары әлі де басты болып табылады. Бірақ сонымен бірге, экономикалық, техникалық прогресс жағдайында өмірдің жетімді-материалды саласына жататын прагматикалық құндылықтардың да - қызықты жұмыс, ақша, мансаптың өсуі - маңызы жоғары. Мұндай қарама-қайшылық құндылықтар парадоксына алып келеді - санада бар, іс-әрекетте көрініс таппайды.
1 ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 ҚҰНДЫЛЫҚТЫ БАҒДАРЛАР: ТҮСІНІГІ, МӘНІ
Өтпелі кезеңмен байланысты болған әлеуметтік - экономикалық және рухани-мәдени трансформация жағдайында саяси, экономикалық құндылықтардың қайта қаралуы посткеңестік қоғамда көптеген қиындықтар туғызды. Сонымен қатар, бүгінде әлемдегі орын алған демократия мен глобализация, модернизация, технологизация үрдістерінің құндылықтарды қалыптастыруда рөлі өсті. Бұл процестер адам санасын, өмірге, қоғамға көзқарасы мен құндылықтарды өзгертті.
Өмір сүру жағдайындағы өзгеріс, әрине, адамның құндылықтар жүйесіндегі өзгерістерге әсер етеді. Бұл ретте, қоғамның айнасы, сезімтал болып табылатын жастар өзгерістерді тез қабылдағыш қоғам контингенті болып табылады. Осы жағынан жастар құндылықтарын эволюциясын зерттеу маңызды.
Қазір Қазақстандағы жас ұрпақ әлеуметтік-психологиялық кризисті басынан өткеріп жатыр деуге болады; көне мінез-құлық стереотиптері, нормативті және құндылықты бағдарлардың жойылуы, жаңа құндылықтардың жүйесіз болуы. Жастардың көпшілік бөлігі болып жатқан жағдайлардың мәнін жоғалтып, өзінің нақты өмірлік дағдысы жоқ күй кешуде.
Жастар анықтамасына келер болсақ, жастық шақ - 15-29 жас аралығы (төменгі жас шегі - физиологиялық есею және таңдау шағы - жұмыс әлде оқу; жоғарғы шегі - экономикалық өзінділікке, кәсібилік және жеке тұрақтылыққа жететін кез - отбасы) . Онымен қоса, жастардың құрылымын көрсететін анықтама: «Жастар - әлеуметтену кезеңін өтетін, жалпы білім алу, мамандық және мәдени фунцкцияларды меңгеретін және қоғаммен әлеуметтік рөлдерді үйренуге, орындауға дайындалатын адамдар ұрпағы». Нақты тарихи жағдайларға байланысты жастардың жас категориялары 16 дан 30 жасқа дейін ауытқиды.
Осы уақыт шегінде адамдар өз өмірінде маңызды қадамдар жасайды.
Жастық шақтың шегаралары, әлеуметтену процесінің ерекшелігі қоғамдағы нақты тарихи жағдайларымен және мәдени дәстүрлерімен анықталады. Әр түрлі елдерде және мәдениеттерде әлеуметтену процесі бірдей жүрмейді. Сондықтан жастық шақ ел дамуының әр түрлі уақыттық аралықтарда және белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайларында әркелкі анықталады. Мысалы, XX ғасыр басында бұл жас 10-12-ден 20-ға дейін болды, ал қазіргі кезде 17-ден 28-30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды [1; 22б. ] .
Жастар - әр түрлі әлеуметтік-психологиялық, физиологиялық, жыныс-жас ерекшеліктері тән, әлеуметік есею қалыптасуын, ересектер әлеміне бейімделуін өтетін әлеуметтік-демографиялық топ (ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жастар бүкіл халықтың 30% құрайды) [2; 12б. ] .
Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды. Қысқа мағынада, жастар - жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1, 3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша еліміздегі тұрғындар санының 27, 4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші түйіні деп айтуға болады. 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша, жастардың саны 3 872 566 адамды құраған еді. Еркектердiң саны (еркектер - 2 256 228, әйелдер - 2 254 207) әйелдердiң санынан аздап қана асады. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық жастар - 55, 1%, ауыл жастары - 44, 8% құрайды. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы жастар санының көп шоғырланған өңірлер болып табылады [23] .
Жастардың пiкiрлерiн зерттеу, жастар саясатының үрдісіне, жастардың бүгінгі таңдағы құндылықтарына және қазiргi жай-күйiне уақытылы мониторинг жүргізу мемлекет үшiн өте маңызды. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының iске асырылуын зерделеу жөніндегі бірқатар социологиялық және талдамалы зерттеулер жүргiзiлуі аса маңызды.
Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтуге болады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады. Осы ретте, жастардың құндылықтарын зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Құндылықтар - әлеуметтік-психологиялық жақтан - адам қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыратын қоршаған ортадағы феномендердің ол үшін маңыздылығы мен жеке мәнін бейнелейді. Олар адамның бағдарлау функциясын атқарады, оның мінез-құлық мақсаттары, бағыттары мен мотивациясын анықтайды. В. Б. Ольшанский өз уақытында құндылықтарды -мәліметтер ағынында адам өмір әрекеті үшін ең маңыздысын байқауға көмек беретін өзіндік бір шамшыраққа теңеген. Бұл - адамның өзінің анықтылығын, мінез-құлығының ішкі кезектілігін сақтауға көмектесетін белгілі бір бағдарларды ұстану [3; 29б. ] .
Адам бойында ешқандай құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайды. Сондықтан тұлғаға айналдыру үшін құндылықтық бағдарлардың маңызы зор.
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады. Осының нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-әрекет етеді.
Құндылықтар әлеуметтік тип үшін әлеуметтік қажеттілігі бар, маңыздылығы айқындалған қалып ретінде болады. Бұл бағытқа М. Вебер еңбек сіңірген. Сонымен аксиологияның ілім есебінде қалыптасуына үлес қосқан Ф. Ницще «Мораль генеологиясы» атты шығармасында адамдарды «жақсы және жаман», «игілік пен зұлымдық» тәрізді түсініктерді, қарама-қайшылық, қарсы пікірге бөліп, болмыс пен құндылықты қатар қарастырып салыстыру философтардың үлесі деген ойды білдіреді. Философ Ф. Ницще құндылықты мәндік категория емес, тек бағалау немесе субъектінің әлемді таңдауындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды. Синергетикалық, герменевтиканың жаңа жүйе, тарихи оқиғалар, құбылыстар, мәтіндер мағынасын өткен және қазіргі біртұтас дүние деп есептеу арқылы жалғасын тауып отырады. Х. Гадамердің пайымы бойынша, құндылықтарды түсіну үшін жеке адамды, халықты, мемлекетті түсіну жеткіліксіз, олардың даму, қалыптасу, өзгерулер себептері, жалпы тарихына терең зер салу қажеттілігін айтып, «ақиқат» деп сонда айта аламыз, сырын түсініп жолын, әдісін табамыз [4; 54б. ] .
Қоғамда дәстүрлі құндылықтармен қатар әрбір тарихи кезеңде пайда болған, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызды құндылықтар өмір сүреді. Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылықтарды түзесе, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар барлық адамдарды біріктіреді. Қоғамда даму, жылдардың өтуі, ғасырларға ұласуына сәйкес құндылықтар қоғамда адамға маңыздылығы жағынан өзгеріп, орын ауыстыруы тарихтан белгілі. Қоғамдағы үрдістердің даму қисынына байланысты тіршілікте, әрине, құндылық мәнін жоғалтуы мүмкін емес, тек мән берілмеуі ықтимал.
Сайып келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмір. Өмір - адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің мәні де сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді. Құндылықтарды жүйе ретінде қарастырсақ, 2-ге бөлуге болады. Ақыл-санадан тыс құндылық: оған жаратушы туралы әлем дүниесіндегі моральді басым ұстанымдар жатады. Бұл құндылықтар адамды өлім туралы ойландырып, оған мән беруге әкеледі. Трансдентальдық құндылықтар идеологиялық жүйені біріктіреді, құрайды, қоғамды біріктіреді, адамның тіршілігіне әсері бар. Әлеуметтік - мәдени құндылықтар: саяси мұраттар, мемлекет мәдениеті, мемлекет тарихы, мемлекеттік шегара, дәстүрлер, аймақ, т. б. қасиеттер.
Сонымен, құндылық дегеніміз - «идеал» және «мәнділік», олардың ерекшеліктері субъектілер арасындағы қатынастарда жүзеге асырылып, көрініс табады. Құндылық болса субъектілер арасындағы жеке тұлға немесе тұтас қоғам деңгейіндегі қатынастардың жалпы кезеңдерін білдіреді.
Айтылған пікірлерге, қазіргі кезеңдегі басты тұлға, басты капитал жасампаздықтың иесі, гуманистік бағыттағы жан, ең маңызды құндылық иесі - Адам екендігі даусыз. Жер бетіндегі барлық заттар, бүкіл адамзаттық мәдени мұралардың ең ізгілері - құндылықтар адам қолдарымен, ақыл-ойларының нәтижесінде жасалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz