Нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін несиелік жүйенің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау



Кіріспе
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ОРНЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Несиелік механизм: мазмұны, элементтері және ерекшеліктері
1.2 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау
1.3 Несие операциясындағы тәуекел деңгейін анықтау
2 «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ.НЫҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІН ТАЛДАУ
2.1 « Қазақстан Халық банкі» АҚ.ның қаржы нарығындағы соңғы жетістіктері
2.2 «Қазақстан халық банкі» АҚ несиелеу жүйесінің жағдайы
2.3 Банктегі проблемалы несиелерді басқару тетіктері
1. ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Несиелік операцияларын сақтандыру стратегиялары
3.2 Несие жүйесін жетілдірудің шетел тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезеңде жұмыс жасап отырған несиелік механизмнің жаңаша-қызмет етуін талап етуде. Себебі, өткен жүйеге қызмет еткен несиелік механизм жоспарлы экономика талаптарына сай негізде жасалғандықтан да, нарықтық қатынастар талаптарына толық жауап бере алмауы мүмкін.
Бүгінгі отандық банктердің кез келгенінің несиелік қоржынының жағдайы өте төмен, өйткені, ондары проблемалық несиелердің үлесі 35-40% шамасын қүрайды. Ал, бұл көрсеткіш Германия және Американдық банктер тәжірибесінде 5-6 % мөлшерінде. Салыстырып қарасақ, біздің банктеріміздің несиелік қоржынындағы проблемалық несиелердің 6-7 есе жоғары болуы, банктік тәжірибеміздегі ондай несиелермен жасалатын жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сондықтан да, алдағы уақыттарды жедел түрде бұл мәселелерді шешу барысы өз кезегінде, көптеген ғылыми тұрғыдағы ізденістерді қажет етеді.
Коммерциялық банктердің несиелік қоржынындағы экономиканы несиелеуге бағытталған несиелердің шамамен 20-30% - і орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80% қысқа мерзімді несиелерді құрайды. Бұл жерде банктердің несиелік ресурстарының жұмсалуы тек қысқа мерзімділік сипатқа ие болады. Мұнда да әлі де болса, өз шешімін таппаған мәселелер аз емес. Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп кеңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, узақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты. Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің өндіріспен байланысының жоқтығын дәлелдейді. Себебі, өндіріс үшін қай кезде болсын, ұзақ мерзімде берілген несиенің маңызы жоғары. Бұл айтылғандар да, бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.
Банктердің экономиканы несиелеуге ынталы болмауы, тек төменгі деңгейде табыс алуына байланысты емес, сол сияқты несиелердің қайтарылмау ықтималдығынан олардың жоғарғы тәуекелге баруына да байланысты болуда. Басқаша айтқанда, біздің елімізде алдағы уақытта Қазақстан экономикасына жұмыс жасайтын банктер жүйесін құру міндеті тұр. Бұл да бүгінгі күннің басты мэселесі болып табылады.
Банктік несиелеудегі шешімін күтіп тұрған келесі бір мәселе – бұл несиелеуге байланысты арнайы зандылықтар мен нормативтік актілердің, сондай-ақ ережелердің, нұсқаулардың, жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Қазіргі несиелік механизмнің осы уақытқа дейін қолданылып келген несиелік механизмнен мүлде айырықша деп айту қиын. Дегенмен де, қазіргі несиелік механизмнің қызмет етуінің өзіндік ерекшеліктері болуға тиіс.
1. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасының банктері және банктердің қызметтері» от 31 тамыз 1995 г. № 2444 (РК Президентінің жарлығымен өзгертілген 27.01.96 ж, № 2830; ҚР заңы 27.09.96 жылдан. № 37-1; 07.12.96 ж. № 50-1; 06.03.97 ж. № 83-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 08.12.97 ж. № 200-1, 29.06.98 ж № 236-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01. ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 28.03.03 ж. № 399-II; 08.05.03ж. № 411-II; 16.05.03 ж. № 416-II; 03.06.03ж. № 427-II; 09.07.03ж. № 482-II;10.07.03ж. № 483-II.
2.Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Алматы: Экономика, 2001ж;
3. «Казкоммерц банк» Акционерлік Қоғамның есеп беру материалдары;
4.«Халық банк» Акционерлік Қоғамның есеп беру материалдары;5. Правила краткосрочного кредитования экономики РК, утвержденного Правлением Национального банка от 11 февраля 1994 года.
5. Положение Национального Банка Республики Казахстан О классификации активов банка и условных обязательств и расчете провизий по ним банками второго уровня РК, от 23 мая 1997г.
6. Балабанов И.Т. Банки и банковское дело. – Питер, 2002г.
7. Бекболатулы Ж.К. Коммерческие банки Казахстана: проблемы и приоритеты // Экономика Казахстана, 2001г., № 9-10.
8. Белоглазова Б. Н., Толоконцева Г. В. Денежное обращение и банки. – М.: «Финансы и статистика», 2001г.
9. Булат Рахматуллин. «Потребительское общество нуждается в кредитовании». - «Деловая неделя» №44 (622), 12 ноября 2004г.
10. Дробозина Л.Т. Деньги, Кредит, Банки. - М., Инфра-М., 2002г.
11. Жукова Е. Ф. Банки и банковские операции. – М.: Банки и биржи – Юнити, 2003г.
12. «Интервью с Ж. Ертаевым». – «Панорама» №3, 28 января 2005г.
13. Калиева Г.Т. Коммерческие банки в Казахстане и проблемы обеспечения их устойчивости: Автореферат. – Алматы: 2003г.
14. Казимагомедов А.А. Банковское обслуживание населения. М., «Финансы и статистика», 1999г.
15. Колесников В. И. Банковское дело. - М: Финансы и статистика, 2002г.
16. Лаврушин О.Н. Банковское дело. - М: Финансы и статистика, 2004г.
17. Майдагуль Шаймердинова. «Стабильно и позитивно». – «Казахстанская правда» №20, 28 января 2005г.
18.Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Алматы: Экономика, 2001ж;

19. Напольских М.А. «Скоринговый метод оценки кредитоспособности частных лиц». – Банки Казахстана №4, 2003г.
20. Нигмат Рамазанов. «Кредитные бюро узаконили». – «Деловая неделя» №29 (607), 30 июля 2004г.
21. «Новое поколение», Жизнь кредитом не испортишь. 11 апреля 2003г.
22. «Панорама». «Президент Назарбаев подписал Закон о кредитных бюро» №27, 9 июля 2004г.
23. Паперная Инесса. Потребительское кредитование: в бой рвутся все, 20.10.2003
24. «Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана». – «Казахстанская правда» №39 (24649), 19 февраля 2005г.
25. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. Перевод с английского. М., «Дело Лтд». 1995г.
26. Положение о предоставлении потребительских займов в АО «Альянс Банк», 13 сентября 2004г.
27. Положение о предоставлении потребительских займа на приобретение автотранспорта в АО «Альянс Банк», 13 сентября 2004г.
28. Политика управления кредитным риском АО «Альянс Банк», 23 августа 2004г.
29. Перечень документов, необходимых для оформления потребительских кредитов в АО «Каспий банк», 23 сентября 2003г.
30. Сейткасимов Г.С. Банковское дело. – Алматы: Каржы-Каражат, 1998г.
31. Сейткасимов Г.С. Деньги, Кредит, Банки. - Алматы: Экономика, 1999г.
32. Смагулова Ш. А., Толеубеков Е. А. Управление рисками при потребительском кредите, 2004г.
33. «Стандарты жизни станут выше» - Караван №8 (772), 25 февраля 2005г.
34. Талгат Ергалиев. «Рейтинг банковского обслуживания – вторая волна». – National Business №1 (15), январь 2005г.
35. Усоскин В. М. Кредит потребительский, предоставляемый населению для покупки потребительских товаров или оплаты бытовых услуг, 2004г.
36. Правила краткосрочного кредитования экономики РК, утвержденного Правлением Национального банка от 11 февраля 1994 года.
37. Положение Национального Банка Республики Казахстан О классификации активов банка и условных обязательств и расчете провизий по ним банками второго уровня РК, от 23 мая 1997г.
38. Чацкис, Е.Д. Толковый словарь финансово – бухгалтерских терминов и поня¬¬тий. Д: “Сталкер”, 2004г.
39. Щиборщ Кирилл. Потребительский кредит, 05.09.2003г
40. www.panorama.kz
41. www.alb.kz
42.«Финансы, денежное обращение и кредит» Архипова, Сенчегова К Москва «Проспкет; 2000г
43. «Денежное обращение и банки» Г.Н. Белоглазова – Москва «Финансы и статистика»; 2000г
44. «Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы: Қазақ университеті, 2009 ж;
45. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктердің операциялары», Алматы: Қазақ уневирситеті, 2002 ж;
46. Мақыш С.Б. «Банк ісі», Алматы: Қазақ уневирситеті, 2008 ж;
47. Саниев «Ақша, несие, банктер», Алматы: АЭСИ., 2001 ж;
48. http://www.halykbank.kz/
49. http://www.nbk.kz/

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға
өтуі, қазіргі кезеңде жұмыс жасап отырған несиелік механизмнің жаңаша-
қызмет етуін талап етуде. Себебі, өткен жүйеге қызмет еткен несиелік
механизм жоспарлы экономика талаптарына сай негізде жасалғандықтан да,
нарықтық қатынастар талаптарына толық жауап бере алмауы мүмкін.
Бүгінгі отандық банктердің кез келгенінің несиелік қоржынының
жағдайы өте төмен, өйткені, ондары проблемалық несиелердің үлесі 35-40%
шамасын қүрайды. Ал, бұл көрсеткіш Германия және Американдық банктер
тәжірибесінде 5-6 % мөлшерінде. Салыстырып қарасақ, біздің банктеріміздің
несиелік қоржынындағы проблемалық несиелердің 6-7 есе жоғары болуы, банктік
тәжірибеміздегі ондай несиелермен жасалатын жұмыстың жеткіліксіздігін
көрсетеді. Сондықтан да, алдағы уақыттарды жедел түрде бұл мәселелерді
шешу барысы өз кезегінде, көптеген ғылыми тұрғыдағы ізденістерді қажет
етеді.
Коммерциялық банктердің несиелік қоржынындағы экономиканы несиелеуге
бағытталған несиелердің шамамен 20-30% - і орта және ұзақ мерзімді несиелер
үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80% қысқа мерзімді несиелерді құрайды.
Бұл жерде банктердің несиелік ресурстарының жұмсалуы тек қысқа мерзімділік
сипатқа ие болады. Мұнда да әлі де болса, өз шешімін таппаған мәселелер аз
емес. Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп кеңіл бөлуі, біріншіден,
ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы;
екіншіден, узақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы
және т.б. байланысты. Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы
банктік несиенің өндіріспен байланысының жоқтығын дәлелдейді. Себебі,
өндіріс үшін қай кезде болсын, ұзақ мерзімде берілген несиенің маңызы
жоғары. Бұл айтылғандар да, бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған
өзекті мәселелерді қозғайды.
Банктердің экономиканы несиелеуге ынталы болмауы, тек төменгі
деңгейде табыс алуына байланысты емес, сол сияқты несиелердің қайтарылмау
ықтималдығынан олардың жоғарғы тәуекелге баруына да байланысты болуда.
Басқаша айтқанда, біздің елімізде алдағы уақытта Қазақстан экономикасына
жұмыс жасайтын банктер жүйесін құру міндеті тұр. Бұл да бүгінгі күннің
басты мэселесі болып табылады.
Банктік несиелеудегі шешімін күтіп тұрған келесі бір мәселе – бұл
несиелеуге байланысты арнайы зандылықтар мен нормативтік актілердің, сондай-
ақ ережелердің, нұсқаулардың, жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған
ережелер мен нұсқаулардың ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Қазіргі несиелік механизмнің осы уақытқа дейін қолданылып келген
несиелік механизмнен мүлде айырықша деп айту қиын. Дегенмен де, қазіргі
несиелік механизмнің қызмет етуінің өзіндік ерекшеліктері болуға тиіс.
Жалпы, қалыптасып отырған қазіргі несиелік механизм несиелеудің ескі және
жаңа түрлерін толық қамтитын механизмді, басқаша айтқанда, өтпелі кезеңдегі
механизмді білдіреді.
Қазіргі несиелік жүйені жетілдіру тек өркениетті әлемде қабылданғандай
және банктер тәжірибелеріне сүйене отырып, несиелік мекемелердің бұрынғы
несиелік механизмнің қызмет ету принциптерінің тиімді жақтарын қалпына
келтіру жолымен ғана мүмкін болады.
Сондықтан да жаңа да, сапалы несиелік механизмді құрудағы өзекті
мәселе, бүгін осындай механизмді жасай отырып, әлемдік тәжірибедегі
несиелеудің жағымды жақтарын ескеруге негізделеді.
Сондай-ақ несиелік механизмді жетілдіру жолдарын қарастыра отырып
яғни несиелік механизмнің негізінде несиелік қатынасқа қатынасушылардың
объективтік экономикалық мүдделерінің: бір жағынан банктердің, және екінші
жағынан қарыз алушылардың мүдделерінің жататындығын, несиелік механизмнің
жетістіктермен қызмет етуінің өзі осы мүдделерді қамтамасыз ететіндігін
әрдайым естен шығармаған дұрыс. Керісінше жағдайда, яғни несиелік қатынас
қаншалықты субъективтік түрғыда ұйымдастырылған болса, соғұрлым олар
банктер мен қарыз алушылардың объективті экономикалық мүдделеріне аз сәйкес
келіп, соғұрлым несиелік механизм қызметінің нәтижесі төмен болады.
Қазіргі несиелік механизм және оның қызмет етуін жетілдіру
барысындағы орын алатын шешімін таппай отырған сұрақтардың бүгінгі күнге
дейін, отандық ғылыми жұмыстарда жеке зерттелмей келуі, бұл диплом
жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды.
Несиелік механизмнің қызмет етуіндегі мәселелерін теориялық
түрғыдан оқып-білу, қазіргі несиелік механизмнің бүгінгі күн талаптарына
қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде диплом
жұмысының мақсаты және басты міндеттерін анықтап отыр.
Диплом жұмысының мақсаты нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін
несиелік жүйенің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді
сараптай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің
несиелеу тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау, сондай-ақ қазіргі
несиелік жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Қазіргі несиелік жүйенің тұжырымын ұсыну;
- Қазіргі несиелік жүйенің құрылымдық элементтерін және өзіндік
ерекшеліктерін зерттеу;
- Банктердің несиелеу механизміне теориялық тұрғыдан баға беру;
- Әлемдік тәжірибедегі банктік несиелеу ерекшеліктерін оқып-үйреніп,
олардың кейбір тиімді жақтарын ұсыну;
- Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу
тәжірибелеріне және даму ағымына талдау жасау;
- Банктердің несиелік қоржының талдау;
- Қазіргі ұзақ мерзімді несиелік механизмнің жетілдіру жолдарын аңықтау
және олардың тиімділігін бағалау.
Зерттеу пәні Қазақстан Халық банкі АҚ мен қарыз алушылар
арасындағы қалыптасатын несиелік қатынас болып табылады.
Зерттеу нысаны ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметі
және олардың несиелік қоржынының құрылымы жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі
отандық және шетелдік экономистердің банктік несиелеудегі орын алатын
мәселелер туралы және несиелік механизмнің экономиканың дамуындағы рөлін
сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Республикасы
Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және
есептікдеректері, нормативтік қужаттары, Қазақстан Республикасындағы
екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері және несиелеуге
байланысты әр түрлі жобалар, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік
конференция материалдары, сондай-ақ несиелеудің дамуы жайлы сұрақтарды
қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с.
пайдаланылды.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен
міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу заты берілген.
1. Тарауда - қазіргі несиелік жүйенің құрылымы және ерекшеліктерімен
қатар, банктік несиелеу механизміне теориялық түрғыдан баға беру
қарастырылады. Мұнда несиелік механизмнің қазіргі түжырымы және
несиелеу механизмінің өзгерген мазмұны, олардың құрылымдық элементтері
сипатталады. Сонымен қатар, бұл тарауда несиелеудегі шетелдік тәжірибе
зерттеледі.
2. Тарауда - Екінші деңгейдегі банктердің, соның ішінде АҚ Қазақстан
Халық Банкісінің несиелеуге баға беруде, нақты жобалар алынып
зерттеледі. Ұлттық банктің ақпараттық басылымдарынан алынған,
статистикалық деректер негізінде АҚ Халық банктің сонғы үш жылдағы
экономиканы несиелеу тәжірибелері және несиелік қоржындарының сапасы
талданады.
3. Тарауда - қазіргі ұзақ мерзімді несиелік жүйені жетілдіру жолдары
қарастырылды. Мұнда ұзақ мерзімді несиелік механизмді ипотекалық бағалы
қағаздар нарығын дамыту арқылы жетілдіру, сондай-ақ банктік үзақ
мерзімді несиелеуге балама ретінде, қазіргі несиелеу формасы лизингтік
несиелеудің артықшылықтар мен тиімділіктері қарастырылып, оларды дамыту
жолында бірқатар ұсыныстар жасалады.
Қорытыңды бөлімінде зерттеудің негізі нәтижелері және несиелеу
жүйесін жетілдіру барысында туындаған ұсыныстар айтылады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ОРНЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Несиелік механизм: мазмұны, элементтері және ерекшеліктері

Қазіргі отандық банктік тәжірибеде, сондай-ақ Банктік бухгалтерлік
есеп, Ақша, несие, банктер және Банк ісі пәндері бойынша жазылған
жоғарғы оқу орындарының оқулықтарында несиелік жүйе немесе несиелеу
механизмі деген түсінікті кездестіру қиын. Ал кеңес әдебиеттерінің
барлығында, аталған үғымға деген көзқарас бірдей емес. Шындығында да,
несиелік механизмнің қазіргі мазмұны, ягни нарық талабына сәйкес өзгерген
ұгымы жайлы арнайы жүргізілген зерттеулер жоқ десе болады.
Механизм дегеніміз не? Механизм термині өзінің шығу тегі техникалық
болғандықтан да, оны техникалық категория ретінде қарастырады.
Экономикалық түсінікте: механизм – бұл белгілі бір қызметті
жандардыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл
мағынасында механизм термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні
экономикалық, оның ішінде несие саясатынның міндеттерімен анықталатын,
басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен
байланысты болып келеді.
Несиелік механизмнің қазіргі түжырымын теориялық түрғыдан қарастырудан
бұрын, жоспарлы экономика және қайта құру тұсында қызмет еткен несиелік
механизмнің нарықтық экономикаға қызмет ету байланыстарын ескеру қажет.
Несиелік механизм 70-ші жылдардың ортасында Ю.П.Авдиянцтын,
Д.А.Аллахвердиянның, Н.Д.Барковскийдің, В.С.Панековскийдің белсенді түрдегі
оқып үйрену затына айналғанды. Авторлар несиелік механизмнің сипаты туралы
тікелей сұрақ қоймайды, дегенмен де, олардың қорытындылауынан
көрінетіндей, олар көбіне бұл механизмдегі объективтік және субъективтік
негіздердің араласуы туралы бірдей көзқараста болады. Бірақ та бұл
экономистердің позицияларының барлығымен бірдей келісе беруге де болмайды.
Н.Д.Барковский былай деп жазады: банктік несиелік – есеп-айырысу механизмі
терминін біртұтас пайдалану қажет. Жалпы, несиелік механизм түсінігіне
кең көлемді мағына берілеуге тиіс. Менің ойымша, бұл механизм тек несиенің
қызмет ету ауданында ғана әрекет етпейді, сондай-ақ несиеге негізделетін
басқа да ақшалай қатынастар ауданында әрекет етеді. Мұндай банктің
экономикалық механизмі туралы түсінігі, банктің басқа да өзара тікелей
байланысты қызметтер қатынастарын (ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу,
ақшалай қаражаттар тарту, есепайырысуларды ұйымдастыру) атқаруына
негізделеді. Әрине, несиелік механизмнің мұндай ауқымды түсінігімен келісу
қиын.
Д.А.Аллахвердиянның ойынша социалистік қоғамның қаржы-несие механизмі
бұл біздің партияның біртұтас қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге,
барлық өндіріс субъектілерінің – кәсіпорындардың (бірлестіктердің) және
олардың ұжымдарының, салалардың және жалпы мемлекеттің ортақ экономикалық
мүдделерін жасауға арналған қаржы қатынастарын жоспарлы түрде басқару
әдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді.
Д.А.Аллахвердиянның берген анықтамасында қаржы-несие механизміне
несиелік қатынастар кірмейді, себебі, ол несиені қаржының құрамдас элементі
ретінде қарастырады.
Осыған байланысты М.А.Пессельдің берген анықтамасы біршама қолайлы.
Оның ойынша, Қаржы-несие механизмі социалистік шаруашылықта қолданылатын
қаржыландыру және несиелеу формалары мен әдістерінің, қаржы қатынастарының
жиынтығын білдіреді. Ол өндіріске ықпал етуші экономикалық тұтқа ретінде
тауар-ақша қатынастарын пайдалануға негізделген, сондықтан да жоспарлау
органдарының үкімді тапсырмаларын орындау бағыттарында әрекет етуге тиіс.
Әрине, жоғарыда келтірілген пікірлердің барлығы, қаржы мен несиенің
өзара байланысындағы аталған мәселелерді кеңірек зерттеуді көздейді. Бірақ
та бұл тәсіл қарастырылып отырған экономикалық категориялардың
механизмдерінің өзіндік ерекше белгілерін талдау деңгейін төмендетеді.
Сондықтан да, несиені зерттеуге өздерінің жұмыстарын арналған көптеген
экономистер несиелік механизмді жеке қарастырып, оның мазмұнына,
элементтеріне және мақсатына көңіл аударады.
Несиелік механизмді дербес бір зерттеу объектісі ретінде бөліп қараудың
қажеттегін айта келіп, М.С.Атлас былай жазады: КСРО-дағы шаруашылық
механизм – күрделі басқару жүйесін білдіреді. Бұл жүйеге оның буыны ретіне:
жоспарлау механизмі, шаруашылык есеп, бағаны басқару, қаржы және несиелік
механизмдер кіреді. Бұл позицияның дұрыстығын шаруашылық механизмнің
құрамына кіретін экономикалық категориялардың іс-әрекеті олардың
спецификалық механизмдерімен қарастырылумен байланыстыруға болады.
В.И.Рыбин бұл позицияны келесідей түрде бөледі: Әрбір дербес
экономикалық категориялардың өзіндік қызмет ету және даму механизмі болады,
мысалға, қаржы-қаржы механизмі, несие-несиелік механизм, ақша-ақшалай
механизм, Қаржы және несие сөздігі бойынша несиелік механизм бұл
несиелеу принциптерін, несиені жоспарлауды және несиені басқаруды қамтитын,
шаруашылық механизмнің құрамдас бөлігі ретінде түжырымдалады. Несиені
басқару банктікнесиелеу әдістерін және шарттарын, оны сандық реттеу
тәсілдерін, несие үшін алынатын пайызды қамтиды. Несиелік механизм
социализмнің экономикалық зандарымен, мемлекеттің экономикалық саясаттың іс-
әрекеттерімен, социалистік ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарымен, халық
шаруашылығының тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады. Несиелік
механизм көмегімен несиелік саясат жүргізіледі делінеді.
Несиелік механизмнің бұл түсінігімен келісе отырып, мұндай тәсілдің,
қазіргі нарыққа өту жағдайында нақты бір коммерциялық банктің жұмысын, оның
клиенттерімен несиелік қатынасын ұйымдастыру көзқарасынан толық бағалауға
жеткіліксіздігін айта кеткен жөн. Сондықтан да бүгін әр банктің несиелік
механизміне баға берудің маңызы арта түседі. Екінші жағынан, бұрынғы
жүйедегі несиелік саясаттың біртұтастығын, ягни оны мемлекет жасап
жүргізгендігін ескерсек, қазіргі коммерциялық банктердің жеке несиелік
саясат жүргізуге толық құқылығын естен шығармау керек. Үшіншіден, кешегі
жүйеге тән несиені бір орталықтан жоспарлау сияқты элементтері тарихқа
кетті десе болады.
Өткен несиелеу жүйесінде несиенің экономикалық категория ретіндегі рөлі
болған жоқ. Өйткені, ескі жүйе тұсында бір орталықтан бөлінетін принцип
негізінде жалпы мемлекеттік ссудалық қор құрылып, сол қордың қаражаты
жоспарға сай банктер арқылы шаруашылық субъектілері арасында бөлінді.
Мұндағы несиенің қайтарымдылық принципі сақталмады, көптеген несиелер
жоспар орындалса болды деген ұранмен жұмыс жасағандықтан да, оларды
қайтарылмаған жағдайларда шегеріп тастап отырды. Демек, несие мен қаржы
арасында ешқандай да айырмашылық болмады. Несиелік ресурстың көлемі халық
шаруашылығы үшін қажетті несиенің көлеміне байланысты анықталды да, ал
банктің қалған ресурстары қаржы ресурсы деп саналды. Міне осындай ережеге
сай несие беру барысында несиелік тәуекел деген түсінік те болған жоқ.
Э.А.Уткиннің авторлығымен дайындалған Банктік терминдер сөздігінде:
несиелік механизм-несиелеу принциптерін, несиелік жоспарлауды және несиені
басқаруды, банктік несиелеудің шарттары мен әдістерін, оны сандық реттеуді,
несие үшін пайыз алуды қамтитын шаруашылық механизмінің құрамдас элементі
деп беріледі.
Бұл пікір де, алдындағы түсінікті қайталайды. Ягни, екеуі де несиелік
механизмнің мазмұнында өткен жүйеге қызмет еткен басты элемент ретінде
несиені жоспарлауды қайталап қарастырады. Әрине, ол уақыттарда несиені
жоспарлаудың қажеттігі социалистік экономиканың жоспарлы, пропорционалды
даму заңының әрекет етуіне негізделген болатын [1].
Ал, профессор Ғ.С.Сейтқасымовтың жалпы редакциясын басқарумен
дайындалған Банк ісі оқулығында: жұмыс істеп отырған несиелік механизм
келесідей элементтерді қамтиды: несиелеу объектілері, несиенің жоспарланған
мөлшері, оның мақсатты тағайындалуы, ссудаларды беру және өтеу шарты, пайыз
мөлшері, қарыз алушынвң міндеттемесі, несиелеу үшін қажетті есепайырысулар
және мәліметтер тізімі, қарыз алушыға экономикалық әрекет ету шаралары және
т.б. деп түсініктеменің орнына оның қамтитын элементтері қарастырылады
және олардың тағы да элементерінің бар болуына сілтеме береді. Бұл жерде
несиелік механизмнің элементеріне несиелеу жүйесінің кейбір элементтері
қосылып отырғандығын айтуға болады. Жалпы, несиелік механизм элементтерінің
шексіз болуы мүмкін еместігін ескерсек, бұл пікірдің ауқымдылығына келісу
қиын. Дегенмен де, бұл пікірден, несиелік механизмді несиелеу жүйесінің
негізі немесе оның басты буыны ретінде қарастыру қажет деген тұжырым
жасаура болады.
__________________________________
[1, Под ред. Сейткасымова Г.С. Банковское дело. Учебник, Алматы, 1998г.]
В.И.Колесников, Л.П.Кроливецкая Банк ісі оқулығында былай жазады:
Банктік несиелеу жүйесі деп несиелеу процессін үйымдастыруды анықтайтын
элементтерінің жиынтығы, және оны несиелеу принциптеріне сәйкес реттеуді
түсіндіреді. Мұндағы несиелеу процессін ұйымдастыру деп несиелеу техникасы
мен технологиясы айтылады. Несиелік процесс жалпы халық шаруашылығы
деңгейіндегі және оның локалдық буындарындары несиелік механизмнің іс
әрекетін, қызмет етуін көрсетеді. Ендеше, несиелік механизмнің несиелік
процесстің элементі ретінде қарастырылуы оның несиелеу жүйесінің басты
буыны болып табылатындығын дәлелдейді.
Келтірілген пікірлер, несиелік механизм мазмұнының несиенің дербес
экономикалық категория ретіндегі мәніне, қізметіне және рөліне
негізделетінін қорытындылауға мүмкіндік береді. Бұл түрғыда несиелік
механизмді несиенің көмегімен ұдайы өндірістің дамуын ынталандыру
мақсатында уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау және оны қайта бөлуге
байланысты банктердің экономикалық-ұйымдастыру шараларының жиынтығы
ретінде қарастыруға болады. Себебі, банктер ғана несие жүйесінің басты
буыны ретінде несиелік механизмді іске қоса алады [2].
Жоғарыда келтірілген пікірлерді негізге ала отырып, қазіргі несиелеу
талаптарына сай келетін, нарықтық қатынастарға толық жауап беретін, қазіргі
несиелік механизмнің тұжырымын жасауға болады.
Біздің ойымызша: қазіргі несиелік механизм нарықтық қатынастарға сай
экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу
принциптері мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін
және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық
механизмнің бір бөлігі болып табылады.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, ягни оның бір
элементтінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуын немесе
өзгеруін туғызатын элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай-ақ қазіргі
несиелік механизмнің басқа да экономикалық механизмдер сияқты, өзіне тән
ішкі құрылымдық элементтері болады.
Несиелік механизмнің бірінші элементіне несиенің нақты түрлері жатады.
Несиенің экономикалық категория ретінде өзіндік түрлері болады.
Несиенің түрлері - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар
арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрлері сол күйінде
сақталады. Қазіргі банктік тәжірибеде несиенің мынадай түрлері болады:
коммерциялық, банктік, тұтыну, мемлекеттік, халықаралық және ипотекалық.
Коммерциялық несие - бұл жабдықтаушының сатып алушыға сатқан тауары
немесе көрсеткен қызмет үшін төлейтін уақытын кешіктіруін

______________________________
[2, Банковское дело. Под редакцией Колесникова В.И. – М, 2000г.]

білдіреді. Коммерциялық несиенің іске асырылу құралы вексель болып
табылады.
Коммерциялық несие Италия, Жапония мен Франция елдерінде кеңірек
қолданылуда. Италияда көтерме саудадағы мәмілелердің 80%-ке жуығы орташа
мерзімі 60 күнді қүрайтын коммерциялық несие жағдайында жүзеге асырылады.
Жапонияның кәсіпорындарының баланстарының жалпы сомасының орташа мөлшердегі
міндеттемелерінің 30%-тін, ал Француз фирмаларының 25%-ін коммерциялық
несиелер құрайды. Коммерциялық несиені пайдалану жағынан кейінгі орындарға
ағылшындық, американдық және германиялық компанияларды жатқызуға болады.
Қазақстанда коммерциялық несие 30-шы жылдардың басындағы несиелік
реформаға дейін дамып келді. Коммерциялық несие сол уақыттарда сауда
саласын дамытуға көп үлес қосты. Коммерциялық несиенің басты қүрады-вексель
айналысы ол уаққыттарда болды. Кейіннен несиелік реформа жүргізу
нәтижесінде вексель айналыстан алынып тасталынған. Сөйтіп, коммерциялық
несие КСРО тұсында қолданылмады. Оның себебі, реформалауға сәйкес
коммерциялық-акционерлік банктердің мемлекеттік банктерге айналуына
байланысты болды.
Содан бері ұмыт бола бастаған несиенің бұл формасы елімізде соңғы
уақыттарда қайта көрініс тапты. Бұл несиелеуді 1996 жылы алғашқылардың бірі
болып Қазкоммерцбанк үкіметіміздің арнайы жасалған Астық жинауға
арналған вексельдік бағдарламасына сәйкес астық векселінің көмегімен
жүзеге асырды. Кейіннен Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы да бұл
несиелеуді жалғастырды. Соңғы кездегі, бұл несиелеудің формасының дамуын
тежеп отырған факторларға: инфляция деңгейінің өсуі, төлем дағдарысы,
серіктестік байланыстардың сенімсіздігі және нақты зандылықтардың
жеткіліксіздігін жатқызуға болады. Ендеше алдағы уақыттарда осы аталған
мәселелерді шеше отырып үкімет және Ұлттық банк тарапынан коммерциялық
несиелеудің қазіргі жағдайда дамуына қолдау жасау қажет.
Банктік несие – бұл банктердің және арнайы несие-қаржы мекемелерінің
қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиесі болып табылады. Банктік
несие әмбебап болып келеді. Өйткені, ол банктер арқылы қайта бөлінетін
қарыз капитал ретінде экономиканың барлық салаларында кеңінен қолданылады.
Бұл ерекшелігі, оның жылдам даму себебін түсіндіреді. Банктік несие бүгінгі
танда несиенің басқа формаларымен салыстырғанда отандық банктер
тәжірибесінде кеңінен қолданылып отырған несиеге айналуда. Бірақ, бұл
несиенің даму барысында орын алып отырған несиеге айналуда. Осы несиенің
даму барысында орын алып отырған шешуін табар мәселелер де жоқ емес.
Банктік несие бүгінгі таңда тек қысқа мерзімді ғана жеке дамып отыр десе
болады. Ал оның орта және ұзақ мерзімде дамуына келесідей факторлар ықпалын
тигізуде: тартылатын ресурстардың қысқа мерзімділік сипатта басым болуы;
қарыз алушылардың төлем және несиелік қабілетсіздігі; несиелеудегі жоғары
тәуекелдің болуы; несиені қамтамасыз етудегі тұрақты құралдардың
жеткіліксіздігі; инфляцияның жоғарғы деңгейі.
Тұтыну несиесі – халықа тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық
қызметтерді өтеугеберілетін коммерциялық немесе банктік формадағы берілетін
несиені білдіреді.
Тұтыну несиесі бөлшек сауда орындары арқылы тауарларды төлейтін уақытын
кешіктіріп сатуда коммерциялық несие формасында және тұтыну мақсатына
банктік несие формасында беріледі. Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы
халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек
саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғайюына сай
несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге – алу сұранысы
туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өссуі, сұраныстың төлем
қабілетіндігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресі бүгінгі тауарлар
нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Мемлекеттік несие – мемлекет және жергілікті билік органдары өздері
қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын занды түлғалар мен
азаматтарға қатысты несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Мемлекеттік несиенің формаларына: мемлекеттік облигациялық займдар,
қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелер және басқа да мемлекеттің
бағалы қағаздары жатады. Бүгінгі танда, мемлекет тарапынан қысқа және орта
мерзімді қазыналық міндеттемелер бюджет тапшылығын жабу мақсатында
шығарылуда. Қазыналық міндеттемелердің түрлеріне: мемлекеттің қысқа
мерзімдік қазыналық міндеттемесі (МЕКАМ) – 3 ай, мемлекеттің қысқа
мерзімдік қазыналық міндеттемесі (МЕКАМ) – 6 ай, мемлекеттің қысқа
мерзімдік қазыналық міндеттемесі (МЕКАМ) – 12 айлық, сол сияқты таяуда шыға
бастаған: мемлекеттің инфляциялық қазыналық міндеттемесі (МЕИКАМ) жатады.
Сонымен қатар, Ұлттық Жинақ облигациялары, және Ұлттық банктің қысқа
мерзімді ноталары сияқты мемлекеттің бағалы қағаздарының айналысқа
шығарылуы мемлекеттік несиенің дамуын одан әрі арттыра түседі. Бұл несиенің
артықшылығына оның табысының төмендігіне қарамай олар бойынша тәукелдің өте
төмендігін немесе тәуекелдің болмайтындығын айтуға болады. Сондықтан да,
банктер тарапынан мұндай бағалы қағаздарды сатып алу ынтасы арта түсуде.
Халықаралық несие – халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы
валюта және тауар ресурстарын қайтару және пайыз төлеу шартында берумен
байланысты болатын қарыз капиталының қозғалысын білдіреді. Қазақстанның
халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформаларды
түбегейлі жүргізу үшін қажетті қосымша қаржы көздеріне қол жеткізді.
Халықаралық несие кебіне банктік несие негізінде жүзеге асырылуда. Әрине,
бұл жерде жасалатын мәмілелер негізінен коммерциялық сипатқа ие. Сондықтан
да, халықаралық банктік несие бойынша төленетін пайыз мөлшері 3-4 есе
жоғары болып келеді. Халықаралық несие қарыз беруші елдің валютасында
немесе еркін алмастырылатын валютаралда беріледі. Халықаралық несиенің
қозғалысында біздің еліміз басты қарыз алушы болып табылуда. Мұны біздің
елімізге беріп жатқан әр түрлі халықаралық қаржы-несие ұйымдардың
несиелерінен көруге болады. Атап айтсақ, бізге басты несие берушілерімізге:
Дүниежүзілік қайта қүру және даму банкі, Халықаралық валюталық қор,
Еуроазиялық қайта қүру және даму банкі, Азия даму банкі және т.б. жатқызуға
болады.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге берілетін несиені білдіреді.
Ипотека бұл салынған мүліктің несие берушіде емес, қарыз алушының
қолында қалатын кепілдің түрі болып табылады.
Классикалық түсінікте, ипотека – бұл тек несие беру ғана емес, сондай-
ақ салынған мүлік туралы актілермен қамтамасыз етілген облигациялар
шығарумен байланысты қосымша несиелік ресурстар тарту тәсілін білдіреді.
Ипотекалық несиелеу процесі екі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:

-Тұрғын үй құрылысын несиелеу;
-Халықтын тұрғын үй сатып алуына ұзақ мерзімді несие беру.
Тұрғын үй құрылысын салуға берілетін несиелер көбіне қысқа мерзімде
арнайы немесе коммерциялық банктерден берілуі мүмкін [3].
Несиелік механизмнің екінші элементіне несиенің мәнін және қызметтерін,
сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті
экономикалық заңдардың талаптарын бейнелетін несиелеу принциптері жатады.
Несиелік принциптер негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің
берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу
принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары:
несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде
қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады. 90-шы жылдарға дейін біздің
елімізде банктік несиелеу 1930-1932 жылдардағы несие реформасы
жүргізілгендегі белгіленген келесідей принциптер негізінде жүзеге
асырылды: несиелеудің жоспарлық-мақсаттылық сипаты, мерзімділік, несиенің
тауарлы-материалдық бағалылармен қамтамасыз етілуі және жоспардың орындалу
мөлшеріне байланысты несиелеу.
Жоспарлылық-мақсаттылық несиелеу принципінің мазмұны несиенің банктің
несиелік жоспарында қарастырылған және өндірістік жоспардың орындалуы
процесінде ақшалай қаражаттарға деген белгілі бір нақты қажеттілікті
қанағаттандыру мақсатында берілуін сипаттайды. Несиелеу процесіндегі
материалдық қамтамасыз етілу принципі тауарлы-материалдық бағалылықтардың
болуын, яғни оларды сатқаннан түсетін ақшалай қаражаттардың несиені
қайтаруға арналатынын білдіреді. Жоспардың нақты орындалу мөлшеріне
байланысты несие беру принципі несиені көздеген мақсатқа пайдалануға, және
сондай-ақ оны қайтаруы үшін қажетті жағдайлар туғызды. Несиенің
қайтарымдылығы шаруашылық үйымды банктен алған несиені қайтаруға
міндеттесе, ал несиенің мерзімділігі әр ссуданың нақты қайтарылу мерзімін
анықтады.
_________________________
[3, Давлетов М.Т. Кредитная деятельностьбанков в Казахстане, 2001г.,
Алматы, Экономика]

Жоғарыда берілген несиелеу принципі бір-бірімен тығыз байланыста
болды. Мысалға, несиенің материалдық қамтамасыз етілу принципінің бұзылуы
несиенің мақсатты пайдалануында қайшылықтар тудыра отырып, несиенің
уақытында қайтарылу принципінің бұзылуына жол береді. Несиенің жоспардың
орындалу мөлшеріне байланысты берілу принципінің сақталмауы несиенің
мерзімділігі мен оның материалдық қамтамасыз етілу принципін бұзуы мүмкін
болды [4].
Экономиканың нарықтық шаруашылық – жағдайларға өтуі несиелеу
принциптерінде қалыптасып қалған ғылыми көзқарастарды нарықтың талабына сай
қайта бағалауды қажет санайды.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топка
бөлінеді:
1. топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
-несиенің мақсаттылығы;
-несиенің дифференциялдығы;
2. топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
-несиенің мерзімділігі;
-несиенің қайтарылымдылығы;
-несиенің қамтамасыз етілуі;
Несиелеудің мақсаттылығы несиенің нақты материалдық бағалықтардан және
өндірістік шырындар объектілеріне бағытталуын білдіреді. Объектілердің
қазіргі кездегі жіктелуі нормаланған активтер мен олардың айналым
қаражаттар айналымының шеңберіне тиістілігін қамтиды. Айналым шеңберінің
бірінші сатысының (А-Т) нормаланған активтеріне шикізаттар, материалдар,
жанар-май, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және басқадай бағалылықтар
жатады. Олар өндірістік қызметті жүргізу үшін өндірістік қорлар құрамында
есептеледі. Содан кейін барып аталған бағалылықтар аяқталмаған өндіріске
айналып екінші саты - өндіргіштік сатыға (Т...Ө...Т′), яғни өз құндарын дайын
өнімге береді. Бұл сатыда материалдық бағалықтардан басқа, жалақы төлеуге
байланысты еңбек шығындары да несиеленеді.
Несиелеудің үшінші сатысында (Т′-А′) еңбек өнімдері сатылады да,
осыған байланысты дайын өнімдер, сатып алушылардың тиеп жіберген тауарлары
және т.б. несиеленеді.
Қазіргі несиенің дифференциялық принципінің мазмұны өзерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысты, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да
несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип
несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген
сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік
қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және
олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың
___________________
[4, Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004ж.]
жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып бастапқы несиенің орналастырғанға
дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттігіне байланысты
несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен
салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік – ол белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз
алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай
қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің
қайтарымдылық принципі туындайды.
Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде, басқадай
тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын
ерекшелігімен сипатталады. Сондықтан да, қайтарымдылық – бұл несиенің
ажырамас атрибуты болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл
принципіне ерекше берілген. Біріншіден, оның сақталуынан, ұдайы өндірісте
ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл
принципті сақтау коммерциялық банктердін өтімділігін қамтамасыз ету үшін
қажет. Олардың жүмысын ұйымдастыру принциптері, сырттан тартылатын
несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді.
Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшын бұл принциптің сақталуы, банктен
жаңа несие алу барысында мүмкіндік береді.
Несиенің ақылылығы – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаржатты
қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс
жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (бұрынғыша
пайыз) түрінде беріледі.
1988 жылдарға дейінгі Мемлекеттік банктен жүргізілген пайыз саясатының
бірқатар кемшіліктері болды. Біріншіден, банктік несиелердің барлық
түрлері және шаруашылықтың барлық салалары бойынша пайыз мөлшері үкімет
деңгейінде де орталықтандырылған түрде белгіленеді. Екіншіден, оларды
белгілеу барысында, несиелеу мерзімі объективті түрде есепке
алынбағандықтан, нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелерге белгіленген пайыз
мөлшері қысқа мерзімге қарағанда төмен болды. Үшіншіден, банктік несие
үшін төленетін пайыз деңгейі өте төмен болып саналды. Сондықтан да,
қазіргі пайданы бөлу жүйесімен салыстырғанда пайыз мөлшері банк несиесін
алушылардың шаруашылық – қаржылық жағдайына әсер етпейді. Сондай-ақ
несиенің басқа көздерімен салыстырғанда арзан болуы, шаруашылықта оған
деген негізсіз сұраныс тудырды.
1988 жылдан бастап, банктік пайыз саясаты түбегейлі өзгерді. Ұзақ
мерзімді несиелерге, қысқа мерзімді несиелерге қарағанда біршама жоғары
мөлшерде пайыз белгіленеді. Соңынан, банктерді коммерцияландыру
нәтижесінде, банктік пайыз мөлшері қайта қаралуды талап етуімен қатар
олардың жоғарылауына себеп болды [5].
__________________
[5, Хамитов Н.Н. Банковское дело, Алматы, 2005г.]
Демек, жоғарыда айтылғандардың бәрі өткен жүйедегі несиелеудің осы
принципіне байланысты кемшіліктерді сипаттаса, қазіргі уақыттарда да бұл
принциптің төңірегінде кемшіліктер аз емес. Ең бастысы несиеге қойылатын
сыйақы нарықтағы несиеге деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты емес,
керісінше Ұлттық банктің сыйақы мөлшерінің саясатына байланысты болуы,
сондай-ақ бұл сыйақы мөлшерінің қымбаттығы өндіріс саласының дамуына кері
әсер етеді, себебі, банктер бүгінгі күні тек пайда табу жағын бірінші
жолға қоя отырып несиені саудаға да, ондіріске де, халыққа да және т.с.с.
барлығына бірдей ешқандай да жеңілдіксіз жағдайда сыйақы мөлшерін
белгілейді. Нәтижесінде, қымбат та, қысқа мерзімдік сипаттағы банк
өнімінің сауда салаларынан басқалары үшін тиімсіз болып, алған несиесін
уақытылы қайтара алмай жатады.
Несиелеудің келесі бір принципі, берілетін несиелердін материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі. Несиенің қамтамасыз етілуінің бүгінгі күнгі
мәні өзгеше. Қазіргі кездегі несиені қамтамасыз етілуі құралдарына: кепіл,
кепілдеме, және сақтандыру міндеттемелері жатады.
Соның ішіндегі, ең бір маңызды қамтамасыз ету құралы – кепіл. Кепілге
берілетін несие – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген
несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның
пайдалануында болады.
Демек, нарық экономикасына өту жағдайында несиенің мәнің алпына
келтіру несиелік механизмнің негізін құрайтын несиелеу принциптеріне үлкен
көңіл бөлінуін талап етеді. М.А.Сыргтың көзқарасымен бөлісе отырып,
несиелеу принциптерін объективті және субъективті деп бөліп қарауға
болады. Несиелеудің объективті принциптеріне қайтару мерзімі және
ақылылығы жатса, ал субъективті принципіне несиенің дифференциалдылығы,
мақсаттылығы және қамтамасыз етілуі жатады.
Сонымен қатар, еліміздегі бүгінгі инфляция жағдайында экономикадағы
нарықтық қатынастардың дамуына несиелік механизмнің тигізер әсерін
практикада іске асыруды несиелеу принципінің толық қамтамасыз ете
алмайтындығын айта кету қажет.
Несиелік механизмнің үшінші элементіне несиелеу шарты жатады. Несиелеу
шарты – деп несиелеудің базалық элементтері, несиелеу субъектілері мен
объектілері және несиенің қамтамасыз етілуге қойылатын талаптарды түсінуге
болады.
Несиелеу шарты, біріншіден, несиелік мәміле жасайтын екі жақтың
мүдделерін ескереді. Банктер шаруашылықтың қажеттілігінің мүдделеріне
сай, клиенттің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Несиелеу шарты,
сондай-ақ несие беруші-банктердің мүдделерінің қорғалуын да көздейді.
Несиелеу шарты, екіншіден, несиелеу принциптерінің: мақсаттык
мерзімділігі және қамтамасыз етулігімен байланысты. Егер де, клиент
аталған принциптерінің біреуін бұзатын болса, онда несиелеу мәмілесі
жасалмайды.
Несиелеу шарты үшіншіден, банктің коммерциялық мүддесі сақталатын
негізде жүзеге асырылады. Несиелеу арқылы түрде жүргізіледі. Оның ақысы
көбіне несиелік тәуекелге, орталық банктің сыйақы мөлшерінің деңгейіне,
байланысты анықталады.
Несиелеудің төртінші шарты, банк пен қарыз алушы арасындағы жасалатын
несиелік келісімді қамтиды. Несиелеу, несиелік мәмілеге қатынасатын
жақтардың белгілі бір міндеттемелері мен қүқықтарын, сондай-ақ
экономикалық жауапкершілігін көздейтін келісім негізінде іске асады.
Несиелік механизмнің төртінші элементіне несиелеуді экономикалық
ұйымдастыру тәсілдері жатады. Бұл элементтін көмегімен несиені беру
әдістері немесе айналым қаражаттар шеңберіндегі несиенің қатынасу
тәсілдері, сондай-ақ несиені беру және банкке қайтару жолдары анықталады.
Несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру тәсілдері экономиканың әр түрлі
салаларындағы банктік операциялардың ерекшеліктерімен байланысты келеді.
Бұл тәсілдерді қысқартудың ақшалай қаражаттарды беру барысында еңбек
шығынын азайту және банк қызметкерлерінің жұмысын біріктіру үшін маңызы
бар.
Несиелік механизмнің бесінші элементіне несиелік тәуекелді басқаруды
жатқызуға болды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

-несиелік қызметті ұйымдастыру;
-лимиттер белгілеу;
-несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
-несиелік тәуекел денгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және
белгіленген лимиттермен салыстыру;
-несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерін
анықтау;
-несиелік шешімді қабылдау барысында өкілеттілікті бөлу-несиелерді
авторизациялау;
-несиелік мониторинг;
-проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі.
Несиенің мөлшерін, банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып,
материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды,
өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның
қайта өнделуі және басқадай шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға
байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы
қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірак та, бұл өтініштегі
несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің
нақты есебімен де сәйкес келмеуі мүмкін. Екіншіден, несиенің мөлшері
экономикалық жағдайларға байланысты, оның ішінде:
-қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
-несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы материалды бағалылар қорына, және
олардың өтімділік дәрежесіне;
-маржа деңгейіне.
Несие мөлшерінің қатаң белгіленген нақты есебін клиент үшін банк жасап
қоймайды. Әр жекелеген жағдайларда несие мөлшері қамтамасыз ету құнына
және банктің клиентке сеніміне байланысты анықталады.
Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында
жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процессін білдіреді.
Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда,
қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты
шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік тәуекелді басқарудың тиімді банктік жүйесін қүрудың кілті,
қарыз алушымен жеке қарым-қатынастары дұрыс бағалауда, сондай-ақ несиелік
қоржынды басқаруда абайлап және жан-жақты қадам жасауда жатыр. Соңғысы
шетелде несиелеуге консервативтік қадам жасау деп жиі аталады, бірақ та
өтпелі экономика жағдайында, банк жүйесіндегі тұрақсыздық пен үнемі болып
отыратын өзгерістер тұсында ондай атау орынсыз көрінеді. Сонда да болса,
консервативті қадам жасаудың әдістемелерінің өзі жеткілікті әмбебап және
отандық экономика жағдайларына сай келетін несиелік тәуекелді басқару
процедурасын дайындаудың ірге тасын қалайды.
Несиелік қоржынды басқару бұл банк қабылдауға дайын болып отырған
тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін
деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік қоржынды басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына
жататындар:
- нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік
шегін (лимит) белгілеу;
- несиелік рейтингпен байланысы болатын, жекелеген қарыз алушылардың
тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
- әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
- төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау
- жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты
қатандату;
- несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Проблемалық несиелерге:
-несиелік келісім шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты
кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелерді;
-сақтандыру, кепілдеме немесе тапсырмамен қамтамасыз етілген несиелер
бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл және тапсырманы берушілердің банк
алдындағы міндеттемелері орындалмағандары;
-несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім шартта көрсетілген күннен
30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға:
-қарыз алушының қызметін қайта қүру;
-несиені қайтару графигін өзгерту;
-пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту жатады.
Несие үшін төлейтін сыйақы мөлшері – несиенің бағасын білдіреді. Оның
мөлшері, жалпы жағдайда сырттан тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы
маржасының қосындысынан қүралады.
Несиелік механизмнің алтыншы элементіне банктің несиелік саясатын
жатқызуға болады. Себебі, несиелік механизм көмегімен несиелік саясат
жүргізіледі. Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін
белгілеп, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сол сияқты, несиелік
процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді.
Несиелік саясат – бұл банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін,
несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарызалушылар
позициясынан қарастыруға болады. Тар мағынасында несиелік саясат бұл
несиелік процессті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен
тактикасын білдіреді.
Барлық банктер үшін бірдей несиелік саясат болмайды. Әрбір банк елдегі
экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайды ескере отырып, өзінің меншікті
несиелік саясатын анықтайды. Несиелік саясатты жасау барысында банктер
олардың қызметтеріне тікелей әсер ететін көптеген факторларды талдайды.
Олардың ішінде макроэкономикалық –барлық банктерге әсер ететін, және
микроэкономикалық, яғни нақты бір банктің жұмысына ықпал ететін факторлар
болады.
Несиелік механизмнің сонғы элементіне несиелік қатынастың бір жағы
және несиелеу процесін ұйымдастырушы ретінде банктерді жатқызуға болады.
Қайта құру кезеңіне дейінгі сияқты несиелік механизмнің кейбір
элементтерінің жинағы бұрынғысынша қалғанына қармай-ақ, шаруашылықтың
нарықтық жағдайына өтуіне байланысты аталған элементтердің әр қайсысының
мазмүны түбірімен өзгерген десе болады. Сонымен қатар, несиелік механизмде
ең басты буын ретінде болатын оның барлық элементтерінің өзара байланысты
мен біртүтастығын қамтамасыз етіп отыратын, несиелеу принциптерінің өзінің
де мазмұны өзгереді.
Сонымен, қазіргі несиелік механизмнің қызмет етундегі өзіндік
ерекшеліктерді қарастырайык:
1. Жұмыс жасап отырған несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған
байланысты сауда-саттық және үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді.
2. Қазіргі несиелік механизмнің маңызды бір белгісі оның келісім шартқа
негізделу болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк арасында
қарыз алу барысында жасалатын келісім шарттың экономикалық маңызы төмен
болғандықтан да оны жәй формалдық сипатта ғана болды деп айтуға болады.
Кейіннен, коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана, банк пен қарыз
алушының арасында несиелік шарт жасалып, ол шар несие берушінінде, сол
сияқты қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.
3. Қазіргі несиелік механизмдегі басты ерекшелік несиенің жаңа түрлерінің
дамуымен сипатталады. Яғни, несиелердің қайтаруына көп мөлшерде кепілдік
беретін несиенің түрлерін қамтиды.
4. Қалыптасып отырған, қазіргі несиелік механизмнің ең маңызды ерекшелігі
бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуімен сипатталады. Бұл
несиелік механизмнің жаңа эәне сапалы жағын білдіреді.
Бұрынғы несиелік механизмнің тек объектіні несиелеуге ғана
негізделендігі бізге белгілі. Тауарлы-материалдық бағалыдықтар қоры және
өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың
қайтарылу барысына терең талдау жасалмайды, клиент үшін жоспардың орындалуы
ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.
5. Казіргі несиелік механизм дәстүрлі және ерекше бір принциптерге
негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету принциптері, сол
сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескіреледі. Бүгінгі тандағы қалыптасқан
жүйенесиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендететін, клиенттің несиелік
қабілетін ескереді. Алғаш рет, қарыз алушына төлем қабілетінсіз депжариялау
барысыйда коммерциялық банк оның қайта ұйымдастыруы және жойылуы туралы
сұрақты қоюға құқылы.
6. Қазіргі несиелік механизмнің сонғы бір ерекшелігіне, банк несиелерін
жоғарғы дәрежеде кепілдендіретін формаларына өру жатады. Несиенің
қайтарылуын қамтамасыз етуі тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибеде кеңінен
қолданылатын біршама сенімді формаларына: кепіл құқығы (оның ішінде
ипотека, салынған мүлік, бағалы қағаздар кепілі) жатады. Осындай формаларды
қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен
қатар несиелік тәуекелді төмендетуге мүмкіндік жасайды [6].

1.2 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік
қабілеті –бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті –бұл қарыз алушынын өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндсгі
төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспективадағы қарызды өтеу
қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз
алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті
капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өтксн уақыттағы
төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы
қорытынды үшін нсгіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер
банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

1- кесте - Ұқсас клиенттердің несие қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

Клиент Қарыз алушы тұлға-1 Қарыз алушы тұлға-2
Несие қабілеттілігін Несие қабілеттілік бір әдіспен анықталды
анықтау жолдары
Жұмыс өтелі Бұрыннан келе жатқан Жаңадан қызмет жасап
фирма жүрген фирма
Персоналдарды басқару Жақсы дайындалған Жалғыз кәсіпкер
менеджменті қызметкерлері бар
Өнімдер нарығы Кеңейтілген нарық Маманданған нарық
(азық-түлік саудасы) (компьютерлік желілерге
қызмет көрсету)
Негізгі клиенттері мен Қазақстандықтар Қазақстан және
жабдықтаушылары шетелдіктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің тұрғындарды несиелеуі, несие жүйесіндегі мәселелері және даму жолдары
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі өзекті мәселелер
Дүниежүзілік валюталық жүйе эвалюциясы
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Қазақстанда коммерциялық банк жүйесінің калыптасуындағы қаржы менеджментінің рөлі
ҚР банктердің шағын бизнес саласындағы несиелік саясаты
Коммерциялық банк жүйесінің белсенділігін арттырудағы каржы менеджментінің экономикалық маңызы
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несие жүйесінің қалыптасуы және жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Пәндер