Қарақшылықпен күрестің криминологиялық, қылмыстық – құқықтық мәселелерін теориялық тұрғыдан зерттеу және қылмыстылықтың алдын алу жолдарын анықтау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 122 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . .1 ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ. . .Қарақшылықтың түсінігі мен құрамы . . .1. 2. Қарақшылық кезінде қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар . . .1. 3. Қарақшылықты оған сабақтас қылмыс құрамдарынан ажырату . . .2ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ҚОРҚЫТУ МЕН КҮШ ҚОЛДАНУ ӘРЕКЕТТЕРІН КРИМИНАЛИЗАЦИЯЛАУ. . .2.1 Қорқытып және күш қолданып жасалатын қылмыстардың жәбірленушілері . . .2. 2 Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жасалу себептері . . .2. 3. Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды жасаушы қылмыскерлердің тұлғасы . . .2. 4. Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу жолдары . . .3 ҚАРАҚШЫЛЫҚТАН САҚТАНДЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН СУБЪЕКТІЛЕР. . .3. 1. Қарақшылықтан сақтандырудың бағдарламасы . . .3. 2. Қазақстан Республикасындағы қылмыстардың алдын алуды жүзеге асыратын субъектілер . . .ҚОРЫТЫНДЫ. . .ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . .:

КІРІСПЕ . . .

1 ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ . . .

  1. Қарақшылықтың түсінігі мен құрамы . . .

1. 2. Қарақшылық кезінде қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар . . .

1. 3. Қарақшылықты оған сабақтас қылмыс құрамдарынан ажырату . . .

2ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ҚОРҚЫТУ МЕН КҮШ ҚОЛДАНУ ӘРЕКЕТТЕРІН КРИМИНАЛИЗАЦИЯЛАУ. . .

2 . 1 Қорқытып және күш қолданып жасалатын қылмыстардың жәбірленушілері . . .

2. 2 Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жасалу себептері . . .

2. 3. Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды жасаушы қылмыскерлердің тұлғасы . . .

2. 4. Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу жолдары . . .

3 ҚАРАҚШЫЛЫҚТАН САҚТАНДЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН СУБЪЕКТІЛЕР . . .

3. 1. Қарақшылықтан сақтандырудың бағдарламасы . . .

3. 2. Қазақстан Республикасындағы қылмыстардың алдын алуды жүзеге асыратын субъектілер . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

399294556566266718181104116120:

3

9

9

29

45

56

56

62

66

71

81

81

104

116

120

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертация қарақшылықпен күрестің криминологиялық, қылмыстық - құқықтың теориялық мәселелерін зерттеуге арналған. Осы диссертациялық жұмыста қарақшылық туралы заңнаманың қысқаша даму тарихы; Қазақстан Республикасының қолданыста жүрген қылмыстық заңнамасы бойынша қарақшылықтың түсінігі; қарақшылық қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілері; қарақшылық кезінде қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар; қарақшылықты оған сабақтас қылмыс құрамдарынан ажырату; қорқытып және күш қолданып жасалатын қылмыстардың жәбірленушілері; қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жасалу себептері; қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды жасаушы қылмыскерлердің тұлғасы; қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу жолдары; қарақшылықты сақтандырудың бағдарламасы; Қазақстан Республикасындағы қылмыстардың алдын алуды жүзеге асыратын субъектілер қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларындағы түбірлі өзгерістер жағдайында азаматтарға және меншіктің түрлі нысандарына қол сұғылмаудың және тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғаудың сенімді кепілдіктерін қамтамасыз ету ерекше мәнге ие. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында «заңның абсолютті үстемдігін орнату және азаматтарды қылмыстылықтан қорғау» қажеттігінің аталып өткені бекер емес [1] .

Еліміздің Президенті мен Үкіметі аса маңызды міндеттердің қатарына нарықтық қатынастардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқын көрсететін, қылмыстылықпен күресудің қазіргі кезгі стратегиясын қалыптастыруды және құқық қорғау органдарының қызметінің тиімділігін арттыруды жатқызады.

Қарақшылық шабуылдардың көбеюі Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың жалпы өсімімен тығыз байланысты. ҚР ІІМ статистикалық мәліметтеріне көз жүгіртсек, ҚР қылмыстылықтың соңғы жылдардағы өсуі келесідей: 2002 жылы - 173858; 2003 жылы - 200873; 2004 жылы - 206006; 2005 жылы - 201796; 2006 жылы - 183913; 2007 жылы - 183977; 2008 жылы - 162491; 2009 жылы - 160895. Бұл көрсеткіштерден көрініп тұрғандай, қылмыстылықтың өршуі 2003-2005 жылдарда айқын байқалады, ал 2006 жылдан бастап біртіндеп азая бастаған. Алайда, ескеріп өтетін бір жайт, тіркелген қылмыстардың жалпы құрамының ішінде қылмыстардың ауыр түрлерінің, солардың ішінде қарақшылық шабуылдардың өсуінің тұрақтылығы сақталуда.

ҚР ІІМ мен ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпараттар орталығының мәліметтері бойынша еліміздің аумағындағы қарақшылық шабуылдардың жалпы көрсеткіші мынадай: 2002 жылы - 1400; 2003 жылы - 2308; 2004 жылы - 2330, 2005 жылы - 2140; 2006 жылы - 2097; 2007 жылы - 2046; 2008 жылы - 1968; 2009 жылы - 1938.

2000 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ҚР Президенті құқық қорғау органдарының қызметін, олардың жұмысындағы жекелеген кемшіліктерді қатаң сынға алып, сыбайлас жемқорлықпен күреске, зорлық және пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарды ашуға қатысты жұмыстардың жеткіліксіздігін көрсетті.

Қылмыстылықпен күресте құқықтық ғылымдар да, солардың ішінде қылмыстық құқық ғылымы да ерекше рөлді иеленуі тиіс. Өйткені, қылмыстық құқық ғылымының жетістіктері мемлекеттің заңшығарушылық қызметіне де, құқықбұзушылықтармен күрес жүргізуші органдардың тәжірибесіне де тікелей әсер етеді. Бұл ретте қылмыстық құқық ғылымының маңызды міндеті болып меншік нысандарының барлығын қылмыстық қол сұғушылықтан жан-жақты қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету мен нығайту табылады. Яғни, республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету жағдайында мемлекеттік және қоғамдық аппараттың қызметінің сапасы ерекше мәнге ие бола түспек.

Атап өтерлік бір жайт, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 шілдеде қабылданған жаңа Қылмыстық кодексімен мүліктік қылмыстардың құрамдарына елеулі өзгертулер енгізілді. Бұл өзгертулер меншіктің барлық нысандарының теңдігін бекіткен ҚР 1995 жылғы 30 шілдедегі Конституциясында анықталды. Конституцияның 6-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады».

Егер бұрын қолданыста болған қылмыстық заңнамада меншікке қатысты екі тарау болса (социалистік меншікке қарсы қылмыстар және азаматтардың жеке меншігіне қарсы қылмыстар), қазіргі заңнамада олар бір тарауға «Меншікке қарсы қылмыстар» деп біріктірілген. ҚР ҚК «Меншікке қарсы қылмыстар» тарауында меншіктің барлық нысандарын ұрлықтан, тонаудан, қарақшылық шабуылдардан, алаяқтықтан, қорқытып алушылықтан және меншікке қатысты өзге де қол сұғушылықтардан теңдей қорғауды қамтамасыз ететін нормалар бекітілген. Бұл ретте ҚК-те мүлікті ұрлау туралы жазылған барлық баптарда, мүлік «бөтен» деп жазылған. Бөтен мүлікті ұрлау туралы сөз қозғалған барлық баптарда айқындаушы белгі ретінде ірі мөлшер көрсетілген. Меншікке қарсы қылмыстардың көптеген құрамдарына бұрын болмаған «ұйымдасқан топ» немесе «қару ретінде пайдаланылатын заттар» сияқты белгілер енгізілген. Бұл белгілер, өз кезегінде, ғылыми тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді.

Республикамыздағы қолданыстағы қылмыстық заңнамада меншікке қарсы қол сұғушылықтардың көптеген түрлері үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық құқықтық нормалардың жүйесі көрініс тапқан. Алайда, заңнамадағы нормалар жүйесі қаншама сапалы болса да, ол өз бетінше меншікті жан-жақты қорғау міндеттерін шеше алмайды. Қылмыстық заңнаманың қорғаушы және жалпы ескерту функциялары оны қабылдау және күшіне енгізу кезінде де, құқық нормаларын орындау және қолдану кезінде де көрініс табады. ҚР Жоғарғы Сотымен жүргізілген бөтен мүлікті ұрлау туралы істер бойынша сот тәжірибесінің материалдарын жалпылау көрсеткендей, заңды қолдану кезінде аталған қылмыстармен күрестің тиімділігін төмендететін кең таралған кемшіліктердің бірі болып, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің ұрлаудың нысанын немесе түрін оның басқа түрлерінен ажырата алмауы, осы қол сұғушылықтарды сабақтас қылмыстардан ажырата алмау табылады.

Сот-тергеу тәжірибесінде қылмыстар жиынтығы бойынша жасалған, сонымен қатар қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелестігі жағдайында жасалған әрекеттерді саралау мәселелерін қате шешу де жиі кездесіп жатады. Құқыққорғау органдарының қылмыстарды қате саралауының себептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайды қылмыстық құқық ғылымындағы меншікке қарсы қол сұғушылықтардың өз ішіндегі және өзге қылмыстарға қатысты ара қатынасының жеткіліксіз зерттелгендігімен түсіндіруге болады.

Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстардың екі немесе одан көп бәсекелес құрамдарын айқын ажырата білуі нақты іс бойынша қолдануға тиісті қылмыстық құқықтық норманы дұрыс анықтауға мүмкіндік береді және қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асырудағы заңдылықты сақтаудың қосымша кепілдігі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарақшылықпен күресуге байланысты белгігі бір теориялық мәселелерді зерттеуде Ресейлік ғалымдардың басым екендігін мойындап, олардың арасында белді орынға ие: Гагарин Н. С, Владимиров В. А, Пионтковский А. А, Куц В. Н, Коржанский Н. И, Никифоров Б. С, Матышевский П. С, Кригер Г. А, Кузнецов Н. Ф, Михайлов М. П, Гаухман Л. Д. Франк Л. В, Кудрявцев В. Н, Карпец И. И, Кузнецова Н. Ф, Лебедев С. Я, Бородин С. В. секілді ғылымдарды айта аламыз.

Қазақстандық ғалымдардың ішінде осы мәселемен айналысқан авторлардың ішінде біз Е. И. Қайыржанов, А. Н. Ағыбаев, У. С. Жекебаев, М. С. Нәрікбаев, А. А. Исаев, Е. О. Алауханов, И. И. Рогов, Е. Т. Оңғарбаев, Р. Т. Нұртаев, Р. О. Орымбаев, С. Рахметов, Б. Ж. Жунісов, Ғ. Ы Баймурзин, Ә. А. Темербеков, Н. О. Дулатбеков секілді ғалымдарын көрсете аламыз.

Қолданыстағы заңнаманы, арнайы әдебиеттерді, сонымен қатар сот-тергеу тәжірибесін талдай отырып, біз қарақшылық құрамы әлдеқайда терең зерттеуді қажет етеді деген шешімге келдік, себебі, теорияда да, тәжірибеде де қарақшылықтың негізгі құрамының объективтік және субъективтік белгілерін, оның саралаушы түрлерін анықтауға, сонымен қатар қарақшылықты сабақтас қылмыстардан ажырату негіздеріне қатысты жекелеген даулы мәселелер әлі де көп.

Зерттеу мақсаты. Диссертациялық жұмыстың мақсаты - қарақшылықпен күрестің криминологиялық, қылмыстық - құқықтық мәселелерін теориялық тұрғыдан зерттеу және қылмыстылықтың алдын алу жолдарын анықтау болып табылады.

Зерттеудің негізгі міндеттері. Алға қойған мақсат бірқатар зерттеулік міндеттерде нақтыланады. Олардың ең маңыздысы мыналар:

- Қарақшылық туралы заңнамалардың даму тарихына шолу жасай отырып, қарақшылық ұғымына жаңа анықтама беру;

- Қарақшылықты оған сабақтас қылмыс құрамдарынан ажырата отырып өзгешелігін анықтау және негіздеу;

- Қарақшылық қылмысының объективтік және субъективтік белгілерінің жаңа аспектілерін анықтау;

- Қарақшылық үшін жауаптылықты айқындау үшін заңнамаға тиісті өзгертулерді қалыптастырып, ұсыну;

- Қарақшылықты жасаушы тұлғаның қоғамға қайшы жүріс-тұрысының, теріс мінез-құлқының виктимологиялық, криминологиялық ерекшеліктері жағын және осы қылмысқа байланысты жүзеге асырылатын профилактикалық шараларды анықтау.

Зерттеу обектісі. Қылмыстық құқық ғылымында барлық қылмыстардың объектісі болып қылмыстық заңның нормаларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар табылатыны жалпылай танылған.

Қарақшылықтың қауіптілігі тек меншікке қол сұғушылықтан ғана емес, сонымен қатар осындай қол сұғушылықтың тәсілінен де - шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданудан көрініс табады. Жеке тұлға, оның денсаулығы қарақшылықтың екінші маңызды объектісі болып табылады.

Зерттеудің пәні ретінде - Қазақстан Республикасы ҚК - нің 179 баптың қылмыстық құқықтық нормалар, қазіргі және бұрынғы заңдардың басқа да нормалары, шет елдердің қылмыстық заңдарының нормалары; сот тергеу тәжірибесі, қарақшылық жасауда сотталған адамдардың саны жөніндегі статистикалық мәліметтер, қарақшылықтың жасалу себептері туралы халықпен жүргізілген сауалнама нәтижелері қарастырылады.

Зерттеудің әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік негізі болып теорияның және тәжірибенің өзара байланысына негізделген, өзара тәуелді құбылыстардың тарихи дамуын ескере отыра зерттелетін танымның ғылыми диалектикалық тәсілі танылады. Диссертацияда зерттеудің жалпы ғылыми тәсілдері: тарихи, салыстырмалы - құқықтық, формалды - құқықтық, жүйелілік, нақты әлеуметтік әдістер пайдалынады.

Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі ретінде қарақшылыққа тікелей қатысты қылмыстық саясат, қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық атқарушылық құқық тарихынан жазылған теориялық еңбектерде бейнеленген ережелерде де қолданылды.

Диссертациялық зерттеудің (эмприкалық) деректік негізі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық - атқару, қылмыстық іс жүргізу заңдары осы жұмыстың тақырыбымен байланысты құқықтық сипаттағы басқа да құқықтық нормалар және құжаттар. Қарақшылықпен күрестің криминологиялық, қылмыстық - құқықтық мәселелерін зерттеу барысында советтік дәуірге дейінгі нормативтік актілер, сондай - ақ Кеңестік мемлекеттің қылмыстық кодекстері және басқа да актілері пайданылады. Жұмыстың эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жарияланған тәжірибелік материалдары құрайды. Сондай - ақ Алматы қаласының Бостандық ауданының соттарындағы 2002 және 2009 жылдар аралығында қарақшылықпен жасалынған 360 қылмыстық іс, т. б. мәліметтер зерттелінді.

Зерттеу барысында 100 тәжірибелік қызметкерлерге сауалнама жүргізілді, осының негізінде белгілі бір тұжырымдармен тәжірибелік ұсыныстар жасалынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыс 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің қолданылған кезеңінен бастап қарақшылыққа жаңа анықтама беріліп, бұл ереже заң шығарушыға мемлекеттік және жеке меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды теңестіруге мүмкіндік берді. Диссертацияда қылмыстық заңнаманы дамытуға байланысты нақты ұсыныстар қалыптастырылған.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1) Қарақшылық бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.

2) Ғалым-криминалистер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 237-бабымен қылмыстық жауаптылық көзделген аса ауыр қылмыс - бандитизмнің белгілері көрініс тапқан әрекеттерді қарақшылық деп саралау жағдайларының жиілеп кеткенін атап өтеді. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша шешімдері тәжірибеде жетекшілік орынды иеленсе де, ал бұл, өз кезегінде, сот тәжірибесінде аталған қылмыстарды саралаудағы қателіктерге әкеп соғуда. Сондықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 3-тармағының “а”- тармағына өзгерту енгізу қажеттілігі ұсынылады.

3) Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды алдын алу шараларының жүйелі түрде жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында «Қылмыстылықтың алдын алу» туралы заң қабылданғаны жөн.

4) Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды алдын алуды күшейту шаралары қарастырылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлардың ұғымның түп бастауына әдістемелік басты назар аудара отырып, олардың заңда айқындалған құқықтық тізбегін анықтап және аталған мән - жайды топтастыруды жүзеге асырудың теориялық іргесін қалауға талпыныс білдіруде.

Сонымен қатар зерттеудің теориялық мәні - зерттеу нәтижесінде құрылған ұсыныстар, қорытындылар, тұжырымдар қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлар туралы ұғым - білімнің өзгеруіне әсер етеді, қылмыстық құқығында жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлар сақтандыру тағайындау институтында қолданудағы мәселелерге өзіндік үлес қосады.

Зеттеудің тәжірибелік маңыздылығы - осы зеттеудің нәтижелері жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән - жайларды реттейтін құқықтық нормаларды жетіліруге бағытталғандығында.

Жұмыс қорытындысының тәжірибелік мәні:

1. құқық қорғау және құқық қолдану органдарының қылмысқа қарсы сақтандыру жүргізу тәжірибесінде;

2. соттардың сақтандыру тағайындау тиімділігін арттыруда;

3. қылмыстық құқық, қылмыстық - атқару құқығы, криминология пәндері оқу процесінде;

4. әдістемелік құралдарды дайындау және магистірлік, бітіру жұмыстарын жазу барысында қолдануға мүмкіндік береді.

Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаттарында және міндеттерінде анықталған және кіріспеден, тоғыз бөлімшені біріктіретін үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН НЕГІЗГІ

БЕЛГІЛЕРІ

1. 1 Қарақшылықтың түсінігі мен құрамы

Қылмыстық заңнамада бөтен мүлікті ұрлағаны үшін жауаптылық мүлікке қатысты қол сұғушылық қандай тәсілмен жасалғанына байланысты түрлерге бөлінеді. Мүлікті алып алу жасырын немесе ашық, күш көрсету арқылы немесе күш көрсетусіз, алдау жолымен немесе сенімге қиянат жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Қолданыстағы қылмыстық заңнама мүлікті ұрлаудың алты нысанын ажыратады: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немес ысырап ету.

Ұрлаудың басқа нысандарымен салыстырғанда, қарақшылық әлдеқайда ауыр қылмыс болып табылады, өйткені ол тек меншікке ғана емес, сонымен қатар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына да қол сұғушылықпен сипатталады.

Қарақшылықтың алғашқы заңнамалық анықтамасы 1922 жылғы РКФСР Қылмыстық кодексінде берілді. Бұл кодексте пайдакүнемдік зорлық сипаттағы қылмыстар туралы үш бап орын алды - тонау (182 бап - бөтен мүлікті күш жұмсамастан ашық ұрлау және 183 бап - жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш көрсетумен ұштасқан тонау) ; қарақшылық (184 бап - мүлікті ұрлау мақсатында жекелеген тұлғаның өзге тұлғаға өлім немесе жарақат қаупін тудырған күштеп немесе психикалық күш көрсетумен ұштасқан ашық шабуыл жасауы. 184 баптың 2 бөлігі бойынша - адамдар тобымен (бандитизм) жасалған нақ сол қылмыс үшін мүлікті тәркілеумен қоса жазалаудың жоғары шарасы көзделді және бандитизм (76 бап - әртүрлі қылмыстық мақсаттарда қарақшылық шабуылдар жасау үшін бандаларды құру) . 1926 жалғы РКФСР Қылмыстық кодексінде қылмыстардың белгілі бір түрлерінің түсініктерінің заңнамалық сипаттамалары қайталанды, алайда бұл кодекстің өзіне тән ерекше тұстары да болды. ҚК 167 бабы қарақшылықтың айқындаушы белгілері ретінде жәбірленушінің өлуін немесе жарақат алуын көздеген, бұл үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын, ал ауырлататын мән-жайлар кезіндегі қарулы қарақшылық үшін жазалаудың жоғары шарасы көзделді [2, c. 320] .

Қарақшылықтың анықтамасына өзгертулер 1947 жылғы 4 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Азаматтардың жеке меншігін қорғауды күшейту туралы» жарлығымен өзгертулер енгізілді. Бұл акт азматтардың жеке мүлігін ұрлаудың екі түрін көздеді: ұрлық (жасырын немесе күш көрсетусіз ашық ұрлау) және қарақшылық (күштеп ұрлау) . Жарлықта қарақшылық бөтен мүлікті иемдену мақсатында жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті және қауіпті емес күш көрсетумен ұштасқан шабуыл ретінде анықталды. Осылайша бір құрамда қоғамға қауіптілігінің дәрежесі бойынша бір-біріне ұқсамайтын әрекеттер біріктірілді, ал бұл, өз кезегінде, кінәлілердің жауаптылығын анықтауда қиындықтар тудырды. Алайда, соған қарамастан, жоғарыда аталған жарлық қарақшылықтың түсінігінің анықтамасынан шабуылдың ашық сипаттағы белгісін алып тастады, бұның негізінде қарақшылықтың түсінігі және ол үшін жауаптылықтың шегі дұрыс кеңейтілді [3, с. 17] .

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының дамуындағы маңызды оқиға болып оның тарихындағы алғашқы Қылмыстық кодексті 1959 жылғы 22 шілдеде қабылдау табылды. Мұнда қарақшылықтың анықтамасы әлдеқайда нақтылана түсті де, енді қарақшылыққа өмір мен денсаулық үшін қауіпті күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жатқызылды.

Осыған қоса, бұл кодексте қарақшылықтың екі диспозициясы көзделді: 76-2 бап - «Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті иемдену мақсатындағы қарақшылық» және 134 бап - «Қарақшылық». Біріншісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті иемденуді көздесе, екіншісі азаматтардың жеке мүлігін иемденумен сипатталды.

Қарақшылық үшін жауаптылықты меншік нысанына қатысты бұлайша заңнамалық тұрғыдан түрлерге бөлу бекер болған жоқ, өйткені оның негізінде социалистік меншікті қорғауды күшейту қажеттігі идеясы жатыр.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 шілдеде қабылданған жаңа Қылмыстық кодексінің 179-бабында қарақшылық бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау ретінде анықталған. Диспозициядан көрініп тұрғандай, заң шығарушы мемлекеттік немесе қоғамдық мүлік және азаматтардың мүлігі түсінігін «бөтен мүлік» деген жалпы түсінікпен ауыстырған. ҚР Конституциясының 6 бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады». Бұл ереже заң шығарушыға мемлекеттік және жеке меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды теңестіруге мүмкіндік берді. «Бөтен мүлік» ретінде меншіктілігі бұл мүлікті немесе мүлікке құқықты заңсыз иемденіп алған тұлғаның атына заңды рәсімделмеген мүлікті түсіндіруге болады, яғни аталған тұлғада осы мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге заңды құқық болмайды.

Қарақшылықтың ерекшелігі, оның ұрлаудың басқа нысандарына қарағанда аса қауіпті қылмыс екендігінен көрініс табады. Бұл оның, ең алдымен, екі объектілік сипатымен байланысты. Қарақшылық кезінде тікелей объект болып меншік қатынастары табылса, қосымша объект болып тұлғаның денсаулығы табылады. Қылмыстық құқық ғылымында бұл қылмыстың қосымша объектісі адамының өмірі мен денсаулығы деген қате тұжырымдар кездесіп жатады [2, с. 260] . Себебі, адам өмірі қарақшылықтың объектісі болып табылмайды, және де адамды өлтіру қарақшылықтың шеңберінен шығып кетеді және қосымша айқындауды қажет етеді.

Қарақшылықтың ерекшелігі оны жүзеге асырудың тәсіліне де байланысты. Ұрлаудың өзге нысандарына қарағанда, қарақшылықтың қауіптілігі меншік қатынастарына қол сұғушылықтан ғана емес, сонымен қатар мұндай қол сұғушылықтың тәсілінен де - күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасаудан көрініс табады.

«Шабуыл» сөзі басып алу, зиян келтіру және т. б. мақсаттарда жүзеге асырылған жылдам, белсенді әрекетті білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларына сипатама
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы жайында
Қазіргі жағдайда пайдакүнемдік - зорлық қылмыс жасаудың детерминанттары
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Пайдақорлық - зорлық қылмыстарының түсінігі
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz