Инвестициялық жобалаудың теориялық және ғылыми-практикалық проблемаларын және оның Қазақстан экономикасының экономикалық өсуі жағдайындағы ролін зерттеп, соның негізінде инвестициялық жобалаудың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Жоба» терминінің мәні, жобалардың типтері, өмірлік циклі, қоршаған ортасы
1. 2 Жобаны басқарудың мәні, жобаларды басқару жүйесі
1. 3 Жобаның басқару тиімділігін анықтау көрсеткіштері
2. ҚР-ДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНЫҢ АНАЛИЗІ
2. 1 Қазақстанда жоба менеджментінің дамуындағы мемлекеттің инвестициялық саясаты
2. 2 Инвестициялық жобаларды қарастыру және қаржыландыру тәртібі
2. 3 Жоба тиімділігін анықтау (Алматы Құс АҚ-ның мысалы ретінде)
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Инвестициялық жобалардың тәуекелін басқару және бағалау қажеттілігі
- Сапа - жоба тиімділігін анықтайтын маңызды фактор
3. 3 Инвестициялық жобалардың мониторингін дамытудың маңыздылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде нарықтық өзгерістердің тереңдеуіне байланысты Қазақстан Республикасының алдында көптеген стратегиялық міндеттер тұр. Солардың бірі - экономиканың өндіруші өнеркәсібінен жоғары технологиялы секторға көшуге мүмкіндік беретін еліміздің тиімді инвестициялық потенциалын қалыптастыру. Жоғары технологиялы өндіріске бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық даму принциптеріне негізделуі керек. Осындай мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ҚР-ның Үкіметі индустриалды-инновациялық стратегияны қабылдап, іске асыруға кірісті. Мұндай өзекті мәселелерді шешу, ең алдымен, сәйкес қаржылық даму институттарының қалыптасуы мен олардың сәтті жүзеге асуын талап етеді. Ол үшін жағымды инвестициялық климаттың қалыптасуы өте маңызды, себебі инвестициялық жобаның тиімді жүзеге асуы инвестициялық климатқа тікелей байланысты. Мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуындағы инвестициялық жобалардың негізінде оның тиімді жүзеге асуы жатуы қажет, ал жоба тиімді жүзеге асуы үшін, әрине, ол тиімді басқарылуы қажет.
Инвестициялық жобалау мәселелерінің зерттелгендік деңгейі . Қазіргі кездегі инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырдағы АҚШ пен Батыс Европадан бастау алады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялау процесінің теориялық және методикалық аспектілерінің құрылуына өз үлесін қосқан ресей ғалымдарын атап өтуге болады: П. Р. Бунич, М. Х. Газеев, Л. П. Гончаренко, В. И; Дуженков, Ю. П. Желтов, В. Г. Золотогоров, Е. А. Олейников, М. М. Саттаров, В. К. Сенчагов, Ю. С. Кудинов, К. А. Киреев, Н. Н. Колосовский, И. В; Липсиц, Н:Я. Петраков, Б. А. Райзберг, М. Х. Салихов, С. С. Шаталин, В. Шеремет және т. б.
Инвестициялардың өзекті проблемалары мен олардың қазіргі экономикадағы ролін жоғарылату мәселелері отандық ғалымдардың жұмыстарында көрініс тапты: Аубакиров Я. А., Кошанов А. К., Баймуратов У. Б., Кенжегузин У. Б., Нурланов Н. К., Карагусова Г., Есентугелов А., Утебаев М. С., Кучукова Н. К., Сагадиев К. А., Сейткасымов Г. А. және т. б.
Сонымен қатар Уильям Ф. Шарп, Нобель сыйлығының лауреаты Гордон Дж. Александр, Дж. Бейли, К. Р. Макконелл, С. Л. Брю, Л. Гитман, М. Джонк, Дж. Кейнс, Г. Лоренс, Ф. Маклупа; К. Маркс, М. Месхон; Н. Мэнкью, Дж. Робинсон, Д: Сакс, П. Самуэльсон, Г. Стейн, В. Хеллер, Р. Дж. Хикс, Р. И. Холт, СВ. Баренс, П. Фишера М: Фридман сынды
шетелдік ғалымдар да инвестициялық жобалаудың проблемаларын шешуге көп үлестерін қосты.
Нарықтық экономика жағдайлары инвестициялық жобалаудың жаңа тәсілдерін қарастыруды талап етеді. Елімізде бар ғылыми еңбектер инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі проблемаларын толық шеше алмайды. Инвестициялық жобалауды жетілдірумен байланысты мәселелердің отандық ғылымда толық зерттелмеуі осы саладағы методикалық және практикалық ұсыныстарды жасауды талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Диссертациялық зерттеу жұмысымның мақсаты - инвестициялық жобалаудың теориялық және ғылыми-практикалық проблемаларын және оның Қазақстан экономикасының экономикалық өсуі жағдайындағы ролін зерттеп, соның негізінде инвестициялық жобалаудың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау. Берілген проблемаларды шешу үшін келесідей міндеттер қойылды:
1) инвестициялық жобалаудың теориялық және методикалық аспектілерін анықтау;
2) елімізде қазіргі кезде пайдаланылатын инвестициялық жобалаудың механизмін талдап, оған баға беру;
З) Қазақстан экономикасы дамуының ерекшеліктерін ескере отырып инвестициялық жобалаудың мониторингін құру бойынша ұсыныстарды негіздеу;
4) инвестициялық жобаның тиімділігін зерттеп, оған баға беру;
5) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты практикалық ұсыныстарды жасау.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны болып инвестициялық жобалауды басқару механизмі, оның формалары мен әдістері табылады.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып Қазақстан экономикасының өрлеуі жағдайындағы инвестициялық жобалау сферасындағы қаржылық және экономикалық қатынастар табылады.
Методикалық негізі мен зерттеу методикасы. основа и методика исследования. Берілген диссертациялық жұмыстың теориялық және методикалық негізі болып табылады - Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың ғылыми жұмыстары, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, сонымен қатар зерттелу тақырыбына сай периодты басылымдардағы аналитикалық және басқа да мақалалар. Диссертациялық жұмыста экономикалық анализдеу, салыстыру және болжамдық бағам беру әдістері қолданылды. Зерттеу методикасы елімізде қалыптасқан тәжірибені зерттеуге және талдауға негізделген. Зерттеу барысында бақылау, салыстыру, талдау, нақты материалды жалпылау, статистикалық өңдеу сияқты әдістер қолданылды.
Қорғалатын қағидалардың ғылыми жаңашылдығы. Қазақстан Республикасы экономикасының даму тенденциясын ескере отырып, инвестициялық жобалардың басқару тиімділігін жетілдіру жолдарын кешенді зерттеуді жүргізу және инвестициялық жобалаудың арнайы ерекшеліктерін анықтау осы зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы болып табылады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бірқатар ғылыми жаңалығы бар нәтижелер алынды:
- нарықтық экономика жағдайындағы инвестициялық жобалау дамуының спецификалық ерекшеліктері жүйелендірілді, экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі инвестициялық жобаның ролі анықталды, «инвестиция», «инвестициялық жоба», «инвестициялық жобалау» түсініктерінің ерекшеліктері нақтыланды;
- жобаны жүзеге асыру барысында қаржылық ағымдардың дұрыс өтуін және олардың тиімді құрылуын қамтамасыз ететін мониторингті қалыптастыруға байланысты ұсыныстар жасалынды;
- инвестициялық жобаның тәуекелін басқаруды жақсарту мен оны бағалау бойынша нақты ұсыныстар қорытындыланды;
Диссертациялық жұмыстың практикалық маңыздылығы келесіден тұрады:
- инвестициялық жобалаудың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты нақты ұсынымдар жасалды;
- жобаның басқару тиімділігін жетілдірудің маңызды бір факторы - жобаның сапасына міндетті түрде көңіл бөліну қажеттілігінің маңыздылығы айқындалды;
- жобалау этаптарында мониторингті құруға байланысты нақты ұсыныстар жасалынды;
- инвестициялық жобалардың тәуекелін басқару мен бағалау бойынша ұсыныстар қорытындыланып, негізделді.
1 ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- «Жоба» терминінің мәні, жобалардың типтері, өмірлік циклі, қоршаған ортасы
«Жоба» терминінің көптеген анықтамалары бар. Олардың бірнешеуі мыналар: жоба (ағылшынша - project) -бұл ойластырылатын немесе жоспарланатын белгілі бір нәрсе, мысалы, үлкен кәсіпорын (webster түсіндірме сөздігі) .
Жоба - белгілі бір соңғы нәтижелері бар және талап етілетін мақсаттары бар жоспар («Жобаларды басқару туралы білім кодексі»; Жобаларды басқару институты, АҚШ ) .
Сонымен, қазіргі заман түсінігі бойынша, жоба - бұл біздің өмірімізді өзгертетін нәрсе: тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми зерттеу жұмыстарының программасы, кәсіпорын реконструкциясы, жаңа ұйымның құрылуы, жаңа техника мен технологиялардың құрылуы, кеме құрылысы, кинофильмнің түсірілуі, аймақтың дамуы - бұның барлығы жоба болып табылады.
Осы уақытқа дейін біз жобаны басқаша түсіндіріп келдік: жоба - бұл құрылыстың немесе конструкцияеың құжат түріндегі толтырылған жоспары. Айта кететін бір жайт, бұл жерде осындай тар түсінікке батыста басқаша термин қолданады: «design».
Сонымен қатар, «жоба» терминінің қысқаша түсінігін беруге болады: жоба өзінің негізгі идеясын (проблемасын), оның жүзеге асыру құралдарын (проблеманың шешілуі) және жүзеге асу процесі негізінде алынатын нәтижелерді 1-ші суреттен көруге болады /1, 48б/.
Сурет 1 ― Жобаны жүзеге асыру нәтижелері
Жобалардың әртүрлі типтері болады. Мысалы, масштабына байланысты:
- Шағын жоба
- Мегажоба
Орындалу мерзіміне байланысты:
- Қысқа мерзімді жобалар
Жобаның сапасына байланысты:
- Ақаусыз жобалар
Ресурстардың шектелгендігіне байланысты:
- Мультижобалар болып бөлінеді.
Сонымен қатар жобалардың келесі түрлері бар:
- Модульді жоба
- Халықаралық (бірлескен ) жоба
- Инвестициялық жоба
Осылардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік. «Инвестициялық жоба» түсінігі екі мағынада қолданылады:
- белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы;
- белгілі бір іс-әрекеттерді жасау үшін қажет ұйымдық-құқықтық және есептік-қаржылық құжаттардың жүйесі.
Инвестициялардың объектісі болып табылады:
- салынып жатқан, қайта жөнделіп жатқан немесе кеңейтіліп салынып жатқан кәсіпорындар, ғимараттар (негізгі қорлар) ;
- федералды, аймақтық немесе басқа да деңгейдегі программалар;
- өндіріс орындарында жаңа өнім өндіру.
Инвестициялар өнім өндірудің толық ғылыми-техникалық және өндірістік циклін ғана қамтып қоймай, сонымен қатар оның элементтерін де қамтиды: ғылыми зерттеулер, жобалық құрастырушылық жұмыстар, өндірісті кеңейту немесе қайта жандандыру, жаңа өндірісті ұйымдастыру және жаңа өнім түрін шығару, утилизация және т. б.
Шағын жобалар масштабы бойынша кішірек болады. Американдық тәжірибе бойынша: капитал салымдары: 10-15 млн. доллар, еңбек шығындары: 40-50 мың адам-сағат.
Шағын жобаларда жоспарлау, оны жүзеге асыру, сонымен қатар жоба командасын құру процедураларында кейбір жеңілдіктер жасалуы мүмкін. Бұндай жобаларға келесідей жеңілдіктер жасалуы мүмкін:
- жалғыз басқарушыны тағайындау
- жоба командасы мүшелерінің бірін-бірі оңай алмастыра алатындай етіп команданың тиімді ұйымдастырылуы
- жоба графигі формасының максималды жай түрде болуы
- команданың әрбір мүшесінің өзінің міндеттерін және жұмыс көлемін жақсы білуі
- жобаның объектісін іске асыру жұмысын жобаны бастаған инженерлер жүзеге асыруы тиіс.
Мегажобалар - ортақ мақсатқа, бөлінген ресурстарға және орындалуға жіберілген уақытқа біріктірілген көптеген бірімен-бірі байланысты жобалардан тұратын мақсатты бағдарламалар. Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, салааралық (экономиканың бірнеше салаларын қамтиды), салалық және аралас.
Мегажобалардың ерекше белгілері:
- құны өте жоғары (1 млрд. доллардан жоғары)
- еңбек сыйымдылығы жоғары - 2 млн. адам-сағат жоспарлауға, 15-20 млн. адам-сағат құрылысқа кетеді
- жобаның жүзеге асу мерзімі 5-7 жыл немесе одан да жоғары
- басқа да мемлекеттердің қатысуы мүмкін
- жобаның жүзеге асыру аймақтарының бір-бірінен алыс орналасуына байланысты инфраструктураға қосымша шығындардың кетуі
- аймақтың экономикалық немесе әлеуметтік ортасына әсерін тигізуі
Қысқа мерзімді жобалар әдетте кәсіпорындарда жаңа өнім түрін шығаруға байланысты жүргізіледі. Бұндай жобаларға мынадай ұсыныстар жасалады:
- басқарудың матрицалық құрылымын енгізу;
- жобаның іске асырылуына толық жауапкершілікті бір бөлімшеге аудару;
- жобаны жасауды бастаған мамандардың оны аяқтауын қамтамасыз ету;
- жұмыс барысында пайда болатын өзгерістерді минимумға әкелу;
- жобаның қатысушыларын, сыртқы серіктестерді ынталандыру жүйесін пайдалану;
- делдалдар санының минималды болуы.
Ақаусыз жобаларда ең негізгі фактор ретінде жоғары сапа пайдаланы- лады. Әдетте ақаусыз жобалардың құны өте жоғары болып келеді және ол жүздеген миллион, тіпті миллиардтаған доллармен есептеледі. Оған мысал ретінде атом электр станциясын алуға болады. Бұндай ерекше типтегі жоба келесі міндеттердің орындалуын талап етеді:
- жобалық-сметалық және құрылыс-монтажды жұмыстарды біріктіретін жобаның жалпы ортақ жоспарының болуы;
- құрылыстың біріктірілген графигі;
- жобаның кемшіліктерін дер кезінде анықтап және оны жоюға болатын арнайы жасалған программаны пайдалану;
- жобаларды басқару жүйесінің максималды икемді түрін пайдалану.
Тапсырыс берушінің ойы бірнеше өзара байланысқан жобаларға қатысты болған жағдайда «мультижоба» термині пайдаланылады.
Мультижоба жаңа ұйымдардың немесе фирмалардың құрылуын немесе олардың өзгерісін қарастырады. Фирманың өндірістік бағдарламасына сәйкс көптеген тапсырыстардың және қызметтердің орындалуы мультижоба болып табылады. Мультижобаның келесідей мысалдарын келтіруге болады:
- бір тапсырыс алушы бірнеше тапсырыс берушілердің жұмыстарын орындайды;
- бірнеше тапсырыс алушылар бір тапсырыс берушінің объектісінде комплексті жұмыстарды атқарады;
- бірнеше тапсырыс алушы жеке контрактілер бойынша әртүрлі тапсырыс берушілердің жұмыстарын бір территорияда атқарады.
Мультижобаларға альтернатива ретінде моножобалар болады. Моножобаның нақты белгіленген ресурстары, белгілі уақыты анықталады және бұндай жоба бір жобалық командамен жүзеге асырылады /1, 54б/.
Модульді жобалар жобаларды басқарудық тапсырмаларын шешудің жаңа әдіісі болып табылады. Модульді жобаның мәні мынада: болашақ объектінің үлкен бөлігі (кейде - 95%-ке дейін) оның болашақтағы пайдалану орнында емес, басқа жерде - кейде құрылыс алаңынан мыңдаған километр жерде орындалуы мүмкін. Орындалып болғаннан кейін бұл ірі модульдер болашақ пайдалану орнында құрылады. Бұл әдіс өнеркәсіптік объектілер үшін тиімді, себебі кейде олар әлеуметтік инфраструктурасы және өндірісі дамымаған алыс аудандарда құрылуы мүмкін.
Халықаралық жобалар әдетте күрделілігімен және құнының өте жоғары болуымен ерекшеленеді. Мұндай жобалардың спецификасы келесілермен анықталады:
- бұл жобаларға материалдар мен құрал-жабдықтар әлемдік нарықта сатып алынады;
- халықаралық жобалардың дайындық деңгейі ерекше жоғары дәрежеде болуы тиіс;
- ұйымдастыру және басқару қиындығына байланысты бұндай жобалардың дайындық периоды ұзақ болады;
- халықаралық жобаларды ақпараттық қолдау «ішкі» жобаларға қарағанда әрқашанда тиімді болып табылады.
Халықаралық жобалар әдетте серіктестердің бірін-бірі толықтыратын қатынастары мен мүмкіндіктеріне негізделген. Бұл жобалардың есептерін шығаруға кейде біріккен кәсіпорындар құрылуы мүмкін.
Жобаның негізгі түйіні қандай болса да, егер ол орындалмаса онда оның мағынасы жоғалады. Жобаның аяғына дейін орындалып жүзеге асуы өте маңызды. Әр жоба оның жұмыс көлемі мен қиындығына қарамастан, өзінің дамуы барысында белгілі бір кезеңнен өтеді «жоба әзірше жоқ» жағдайдан «жоба енді жоқ» жағдайға өтеді.
Жобаның басы не болып табылады? Кейде бұл идеяның туындау кезі болуы мүмкін. Іскер адамдар үшін жобаның басталу кезі оның іске асырылу кезінен және оның орындалуы үшін ақша қаражаттарын салған уақытпен байланысты.
Жобаның аяқталуы одан да күрделірек. Жобаның соңы болып табылуы мүмкін:
- жобаны іске асыру жұмыстарының аяқталуы;
- жобаны орындап жатқан персоналдың басқа жұмысқа ауысуы;
- жобаның алдына қойған мақсаттарға жетуі;
- жобаны қаржыландырудың тоқтатылуы;
- жобаға бастапқы идеядан басқа үлкен өзгерістердің енгізілуі; (модернизация)
- жоба объектілерінің эксплуатациядан шығуы; (ликвидация) .
Жобаның пайда болу кезінен бастап оның ликвидация кезіне дейінгі уақыт аралығы жобаның өмірлік циклі деп аталады. Жобаның басталу уақыты мен оның аяқталуы арасында жоба көптеген этаптардан өтеді, бұл этаптар жобаның фазалары деп аталады. Әрбір фаза әртүрлі деңгейлерге бөлінуі мүмкін (фаза асты, этап асты) және т. б. /Қосымша А/.
Өте ірі жобаларда мысалы, метрополитен құрылысы, мұнай-газ кен орындарын игеру және т. б. ірі жобаларда фазалардың және этаптардың көлемі ұлғаюы мүмкін. Қосымша этаптардың пайдаланылуы тек қана құрылыстың ұзақ мерзімділігіне (10-15 жыл) байланысты емес, сонымен қатар жобаның қатысушылары арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы үшін де пайдаланылады. Жоба негізгі 3 фазаға бөлінеді: инвестиция алдындағы фаза, инвестициялық фаза және эксплуатациялық фаза /Қосымша Б, Қосымша В/.
Жобаның жүзеге асыру жұмыстарын ыңғайлырақ қарастыру үшін оларды топтастыруға болады. Екі ірі жұмыс блогын қарастыруға болады: жоба бойынша негізгі қызмет және жобаның қамтамасыз етілуі.
Жоба бойынша негізгі қызметке жататындар:
- инвестиция алдындаға зерттеулер;
- жобаны жоспарлау;
- жобалық-сметалық құжаттарды дайындау;
- саудаласуды өткізу және келісім шартқа қол қою;
- құрылыс-монтажды жұмыстар;
- жобаны тапсыру;
- жобаны іске қосу, өнім шығару;
- құрал-жабдықтарды жөндеу және өндірісті дамыту;
- жобаны жабу.
Жобаның қоршаған ортасы. Жоба белгілі бір сыртқы қоршаған ортада туындайды, өмір сүреді және дамиды. Жоба өзінің даму барысында өзгеріссіз қалмайды: жобада жаңа элементтер пайда болып және оның құрамынан кейбір элементтер алынып тасталынуы мүмкін. Барлық жүйе секілді, жоба бірнеше элементтерге бөлінуі мүмкін, сонымен бірге бұл элементтер арасында белгілі бір байланыстар орнатылады. Жобаның қызметін «жоба» және «сыртқы орта» деп бөлу шартты түрде ғана. Оның себептері мынада:
- жоба тұрақты түрде қалыптасқан жүйе болып табылмайды: жобаның жүзеге асырылуы процесінде оның кейбір элементтері орнын алмастыруы мүмкін (жобаның құрамынан сыртқы ортаға және кері) ;
- жобаның кейбір элементтері жоба қрамында және одан тыс пайдаланылуы мүмкін. Оған мысал ретінде мамандарды алуымызға болады. Олар бір мезгілде белгілі бір нақты жобамен және сонымен бірге басқа жұмыспен де айналысуы мүмкін.
Жобаның және оның қоршаған ортасының схематикалық түрдегі кескіні 2-ші суретте келтірілген /1, 82б/.
Сыртқы орта
Жобаның
шегі
Ауыспалы
ортаның
шегі
Сыртқы орта
Сурет 2 ― Жоба және оның қоршаған ортасы
Белгілі бір жобаны жүзеге асыруға қатысатын жай қызметкерге оның жұмыс жасайтын объектісі осы жобаның ішінде жатыр ма, әлде сыртында жатыр ма, ол бәрібір. Оған өзінң нақты істейтін жұмысы және оған алатын жалақысы маңызды. Ал жобаның жауапкершілікті орындаушылары мен ұйымдардың жетекшілері үшін бұл өте маңызды мәселе болып табылады.
Жобаның қатысушылары - жобанның құрылымының негізгі элементі болып табылады. Жобаның типіне байланысты оны жүзеге асыруға бірнеше ондаған, кейде жүздеген кәсіпорын қатысуы мүмкін.
Негізгі қатысушы - Тапсырыс беруші - жобаның болашақ иесі және пайдаланушысы. Тапсырыс беруші ретінде заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Тапсырыс беруші ретінде жалғыз ұйым немесе бірнеше ұйым бола алады.
Жобаның қатысушысының бірі - инвестор, ол жобаны қаржыландырады. Кейде инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға болып табылады. Егер инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға болып табылмаса, онда инвестор тапсырыс берушімен келісім-шарт жасасады және келісімнің орындалуын қадағалап отырады.
Жобалық-сметалық құжаттарды арнайы мамандандырылған жобалық ұйымдар жасайды, оларды жалпы түрде жобалаушы деп атайды. Осы жұмыстардың барлығына жауапты тұлға - Бас жоспарлаушы.
Жобаны материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар - тауар жеткізушілер.
Подрядчик - жұмыстардың орындалуының келісім-шартқа сәйкес болуына жауапты заңды тұлға.
Жобаны іске асыруда маңызды орын алатын қатысушы - Жобаның Меңгерушісі (Батыс теминологиясында - Проект-менеджер деп атайды) . Бұл - заңды тұлға болып табылмайды, тапсырыс беруші жобаның менеджеріне осы жобан басқаруға байланысты барлық билікті береді (мысалы, жобаның қатысушыларының жұмыстарын жоспарлау, бақылау және координациялау) .
Лицензиар - заңды немесе жеке тұлға, лицензия немесе «ноу-хау» иеленушісі.
1. 2 Жобаны басқарудың мәні, жобаларды басқару жүйесі
Біздің елімізде жобаны басқарудың мәнін барлығы бірдей жете түсіне бермейді, әдетте жобаны басқаруды бизнес-жоспар құрумен жиі шатастырып жатады. Бұл тарауда біз бұл пәннің әлемде танылған стандарттарына сүйене отырып, жобаны басқаруды мәні мен негізгі түсініктерін қысқаша сипаттап өтеміз.
«Жобаларды басқарудың» біздің елімізде өз бетінше ғылым саласы болып дамуының 3 негізгі этаптарын бөліп көрсетуге болады.
1-ші этапты 1970ж. жатқызуға болады. Бұл кезде жобаны жүзеге асыру процесіндекалендарлық жоспарлау, жүйелік жоспарлау модельдері және жобадағы жұмыстарды ұйымдастыру әдістері енгізіле бастады. 1980 жылдары, яғни 2-ші этапта ЭЕМ-да көптеген арнайы қолданбалы бағдарламаларды жасау басталды. Сонымен қатар, стандартты, құрылымдық және ресурстық жоспарлау, ЭЕМ-да иммитациалық модельдеу жүргізілді. Соңғы үшінші этап 1990 жылдан бастап алды. Үшінші этап жоба туралы толық жүйелі ақпарат алу мүмкіндігімен, сонымен қатар, жоба жұмыстарының фазалар бойынша ұйымдастырылуымен және менедменттің теориялық және практикалық негіздерін енгізілуімен сипатталады.
Қазіргі таңда жобаны басқару әдістері келесі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz