Күріш дақыл сорттарына ауыр металлмен тұздың кешенді әсері
КІРІСПЕ 5
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
7
1.1 Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері 7
1.2 Морфологиялық және анатомиялық құрылымы 8
1.3 Күріштің биологиялық ерекшеліктері 9
1.4 Топырақтың тұздануы және оның алдын алу 11
1.5 Топырақ тұздануының өсімдіктерге әсері 13
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
16
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
17
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Күріш – жер бетіндегі ең өнімді әрі маңызды дақылдардың бірі. Әлемдегі барлық адамзаттың жартысынан көбі күріш дәнін тамақ ретінде пайдаланады. Соның ішінде, Азия тұрғындарының 80% - ның ең маңызды тағамы болып саналады. 2015 жылы әлемнің 4,6 млрд. халқының негізгі азығы және олардың өсіп өркендеуі күрішке байланысты болуы мүмкін. Өсіру технологиясының әртүрлілігіне қарамастан күріш әлемдегі ең өнімді астық текті дақылдардың бірі. Агротехникасы реттелген жағдайда өсірілетіндіктен бұл дақыл өнімділігін көп мөлшерде арттыруға болады. Өнімділік гектарына 80 - 110 ц/га және одан жоғары болғанда әлем халықтарының 80 - 90%-ын күріш астығымен қамтамасыз етуге болады. Сонымен бірге күріш крахмалы, майы, майда дәні, кебегі, сабаны т.б. қалдықтары азықтық, мал азықтық және техникалық мақсатта пайдаланылады.
Азия құрылығында өндірілген күріштің 90%-ы осы құрлықтағы ірі мемлекеттер үлесінде. Ал, Қазақстан 2002 жылы Азиядағы өндірілген барлық жалпы күріш өнімінің тек 0,05%-ын (199,0 тонна) өңдеп шығарды. Осыған қарамастан, біздің ел күріші Түркменистан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға экспортқа шығарады.
Республикамыздағы суармалы жерлерде өсірілетін негізгі дақылдардың бірі - күріш. Өнімділігі және халық шаруашылығына пайдалылығы жағынан дәнді (бидай, арпа, сұлы) және техникалық (мақта, қант қызылшасы) дақылдарынан кем түспейді. Күріш егіншілігі Сырдария және Іле мен Қаратал өзендерінің бойындағы алқаптарда орналасқан. Бұл өлкелердің топырақ – мелиоративтік және агроэкологиялық жағдайы күріш егісінен мол өнім алуға қолайлы.
Егіске жергілікті мөлшерде тынайтқыштар беріліп, арамшөптер, аурулар және зиянкестермен күресу үшін гербицидтер улы химикаттар пайдаланылды, дақылды өсіру жұмыстары толық механикаландырылып, күріш егіншілігі интенсивтендірілді.
Фундаментальды (физика, химия, биология) ғылымдарының жетістіктерін ауыл шаруашылығы ғылымында, сонымен бірге күріш егіншілігі саласында да қолданылып, ол өз нәтижесін беруде. Күріш өсімдігі физиологиясын, фотосинтезін зерттеп дамыту нәтижесінде суару режимі, минеральды қоректену, фотосинтетикалық өнімділігі теориясын тұжырымдап, тыңайтқыштарды беру мөлшері, мерзімі, әдісі оптимизацияландырылып қолайландырылды, суару режимі жетілдірілді.
Осы жұмыста алға қойған мақсатымыз өсірілген өсімдікке ауыр металмен тұздын кешенді әсерін зерттеу, анатомиялық және морфологиялық ерекшелігін анықтау.
Ғылыми жұмысты орындаудағы міндетіміз - әртүрлі күріш сортының тұздану және ауыр металдардың стресіне төзімділігін анатомиялық және морфологиялық тұрғыдан зерттеу.

1. Алешин Е.П., Алешин Н.Е. Рис.-М., 1993.-504с.
2. Але шин Е.П., Власов В.Г. Анатомия риса.- Краснодар: ВНИИ риса.-1982.-112с
3.Жайлыбаев К.Н. Күріш егісінен мол өнім алуды программалау. Алматы: Қайнар.-1985.-28с
4.Ерыгин П.С. Физиология риса.- Москва: Колос.- 1981.-208с
5.Жайлыбай К.Н. Фотосинтетические и агроэкологические основы высокой урожайности риса. – Алматы: Бастау.- 2001.- 256с
6.Иванова Д.И. Генетика признаков Генетика культурных растений: кукуруза, риса, просо, овес.-Л.: Агропромиздат.- 1988.С. 171-192.
7.Частная селекция полевых культур(колл.авторов).- Москва: Колос.-1971.-С.140-158
8.Таутенов И.А., Жайлыбай К.Н., Баймбетов К.С. Агроэкологические и морфофизиологические основы минерального питания и продуктвности риса.-Алматы:Ғылым.-2003.-180с.
9.Шермағанбетов К., Жайлыбай К.Н., Мырзабек К.А., Тоқтамысов Ә.М. Күріш ауыспалы егісін игеру- топырақ құнарлығын арттыру және арамшөптермен күресудің агробиологиялық негізі \\Жаршы.-2004.-№ 10.–Б.34-36
10.Жайлыбай К.Н., Қарлыханов Т.Қ. Күріш өсіру технологиясының негізгі бағыттары және тарихи қалыптасуы.//Жаршы.-2004,-8Б.40-42

әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Күріш дақыл сорттарына ауыр металлмен тұздың кешенді әсері
Алматы, 2012
Аннотация
Рис относится к древнейшим сельскохозяйственным культурам. Весьма
разнообразно его народнохозяйственное значение. Общеизвестна и роль риса,
как культуры - мелиоранта, позволяющей вовлекать в сельскохозяйственное
использование огромные массивы засоленных и заболоченных почв, которые не
могут быть производительно использованы под суходольные культуры.
Способность риса мелиорировать засоленные земли обусловлена технологией
его выращивания, предусматривающей постоянное наличие слоя воды на поле,
благодаря чему происходит вымывание солей. Однако на низких чеках смыкание
оросительных и почвенно-грунтовых вод препятствует вертикальной фильтрации
и засоление пахотного слоя остается очень высоким (до 0,7-1,2%), что
неблагоприятно сказывается на росте и развитии растений риса.
Экологические проблемы земледелия актуальны для Казахстана. Во многих
регионах Казахстана, в связи с наличием крупных промышленных предприятий
имеет место повышенное содержание в почвах тяжёлых металлов.
Научная работа изложена на 24 страницах (включая иллюстрации и список
использованных источников) и состоит из введения, обзора литературы,
описания объекта и методов исследования, обсуждения результатов, заключения
и списка использованных источников. В работе представлено 6 рисунков.
Список использованных литературы включает 10 литературы.
Цель работы. Изучение морфологических особенностей сортов риса
Кубань, Ак маржан, Ару, степень устойчивости и реакции на различные
концентрации тяжелых металлов
Новизна научной работы:
• Изучение степень устойчивости сортов риса Кубань, Ақ маржан,
Ару к разным концентрациям тяжелых металлов
• Изучение биоморфологических особенностей сортов риса Кубань,
Ақ маржан, Ару при воздействии разными концентрациями соли.
Практическая значимость:
Восстановление окружающей среды, обеспечение народа чистой качественной
продукцей, выявление прочных сортов сельскохозяйственной культуры на
тяжелые металлы является главными вопросами перед разными отраслями науки.
Abstract
Figure one of the oldest crops. Highly diversified its economic
importance. Well known, and the role of rice as a crop - improver, an
opportunity to engage in the agricultural use of the massive amounts of
saline and waterlogged soils that can not be productively used for upland
crops.
The ability of rice meliorate saline land due to growing technology,
which provides a constant presence of a layer of water on the field, so
that is leaching salts. However, at low closing checks irrigation and soil
and groundwater prevents vertical filtering and salinization of arable
layer is very high (up to 0.7-1.2%), which adversely affects the growth and
development of rice plants.
Environmental issues relevant to agriculture in Kazakhstan. In many
regions of Kazakhstan, due to the presence of large industrial enterprises
have the high content of heavy metals in soils.
Scientific work presented at the 24 pages (including illustrations and
list of references) and consists of an introduction, literature review,
description of the object and methods of research, discussion of results,
conclusions, findings and list of sources used. The paper presents 6
figure. List of references includes 10 references.
The purpose of the work. Morphological characteristics of rice
varieties "Kuban", "Ak Marjan", "Ara", the degree of resistance and
response to different concentrations of heavy metals
The novelty of the research:
• Study of the degree of resistance of rice varieties "Kuban", "Ak
Marjan", "Ara" to different concentrations of heavy metals
• Study biomorphological features rice "Kuban", "Ak Marjan", "Ara" when
exposed to different concentrations of salt.
Practical significance:
Restoration of the environment, ensuring the people of pure quality
products, strong identification of crop varieties for heavy metals is the
main issue in front of different branches of science.
Аңдатпа
Күріш – жер бетіндегі ең өнімді әрі маңызды дақылдардың бірі. Әлемдегі
барлық адамзаттың жартысынан көбі күріш дәнін тамақ ретінде пайдаланады.
Соның ішінде, Азия тұрғындарының 80% - ның ең маңызды тағамы болып
саналады. 2015 жылы әлемнің 4,6 млрд. халқының негізгі азығы және олардың
өсіп өркендеуі күрішке байланысты болуы мүмкін. Өсіру технологиясының
әртүрлілігіне қарамастан күріш әлемдегі ең өнімді астық текті дақылдардың
бірі. Агротехникасы реттелген жағдайда өсірілетіндіктен бұл дақыл
өнімділігін көп мөлшерде арттыруға болады. Өнімділік гектарына 80 - 110
цга және одан жоғары болғанда әлем халықтарының 80 - 90%-ын күріш
астығымен қамтамасыз етуге болады. Сонымен бірге күріш крахмалы, майы,
майда дәні, кебегі, сабаны т.б. қалдықтары азықтық, мал азықтық және
техникалық мақсатта пайдаланылады.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – табиғи жағдайда топырақ
құрамының ауыр металдармен ластануы, ондағы өсірілетін ауыл шаруашылық
дақылдарының өнім беру қабілетінің төмендеуі болып отыр. Сондықтан бұл
саладағы зерттеулердің өзектілігі жоғары.
Ғылыми жұмыс 24 бет көлемінде жазылған (иллюстрация және қолданылған
әдебиеттер тізімі) және кіріспеден, әдеби шолудан, зерттеу әдістерінен,
зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Жұмыста 6 сурет берілген, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны
-10.
Жұмыстың мақсаты. Күріштің Ару, Ақ маржан, Кубань сорттарының
ауыр металмен тұздың әртүрлі концентрациясына төзімділігі мен сезімталдығын
анықтау.
Ғылыми жаңалығы:
• Күріштің Ару, Ақ маржан, Кубань сорттарының ауыр металдардың
әртүрлі концентрациясына төзімділігін зерттеу;
• Күріштің Ару, Ақ маржан, Кубань сорттарының тұздың әртүрлі
концентрациясындағы биометриялық ерекшелігін зерттеу.
Практикалық құндылығы:
Қоршаған ортаны қалпына келтіру, халықты таза сапалы өніммен қамтамасыз
ету, ауылшаруашылық және мәдени өсімдіктердің ауыр металдарға төзімді
сорттарын шығару ғылымның әртүрлі салаларының алдында тұрған басты мәселе.
Ғылыми жұмыста күріш өсімдігінің 5 сортына анатомиялық-морфологиялық
зерттеулер жүргізіліп, олардың ауыр металдарға төзімділігі қарастырылған.
МАЗМҰНЫ
№ Бет
КІРІСПЕ 5
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 7
1.1 Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және биологиялық 7
ерекшеліктері
1.2 Морфологиялық және анатомиялық құрылымы 8
1.3 Күріштің биологиялық ерекшеліктері 9
1.4 Топырақтың тұздануы және оның алдын алу 11
1.5 Топырақ тұздануының өсімдіктерге әсері 13
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 16
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ 17
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
КІРІСПЕ

Азия құрылығында өндірілген күріштің 90%-ы осы құрлықтағы ірі
мемлекеттер үлесінде. Ал, Қазақстан 2002 жылы Азиядағы өндірілген барлық
жалпы күріш өнімінің тек 0,05%-ын (199,0 тонна) өңдеп шығарды. Осыған
қарамастан, біздің ел күріші Түркменистан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға
экспортқа шығарады.
Республикамыздағы суармалы жерлерде өсірілетін негізгі дақылдардың бірі
- күріш. Өнімділігі және халық шаруашылығына пайдалылығы жағынан дәнді
(бидай, арпа, сұлы) және техникалық (мақта, қант қызылшасы) дақылдарынан
кем түспейді. Күріш егіншілігі Сырдария және Іле мен Қаратал өзендерінің
бойындағы алқаптарда орналасқан. Бұл өлкелердің топырақ – мелиоративтік
және агроэкологиялық жағдайы күріш егісінен мол өнім алуға қолайлы.
Егіске жергілікті мөлшерде тынайтқыштар беріліп, арамшөптер, аурулар
және зиянкестермен күресу үшін гербицидтер улы химикаттар пайдаланылды,
дақылды өсіру жұмыстары толық механикаландырылып, күріш егіншілігі
интенсивтендірілді.
Фундаментальды (физика, химия, биология) ғылымдарының жетістіктерін
ауыл шаруашылығы ғылымында, сонымен бірге күріш егіншілігі саласында да
қолданылып, ол өз нәтижесін беруде. Күріш өсімдігі физиологиясын,
фотосинтезін зерттеп дамыту нәтижесінде суару режимі, минеральды қоректену,
фотосинтетикалық өнімділігі теориясын тұжырымдап, тыңайтқыштарды беру
мөлшері, мерзімі, әдісі оптимизацияландырылып қолайландырылды, суару режимі
жетілдірілді.
Осы жұмыста алға қойған мақсатымыз өсірілген өсімдікке ауыр металмен
тұздын кешенді әсерін зерттеу, анатомиялық және морфологиялық ерекшелігін
анықтау.
Ғылыми жұмысты орындаудағы міндетіміз - әртүрлі күріш сортының тұздану
және ауыр металдардың стресіне төзімділігін анатомиялық және морфологиялық
тұрғыдан зерттеу.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және биологиялық
ерекшеліктері
Мәдени күріш немесе екпе күріш (Oryza sativa L.) – бір жылдық өсімдік,
астық немесе қоңырбас (Grammineae Poaceae) тұқымдастығына, күріш трибасына
(Oryzеае) жатады. Күріш (Oryza) туыстығын алғаш анықтап сипаттаған К.Линней
(1735 ж.). Кейінгі жүйелеу (классификациялау) бойынша Oryza (күріш)
туыстығында 28 түр бар. Күріш туыстығының түр құрамы әліде зерттеліп
анықталуда. Күріштің егіліп жүрген түрлері Oryza sativa L. (екпе күріш)
және Oryza glaberrima Steud (жылтыр күріш) – диплоидтар.
Күріш дақылының таралу ареалы өте кең, үлкен. Климаттық, маусымдық
өзгерістерге, топырақ жағдайына, әртүрлі суару режиміне бейімделіп және
географиялық оқшаулану, табиғи сұрыпталу және селекция нәтижесінде О.sativa
туыстығы дифференцияланып, жіктеліп, әртүрлі сорттар тобына бөлінген. Олар
географиялық рассаларға (экорасаларға), яғни іndiса (индиялық) japonica
(жапондық), javanica (явандық) түр тамақтарына бөлінеді.
О. sativa түрінің ішкі indica (индиялық) және japonica (жапондық) түр
тамақтарына бөлінуі әртүрлі азиялық күріш түрлері дәніндегі қорлық
белоктарды генетикалық маркер ретінде зерттеп анықтағанда дәлелденді.
Дәннің су мен тұздар ерітіндісінде еритін белоктар (ақуыз) антигені
арасында, глобулиндердің электрофоретикалық спектрінде және де спиртте
еритін белоктардың электрофоретикалық және изоэлектрофоретикалық
спектрлерінде ерекше (спецификалық) компоненттері бар екені анықталды. Бұл
компоненттер - индиялық (indica) және жапондық (japonica) түр тармақтарын
дифференциялап анықтаушы белгілер.
Қазіргі кезеңде күріштің жабайы формаларын қосқаңда 120 мыңнан аса
түршелері мен сорттары бар. Россия өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу (ҒЗ)
институтының (Санк-Петербург), Өзбек күріш ҒЗ институтының (Ташкент), Арал
өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ҒЗ институтының (Қызылорда),
Қарақалпақтың ғылыми - өндірістік селекциялық орталығындағы (Нукус) әлемдік
коллекцияларындағы күріш сорттары мен үлгілері негізінен индиялық (indika)
және жапондық (jароnіса) түр тамақтарына жатады [1].
1.2 Морфологиялық және анатомиялық құрылымы
Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр. Ол екі түрлі - ұрық (негізгі)
тамыр және буын (жанама) тамырлары. Негізгі тамыр ұрықтан бір тал болып,
төмен қарай өсіп ұзарады, ұшында қорғаныш оймақ бар. Сосын ұрық (негізгі)
тамыр жанынан 4-5, кейбір сорттарда 6-8 қосымша тамырлар өсіп жетіледі. Бұл
тамырлардың физиологиялық активті бөлігінде эпидермис клеткаларынан
ұзындығы 0,75-1 мм түкшелер пайда болады. Кейінірек, қойнау немесе тірек
тамырлар пайда болып өседі. Бұлар басқа тамырлардан қысқалау, түсі ақшыл,
жуандау болып келеді.
Күріш сабағы — жапырақ қынабымен қоршалған, көпшілік бөлігі қуыс,
буындармен бөлінген. Сабақтың жоғарғы буынаралығының іші қуыс, төменгі буын
аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Сабақтың буынаралық саны -
сорттық белгі, ерте пісетін сорттарда буынаралық саны аз.
Сабақтың ұзындығы да күріштің сорттық ерекшеліктеріне жатады. Сабағының
ұзындығы бойынша күріш өсімдігі төмендегідей топтарға бөлінеді: карлик (50
см-ге дейін), қысқа сабақты (51-70 см), аласа бойлы (71-90 см), орта бойлы
(91-115 см), ұзын бойлы (116-140 см), өте ұзын бойлы (140 см-ден биік).
Сабақ буындарының саны-сорттық ерекшелік және өсу дәуірінің ұзақтығына
байланысты өзгереді. Күріштің әртүрлі формаларында сабақтың буын саны 10-
20. Кеш пісетін сорттардың сабағы ұзын әрі буындары көп болады. Әрбір
буындарда жапырақ қынабы орналасқан. Буынаралықтың төменгі бөлігіндегі
паренхималық клеткалар меристемалық (бөлініп көбею) қасиетін жоймаған.
Анатомиялық құрылымы бойынша сабақ буындары тығыз әрі араласып
орналасқан өткізуші шоқтүтіктерден (сосудтардан) құралған. Бұл түтіктермен
минеральды және органикалық қосындылардың ерітінділері жылжып
тасымалданады.
Сабақтың төменгі жағында өте қысқа буынаралықтар орналасқан. Олардың
сыртқы көрінісі - бүйірінен қысылған кішкене, тізбектелген шарлар тәрізді
өсу конусының төменгі жағында және жапырақ қынабының түбінде меристемалық
аймақ қалыптасады. Бұл түптену буыны. Мұнда жанама сабақтар және тамырлар
пайда болады. Түптену буынынан (түйінінен) жанама сабақтардың пайда болуын
күріштің түптенуі деп атайды.
Сабақтың жер бетіндегі буындарынан жанама сабақтардың пайда болуын
бұтақтану деп атайды [9].
Күріш жапырағы - фотосинтез және транспирация процестері жүретін
маңызды мүше. Бастапқы жапырақ ұрықтың өзінде қалыптасады. Колеоптиле -
түссіз, нағыз жапырақтарды қорғаушы оймақ, тұқым өніп шығу барысында
топырақтан тебен тәрізді болып шығады. Сондықтан бұл фазасын күріштің
тебендеп шығуы деп атайды. Колеоптиле өзінен кейінгі тақтайшасыз
(пластинкасыз) жапыраққа жол ашады. Содан кейін тақтайшасы бар нағыз
бірінші, екінші, үшінші, т.б. жапырақтар шығады.
Күріш жапырағы ұзын, таспа тәрізді, ұшы сүйір. Құрылымы: жапырақ
қынабы, жапырақ тақтайшасы (пластинкасы), тілше және құлақшалардан
құралған.
Жапырақ қынабы - сабақтағы буынаралықты қоршап, буындарда тікелей
орналасқан. Қынап сырты жылтыр, аздап қырлы. Анатомиялық құрылымы бойынша
ерекшелігі - паренхималық клеткалардың күшті дамуы. Қынап ұлпаларында
үлкен, көп қырлы ауа өткізуші қуыстар бар. Олар жапырақтағы және сабақтағы
осындай қуыс клеткаларымен үздіксіз жалғасқан. Жапырақ паренхималарындағы
клетка аралық қуыстар арқылы лептесікпен жалғасады. Сонымен ауа өткізуші
аэренхима жолы (тракты) жапырақ, қынап, сабақ, тамыр арқылы үздіксіз
созылып, күріш өсімдігін оттегімен толық қамтамасыз етеді.
Қынаптағы негізгі ұлпа - паренхималық, клеткалар. Олар шамалы сопақтау,
көлденең кесіндісіне қарағанда дөңгелек, қабырғалары жұқа. Сыртқы
қабаттарда хлорофилі бар фотосиитездеуші клеткалар орналасқан.
Жапырақ тақтайшасы - ұзын, таспа тәрізді, ұшына қарай жіңішкеріп, сүйір
болып келеді. Ұзындығы әртүрлі: 5 см-ден 60-68 см-ге дейін, ені - 0,5-2 см
аралығанда. Орналасуы бойынша жапырақ тақтайшасы (пластинкасы) тік, яғни
сабақтан ауытқу бұрышы 200-қа дейін, иілген (30-60°), салбыраңқы (90°-тан
артық) түрлері бар. Масақтан кейінгі бірінші жапырақты жалау жапырақ деп
атайды. Күріш дақылының жапырақ саны сорттар ерекшелігіне, өскен топырақ -
климат жағдайына, қолданылған технология деңгейіне тікелей байланысты. Арал
өңірінде аудандастырылған сорттарда 9-12-ге дейін жапырақ болады.
Масақтағы дәндердің толық піскен кезде төгілгіштігіне байланысты: өте
аз төгілетін (масақтағы дәндердің төгілуі 1%-дан аз), нашар төгілетін (1-
5%), орташа төгілетін (6-25%), көп,төгілгіш (26-50%), жаппай төгілгіш (50%-
дан кеп) түрлеріне бөлінеді.
Масақша - бір гүлді, ұзындығы 3-15 мм, ені 1,5-2 мм-ден 3,5 мм-ге
дейінгі аралықта. Масақша түбінде, бір - біріне қарама - қарсы екі масақша
қауызы (чешуя) және ішкі екі гүлсерік қауызы орналасқан. Ішкі қауыз дәнді
толық жауып тұрады, бірінші қауыз екіншісінен ұзындау, ашылып жабылғанда
кішісі үлкеніне еніп тұрады.
Қылтықты күріш сорттарының қылтығы қысқа немесе ұзын, жұмсақ немесе
қатты, жылтыр немесе тісті болып келеді. Қылтықсыз немесе жартылай қылтықты
сорттары да бар. Қылтық түсі әртүрлі: сары - сабан түсті, қызыл, қоңыр, қою
күлгін түсті т. б. Кейбір сорттардың гүл қауызының түсі екі түрлі: қыры бір
түсті болса, ойысы екінші түсте (мысалы, Кубань 3 сорты дәні). Көпшілік
жағдайда қылтық пен гүл қауызының түсі бірдей, бірақ әртүрлі түсті
сорттарда кездеседі.
Күріш гүлі - екі гүлсерік қауыз, жатын түйін, екі қауырсын тәрізді
аналық аузы және алты аталықтан құралған, яғни гүл қос жынысты. Гүлсерік
қауызы жұмсақ, формасы жұмыртқа – ланцет тәрізді төменгі жағы бірігіп
өскен. Бұл гүлдену фазасы басында гүлдің ашылуын, ал кезең соңында гүлдің
жабылуын қамтамасыз етеді.
Күріш тұқымы — дән, ішкі және сыртқы (масақша) қауыздарымен қоршалған,
бірақ, дән мен қауыз жабысып қалған емес. Яғни күріш тұқымы қауызды дән –
caryopsis tunicata. Әртүрлі сорттар дәнінің қауыздылығы - 10-25%
аралығында. Күріш түрлерінің 1000 дән салмағы 15-40 грамм, ал сыр өңірінде
аудандастырылған сорттардың 1000 дән салмағы 27-36 грамм.
Қауыздан босатылған, яғни ақталған "сарғыш қоңыр" күріш дәні ұзындығы:
өте ұзын - 7,5 мм-ден артық; ұзын - 6,61-7,5 мм, орташа 5,51-6,00 мм, қысқа
- 5,51 мм-ден аз (ІRRІ шкаласы — International Rice Research Institute -
Халықаралық күріш Ғ3 институты).
Ақталған "сарғыш қоңыр" күріш дәні ұзындығының еніне қатынасы ІRRI
шкаласы бойынша төменгідей класстарға бөлінеді: жіңішке, ұзын дән -3,0 және
одан жоғары; ортадан ұзынша - 2,1-3,0; ұзынша енді - 1,1-2,0; домалақтау
(қысқа) - 1,1 және одан аз.Дән формасы әртүрлі: ұзын және жіңішке, қысқа
және домалақ. Сыртқы қауыз беті қырлы әрі ойық.
Дәннің түсі қауыз - қабықшадағы пигмент түсіне байланысты: күміс түсті
ақтан қызыл, қою қоңыр және қара түске дейін [1;2].
1.3 Күріштің биологиялық ерекшеліктері
Күріш - жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің интенсивті болғанын талап
етеді. Дақылға қолайлы жарық деңгейі - 40-60 мың люкс (лк). Күріштің өсу
дәуірі (мамыр - тамыз айлары) кезінде Сыр өңіріндегі ауаның салыстырмалы
ылғалдығы төмен - 29-37%, ал ең аз мөлшері 8-10 %-ға дейін төмендейді. Жаз
айының көпшілік күндерінде аспан бұлтсыз болып, ауа құрғақ әрі таза болады.
Сондықтан да, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып
қоймайды, немесе шашырап Ғарышқа кетпейді. Нәтижесінде күріш егісіне көп
мөлшерде фотосинтетикалык белсенді радиация (ФБР) келіп түседі.
Егіс сирек болып, жапырақ көлемі аз болған жағдайда фотосинтетикалық
белсенді радиацияны (ФБР) қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күріш
дақылының сирек егісі арасынан күн сәулесі радиациясы өтіп, суға, топыраққа
сіңеді. Егістік өте қалың (тығыз) болған жағдайда өсімдіктердін бір-біріне
көлеңкелеу және басқа да зиянды ценотикалық әсері күшейе түседі; кейінгі
аталған жағдайлардың бәрінде егістің дән өкілі темендейді.
Температура режимі. Күріш - жылу сүйгіш дақыл. Арал өңірі жағдайында
температура қосындысы (3200-4200°) ерте және орташа мерзімде пісетін
сорттар өсіруге жеткілікті. Күріш өсімдігі өніп шыққан кезде және гүлдену
кезінде температураға сезімтал, - 0,5-1°С -та дақыл зақымданады.
Қазақстан - күріш өсіруші аудандардың ішіндегі ең солтүстік аймағы.
Сондықтан, Арал өңірі жағдайында дақылдың өсу дәуірінің ұзақтығы күріш
өнімділігін шектеуші факторлардың бірі.
Қазакстанның күріш өсіруші аймақтарының ауа райы, температура ресурсы
күріш егіншілігіне қолайлы. Мысалы, Алматы облысы Балқаш ауданындағы күріш
өсіретін аймақта +10°С-тен жоғары жылы температураның жиынтығы 3200-35000С,
Сыр өңіріндегі Жаңақорған -Шиеліде (бірінші аймақ) -3800-42ОО°С, Қызылорда
массивінде (екінші аймақ) -3700-4100°С, Қазалыда (үшінші аймақ)-3500-3800 С
ал Шымкент облысының Шардара ауданында - 4000-4500°С. Яғни, Іле өзені
алқабында өте ерте, ерте және орташа мерзімде пісетін, Сыр өңірінде ерте
және орташа мерзімде пісетін сорттар, ал Шардара массивінде орташа және
кештеу мерзімде (121-125 күнде) пісетін күріш сорттарын өсіруге болады.
Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, тұқымның сіңіру тереңдігіне,
топырақтың тұздануы және фильтрациялық қасиеттеріне, егістіктің
арамшөптермен ластануына байланысты белгіленеді.
Топыраққа және қоректену элементтеріне талабы. Арал өңірінің күріш
өсіруші алқаптарының топырағы негізінен шөл далалық (сұр топырақты тақыр
жөне тақыр тәріздес) және гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды, шалғынды-
батпақты, батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі кұнарлысы -
аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар. Тұздану типі - хлоридті-
сульфатты, бір метр топырақ қабатындағы тұздар мөлшері құрғақ қалдық
бойынша 0,882-1,816% және оданда жоғары.
Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің бәріде
кездеседі және олардың табиғи құнарлығы төмен, құрылымы нашар, қара шірігі
(гумус) аз, карбонатты, құрамында калий көп, ал азот аз, фосфор орташа
немесе одан төмен мөлшерде болады.
Азот - белоктар, нуклейн қышқылы, ферменттер, оның ішінде НАД және
НАДФ, витаминдер (дәрумен) және басқада органикалық заттар құрамының
негізгі компоненті. Сондықтан, азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез
процесін күшейтіп, дақылдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына
жағдай жасайды.
Фосфор өсімдікте заттар алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклейн
қышқылдары (ДНК және РНК), нуклеотидтер, фосфолипидтер, витаминдер және
басқада органикалық заттар құрамына кіреді. Фосфордың топырақта аз болуы
күріш дақылының жас кезінде сабақ пен жапырақтардың, әсіресе тамыр
жүйесінің өсуін тежейді. Бұл тыңайтқыштың оптимальды мөлшерде болуы
дақылдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді.
Күріш дақылына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz