Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Капитал категориясының теориялық түсінігі мен мәні

1. 2 Меншік капиталды қалыптастыру мен қаржыландыру көздері

1. 3 Банктің меншікті капиталының мәні, құрылымы, түрлері мен жеткіліктілігі

2. ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

  1. «HSBC Банк » АҚ-на жалпы сипаттама
  2. «HSBC Банк » АҚ-ның қаржылық көрсеткіштерін және меншікті капиталын талдау2. 3 «HSBC Банк » АҚ-ның меншікті капиталды басқару барысындағы тікелей несие тәуекелдерін талдау және басқару процессі

3. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Коммерциялық банктердегі меншікті капиталды басқару саласындағы тәуекелдерді анықтау мәселелері мен шешу жолдары

3. 2 Банктердегі меншікті капиталды басқару саласында тәуекелдерді шетел тәжірибесі негізінде анықтау жүйесі арқылы жетілдіру (шетелдік және ресейлік тәжірибе)

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосмшалар

  1. Кіріспе

Коммерциялық банктерде капиталды басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфрақұрылымның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында қаражаттарды басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан банктің сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Капитал қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір банк қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Капитал қаражаттарының мәнін ашып зерттеу айналым қорларын және айналыс қорларын қарастыруды ойластырады. Айналым капиталы және айналыс капиталы өзара байланыста болады, бірақ олардың арасында еленерліктей айырмашылықтар бар. Айналым капиталдары үнемі банк қызметінің барлық сатыларына қатысады, ал өндірістік қорлар болса шикізаттың, отынның, негізгі және көмекші материалдардың жаңа партияларымен алмастырылатын өндірістік процесті өтеді. Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты. Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралды. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі - банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелімен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш заңның 16 бабының 2 тармағы) . Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70% - ға дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені, банктің меншікті капиталын, несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға ұсыну.

Дипломдық зерттеудің басты мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын пруденциялдық нормативтерді көрсету;

- банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер жүргізу;

- банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау жүргізу;

- банктердегі меншік капиталын басқару жағдайын және қолдану тиімділігін бағалау;

- банктің меншікті капиталы мен ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару тиімділігін бағалау;

- меншік капиталын басқаруды жетілдіру жолдары мен резервтерін іздестіру.

Зерттеу объектісі - айналым капиталын қалыптастыру.

Зерттеу пәні - банктің айналым капиталын басқару.

Диплом жұмысының теориялық базасын Қазақстан Республикасының заң және нормативтік актілері, экономикалық басылымдардағы ғылыми мақалалар мәліметтері құрайды.

Зерттеу жүргізудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және оның ішінде Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау комитетінің статистикалық қорытындылары мен есептері, «ЦентрКредит Банкі» АҚ-ның ресми сайтындағы қаржылық есептіліктері көрініс тапты.

Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы болып қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; банктің айналым қаражаттарын басқарудың қазіргі заманғы әдістері; банктің ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

  • Жарғылық капитал;
  • Резервтік капитал;
  • Қосымша капиталдар;
  • Бак операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер) ;
  • Бөлінбеген банк пайдасы;

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.

Зерттеудің ақпараттық негізін банктің бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, банктің ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық зерттеудің нәтижелері банктің ағымдық қаржылық қызметінде меншікті капитал айналымдылығын жылдамдату мақсатымен, қайта айналымға енгізу және жартылай босап шығу есебінен айналым қаражаттарының мөлшерін төмендету мақсатымен қолданылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні, әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде банктің меншікті капиталын басқарудың теориялық негіздері келтірілген; олардың қаржыландару көздері мен нарықтық экономикадағы ролі көрсетілген, банктағы меншікті капиталды басқаруды ұйымдастыру мәселелері және олардың қазіргі қазақстандық жағдайлардағы қызмет ету ерекшеліктері аталған.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі меншікті капиталды басқару мен талдаудың әдістемелік аспектілеріне арналған: қаржылық талдау негізінде банктің меншікті капитал қаражаттарына деген жоспарлы қажеттілігі анықталған; көрсеткіштердің динамикасы бағаланған; іскерлік белсенділік коэффиценттері анықталып, олардың айналым қаражаттары жағдайына әсері көрсетілген.

Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде банктің меншікті капиталды басқару механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар ойластырылған.

Кіріспені дұрыстаңыз

1 Коммерциялық банктердегі меншікті капиталының экономикалық мәні мен маңызы

1. 1 Капитал категориясының теориялық түсінігі мен мәні

Нарықтық қатынастар жағдайында капитал ерекше мәнді иеленіп келеді. Өйткені олар өз құнын жаңа өндірілген өнімге толықтай көшіріп, капиталдың әр айналымының соңында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып келетін өндіріс капиталының бір бөлігі болып табылады. Сөйтіп, айналым капиталы банктың табыстылығын анықтаушы маңызды критерий болып саналады.

Меншік капиталы - банк мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың жағдайы мен тиімді қолданылуы - банктың сәтті қызметінің маңызды шарттарының бірі. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын анықтайды. Жоғары инфляция, төлемсіздік және басқа да қолайсыз жағдайлар банктердің меншік капиталына қатысты саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесін зерттеуге итермелейді.

Банк үздіксіздігін қамтамасыз етуші маңызды шарттардың бірі болып оның капилалдық негізін, яғни анк капиталын үнемі жаңартып отыру саналады. Ол өз алдына банк қаражаттары қозғалысының үздіксіздігін алдын ала анықтайды.

Өзінің айналысында меншік капиталы ақшалай, қызметтік және тауалы нысандарға ие болып отырады. Ол айналым қаражаттарының банктік қаражаттар және айналыс қаражаттары болып бөлінуіне сәйкес келеді.

Банк қорлардың материалдық нұсқаушысы болып банк құралдары табылады. Олар еңбек кұралдары және еңбек заттарына бөлінеді. Дайын өнім ақшалай қаражаттар мен есептегі қаражаттармен бірігіп айналыс қаражаттарын құрайды.

Банк қорларының айналымы құнның ақшалай нысанын шикізаттық емес материал, құнды қағаздар және басқа да банк қаражаттарын сатып алуға авансталудан басталады. Нәтижесінде ақшалай қаражаттар банк қорлары нысанын айналыс сферасынан өндіріс сферасына өту арқылы қабылдайды. Бұл жағдайда құн шығындалмайды, тек авансталады, себебі айналыс соңында ол қайтарылады. Бірінші саты соңында айналыс тоқтатылады, бірақ айналым жалғасады.

Айналымның екінші стадиясы банк процесінде жүзеге асырылады. Қызметкерлер жаңа құрылған және орын алмастырылған құнды өзіне кіргізетін жаңа өнімді дайындайды. Авансталған құн өзінің нысанын өзгертеді - банктік капиталға өтеді.

Айналымның үшінші сатысында өндірілген дайын өнім өткізіліп, ақшалай қаражаттар алынады. Бұл сатыда айналым қаражаттары қайтадан банк сферасынан айналыс сферасына өтеді. Үзілген қаржылық капитал жалғасады және құн материалдық нысаннан ақшалай нысанға өтеді. Қызмет көрсетілу мен өткізілуіне жұмсалған ақшалай қаражаттар мен көрсетілген қызметтен түскен ақшалай қаражаттар арасындағы айырма банктың ақшалай жинақтарын құрайды.

Бір айналымды аяқтап болған соң, айналым қаражаттары жаңа айналымға түседі, сөйтіп үздіксіз айналым жүзеге асырылады. Меншікті капиталдың үнемі қозғалысы өндіріс пен айналыс процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз етуші негіз болып табылады. Банктердің қорлар айналымының анализі мына жағдайға көз жеткізеді: авансталған құн тек әртүрлі нысандарды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар үнемі осы нысандарда анықталған мөлшерлерде болады. Басқа сөзбен айтқанда, авансталған құн айналымның әрбір сәтінде әртүрлі бөліктерімен бір уақытта ақшалай, материалдық емес нысандарда болады. Банк қорларының айналымы ақшалай нысандағы авансталған құнның белгілі бір мөлшерінде ғана жүзеге асырылады. Айналымға түскен авансталған құн өзінің функционалдық нысандарын өзгерте отырып одан шықпайды. Ақшалай нысандағы көрсетілген құн банктің айналым капиталы болып табылады.

Айналым капиталы ең алдымен құндық категория ретінде қабылданады. Олар материалдық құндылықтар болып табылмайды, себебі олардан дайын өнім өндіруге болмайды. Ал ақшалай нысандағы құн бола отырып, айналым қаражаттары айналым процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім нысандарын қабылдайды. Тауарлы-материалдық қорларға қарағанда айналым қаражаттары шығындалмайды, жойылмайды, олар авансталады.

Капитал қаражаттарының мәнін ашып зерттеу айналым қорларын және айналыс қорларын қарастыруды ойластырады. Айналым капиталы және айналыс капиталы өзара байланыста болады, бірақ олардың арасында еленерліктей айырмашылықтар бар. Айналым капиталдары үнемі банк қызметінің барлық сатыларына қатысады, ал өндірістік қорлар болса шикізаттың, отынның, негізгі және көмекші материалдардың жаңа партияларымен алмастырылатын өндірістік процесті өтеді. Банктік қорлар айналым қорларының құрамдас бөлігі бола отырып, өндіріс процесіне өтеді. Дайын өнімге айнала отырып, банктен шығады. Меншік капиталы өндіріс процесінде өз құнын дайын өнімге бере отырып толығымен тұтынылады. Олардың сомасы айналым қаражаттарының сомасынан он есе көп болуы мүмкін.

Айналыс процесінде айналым қаражаттары өз құнын айналым қорларында көрсетеді, сондықтан осы қорлардың арқасында айналым қаражаттары өндіріс процесіне қатысады, өндіріс шығындарын қалыптастыруға қатысады.

Егер капитал жаңа өнімді қалыптастыруға тікелей немесе жанама қатысса, онда олар біртіндеп азайып, айналыстың аяғына дейін жойылуы керек еді.

Айналым капиталының тұтыну қоры бола тұра бір ғана нысанда қолданылады, ол өндірістік нысан. Айналым қаражаттары біртіндеп әртүрлі нысандар қабылдап қана қоймай, сонымен қатар белгілі бөліктерде осы нысандарда болады.

Келтірілген жағдайлар айналым қорлары мен айналым қаражаттары айналысын шектеудің объективті қажеттілігін тудырады.

Меншік капиталының айналыс сатысындағы функционалдық нысаны, яғни айналыс қорларымен салыстыру келесі нәтижелерге әкеледі. Банк қорларының айналысы өнімнің өткізілу үрдісімен аяқталады. Берілген үрдістің дұрыс жүзеге асырылуы үшін олар негізгі және айналым қорларымен қатар айналыс қорларына ие болуы қажет.

Меншік капиталының айналымы өндірістік емес айналым қорларының айналымымен тығыз байланысты және оның жалғасы мен соңы болып табылады. Айналыс жасай отыра бұл қаражаттар жалпы айналым құрады. Бұл үрдісте еңбек өніміне көшірілген айналым қорларының құны өндіріс сферасынан айналыс сферасына көшеді, ал авансталған құн мөлшеріндегі айналыс қорлары құны айналыс сферасынан банк сферасына өтеді. Сөйтіп, әртүрлі функционалдық нысаннан өтіп, бастапқы ақшалай нысанға оралатын авансталған қаражаттардың айналымы жүзеге асырылады. Айналым қаражаттары айналым жасай отырып, өндіріс сферасынан айналыс сферасына өтеді.

Меншік қаражаттарын өндірістік емес айналым және айналыс қорлары запастарына авансталған ақшалай қаражат ретінде қарастыру бұл категорияның толық экономикалық мәнін ашпайды. Ол ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасын аванстаумен қатар бұл запастарға өндіріс үрдісінде өндірілетін қосымша өнім құны авансталу үрдісі болатынын ескермейді. Сондықтан рентабельді банктарда қорлар айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаражаттары сомасы түскен пайданың белгілі бір сомасына өседі. Рентабельді емес мағынада ақшалай қаражаттар деп атауға болмайды. Банктердегі және айналыстағы қаражаттарды ақшамен шатастыруға болмайды. Жиынтық құн ақша нысанында авансталады және өндіріс пен айналыс үрдісінен өтіп, қайтадан осы нысанды иемденеді. Ақшалай қаражаттар қаражаттар қозғалысында делдал болып табылады. Ақшамен көрсетілген жиынтық құн тек арасында ғана және бөліктермен нақты ақшаға айналады. Сөйтіп, меншік капиталы минималды қажетті мөлшердегі айналыс қорлары мен өндірістік емес айналым қорларының жоспарлы құрылуы мен қолданылуы үшін ақшалай нысандағы авансталатын құн болып табылады. Ол банктің сервистік бағдарлама мен есептесуді уақтылы жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бірінші суретте (Сурет 1) банктің айналым қаражаттарының схемасы көрсетілген.

Банктің айналым капиталы екі функция атқарады: қызметтік және есептік. Өндірістік функцияны орындай отырып, айналым қаражаттары өндірістік айналым қаражаттарына авансталады, банктік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өзінің құнын өндірілген өнімге көшіреді. Банктің аяғында айналым қаражаттары айналыс қорлары түрінде айналыс сферасына өтеді. Онда олар екінші функциясын атқарады, бұл функцияның мәні - айналым қаражаттарының тауарлы формадан ақшаға айналуы және айналыстың аяқталуы. [2, 64-65б]

Сурет 1

Айналым қаражаттарының схемасы

Айналым капиталы компоненттерінің сыныпталуы мынадай белгілері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

- ликвидтілік дәрежесі бойынша;

- банктегі функционалдық ролі бойынша;

- капиталды орналастыру тәуекелі дәрежесі бойынша;

- қаржыландыру көздері бойынша бойынша.

Меншік капиталының мөлшері тек банктік үрдістің қажеттіліктерімен ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан айналым капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлуге болады.

Тұрақты айналым капиталы ақшалай қаражаттардың, дебиторлық қарыздардың, банктік қорлардың белгілі бір бөлігі болып табылады. Операциялық цикл кезінде оларға деген қажеттілік салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл банктің тұрақты қарауындағы уақыттық параметрлермен орташаландырылған ағымдық активтердің мөлшері. Ауыспалы айналым капиталы категориясы ең ауыр кезеңдерде немесе сақтандыру қоры ретінде қажет етілетін қосымша ағымдық активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-материалдық қорларға деген қажеттілік маусымдық өткізу кезіндегі сатудың жоғары деңгейін қадағалап отырумен байланысты болуы мүмкін.

Меншік капиталын басқарудың мақсаты меншік капиталының көлемі мен құрылымын, олардың жабылу көздері мен банктің тиімді қаржылық және ұзақ мерзімді өндірістік қызметін қамтамасыз етуге қажетті олардың арақатынасын анықтау болып табылады. Бұл мақсат стратегиялық сипатқа ие; ағымдық қызметті басқаруды тиімді ететін мөлшерде айналым капиталын ұстау да маңызды болып табылады. Осы позиция жағынан алғанда өтімділік банктың маңызды қаржы-шаруашылық сипаттамасы болып табылады, яғни бұл қысқа мерзімді кредиторлық қарызды уақытылы қайтаруды білдіреді. Айналым капиталының төмен деңгейінде өндірістік қызмет өзіне сәйкес деңгейінде болмайды, осыдан мынадай қиыншылықтар тууы мүмкін: өтімділікті жоғалту, жұмыстағы қайталанып отыратын ақаулар және төмен пайда. Айналым капиталының кейбір оптималды деңгейінде пайда максималды болады. Айналым капиталының одан да әрі өсуі банкке өз иелігінде мерзімді бос, айналыстағы емес ағымдық активтерді, сонымен қатар қаржыландырудың артық шығындарын ұстауға мүмкіндік береді. Бұл пайданың төмендеуіне әкеледі.

Банк іс-әрекетінің жоғары нәтижелігі, бірыңғайлығы оның айналым қаражаттарымен қажетті деңгейінде қамтамасыз етілуіне байланысты. Материалдық қорларды сатып алуға авансталған қаражаттардың жеткіліксіздігі өндірістің қысқартылуына, өндірістік бағдарламаның орындалмауына әкелуі мүмкін. Мөлшерден тыс қаражаттарды қорларға салу ресурстарды тиімсіз қолдануға әкеп соқтырады.

Айналым қаражаттары өзіне материалдық және ақшалай ресурстарды кіргізетін болғандықтан, олардың ұйымдастырылуы мен тиімді қолданылуы материалды өндіріс үрдісіне ғана емес, сонымен қатар банктың қаржылық тұрақтылығына әсер етеді. [3, 230б]

1. 2 Меншік капиталды қалыптастыру мен қаржыландыру көздері мен негізгі элементтерін басқару

Банктердің меншік қаражаттары айналымның барлық сатылары өндірістің материалдық және ақшалай ресурстарға қажеттіліктерін қанағаттандыруға, есептесулердің өз уақытылығын қамтамасыз етуге, айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға, айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Айналым қаражаттарын қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық болып бөлінеді. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда маңызды рольді иемденеді. Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін банктер істі рентабельді жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне жауапкершілікке тартылуы үшін белгілі бір деңгейдегі мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы қажет.

Меншік капиталының қалыптасуы банктің құрылуы кезінде, дәлірек айтсақ, жарғылық қорының құрылуы кезінде жүзеге асады. Бұл жағдайда қалыптасудың көзі ретіде банк құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары алынады. Қызмет процесінде айналым қаражаттарының толықтырылу көзі болып түскен пайда және меншікті қаражаттарға теңестірілген тұрақты пассивтер табылады. Бұл қаражаттар банк иелігінде болмайды, бірақ үнемі айналыств болады. Бұндай қаражаттар айналыс капиталының минималды қалдығы сомасының қалыптасу көзі ретінде қолданылады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: банк жұмысшыларының айдан айға өтетін минималды еңбекақы төлемі, шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет және бюджеттік емес ұйымдар алдындағы минималды қарыздар, кредиторлар қаражаттар.

Еңбекақы бойынша минималды қарызды есептеген кезде еңбекақыны есептеген және оны төлеген күндер аралығындағы кезең анықталады. Содан кейін бір күндік еңбекақы мөлшері анықталып, ол банк айналысы есебіндегі минималды күндер санына көбейтіледі. [4, 800б]

Шығындарды және төлемдерді жабуға арналған резервтер құрамында жөндеу және демалыс күндері үшін төлемдер қоры қалыптасады. Бөлініп отыратын қаражаттар тең үлестермен ай сайын осы резервтерге түсіп отырады, ол бухгалтерлік есеп шоттарында өз көрінісін табады. Демалыс күндері үшін төлемдер қоры резерві жұмысшының демалысқа кеткен күнінен бастап қолданылады. Демалыс төлемдерін есептеу және төлеу күндерінің арасында белгілі бір уақыт мерзімі өтетіндіктен мөлшері тұрақты болып табылатын ақшалай қаражаттар қалдығы қалыптасады. Бұл қалдық келе жатқан кезеңдегі еңбекақы қоры өсімін есепке ала отырып, минималды қарыз ретінде есептеледі. Бұл резервті қалыптастыру жөніндегі шешімді банк өз бетімен қабылдайды. Жөндеу қоры да банк шешімімен құрылады және негізгі өндірістік қорларды жөндеу жұмыстары бойынша төлемдерді жүргізу кезінде қолданылады. Жинақталған қаражаттардың жөндеуге шығындалуына дейін оларды банк айналыс капиталы ретінде қолдануы мүмкін.

Бюджет алдындағы минималды қарыздар есептелу мерзімі олардың төлену мерзімінен бұрынырақ болатын салық төлемдері бойынша анықталады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъект болып табылатын банк салығына, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің бюджетке төлейтін табыс салығына қатысты.

Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттардан басқа айналым капиталын қалыптастыру көзі ретінде банктың кредиторлық қарызы да алынуы мүмкін (банктің иелігіндегі емес, бірақ уақытша оның айналысындағы қаражаттар) . Егер тұрақты міндеттемелерді жоспарлауға болатын болса, ал кредиторлық қарызды есептесулердің ерекшеліктеріне байланысты туындайтын нормальді және сатып алушылардың есептесу құжаттарының төлену мерзімі бұзылуы нәтижесінде пайда болатын нормальді емес деп бөлуге болады. Соңғы айтылған жағдайда жабдықтаушыдан тауар алып, оның құнын уақытында төлемеген сатып алушы өз иелігіндегі емес қаражаттарды қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың кезеңдері
Банктің қаржы ресурстары және капиталын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Несие берудегі несие саясаты
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz