Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары» (БК «Транс - Сервис» ЖШС мысалында)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 . тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің қажеттілігі, тиімділігін арттыру факторлары және бағалау әдістері ... ... ... 6
1.1. Бірлескен кәсіпорынның экономикалық мәні
және дамыту қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері және тиімділігін арттыру факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.3. Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері, есептеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

2 . тарау. БК «Транс . Сервис» ЖШС техникалық . экономикалық және қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... .27

2.1. БК «Транс . Сервис» ЖШС техникалық .
экономикалық жағдайының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2. БК «Транс . Сервис» ЖШС шаруашылық .
экономикалық қызметінің тиімділігін талдау
және оған баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.3. БК «Транс.Сервис» ЖШС қаржылық жағдайын талдау...56

3 . тарау. БК «Транс . Сервис» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

3.1. Бірлескен кәсіпорындардың қазіргі кездегі экономика
жағдайында қызмет етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
3.2. БК «Транс . Сервис» ЖШС қызметінің тиімділігін
арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..89

Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..91
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарының бірі ретінде шетелдік инвестициялар деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономика негізіндегі экономикалық өсу деп белгіленген. Сондықтан, Қазақстанның экономикалық өсуі үшін шетелдік инвестициялардың, әсіресе, тікелей шетелдік инвестициялардың маңызы зор. Өйткені, тікелей шетелдік инвестициялар арқылы жаңа, озық техника мен технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен басқару әдістерін тарту мүмкіншілігі ашылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық даму бағдарламасында көзделген мақсаттарға жету ірі капитал салымдарынсыз мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан қарқынды экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» жолдауында Қазақстан үшін шетелдік инвестицияларды тартудың, шет елдермен, әсіресе, Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ мемлекеттерімен тығыз экономикалық ынтымақтастықты күшейту маңыздылығы айтылған. Ал, еліміздің стратегиялық мүддесі - әлемдік экономикаға интеграция және Дүниежүзілк Сауда Ұйымына мүше болу. Қазақстанның әлем нарығына интеграциясы халықаралық шаруашылық байланыстарды дамыту және халықаралық ынтымақтастықты күшейтуді қажет етеді. Халықаралық ынтымақтастықтың жетекші нысаны – шетелдік және жергілікті капиталдың біріккен пайдалануына негізделген бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Олар, ішкі нарықты тауарлар және қызметтермен қамтамасыз ету, отандық экспорттың потенциалды кеңейту, жаңа техника мен технологияны игеру, қосымша жұмыс орындарын құру, кәсіпорныдардың қаржылық жағдайын қалпына келтіру, қазіргі заманғы инновацияларды дамыту.
1. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жалдауы. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Егемен Қазақстан, 19 ақпан, 2005 жыл..
2. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жалдауы. Бәсекеге қабілетті ұлтқа, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті Қазақстанға // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 жыл.
3. Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Алматы: Білім, 1997. -176 б.
4. Нұрсұлтан Назарбаев. Жаңа уақыт, жаңа экономика // Егеменді Қазақстан, 16 желтоқсан, 2004 жыл.
5. Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдрына арналған индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы.
6. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңы – Алматы: Юрист, 2003 жыл.
7. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы және бірлескен кәсіпкерлігі/статистикалық жинақ/ Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі/ Алматы; 2004жыл.
8. Смирнова Е.Е. Совместные предприятия: Закономерности возникновения перспективы развития. – М. : Изд. МГУ, 1998 г.
9. Киреев А.П Международная экономика. – М.: Международные отношения, 1999 г.
10. Грузинов В.П. Экономика предприятия и предпринимательства. – М.: ИНФРА – М, 1999 г.
11. Вознесенская Н.Н. Совместное предприятие как форма международного сотрудничетва. – М., 1989 г.
12. Алимбаев А.А. Инвестиционные процессы как социально – экономическая система. Алматы, Транзитная экономика, 1998 г. - № 1.
13. Виханский О.С. Менеджмент: учеьник. –М.:Гардарики, 2002 г.
14. Мескон М.Х. Основы менеджмента. – М.: Дело,1992 г.
15. Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление. – М.: ИНФРА – М, 2000 г.
16. Айрис Бердроу. Искусство эффективных коммуникаций – ключевой фактор успеха совместных предприятий// Проблемы теории и практики управления, 1993 г., № 5.
17. Совместное предпринимательство в современной мировой экономике/ Под ред. Зубченко Л.А. – М.:ИНИОН, 1991 г.
18. Косай Дайоуб. Совместное предпринимательство в мировой экономике: Автореферат. – М., 1996 г.
19. Экономика предприятия: перевод с нем. / под ред. Ф.К.Беа, Э. Дихтла, М. Швайтцера. – Москва, 1999г.
20. Организация производства. Под редакцией Фатхутдинова // Москва:
Инфра-М, 2000г.
21. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего
субъекта // Москва: Финансы и статистика, 2000г.
22. Ковалев В.В. Финансовый анализ // Москва: Финансы и статистика,
2000г.
23. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. -
Минск: Новое знание, 2000 г.
24. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Г., Жұмағалиев Ж. Т. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау // Алматы: Экономика, 2001 ж
25. Дюсембаев К. Ш., Егембердиева, Дюсембаева Аудит и анализ
финансовой отчетности //Алматы: Экономика, 2001г.
26. Герчикова И.Н. Менеджмент. – М.: ЮНИТИ, 2000 г.
27. Шеремет А.Д. Финансы предприятий. – М.: 1997 г.
28. Экономика преприятия./ Под ред. О.И. Волкова. – М.: ИНФРА – М,
1997 г.

29. Финансовый менеджмент / Под ред. Г. Б. Поляка. –М.: Финансы –
ЮНИТИ, 1997 г.
30. Бороненкова С.А. Управленческий анализ. – М.: Финансы и
статистика, 2001 г.
31. Ковалева А.М. Финансы фирмы. –М.: ИНФРА – М, 2001 г.
32. Прыкин Б.В. Экономический анализ предприятия. - М.: ЮНИТИ –
Дана, 2000 г.
33. Овчинников К. Международное раздеение труда: модели, тенденции,
прогнозы. – М.: 1995 г.
34. . Экономика преприятия./ Под ред. А.Б. Карлика. – СПб.: СПб
ГУЭФ,1999г.
35. Романов А. Н. Оценка коммерческой деятельности
предпринимательства. – М.: Финансы и статистика, Банки и биржи, 1993 г.
36. Джакибаев Б.А. Развитие совместного предпринимательства и
международного сотрудничества в условиях рыночных отношений. –
М.:МГУ, 1994 г.
37. Серикбаев д. Совместное предпринимательство в Казахстане//
Казахстан: экономика и жизнь. 1992 г.
38. Совместные преприятия: создание и деятельность/ Под ред. В.Г.
Буткевича. – М.: 1990 г.
39. «Транс - Сервис» ЖШС кәсіпорынның 2003-2004 жылдардың
бухгалтерлік баланстары.
40. «Транс - Сервис» ЖШС кәсіпорынның 2003-2004 жылдардың
қаржылық - шаруашылық қызметінің есебі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігі

Дипломдық жұмыс
Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары (БК Транс -
Сервис ЖШС мысалында)
тақырыбына жазылған

520830 Экономика (бакалавр) мамандығының 4 курс студенті

Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында қорғауға жіберіледі

Алматы 200

ЖОСПАР:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3

1 - тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің қажеттілігі, тиімділігін арттыру
факторлары және бағалау әдістері ... ... ... 6
1. Бірлескен кәсіпорынның экономикалық мәні
және дамыту
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері және тиімділігін арттыру
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..18
3. Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері,
есептеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2 – тарау. БК Транс - Сервис ЖШС техникалық – экономикалық және қаржылық
жағдайын талдау ... ... ... ... ... .27

2.1. БК Транс - Сервис ЖШС техникалық –
экономикалық жағдайының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2. БК Транс - Сервис ЖШС шаруашылық –
экономикалық қызметінің тиімділігін талдау
және оған баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

2.3. БК Транс-Сервис ЖШС қаржылық жағдайын талдау...56

3 – тарау. БК Транс - Сервис ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..62

3.1. Бірлескен кәсіпорындардың қазіргі кездегі экономика
жағдайында қызмет
етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
3.2. БК Транс - Сервис ЖШС қызметінің тиімділігін
арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...80

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...89

Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .91

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан -
2030 жолдауында Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарының бірі
ретінде шетелдік инвестициялар деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономика
негізіндегі экономикалық өсу деп белгіленген. Сондықтан, Қазақстанның
экономикалық өсуі үшін шетелдік инвестициялардың, әсіресе, тікелей шетелдік
инвестициялардың маңызы зор. Өйткені, тікелей шетелдік инвестициялар арқылы
жаңа, озық техника мен технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен басқару
әдістерін тарту мүмкіншілігі ашылады. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасының 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық
даму бағдарламасында көзделген мақсаттарға жету ірі капитал салымдарынсыз
мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2005 жылдың 18
ақпанындағы Қазақстан қарқынды экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару
жолында жолдауында Қазақстан үшін шетелдік инвестицияларды тартудың, шет
елдермен, әсіресе, Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ мемлекеттерімен тығыз
экономикалық ынтымақтастықты күшейту маңыздылығы айтылған. Ал, еліміздің
стратегиялық мүддесі - әлемдік экономикаға интеграция және Дүниежүзілк
Сауда Ұйымына мүше болу. Қазақстанның әлем нарығына интеграциясы
халықаралық шаруашылық байланыстарды дамыту және халықаралық
ынтымақтастықты күшейтуді қажет етеді. Халықаралық ынтымақтастықтың жетекші
нысаны – шетелдік және жергілікті капиталдың біріккен пайдалануына
негізделген бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Олар, ішкі нарықты
тауарлар және қызметтермен қамтамасыз ету, отандық экспорттың потенциалды
кеңейту, жаңа техника мен технологияны игеру, қосымша жұмыс орындарын құру,
кәсіпорныдардың қаржылық жағдайын қалпына келтіру, қазіргі заманғы
инновацияларды дамыту.
Бизнестің мұндай ұйымдастыру нысаны өркениетті басқару жүйесін
қалыптастыру, оптималды басқару әдістер мен шешімдерді таңдау, адекватты
басқару механизмдерін құру, басқару шешімдерін жүзеге асыруға негізінен
ұлттық экономиканың дамуына зор ықпал жасайды.
Көптеген елдерде өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі мұнай өнімдерін
өндіру және өткізу болып табылады. Әсіресе, осы салада жоғары технологиялы
бірлескен кәсіпорныдардың шоғырлануы байқалады. Компаниялар ынтымақтасу
жолдарын, салаға шығу шығындарын төмендету, көптеген кедергілерден өту,
операцияларды және технологиялық тәуекелді азайту үшін іздестіреді.
Бірлескен кәсіпорын, стратегиялық альянстың кең тараған нысаны ретінде
ұзақ мерзімді ұйымаралық ынтымақтасу келісімін бейнелейді. Ол екі немесе
одан артық тәуелсіз ұйымдардың басқару құрылымын және ресурстарын бірлесе
пайдалынып, екі немесе одан артық елдерде әрқайсының корпаритивты
миссиясына байланысты міндеттері шешуге бағытталған.
Халықаралық интеграция арқылы компаниялар әр түрлі мақсаттарға жете
алады: жаңа нарыққа шығу мүмкіндігі, жаңа ресурс көздерін пайдалану
мүмкіндігі, бәсеке артықшылықтарына жету, өндіріс масштабын үлкейту арқылы
үнем және оның тиімділігін арттыру, тәуеклді төмендету.
Мұнай өнімдерін өндіру мен өткізуде халықаралық ынтымақтастықтың
стратегиясын құру, әсіресе, Қазақстан сияқты халқы аз және әлемдік нарықтан
алыс орналасқан ел үшін аса маңызды.
Халықаралық өндірістік ынтымақтастық инновацияларды нарықтық әдістер
көмегімен біріктіреді, инновациялар мен бәсекелестіктің қарқындылығын
жоғарылатады, инвестициялық және ғылыми – техникалық шығындарды азайтады,
ағымдағы өндірістің шығындарын төмендетеді, отандық экономикаға шетелдік
капитал салымдарының зиянды жақтарын бейтараптандыруы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – өтпелі нарықтық экономика жағдайында
бірлескен кәсіпорын қызметін талдау және оның тиімділігін арттыру жолдарын
анықтау.
Көзделген мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді:
- бірлескен кәсіпорынның экономикалық мәнін және дамыту қажеттілігін
анықтау;
- бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері, тиімділігін арттыру
факторларын анықтау;
- бірлескен кәсіпорын тиімділігін бағалау көрсеткіштерін және оларды
есептеу әдістерін талдау;
- БК Транс - Сервис ЖШС техникалық – экономикалық және қаржылық
жағдайын талдау;
- БК Транс - Сервис ЖШС шаруашылық – экономикалық қызметінің
тиімділігін талдау және оны арттыру жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - нарықтық экономика жағдайында
бірлескен кәсіпорынды басқару заңдылықтары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып бірлескен кәсіпорын Транс-
Cервис ЖШС табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қортынды және қолданған әдебиеттер
тізімінен құрылған:
1 - тарауда бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру
факторлары және бағалау әдістері қарастырылған, бірлескен кәсіпорынның
экономикалық мәні, қызметінің ерекшеліктері мен дамыту қажеттіліктері
талданған.
2 – тарауда бірлескен кәсіпорын Транс - Сервис ЖШС техникалық –
экономикалық және қаржылық жағдайына талдау жүргізілді.
3 – тарауда бірлескен кәсіпорын Транс - Сервис ЖШС қызметінің
тиімділігін арттыру жолдары және бірлескен кәсіпорындардың өтпелі экономика
жағдайында қызмет етуі қарастырылды.
1 - тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің қажеттілігі, тиімділігін
арттыру факторлары және бағалау әдістері

1. Бірлескен кәсіпорынның экономикалық мәні және дамыту қажеттілігі
Алғашқы бірлескен кәсіпорындар джоинт - венчур деген атпен
Ұлыбританияда XVI, XVII ғасырларда пайда болды. Олар негізінен теңіз арқылы
шет елдермен сауда – саттықпен айналысты. Кеңес Одағы кезінде алғашқы
бірлескен кәсіпорын 1987 жылы Латвияда ашылды. Қазақстанда бірлескен
кәсіпорындар 90 жылдардың басында ашыла бастады және олардың саны жылдан
жылға артуда.
Бірлескен кәсіпорын – бұл екі немесе одан артық тұлғалардың (жеке
немесе заңды) инвестицияарының бірігуі (әдетте, заңды тұлға нысанында).
Бірлескен кәсіпорын – бұл өнімді өндіру және өткізу саласында, ғылыми –
техникалық, инвестицияның және басқа қызметтер салаларында білімнің,
еңбектің, күш – жігердің, әр түрлі құралдардың бірігуі арқылы екі немесе
одан артық мемлекеттердің немесе олардың өкілдерінің бірлесіп өндірістік –
шаруашылық қызметті іске асыру болып табылады. Бірлескен кәсіпорынның кем
дегенде бір мүшесі шетелдік кәсіпкер немесе шетелдік мемлекет болуы қажет.
Бірлескен кәсіпорындардың құрылуының негізгі мақсаттары мен
міндеттеріне елге алдыңғы қатардағы технологияларды, прогрессивті өткізу
әдістерін, өндірісті ұймдастыру мен басқару үлгілерін, шетелдік
инвестицияларды, капиталды тарту, жеңілдіктермен шетелдік несиелерді алу,
экспортты диверсификациялау, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру
болып табылады.
Бірлескен кәсіпорындардың құрылу тәртібін, қызметін, жойылу тәртібін
реттейтін арнайы нормативті құқықтық актілер Қазақстанда жоқ. Біздің
елімізде бірлескен кәсіпорындарды жиі шетелдік капиталының қатысуымен жұмыс
істейтін кәсіпорындар деп те атайды, яғни егер кәсіпорынның капиталында
шетелдік кәсіпкердің өз үлесі бар болса ол бірлескен кәсіпорын деп аталады.
Сондықтан бірлескен кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңдарында
қарастырылған барлық ұйымдық құқықтық нысандарда құрыла алады:
- акционерлік қоғамдар;
- жауапкершілігі толық серіктестік;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
- коммандитті серіктестік;
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
- өндірістік кооператив;
Олардың ішінде кең тараған түрлері акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.
Бірлескен кәсіпорындар кім, қайда, қандай мақсатта құрылғанына және
қатысушылардың жарылық капиталадғы үлесіне байланысты жіктеуге болады.
Сондықтан бірлескен кәсіпорындарды жіктегенде келесі төрт белгіні негізге
алады:
1. Бірлескен кәсіпорынның қатысушылары қай ел өкілдеріне жататындығына
байланысты;
2. Қатысушылардың немесе серіктердің құрылымына қарай;
3. Қатысушылардың немесе серіктердің бірлескен кәсіпорынның капиталындағы
үлесіне байланысты;
4. Бірлескен кәсіпорынның қызмет түріне қарай.
Біріншісі, бірлескен кәсіпорынның қатысушылары қай ел өкілдеріне
жататындығына байланысты мынадай төрт түрге бөлу кең тараған: а) өнеркәсібі
дамыған елдер - өнеркәсібі дамыған елдер немесе Батыс - Батыс
қатынастары; б) өнеркәсібі дамыған елдер – дамушы елдер немесе Солтүстік -
Оңтүстік; в) бұрыңғы социалистік елдер - өнеркәсібі дамыған елдер немесе
Шығыс - Батыс; г) бұрыңғы социалистік елдер – дамушы елдер.
Екіншісі, қатысушылардың немесе серіктердің құрылымына қарай бірлескен
кәсіпорындардың үш түрін ажыратамыз: а) тек қана бір жеке капитал қатысатын
(көбінесе дамығыан капиталистік елдерде); б) әр түрлі жеке фирмалар мен
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қатысуымен; в)ұлттық және
халықаралық ұйымдардың қатысуымен.
Үшіншісі, қатысушылардың немесе серіктердің бірлескен кәсіпорынның
капиталындағы үлесіне байланысты бірлескен кәсіпорындардың үш түрі болуы
мүмкін: а) үлестері бірдей немесе паритетті бірлескен кәсіпорындар; б)
шетелдік жақтың үлесі басым бірлескен кәсіпорындар; в) жергілікті жақтың
үлесі басым бірлескен кәсіпорындар.
Төртіншісі, бірлескен кәсіпорындардың қызмет түріне қарай: а) ғылыми
– зерттеулермен айналысатын бірлескен кәсіпорындар; б) өндірістік бірлескен
кәсіпорындар, мақсаты осы елде белгілі бір өнімнің өндірісін ұйымдастыру;
в) сатып алушы бірлескен кәсіпорындар, мақсаты жергілікті нарықта бар арзан
шикізат пен материалдарды шетелдегі өндірістер үшін сатып алу; г) өткізуші
бірлескен кәсіпорындар, мақсаты жаңа нарықтарды жаулап алу; д) кешенді
бірлескен кәсіпорындар, әр түрлі қызмет түрлерінің араласуы.
Халықаралық интеграция арқылы компаниялар әр түрлі мақсаттарға жету
мүмкіндігін алады:
• жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі;
• жаңа ресурс көздерін пайдалану мүмкіндігі;
• бәсеклестік артықшылықтарға жету мүмкіндігі;
• өндірісті рационалдау және оның тиімділігін жоғарылату;
• тәуекелді төмендету;
Бірлескен кәсіпорындардың өндірстік ынтымақтасудың басқа түрлеріне
қарағанда бірқатар артықшылығы бар:
• бірлескен кәсіпорын туралы келісімнің ұзақ мерзімділігі;
• өндіріске деінгі, өндіріс және өткізу аясында серіктердің іс әрекетін
бірлесіп кешенді пайдалану;
• серіктердің иелігіндегі өндіргіш күштерінің ең маңызды, күшті
өзаратолықтырушы элементтердің бірігуі;
• серіктердің тек қана кәсіпорын өнімінің өндірісіне емес, сонымен қатар
өткізуге де бақылау жасау;
Бірлескен кәсіпорынның жақтарының немесе серіктерінің көздейтін
мақсаттары әр түрлі, кейде қарама – қарсы да болады. Мысалы, шетелдік
серіктестің әдетте көздейтін мақсаттары мыналар:
1. Минералды және шикізат ресурстарға қол жеткізу;
2. Сатып алу мүмкіншілігі төмен, бірақ потенциалды көлемі үлкен нарыққа
ену;
3. Білікті және арзан еңбек күші ресурстарын пайдлану;
4. Әлемдік нарықта бәсеке қабілетті өнім өндіруді ұйымдастыру;
5. Әлемдік нарықта бәсеке қабілеттілігі жоғары жаңа өнім түрлерін өндіру
үшін ғылыми зерттеулердің және техникалық ізденістер нәтижелерін
енгізу.
Ал, бірлескен кәсіпорынға шетелдік капиталды тарту арқылы жергілікті
кәсіпкерлер мына мақсаттарға жетуді көздейді:
1. Алдыңғы қатарлы шетелдік технологияға қол жеткізу;
2. Ішкі жинақтау көздерін толтыру;
3. Керексіз импортты азайту және еркін айырбасталатын валютадағы
шығындарды азайту;
4. Экспортты кеңейту, әсіресе дайын өнеркәсіптік өнімді;
5. Өндіріс тиімділігін жоғарылатудағы шетелдік басқару тәжірибесін
пайдалану;
6. Ұлттық экономиканың теңгерімділігін жақсарту.
Серіктестер мүдделерінің сәйкес келетін басты облыстары - бірлескен
кәсіпорынның ішкі нарыққа бағытталып жұмыс жасауы және ұлттық ғылыми –
техникалық жетістіктерді пайдалану.
Бірлескен кәсіпорындарды құрғанда жұмыс істегенде жергілікті және
шетелдік серіктестердің мүдделері жиі сәйкес келмейді. Шетелдік кәсіпкерлер
үшін бірлескен кәсіпорынға қатысу бұл капиталды шығарудың нысаны, жаңа
нарықтарға ену құралы. Қабылдаушы жақтың мүддесі техникалық және
экономикалық тәжірибені жинақтау,алдыңғы қатарлы технологияларды, өндірісті
ұйымдастыру және басқарудың жаңа әдістерін игеру, экспортты ұлғайту,
импортты алмастыруға байланысты болады. Мүдделерінің әр түрлі болғанмен
бірлескен қызмет екі жаққа да тиімді. Бірлескен қызмет серіктестер арасында
тәуекелді бөлуге, қаржылық және технологиялық ресурстарды, басқару
тәжірибесін біріктіру арқылы өз позицияларын бекітуге мүмкіндік береді.
Соңғы кездері бірлескен кәіпкерлікке назар аударатын шағын жне орта
инвесторлар санының өсуі байқалады. Әдетте мұндай шағын бірлескен
кәсіпорындар қызметін ғылыми сиымдылығы жоғары салаларда іске асырады.
Қазақстан үшін мұндай бірлескен кәсіпорындар ауадай қажет.
Әлемдік нарықтық қатынастарға араласуының қазіргі кезінде бірлескен
кәсіпорындар шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі нысаны болып
табылады. Инвестициялаудың басқа да түрлері бар: лизинг, мердігерлік,
лицензиялау және т. б. Бірақ отандық кәсіпкерлер үшін бірлескен кәсіпорын
әзірше ең тиімді нысан болып отыр. Сондықтан, бірлескен кәсіпорындарды құру
өндіріс үрдісінің интернационалдануын күшейтіп, НИОКР аясында халықаралық
еңбек бөлінісін қалыптастырады және қазіргі заманғы техниканы сатудың
өсімін ынталандырады.
Бірлескен кәсіпорындар нысанындағы ынтымақтасу халықаралық
кооперацияның күрделі нысаны болғандықтан оны құру алғашқы қадамдардан
бастап қиыншылықтарды тудырады. Сондықтан, көптеген мәселелерді сәтті
шешіліуі осы үрдістің ұйымдастырылу дәрежесіне тікелей байланысты.
Бірлескен кәсіпорынды құру үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Бірлескен кәсіпорынды құру мақсаттарын анықтау және бағалау;
2. Серіктестерді іздеу және таңдау;
3. Келіссөздерді жүргізу және ниеттер хаттамасын дайындау;
4. Техникалық – экономикалық зерттеулер жүргізу;
5. Жарғылық құжаттарды дайындау;
6. Бірлескен кәсіпорынды тіркеу.
Бірлескен кәсіпорындардың негізгі үш қиыншылық тудыратын мәселесі бар:
оның құрылуы елеулі уақыт пен күш шығындарын қажет етеді, бірлескен
кәсіпорынды басқару қиын әрі күрделі, оның қызметін қойылған мақсаттарға
бағыттау қиын. Бірлескен кәсіпорынды құру кезінде кәсіпорындар
басқарушылары және олардың аппараттары, келешекте қақтығыстарға соқтыруы
мүмкі мәселелер бойынша анық ұстаным мен келісімге жетуі қажет.
Бақарушылармен келісімдер, техникалық жәрдемді ұйымдастыру, бірлескен
кәсіпорынның ортақ саясатын анықтау, бірлескен кәсіпорын басқарушыларының
құрамы мен қызметі, ресми және бейресми байланыс арналары, басқарушылар
менмамандарды жұмысқа қабылдау мен еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру сияқты
мәселелерді алдын ала мұқият талдау керек.
Бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы қабылдаушы елдерге алдыңғы
қатарлы технологиялар тартылады. Технолгияны халықаралық айырысу құқықтық
қорғаумен қамтамасыз етіледі. Көптеген елдерде жаңа технология бір немесе
бірнеше құқықтық құралдармен қорғалынады – патенттер, лицензия, копирайт,
тауарлық белгілер арқылы. Технологияны халықаралық айырысу келесі негізгі
нысандарда іске асырылуы мүмкін: патенттік келісімдер, лицензиялық
келісімдер, ноу - хау, инжиниринг, өнеркәсіптік ынтымақтасу жөніндегі
келісім, ғылыми техникалық және өндірістік кооперация туралы келісімдер,
инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімдер және т.б.
Әлемде 70 – жылдардан бастап бүкіл әлемде глобалдану үрдісі жүріп
жатыр, ол глобалды транс ұлттық корпорациялардың қатысуымен ғана
емес,сонымен қатар елеулі дәрежеде халықаралық бірлескен кәсіпкерліктің әр
түрлі нысандарының рөлі мен санының өсуімен сипатталады. Көптеген
ғалымдардың пікірінше транс ұлттық корпорацияларға қарағанда бірлескен
кәсіпорындардың бәсекелестік артықшылықтары көбірек.
Көптеген елдерде бірлескен кәсіпорындарға мемлекет тарапынан әр түрлі
жеңілдіктер беріледі, көмек көрсетіледі.
Бірлескен кәсіпорындар әр түрлі ұйымдық құқықтық нысандарда құрылуы
мүмкін, олар әр түрлі факторларға, соның ішінде, серіктердің мақсаттарына
да тәуелді болады. Көптеген батыстың корпорациялары үшін халықаралық
шаруашылық кооперация қиыншылықтарды шешу және дамудың стртегиясына
айналды. Мұндай қиыншылықтарға жаңа нарықтарға ену, протекционистік
кедергілерден өту, ғылыми – техникалық прогрессті жылдамдату, капитал
сиымдылығы жоғары жаңа өнімді шығару жобаларының тәуекел деңгейін
төмендету, шикізат және материалдар көздеріне қол жеткізуді жеңілдету.
Бірлескен кәсіпорында жергілікті серіктің болуы шетелдік кәсіпкерге
жергілікті нарықта бекінуін жеңілдетеді. Шетелдік серіктес
жабдықтаушылармен байланыстарды алады, билік органдарымен, банктермен қарым
қатынастарды орнатады, еңбек күшінің ішкі нарығымен және кәсіби одақтардың
құрылымымен жақсырақ танысу мүмкіндігі ашылады, кадрлық саясатты жүргізу
тәжірибесін және жергілікті өткізу нарығын пайдалану мүмкіндігін алады.
Батыс экономистерінің есептеулері бойынша зерттеуге қатысқан фирмалардың 72
пайызы жергілікті серіктестің тәжірибесі мен байланыстары бірлескен
кәсіпорынды құрғанда шешуші роль атқарады.
Бірлескен кәсіпорындардың қызметіне серіктес кәсіпкерлердің
отандарындағы заңдардың, нормативті құқықтық базасы және экономикалық
жүйелерінің айырмашылықтары кері әсерін тигізеді. Сондықтан серіктестің
отанындағы құқықтық және шаруашылық жүйелерді нғұрлым жақсы білсе, соғұрлым
бірлескен кәсіпорынның қызметі тиімді іске асырылады. Қазақстан бұл бағытта
орасан зор жұмыс атқаруда.
Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар саны жылдан жылға қарқынды артуда.
Төмендегі 1 – сызбада Қазақстанда 1998 – 2003 жылдары аралығында жұмыс
істеген бірлескен кәсіпорындар санының серпіні көрсетілген. Одан біз 1998
жылы қазақстанда 1677 бірлескен кәсіпорын, ал 2003 жылы 6597 бірлескен
кәсіпорын жұмыс істегенін, яғни алты жыл ішінде бірлескен кәсіпорындар
санының төрт есеге өскенін көреміз. Бірлескен кәсіпорындар санының қарқынды
өсуі мемлекет тарапынан ерекше мән берілуіне байланысты. Біздің
мемлекетіміз бірлескен кәсіпорындарға әр түрлі жеңілдіктерді қарастырды,
олардың ішінде салықтық және кедендік преференциялар (кейде шетелдік
инвесторларды салықтардан бес жылға босатқан) немесе әр түрлі мемлекеттік
қолдау шаралары. Қазіргі кезде бірлескен кәсіпорындар, яғни шетелдік
инвесторлар үшін мұндай ерекше ережелердің кейбірі жойылды немесе
өзгертілді.

1 сызба - 1998 – 2003 жылдары шетел капиталының қатысуымен
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының серпіні
2003 жылы қабылданған Инвестициялар туралы заңда шетелдік және
жергілікті инвесторлар үшін барлық көмек және жеңілдіктер бірдей көлемде
берілетіні айтылды, яғни осы кезге дейін жергілікті инвесторларға қарағанда
әділетсіздік жойылды. Бірақ, шынында айтқанда бұрын жергілікті
кәсіпкерлердің күрделі капитал салымдарын жасауға мүмкіншілігі де болған
жоқ.
Қазақстан нарығы шетелдік кәсіпкерлерге толығымен ашық болса да
шетелдік инвесторларды негізінен республиканың шикізат ресурстары
қызықтырады. Сондықтан, бірлескен кәсіпорындардың басым бөлігі мұнайгаз
саласында (18%), қара және түсті металлургия (50%), энергетика (8%)
салаларында шоғырланған. Ал, өңдеуші өнеркәсіпте, құрылыс және туризм
салаларында бірлескен кәсіпорындар саны аз.
Қазақстандық кәсіпкерлермен бірігіп бірлескен кәсіпорындарды ашқан
елдер саны 2003 жылы 140 асты. Соның ішіндегі ең ірі серіктеріміз,
төмендегі 1 – суретке жүгінсек, Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ, Германия,
Ұлыбритания, Корея, Иран және Нидерланды. Ресеймен бірігіп ашылған
бірлескен кәсіпорындар саны 1371-ге жетті. АҚШ және Ұлыбританиямен
1 сурет - 2003 жылы жұмыс істеп тұрған бірлескен
кәсіпорындардың серіктестер елдерінің құрамы
бірігіп ашылған бірлескен кәсіпорындардың көбісі шикізат ресурстарын
пайдалануға бағытталған.
Бірақ, осы мемлекеттердің қазақстан экономикасына нақты салымдарын
олардың бірлескен кәсіпорындар жарғылық капиталына салған үлестеріне
байланысты. 2003 жылғы жұмыс істеп тұрған бірлескен кәсіпорындардың
елдер – шетел серіктестері бойынша жарғылық капиталындағы үлестерін біз 2 –
суреттен көре аламыз. Оны жоғарыдағы 1 – суретпен салыстырғанда бірқатар
елеулі өзгерістерді байқаймыз: Ресеймен бірігіп ашылған бірлескен
кәсіпорындар саны үлкен болғанымен жалпы жарғылық капиталдағы үлесі төмен
(6,6 % немесе 20568,1 млн АҚШ доллар). Ал, керісінше Нидерландымен біз
небары 161 бірлескен кәсіпорын ашсақ оның жарғылық капиталға салған үлесі
жоғары(14,2% немесе 43913,9 млн АҚШ доллар). Ұлыбританияның екі
көрсеткіштегі үлесі бойынша өзгеріс болмады деп айтуға болады. Сондықтан
саны болғанмен де, сапасын да ұмытпауымыз қажет.
2 сурет - 2003 жылғы жұмыс істеп тұрған бірлескен кәсіпорындардың
елдер – шетел серіктестері бойынша жарғылық капиталындағы үлестері
Бірлескен кәсіпорындардың саны республиканың әр облысында әр түрлі.
Бұны біз төмендегі 1 – кестеден көре аламыз. Бірлескен кәсіпорындар саны
бойынша бүкіл алты жыл бойы Алматы қаласы алда келе жатыр. Алматы
қаласындағы бірлескен кәсіпорындардың ішінде шағын кәсіпорындар және
өңдеуші салада жұмыс істейтін кәсіпорындар саны жоғары. Керісінше Атырау,
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарында
шикізат ресурстарын өндірумен айналысатын ірі бірлескен кәсіпорындар саны
жоғары.
1 кесте - 1998 – 2003 жылдары облыстар бойынша шетел капиталы
қатысқан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
1998 1999 2000 2001 2002 2003
Қазақстан 1677 1865 2366 3995 5300 6597
Республикасы
Алматы қаласы 1139 1253 1359 2461 3404 4233
Атырау 55 89 139 270 361 441
облысы
Астана қаласы 82 121 197 270 345 378
Қарағанды 85 94 150 191 246 260
облысы
Шығыс 60 42 78 129 160 252
Қазақстан
Ақтөбе 30 41 56 81 114 142
облысы
Маңғыстау 21 33 72 75 85 138
облысы
Батыс 28 37 60 98 99 130
Қазақстан
Алматы 48 45 90 117 117 129
облысы
Оңтүстік 39 22 35 67 83 127
Қазақстан
Солтүстік 14 8 21 76 96 107
Қазақстан
Қостанай 16 14 35 65 76 103
облысы
Павлодар 35 26 29 37 41 50
облысы
Ақмола 8 12 14 17 22 47
облысы
Жамбыл 11 21 24 26 32 40
облысы
Қызылорда 6 7 7 15 19 20
облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан -
2030 жолдауында Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарының бірі
ретінде шетелдік инвестициялар деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономика
негізіндегі экономикалық өсу белгіленген. Сондықтан, Қазақстанның
экономикалық өсуі үшін шетелдік инвестициялардың, әсіресе, тікелей шетелдік
инвестициялардың маңызы зор. Өйткені, тікелей шетелдік инвестициялар арқылы
жаңа, озық техника мен технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен басқару
әдістерін тарту мүмкіншілігі ашылады. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасының 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық
даму бағдарламасында өнеркәсіпті диверсификациялау, алдыңғы қатарлы
технологияны пайдалану арқылы өндірістің энергосиымдылығын екі есеге
төмендету, өндірістің еңбек өнімділігін арттыру сияқты мақсаттар қойылған.
Ал осы мақсаттарға жетудің бірден бір жолы бірлескен кәсіпорындар санын
арттыру арқылы тікелей шетелдік инвестицияларды, жаңа техника мен
технологияны, кәсіпорынды басқарудың тәжірибесін тарту мүмкіндігі ашылады.
Бірлескен кәсіпорындарды ашу жұмыссыздық деңгейін төмендетеді (2003
жылы бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істеген қызметкерлер саны 346072 адам),
жергілікті және орталық бюджеттерге өз пайдасынан салықтар төленеді,
халықтың табыстары артады (2003 жылы бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істеген
қызметкерлердің жылдық еңбек ақы көлемі 180972,2 млн. теңге, яғни бірлескен
кәсіпорында істейтін қызметкерлердің орташа айлық еңбек ақысы 43,5 мың
теңге). Кәсіпкерлер үшін әлемдік нарықта маркетинг саласындағы шетелдік
тәжірибенің маңызы зор. Бірлескен кәсіпорындар жергілікті кәсіпкерлерге
әлемдік нарыққа жол ашады, әлемдік нарыққа шығу шығындарын азайтады.
Экспортты кеңейтуге және импортты алмастыруға бірлескен кәсіпорындардың
қызметі мүмкіндік береді (2003 жылы бірлескен кәсіпорындардың экспорты 9,4
млрд. АҚШ доллар құрады). Сонымен бірлескен кәсіпорындардың ел экономикасы
үшін маңызы зор ал, оның дамуы республикамызға жақсы әсерін тигізеді.
2. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері және тиімділігін арттыру
факторлары
Кез – келген кәсіпорын қызметінің тиімділігіне оны басқару механизмі,
яғни қойылған мақсаттарға жету үшін басқарушылар қолданылатын басқару
нысандары, әдістері және функцияларының жиынтығы тікелей әсер етеді.
Көптеген шаруашылық субъектілер қолданатын басқару әдістеріне кәсіпорынның
қаржылық - шаруашылық жағдайын талдау, болжамдау, жоспарлау және бақылау
жатады. Кәсіпорынды басқару жүйесіне сонымен қатар басқару аппараты,
қызметкерлер және ұйымдастырушылық факторларды да қосуға болады. Бірлескен
кәсіпорындарды басқаруда кез – келген кәсіпорынды басқарғанда қолданылатын
механизмдерді пйдалануға болады, бірақ оның ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бірлескен кәсіпорындарды тиімді басқару үшін біріншіден оның сыртқы
экономикалық байланыстарын ескеруін қажет. Бірлескен кәсіпорынның дербес
шаруашылық субъектісі ретінде құрылтайшыларының салымдары арқылы құрылатын
жарғылық капиталы болады. Жарғылық қорға салымдарды ақша құралдары, білім,
құрылыстар, құрал – жабдықтар және басқа материалды игіліктер түрінде,
сонымен қатар жерді, суды, табиғи ресурстарды пайдалануға құқықтары түрінде
болуы мүмкін. Әдетте, шетелдік серіктестің жарғылық қорға салымдары
машиналар, құрал – жабдықтар және лицензиялар түрінде болады.
Қалыптасқан жарғылық капитал – бұл бірлескен кәсіпорынның қаржылық
қызметінің негізі. Ол қызмет барысында пайданың белгілі үлесін бөліп шығару
арқылы толықтырылуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпорындардың өзінің дербес балансы болады, ол
коммерциялық есептесулер, өзін -өзі қаржыландыру негізінде қызмет етеді.
Олар өндірістік бағдарламаны өздері құрайды, орындалуын қадағалайды және
өзінің өнімін өткізуді ұйымдастырады. Бірлескен кәсіпорындар
жауапкершіліктері бойынша өз мүлкімен жауап береді, мемлекет олардың іс
әрекетінің нәтижелеріне жауап бермейді және олардың мүлкін (егер кәсіпорын
заңдарды бұзбаса) мемлекет тәркілеуге немесе мәжбүрлеп сатуға құқығы жоқ.
Бірлескен кәсіпорын қызметінің маңызды ерекшелігіне оның қаржысы
жатқызылады. Бірлескен кәсіпорындар қаржысының ерекшелігі оларды бөлу
аясында пайда болатын ерекшеліктерімен сипатталады.
Бірлескен кәсіпорын ішінде бөлу объектісі ұлттық және шетелдік
валютадағы өнім өткізу және қызмет көрсетуден түскен табыс болып табылады.
Бірлескен кәсіпорын ішіндегі қаржылық қатынастар материалдық құныдылықтарды
өндірумен тікелей байланысты, заңдармен реттеледі, экономикалық базистің
объективті экономикалық категориясы болып табылады. Бірлескен кәсіпорын
өнім өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен табысты мемлекет қарастырған
салықтарды төлеуден, резервтік қорға, әлеуметтік және өндірістік даму
қорларына аударымдарды жасағаннан кейін жарғылық құжатарда немесе
келісімдерде келісілген тәртіп бойынша: шаруашылық серіктестіктерде –
жарғылық капиталына салған үлесіне сәйкес, акционерлік қоғамдарда –
акциялар санына сәйкес, контрактты келісімдерде – келісулеріне сәйкес
бөлінеді. Қазақстан Республикасы шетелдік серіктестерге шетелдік және
ұлттық валютада алған табыстың барлығын да шетелге шығаруға рұқсат береді.
Бірлескен кәсіпорын қаржылық қатынастары бірлескен кәсіпорын және мемлекет
арасында, бірлескен кәсіпорын және несиелік ұйым арасында, бірлескен
кәсіпорын және материалды – техникалық жабдықтаушы кәсіпорындар арасында,
бірлескен кәсіпорын және қызметкерлер арасында пайда болады.
Бірлескен кәсіпорындарды басқарудың маңызды аспектілерінің бірі бұл жоғары
білікті мамандар. Бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істеу арнайы дайындықты
талап етеді. Біріншіден ол шетелдік серіктестің тілін және мәдениетімен
таныс болуы қажет, оған қоса кейбір шетелдік серіктестер халықаралық
стандарттарға сай бухгалтерлік және қаржылық есепті жүргізуді талап етеді.
Әрине, бұны қосымша арнайы дайындықсыз жүзеге асыру қиын.
Бірлескен кәсіпорындарды басқарудың тағы бір маңызды аспектісі бұл –
серіктестер арасында басқару функцияларын бөлу. Оған, елеулі дәрежеде бүкіл
кәсіпорын қызметінің нәтижесі байланысты. Сондықтан осы мәселену шешу
маңызы зор. Көптеген бірлескен кәсіпорындарда келесі басқару органдары
болады:
Басқарма – кәсіпорынды басқарудың жоғарғы органы. Ол кәсіпорынның
техникалық және шаруашылық саясатын анықтайды, ассортиментті жаңарту, құрал
– жабдықтарды модернизациялау, табысты бөлу және т. б. Мәселерді шешеді.
Дирекция – басқарудың атқарушы органы. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметін
басқарумен айнлысады. Дирекция кеңесінің құрамы басқарманың келісімімен
бекітіледі, қазақстандық және шетелдік азаматтардан құрылады.
Тексеруші комиссия – бақылаушы орган, жылдық балансты, бухгалтерлік
есептің дұрыс жүргізілуін және т.б. қадғалайды.
Бірлескен кәсіпорынның қызметі – бұл экономиканың тиімділігін
арттыруын қамтамасыз ететін және оның халықаралық экономикалық қатынастар
жүйесіне белсенд араласуын қолдауға қажетті ұзақ мерімді іс әрекет.
Сондықтан маңызды экономикалық және әлеуметтік фактор қазақстандық
кәсіпорынның берік, сенімді және тиімді серіктесті таңдау болып табылады.
Қазақстандық кәсіпорынға басынан бастап шетелдік кәсіпорынмен бірлесіп
жұмыс істеу арқылы қандай қажеттіліктерді қанағат етуі қажет екенін
анықтауы міндетті. Соның негізінде олар шетелдік кәсіпкерлерге өз тарпынан
қандай ұсыныстар жасай алатынын анықтау керек.
Қазақстан территориясындағы бірлескен кәсіпорындар өтпелі экономика
жағдайында қызмет етуімен ерекшеленеді. Бір жағынан кеңестік әміршіл -
әкімшіл экономика жүйесінің кейбір жақтары сақталынып қалды, екінші жағынан
нарықтық экономиканың бірқатар элементтері де қалыптасты. Нарық
конъюнктурасын алдын –ала, нақты болжау қиын, нақты және потенциалды
тұтынушылар санын және олардың қажеттіліктерін жоғары дәлдікпен анықтау
кейде мүмкін болмайды, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және т.б. құнының
серпінін болжау қиын. Сондықтан бірлескен кәсіпорын қызметтерінің барлық
түрлері тәуекелмен байланысты. Тәуекел таза адамдық ерекшеліктерге
(персоналды тәуекел) байланысты, менеджердің жауапты қаржылық жағдайдағы іс
– қимылдарына (іскерлік тәуекел) байланысты және менеджердің ұйымның
басқарушылық аппаратымен өзара әрекеттесуіне (ұйымдық тәуекел) байланысты.
Персоналды тәуекел адамдар болашақ оқиғаларды әр түрлі бағалайтынына
байланысты. Олар осындай оқиғалардың болу мүмкіндігін өздерінің жеке
тәжірибесіне сүйеніп анықтайды.
Іскерлік тәуекел бизнеске әсер ететін бағалардың, сұраныстың, табыс
деңгейінің, бәсекелестер іс -әрекетінің, экономиканың құбылмалылығымен және
саяси өзгерістермен түсіндіріледі.
Ұйымдық тәуекел басқарушы топтағы адамдарға, олардың орындайтын
міндеттеріне сай жеке және іскерлік дәрежесінің қатынасына тәуелді.
Тәуекелді тудыратын негізгі үш себеп бар: шешім қабылдауға уақыттың
жетіспеушілігі, ақпараттың жетіспеушілігі және оқиғаны керекті дәрежеде
басқара алмау мүмкіндігі.
Іскерлік белсенділіктің әр түрлі нысандары әр түрлі тәуекелді
тудырады. Тәуекелділігі өте жоғары іс әрекеттің түріне жаңа тауарларды,
өндіріс әдістерін, нарықтар мен шикізатты енгізуге және бұрын болмаған
мүмкіншіліктерді іске асыруға байланысты инновациялық қызмет жатады.
Қазақстан үшін инновациялық қызмет ең перспективті бағыттардың бірі болып
саналады. Инновациялық қызметтің жоғары тәуекелділігі оны Қазақстан
жағдайында сақтандыру мүмкін еместігі жатады. Сондықтан кез – келген
бірлескен кәсіпорын тиімді қызмет атқару үшін мүмкін болатын тәуекелдің
барлығын алдын – ала есептеп, оларды болдырмау немесе төмендету тетіктерін
қолдану қажет.
Сонымен, бірлескен кәсіпорынды құру және оны басқару бірқатар
қиыншылықтарға соқтыру мүмкін, сондықтан технологияны басқа жолмен тарту
мүмкіндігі және жаңа нарықтарға басқа жолмен шығу мүмкіндігі болмағанда
ғана бірлескен кәсіпорынды құру қажет.
Жалпы бірлескен кәсіпорынның қызметіне, яғни оның тиімділігіне әсер
ететін факторлар өте көп. Ал, Қазақстан сияқты нарықтық экономика жүйесі
толғымен қалыптаспаған елде осы факторлардың саны артады. Кез – келген
кәсіпорынға, соның ішінде бірлескен кәсіпорындарға да әсер ететін
факторларды сыртқы және ішкі немесе бақылыанбайтын және бақыланатын
факторлар деп бөлуге болады. Бірлескен кәсіпорын қызметіне әсер ететін
сыртқы және ішкі факторлар мыналар.
Сыртқы факторларға:
- жалпы экономикалық – элеуметтік жағдай факторы – экономикалық жүйенің
нысаны, нарықтың даму дәрежесі, халықтың саны және құрамы, білім деңгейі,
қауіпсіздік және әлеуметтік – саяси тұрақтылық дәрежесі, инвестициялық
климат;
- мемлекеттік реттеу факторы – экономиканы мемлекеттік реттеу шегі,
құқықтық жүйенің даму дәрежесі, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын
қорғау дәрежесі, бірлескен кәсіпорындар мен шетелдік инвесторларды құқықтық
қорғау және жеңілдіктерді ұсыну мәселелері;
- бәсекелестер факторы – бірдей немесе ұқсас тауар өндіруші кәсіпорындардың
бәсеклестік артықшылықтары, баға, тауарлық, маркетингтік және сапа
саясаттары;
- тұтынушылар факторы – тұтынушылардың табыс деңгейі, тұтынушылық
талғамдарының өзгеруі, нақты және потенциалды тұтынушылар саны;
- табиғи жағдайлар факторы – табиғи апаттар, дағдарыстар, кәсіпорынның
орналасқан территориясының табиғи жағдайының қолайлылығы, табиғи
ресурстардың бар болуы және т.б. жатады
Ішкі факторларға:
- Негізгі қорлар – негізгі қорларды (ғимараттар, құрылыстар, құрал-
жабдықтар) пайдалану деңгейі, тозу, жаңарту, жарамдалық, істен шығу
деңгейі, оптималды өндірістік құрылым;
- Өнім өндірісіне байланысты технологиялық аспектілер - жоғары
технологиялар, ресурсүнемді технологиялар, еңбекті және өндірісті
ұйымдастыру, негізгі құралдардың технологиялық құрылмы, өнімнің ескіруінен
қорғалу;
- Шикізат және материалдар- шикізат сапасы, қалдықсыз өңдеу, кешенді өңдеу,
өндіріс қалдықтарын пайдалану мүмкіндігі, ресурстарға қол жеткізу
мүмкіндігі;
- Еңбек күші - біліктілік деңгейі, жоғары өнімді еңбекті ынталандыру, еңбек
жағдайын жақсарту, еңбектің қормен қарулану деңгейі, қажетті өндірістік
персоналдың бар болуы және т.б. жатады.
Бірлескен кәсіпорын қызметіне әсер ететін тағы бір фактор ретінде
өндірісті ұйымдастыру және басқару. Оған кәсіпорынның өндірістік
бағдарламасын болжау және жоспарлау, оны дұрыс ұйымдастыру, өндіріс
үрдісінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті айналым және
айналыс қорларын анықтау, оларды басқару, кәсіпорынның шығындарын жоспарлау
және минималдау жатады.
Кәсіпорынның маркетингтік, баға, тауарлық саясатын анықтау, құру және
бақылау кәсіпорынның тиімділігіне тікелей әсер етеді. Нарықтық экономика
жағдайында кәсіпорын бәсеке қабілетті болуы үшін ең алдымен өз қызметін
тұтынушыға, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттауы қажет.
Маркетингтік, баға, сапа және тауарлық саясат бәсекелестермен күрес
жүргізудің басты құралы болып табылады.
Бірлескен кәсіпорын ұзақ мерзімге құрылатындықтан оның ұзақмерзімді
даму стратегиясы болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын стратегиялық жоспарлау
тетіктерін қоладанады. Стратегияның жоқтығы кәсіпорынның мақсатсыз хаосты
түрде дамитының белгісі.
Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның
қаржысын дұрыс басқару керек. Яғни тапқан пайданың белгілі бір бөлігін
өндірістің дамуына жіберу, қаржылық институттардан қажетті деңгейде
несиелер алу және т.б. жатады.
1.3. Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері,
есептеу әдістері

Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне
біріншіден кәсіпорынның рентабельділік деңгейі жатады. Рентабельділік – бұл
салыстырмалы көрсеткіш, ол бизнестің табыстылық дәрежесін көрсетеді.
Рентабельділік көрсеткіштерін бірнеше топқа бөлуге болады:
- өндіріс шығындарды өтеу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер:
Өнім рентабельділігі = Таза табыс Шығындар көлемі
- сату рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштер:
Сату рентабельділігі = Таза табыс Өнімді өткізуден түскен табыс
- Капитал және оның бөліктерінің рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштер:
Капитал немесе өндіріс рентабельділігі = Таза табыс Жиынтық капитал
Қор рентабельділігі = Таза табыс Негізгі қорладың орташа жылдық құны
Еңбек күші рентабельділігі = Таза табыс Өнеркәсіптік өндірістік
персонал
Сонымен қатар кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табыс көлемі, жалпы
табыс, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс, таза табыс көлемі,
акцияға табыс көлемдері кәсіпорынның тиімділігін сипаттайды.
Бірлескен кәсіпорындардың ерекшеліктеріне сәйкес мынадай
көрсеткіштер есптелуі мүмкін: Кәсіпорынның жарғылық капиталындағы шетелдік
серіктестің үлесі, кәсіпорынның меншікті капиталындағы шетелдік серіктестің
үлесі = меншікті капитал серіктестің меншікті капиталға салған капитал
көлемі, кәсіпорын қызметкерлер санында шетелдік қызметкерлердің үлесі =
қызметкерлер саны шетелдік қызметкерлер саны, кәсіпорын жұмысшылар
санындағы шетелдік жұмысшылардың үлесі, шетелдік жұмысшылардың еңбек
өнімділігі, шетелдік жұмысшылардың еңбек өнімділігінің жалпы еңбек
өнімділік көлеміндегі үлесі.
Кәсіпорынның тиімділігін бағалау көрсеткіштерін бірнеше топқа бөлуге
болады:
1. Негізгі қорларды пайдалану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер:
Жаңарту коэффициенті (Кжаң), Шығу коэффициенті (Кш), Тозу коэффициенті
(Кт), Жарамдылық коэффициенті (Кжар), Қор қайтарымдылығы (Ққай), Қор
сиымдылығы (Қс).
Кжаң = Келіп түскен негізгі құралдардың құны Жыл соңында негізгі

құралдардың құны
Кш = Істен шыққан негізгі құралдардың құны Жыл басындағы негізгі

құралдардың құны
Кт = Негізгі құралдардың тозу сомасы Сәйкес күні негізгі құралдардың

бастапқы құны
Кжар = Негізгі құралдардың қалдық құны негізгі құралдардың бастапқы

құны
Ққай = Өнімді өткізуден түскен табыс Негізгі қорладың орташа жылдық
құны
Қс = Негізгі қорладың орташа жылдық құны Өнімді өткізуден түскен табыс
2. Кәсіпорын персоналын пайдалану көрсеткіштері:
кәсіпорынның персоналмен қамтамасыз етілу дәрежесі, персоналдың сапалық
құрамы, қызметкерлерді қабылдау айналымы коэффициенті (Кқа), қызметкерлерді
шығару айналымы коэффициенті (Кша), кадрлар ағымдылығы (Ка), кадрлар
тұрақтығы(Кт), еңбек өнімділігі жылдық (Өж), күндік (Өк), сағаттық (Өс).
Кқа = Жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны Жұмыскерлердің орташа

тізімдік саны
Кқш = Жұмыстан шыққан жұмыскерлер саны Жұмыскерлердің орташа

тізімдік саны
Ка = Өз еркімен және тәртіп бұзғаны үшін жұмыстан шыққан жұмыскерлер саны
Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны
Кт = Жыл бойы жұмыс істеген жұмыскерлер саны Жұмыскерлердің орташа

тізімдік саны
Өж = Жылдағы жұмыс күндер саны Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны
Өк = Жұмыскерлердің жұмыс істеген адам - күн саны Жұмыскерлердің

орташа тізімдік саны
Өк = Жұмыскерлердің жұмыс істеген адам - сағат саны Жұмыскерлердің

орташа тізімдік саны

3. Өндіріс және өнім өткізу жоспарын орындау көрсеткіштері:
Жоспарланған өнім көлемін, оның ырғақтылығын, өнім ассортиментін және
құрылымының өзгерісінің көрсеткіштері.
4. Өнімнің өзіндік құнын сипаттайтын көрсеткіштер:
Өнім өндіруге кеткен шығындардың жалпы көлемі, белгілі бір өнімді шығаруға
кеткен шығындар көлемі, өнім бір теңгесіне шаққандағы шығын көлемі, тура
және жанама шығындар көлемдерін анықтау.
5. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері:
Тәуелсіздік коэффициенті (Кн) – меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін
қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды, Тәуелділік
коэффициенті (Кз) – қарыз қаражаттарның жиынтық капиталдағы үлесін
сипаттайды, Қаржыландыру коэффициенті (Кф) – меншікті және тартылған
капиталдың арақатынасын сипаттайды, қарыз және меншікті құралдардың
арақатынасы (Кзс) – 1 теңгеге қанша қарыз тартылғандығын көрсетеді,
Меншікті айналым коэффициенті (Сок), Маневрлілік коэффициенті (Км) –
меншікті капиталдың қандай бөлігі табельді нысанда екендігін сипаттайды.
Кн = Меншікті капитал Жинақтық капитал – баланс валютасы
Кз = Тартылған капитал Жиынтық капитал
Кф = Меншікті капитал Тартылған капитал
Кзс = Қарыз капиталы Меншікті капитал
Сок = Меншікті капитал Ұзақ мерзімді капитал
Км = Меншікті айналым капитал Меншікті капитал

2 – тарау. БК Транс - Сервис ЖШС техникалық – экономикалық және қаржылық
жағдайын талдау

2.1. БК Транс - Сервис ЖШС техникалық –
экономикалық жағдайының сипаттамасы

Қазақ-Британ бірлескен кәсіпорын, Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік
Транс-Сервис өз тарихын 1999 жылыдан бастау алады. 1999 жылы Транс-
Сервис әділет органдарында бірлескен кәсіпорын, жауапкершілігі шектеулі
серіктестік ретінде тіркелді. Компанияға № 0000276 лицензия берілді.
лицензия мына қызмет түріне берілді: Жарылысөртқауіпті өнеркәсіптік
өндірісті пайдалану.
Транс-Сервис компаниясының басты мақсаты пайда табу болып табылады.
Компания Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған
қызметтің барлық түрімен айналысады. Қызметтің негізгі түрлері:
• жанар маймен, мұнай және мұнай өнімдері жеке және заңды тұлғаларды
қамтамасыз ету;
• Республика ауылшаруашылық кәсіпорындарын жанар маймен, мұнай және
мұнай өнімдері жабдықтау, сондай-ақ бартер негізінде әрекет ету;
• Республика облыстарын жанар маймен, мұнай және мұнай өнімдері үздіксіз
жабдықтау жүйесін құру мақсатында мұнай базаларын салу және оны
пайдалану;
• Республика бензин құятын бекеттердің (құрылыс және пайдалану)
инфрақұрылымын құру;
• шикі мұнайды сатып алу және бұдан былай қайта өңделген дайын өнімдерді
сату;
• мұнай барлауы, мұнай табу, мұнайды қайта өңдеу;
• газ және мұнай кен орындарын пайдалану;
• жанармай материалдарын өндіру, сатып алу, сақтау және сату;
• көлік-экспедициялық қызмет көрсету;
• жүк тасу;
• темір жол қызметі;
• автомобиьдердің техникалық жұмыстары мен ағымдағы жөндеу, оларды
сақтау мен жууды ұйымдастыру;
• автокөлік қызметтерін көрсету, май құятын бекеттерді және техникалық
қызметін көрсету бекеттерін, автосервисті, автотұрақтарын ұйымдастыру;
• авто-мото-көлік құралдары мен олардың агрегаттарын сатып алу және
сату, сонымен бірге автомобильдермен делдалдық сауда жасау;
• көтерме және бөлшек сауда;
• делдалдық сауда қызметі;
• жалпы коммерциялық қызмет;
• ауылшаруашылық және өнеркәсіп тауарларын, сонымен бірге ет-сүт
өнімдерін, шырындарды, сусындарды, соның ішінде алкогольдік өнімді
сатып алу, дайындау, өндіру, сақтау және өткізу;
• халық тұтынатын тауарларды өндіру, сатып алу, сақтау және сату;
• ұннан пісірілген тағамдарды өндіру және сату, сондай-ақ қоғамдық
тамақтандыруды ұйымдастыру;
• коммерциялық сауда нүктелерін ашу, сондай-ақ комиссиялық сауданы
ұйымдастыру;
• шағын наубайханаларды, дүкендерді, кафе, мейрамханаларды, сондай-ақ
қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
• Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет;
• құрылыс-монтаж және іске қосатын-реттейтін жұмыстар;
• халыққа медициналық қызмет көрсету, ақылы медициналық мекемелерді,
дәріханаларды ұйымдастыру;
• дәрілік препараттар мен шөптерді өндіру, сатып алу және сату,
фармацевтикалық қызметтер;
• инжиниринг, маркетинг, ақыл-кеңес беру, ноу-хау;
• жарнама-баспа және полиграфия қызметтері;
• киім тігу бойынша әмбебап ательелер ұйымдастыру;
• халықаралық туризм, туриздік бизнес және туризммен байланысты
қызметтер.
Көріп отырғанымыздай Транс-Сервис компаниясы көптеген жұмыстарды,
қызметтерді атқаруды көздеді, бірақ осы күні, компанияның аз уақыт
істегеніне байланысты олардың тек кейбіреулері іске асырылады.
Серіктестіктің Жарғылық Қордың мөлшері Құрылтайшылар салымдардың
соммасына тең және 72500 теңгені құрайды. Серіктестік тіркелген уақытта
Жарғылық қор 100 % қалыптасқан. Бірлескен кәсіпорын паритетті түрде, яғни
құрылтайшыларының жарғылық қорындағы үлесі бірдей. Сондықтан осы
кәсіпорында барлық шешімдер екі жақтың келісімімен қабылданады.
Компания іс-әрекеттің бір жылдық нәтижесі бойынша табылған таза пайданы
компания құрылтайшыларының арасында бөлу сол жылдағы серіктестік іс-
әрекетінің жылдық нәтижесін бекітуге арналған.
Құрылтайшылардың Жалпы Жиналысының шешіміне сәйкес асырылады. Жалпы
Жиналыс таза пайданы немесе оның белгілі бір бөлігін құрылтайшылар арасында
бөлмеу туралы шешім қабылдауға құқылы. сонымен қатар, кәсіпорынның сақтық
қоры бар. Сақтық қорды құру кәсіпорын пайдасының 5 пайызынан кем емес
көлемдегі соманы жыл сайын сол қорға аудару арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның мүмкін залалдары сақтық қор есебінен жабылады. Залалдарды
жабуға сақтық қордың құралдары жетіспеген жағдайда кәсіпорынның жоғары
органы оларды жабудың көздерін табу туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар,
кәсіпорын өндірісті кеңейту және дамыту қорына таза табыстың 4 пайызынан
кем емес көлемдегі соманы жыл сайын аударады. Транс - Сервис бірлескен
кәсіпорнында табысты бөлу төмендегі 3 – сызбаға сәйкес жүгізіледі:

3 сызба - Транс - Сервис бірлескен кәсіпорнында табысты бөлу

Кәсіпорынның басқару органдары мынадай:
• Серіктестіктің жоғары оргнадары – Құрылтайшылардың Жалпы Жиналысы.
• Кәсіпорынның орындаушы органы – Директор болып табылады.
Қажет болған жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне Қазақтүрікмұнай ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау
Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі
Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
«Транс Техно Сервис» ЖШС- нің ағымдағы және корреспонденциялық шоттардағы ақшалардың есебі
Әлеүметтік кәсіпорын нарық
Стратегиялық және оперативті контроллинг
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
Сервистік қызмет
Пәндер