Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік


Мазмуны
Kipicпe 5
1 Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік 6
- Бауырмен жорғалаушылардың тepi жабындысы және скелеті 7
- Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты 8
- Бауырмен жорғалаушьшардың иық белдеуі мен жамбас белдеуі 9
- Бауырмен жорғалаушьшардың асқорыту, тыныс алу жүйесі 10
- Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу нерв жүйесі . . . 10
- Бауырмен жорғалаушылардыц зәр және жыныс жүйсі 13
1. 7Бауырмен жорғалаушылардың дыбыс, сезім жүйесі . . . 14
2 Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары . 16
2. 1Кабыршақтылар 17
2. 2Кесірткелер . . . 17
2. 3 Хамелеондар 20
2. 4Жыландар 21
2. 5 Крокадилдер 24
2. 6Тасбақалар . . . 27
2. 7Теңіз тасбақалары . . . 28
2. 8 Рептилилер 29
Корытынды . 35
Пайдаланған әдебиеттер 36
Аннотация
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер. Бұл курстық жұмысты бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы, ми сауыты, жамбас белдеуі, асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс жүйесі жайлы жазылған. Сонымен қатар олардың экологиядағы топтары жайлы да жазылған.
Бұл курстық жұмыс 36 беттен тұрады. Оның ішінде сонымен қатар 8 суреттен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік
Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибилер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, құстар және сүт қоректі жануарлар құрлықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.
Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады» Көбеюі кұрылықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілерде ұрық қабы бала жататын орынды немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.
Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардак айқын байқалады. Олардың миы әлде қайда жақсы жетілген, Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байладысты балардың Денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14- 32° градустың арасында болады.
Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000-5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлінеді.
Алғашқы кесірткелер немесе ящерогадылар
1-отряд. Тұмсықбастылар (Кһуnсһосерһаlіа),
ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Squаmаtа), ,
2-отряд. Қесірткелер (Lасеrtіlіа) .
3-отряд. Хамелеондар (Сһаmаеlеоnіеs),
4-отряд. Жыландар (Орһіdіа) .
ІII-класс тармағы. Крокодилдер (Сrосоdіlіа) .
5-отряд. Крокодилдер (Сrосоdіlіа) .
ІV-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlоnіа) .
6-отряд. Жасырын мойындылар (Сrурtоdіrа) .
7-отряд. Бүйір мойындылар (Рlеurоdіrа) .
8-отряд. Теңіз тасбақалары (Сһеlоnііdеа) .
9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тrіоnусһоіdае) .
Сыртқы көрінісі . Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептялилер үшке бөледі.
- Кесіртке тәрізділер. Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылдр жатады.
- Жылан тәрізділер. Бұлардың денесі цилиндр пішінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (Аnрһіsbаеnіdае) тұқымдасының кейбір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардың басы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Керісінше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.
- Тасбақа тәрізділер. Тасбақа тәрізділердің денесі арқасынан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ «сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады.
1. 1 Бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы және скелеті
Тері жабындысы. Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп отырады. Оны төменгі жатқан қабаты қалпына келтіреді.
Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады, Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анықталмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландарда да тері бездерінің нұсқасы болады.
[
I
і!
Скелеті. Омыртқа жотасы . Кесірткелердің көпшілігінің омыртқа жотасы, пронельдік омыртқалардан қалыптасқан, Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфиңельді. Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық.
Кесірткелердің мойын омыртқасының саны 8. Рептилилердіқ мойын омыртқалары амфибилердің мойын омыртқаларынан көп және бұлардың алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (аtlаs) ауыз омыртқа, екіншісін- эпистрофея (еріstrорһеus) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның тіс тәрізді (рrосеssus оbоntоіdеus) өсіндісі еніп тұрады. Ауыз омыртқасы осы өсіндінің айналасында айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып саналады. Мойыннын мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді.
Бел - көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 болады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары тес сүйегіне барып бекиді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған.
Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең өсінділеріне жамбас сүйектері бекиді.
Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады. Оның алдыңғыларында бүйір, өсінділері және қабырғалардың да нұсқалары болады. Құйрық омыртқаларының соңғы бөліктерінде өсінділері жойылып, таяқша тәрізді сүйекке айналған. Әрбір омыртқа денесінің ортасында жігі болады. Егер әр түрлі себептен құйрығы үзіліп қалса, онда омыртқа осы жігінен екіге бө-
лінеді. Анығырақ айтқанда - бір омыртқамен екінші "омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығындағы арнаулы еттердің жирылуының нәтижесінде құйрығын үзіп, қалдырады.
1. 2 Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты
Ми сауыты. Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер дамып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытының түбі негізделген.
Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде сүйегінің алдыңғы жағында негізгі сына тәрізді (bаsіsрһеnоіdеum) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытының түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына калғасып жатады.
Есіту капсуласыңың маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі - алдыңғы құлақ-бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі - артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сүйекпен, үстіңгі құлақ сүйегі - жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді.
Иіс бөліміндегі шеміршектер сүйектенбей, сол шеміршек күйінде қалып қояды. Ми сауытының төбесі мынадай жұп сүйектерден: мұрын, маңдай алды (рrаеfrоntаlіа), маңдай және маңдай -артындағы (роstfrоntаlіа), төбе және тақ төбе аралық (іnfеrраrіеtаlіа) сүйектерден құралған. Төбе аралық сүйегінің ортасында төбе органының тесігі болады.
Ми сауытының бүйір жақтары мына сүйектерден тақ жақаралық, жұп жоғарғы жақ, көз үсті, бет және бұдырбетті сүйектерден қалыптасады. Ми сауытының төбесінің астыңғы жағында, самай маңында, кесірткелерде - бүйір самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады.
Төменгі жағы Меккелев шеміршегіне ұқсас, буындасқан. сүйектен тұрады. Бұл шаршы сүйекпен ұштасады. Тіс, бұрыш, және бұрыш үсті (suрrааngulаrе), садақша (соrоnаrе) және тақташа (sрlеnіаlе) сүйектерде жақ құрамына енеді.
Тіл асты доғасының үстіңгі бөлімі гиомандибулярға ұқсас, ол есіту сүйегі - үзеңгі деп аталады. Висцеральдық скелеттін басқа элементтері шеміршек пластинкаларынан және үш пар өсіндіден тұратын тіл асты аппаратын құрайды.
1. 3 Бауырмен жорғалаушылардың иық белдеуі мен Жамбас белдеуі
Иық белдеуі. Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қалыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белдеуінің арқа жағы - жауырыннан және жауырын үсті шеміршегінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады.
Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі мықын сүйектен (іlіum) шонданай сүйегінен (іsсһіum) және шап сүйегінен (рubіs) тұрады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жағынаң да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады.
Аяқтарының құрылысы, бес саусақты организмдердің аяқтарының құрылысына ұқсас.
Ет системасы . Рептилилерде төменгі сатыдағы организмдерге тән еттің метомерлі орналасуы сақталмаған. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы, бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы денесінің үлкен бөліктерге жіктелуі міне осының барлығы ет системасының күрделі дифференциялануына себепші болған. Әсіресе, тыныс алу процесін реттеуге қатысатын қабырға аралық еттерінің пайда болуын ерекше атап өтуге болады.
1. 4 Бауырмен жорғалаушылардың асқорыту, тыныс алу жүйесі
Ас қорыту . Органдарының құрылысы амфибилердің ас қорыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан екінші тандай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткелердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісіинше тілінің ұшы жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты.
Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріис орналасқан. Амфибилерден айырмашылығы - гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген.
Етті қарыны басқа ас қорыту жолынан айқың ажыратылған. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде соқыр ішектің нұсқасы болады. Тек қана шөппен қоректенетін тасбақалардың соқыр ішегі (бүйені) жақсы жетілген (17-сурет) .
Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады.
Тыныс органдары. Рептилилердің амфибилерден айырмашылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмайды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек аппараты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ алмасуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алуға қатыспайды.
Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым - гаттерилердің өкпесінің ішкі куысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесініц астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық пер-делері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер - өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды.
Көмекей куысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді шеміршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Кеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады.
Тыныс алу және шығару көкірек қуысының кеңейіп, тары-
луы нәтижесінде орындалады.
1. 5 Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу, нерв жүйесі
Қан айналысы . Көпшілік рептилилердің жүрегі амфибилердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке беліп тұрады.
Жүрек қарыншасының әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қарыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Карыншаның сол жақ бөлімінен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең соңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері кетеді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаңың оң жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды. (Сурет - 1)
(Сурет - 1) Сойып көрсетілген кесірткенің ішкі құрылысы:
1-сыртқы шықшыт венасы; 2 - ішкі шықшыт венасы; 3-сол ұйқы артериясы; 4 - оң ұйқы артериясы; 5 - қолқаның сол жақ доғасы; 6 - қолқаның оң жақ доғасы; 7 -оң жүрекше; 8 - сол жүрекше; 9 - жүрек қарыншасы; 10 - сол бұғана асты артериясы; 11 -өкпе; 12 - бауыр; 13 - өт; 14 - қарын; 15 - ұйқы безі; 16 ұлтабар; 17 - тоқ ішек; 18, 29 - тік ішек; 19, 27 - бүйрек; 20- арқа қолқасы; 21 - бүйректің алып кеткіш венасы; 22, 28- - қуық; 23- аталық жыныс безінің өсіндісі; 24 - аталық жыныс безі; 25 - тұқым жолы; 26 - сандағы тесіктер; 30 - аналық жыныс безі; 31 - жұмыртқа жолы
Қан тамырының осындай жіктелуі нәтижесінде өкпе артерияларына тек қана вена каны құйылады да оң жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына - таза артериялық қан келеді. Тек қана сол жақ қолқа шеңберіне, арқа қолқасына араласқан келеді, бірақ оттегіне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі органдарға, еттерге қан тамыры таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады.
Құйрық бөліміндегі вена қандары - құйрық венасына жиналады, ол клоаканың маңына келгенде, екі жамбас венасына тарам- 25 далады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен косылады. Құрсақ венасы ішкі органдардың көптеген веналарын қосып алып, бауырға енін, бауырдың қақпа венасын құрайды.
Бүйректен шыққан веналардаи артқы қуыс вена құралады. Артқы қуыс вена омыртқаның астыңғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп құяды. Артқы қуыс венасына - бауыр венасы да құйылады.
Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдык венаға жиналады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып, алдыңғы бір парвенаны құрап, оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге I өкпе веналарының қаны құйылады.
Нерв системасы . Рептилилердің нерв системасы амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Әйткенмен бұл қыртысы әлі де жақсы жетілмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенірек болуы, аралық миды үстінен жауып қарағанда көрсетпейді. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетілген. Төбе органы өзінің құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесірткелерде жақсы жетілген. Ол төбе сүйектерінің аралығындағы тесікке орналасып, жарықтың әсерін өте жақсы қабылдайды.
Мишық өте жақсы дамыған. Басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миы сияқты рептилилердің сопақша миы да вертикал бағытта айқын иін жасайды. (Сурет -2)
(Сурет - 2) Кесірткелердің қан айналу схемасы:
1 - бас венасы; 2 - ұйқы артериясы; 3 - шық-шыт венасы; 4 - ұйқы безі құйылысы; 5 - қолқаның сол доғасы; 5 - қолқаның оң доғасы; 6 - өкпе артериясы; 7 - өкпе; - төменгі қуыс вена; 9 - арқа қолқасы; 10 - омыртқа аралық артерия; 11 - бауыр; 12 - ішек артериясы; 13 - бауырдың қақпа венасы; 14 - тоқ ішек; 15 - төменгі қуыс вена; 16 - құрсақ венасы; 17 -шажырқай артериясы; 18 - сыртқы шажырқай артериясы; 19 - алып кеткіш бүйрек венасы; 20 - сол жамбас венасы; 21 - сол жамбас артериясы; 22 - бүйрек; 23 -артқы аяқ артериясы; 24 - артқы аяқ венасы; 25 - құйрық артериясы; 26 - құйрық венасы.
1. 6 Бауырмен жорғалаушылардың зәр және жыныс жүйесі
Зәр шығару органдары. Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (mеtаnерһrоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан - дене бүйрегі бастамасының алдыңғы жағынан дамиды. Дене бүйрtктері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жұмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жағынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Жамбас бүйрек қалыптасқан соң, дене бүйрегі редукңияланады. Ұрғашыларында алғашқы бүйрек толығымен редукцияланады да еркегінде оның алдыңғы бөлігі қалып қояды. Оны ұрық безінің қосалқысын (ерісһсіуmus) деп атайды.
Жыныс органдары. Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқа жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Ұрық безі, I адезонефростың қалдығы, ұрық қосалқысы екені айтылған болатын. Ұрық қосалқысының қаналы рептилилерде тек қана ұрық өткізгіш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердің барлығында да шағылыс орга ны болады. Кесірткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесінен өскен бір пар өсінді болып есептеледі. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады.
Ұрғашыларында вольфов каналы сақталмайды. Жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Мюллеров каналы қабырғасы жұқа қос түтіктен тұрады, оның воропка тәрізді бір ұшы дене қуысына ашылады да екінші ұшы клоакамен жалғасады. Тасбақалар мен крокодилдердің жұмыртқа жолының ортасында жұмыртқаның белокты қабығын бөліп шығаратын безі болады. Жұмыртқа жолының төменгі жағында пергамент тәрізді немесе жұмыртқаның известі сіңген қабығы пайда болатын безі бар.
1. 7 Бауырмен жорғалаушылардың дыбыс, сезім жүйесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz