Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері


ЖОСПАР

Кіріспе

I бөлім. Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері.

1. 1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.

  1. Босқындар режимін беру қағидалары.

1. 3 Халықаралық - құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері

II бөлім. Босқындар мәртебесін халықаралық - құқықтық реттеу.

2. 1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.

2. 2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша әріптестігі.

ııı бөлім. Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА интеграциясының өзекті мәселелері .

3. 1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері.

3. 2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының құқықтық аспектілері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек.

Құқықтық мәртебе - бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы. Босқындар жағдайы оған тән барлық күрделіліктер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан уақытша сипатта болады. Сондықтан, халықаралық құқықта босқындар жағдайы туралы айтқанда, оны мәртебе деп емес, режим деп атаған дұрыс болар еді. Сол арқылы проблеманың уақытша сипаттамасы ғана көрсетілмейді (соғыс тұтқыны мен жараланғандар режимінің ұқсастығы бойынша), сонымен қатар, босқындар жағдайының халықаралық құқықтағы басқа категориядағы тұлғалардың жағдайынан негізгі айырмашылықтары анықталады. 1

Босқындар проблемасы көкейтесті проблемалардың бірі болып табылады, оның айналасында көптеген жылдардан бері мемлекеттердің саяси, экономикалық, ұлттық және басқа мүдделерімен байланысты шиеленіскен және сөнбейтін күрес жүруде. Босқындар проблемасын шеше отырып, құқықпен анықталған қорғау құралдарын орнықтыра отырып, мемлекет, бәрінен бұрын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін жетешілікке алады.

Адам құқығын қадірлеу қағидасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Адам құқығы ол тұратын елдің заңдарымен қарастырылған экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық және мәдени құқықтарымен және бостандықтарымен анықталады. Бұл құқықтар мен еркіндіктердің сипаты оның көлемі сияқты сол мемлекеттің және оның заңдарының қоғамдық - саяси және әлеуметтік - экономикалық құрылысымен анықталады.

Адам құқығын қорғау саласында барынша маңызды өзгерістер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда қабылданған БҰҰ жарғысына келесі ереже енгізілді: Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанатын мақсаты «экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты және адам құқығын қадірлеуді дамыту және қолдау, нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамай, барлығы үшін негізгі бостандықты жүзеге асыру». Бұл ереженің босқындар проблемасына тікелей қатысы бар. Босқындар құбылысы бүгінгі күні объективті сипатта, өйткені дүниежүзіндегі көптеген катаклизмалармен шартталады. Көбейіп кеткен соғыстар, дүлей апаттар, өмір сүрудегі экономикалық жағдайлардың қиындауы және басқа көптеген құбылыстар қауіпсіз және жалпы адамдық қажеттілік пен өмір жағдайына жауап беретін тұрғылықты жер іздеуші адамдар - босқындар ағымы пайда болатын жағдайды туғызады.

Босқындар сияқты мұндай категориядағы адамдардың болуы мемлекеттер үшін құқықтық салдар тудырып қана қоймай, сонымен қатар оларды қорғау бойынша құқық пен жауапкершілікті де қосады. Қазіргі кезде бұл міндет халықаралық қауымдастықтың өкілі болып табылатын босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары Басқармасына жүктелген (БЖКБ БҰҰ), бірақ мемлекет те босқындарды қорғау бойынша қызметті орындай алады, бұл барлық уақытта олардың материалдық мүдделерімен байланысты емес, әдетте, олар бұл проблемаға құлшына кіріспейді.

Босқындарға қатысты құқықтық нормаларды зерттей отырып, босқындарды қабылдаумен және кіргеннен соңғы оларға қалай қарайтынымен байланысты мемлекеттер міндеттемесіне ғана емес, сонымен қатар әрекеттері немесе керісінше әрекетсіздігі халықтың босуына әкелетін мемлекеттің потенциалды халықаралық-құқықтық жауапкершілігіне де көңіл аудару қажет. Мемлекеттің жауапкершілігі, өз кезегінде, оның территорияны және халықты бақылау фактісінен шығады. Жеке тұлғалар мен топтар, халықаралық мәні бар және өздері қоғамдық фактілермен немесе соған қатысымен байланысатын территорияда адам құқығын еркін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы қажет; өздігінен ақиқатты, мұндай жағдай сырттан тықпалау, күштеу кезінде емес, ал ұлттық демократиялық және өкілдік басқару, азаматтық қоғам мен құқықтық тәртіп басым болатын жерде барынша ықтималды болады.

Қудалау пен зәбірлеу қаупінен және басқа осыған ұқсас залалдан жасырынатын жер іздеу адамдар үшін өмірі мен еркіндігін сақтауда өте маңызды болғанымен, ол адам құқығын өзінің отанында барынша толық қорғау туралы талаптарды алмастыра алмайды. Демографиялық құбылыстар ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударумен, әскери және әлеуметтік қақтығыстармен, әлсіз дамығандықпен, жеткіліксіз немесе бірізді емес демократияланумен, адамдардың өзінің өмірдегі келешегіне ықпал ету қабілеттілігінің жойылуымен немесе қабілетсіздікті сезінуімен байланысты. Дегенмен, осыған салыстырмалы дамыған әлем (босқындар ұмтылған елдер) көбінесе шектеулі шаралар қолданумен шектелетіні айдан анық. Осының бәрі нормалар мен қағидалар спектрі үшін босқындарды қорғаудың халықаралық-құқықтық жүйесін құрайтын көңілді орта жасай алмайды.

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы босқындар мәселелері бойынша дүниежүзілік интеграцияға белсенді қатысуда. Оған мысал, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы болған оқиға, сол оқиға нәтижесінде Америка Ауғанстанға соғыс жариялаған кезде, Қазақстанның дүниежүзі қауымдастығы алдында Ауғанстан мен Тәжікстаннан босқындардың белгілі бір санын қабылдауға және орналастыруға міндеттеме алуы. Мұндай жағдайларда босқындарды қабылдау түріндегі гуманитарлық көмек көрсетуші елдердің беталыстары ұқсас болуы керек.

Егер бұрынғы тоталитарлық кезеңде Одақ, оның ішінде Қазақстан да, адамдардың әкімшілік әміршілдік басқару жүйесінен қашуынан елден кету ағымы байқалса, ал қазір демократия мен нарықты құра отырып, бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдер босқындарды потенциалды қабылдаушы елдер қатарына өтті. Бұл проблеманы шешуге осы саладағы дүниежүзілік стандарттар мен қағидаларға жауап беретін заңдық база ықпал етуі керек. Одан өзге, дүниежүзілік интеграцияға тарту үшін әрекеттегі халықаралық құжаттардың ратификациясы қажет. Осының көрнекі мысалы ретінде Қазақстан Республикасының босқындар проблемасын реттеуші халықаралық құқықтың екі негізгі қайнар көзіне қосылуын айтуымызға болады, - БҰҰ Конвенциясы 1951 ж. және Хаттамаға 1967 ж.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Бұл бітіру жұмысының мақсаты босқындардың халықаралық - құқықтық мәселелерін зерделеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін бұл бітіру жұмысының авторы бірқатар міндеттер қояды, жекелеп айтқанда:

- халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымына анықтама беру;

- босқындар режимінің берілу қағидаларын қарастыру;

- босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттерін зерттеу;

- босқындардың құқықтық жағдайын бекітетін халықаралық - құқықтық нормаларды қарастыру;

- босқындар мәселелері бойынша мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа халықаралық ұйымдармен әріптестігі мәселелерін қарастыру;

- ҚР-ғы босқындар режимінің құқықтық реттелуінің ерекшеліктерін зерттеу;

- босқындар проблемалары бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығында Қазақстан Республикасының құқықтық аспектілерін қарастыру.

Осы бітіру жұмысының әдістемелік негізі болып арасында үлкен дәрежеде тарихи, салыстырмалы, логикалық және функционалдық әдістер болатын мемлекеттік-құқықтық нақтылықты танудың жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері табылды.

Зерттеудің теориялық негізі.

Зерттудің теориялық негізін Сәрсембаев М. А., Гай С. және Гудвин - Гилл, Потапов В. И. және басқалары сияқты халықаралық құқық саласындағы ресейлік, қазақстандық және шетелдік авторлардың - мамандардың монографиялық басылымдары құрады. Теориялық материалдарды халықаралық құқықтық актілер, сонымен қатар, босқындардың құқықтық аспектісін бекітетін Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдары толықтырды.

Жұмыстың құрылымы.

Бұл бітіру жұмысы үш тараудан; жеті параграфтан; кіріспеден, қорытындыдан; қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлім босқындардың құқықтық режимдерінің жалпы мәселелеріне арналған. Бұл жерде келесі мәселелер қаралады: халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы; халықаралық құқықпен әзірленген босқындар режиміне принципиалдық тәсілдеме; босқындардың жалпы құқықтары мен міндеттері.

Екінші бөлімде босқындардың құқықтық жағдайы туралы халықаралық құжаттардың қолданылуын қамтамасыз ететін ережелер туралы және босқындар мәселелері бойынша мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа халықаралық ұйымдармен әріптестігі туралы айтылады.

Үшінші бөлімде босқындар режимін реттеуші Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңын талдауға шолу жасалынды; босқындар мәселелері бойынша негізгі қолданыстағы заңдық материалдар жиналды, сонымен қатар Қазақстан Республикасында босқындардың өзекті құқықтық мәселелері талданды.

Бітіру жұмысының жалпы көлемі компьютерде терілген 56 бет.

I бөлім. Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері.

1. 1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.

Үлкен монографиялық ғылыми еңбектің авторлары Гай С., Гудвин -Гилл2 айтқандай «босқын» термині қатаң термин болып табылады, яғни оның мазмұны жалпы халықаралық құқық қағидаларына сәйкес анықталады. Күнделікті қолданыста ол мейлінше кең және барынша шектелген, ол өзі шыдауға мүмкін емес деп тапқан табиғи немесе жеке сипаттағы жағдайлардан қорғануға ұмтылып қашатындардың бәрін белгілейтін термин. Адам қайда қашып барады - маңызды емес: әңгіме еріксіздіктен және қауіптен қашу туралы. Қашудың себептері де өте көп болуы мүмкін: бұл құлдық, еркіндік пен өмірге қауіптің төнуі, қуғындалу, кедейшілік, соғыс немесе азаматтық қақтығыстар, табиғи апаттар, жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық, аштық және т. б. «Босқын» сөзінің қорытындыланған мәні мүдделі тұлғаға көмек көрсету мүмкін және керек, қажет болған жағдайда қашуды тудырған себептен және оның салдарынын қорғау. Сондықтан босқындар категориясынан көбінесе әділ соттан қашқан «қашқындар» алып тасталады - жалпы, саяси аспектісіз заңды бұзғаны үшін қылмыстық қудалаудан сақтанушы тұлға. 3

«Босқын» ұғымының салалық (халықаралық-құқықтық) мазмұны одан да көбірек шектелген. Мысалы, оған «экономикалық босқындар» (бұл терминнің өзі әдетте қолданылмайды) енгізілмейді. Олардың проблемаларының шешімі, мүмкін, халақаралық көмек пен даму аясына жатады және басқа мемлекет территориясында шектеусіз уақыт ішінде қорғану баспана институтымен байланысты емес.

«Босқын» ұғымының шекарасын анықтау ауыр жағдайға душар болған адамдардың қажетсінуін тез қамтамасыз етуге кедергі келтіретін казуистика мен семантикадағы лайықсыз жаттығу сияқты көрінеді. Соған қарамастан, мемлекет босқын мәртебесі мен баспананы немесе сол жерде қорғануды кімнің қолдана алатынын айқындау кезінде барынша шектейтін критерийлерге көндіреді. Дүлей апат құрбандарына қатысты ерекше қажеттіліктің болу фактісі жеткілікті негіз бола алады, бірақ адамнан келген жағдайлар мен апаттар құрбандарына қатысты қосымша факторлардың болуы талап етіледі. Сонымен, босқындар категориясының кез - келген анықтамалары мен сипаттамаларын құрудың мақсаты - көмек пен қорғау көрсетуді жеңілдету мен негіздеу; одан өзге, егер тұлғаның жағдайы қажетті критерийлерге сәйкес келетін болса, онда оның сәйкес құқықтар мен жеңілдіктерге үміткер бола алатындығын куәландырады. Сондықтан, халықаралық құқыққа сәйкес босқындар категориясының сипаттамасын анықтай отырып, дәстүрлі бөлінетін қайнар көздерді - шарттар мен мемлекеттер тәжірибесін - талдау керек, сонымен қатар босқындар проблемаларын шешу үшін халықаралық қауымдастықпен құрылған әр түрлі ұйымдардың процедуралары мен тәжірибелеріне де көңіл аудару қажет.

«Босқын» ұғымының анықтамасы халықаралық құқықта екі негізгі құжаттарда бар: 1951 жылғы БҰҰ «Босқындар мәртебесі туралы»4 конвенциясында және соның босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамасында5.

Бұл актілердің арасында бірнеше айырмашылықтар бар, жекелеп айтқанда, 1951 жылғы БҰҰ Конвенциясы уақыт бойынша және географиялық шектеулерді қарастырады, яғни ол Еуропада орналасқан елдерге қатысты қолданылады және 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен уақиғалар нәтижесінде босқынға айналғандарға қатысты болады. Ал 1967 жылдың Хаттамасына келетін болсақ, ол жоғарыда айтылған шектеулерді жояды және онсыз-ақ мемлекеттерге қатысты және нәтижесінде босқындар проблемасы пайда болған немесе пайда болатын кез - келген жағдайға, мейлі ол бұрын болсын немесе келешекте болатын болса да қолданылады.

Осыған байланысты мемлекеттердің жоғарыда көрсетілген құжаттарға қатысуын ескеру қажет. Қазақстан Республикасы екі құжаттың да қатысушысы болғандықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабының 3 т. сәйкес бұл актілер Республика территориясында тікелей әрекет етеді және ішкі заңдар оған қарама қайшы болса, онда ішкі заңдардың нормалары емес халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

«Босқындарға» анықтама беру әрекеті Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылмай тұрғанда да жасалынған, атап айтсақ, Ұлттар Лигасы қамқорлығымен жасалған шарттар мен келісімдер. Онда атаулы «топтық тәсілдеме» қолданылды. Бұл кездегі қажетті шарттар келесідей болды:

а) тұлға өзі туылған жерден тыста болуы керек

б) осы мемелекеттің қорғанысын пайдаланбауы керек

Мысалы, «орыс босқындары» 1926 жылы «Советтік Социалистік Одақтар Республикалары үкіметінің қорғанын пайдаланбайтын немесе енді пайдаланбайтын және басқадай азаматтық алмаған, орыс ата-текті кез-келген адам» ретінде анықталды. «Армян босқындары» ұғымының да мазмұны тура осыған ұқсас болды. Көрсетілген анықтамалар орыс және армян босқындарының жеке басының куәлігін беруге қатысты 1926 жылдың 12 мамырындағы Келісімде болды. Бұл жағдайда тұлғаның туған жерінен тыс жерде болуы тікелей талап етілген жоқ, бірақ ол ұйғарылған еді, өйткені келісімнің мақсаты жүруді және көшіп-қонуды қамтамасыз ету үшін жеке басының куәлігін беру болды. Егер жеке басының куәлігін алған адам өзінің ата-тегіне оралатын болса, онда Жеке басының куәлігі өзінің күшін жояды. Нәтижесінде мұндай тәсілдеме Германиядан қашқан адамдар туралы 1936 жылғы келісімдерде қолданылды. 6

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң «босқын» ұғымының анықтамасының мейлінше айқын критерийлері тұжырымдалды. Бұл туралы Босқындар істері бойынша Халықаралық Ұйымның (БХҰ) жарғысы және кейінірек қабылданған Босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының Жарғысы (БЖКБ БҰҰ) 7 және БҰҰ 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенциясы көрнекі куәландырады.

БХҰ Жарғысы көмек көрсетілуі қажет адамдар категориясын көрсете отырып, алдыңғы құжаттардың ережелерін көрсетті. Мысалы, «босқындар» қатарына ұлтшылдық, фашистік немесе квислингтік8 режимдердің құрбандары; еврейлік ата-текті кейбір тұлғалар; ұлтшыл қуғыншылықтың құрбаны болған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар жатқызылды; сонымен қатар, нәсілі, діні, ұлты немесе саяси көзқарасы белгілері бойынша екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі босқындар деп танылған тұлғалар жатқызылды. Одан өзге, БХҰ Жарғысы босқындар қатарына бұрын азаматы болған және тұрған мемлекеттің қорғанысын қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін тұлғаларды да кіргізді.

Босқындар істері бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Басқармасын босқындармен айналысатын негізгі мекеме рөлінде БХҰ алмастырды. Осы кезеңнен бастап халықаралық-құқықтық тәсілдеме негіздерінде «босқындар» ұғымы БҰҰ, БЖКБ Жарғысы және мемлекетаралық шарттар құжаттарында бекітіле бастады.

Жарғы алғаш рет ертерек бекітілген әр түрлі шарттар мен келісімдерге сәйкес босқын болып табылатындарды БЖКБ құзыретіне бағындырды. Одан өзге, ол 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде өзінің ата-тегінен сыртта жүрген (босқын азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы болмаған жағдайда - оның бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінің елі) және «қудалау құрбаны болудың толық негізделген қаупіне байланысты» оның қорғауын қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін босқын болып қалғандарға көрсетеді. Оларға кезінде босқындар мәртебесін беруге негіз болған жағдайлардың енді жоқ екеніне қарамастан, қуғындалуға бұрын ұшыраған, қайта алмайтын тұлғалар да жатады. Жарғы саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдарға да таралады.

Бұл анықтама қолданылу аясы бойынша әмбебап, өйткені қандай да бір уақыт бойынша немесе географиялық шектеулер жоқ. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының қорғауына және көмегіне кімнің құқығы бар екенін анықтау кезінде маңызды тірек нүктесі болып табылады, өйткені өзінің мемлекеті тарапынан қорғау болмаған жағдай босқындарды кәдімгі шетелдіктерден айрықшалайды.

Айтылғандардан көріп отырғанымыздай, Жарғы «босқын» ұғымының анықтамасына екі жақты тәсілдеме болжайды. Бір жағынан, ол босқындардың топтары мен категорияларына таралады (жоғарыда айтылып кеткен, «топтық тәсілдеме»), екінші жағынан - жеке тұлғаларға (жеке тәсілдеме), әрбір нақты жағдайдағы субъективті және объективті кезеңдердің бағалануы керек болған кезде.

Осы анықтама 1951 жылғы БҰҰ - ның босқындар мәртебесі туралы Конвенциясында және босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамада айтылды.

Конвенцияның 1 бабында «босқын» терминіне жалпы анықтама берілген: бұлар «1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде және саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ тұлға».

Конвенция ережелерін 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған уақиғалар нәтижесінде босқындарға айналған тұлғалар ғана пайдалана алады. Дегенмен одан ары босқындар тек қана екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесі емес, оның салдарлары да болып табылды.

Осыған байланысты көрсетілген шектеулерді болдырмайтын қосымша құжаттарды қабылдау қажеттігі туындады. Осындай құжат болып босқындар мәртебесіне қатысты қабылданған 1967 жылғы Хаттама табылды. Хаттама Конвенция әрекетін «жаңа босқындарға» таратты, яғни Конвенциядағы анықтамаға сәйкес келе отырып, 1951 жылдың 1 қаңтарынан кейін болған уақиғалар нәтижесінде босқынға айналған тұлғаларға да таратты.

БЖКБ мандатына жататын және халықаралық қауымдастықтың қорғауы мен көмегіне құқығы бар босқындар қатарына тек қана белгілі бір мотивтер бойынша қудалаудан толық негізді қауіптенетін жеке тәртіпте анықтауға болатындар ғана емес («Жарғыға сәйкес босқындар»), сонымен қатар өзінің ата-тегі мемлекетінің қорғауынсыз қалғанын анықтауға немесе болжауға болатын тұлғалардың үлкен топтары да жатады (оларды қазір «жер аударған» тұлғалар немесе БЖКБ «уәкілдігі шеңберіне кіретіндер» деп те атайды) . Әрбір жағдайдағы өте маңызды мәселе әңгіме болып отырған тұлғалардың мемлекетаралық шекаралардан өтуі және осы топтың қашуын осы елдегі қақтығыстармен немесе радикалды саяси, әлеуметтік немесе экономикалық өзгерістермен байланыстыруға болатындай болуы керек. Адамның негізгі құқығы қатерде қалған жағдайда онда өзекті фактор болып зорлық немесе тәуекел, немесе зорлық қаупі табылады, бірақ тек қана белгілі бір жағдайларда; таза экономикалық мотивпен орын ауыстырушылар, өзінің пайдасы үшін немесе қылмыстық ниетпен жер ауыстырушылар БЖКБ мандатының қорғауына түспейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Босқындар мәртебесін халықаралық - құқықтық реттеу
Босқындардың құқықтық режимінің негізгі шектері мен ерекшеліктері
Әлем шаруашылығының дамуындағы жұмысшы күші, миграцияның дамуы
Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері туралы
Мигранттармен әлеуметтік жұмыстың жүргізудың әдістері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ КОСОВО МӘСЕЛЕСІ
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер
Халықаралық құқықтағы адам құқығы: ұғымы және маңызы
Көші-қон мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz