Қазақстан Азия-тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І тарау. Азия-Тынық мұхиты аумағындағы мемлекенттердің саяси экономикалық дамуы . . . 7
1. 1 Азия-Тынық мұхиты аумағындағы мемлекеттердің саяси экономикалық дамуының бағыттары . . . 7
1. 2 Азия Тынық мұхиты аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау саясаты . . . 16
ІІ тарау. Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары . . . 27
- Қазақстан Республикасы мен Жапония мемлектетері арасындағы байланыстар . . . 27
- Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастары . . . 34
- ҚХР мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастар . . . 40
Қорытынды . . . 53
Сілтемелер тімізі . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі.
Тәуелсіз Қазақстан өзінің сыртқы саясатында көп векторлы бағытты таңдады. Сыртқы саясаттағы бұл бағыт тиімділік пен достық, ынтымақтастық қарым-қатынастық орнатудың жарқын бейнесі. Соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдермен қарым-қатынасты өрістету, өйткені бұл аймақ әлемдік саясат пен экономикада өз орнын мықтап иеленген қуатты мемлекеттер шоғыры.
Тиімді стратегиялық жағдайы, елеулі экономикалық әлеуметі және саяси салмағы сияқты факторларына байланысты. Азия-Тынық мұхиты мемлекеттерінің Қазақстандық дипломатия үшін үлкен практикалық құндылығы бір бөлек.
Аймақта болып жатқан оқиғалардың даму үрдісі бұл жердегі күшейіп келе жатқан мықты интеграциялық тенденциялар Қазақстанның осы аймақтағы елдермен тұрақты және өзара тиімді қатынасты құруы қажеттігін талап етеді.
Азия Тынық мұхиты аймағы үдемелі экономикалық процестер дамыған сауда-экономикалық қызметінің ауқымы кеңейіп келе жатқан капиталдың тауарлардың көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің, технологиямен ақпарат рыногында аймақтық ынтымақтастықтың бай тәжірибесін жинақтаған аумақ ретінде Қазақстан үшін практикалық тұрғыда маңызды.
Азия Тынық мұхиты аймағы саяси және экономикалық мүдделерінің жақындасу үрдісі қауіпсіздіктің қамтамасыз етуге қатысты белсенді түрдегі өзара іс-қимыл анық көре түседі.
Мемлекеттілігі қалыптасу кезеңінде аймақтың көпшілік мемлекеттері ішкі дамуды жеделдетуге жаңа әлемдік шаруашылық процестеріне кіруге өздерінің қабілетті екенін көрсетеді. Олар аграрлық секторды реформалау кезеңдерінен дәйекті түрде өтті. Білім беру мәселелерімен айналысты. Патриархалдық қоғамнан жоғары дамыған мемлекетке айналып, экономиканы құрылымдық қайта құруды жүзеге асырды. Яғни аймақтың реформалары мен даму жетістіктерімен Қазақстанның жас тәуелсіз ел ретінде көп нәрседен үлгі алуға, оны тәжірибеден өткізуге болады.
Қазақстан аймақтың Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Индонезия сынды елдерімен қарым қатынаста негізгі басымдылық береді.
Мыңжылдық көршіміз айдаһар елі Қытаймен қарым-қатынас тәуелсіздіктен кейінгі жылдары өте зор қарқынмен дамып келеді. Тарақтар арасында сауда-энергетика, экономика, білім-ғылым, мәдениет салаларындағы байланыстар орнығуда. Қытай мен Қазақстанның қарым-қатынасындағы жарқын бейне екі елдің Шаңхай ынтымақтастық ұйымында бас қосып, қоян-қолтық қызмет істеді. Бұл ұйым аз уақыттың ішінде әлемдік беделге ие болды. Әрі ұйымға мүше болуға басқа мемлекеттерден тілектер түсуде.
Жаңа индустриялдық елдер саналатын Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея сынды елдер аз уақыттың ішінде нарықтық қоғамға бейімделді. Әрі өмір сүру деңгейі жақсарды. Бұл елдермен білім -ғылым жаңа технологиялар алмасу бойынша Қазақстан қарқынды байланыстар орнатуда. Мақсат бұл елдердің жетістіктерінен тәжірибе әрі үлгі алу.
Жапония аймақтағы бірден-бір жоғары дамыған капиталистік мемлекетті өзінің тұрмыс бұйымдары жаңа инновациялық технологиялармен танылған бұл елмен Қазақстанның сыртқы саясатындағы қатынастары соңғы жылдары жандануда.
Қазақстан Азия Тынық мұхиты аймағындағы бірқатар интеграциялық құрылымдармен атап айтқанда АСЕАН, ШЫҰ, Азия даму банкі сынды ұйымдармен байланысын орнатты.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты. Қазақстан мен Азия Тынық мұхиты аймағы арасындағы сыртқы саясаттағы қатынастар ұйымдар мен байланыстар әртүрлі салааралық қарым-қатынастарды баяндау.
Бұны негізге ала отырып төмендегі міндеттер қойылады:
-Азия Тынық мұхиты аумағындағы мемлекеттердің саяси -экономикалық даму дәрежелеріне шолу жасау.
-Экономикалық дамудағы бағыттарды нақтылау.
-Қазақстан мен аймақтағы халықаралық ұйымдар байланысын айқандау.
-Қазақстан мен Азия Тынық мұхиты аралығындағы қарым-қатынастарды талдау.
-Қазақстан Республикасы мен Жапония аасындағы қатынасы тұжырымдау.
-Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея мемлекеті арасындағы қарқынды байланыс салаларын тұжырымдау.
-Қазақстан мен Қытай сынды аыптың әр саладағы және ШЫҰ-дағы қарым-қатынасын айқандау.
-Қазақстан мен Азия Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттері мен сыртқы саяси қатынастар негізін қорытындылау.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Жалпы алғанда Қазақстанның тәуелсіздік алған тұстағы Азия Тынық мұхиты аймағындағы сыртқы саясатының орнығуы мен жандану кезеңі яғни 1991 жылдан 2008 жылға дейінгі уақыт қамтылады.
Диплом жұмысының тарихнамасы.
Қазақстанның Азия Тынық мұхиты аймағындағы сыртқы саясаты аз зерттелген тың тақырыптардың бірі. Бұл мәселеде елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы 10 жыл» «Бейбітшілік кеңдігі», «Қазақстандық жол», »Тарих толқынында» сынды кітаптарында тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен одан әрі дамуы Қазақстанның бүкіләлемдік қауымдастықта нықтап өз орнын алғаны айтылады.
Қазақстанның экс сыртқы істер министрі қазіргі уақыттағы ҚР Парламентінің спикері Қ. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы», «Беласу» сынды кітаптарында Қазақстанның эсыртқы саясаттағы көпвекторлылықты ұстануы мен соның ішінде Азия Тынық мұхиты елдеріне ерекше тоқталады.
Бұл тақырыпта тәуелсіздік жылдары елімізде шыққан бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі саяси салт-саналық журналдарда да жарияланған.
І Тарау. Азия Тынық мұхиты аумағындағы мемлекеттердің саяси-экономикалық дамуы
1. 1 Азия Тынық мұхиты аумағындағы мемлекеттердің саяси -экономикалық бағдарлары
Азия Тынық мұхиты аумағы қазіргі заманда үдемелі экономикалық процестер дамыған, сауда -экономикалық қызметінің ауқымы кеңейіп келе жатқан капиталды тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің, технология мен ақпарат рыногына аймақтық ынтымақтастықтың бай тәжірибесін жинақтаған аймақ ретінде Қазақстан үшін практикалық тұрғыдан маңызды. Шығыс Азияда саяси және экономикалық мүдделердің жақындасу үрдісі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты белсенді түрдегі өзара іс-қимыл анық көре түседі. Мемлекеттілік қалыптасу кезеңінде аймақтың көпшілік мемлекеттерінде ішкі дамуды жеделдетуге және әлемдік шаруашылық процестеріне кіруге өздерінің қабілетті екенін көрсетті. Олар аграрлық секторды реформалау кеңеңдерін дәекті түрде өтті, білім беру мәселелелерімен айналысты. Патриархалдық қоғамынан жоғары дамыған мемлекетке айналған, экономиканы құрылымдық қайта құруды жүзеге асырады.
Егер Азиялық жаңғырудың ерекшелігін қысқаша қорытып айтатын болсақ, онда индустриялануға келіп тіреледі. Оның негізгі экономикалық ауқымды экспорттық бағдары және шетелдік инвестицияларды мақсатты түрде пайдалану жатыр.
Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдасчтығының қызметі (АСЕАН) аймақтағы интеграцяиның көрнекі мысалы бола алады. Осы аймақтық қауымдастық үлкен тарихи жолдан өтті және қазір Азияның экономикалық дамуында маңызды рол ойнайды. АСЕАН өзінің өміршеңдігін және тиімділігін дәлелдеген ұйым ретінде әлемдік қоғамдастықта зор беделге ие болып отыр. 1960 жылдардың ортасында қабылдаған декларацияда АСЕАН-ға қатысушы мемлекеттер өздерінің алдына өзара экономикалық, әлеуметтік және мәдени іс -қимыл жасау мақсатын қойды.
Бұл міндет аймақ халықтары тұрмысының айрықша төмен деңгейімен байланысты еді. Аймақтық құрылым құруға тартылған 5 мемлекет Индонезия, Малайзия, Тайланд, Филлипин және Сингапур экономикалық даму Оңтүстік Шығыс Азиядағы жағдайдың шешуші факторы болады деп ұйғарды. Индонезияның сыртқы істер министрі А. Алатас «Оңтүстік Шығыс Азиядағы стратегиялық жағдайда саяси көзқарастармен алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің жолдары туралы пікірлердің жақындығы олардың қауымдастыққа бірігуінің басты себептері болды»- деп мәлімдеді.
Азия Тынық мұхиты аумағы барлық әлемдік діндердің индуизмнің, конфуциандықтың, исламның, хрестиандықтың аралас және қатар өмір сүруімен бірегей аймақтың көпшілік елдерінің экономикалық әл-ауқатты тұрмысымен дүние ағымдардың сан алуан сипаты бір-бірін өзара табысын салудың перспективасы да нақты сипат алып келе жат. Солтүстік пен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынасын қалпына келтіру туралы уағдаластыққа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Осыған байланысты Шығыс Азия елдерінің іскер топтарында Азия Европа бағыты бойынша Темір жол тасымалдарына мүдделілік ұлғаяды. Қазақстанның осындай жобалаарға қатысуы іс жүзінде жібек жолын қалпына келтіруге және біздің еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға көмектеседі.
Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің этникалық мәдени, діни әралуандылығын және экономикалық даму қарқынындағы кейбір айырмашылықтарды еске ала отырып, біздің еліміздің олармен ынтымақсатудағы көзқарасы сараланған сипатымен көре түседі. Сондықтан екіжақты ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан аймақтағы Вьетнам, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филлипин, Камбоджа сияқты мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты және орлармен көптеген салаларда нығайып келе жатқан шарттық-құқықтық база негізінде екіжақты ынетымақтастықты дамытуда. Біздің елімізде Вьетнамның, Индонезияның, Малайзияның, Сингапурдың басшылары ресми сапармен келді. Сыртқы саяси ведомстволар арасында интенсивті диалог режимі онатылды. Қазақстан мен Азия Тынық мұхиты елдер арасындағы ынтымақтастық, мәдениет, білім, туризм саласында да дамуда.
Ауыр қаржылық дағдарысты және одан кейін де болған экономикалық құлдырауды басынан өткізген Азия елдері қаржылық бақылауды күшейтуге банктен және карпоративтік секторды реформалауға бағытталған сауатты әрі дер кезіндегі іс-қимыл нәтижесінде экономикалық өсімнің қарқынын қалпына келтірді. Осыған байланысты Малайзия үкіметінің бірегей практикасы айрықша атап өтуді талап етеді. Малайзия халықаралық валюта қорының қаржылық көмегінсіз елді дағдарыстан шығара білді. Малайзияның тәжірибиесі 2001 жылы жазда Қытайда өткен экономикалық форумда Азиялық мемлекеттер басшыларының мүдделілігін туғызған талқылау тақырыбына айналды.
Азиялық мемлекет болып табылатын және бай табиғи ресурстары бар Еуразияның көлік жолдарының тоғысында орналасқан Қазақстан өзінің ұзақ мерзімді мүдделері жолында Оңтүстік Шығыс Азияның интеграциялық процесіне тартылуға объективті түрде үміт арта алады. Европа мен Азия арасындағы байланыстырушы көпір тұжырымдамасын іске асыру үшін АСЕАН-ға мүше мемлекеттер арасында дипломатиялық және басқа да арналар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізген дұрыс сияқты. Ол жақта өкінішке орай Қазақстандағы экономикалық реформалардың жетістіктері туралы әлемдік шаруашылық құрылымдарына біздің еліміздің қатысуы туралы әзірге жеткілікті түрде біле бермейді. Азия Тынық мұхиты елдерімен Қазақстанның ынтымақтастықтың қабылдауға болатын нысанын іздестіруді жалғастыру айрықша маңызды. Азия Тынық мұхиты елдері көпғасырлық Батыстық капиталистік елдердің отарлық Жапониялық аймақтары болып келді. Бұл елдер Батыс державаларының тауар өткізу рыногы мен арзан шикізат көзіне айналып, ұлттық экономика күйреді. Жергілікті халық отаршылдық езгіге түсті, қазба байлықтар шетелдіктердің қолында болды.
Аймақтың бұл қаралы тарихы сонау екінші дүниежүзілік соғыс жыладырнан кейін ғана аяқтала бастады. Осы кезеңнен кейін ғана аймақ елдері өз тәуелсіздіктерін біртіндеп ала бастады. Тәуелсіздіктерін жаңа ғана алған тәуелділік қамытынан енді ғана босанған елдер күйреген жалпы хал-ахуал мен қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесі тұрды. Кейбір елдер экономика мен саясатта тиімді реформа жүргізіп, өз елдерін кедейлік шегінен алып шығып индустриялы мемлекеттерге айналдырды.
Жапония аймақтағы жалғыз отарлауға ұшырамаған тәуелсіз қуатты капиталистік ел. Жапон экономикасы, технологиясы дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Территориясының көлемі бойына Жапонияны Батыс Европаның барынша ірі елдерімен және АҚШ-тың үлкен штаттарымен салыстыруға болады. Жапония 4 ірі арал мен 4 000-дай ұсақ аралдарға орналасқан архипелаг мемлекет. Жапонияның Азияның қиыр Шығысында орналасқан жағдайы оның «Күншығыс елі» деп бейнелі аталуына да себепші болған. Халық саны жөнінен бұл мемлекет дүние жүзі елдерінен алғашқы ондығына енеді. Бұл елдің ұлттық құрамы ерекше біртекті. Бұл нағыз біртекті ел, халқыныңы 99 пайызын жапондар құрайды. Елде негізгі екі дін бар. Олар ертедегі феодализм дәуірінде паййда болған синтоизм мен буддизм.
Жапония жоғары сауаттылық елі, мұнда балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне жас кезден көңіл бөлінеді. Жапониядағы университеттердің саны бүкіл батыс Европадағы университтердің санына көп. Бұл ежелгі мәдени көркем және тұрмыстық дәстүрлердің еді.
Жапонияның экономикасы 50 жылдардан бастап ширек ғасыр бойы дерлік өте жоғары қарқынмен өсті. Қысқа мерзім ішінде ел ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіптік саудада да өте үлкен жетістіктерге жетіп орасан зор жолдан өтті. Жапония дүниежүзілік басты қарыз беруші елге айналды. Елде бүкіл экономикалық өмірді сапа жағынан едәуір дәрежеде қайта құру жүзеге асырылды, кейінгі индустриялдық қоғамның негіздері жасалды.
Жапонияның өнеркәсібі алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай химиясы, құрылыс өнеркәсібі секілді базалық салалар іс жүзінде импорттық шикізатқа сүйеніп, жаңадан құрылды. Олардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістерін ескере отырып қалыптасты. Мұнда көптеген патенттермен лицензиялар шетелдерден әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайларға бейімделді.
70-80 жылдары өнеркәсіпте революциялық даму басым бола бастады. Енді ел барған сайын отын мен шикізатты сырттан әкелуге тәуелді болатын энергия мен металдарды көп қажет ететін ең жаңа салаларға бағыт ұстайды. Олар элеткроника, робон техникасы, биотехнология саласында жетекші орынға шығып, энергияның дәстүрлі емес көздерін пайдалануға кірісті. Ғылымға жұмсай тын үлесі жөнінен Жапония экономиткасы дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызмекерлерінің саны жөнінен түр-ді. Ұлыбриятания мен Францияны бірге қосып алғандығынан асып түсті.
Жапонияда білім берудің кәсіби мамандықтың жоғаыр деңгейі, еңбексүйгіштік, еңбекшілерлің өздерін ұстай білушілігі, олардың ұдайы техникалық жетілуге ұмтылысы да әсер етті. Ал еңбекке ақы төлеу шығарылатын өнімнің көлеміне емес, оның сапасына да байланысты болды. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін ауылшуарышылығы да түбегейлі қайта құрылды. Жапониядағы егіншілік өзінің интенсивтілігімен таң қалдырады. Жердің жетіспеушілігінен бұл елде жердің әр тұтамы пайдаланылуда. Жапонияда егіншілік өз деңгейінде дамып-өңделетін жердің жартысына жуығы күріш, басқа да дәнді дақылдар, бау-бақша, ірі қара, шошқа, құс өсіру шаруашылықтары жанданып тұр. Жапонияның 150 000 халқын ауқымды жерде тұратын 6 млн тұрғын толық қамтамасыздандыруда.
Жапонияда өзен көлігімен құбырдан басқа көліктің барлық түрлері дамыған. Көлік желісінің сипаты жөнінен бұл ел Батыс еуропа елдерін еске салады. Бірақ жүк тасымалының әсіресе жолаушылар тасымалының көлемі жөнінен Жапонияға ешкім теңесе алмайды. Жапония сондай-ақ Батыс елдерінің ішінде аса ірі және нағыз осы заманғы теңіз-сауда флотына ие болып отыр. Олар арзанға түсетін шетелдік флотты да кеңінен пайдаланып отыр.
Жапонияның халықаралық -экономикалық байланыстарға ерекше тартылуы оның шаруашылығының өте маңызды ерекшелігі. Елде өзінің отыны мен шикізатының аздығы оны 90 пайыз жағдайда импортқа бағыт ұстауға мәжбүр етеді. Жапония техникалық бұйымдары өте сапалы және әлемдік сұранысқа ие. Бұл ел Азия Тынық мұхиты аймағындағы барлық елдердің делік басты сауда әріптесі. «Сауда жасай білу керек немесе алу керек», -дейді жапон бизнесмендері. Сонымен жалпы алғанда Жапония Азия тынық мұхиты аймағындағы жалғыз дамыған капиталистік ел. Бұл мемлекет алып елдердің үлкен сегіздігіне мүше. Әлемдік саясатқа өзінің салмақты орны мен ықпалы бар Жапония көп елдерді әсіресе Азиядағы мемлекеттерді экономикалық экспансиялауда.
Азия Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі ел Қытай. Халық саны жөніне бұл ел әлемде бірінші орында тұр. Экономикасы мен саясаты күннен-күнге өсіп келе жатқан Қытай болашақта әлемге үстемдік ететін алып мемлекеттердің қатарынан көрінуі мүмкін. Қытай екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Батыс әлемнің сателпті және ықпал ету аймағы болып келді. 1949 жылғы тәуелсіздігін алған Қытай егемен даму жолына түсіп, мемлекет өз саяси өмірін өзі белгілейтін уақытқа да жетті. Мао Цзеодунның реформалары елді тығырыққа тіреді. Экономика өте әлсіз болып, әлеуметтік жағдайы нашарлады, тек қана 70 жылдарлың соңы 80 жылдардағы Дән Сяопин реформалары қоғамдық жағдайды қалпына келтіріп қана қоймай, барынша қарқынды даму сатысына көшті. Елде социалистік қоғам үстемдік еткенімен бұл кезеңде нарықтық жүйе де қалыптасып келе жатты. Қазіргі таңдағы Қытай экономикасы жартылай мемлекеттік реттеу мен нарықтық құрыламдар негізінде өмір сүруде.
Қытай Азия Тынық мұхиты аймағындағы қуатты алып елдердіңи көшбастаушыларының бірі. Шаруашылығы ең алдымен қоғамдық меншікке негізделіп бірыңғай жоспармен дамитын Қытай ірі индустриялық мемлекетке айналды. Ол өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі жөнінен дүние жүзінде 4-5, ал өнеркәсіп орындарының мөлшері 150 000 және оларда еңбек ететін адамдардың сандары жөнінен бірінші орынға шықты. Қазір Қытайдың «келбеті» көбіне ауыр өнеркәсіпке байланысты, ал ол негізінен отандық қорларға сүйенеді.
Қытай экономикасында ауыл шаруашылығы да басты орын алады, бұл салада 400 млн адам еңбек етеді. Мемлекеттік құрылысына келер болсақ Қытай Азиядағы ең ірі социалистік ел, бірақ уақыт өткен сайын сыртқы коммунизммен бүркелген Қытайдың ішкі дүниесі нарықтық қатынастарға ауды. Социалистік жоспарда экономиканың тиімсіздігін түсінген Қытай басшылары нарықтық қатынастарға жол ашатын реформаларды жүргізе бастады. Соңғы жылдары Қытай әлемге үстемдік етуші державалар қатарына қосылып келеді, сонымен бірге әлсіз Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне капитал салығын да күшейтті.
Сонымен қатар «жаңа индустриялық елдер» Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайван сынды мемлекеттерді ерекше атап өтуге болады. Бұл елдер аздаған уақыт аралығында өзге дамушы елдерді басып озып, орташа дамыған елдерге айналды. Бұл елдер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана біртіндеп тәуелсіздіктерін ала бастады. Оңтүстік Корея 1950 жылдардағы қырғи қабақ теке-тірестің кесірінен екіге бөлініп, оңтсүтікте құрылған болатын. Капиталистік даму жолына түскен Оңтүстік Корея қазіргі таңда индустриялы дамыған елге айналды.
Корея қазіргі таңда микроэлектротехника, хмия, энергетика, автомобиль, жеңіл өнеркәсіп сынды көрсалалық өндіріске бейімделген. Кореяның осы уақытта отын энергетикалық тапшылық көруі, оның бұл мәселені экспорт арқылы толық құруға мәжбүрлеуде. Кореяның географиялық қолайлы орналасуы теңізге шыға алуы ел экономикасының дамуына оң импульс беріп отыр. Саяси бағыты мен экономикалық әлеуеті АҚШ пен мүдделес Кореяда соңғы жылдары әлсіз көршілеріне капитал құюды бастап та кеткен. Әрине бұл елдер қатарында Орталық Азия мемлекеттері де бар. 1977 жылға дейін Қазақстанда инвестиция құю жөнінен Оңтүстік Кореяның басымдығы болды.
Сингапур қала мемлекет ХХ ғасырдың 60 жылдарының соңында Англиядан тәуелсіздік алған бұл елде су мен тастан басқа ешнәрсе жоқ болатын. Сингапур халқының ерік-жігері мен күш-қайраты мықты, батыл реформалардың жүргізілуі аз уақыттың ішінде мемлекетті индустриялық елге айналдырды. Қазіргі таңда Сингапур авиация, автомобиль, электротехника салаларында жетекші орындардың бірінде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұста бұл елмен қарым-қатынас орнықты. Қазақстан мен Сингапур арасында білім -ғылым саласындағы ынтымақтастықты орнатуға қол жетті. Қазақ жастары Сингапурдың жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz