ҚР-ғы екінші деңгейлі банк «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының несиелік саясатын талдау, оның мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ КЕПІЛДІК НЕСИЕ ТҮРЛЕРІ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІКепіл туралы түсінік және кепілдік несиелер түрлеріБанктердің кепілдік несие саясаты түсінігінің мән-мағынасы және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар

1. 3 Шағын және орта бизнесті несиелендіру-жетістікке жету жолдарының кепілдігі

  1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ КЕПІЛДІК НЕСИЕНІ БАҒАЛАУДЫ ТАЛДАУБанк қызметінің мәні, жүргізетін операциялары және құрылымы мен қаржылық жағдайыБанктің несиелерінің қамтамасыз етілген кепілдеме

2. 3 «Центр Кредит Банк» АҚ-ның кепілдік несиесін беру процесін ұйымдастыру тәртібі және несие қабілеттілігін талдаудың әдістері

  1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ КЕПІЛДІК НЕСИЕ САЯСАТЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫНесиелік тәуекелділікті тиімді басқаруНесиелік тәуекелділіктерді төмендету процесін жетілдіру жолдарыОтандық банктердегі несиелік тәуекелділікті басқаруда шетелдік тәжірибе әдістерін қолдану мүмкіндігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2011-2012 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кепілдік несие саясатын және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген.

Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің кепілдік несие саясатының жетілмегендігін, тәуекелдерін басқарудың бүгінгі күнге сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.

ҚР Президентінің 2013 жылғы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.

Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың басты табыс көзінің бірі болып отырған несиелік қызметін басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметін, оның ішінде тәуекелдерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.

Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда. Осыған жалпылама түрде қарағанда банктердің жүзеге асырып отырған кепілдік несие саясатының тиімсіз екендігін байқауға болады.

Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР-ның екінші деңгейлі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы несиелік саясатының тиімділігін арттыруға тікелей байланысты.

Демек, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің кепілдік несие саясатын жетілдіруге, несие-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл зерттеу жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны ешқандай күмән тудырмайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ғы екінші деңгейлі банк «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының несиелік саясатын талдау, оның мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • Несие қатынастарының теориялық негізін талдау;
  • Банктердің кепілдік несие саясаты түсінігінің мән-мағынасы және оның Қалыптасуын анықтайтын факторларды анықтау;
  • Банктердегі кепілдік несие саясатының қызмет ету ерекшелігі мен рөлін көрсету;
  • Екінші деңгейлі банктердегі кепілдік несие саясатының жүзеге асырылуын талдау («Банк ЦентрКредит» АҚ мысалында) ;
  • Екінші деңгейлі банктердегі кепілдік несие саясатын жетілдіру бағыттарын ұсыну;
  • Несиелік тәуекелдікті тиімді басқару мен оларды төмендету процесін жетілдіру жолдарын ұсыну;
  • Отандық банктердегі несиелік тәуекелділікті басқарудағы шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі.

Зерттеу обектісіне: Қазақстан Республикасының «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы жатады.

Зерттеу пәніне: «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты және оны жүзеге асыру әдістері жатады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік саясаттың жүзеге асырылуында орын алатын мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ несиелік тәуекелді басқару жүйесі жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (Смит А., Рикардо Д., Шумпетер Й., Кравцова Г. И., Выгодский С. Л., Панова Г. С., Ендронова В. Н., Хасанов С. Д., Лемжина Л. В. және т. б. ) және отандық экономист-ғалымдардың (Ғ. С. Сейітқасымов, К. Б. Блеутаева, А. С. Нұртазина, С. Н. Абуова, С. Б. Мақыш, Л. П. және т. б. ) еңбектері пайдаланылды.

Құқықтық негізіне: ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  1. Банк қызметіндегі «кепілдік несие саясаты», «несиелік тәуекел» және «несиелік тәуекел-менеджмент» ұғымдарына қатысты авторлық көзқарас тұрғысынан нақтыланып, несиелік тәуекелдің типологиясы жасалды;
  2. Кепілдік несие саясатының тұжырымы мен құрылымы, сондай-ақ оның құрамдас элементтері кешенді әрі жүйелі түрде зерттелді;
  3. Несиелік тәуекел түрлерінің пайда болуына ықпал етуші сыртқы және ішкі факторлар түрлері айқындалды;
  4. «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының несиелік тәуекел-менеджмент жүйесін ұйымдастыру жағдайы талданып, оны жетілдірудің жолдары ұсынылды;
  5. Екінші деңгейлі банктер қызметінде несиелік тәуекелді басқарудың әдістемелік үлгісі жасалып, соның негізінде несиелік тәуекел-менеджментінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету тәсілдері қарастырылды.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

- «кепілдік несие саясаты», «несиелік тәуекел» және «несиелік тәуекел-менеджмент» ұғымдарына қатысты авторлық көзқарас және несиелік тәуекел типологиясы;

- несиелік тәуекелді басқарудың қазіргі жүйесінің құрылымдық элементтері және олардың өзара байланысы;

- несиелік тәуекел түрлерінің пайда болу себептерін анықтауға ықпал етуші факторлар;

- екінші деңгейдегі банктер қызметінде жиынтық несиелік тәуекелді болжаудың, бағалаудың, талдаудың ұсынылған әдістері.

Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Дипломда жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.

Дипломның құрылымы. Дипломның құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ КЕПІЛДІК НЕСИЕ ТҮРЛЕРІ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кепіл туралы түсінік және кепілдік несиелер түрлері

Несие табиғатын, оны әлеуметтік-психологиялық позициясы жағынан қарағандағы тұжырымдамасын зерттеуде көптеген батыс ғалымдарына идеалистикалық жолды таңдау дұрыс болып табылды. Жеке алып қарағанда, несие деп қарыз берер кездегі несие берушінің қарыз өтеушіге деген сенімділікті жүктеу деп түсінуге болады.

Шын мәнінде, сенімділік белгілі бір мөлшерде әрбір несиелік келісімшартта орын алатын жайт. Алайда, несиелік келісімшартқа отыру барысында шаруашылық етуші субъектілердің іс-әрекетін ынталандырудың маңызы жоғары болса да, көбіне ол сыртқы факторларға байланысты болып келеді. Несиелік келісімшарттағы сенімділік қатысушылардың жеке мінез-құлықтық қасиетіне ғана негізделіп қана қоймайды. Ол борышкердің несиелік қабілеттілігінің бағасы мен үшінші жақтың қамсыздандыруын және кепіл бере алуын қамтитын белгілі бір шарттардың қызмет етуінің нітижесі болып табылады.

Кепіл - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайтын жылжымайтын мүлік пен басқа да бағалы заттар түрінде салатын ақшадан тұратын бұлтартпау шарасы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 148-бабының 1-бөлігі, 322-бабының 1-бөлігі (бұдан әрі - ҚІЖК) ) . Бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік прокурордың немесе соттың рұқсатымен кепіл ретінде алынуы мүмкін.

Кепіл беруші - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдікті, айыпталушы не басқа да кез келген әрекетке қабілетті жеке немесе заңды тұлға салған кепіл. Бір немесе бірнеше адам кепіл беруші бола алады. Егер заңды тұлғаның бірнеше құрылтайшысы болса, онда әрбір құрылтайшыдан кепіл беру үшін жазбаша түрде келісім алынуы тиіс.

Депозит - келу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін ақша сомалары түсетін арнайы банктік есеп-шот.

Ақша - сатып алу және сату кезінде құн өлшемі болып табылатын металл және қағаз белгілер.

Құндылықтар - бұл бағалы заттар, құнды қағаздар, автокөлік құралдары мен өзге де мүлік, антиквариат және мәдени және өзге де құндылықтарды білдіретін басқа да заттар.

Бағалы заттарға бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар жатады.

Бағалы металдар - алтын, күміс, платина және кез-келген түрдегі және күйдегі платина тобының металдары.

Асыл тастар - табиғи алмастар, зүбаржаттар, лағылдар, сапфирлер және кез келген түрдегі және жағдайдағы басқа да асыл тастар.

Құнды қағаздарға акциялар, облигациялар және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен басқа заңнамалық актілерде белгіленген басқа да құнды қағаздардың түрлері жатады.

Жылжымайтын мүлік (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) - жер учаскелері, сондай-ақ жермен тығыз байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де мүлік, яғни көшіргенде оның мақсатына тең емес зиян келтірілмеуі мүмкін емес объектілер.

3. Бұлтартпау шарасы ретіндегі кепіл тек Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабында көзделген процессуалдық негіздер болған кезде ғана қолданылады. Бұл ретте мынадай талаптарды сақтау қажет: қылмыстық іс қозғау туралы қаулы, осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеушінің, анықтаушының прокурор санкциялаған қаулысы не болмаса соттың шешімі; кепілді және кепіл туралы шарт қабылдау туралы хаттама жасау.

4. Кепіл күдіктіні ұстағаннан кейін қамауға алудың, үйде қамап ұстаудың немесе өзге де бұлтартпау шарасының орнына дербес қолданылуы мүмкін. Кепіл аса ауыр қылмыс жасаған айыпталушы адамдарға қатысты қолданылмайды.

5. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарады.

Қаулыда мыналар көрсетіледі: оның толтырылған жері мен уақыты; қаулы шығарған адамның тегі мен лауазымы; күдікті немесе айыпталушы адамның қылмыс жасау жағдайлары; осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы мен туған жері; азаматтығы; күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжат; қылмыстық істі қозғау күні мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы; ұсталған және айып тағылған күн; тағылған айыптың көлемі; кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіз болатын мән-жайлар; кепіл ретінде салынатын ақшалай сома не болмаса оның құнын және соттың депозитіне ақша салуды растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, мүлік тізбесі; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу жөніндегі міндеттерін, сондай-ақ өзінің болатын жерін өзгерткен жағдайда хабарлау туралы түсіндіру; Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қаулы шығаруға негіз болған баптары. Қаулыға оны толтырған адам, күдікті, айыпталушы және қатысқан жағдайда - олардың қорғаушысы тегі мен ордер номерін көрсетіп, қол қояды.

Кепіл тек прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімі бойынша қолданылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, қылмыстық іс бойынша өндірістің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор оны санкциялағаннан кейін күшіне енеді. Прокурор ҚІЖК-нің 148-бабының 3-бөлігінде көрсетілген көлемнен төмен болмайтын басқа кепіл мөлшерін тағайындай отырып, тергеуші (анықтаушы) белгілеген кепіл сомасын өзгертуге, сондай-ақ қаулыны санкциялаудан бас тартуға құқылы. Кепілді таңдаған лауазымды адам бас тартқан жағдайда, оны кепіл берушіге қайтару және кепілге алынған мүліктен барлық шектеулерді алу жөнінде шаралар қабылданады.

Кепілді қолдану туралы қаулы қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына тіркеледі.

6. Ақша, бағалы заттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепіл заты болып табылады.

Алдын ала тергеу барысында бағалы заттарды немесе жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде салу туралы шешім тек прокурордың немесе соттың рұқсатымен қабылдануы мүмкін.

Бағалы заттардың бағалылығы, түпнұсқасы және құны анықталса, бұл туралы кепіл беруші тиісті құжаттар ұсынса, олар кепіл заты болуы мүмкін.

Түріне қарай құнды қағаздарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген әртүрлі талаптар қойылады. Міндетті деректемелерінің болмауы немесе белгіленген нысанға сәйкес келмеуі құнды қағаздың жарамсыздығына әкеп соғады. Құнды қағаздың құны бұлтартпау шарасын таңдаған кезде айқындалады.

Кепіл ретіндегі мүлік егер осы мүлікпен мәміле жасасуға тыйым салынбаған болса және оны кепіл заты ретінде ұсынған адам осы мүлік оның меншік құқығында екендігін растайтын дәлелдемелерді (құжаттарды) ұсынған жағдайда ғана ресімделеді. Егер мүлік бірлескен меншікте болса, онда кепілді салуға мүліктің ортақ иелерінің жазбаша келісімін алу керек немесе кепіл берушінің пайдасына өз үлесі-нен жазбаша түрде бас тарту керек.

Меншіктің ортақ иесінің кәмелетке толмаған балалары болған жағдайда пәтер немесе үй кепіл ретінде ұсыныла алмайды.

Жылжымайтын мүлікпен айналысу тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы келмесе, кепіл ретінде өзге жылжымайтын мүлік ұсынылуы мүмкін.

7. Егер кепіл ретінде ақша немесе бағалы заттар берілсе, сот депозитіне кепіл салуды куәландыратын түбіршек растау құжаты болып табылады.

8. Кепіл мөлшері шағын ауырлықтағы қылмыс жасағандығын айыпталуы кезінде, айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен; орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмайды.

Кепіл сомасын айыптаудың ауырлығын, күдіктінің, айыпталушының жеке басын, қызметін, тұрақты тұрғылықты жерінің бар-жоғын, кепіл берушінің отбасылық және мүліктік жағдайын, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды және басқаларды есепке ала отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдайтын адам анықтайды.

9. Енгізілетін кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдік мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағалау қызметімен айналысуға құқық беретін лицензиясы бар заңды тұлғалар сияқты жеке адамдар да бере алады.

10. Қылмыстық процеске қатысушылар бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолдану туралы қолдаухатпен өтініш жасауға құқылы. Қолдаухатта кепілді бұлтартпау шарасы ретінде қолданудың пайдасына дәлелдемелерді көрсетуге болады. Қолдаухаттың мазмұны мен нысаны еркін түрде болады. Егер қолдаухатпен күдікті, айыпталушы өзі өтініш жасамаса, онда оның кепілді таңдауға жазбаша келісімі қажет. Келісім қолдаухатта қол қою түрінде болады не болмаса оның өтініші түрінде көрсетіледі.

11. Кепіл берушіге, егер оның өзі сезікті, айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі. Кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгендігі атап өтілген хаттама жасалады.

12. Бұлтартпау шарасын таңдаған адам кепілді қабылдағаны туралы хаттама (4-қосымша) толтырады, онда хаттаманың толтырылған жері мен күні; хаттаманы толтырған адамның тегі мен лауазымы; күдіктінің немесе айыпталушы адамның жасаған қылмысы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы) ; осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы; ҚІЖК-нің 132-бабындағы тәртіппен ұстаудың күні және уақыты; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін, сондай-ақ өзінің орын ауыстырған жағдайын хабарлау туралы түсіндіру; кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден бас тартқан жағдайда кепіл мемлекет кірісіне айналатындығын ескерту туралы; кепіл берушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы мен жылы; кепіл ретінде берілетін ақшалай сома мөлшері не болмаса оның құны мен соттың депозитіне ақша енгізілгенін растайтын құжаттары бар мүлік тізбесі көрсетіледі. Егер кепіл беруші заңды тұлға болса, хаттамада оның толық деректемелері мен өкілдері көрсетіледі. Хаттаманы кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам толтырады және осы адам күдікті, айыпталушы, оның қорғаушылары, сондай-ақ кепіл беруші (егер ол басқа адам болса) қол қояды. Кепілді қабылдау туралы хаттама екі данада толтырылады. Бірінші данасы қылмыстық іс материалдарына тігіледі, екінші данасы қолхат арқылы кепіл берушіге беріледі. Егер кепіл беруші бірнеше адам болса, онда лауазымды тұлға растаған хаттаманың көшірмесі олардың әрқайсысына беріледі.

Хаттамадан басқа қылмыстық іске соттың депозитіне кепіл енгізу туралы құжат, кепіл ретінде алынған жылжымайтын мүлікке, автокөлік құралдарына және басқа да мүлікке құқық беретін нотариалды расталған құжаттар, олардың құнын растайтын құжаттар, сондай-ақ кепілді соттың сақтауына өткізуді растайтын құжаттар тігіледі.

Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдаған орган кепіл берушінің еңбекке қабілетті екеніне көз жеткізу керек.

13. Кепіл аумақтылығы бойынша соттың депозитіне енгізіледі. Кепіл енгізілген кезде сот тиісті құжат (кассалық кіріс ордері, төлем тапсырмасы) береді. Егер кепіл ретінде бағалы заттар енгізілсе, онда оларды сақтау нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 658 болып тіркелген, "Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау, сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер жөніндегі және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 12 қарашадағы № 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл-ғы 1 желтоқсандағы № 1043, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы № 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 111 бірлескен бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес заттай дәлелдемелерді сақтау сияқты жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелді басқарудың мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жүйесінің теориялық және тәжірибелік негіздерін жетілдіру
«ЦентрКредитБанкі» АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Коммерциялық банктердің несие портфелі
ҚР банктік несиелеу жүйесі
Банк операцияларын лицензиялау
Коммерциялық банктердің несиелік cаясатын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz