Ағын судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Микрбиология кафедрасы
Бітіру жұмысы
АҒЫН СУДАН БӨЛІНІП АЛЫНҒАН ГЕТЕРОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ
Орындаған:
4 курс студенті Имадиева А. М.
Ғылыми жетекші:
б. ғ. к., доцент Абдиева Г. Ж.
Норма бақылаушы: Бектилеуова Н. К.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді,
б. ғ. д., профессор Мукашева Т. Ж.
Алматы, 2011
КІРІСПЕ
Экологиялық биотехнологияның маңызды мәселелерінің бірі судың қорын сақтау, су қоймаларының әртүрлі ластағыштармен ластануының алдын алу және ағынды суларды тазарту болып табылады. Қалалардың және өндіріс орындарының өсуі, ауылшаруашылық интенсификацияның ауқымдылығы көп мөлшерде суды қажет етеді. Жер бетіндегі күнделікті барлық судың шығымы 3300-3500 км, оның ауыл шаруашылықта- 70% пайдаланады. Химиялық, целлюлозды-қағаз, энергетикалық өндірісте, қара және түсті металлургияда және тұрмыстық қажеттіліктерде судың көп мөлшері қолданылып, ағын суға айналады. Осы сулардың көп мөлшері қолданғаннан кейін өзендерге, теңіздерге, суқоймаларға ағын су ретінде құйылады [1] .
Қазақстанның барлық территориясында қазіргі таңда көптеген тұрғылықты жерлермен өндіріс орындарының ағынды сулары табиғи және жасанды су қоймаларды ластауы бірден - бір кең таралған өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен су құбыр жолдарымен және жоғары тиімді тазалау құрылғылары қолданыла отырып, биологиялық әдіспен тазалаудың маңызы жоғары [2] .
Қалдық суларды тазалау құрылымдарында органикалық қосылыстарды толығымен биологиялық ыдырату микроорганимдер, балдырлар және саңырауқұлақтар көмегімен жүзеге асырылады. Бұл микробиоценоз өкілдері бір-бірімен күрделі қарым-қатынастар (метабиоз, симбиоз, антогонизм, т. с. с) арқылы біртұтас кешен түзеді. Мұнда бастапқы орынды бактериялар алады, яғни бактериялардың түрлік құрамы ағын судағы органикалық заттарға байланысты. Тазалау құрылымдарының микробиоценозында автотрофты топтарға қарағанда гетеротрофты бактериялар доминантты болады [3] .
Ағынды сулардың құрамы орналасу орнына, шығу тегіне байланысты әртүрлі. Құрамындағы ластағыш органикалық заттарды деструкциялау үшін микроорганизмдер қауымдастықтары пайдаланылады. Ағын сулардың ластануы бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр [4] .
Сондықтан, жұмыстың мақсаты ағынды судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау және ағын суларды фенол, фенол қосылыстарынан тазарту мақсатында бос және иммобилизденген клеткаларын пайдалану мүмкіндігін зерттеу.
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Ағын сулар құрамы және классификациясы
Ағынды суларға адам баласының іс - әрекеті нәтижесінде қасиеті бұзылған, өнеркәсіп орындарының маңайынан және тұрғылықты жерлерден су құбыры арқылы шығарылатын сулар мен атмосфералық тұнбалар жатады. Ағынды сулар тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластанған болады. Ағын су құрамындағы органикалық заттар су қоймаларына және топыраққа түсіп, жиналып, су қоймалардың және атмосфераның санитарлық жағдайын төмендетумен қоса түрлі аурулардың пайда болуына әкеледі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығы мен жаңаруын жүзеге асыруда ағынды суларды тазарту өзекті мәселелердің бірі болып отыр [4] .
Ағынды сулар тұрғылықты жерден және өнеркәсіп орындарынан шығуына байланысты келесі белгілер бойынша классификацияланады:
1. Шығу көзіне байланысты:
Тұрмыстық ағынды сулар тұрмыстық құбыр жүйесі немесе жалпы канализация арқылы шығарылатын ағынды сулар. Оларға шаруашылық - фекальды ағынды сулар, тұрғын үйлер мен тұрмыстық ғимараттардан, моншалардан шығарылатын сулар жатады. Тұрмыстық ағынды сулар көбнесе көшелердегі қалдық қоқыс жуғыш заттармен және экскременттермен ластанады. Олар суда суспензияланған қатты заттардың көп бөлігі целлюлозалық қосылыстар болып келеді, ластағыш органикалық компоненттерге май қышқылдары, көмірсулар және белоктар жатады.
Өнеркәсіптік ағынды сулар пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын технологиялық процесс нәтижесінде пайда болатын, өндірістік жүйе немесе жалпы су құбыры арқылы шығарылатын ағынды сулар.
Атмосфералық ағынды сулар жаңбырлы және қар, мұз еруінен пайда болатын ағынды суларды ерігіш деп бөлінеді. Атмосфералық ағынды сулар жалпы су құбыр жүйесімен ағады. Өндірістік ағынды сулардың құрамы атмосфералық және тұрмыстық ағынды судың құрамына қарағанда тұрақты болмайды. Эпидемиялық жағынан қауіпті ағынды суларды келесі топтарға жіктейміз: ауылшауашылық - тұрмыстық ағынды сулар; қалалық аралас немесе өнеркәсіптік-тұрмыстық ағынды сулар; инфекциялық ауруханалардың ағынды сулары; жануарлар мен құстарды баптайтын фермалардың ағынды сулары [5] .
Ағын сулардың құрамындағы ластағыштар әр деңгейде болады. Сондықтан ағынды сулар құрамындағы ластағыштарға байланысты келесі топтарға жіктелінеді. Ағынды сулар құрамындағы ластағыш заттарға байланысты екі топқа бөлінеді: консервативті және консервативті емес. Кронсервативті ластағыштар химиялық реакцияларға ақырын түседі. Кейде биологиялық ыдырау жүрмейді де, мысалыға ауыр металдардың тұздары, фенолдар, пестицидтер жатады. Ал консервативті емес ластағыштарға тәулік ішінде өзгерске ұшырайтын қосылыстар жатады [6] .
2. Ағын су құрамындағы ластағыш заттарға байланысты:
1. Минералды қосылыстармен ластанған ағын сулар.
2. Органикалық қосылыстармен ластанған ағын сулар.
3. Органикалық және минералды қосылыстармен аралас ластанған ағынды сулар.
Ағынды сулар ластағыштардың түріне байланысты төмендегідей жіктелінеді:
Минералды ластану ағынды судың құрамында құм, шірінді бөлшектер, руда бөлшектері, ерігіш бейорганикалық тұздар болған жағдайда пайда болады.
Биологиялық ластану ағынды сулардың микроорганизмдердің әртүрлі топтарымен зақымдануы. Ағынды суларды бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар, гельминттердің жұмыртқалары және патогенді микроорганимдер ластайды.
Органикалық ластану ағынды судың өсімдік және жануар қалдықтарының ластағыштарымен ластанған жағдайында туындайды. Өсімдік қалдықтары көміртегіне, ал жануар қалдықтары азот элементіне бай тірі тіндерді қалдықтарынан тұрады. Органикалық ластану микроорганизм өсіп дамуы үшін қолайлы орта болып табылады [7] .
Өнеркәсіптік ағынды сулар ластағыштардың концентрациясы бойынша жоғары концентрациялы және төмен концентрациялы болып, ал рН - қа байланысты аз агрессивті және жоғары агрессивті болып топтастырылады. Тұрмыстық ағынды сулардың құрамы бір типті. Қазіргі таңда тұрмыстық ағынды сулардың ішінде құрамы тазалау түрлеріне шипажайлардың, демалыс аймақтарның, кейбір екі қабат үйлердің су құбырларында байқалады [6] . Тұрмыстық ағынды суларды ластайтын заттардың концентрациясының кең таралған көрсеткіштерінің бірі - оттегіне биохимиялық қажеттілік және оттегіне химиялық қажеттілік болып саналады. Оттегіне биохимиялық қажеттілік 20 - та, белгілі уақыт ішінде, ағын судың белгілі көлемі сіңіретін еріген оттегі мөлшеріне тең. Оттегіне химиялық қажеттілік - қышқылданған ыстық бихроматты калий ерітіндісінен, ағынды су үлгісінің 1 литрі сіңіретін, оттегінің миллиграмм санына тең. Суды сипаттау үшін мынадай көрсеткіштер: фосфорлы (жалпы фосфордың), азотты (жалпы азоттың) және суспензияланған ерімейтін заттардың концентрациясын анықтау қолданылады. Өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамын, олардың шығу тегі арқылы анықтайды.
Ағынды сулардың құрамы шығу көзіне байланысты әртүрлі болып келеді. Органикалық қосылыстардан мұнай және мұнай өнімдері, органикалық қышқылдар кездессе, бейорганикалық заттардан топырақ бөлшектері, руда бөлшектері, бейорганикалық тұздар, шлактар, сонымен қатар ағынды судың құрамында ауыр металдардың тұздары, фенолдар, пестицидтер, беттік активті заттардың, азот пен фосфор қосылыстарының әртүрлі деңгейде кездесетінін көруге болады. Азот формалары жалпы азот, аммоний, нитритті, нитратты формалары кездеседі. Қалалық ағынды сулардың құрамында азот және аммоний түрі кездеседі. Ағынды сулардың құрамы күрделі гетерогенді жүйені құрайды. Гетерогенді жүйе ластағыш заттардың еріген, ерімеген және коллойды формаларынан тұрады. Су қоймалардың ластануының негізгі көздері - коммуналды тұрғын үйлердің, ірі мал шаруашылық орындарының, кен өндіруде, темір жол транспорттарының, пестицидтердің көп мөлшерде түсуі. Өндірістік сулардың құрамында негізігі ластаушының біріне химиялық қосылыс фенол және оның туындылары жатады. Тұрмыста, өндірісте қолданылатын синтетикалық жуғыш заттар су қоймаларды ластайды да, кейбір тірі организмдер тіршілігіне зиянын тигізеді. Пестицидтерге келетін болсақ, олар су қоймаларға ағын сулармен түсе отырып, планктондарда, бентостарда, балықтарда жиналып, қоректену тізбегі арқылы адам организміне түседі де, кері әсерін тигізеді. Тері және целлюлозды - қағаз өндірісінің, сүт, ет, консерві және кондитер өндірісінің ағынды сулары органикалық заттармен ластанған [8] . Тұрмыстық ағын сулардағы органикалық қосылыстар белок, көмірсу, майлар физиологиялық өңдеуден өткен өнімдер түрінде кездеседі. Сонымен қатар тұрмыстық ағынды сулардың құрамында үлкен қосылыстар - қағаз, материал, өсімдік тектес қалдықтар және синтетикалық беттік активті заттар кездеседі. Бейорганикалық қосылыстар тұрмыстық ағын суларда ион күйінде К, Са, Сl, Na, Mg карбонаттары, сульфаттары кездеседі. Тұрмыстық ағын сулардың барлығыныда органогенді С, N, P, S, K элементтері әрдайым болады [9] . Көптеген зерттеулер нәтижесінде синтетикалық беттік активті заттар (СБАЗ) ластағыш заттардың негізін құрап, әртүрлі үрдістердің жүзеге асуына кедергі жасайды. Ағын суларда беттік активті заттардың кездесуі ағын суларды өңдеуде кері әсерін тигізеді. Ағын судағы БАЗ седиминтация процесін төмендеті, биохимиялық процестерді тежеп, біріншілік су тұндыру процесінің эффективтілігін төмендетіп, көбіктің пайда болуын туғызады. Биологиялық тотығуға байланысты: «жұмсақ» СБАЗ биотазалау кезінде 75-85 % жойлатын және тотығатын, «аралық» СБАЗ 60 % және «қатты» СБАЗ 60 % аспайды. Ағын сулардың құрамын сипаттау үшін үлкен көлемде әртипті химиялық, санитарлы - бактериологиялық анализдер қажет [10] .
Сонымен ағынды сулар деп адам баласының іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып, құрамы, қасиеті бұзылып, пайдалануға жарамайтын суларды айтамыз. Ағынды сулардың құрамы шығу тегіне, орналасу аймағына байланысты әр типті. Ағынды сулардың құрамында бейорганикалық қосылыстарға қарағанда органикалық қосылыстардың мөлшері көп кездеседі.
1. 2 Ағын сулардың жалпы микрофлорасының сипаттамасы және өкілдері
Ағынды сулар микроорганизмдердің тіршілігі етуі үшін қолайлы орта болып табылады. Қоршаған орта объектілерінің әрбір субстратында, сонымен қатар су және су қоймаларының, ағын сулардың өзіндік бір биологиялық және микробиологиялық қауымы болады [10] . Мұндай қауымдастықтың құрамы көптеген факторлардың салдарынан тұрақта болмайды. Ағын сулардың жалпы микрофлорасының құрамында бактериялардың, саңырауқұлақтардың, ашытқылардың, балдырлардың және қарапайымдылардың барлық токсономиялық топтары кездеседі. Су және суқоймаларында, сулы орталарда микроорганизмдер бірігіп микропланктон құрып, бір - бірімен метабиоз, симбиоз, антогонизм және коменсализм сияқты күрделі қарым - қатынастар құрып, тіршілік етеді [11] . Ағын сулардың негізігі микрофлорасын автотрофты және гетеротрофты микроорганизмдер, аэробты, анаэробты бактериялар құрайды. Ағын сулардың құрамында көп жағдайда төмендегі туыстардың бактериялары: Pseudomonas, Micrococcus, Bacillus, Sarcina, Bacterium, Proteus, Leptospirillium, Chromobacterium, Clostridium, Mycobacterium, Flavobacterium, Streptomyces және ашытқы саңырауқұлақтардың Candida туыстарының өкілдері кездеседі. Bacillus туысының өкілдерінен Bacillus cereus, Bacillus mycoides, Bacillus subtillis кездессе, Micrococcus candicansu, Micrococcus roseus сонымен қатар Bacterium aquatilis, Chromobacterium violaceum де тіршілік етеді [12] . Ағын судың микробиологиялық құрамы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ағын сулардың құрамына адамның асқазан - ішек жолының қалыпты микрофлорасының және қалыпты микрофлорамен қатар патогенді микроорганизмдердің өкілдері де кездеседі. Патогенді микроорганизмдер ауруханалар мен емханалардың және ветеринарлық мекемелерлің ағынды суының құрамында көптеп болады [13] . Патогeнді микроорганизмдерден холера қоздырғышы, тиф қоздырғыштары, сальманеллез, дизентерия, энтеровирустар, туляремиялар, туберкулез, бруцеллез қоздырғыштары, гельминттер, колибактериялар, энтерококктар, стафилакокктар, нейссерилалар, пигмент түзуші бактериялар жиі кездеседі. Ауылшаруашылық ағынды сулар өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарына бай келеді. Сонымен қатар оңай ыдырататын органикалық заттардың өте көп болумен ерешелінеді. Бұл микробиоценозды анаэробты бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер құрайды. Судың құрамында белок, еріген қанттар, пектин заттары, клечатка және басқа да органикалық қосылыстар көп болады да анаэробты шіру процесі жүреді. Органикалық заттардан бөлінетін көмірқышқыл газына, метанға, көмірсутегіне бактериялар төзімділік көрсетіп, оларды ыдыратып, өзінің тіршілік барысына жұмсайды. Ағын суда тіршілік ететін бактериялардың көпшілігі деструкциялаушы қабілетке ие. Ағын судың негізігі микрофлорасына нитифицирлеуші, аэробты облигатты бактериялар кіреді. Негізінен табиғатта кездесетін суқоймаларының микрофлорасы аутохтонды және аллахтонды деп екі топқа топтастырылады [14] . Аутохтонды - тұрақты сол жерде тіршілік ететіндер, ал аллахтонды - ластану нәтижесінде түсіп, аз уақыт тіршілік ететін микрофлораны айтамыз [15] .
1. 3 Ағын суларды биоремедиациялауда микроорганизмдердің рөлі
Ағын суларды тазалау - құрамындағы ластаушы заттарды жою және бұзу, патогенді организмдерді жою және залалсыздандыруды айтамыз. Ірі өндіріс орталықтарында, халқы көп қалалық жерде түрлі қалдықтардың көп болуына байланысты су едәуір ластанады [16] . Сондықтан алдын ала тазартылмаған суларды су қоймаларына, өзендерге ағызуға тыйым салынған. Қазіргі кезде елімізде су ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану мәселесі назарға алынып отыр. Экологиялық биотехнологияның маңызды мәселелрінің бірі осы- ағынды суларды тазалау болып отыр. Негізінен ағынды суларды тазалау әдістерінің бірнеше түрлері бар. Механикалық әдіс. Бұл әдістің мақсаты - ағын судан фильтрация және басқа да процестер арқылы механикалық қоспаларды бөлу. Механикалық әдіс фильтрация, еріту инерционды бөлу процесіне негізделініп жасалынады. Химиялық әдіс. Ағынды суды әртүрлі реагенттермен өңдеп, қосылыстарды бөлу мақсатында қолданылатын әдіс. Физико- химиялық әдіс. Бұл әдісті жұқа дисперсті және еритін бейорганикалық қосылыстарды, сонымен қатар жай тотығатын заттарды жою үшін қолданылады. Физико- химиялық әдістің ішіне: электролиз, сорбция, тотығу, экстракция, ион алмасу, хроматография, ультра дыбыс т. б процестер кіреді. Ағынды суларды тазартудағы ең маңызды әдіс - биологиялық әдіс болып табылады. Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдер көмегімен ағын сулардың құрамындағы ластағыштарды жоюға негізделген [17] . Биодегредация (биобұзу) - бұл микроорганизмдер көмегімен ластағыш органикалық қосылыстардың ыдырауы. Органикалық қосылыстардың ыдырау дәрежесі әртүрлі: биотрансформация немесе зат құрылысының өзгеріске ұшырауы, қарапайым бір көміртегілік заттарға ыдырауы. Биологиялық тазартудың негізгі міндеттері органикалық көміртегін жою, аммиак тотығуы және ағын сулар қабылдайтын табиғи суда оттегі шығынының алдын алу үшін еріген, байланысқан азотты жою. Қалдық ағынды сулардың құрамы әртүрлі болғандықтан ыдырау дәрежесі де әртүрлі. Ағынды суларды құрамындағы ластағыш заттардан биологиялық тазалау кезінде аэробты және анаэробты өңдеу процестері жүргізіледі. Биолгиялық тазалауда жұқа қабығы бар биофильтрлер, биологиялық құрылғылар соның ішінде микроорганизмдердің белсенді лайы бар аэротенктер және де метантенктер қолданылады. Аэротенк- ағынды суларды аэробты өңдеу үшін қолданылатын тік темір бетоннан тұратын үлкен резервуарлы реактор. Биофильтрлер - микроорганизм колониялары бар биологиялық қабықтан тұратын ағынды суларды сүзіп, тазартатын құрылғылар. Биологиялық тазарту үрдісі екі кезеңнен тұрады:
1. Тұнған ағынды судың ауа оттегісімен және аэротенкада активті лай микроорганизмдерімен өзара әрекеттесуі.
2. Тазартылған, түссіздендірілген ағын суды ауасыздандырылмаған тұндырғышта белсенді лайдың бөлшектерінен бөлу, белсенді лайдың тығыздануы. Активті лай дегеніміз: органикалық ластанулардың ыдрауы үшін қажет ферменттердің әртүрлі тобын құрайтын микроорганизм биомассасын (негізінен аэробты және анаэробты бактериялар) ; адсорбциялық қабілеттілікке ие микроорганизмдердің иммобилизацияланған клетканың үлкен беткейінің болуын; микроорганизмдердің адгезивтілігімен байланысты флокулалардың (бактериялардың қалқыған, оңай тұнатын агрегаттары ) тұрақты түзілуі. Активті лайда микроорганизмдердің 3 тобы бар:
1. Көміртегіні тотықтыратын флокула түзетін бактериялар.
2. Көміртегіні тотықтыратын жіпшелі бактериялар .
3. Бактериялар - нитрификаторлар. Жіпшелі бактериялар Leucothrix, Thiothrix айналасында флокулалар түзілетін негіз құрайды. Бірақ бұл микроорганизмдердің артық мөлшері керексіз көбік түзіліуіне әкеледі. Нитрификаторлаушы бактерияларға - Nitrosomonas, Nitrobacter туысының өкілдері жатады. Сонымен қатар активті лайдың микроорганизмдері келесі мынадай топтарға жіктеледі.
1. Гидролитикалық бактериялар, әдетте оларды ацидогенді деп атайды, себебі олар субстраттың бастапқы гидролизін органикалық қышқылдарға және т. б төмен молекулаларға дейін ыдырауын қамтамасыз етеді. Гидролитикалық бактерияларға Zoogloea, Acetobacterium, Eubacterium, Clostridium, Bacteroides, Bifidobacterium, Peptococcus, Streptococcus туыс өкілдері жатады.
2. Гетероацетогенді бактериялар, сірке қышқылын және сутегін түзеді. Оларға Synthrobacter wolini, Synthrophomonas wolfii бактерия өкілдері жатады.
3. Метаногенді бактерияларға метан түзуші Methanbacterium, Methanspirillium, Methanococcus, Methanothrix бактериялар жатады. Метаногенді бактериялар хемолитотрофтыларға жатады да, сірке қышқылын, көмірқышқылын метанға түрлендіреді. Негізінен метанның 70-75% сірке қышқылынан тұрады. Сонымен қатар активті лайдың негізгі өкілдеріне Pseudomonas, Bacillus, Nitrobacter, Aeromonas, Nocardia, Rhodococcus, Leucothrix, Thiothrix, Flavobacterium, Mycobacterium, Micrococcus, Actinomyces, Thiobacillus - тар жатады. Активті лайдың маңызды бір өкіліне Zoogloea ramigera бактериясы жатады. Оның негізгі бір қасиетіне ортаға гель түзетін полисахаридтерді синтездеу және сыртқа бөлу. Ортада мұндай гельдің болуы микроорганизмдердің агрегациялануына және мақта тәріздес қосылыс флокула, яғни активті ил түзілуіне әкеледі [12] . Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдық ағынды суларды тазалау кезінде аэротенкте аэробты жағдайда еріген ораникалық фосфордың формасы Maraxella, Artrobacter, Bacillus subtilis бактериялардың көмегімен ортофосфат түріне минерализацияланады. Активті лай бактериялары өздерінің клеткаларында еріген фосфор түрлерін жинай алады. Негізінен әдебиеттерде фосфор жинаушы бактерия ретінде Acinetobacter қарастырылады. Бірақ активті лай микрооорганизмдерінің ішінде мұндай бактериялар жетерлік. Мысалы: Pseudomonas, Aerobacter, Beggiatoa, E. coli, Aeromonas, Zoogloea, Klebsiella, Enterobacter, Moraxella, Mycobacterium т. б өкілдер жатады. Acinetobacter calcoacltiaes фосфордың көп млшерін жинауға қабілетті [3] .
Өнеркәсіптік ағынды суларды құрамындағы ластағыш заттардан тазарту мақсатанда Қ. А Тасқараева өнеркәсіптік ағынды суларды хлоридтер мен фосфаттардан тазартауда тионды бактериялардың қызметін қарастырып, зерттеу жүргізген. Жұмыстың негізгі мақсаты - ірі өндіріс орындарының ағынды суларын Thiobacillus ferrooxidans БИТ-1 штамы көмегімен тазарту болған. Ағын суларды биологиялық жолмен тазалау әдістерін қолданудың мүмкіндіктерін анықтау үшін лабораториялық анықтау жүргізген. Зерттеу барысында Оңтүстік Қазақстандағы уран кен орыныдары бірінің рудалары суынан алынған Thiobacillus ferrooxidans БИТ-1 штамы қолданылған. Зерттеу нәтижесі хлоридтер мен фосфаттардың бастапқы мөлшерінен азайғанын көрсетеді. ОҚО өндіріс орындары ағын сулары құрамындағы хлорид иондары 96, 1%-ға, фосфат иондары 96, 7%- ға төмендегені байқалған. Сонымен, Thiobacillus ferrooxidans бактериалды сұйықтығын мұнай- химиялық өндіріс орындарының ағын суларын хлоридтер мен фосфаттардан тазартуда пайдаланудың тиімділігі анықталған [18] .
Ғалымдардың зерттеулерінде Алматы қаласының тазарту орындарында активті лайдың жағдайын көрсететін басымдылық және тежегіш организмдер анықталған. Активті лайдың 70% тірі микроорганизмдерден тұрса, 30 % табиғаты қатты бейорганикалық заттардан тұрады. Сонымен зерттеу нәтижесінде Алматы қаласының тазарту орындарында активті лайдың биоценозын Грамм- теріс, спора түзбейтін, пішіні таяқша тәрізді бактерия өкілдері құрған. Басымдылық көрсететін бактериялар Pseudomonas, Micrococcus, Flavobacterium, Bacillus, Actinomyces және ашытқылардың мынадай түрлері Kluyveromyces, Metschniikowia, Torulopsis, Phaffia анықталған. Осы бактериялардың ішінде көмірсутегін тотықтыруға Pseudomonas, ашытқылардың Metschniikowia, Torulopsi түлері қабілетті. Тежегіш организмдердің қатарына мына өкілдер: жіпшелі балдырлар, инфузорияның түрлері, шұбалшаңдар, сонымен қатар су шаяндарының түрлері анықталған [19] .
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕР
2. 1 Материалдар
Агар-агар. Агар-агар қоректік орталарға қатты күй беру мақсатында қолданылады, теңіз балдырларынан алынатын күрделі полисахарид. Микроорганизмдер агар-агарды қоректік зат ретінде пайдаланбайы Суда агар-агар 100 еритін, ал 40 температурада қататын гель түзеді. Агарлы қатты қоректік ортаны қайнап тұрған су моншасында ерітеді [20] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz