Қазақстан Республикасындағы кеден ісі


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ . . .

1. 1 Кеден ісін басқарудың ұйымдық экономикалық нысанда-ры . . .

1. 2 Кеден қызметінің ұйымдық құрылымы . . .

1. 3 Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі . . .

1. 4 Қазақстан Республикасы кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі . . .

2 ТАРАУ. КЕДЕН РЕСІМДЕУІ ЖӘНЕ КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ- ҚАЗЫНАЛЫҚ БЕРНЕНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ . . .

2. 1 Кеден ресімдеуі . . .

-

2. 2 Кеден бақылауы . . .

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ІСІН БАСҚАРУ . . .

3. 1 Кеден органдарының негізгі міндеті . . .

3. 2 Кеден органдарының негізгі мақсаты . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму концепциясы негізіндегі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты міндеті келесідей болып табылады: “Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің алдағы қызметінде келесідей бағыттарды анықтайды: тұрақтылықты сақтау және ұлттық қауіпсіздік негіздерін нығайту” 1 .

“Негізгі басымдық ретінде Қазақстанның егемендігін және аумақтық тұтастығын, сонымен қатар ел қауіпсіздігін сақтай отырып, Республика Үкіметі ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық және ақпараттық компоненттерін нығайту бойынша қызметін жандандыруды көздейді” 2

Бағыттардың бірі болып ҚР кеден органдарының ұйымдық нысаны табылады.

Өз мазмұнына қарай кеден жүйесі, экономикалық және кеден саясаты құралы ретінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімділігін арттыруға және жүзеге асыруға мүмкіндік туғызуы керек.

Кеден жүйесі-әртүрлі мемлекеттер, мемлекет пен салықтөлеуші арасындағы, мемлекет, региондар қызметтерін қаржылай қамтамасыздандыру туралы жеке салықтөлеушілер арасындағы, жәнеде осыған қатысатын кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастың күрделі, өзара байланысты жиынтығын көрсетеді.

Осы өзаара қатынас үйлесімді болған сайын, кеден жүйесінің елдің экономикалық саясаты тиімділігіне белсенді ықпалы жоғары болады.

Кеден жүйесінің белсенділігі негізінен оның екі бернесінің орындалуымен айқындалады: қазыналық және реттеуші. Кеден органдарының қазыналық бернесі, елге экономикалық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыздандыратын мемлекеттік ақша табысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кеден жүйесінің реттеуші бернесі, салық төлеушілер алдындағы мемлекет міндетін көрсете отырып, экономиканың бір қалыпты және оң дамуын қамтамасыздандыра отырып, оған жүйенің ынталандырушы ықпал ету қабілеттілігін сипаттайды.

Бәсекеге жарамдылықты жоғарылатуда бақылаушы, қайта болуші және ынталандырушы бернелерді іске асыруда кеден жүйесінің мүмкіндігі өте зор. 3 Кеден жүйесінің көрсетілген бернелері кеден саясаты, оплоттар мөлшері мен мөлшерлемелері, жеңілдіктер жүйесі арқылы байқалады. Реттелінген кеден жүйесінде оның барлық бернелері кешенді іске асады.

Дегенмен, әрбір белгілі кезеңде экономикалық саясаттың мақсатына, міндетіне, құрылымына сәйкес басымдық кеден жүйесінің не реттеуші бернесіне, не болмаса қазыналық бернесіне беріле алады. Үйлесімді кеден

Казахстан-2030. Послание Президента

2 Казахстан-2030. с. 98

3 Закон РК “О тамож. ”

саясатының, оның елдің тұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыратын құрама болу қабылеттілігінің түйіні осында жатыр.

Қазіргі кеден жүйесі Қазақстанда 90 жылдардың басында енгізілді.

Совет Одағы тұсында әрекетте болған кеден жүйесін тез және түпкілікті өзгерту қажеттігі Қазақстандық экономикада жарықтық қатынастың қалыптасуына, экономикалық саясаттың өзгеруіне себеп болды. Нарыққа өту кезінде экономиканың ырықтануын, оның ашықтығын және кез-келген құралмен макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу жеткілікті, ал сонсоң нарық барлық проблеманы автоматты түрде шешеді деп есептелінді: кейбір экономистер сол уақытта-ақ мұндай ойдан алыс болуды жөн көрді, Қазақстан үшін реформаны жоспарлы-нарықты бағытта жүргізу ең дурысы деп есептеді, бұл Жапонияда, Қытайда және басқа елдерде орын алады, іс жүзінде Қазақстан экономикасының бай тәжірибесі мен өзіндік ерекшелігі талап етілмей қалды. Осының бәрі кейіннен реформаның өтуіне теріс ықпал етті.

Теория жүзінде нарыққа өтуді жүргізу кезінде Батыс Еуропа елдерінде қолданудағы кедендік заңдарды жай көшіріп алуға болатын еді.

Дегенмен, Батыс Еуропа елдерінің кеден жүйелері нарықтың ондаған жылдар жұмыс істеуі нәтижесінде қалыптасқан, салыстырмалы тұрақты экономикада әрекет етеді (инфляция қарқыны төмен, өндіріс көлемі жоғары, тұрақты экономикалық құрылымды) . Мұндай экономикалық жағдай, Қазақстанда нарықтық реформа жүргізу басында болған жоқ. Сондықтан, нарықтық қатынастың жоғары дамыған жүйесі үшін жарамды және ұзақ эволюциялық дамуға негізделген батыс тәжірибесін механикалық турде алу Казақстан экономикасы күйімен елелінбейді, мұнда нарықтық қатынастар “талықсытпалы” режимде қалыптасады, ал нарық құрылымын қалыптасқаннан көрі, өтпелі деп атауға болады.

Нарыққа қалайда өту керектігі жаңа кеден жүйесі туралы, оның қызметін регламенттейтін, осы жүйені басқару мүмкіндігін беретін, жәнеде қажетті кеден механизмін құруға мүмкіндік беретін ережелер мен нұсқамалар туралы заң қабылдауды талап етті: Казақстандық жағдай үшін 90 жылдардың басында, кеден жүйесі америкалық үлгі бойынша сайланды.

Қазіргі кезде кедендік органдар жүйесі- сыртқы экономикалық қатынастарды бақылауды жүзеге асыратын негізгі органдардың бірі.

Жоғарыда айтылған мәліметтер негізінде осы жұмыстың негізгі мақсаты-кеден органдарының қалыптасу принциптерін, оның кеден ресімдеуі және кеден бақылауы бойынша негізгі беркелерін зерттеу және соның негізінде кеден жүйесінің жетілдірілу жолдарын межелеу болып табылады.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер шешуін тапты:

1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының ұйымдық-экономикалық нысандарын баяндау;

2. Кеден жүйесіндегі Қазақстан Республикасының заңдық актілерін зерделеу;

3. Кеден саясатының 2002 жыл кезеңіндегі концепциясын зерделеу;

4. Оның кеден ресімдеуі және кеден бақылауы бойынша бернелерін қарастыру;

5. 2002 жылдағы кеден органдарының қызметін талдау.

Жұмысты жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті актілері, кеден органдары қызметшілерінің қызметтік міндеттері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыс Министрлігің Кедендік бақылауының кеден бақылауын және кеден ресімдеуін жүргізу бойынша негізгі нусқамалары қолданылды.

1 Тарау. Кеден органдарының құрылымдары.

1. 1 Ұйымдық-экономикалық нысандар

Кеден ісінің жалпы басшылығын ҚР Министрлер Кабинеті іске асырады.

ҚР кеден ісінің тікелей басшылығын ҚР орталық кеден органы жүргізеді.

ҚР орталық кеден органы заңды тұлға болып табылады және өз құзыреті шегінде әрекет етеді.

ҚР орталық кеден органы туралы ереже ҚР Министрлер Кабинетімен бекітіледі.

ҚР орталық кеден органында алқа құрылады. ҚР орталық органының басшысы ҚР Президентімен тағайындалады.

ҚР Кеден органдары келесідей негізгі міндеттерді шешеді:

-ҚР кеден саясатын әзірлеуге және жүргізуге қатысады;

-ҚР заңдары мен кеден істері бойынша заңдарын сақтауды, кеден ісін жүргізу кезінде азаматтар мен ұйымдар мүддесі мен құқығын қорғауды қамтамасыздандырады;

-өз құзыреті шектеулерінде ҚР экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық мүддесін қамтамасыздандырады;

-сауда-экономикалық қарым-қатынастардың кеден реттеуші құралын қолдануды;

-кеден төлемдері мен салықтарын өндіріп алуды;

-ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын әзірлеуге қатуды;

-ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде рұқсат беру тәртібін сақтауды қамтамасыздандыруды;

-ҚР кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты контрабандамен және кеден ісі саласындағы қылмыспен, кеден ережесінің және салық заңдарының бұзылуымен күресуді, ҚР кеден шекарасы арқылы есірткі заттардың, есуастандырғыш заттардың, қару-жарақтың, ҚР және шетел халықтарының көркем сурет, тарихи және археологиялық заттарын, зиялы жеке меншіктін объектілерін, жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліптерімен дериваттарын, басқада тауарлардың заңсыз айналымын болдырмауды, сонымен қатар ҚР аэропорттарында халықаралық азаматтың авиациясы қызметіне заңсыз араласуды болдырмауды және халықаралық терроризммен күресте жәрдемдесуді;

-кеден ресімдеуі мен кеден бақылауын іске асуруды және жетілдіруді, ҚР кеден шекарасы арқылы тауарайналымын қарқындатуға ықпал ететін жағдай жасауды;

-ҚР сыртқы сауда кеден статистикасы мен арнайы кеден статистикасын жүргізуді;

-сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасын жүргізуді;

-ҚР сыртқы экономикалық байланысының дамуына жәрдем етуді, жәнеде осындай байланыс шеңберінде ұйымдар мен азаматтар қызметіне жәрдемдесуді;

-мемлекеттік қауіпсіздікті, халық адамгершілігін, адам өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша, қөршаған ортаны, жануарлар және өсімдіктерді қорғау, әкелінетін тауарлардың республикалық тұтынушылары мүддесін қорғау бойынша шараларды жүзеге асыруға жәрдеметуді;

-ҚР мүддесі үшін өмірлік мәні бар стратегиялық және басқада материалдардың әкетілімін бақылауды іске асыруды;

-өз құзыреті шеңберінде валюталық бақылауды жүргізуді;

-ҚР кеден ісіне қатысты бөліміндегі халықаралық міндеттерін орындауды, кеден ісімен байланысты ҚР халықаралық шарттарын әзірлеуге қатусуды, шетел мемлекеттерінің кеден және басқа құзыретті органдарымен, кеден ісінің мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуді;

-кеден ісі саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын және кеңес беруді жүргізуді; мемлекеттік органдар және ұйымдар үшін осы саладағы мамандар біліктілігін жоғарылатуды және дайындауды, қайта дайындауды жүргізуді;

-кеден мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарына, ұйымдар мен азаматтарға ақпаратты бекітілген тәртіпте жеткізуді;

-кеден органдарының тұтас қаржы-шаруашылық саясатын, материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын өркендетуді жүзеге асыруды.

  1. Кеден органдарының ұйымдық құрылымы.

Кеден органдары өз бернелерің Қазақстан Республикасы “Казақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы”, заңының “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” заңының, “Казақстан Республикасы Үкіметі туралы” Конституциялық заңының және бірқатар басқада заңдар мен нормативті актілер негізінде жүзеге асырады.

“Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы” Конституциялық заң, “Казақстан Республикасының кеден ісі туралы” ҚР заңы негізінде Казақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрама бөлігі болып табылатын тұтас кеден саясаты жүргізіледі. Кеден саясаты мемлекеттік билікті орталық орындаушы органдарын жургізуге жатады. “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” заңына сәйкес, мемлекет атынан кеден бақылауы мен кеден ресімдеуін жургізуге уәкілетті мемлекеттік орган ретінде, ҚР мемлекеттік табыс Министрлігіне кіретін, Қазақстан Республикасы кеден қызметі құрылды. Кеден органдарының қызметі осы заңның және 1. 01. 2002 жылы қолдануға енгізілген Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы кеден органдары бірыңғай кеден жүйесін құрайды. Бірынғай кеден жүйесі дегенімізді, кеден ісі саласында олардың алдына қойылған міндеттері мен құзыреттеріне сәйкес кеден органдарының сатылы тұрғызылған жиынтығы деп түсінуге болады. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы атқарушы өкіметі органдарының жалпы жүйесінің күрделі қосалқы жүйесін көрсетеді.

Кеден органдары орталық кеден органы- Кеден комитеті, жәнеде кеден басқармалары, кедендер және кеден бекеттері кіретін, бірыңғай жүйені (ст. 8) құрайды.

Қазақстан Республикасы Кеден комитеті Мемлекеттік табыс министрлігінің құрамына кіреді. Кеден органдары жүйесін Кеден комитеті басқарады. Қызмет ету жылдарында бірқатар қайта ұйымдастырулар мен өзгерістерге ұшырады.

Кеден Комитеті орталық орындаушы орган болып табылады, ҚР1 кеден органдарының бірыңғай жүйесін басқарады және кеден ісіне тікелей жетекшілік етеді.

Кеден органдары құрылымы бірыңғай жүйеден турады, оған енетіндер:

  • ҚР Орталық кеден органы
  • Кеден басқармасы
  • Кедендер
  • Кеден бекеттері
  • ҚРМТ Министрлігінін Кеден комитеті-елдегі кеден қызметін басқаратын негізгі орган. Кеден комитетінің құрылымы келесідей: Кеден комитетінің төрағасы
  • Бірінші орынбасар
  • Орынбасар
  • Көмекші
  • Төраға кеңесшісі

Комитет негізін Басқармалар құрайды:

  • Контрабанда мен кеден ережесін бұзумен күрес ұйымдастыру басқармасы
  • Кеден табыстары басқармасы
  • Кеден байланыстары басқармасы
  • Аппарат жұмысын ұйымдастыру бойынша қаржы-шаруашылық басқармасы
  • Кадрлар басқармасы
  • Сыртқы байланыстар бөлімі
  • Меншікті қауіпсіздік бөлімі
  • Кеден сараптамасын ұйымдастыру бөлімі

Кеден бақылауы басқармасы келесі бөлімдерден тұрады:

  • Кеден бақылауы ұйымынан
  • Кеден тәртіптемесі бөлімі

Контрабанда мен кеден ережесін бұзумен күрес бойынша басқармада қызмет етеді:

  • оперативтік бөлім, контрабандамен күрес бөлімі, кеден ережебұзушылығымен күрес бөлімі. Есірткімен күрестің ерекше мақызын ескере отырып, қаралып отырған Басқарма құрамында есірткі контрабандасымен күрес бөлімі және кинологиялық қызметті ұйымдастыру бөлімі құрылды.

Кеден табыстары басқармасына кіреді:

  • Сауда айналымындағы кеден төлемдері бөлімі
  • Кеден тарифі бөлімі
  • Жанама салықтар бөлімі
  • Саудадан тыс айналымдағы кеден төлемдері мен алымдарн бөлімі
  • Валюталық бақылау бөлімі

Яғни, Басқарма шаруашылық субъектілерінің (отандық және шетелдік) кеден шекарасынан өтетін тауарлардан алымдар, бажылар төлеулерін ұйымдастырумен айналысады.

Бұл бажылар мен салықтардың барлық жиынтығы мемлекет қазынасына түсетін кеден табысын құрайды.

Кеденді қорғау мен тәртіптемені басқаруды кеденді қорғау және тәртіптеуді ұйымдастыру бөлімі, арнайы бөлім, кезекші қызмет атқарады.

Құқықты қамтамасыздандыру бөлімінде заңдарды кодтандыру мен кедел құқығымен арнайы ұйымдастырылған бөлім айналысатыны қарастырылған, ал практикалық заңды істер заң бөлімдерінің жүргізуінде болады.

Толық штатты қызметкерлері бар бухгалтерия қарастырылып отырған Басқарманың ең маңызды бөлімшесі болып табылады. Келесі маңызды бөлімшесі қаржы бөлімі мен кеден органдарының қарнсы-шаруашылық қызметін талдау бөлімі болып табылады.

Қажетті бөлімшесі болып материалдық-техникалық жабдықтау, қару-жарақ, қорғану құралдары мен техникалық бақылау бөлімдері табылады.

Кеден комитеті кеден объектілерінің күрделі құрылысы бернесін өзіне алатын болғандықтан, бөлім жанынан сәйкес бөлімшелер құрылды.

Қазіргі кезде республикада 16 аймақтың кеден басқармасы мен 11 кедендер бар. ҚР ККА Орталық аппаратында қызметшілер саны 250, 10 дербес департаменттер мен басқармалардан тұрады, құрамында бөлімдер мен қызметтер жұмыс істейді. Бұдан өзге Кинологиялық орталық (40 бірлік), Оқу-әдістемелік орталықпен бірлескен Орталық кеден лабораториясы (46 бірлік) және Қаржы- шаруашылық кедені (21бірлік) бар.

Орталық кеден органының басқару қызметі бағынатын кеден органдарын басқарудың ңатаң орталықтандырылған жүйесіне бағытталған. Орталық кеден органының өз құзыретін іске асыруының негізгі нысаны-құқықтық актілер екі түрде шығарылады: кеден ведомствасы ішіндегі әрекет тәртібін орнататын ведомство ішіндегі және ведомство аралық.

Кеден бақылау агенттігі кеден жүйесінің барлық звеносымен бірігіп, қолданымдағы заңдарға сәйкес, үш негізгі берненің жүзеге асуын қамтамасыздандырады: бақылаушы, қазыналық және құқық қорғаушы. Бұрынғы Совет кеңістігіндегі қалыптасқан жүйе бойынша, кеден органдары аталған беркелерді ғана емес, жәнеде шекаралық бернені де атқарады.

Қазақстан кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көліп құралдары өтуі кезіндегі бақылаушы және қазыналық бернелерді орындай отырып, кеден қызметі сонғы жылдары мемлекет жүргізген сыртқы экономикалық саясатта өз ролін едәуір күшейтті.

Бәрінен бұрын сыртқы экономикалық қызмет үшін кесір келтірместен тиімді кеден бақылауы мен кеден ресімдеуі жүргізілуіне шекарада жағдай жасау мақсатында рұқсатнама бекеттерінің қызметін жетілдіру бойынша шаралар қолданылды.

Бұл бағытта ілеспелі болатындар:

  • кеден бақылау мен ресімдеуін қысқа мерзімде өткізуге мүмкіндік беретін, рұқсатнама бекеттерін жоғары техникалық жарақтандыру;
  • кеден органдарының тәжірибелі кадрлік құрамы;
  • көптеген кеден бекеттерін автоматтандыру;
  • СЭҚ «қайырымды» қатысушылары үшін пұрсаттылық берудің айқын жүйесінің болуы.

Кеден қызметінің, кеден делдалдары, уақытша сақтау қоймалары (УСҚ), еркін және кеден қоймалары, кеден тасымалдаушылары және бажысыз сауда дүкендері әрекет ететін кеден төңірегіндегі инфрақұрымын сапалы жаңа және қажетті элементтермен қамтамасыздандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Кеден төңірегіндегі инфрақұрылымның субъектілерінің қызметіде экспортты ынталандыруға, импорттың орынын басатын өндірістерді көтермелеуге, экономикаға инвестиция тартуға бағытталған.

Қазіргі уақытта республика бойынша барлығы 85 кеден брокерлері, 167 УСҚ, 55 кеден қоймалары, 8 еркін қоймалар 4 бажысыз сауда дүкендері жұмыс істейді. Олардың барлығында да сәйкес лицензиялары бар.

Кеден тәртіптерін ықшамдау, олардың ашықтығын қамтамасыз ету мәллелері бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Кеден тәртібінен өту уақытын қысқартатын үшкезеңді кеден бақылауының жобасы және тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу жобасы жүзеге асырылуда.

Кеден басқармалары мен кедендерде «Әкелінетін автокөлігін тіркеу» қосалқы жүйесі іске қосылған. Жузеге асуы уақытша сақтау орындарында тауарлардың есепке алынуы және қозғалысы бойынша кеден бақылауы процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін, «Уақытша сақтау қоймаларын бақылау» жобасын бағдарламалы қамтамасыз ету дайындалды.

Кеден органдарыны қызметінің ең бір өзекті мәселесі қазіргі ақпаратты технологияны автоматтандыру және енгізу болады. Бюджет қаражатының тапшылығына қарамастан 1996 жылы Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе (КААЖ) құруда халықаралық тендер өткізілді.

КААЖ жобалау және енгізу 1997 жылы басталып, 2001 жылдың тілдесінде бірінші кезегін іске қосқанға дейін жалғасты.

КААЖ жүйелі-техникалық платформасы құрамына спутникті станциялар, радиомодемдер, компьютерлік және шеткері аймақтық техникалар, серверлер, маршруттаушылар, жергілікті есептегіш желілер кіреді. 2003 жылдың басындағы жағдайы бойынша, ҚР кеден органдарында 2085 дербес компьютерлер, 832 басушы құрылғылар, 665 үздіксіз қоректену көздері, 82 спутник станциялары, 32 радиомодемдер, 115 UNIX-серверлер, 121 маршруттаушылар қолданылады.

КААЖ бағдарламалық қамтамасыздығы кеден ресімдеуі технологиялық процесін толығымен қамтуға мүмкіндік береді, кеден бекетінен орталық аппаратқа дейін барлық деңгейлерде оны жүзеге асырудың бірегей құралы болып табылады.

КААЖ 1-ші кезегін енгізу жылдарында:

  • Тауарларды ішкі транзитпен және жолтасымалдануының халықаралық конвенциясы бойынша жеткізілуін бақылау ұйымдастырылды;
  • Жүктерді кеден ресімдеуінің бірқатар типтік технологиясы іске қосылды;
  • 1997-2002 жылдардағы кеден декларациясы мәліметтерінің базасы қалыптастырылды, оның ақпараттары сыртқы сауда статистикасын қалыптастыруға (онсыз Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымына қатыса алмайды), мемлекеттік басқару органдары үшін арнайы кеден статистикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
  • бюджетке кеден төлемдерін өндіріп алудың дұрыстығы мен толық есептелуін қамтамасыздандырылды;
  • есірткі мен қару- жарақ контрабандасымен күресуде тиімді ақпараттық қолдау қамтамасыз етілді;
  • пәрменді кеден-банкі валюталық бақылау ұйымдастырылды;
  • барлық деңгейдегі кеден органдарын ақпараттық қолдау қамтамасыздандырылды;
  • кеден органдарының барлық құрылымын бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіретін телекоммуникациялық жүйе құрылды.

Қазақстан Республикасы кеден шекарасын Солтүстік-Қазақстан обласының “Жаңа жол” және Өңтүстік Қазақстан обласының “Жібек жолы” өткізу бекеттерінде кесіп өтетін автокөлік құралдарын бейнебақылаудың пилотты жобасы сыналды. Бірқатар аймақтық кеден бөлімшелерінің кеден ресімдеуі құжыраларында, СӘҚ қатысушыларына құжаттардың оларды ресімдеу кезіндегі барлық өту кезеңдерін көзбен шолып байқауға мүмкіндік беретін “Ақпараттық монитор” бағдарлама қамтамасыздығы орнатылған. ҚР кеден шекарасы арқылы тауарайналымын арттыру үшін қажетті жағдай жасау және тиімді кеден бақылауы мен кеден ресімдеуін қамтамасыздандыру бойынша басқада шаралар қабылдануда. Үкімет Қаулысымен 1997 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасушылар Одағы құрылды (Қаз АТО) . КААЖ “Жеткізу бақылауы” қосалқы жүйесі әзірленіп, енгізілді, ол тауарлардың ХДП және ДКД тәртіптері бойынша Қазақстан кеден аймағына енген сәттен арнаулы орынына жеткенге дейінгі қозғалысын автоматты бақылауды көздейді. Кеден бақылауын жүргізудің технологиялық тәсімі жаңалануда, жәнеде мүдделі министрліктер мен ведомстволармен, халықаралық ұйымдармен біріккен ынтымақтастық жүзеге асуда, ұзақмерзімді бағдарлама “Қорғанудың екінші сызығы” және басқалары жүргізілуде.

Осының барлығы кеден тәртібі ұзақтығын қысқартуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта кеден шекарасынан өтетін тауарлардың 84, 5% “күнбе күн” принципімен ресімделеді.

Дегенмен, шекаралық кеден бекеттерімен өткізу орындарының материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуын бекітпейінше, оларды кеден бақылауының техникалық құралдарымен жарақтандырмайша(КБТҚ), кеден төңірегіндегі инфрақұрылымды дамытпай тиімді кеден бақылауының болуы мүмкін емес. 161 кеден бекеттерінің 77, немесе 48%, бейімделген ұймереттерге орналасқан, әкімшілік ғимараты, тексермелеу алаңы, қоймасы, таразылы шаруашылығы және т. б. жоқ.

Қазіргі уақытта ҚР ҰҚБ шекаралық қызметінің 45 бөлімшесі кеден қызметімен бірге орналасқан, бұл жалпы кеден бекеттері мөлшерінің 57% дерлік құрайды. Қалған бекеттерде кеден органдары шекараны қорғауды дербес жүргізеді.

Одан өзге ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы №241 қаулысына сәйкес, кеден органдарына республиканың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу орындарында көшіп-қону карточкасын беру бойынша берне жүктеледі.

Шекара және кеден органдарынан өзге, бақылаушы бернені санитарлық-карантиндік қызмет(СКҚ), мал дәрігерлік-фитосанитарлық қызмет(Ауыл шаруашылығы Министрлігі), көлік бақылау органдары (Көлік және коммуникация Министрлігі) және сертификаттау (Индустрия және сауда Министрлігі) жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Кеден құқығының нормалары
Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен кеден ісін қалыптастырудың алғы шарты ретінде
Қазақстан Республикасының кеден ісінің түсінігі
Кедендік құқықтық қатынастар. Кедендік құқықтық қатынастардың мазмұны. Кеден құқығының субъектілері
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Қазақстан Республикасының Кеден қызметі: маңызы, мақсаты және міндеттері
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Арнайы экономикалық аймағының кеден заңнамасындағы өзгерістерге талдау жасау. Арнайы экономикалық аймағының кеден кодексі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz