Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
- Жоғарғы білім беру жүйесіндегі тұлға аралық қарым-қатыстың
психологиялық ерекшеліктері
1. 1. Жоғарғы білім беру жүйесінде тұлғааралық қатынас субъектілерінің
сипаттамасы . . . 17
1. 2. Оқытушылар мен студенттердің тұлға аралық қарым-қатынасы өзара
әрекеттесу формасы ретінде . . . 29
1. 3. Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қатынас
стильдері мен оның өнімділігі . . . 35
- Оқытушылар мен студенттердің тұлға аралық қарым-қатынасын
эмпирикалық зерттеу
2. 1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері . . . 37
2. 2. Зерттеудің әдістемелерінің сипаттамасы . . . 40
2. 3. Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі мен сапалық талдауы . . . 49
Қорытынды . . . 51
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 54
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздегі бүкіл білім беру жүйесі, соның ішінде жоғарғы білім беру жаңа реформалар негізінде жүзеге асырылуда. Жоғары оқу орны әлеуметтік маңызды институттардың бірі ретінде өз қабырғасындағы студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына, ішкі дүниетанымының кеңеюіне өз септігін тигізеді. Сонымен бірге, әрбір студенттің бойында өз мамандығына сәйкес оқытушылардың бейнесі қалыптасады. Студенттердің оқытушылар мен тұлғалық қатынастарындағы өзара қабылдауына сыртқы орта менқатар олардың меңгеріп жатқан кәсібінің қалыптастыратын кәсіби біліктілік ұғымдар жиынтығы әсер етеді. Себебі студент кәсіп әлеміне енген сайын оның кәсіби сана сезімі, қоршаған ортаға, болашаққа және оқытушыларға деген көзқарасы күрделі өзгерістерге ұшырайды.
Әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету керек, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей болуы керек. Қазіргі кезде қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білімберудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білімберу сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді «қалыптастыру» деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз. Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамыту іс-әректі мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.
Осы проблема Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайымен күрделене түседі. Біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістері жоғары дәрежелі мамандар дайындығын талап етеді. Қазақстан демократиялық қоғам ретінде, әлемдік білім кеңестігіне шығу және алдыңғы қатарлы дамыған 50-мемлекеттің қатарына еру бағытын айқын ұстанғандықтан білім беру жүйесін дамытудың жаңаша стратегиялық жоспарларын өңдеуді талап етеді. Осыған сай қазіргі уақыттағы білім жүйесінде бірқатар елеулі өзгерістер орын алуда.
Білім жүйесіндегі өзгерістер тек оқытушыға ғана емес, сонымен бірге студенттерге де әсер етуде. Қазіргі кезде студенттер жан-жақты сапалы білім алуға тырысады. Ал, оларға бұл мақсатқа жету үшін сапалы әрі қазіргі заман талабына сай білім беретін оқытушы қажет екені бәрімізге белгілі.
Қазақстан республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: “21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз” деп бұл мәселенің мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығының атап көрсетті.
Бұл арада жоғарғы білім беру жүйесіндегі оқытушылар мен студенттердің тұлға аралық қарым-қатынас мәселелерінің бірінші кезекті сипаты анықталады.
Зерттеу жұмысы педагогикалық психология саласынан жазылған. Жұмыс кіріспе, теориялық бөлім, эксперименттік зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындау.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - жоғарғы білім беру жүйесіндегі оқытушылар мен студенттердің тұлға аралық қарым-қатынас ерекшеліктерінің теориялық негізделуі мен оқытушылардың кәсіби бағыттылығы мен бірлескен танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру стилдерінің эмпирикалық зерттеуінің алғашқы тәжірибесінің жасалуымен сипатталады.
Жұмыстың практикалық мәнділігі - осы бағыттағы зерттеу мәліметтерін жоғары білім беру жүйесіндегі оқытушылар мен студенттердің бірлескен танымдық іс-әрекеті барысындағы жағымды тұлғалық қатынасын қалыптастыруда және ұқсас эмпирикалық зерттеулерге салыстырмалы мәлімет ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың болжамы: Оқытушылар мен студенттердің тұлға аралық қарым-қатынасының ерекшеліктері оқытушының кәсіби бағыттылығы мен бірлескен танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру стилдеріне тәуелді.
Зерттеу объектісі: Абай атындағы АлМУ-нің филология факультетінің оқытушылары мен студенттері.
Зерттеу пәні: оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қатынас жағдайлары.
Зерттеу әдістемелері:
- Тұлға аралық қатынастағы нормативті таңдауды зерттеу әдістемесі (О. И. Комиссаров) .
- Оқытушының кәсіби бағыттылығы әдістемесі
- Коммуникативтілік және ұйымдастырушылық қабілеті әдістемесі (КОС-2)
- “Менің оқытушым” әдістемесі (М. Кун, Т. Макпарлендтің “Мен кіммін?” әдістемесінің модификациясы.
Зерттеу мерзімі: 15 наурыз - 25 сәуір 2010 жыл.
Әдебиеттер саны: 54
Жұмыс көлемі: 60 бет
1. ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Жоғарғы білім беру жүйесінде тұлғааралық қатынас
субъектілерінің сипаттамасы
Педагогикалық іс-әрекет ұйымдасқан іс-әрекет жүйесіндегінің ең күрделісі-оқытушы іс-әрекеті. Сонымен бірге, оқытушының педагогикалық белсенділігін былай қарастырады: 1) ұйымдастырушы әрекет ретінде (оқу әрекетін басқару құралы ретінде), 2) студенттің немесе студенттің санасын түсінуші ретінде. Оқытушы іс-әрекетінің ең маңызды нәрсесі коммуникация және студент жағдайын түсіну болып табылады. Түсіну, яғни, бұл жерде айтылуы бойынша, басқа адамды ішінен түсіну, санамен жұмыс жасау. Қабілеттің бірнеше түрлері кездесетінін білеміз. Соның ішінде біздің атап айтып кететініміз арнайы қабілеттің бірі педагогикалық қабілет.
Педагогикалық қабілеттер деп педагогикалық іс-әрекеттің талаптарына жауап беретін және ондағы жетістікті анықтайтын тұлғаның индивидуалды психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын атайды. Қабілеттің ептіліктен айырмашылығы, біріншісі - бұл тұлғаның ерекшелігі, екіншісі - бұл педагогикалық іс-әрекеттің жеке әрекеттерін жоғарғы деңгейде орындау. Педагогикалық қабілеттің келесі турлерін бөлуге болады:
- Дидактикалық - осы арқылы оқытушы мазмұны және оқыту әдістерін ірктеуді жүзеге асырады, оқу материалын өтімді етіп ұсынады.
- Экспрессивті - бұл материалды біреудің ең жақсы эмоционалды, мәнерлі формасын табуға мүмкіндік береді.
- Перцептивті - олар студенттердің ішкі рухани күйіне енуіне жастық және индивидуалды ерекшеліктерін терең түсінуінде оқытушының өткір бақылампаздығынан да көрінеді.
- Ұйымдастырушылық - осы арқылы оқу орындарындағы тәртіп студенттің өзін-өзі басқару жұмысы қамтамасыз етіледі, студенттердің достық және біртұтас ұжымы құрылады.
- Суггестивті - бұл оқытушының студенттерге күшті еріктік әсер ету, сендіру қабілеті.
- Академиялық немесе ғылыми танымдық - олар ғылымның және іс-әрекеттің сәйкес облысынан дағды, ептілік және білімді алуға көмектеседі.
- Коммуникативті - бұл оқытушының студенттермен дұрыс және мақсатқа бағытталған қарым-қатынасты, байлаысты орнатуға мүмкіндік береді.
Адаммен қарым-қарым-қатынастың кез-келген түрі обьективті және субъективті сипаттағы күрделі заңдылықтарға сүйенеді [1] .
Тұлғааралық қарым-қарым-қатынастың алуан түрлерінің терең негізін адамдардың білуі - оның тиімді іс-әрекетінің шарты болып табылады. Бірақ, бұл білімге күнделікті, сағат сайын өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде кәсіби, азаматтық борышын жүзеге асыруға міндетті тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар және жоғары оқу орнындағы оқытушылар қажетсінеді. Тәрбие, тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы рухани қауымдастықтың нәтижесінде жүзеге асырылатын болғандықтан, мұғаліммен қарым-қатынастағы ерекше дағды мен қабілеттілікті талап етеді. Сол кезде ғана адамзатпен жиналған мәдени құндылықтар беріледі.
Оқытушы - жан-тәнімен берілуді, адалдықты, кейде құрбандықты талап ететін ең күрделі мамандықтардың бірі. Қоғам басқа мамандықтағы адамдарға қарағанда, мұғалмге жоғары талаптар қояды.
Оқытушы еңбегі - бұл:
- Студенттермен жоғары оқу орнындағы жұмысы;
- Үнемі өзімен жұмыс (білім, дағдыларды жинау және жаңарту) ;
- Өзін жүйелік бақылау (түсінікті айту) ;
- Әр түрлі қабілеттегі және сипаттағы студенттермен тұлғааралық қатынас;
- Әрқайсысы өз баласын идеалды деп санайтын, бір-біріне ұқсамайтын ата-аналармен қарым-қатынас жасау;
Оқытушы - бұл:
- Педагогикалық ұжымның мүшесі;
- Пән мұғалімдері, методикалық бірлестіктің мүшесі;
Шығармашылықпен айналысатын оқытушы - бұл шығармашыл топтық және методикалық кеңестің мүшесі.
Осы іс-әрекеттің барлығы оқытушы ең алдымен өз басында құратын қарым-қарым-қатынастың әр түрлі тәсілдері мен формаларында кездеседі. Сөйтіп, оқытушының іс-әрекетінде оның кәсіби мәдениетінің деңгейін анықтауға қиын болатын үлкен субъективизм байқалады. Сөйтсе де, индивидуалдылыққа әсер ететін қарым-қарым-қатынастың жалпы заңдылықтары мен принциптері бар. Оқытушының кәсіби қатынасы дамуының мазмұны және деңгейі оның педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнымен анықталады. Педагогикалық іс-әрекет көлемі іс-әрекет жағынан қаншалықты мазмұнды болса, соншалықты қарым-қатынас көпқырлы және әртүрлі болып келеді, яғни, педагогикалық іс-әрекет қарым-қарым-қатынастың шекаралары мен тәсілдерін анықтайды. Оның бағыттылығын, сипатын және түрлерін құрайды. Кәсіби педагогикалық іс-әрекет, оның мәдени деңгейін негіздейтін қарым-қатынасқа қойылатын талаптарды құрады.
Оқытушының кәсіби қарым-қатынасында әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты екі звеноны бөлуге болады. Біріншіден, бұл оқыту мен тәрбиелеудің бірдей мақсатын, оқытушының педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асыратын, өткеннен қалған құндылықтың, қоғамдық сипатымен қатар салынған қарым-қарым-қатынастың жалпы принциптері. Екіншіден, қарым-қарым-қатынастың индивидуалды принциптері оқытушы стилі, яғни жеке білімдер, кәсіби тәрбиелер, қабілеттер негізінде өз іс-әрекетін жүзеге асыратын оқыту мен тәрбиелеудің нақты шарттары мен мүмкіншіліктеріне тәуелді, нақты тәсілдер мен құралдардың жиынтығы.
Оқытушы іс-әрекетінің мазмұнында қандай да бір звеноның болмауы, оның кәсіби деңгейінің немесе қарым-қатынасындағы кәсіби мәдениетінің болмауын куәламайды.
Оқытушы қарым-қатынасының кәсіби мәдениеті - оның қабілетінің әлеуметтік мәнді көрсеткіші, басқа адамдармен өзара қарым-қатынасын жүзеге асыра алуы, педагогикалық іс-әрекетпен қойылған нақты тапсырмаларды шешу процесіндегі талпыныстар, сезімдер, ойлардың мазмұнын қабылдап, түсініп, игеріп бере алуы. Ал, педагогикалық іс-әрекет жағдайлардың жүзеге асуының негізінде қалыптасады. Оқытушының алдында тұрған тапсырманы сәтті шешуде қарым-қарым-қатынастың құралдары мен тәсілдерін қолданудағы шығармашылық диапозоны қаншалықты кең болса, соншалықты оның мәдениетінің деңгейі жоғары болады. Сөйтіп, оқытушы қарым-қатынасының кәсіби мәдениеті - бұл ең алдымен барлық қатынаста оқыту мен тәрбиелеудің қойылған мақсаттарына жету [2] .
Педагогикалық қарым-қатынас - творчествалық, өнімді жеткізу негізінде дағдылар мен білімдерді беру ретінде өз мазмұнын міндетті түрде қосатын рухани іс-әрекеттің түрі, сонымен қатар үнемі жаңаны құру - еркін, адамгершіліктік, гуманды, творчествалық, бейімді адам тұлғасын қалыптастыру. Бұл жағдай Оқытушының кәсіби қарым-қатынасы үшін анықтаушы болып табылады және тұлғаның дамуын басқара алуы (қажетті білім көлемін құру, анықталған әлеуметтік бағдарларын нығайту, еңбекке пайдалы дағдылар жинау) оны мұғалім етеді.
Оқытушы кәсібилігінің маңызды белгісі студенттерді тәрбиелеу мен оқытудың қандай да бір түрін қолдана отырып, олардың әрқайсысына өз жеке қатынасын көрсете алу қабілеті болып табылады. Студенттерді тани алуы, олардың қылықтарын дұрыс бағалауы, олардың мінез-құлқына адекватты жауап беруі, олардың жеке қабілеттеріне жауап беретін тәрбиелеудің әдістер жүйесін таңдауы - оқытушының кәсіби компетенттілігінің көрсеткіші. Жеке бағыттың иілгіш құралдар арсеналын игеру қарым-қарым-қатынастың танымдық қызығушылықтар және тәрбиелеушінің мінезіне айналса, онда мұғалім әрбір оқушыны жақсы біліп, олардың әрқайсысымен дұрыс қарым-қатынас құрып, қойылған тапсырмаларды шешуге жеткен жағдайында болады. Кәсіби қарым-қарым-қатынастың бұл деңгейі тактикалық құралдар мен тапсырмалардың негізділігін, бірізділігін болжайды.
Кәсіби қарым-қатынасқа оқытушының кәсіби міндетімен сәйкес қоғамның нақты әлеуметтік жағдайлары және талаптарымен негізделген тілектерін, талпыныстарын басқара алуы тән. Осының күшімен “оқытушы - студент” жұбының өзара қарым-қатынасының қалай құрылатынын ескеру маңызды. Оқытушы жағынан әділетсіздік, авторитарлық көрсету оқушыда келіспеушілік пен протестті шақырады. Қандайда бір уақыт аралығына ғана оқытушы сыртқы тыныштыққа қол жеткізеді, бірақ ол құрмет көрсету, ішкі қажеттілік емес, уақытша сипаттағы конформдылыққа ие болады. Тек деклоративті емес, шынайы гуманизм, құрмет көрсету, сыйлау, демократизм, адалдық және теңдік мұғалімді жетістікке әкеледі және оның кәсіби мәдениетінің көрсеткішіне айналады.
Оқытушының кәсіби мәдениетінің тағы бір маңызды көрсеткіші - студенттердің ұжымшылдығын құру үшін әр түрлі тұлға аралық байланыстарды қолдану. Жеке және ұжымдық қызығушылықтардың үйлесімділігі үшін негізін іздеп және таба алатын біртұтас ретінде студенттердің ұжым мен өзара қатынасын студенттермен құра алуы ерекше мәнге ие. Идеалды жағдай - өз көз алдынан бір студентті жібермей оқытушының ұжыммен қарым-қатынасы [3] .
Қарым-қатынаста барлық студенттер тең құқылы серіктес бола алатын екі жақты процес ретінде қарастыру қажет. Бұл деңгейге жетудің қиындығы өмір сүру образының, тәрбиенің, мінездің, қабілеттің, дайындықтың әр түрлі деңгейімен шақырылған кедергілерді игеруден тұрады.
Әлеуметтік құндылықтардың жүйесі ретінде оқытушының қарым-қатынас жасау әрекеті педагог маманының жалпы сипатымен байланысты кейбір үнемі болатын белгілермен ерекшеленеді, бірақ сол уақытта оқытушы қарым-қатынасы иілгіш болып, үнемі жаңа тәсілмен, құралдармен жаңартылады. Оқытушы қарым-қатынасының кәсіби мәдениеті адекваттылық деңгейімен де анықталады. Кәсібилік өнерде өз мүмкіндігін сыбайласының мүмкіндігімен өлшеп көруі, өз тәжірибесін екіншісімен салыстырып көруден байқалады. Сол кезде кез-келген қарым-қатынас түрінде ол осы процестің бастапқы, негізгі, бағдарлаушы жағы болып қалады. Қазіргі кездегі өмір, оқытушыдан сабақ беретін оқу дисциплинасы аумғында білімдерді толықтыруды, ғылым мен тәжірибенің көптеген басқа да аумақтарында жан-жақты эрудицияны, әр түрлі ептілік пен дағдыларды талап етеді. Кәсіби іс-әрекетті оқытушыдан максималды шыдамдылықты, бірізділікті, принципиалдықты, табандылықты, тәртіп сақтауды талап етеді.
Педагогқа ерекше адамгершіліктік-психологиялық қасиеттер қажет: студенттерге деген махаббат және мейірімділік, ақыл-кеңес берушілік, өзінің өте қиын міндетін орындаудағы намыс. Әрбір оқытушыда барлық осы қасиеттер оның индивидуалдылығы арқылы ерекше түрде көрінеді. Егер оқытушы кәсібін таңдаған адам өз жұмысын істегендей сезінбесе - бұл сол адам үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін бақытсыздық.
Егер қызығушылықтар, оптимизм, адамдарға деген сенім болмаса, алда болуға деген талпыныс болмаса, талғамы дамымаса, ойлары ауысып, сөзі мен ісі екі жаққа бөлінсе, педагогикаға барудың қажеті жоқ, одан да іс-әрекеттің басқа өрісін таңдауы керек. “Зиян келтірмеу” - бұл тек дәрігерлердің ғана емес, сондай-ақ оқытушылардың да принципі [3] .
Қарым-қатынас стилі - оқытушылардың ішкі жұмысы, олар да тірі адамдар сияқты, оларға тән өз эмоцияларын көрсетуге құқықтары бар деп кей кездері естуге болады. Бұл жерде шындықтың бір жағы бар, бірақ бұл эмоциясын шынайы көрсеткенде өз сыбайласының кім екендігіне тәуелсіз, өзінің дөрекілігімен қорламайтындай жағдайда, тәрбиелі, мәдениетті адамдардың реакциясын көруге болады. Диалогта, бізге қажет болса да, болмаса да, әңгімелесуші адамға ең алдымен ақпараттың көптігі және мазмұнымен емес, өзінің қарым-қатынастағы мәдениетімен әрекет етіледі.
Педагогикалық іс-әрекет бірқатар іс-әрекеттердің ұйымдасқан күрделі жүйесі болып табылады. Олардың ең негізгісі - тікелей оқытатын ұстаздың іс-әрекеті. Пәнгер-педагог тұтастықтың функциясы мен мағынасынан алыстап кетеді, ол тек өзіне сырттан берілген функцияларды атқарады. Оқыту тәжірбибесін жалпылауды оқытудың неғұрлым тиімді әдістерімен тәсілдерін бөліп шығару мен оқыту процедурасына сәйкес қоюдан құралатын іс-әрекет болып келеді. Келесі іс-әрекет те әдістемелік, бірақ оқу құралдары мен оқулықтарды құруға бағытталған. Іс-әрекет бағдарламау іс-әрекеті, оқу бағдарламаларын құру сияқты, іс-әрекеттерді, оқу бағдарламаларын құру сияқты, іс-әрекеттерді, оқу пәндерін бір тұтастыққа жинайды. Бұндай бағдарламаларды жүзеге асыру үщін оқыту мақсаттары туралы неғұрлым анық түсініктер қажет дегенімен, мақсаттардың жалпы жобасына қарап, оқыту бағдарламасын құру жиі кездеседі [4] .
Қазіргі заманғы әлеуметтік - мәдени жағдай және білім беру міндеттері оқытудың проективті мақсаттары мен сипаттарымен педагог-тәлімгердің айналасуын талап етеді. Бұл, біріншіден, қазіргі заманғы өндірістік-практикалық іс-әрекет өзінің алдына арнайы дайындалған адамдар ғана шеше алатын белгілі бір мақсат-міндеттерді жиі қояды. Екіншіден, қазіргі заманғы әдістемелік ойлау оқу процестерін өте жиі проекциялауы мүмкін, бірақ, ол тапсырыс берушіден айқын, анық мақсаттарды қоюды талап етеді. Үшіншіден, қазіргі заманғы технологиялық қоғам тез және белсенді түрде дамиды және оқу жүйесінен де соны талап етеді.
Әдетте, оқытуды былай сипаттайды: адамға белгілі бір білімді беру. Алайда, білімді жай ғана беріп немесе алуға болмайды. Олар студенттің өзінің белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде ғана қалыптасады. Егер де оның белсенділігі болмаса, онда студентте ешқандай білім, іскерлік, дағды пайда болмайды. Бұдан шығатын қорытынды “оқытушы-студент” арасындағы тұлғааралық қарым-құатынас “алушы-беруші” қатынасындай болмауы керек.
Оқу процесіндегі екі жақтың да жоғары белсенділігі болуы шарт. Оқытудың студенттің өзінің белсенділігі негізінде белгілі бір білімдер мен іскерліктер қалыптастыруының нәтижесіндегі, оқытушымен студент арасындағы белсенді іс-әрекет процесі ретінде сипатталынуы мүмкін. Ал, оқытушы студенттің белсенділігі үшін қажетті мүмкіндіктерді оны бағыттайды, бақылайды, оған қажетті құралдар мен ақпараттар береді. Оқытудың функциясы адамдарда іс-әрекетке деген қабілеттің қалыптасуы үшін керек белгілі және заттық құралдарының максималды түрде бейімделуінен тұрады.
Оқыту жүйесінің дамуы іс-әрекеттердің күрделі түрлерінің қарапайым іс-әрекеті. Бірақ, мұндай даму күрделі іс-әрекеттің талдауын оның элементтерін бөлуді ұсынады. Мұндағы негізгі мақсат мынада: күрделі кәсіби іс-әрекет түрлерінен қарапайым түрлерін бөліп шығару. Осылайша, педагогикалық рефлекцияның бірінші қарапайым іс-әрекеті және оның бөлінуінен тұрады. Бірақ, бұл негізінен жеткіліксіз болып келеді. Себебі, іс-әрекетті аяғыа дейін қарапайым іс-әрекеттерге бөлу мүмкін емес, іс-әрекетте неғұрлым күрделі байланыстар мен қатынастар да кездеседі. Сондықтан да, екінші принцип пайда болады. Ол игерілген элементтерден құралатын күрделі іс-әрекетті құруға мүмкіндік беретін белгі құралдарын проекциялаудан және тасымалдаудан тұрады. Бұл белгі құралдары болып табылады. Басқа процесті технологиялық жағынан, оқу процесі, оқу іс-әрекетінің жүйесі технологиялық процесс ретінде құралады. Осылайша, методологиялық тілде оқыту жүйесі, басында қарапайым іс-әрекеттердің оқытудағы рефлексивті іс-әрекет арқылы дамитын жүйесі ретінде сипатталады.
Қазіргі заманғы педагогикалық практикада мәдени талаптар деңгейінде ғылыми психологиялық білімдерді интенсивті түрде ендірусіз өз іс-әрекетінің сауатты, тиімді құрау мүмкін емес. Мысалы, педагогикалық іс-әрекет студентпен оқытушының қарым-қатынасынан, олардың арасындағы сенімді өзара байланыс орнатудан тұрады. Педагог мамандығы психологияға неғұрлым жақын, сезімтал болып келеді, өйткені педагог іс-әрекеті тікелей адамға, оның дамуына бағытталған [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz