Қазақ қару-жарағының түрлері мен олардың фольклордағы атқаратын қызметі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   

2 ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ КӨНЕ ҰҒЫММЕН ЖӘНЕ ЕСКІ ДҮНИЕТАНЫММЕН БАЙЛАНЫСЫ

2. 1 Қару-жарақтың анимистік мәні

2. 1. 1 Қаруды қанға суару мотиві

2. 1. 2 Қаруға жан сақтау мотиві

2. 1. 3 Қарумен қоштасу мотиві

2. 1. 4 Хабар білу мотиві

2. 1. 5 Жазалау мотиві

2. 1. 6 Тәңір жарлығын жеткізу мотиві

2. 2 Қару-жарақтың магиялық мәні

  1. Қарумен аластау

2. 2. 2 Қарумен анттасу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША А

ҚОСЫМША Ә

ҚАЗАҚ ҚАРУ-ЖАРАҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

1. 1 Қазақ қару-жарағының түрлері

Ұлтарақтай жерді қорғау білектің күші мен ақ найзаның ұшына қараған заманда халық батыр образын жебедей ұшқыр, қылыштай өткір, найзадай түзу ұлдың болуын арман етті. Бұл тарих біздің дәуірімізден бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген көне түркілер: сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар деректерінде іздері сайрап жатыр. Сол бабалардың мәдени мұраларына қазіргі қазақ мәдени тұрмысының ұқсастығы мен жақындығы тарих қойнауы ашылған сайын айқындалып келеді. Қазақ халқының қару-жарағы, сауыт-саймандары, негізінен, тек ат үстіндегі жауынгерге лайықталады. Алыс жолға алып жүруге, жекпе-жекте қолдануға ыңғайлы әрі берік болуы міндетті еді. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайларын олардың киген киімі мен тұтынған заттары айғақтай түседі. Заттық болмыстың күнделікті өмірімен тікелей байланысты бір саласы - киім-кешек, әшекей бұйымдар. Материалдық мәдениет этнографиялық шындықтың бір бөлігі ретінде үш аспектіде көрінуі мүмкін:

1. Зат (бұйым) - материалдық және әлеуметтік факты.

2. Зат - технологиялық процестің нәтижесі.

3. Зат- өнер (қолданбалы) туындысы " [155, 202 б. ] .

Қару-жарақ та зат. Ол арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігінен де хабардар болуға болады. Қару-жарақ - зат, халықтың матрелиалдық құндылығы. Қарудың жасалу технологиясына қарап, халық өнерінің қаншалықты дамығандығын тануға болады. "Сонымен бірге романдық эпостан біз халқымыздың ертедегі материалдық мәдени мұралары - қолөнер, үй жабдықтары, дүние-мүлік, киім-кешек, қару-жарақ, әшекей-зергерлік бұйымдарынан да мағлұмат аламыз. Өйткені, фольклордың, бір жағынан, филологиялық, екінші жағынан, этнографиялық мәні бар. Сондықтан фольклорлық материалдардың этнографиялық қайнар көзі ретінде де маңызы зор" - деп, З. Сейітжанов "Романдық эпостардағы халық тұрмыс-салтының көріністері" деген мақаласында нақтылап көрсетеді [151, 196 б. ] . Қару - әдеби шығармаларда көркем деталь.

Халық аузындағы қару-жараққа қатысты сөздер халық өміріндегі қарудың мәнін айқындайды. Сондықтан сөз өнері мен қару салыстыра ззерттеу, сөздегі қарудың түрлерін қарау көптеген мәселелерді аша түседі. Мысалы, халқымыздың дәстүрінде "жеті қазына" тұрақты тіркесі бірде ер азаматтың жеке басына, енді бірде бабаларымыз қадірлеген рухани-мәдени мұраға немесе тұрмыс-тіршілікке қажетті бағалы дүниелерге байланысты түрліше қолданылады. Мәселен, халық ұғымындағы сегіз қырлы, бір сырлы жігітке қажетті байлық-қазынаға көбіне-көп: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, өткір кездік, ау-жылым, қандауыз қақпан жатады және оларды былайша таратып, бағалайды; жүйрік ат - адамның қаны немесе қанаты, қыран бүркіт - жігіттің қуаты, құмай тазы - берік сенімі, берен мылтық - оты, өткір кездік - сұсы, ау-жылым - әдіс-айласы, қандауыз қақпан -серті [17, Б. 47-48]

"Қару" және "жарақ" сөздерінің астарына үңілу халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қасиетті құралдың орнын анықтауға көмектеседі. Жалпы, тіл тұрғысынан зерттеушілер екі сөздің өзара айырмашылығын ажыратады. Қару сөзі "қар" деген түбірден туындап, ұстау деген мағынаны білдірсе, "қару" қолға ұстайтын соғыс құралдарының ортақ атауына айналған. Ал, жарақ сөзіне байланысты пікірлер сан алуан: М. Қашқаридің "Түрік сөздігінде "JARЫK -жарақ: Шайқасқа киіп шығатын темір сауыт, қалқандардың кез-келгеніне қолданатын ортақ атау [20, 25 б. ] . "Түркі сөздігінде" айтылған пікірге сүйене отырып, Р. Сыздықова да сауыт деп қарастырған [21, 72 б. ] . Ә. Нұрмағамбетов "жарақ" сөзі туралы былай дейді: "Жеке тұрғанда да, қос сөзбен келгенде де бере мағынасы - қару, құрал" [22, 106 б. ] .

Академик Ә. Қайдар өз еңбегінде қару-жарақты "личное оружие", сауыт-сайманды "защитное снаряжение" [4, 25 б. ] . деп, екі сөздің ара жігін ажыратып көрсетеді. Шабуылдауға арналған құралдар мен қорғануға арналған құралдар деп таныған дұрыс. Ал, Қ. Ахметжанов зерттеуінде "қару-жарақ" сөзін былайша бөліп қарастырады: "Біріншісі шабуыл құралдары -"қару", екіншісі қорғаныс құралдары - "жарақ". Бұл сөздерді "сауыт-сайман" сөздерінің синонимі ретінде таниды [5, 42 б. ] .

Зерттеуші М. Косвен қарудың даму тарихынан бастап оның екі топқа: біріншісі - активті немесе шабуыл құралы, екіншісі - пассивті немесе қорғаныс құралы болып бөлінетіндігін анықтап береді. Шабуыл құралы қолданылуына қарай қолға ұстайтын және лақтыратын, ал жұмсау тәсіліне қарай соғу, түйреу, кесу құралдары болып ажыратылатындығын көрсетеді [23, 52 б. ] . Бұл жердегі активті қаруға жауға айбат шеге қарсы ұмтылатын құралдың өзі жатса, пассивті қорғаныс құралына көк темірді илеп, әшекейлеп жасалған сауыт-сайман жатқызылады. Қазақтың әскери қару-жарағы жайында сөз қозғағанда есімізге бірден батырлар жыры түсетіні белгілі. Сол алмағайып заманда жаужүрек батырларымыздың ерлік істері жырмен айшықталып, кейінгі ұрпаққа жеткізіліп отырған. Осы себептен болар зерттеушілер қазақ қаруын фольклор материалдары негізінде қалпына келтіріп жатады. Бұл жөнінде белгілі қарутанушы Қ. Ахметжанов былай дейді: «Көшпелі халықтардың қару-жарағы зерттелгенде көбіне ол туралы басқа халықтың жазба деректеріне негізделініп, көшпелілердің, оның ішінде түркі халықтарының ауыз әдебиетіндегі деректер онша ескерілмейді. Қару-жараққа қатысты деректер қазақ халқының ауыз әдебиетінде де тұнып тұр. Бұл жағынан басқа халықтармен салыстырғанда қазақ ауыз әдебиеті ерекше тұр десек те болады. Бұл деректер қазақтар қолданған қару-жарақ түрлерін, олардың атауларын, жүйелеу әдісін қалпына келтіруге, соның негізінде көшпелі түркі халықтарының қару-жарақ жүйесін дұрыс тануға, ол туралы осы уақытта қалыптасқан қате түсініктерді түзетуге мүмкіндік береді» [5, 43 б. ] .

Басты кейіпкері - батыр, тақырыбы - олардың жауынгерлік өмірі мен ерліктері болатын фольклорлық шығармаларда қару-жарақтың асқан шабытпен суреттеліп, түрі мен түсі нақты көрсетіледі. Ертегі жанрында қару-жарақтың көне түрлері жиі ұшырасады. Ал эпос жанрында Р. Липец қару атаулары тек екі эпизодта санамалап аталатынын көрсетеді: "В эпосе набор вооружения перечисляется в основном в двух эпизодах: при получении батыром собственного оружия, доспехов и конского снаряжения в связи с первым выездом из дома в поход (статическое описание) ; при применении сменного оружия в единоборстве с другим батыром (динамическое описание) " [16, 63 б. ] . В. М. Жирмунский еңбегінде де осы ой айтылады: "Вооружение богатыря описывается мимоходом при снаряжении его в поход, во время богатырской поездки и в картинах битвы" [14, 372 б. ] .

Ең алдымен, батырдың сыртқы келбеті суреттеледі. Батырдың сыртқы сипаты үстіндегі сауытынан басталады, одан әрі қолындағы қаруын жеке сипаттаумен жалғасады. Отқа балқыған темірлерді төсте жаншып, қамырша илеп темірден түйін түйген ұсталардың қолынан шыққан сауыт-сайман мен қару-жарақ жігіттің даңқын аспандатып жіберетін. Қобыланды жырын жан-жақты зерттеуші О. Нұрмағамбетова батырдың қару-жарағы туралы мынадай пікір білдіреді: "Қобыландының жауға киер киімдері, қару-жарағы да хас батырға лайықты болумен қатар батырлық келбетін толықтырып, айқындап тұрады: "Дәуіт соққан ақ сауыт", "Жағасы алтын, жеңі жез, бадана көзді ақ сауыт", басындағы дулыға бәрі жарасымды. Ал, "толғамалы ақ сүңгі", "бұлғары садақ, бұқар жай", "алтын құндақ ақ берен", "алтындаған ақ найзасы", "жарқылдаған алмас қылыш", "болаттан соққан оққағар қалқаны"- бәрі өзіне арнап соғылған, батыр бейнесінің бөлінбес, ажырамас бөлшектері" [45, 204 б. ] . Ал, Ер Тарғынның үстіндегі сауыты тіптен ерекше:

Шығыршығы шираған,

Бадана көзді кіреуке

Шар айнасы бес қабат;

Жау қарысы жетпеген,

Жез айырдың оғы өтпеген.

Сатуға бәсін сұрасаң,

Сан ділдәге бітпеген [30, 295 б. ] .

Жалпы фольклорда кездесетін сауыт-саймандарды зерттеуші Қ. Ахметжанов мынадай бес т. рге бқліп қарастырады: көбе сауыт, кіреуке сауыт, берен сауыт, қаттама сауыт, жалаңқат. «Басқа сауыт үлгілері - осы бес негізгі түрінің вариациялары, түрленуі немесе осылардың әр түрінен қосылып жасалған аралас үлгілері» [43, 90 б. ] . Осы сауыттардың өзіндік жасчалу жолдары да беріледі. "Манас" жырында Қанікей жасаған сауыттың сипаты мынадай:

Данышпан қатын Қанікей

Жеті жыл қолын алмаған

Осынау темір "кестеден"

Майда құм алып елекпен,

Желімменен қатырып,

Ортасына салдырған [49, 243 б. ] .

Келесі қарудың ғажап сипаты ашыла түсетін тұс жекпе-жек кезі. "Эпос не дает подробного описания внешнего облика героя, его статическое портрета. Отдельные описательные подробности появляются в картине богатырской скачки, в сцене боя, в речах героев" [16, 309 б. ] . Жекпе-жек суретін айтушы сипаттағанда іс-қимылдың баяулауы байқалады. Эстетикалық әсері басым болу үшін жыршы қарудың барлық түрімен шайқысу тәсілін, қарудың сынуы, оның алмастырылуын нақтылап суреттейді. Архаикалық эпостарда садақ тартқанда бірнеше күн уақыт кетеді, ұшқан оқты сипаттау да баяу, оның көркем бейнесі осы сюжетте қалыптасады. Қазақ эпостарын зерттеуші А. Орлов жекпе-жек суреттерін салыстыра қарай келіп мынадай қорытындыға келеді: "действия в казахских былинах изображается в том же замедленном темпе, с последовательном перечислением приемов, как в других былинах повествованиях мира" [78, 125 б. ] .

Басты қаһарманның бойына Адам баласындағы ең ізгі қасиеттер жинақталған, соған қоса ел аңсаған, армандаған батыр жігіттің ісі мен мінезінен, қимыл-әрекетінен көргісі келетін небір асыл қасиеттер танылған. Бұл "фольклордың негізгі бейнелеу әдісі романтикалық дәріптеу (идеализация) мен күрделі көркем жинақтау (типизация) болып табылады" [38, 438 б. ] . Сондықтан да жекпе-жек эпизодына назар баса аударылады. Гиперболалы тіркестермен берілсе де, қаруды аша сиапттайтын тұс болып есептеледі. Батырдың қол күші мен қаруының күші осы кезде іспен білінеді. Төбені қопарып кету, бірнеше адады бір оқпен жұлып кету осы жерде орын алады. Көне эпостарда ұшқан оқ бірнеше күннен кейін ғана оралады.

Эпостардағы соғыс суреттері шындыққа ұласатынын саяхатшылар айтып өткен. Венециялық атақты саяхатшы Марко Поло XIII ғ. Түркістан хандары арасындағы қанды соғысының куәгері болады. Ол суреттеген қан майдан батырлық жырлардағы шайқас суретіне ұқсаса екендігін К. Максетов қарақалпақ эпосы туралы жазған еңбегінде атап көрсетеді "Схватились из луки и стали пускать стрелы. Переполнился весь воздух стрелами, словно дождем. Много людей и коней было смертельно ранено стали они наносить сильные удары мечами покрылась земля мертвыми да смертельно ранеными" [79, 15 б. ] .

Фольклорда батырлар қаруларын өз дене мүшелеріне немесе физикалық шамасына қарап арнайы соқтыратыны кең жырланады. "Көтере алмас шоқпарды беліңе байлама" деген мақалдың тәжірибеден туындағанын білуге болады. Ә. Қайдаров сөзімен айтсақ: "Сказочно-фантастический образ батыра - центрального героя этих преданий - в мифическом представлении народа характеризуется не только высокими физическими и моральными качествами, но и могуществом его боевого оружия" [4, 25 б. ] . Қолға ұстар шабуыл құралдары да сауыт-сайманнан кем суреттелмейді. "Қобыланды батыр" жырында батыр қолындағы қарудың сапасы былайша суреттелді:

Қынабының сабы алтын,

Ұстар жері сары алтын,

Қынаптан шықса қылт еткен,

Суырып алса жылт еткен,

Шүберектей қуарған,

Қайтпасын деп тау-тастан

Заһарға салып суарған

Балдағы алтын шар болат [30, 50 б. ] .

Шығармаларда тек негізгі қаһарманның ғана қару-жарағы суреттеліп қоймайды. Жау әскерінің, қолбасының қару да ерекше сипатталады. Бұндай тәсіл батырдың ерекше күшін көрсету мақсатында қолданылған. Қамбар батыр жырында Қараманның соғысқа келе жатқан бейнесі "алтыннан қалқан жарқылдап" деген жолдардан білінеді [27, 29 б. ] . В. М. Жирмунский осы тұрғысында былай пікір айтады: "Внешний облик героя эпоса показывает в типической идеализации его высокие моральные качества: воинскую доблесть, отвагу, героизм. Будучи идеальным воплощением мужественной красоты и силы, богатырь сохраняет героизированный физический облик человека в противоположность чудовищным и гротескным фигурам его сказочных противников - дивов, великанов и т. д» [14, 308 б. ] .

Эпостық жырларда қару-жарақ сапасы, жоғары айтып өткендей, көбіне жасалған металына, жасаған ұстасына, соғыс кезіндегі қимылына қарап бағаланады. Қарудың сапасы мынадай жайттардан да көрініп жатады. "Тегіс, Көгіс" жырында батырдың қару-жарағы былайша суреттелді:

Ұстады қолға ақ найза

Жебесі оның шегеден,

Жебенің ұшын сұрасаң,

Асылы болат темірден,

Жалпақ тасқа егеген [18, 264 б. ] .

Оқтың қалай жасалғандығы да оның қасиетін арттыра түседі:

Алты қырлы ақ жебе,

Шыққан жерің қу төбе

Қиып алған жерінде

Қырық ай жатқан қуарып,

Қырық қара нар майына,

Алып еді суарып [Ақсауыт Т. 2. 158, 18 б. ] .

"Ата көрген оқ жонар" деген осыны аңғартса керек. Қырық ай суару, қырық қара нар майын қолдану әсірелеу емес, батырларға арналған қару қасиетті саналғандықтан киелі санды қолданудың көрінісі. Қарудың бағасы жасалуына кеткен уақытпен де өлшенеді. Мысалы, "Әлібек батыр" ертегісінде селебесін ерекше құрметтеуінің себебін былайша түсіндіреді:

Селебені жасауға келгенде,

Қырық бір ұста жиналған.

Егеуіне келгенде

Елу ұста жиылған.

Таптауына келгенде,

Тамам ұста жиылған [19, 3 б. ] .

Манас жырында Ер Қосай ұстаған шоқпар былайшы суреттеледі:

Шоқпарынан шоқ шыққан,

Шоқ тұтаса от шыққан,

Ұстағанда қан шыққан,

Тірескенде жан шыққан [28, 88 б. ] .

Батырлар жырында қарулары үнге келіп, сыңғырлап тұрғандай әсерге бөленесің:

Шыбын тисе шың еткен,

Дүрбі тисе дүң еткен

Шақша тисе шаңқ еткен,

Қамшы тисе қаңқ еткен [49, 255 б. ] .

Еліктеу сөздерімен қаруды жанды зат ретінде сипаттау үлгісі Ер Қосай жырында да кездеседі [74, 40 б. ] .

Діни эпос "Зарқұмда" Әлидің зұлпықарының өткірілігі шарықтау шегіне жетеді:

Әлидің қылышы батты қара жерге,

Дүниеде кім шыдаған тақсыр ерге.

Көк өгізді және кеспесін, тез ұста, - деп

Бір Алла бұйрық қылды Жебірейілге [ 75 , 162 б. ] .

Ер Қосайдың садағы былай сипатталады: "әр атқанда садағы, мың кісіден құлатты. Қолындағы зұлфұқар сексен екі бас кесті [74, 41 б. ] . Қаншалықты ұрыста жеңіске жеткендігін осылайша көрсетіледі.

Осындай мол мәліметтер негізінде, қазақ дәстүріндегі барлық қару түрлері осы классификация бойынша бөлінеді. Халық осы классификацияны «ер қаруы - бес қару» деген бере салған. Оны кейінгі кездердегі қарутанушылар жұмсалу тәсіліне қарай бөліп көрсетеді: «бесеу болып қалыптасуы олардың өзіндік, бірін-бірі ауыстыра алмайтын жеке қызметінің (функциясының) болуына байланысты. Соғыс қаруларының жұмсалу тәсілі бес түрлі болып қалыптасқан. Олар - ату (садақ не мылтық), кесу (қылыш), түйреу (найза), шабу (айбалта), соғу (шоқпар) . Басқа қарулар осы бесеуінің вариациялануы, түрленуі ғана. Сондықтан айқаста бұл бес қару бірінің орнын бірі баса алмайды» [5, 46 б. ] .

Ерте кездегі қарулардың бірі - жай/садақ. Кейінгі жаңа түрі - мылтық.

Жыр мәтіндерінде жебе ұшының әртүрлі аталуы кездеседі. Атыспақта жебе түрлерін ауыстырып қолданудың өзіндік мақсаты бар. Сауытты бұзу үшін -сауытбұзар, аттан аударып түсіру үшін - қозыжаурын қолданылатындығы Шоқан еңбектерінде айтылады [ 3, ? б. ] . Адамды, аңды өлтірмей соғып құлату үшін, басы сүйектен не ағаштан істелген "доғал" оқтар да қолданылатын. "Ер Тарғын" жырында: Қарт Қожақ батыр Тарғынның қорамсақтағы оқтарын бір жалғыз доғал оқпен соғып, күлпара қылып уатып кетеді [5, 56 б. ] . Алғашқы қауымдық кезеңде Меланезея тайпалары құстың жүнін қан қылмау үшін, аңның терісін тесіп алмау үшін доғал оқтар қолданылғандығы М. Косвеннің еңбегінде көрсетіледі [23, 54 б. ] . Алясканы мекен еткен халықтар доғал оқтарды аңшылық кезінде терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей алу үшін де қолданатын: "с железными носками бьют медведей и оленей, с костяными -лисиц, соболей и других животных, а также птиц" [77, 17 б. ] . Жебе ұштарының әр түрлілігі қызметіне қарай жасалған. Жебенің атқаратын өзіндік функциялары болған. Жебе ұштарының қырларына қарай: төрт қырлы, алты қырлы, үш қырлы; сап ағашына қарай: тобылғы сапты оқ, қайың оқ; сабының ұзындығына байланысты: он екі тұтам жебе, кез оқ, сай кез оқ т. б. атаулар кездеседі [5, 60 б. ] . Жебе сабының ұзын-қысқалығы соғыс өнеріне, адамның әдіс-тәсіліне қарай болса керек. Жыр сарынындағы "сырлы жебе", "көк жебе", . "қызыл жебе" т. б. сияқты жебе түрлерінің кездесуі қажеттіліктен туындаған. Қорамсақтан арнайы түске боялған жебені оңай суырып алу үшін жасалғанын қарутанушылыр айтып жүр. Бұл жөнінде қазақ халқының XYII-XYIII ғасырлардағы қаруын зерттеуші ғалым А. Көшкімбаев пікірі мынадай: "На наш взгляд, такая традиция связана не столько с украшением стрел, сколько с практической необходимостью. Особые красные, синие, желтые и тому подобные полосы, наносимые на древки стрел, были связаны с тем, что по этим условным обозначением воин-лучник по мере необходимости вынимал нужную стрелу из колчана" [7, 53 б. ] .

Эпостарда қаруды батырдың қай тұсына алып жүретіндігі анық жазылады. Үйде сақтау сияқты кішігірім элементтер нақты сипатталған. Ол қарудың халық өміріндегі маңызын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар негізгі орнын анықтайды. Қаруды қай қолына ұстайды деген мәселеде бойынша С. Мұқанов өз естеліктерінде былай дейді: "Отырықшылар атқа оң жағынан, көшпелілер сол жағынан мінеді. Оның себебін кәрі құлақты Құртайдың Мұқышы деген кісіден сұрағанымда: Бұл жаугершіліктен қалған салт. Ол кезде атқа қонған адамның оң қолы бос болу керек. Себебі, ол барлық қаруды осы қолымен ұстайды ғой. Ал сол жақтан мінгенде, оң қол бос болады. Оң жақтан мінгенде, қаруды тез жұмсауға ыңғайсыз, оң қол бос болмайды" [80, 67 б. ] . Жырда суреттелетін қару-жарақтың, оның ескі ерлік дәуірлерде жасалған түрлерімен ұқсас болуының өзі - бұл жырдың сол дәуірлермен тығыз байланысы бар екенін көрсетеді [31, 105 б. ] .

Мылтық түрлері туралышығармаларда аз айтылмайды. "Еділ мен Жайық" ертегісінде мылтықтың білтелі мылтық деген түрі кездеседі. "Содан кейін мылтыққа оқ салып, білтені тұтатып алып"[19, 134 б. ] . Білтелі мылтық мазмұнға өз формасын сақтай отырып енген. Жұмбақтарда қарудың өзі жұмбақталады, жұмбақ жасауға қатысады. Жұмбақ жанрында қару-жарақ атаулары да жиі ұшырасады. Әсірелеу арқылы суретелген мылтық тіпті басқа дүниеге ұқсап кетеді:

Алып соғып арс етті,

Даусы Самарқанға жетті.

«Алып» - мылтық, оның дауысының құлақты жарардай қаттылығы бір қиырдағы Самарқанға жетеді деу сенгісіз, тек әсерлік үшін алынған. Екінші жұмбақта мылтықтың дауысын былайша ұлғайтып суреттейді:

Қара күшігім қаңқ етті,

Даусы Бұқараға жетті [161, 311 б. ] .

«Қара күшік» мылтық бейнесі, даусының күштілігі адам ойына келмес әсірелеу арқылы көркем көрініс тапқан. Мылтықты жұмбақтаудың бірнеше тәсілі бар.

Қуыс қурай басынан

Құтырған торғай ұшты.

немесе:

Өмір, өмір өмірден,

Жаққан оты көмірден.

Шығырау деген бір құс бар,

Жұмыртқасы темірден.

Мылтықты "белі бүкір, алысқа түкір" деп жұмбақтау астарлы сөздің сырын түсінуге, тапқырлыққа баулумен қатар оның танымдық мәні зор. Жұмбақталған обеьктіге сәйкес сайланған баламаның мотивін тек ұлттық менталитет, этностық таным негізінде ғана айқындап түсінуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жауынгерлік қару-жарақ жүйелеу дәстүрі.
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының этнографиясы
Алматы қаласы музейлеріндегі ат әбзелдері мен қару-жарақ қоры коллекциялары
Қазақ батырларының қару - жарағы
Қару - жарақ шеберлігінің негізгі материалдары мен техникасы
Ат әбзелдері, ер тұрмандар, қару-жарақтар
Қазақ халқының тарихы сан алуан оқиғаларға толы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Батырлар жырындағы қару-жарақ атауларының танымдық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz