Қазақстан баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
I тарау. Ағылшын тіліндегі шыққан отандық кітаптардың мақсаты мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7.26
1.1 Ізденіске түсірген мұқтаждық
1.2 Ұсынысты анықтайтын сұраныс
II тарау. Мазмұн мен түр үйлестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27.47
2.1 Тақырып таңдау талаптары
2.2 Безендіру ерекшеліктері
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48.52
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 52.53
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53.54

Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттың қай-қайсысы болсын атадан қалған аманатты көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа дара қасиетін жеткізу - этностық табиғи заңдалық. Бұл заңдылықтың орындалуы, алдымен, ұлттың жұтылып кетпей, ғасырлар өтсе де ұлттың алғашқы сипаттағы ұлт болып қалуы үшін қажет. Ал, ол даралық қасиетті жеткізуде неше түрлі әдіс бар. Қазақтың бойындағы ақындық қасиет тектіліктен берілгендей, ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихы еш боямасыз бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ауыз әдебиеті арқылы тарихи тұлғаларды біліп, әдет-ғұрыптар негізіде бой түзеп, дүние таныдық. Бұл құндылықтар - қазақтың жер бетінде “Менін” айқындауда аса күшті құрал. Осы құндылықтарды насихаттау арқылы мемлекеттерге танылуда, жаһандану процессінде ұлт ретінде даралануда, әлемдік өркениетке ұлттық коллоритпен кіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Аманатқа қиянат жасамай, ауыр жүкті арымен көтеретін де осылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде кітаптың атқарар қызметі ұшан-теңіз. Оның ұлтқа берері де мол. Сондықтан осы тұрғыдан келгенде мемлекет кітап ісінің маңыздылығына, күрделілігіне аса назар аудару қажет сияқты.
“Мәдениетті ұлт болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың” /28/.
М. Горький
Еліміздің ұлт құндылығын ұрпақтан-ұрпақтан жеткізуде кітапты пайдалануы оның қасиетін арттыра түсуде. Мәселен, мемлекеттің “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыруда кітап басып шығару ісі жетекші роль атқарып отыр. Бұл бағдарлама көп тармақты жүйеде орындалып жатыр. Бірақ, негізгі деттеген мақсаты біреу, ол - ұлттың мұраларын сақтап, шетелдерге таныту және шет ел әдебиеттерін қазақ тіліне көптеп аударып, ұлттың ой -өрісін әлемдік кеңістікпен теңестіру.
Мен “Қазақстанда баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшелігі” атты тақырыпты кездейсоқ таңдаған жоқпын. Тақырыптың көтерер жүгі ауыр болғанымен берер сауабы мол. Жоғарыда айтып кеткендей ұлт болып сақталып қалуда негізгі концепциялардың орындалуы осы экспортқа арнайы дайындалған кітаптарға байланысты. Кітаптардың алғашқы жетістігі олардың ағылшын тілдінде басылуы болса, олардың мемлекеттің қандай да бір қоғамдық-саяси идеясын жақтап, еркін насихаттай алатыны - екінші жетістік. Ал, күрделі функцияларды орындауда кітаптардың сапасы қаншалықты? Олар міндеттелген тапсырманы толығымен алып шығуға қауқарлы ма? Ағылшын тілінде енді басылып жатқан кітаптарды көптеп шығаруда әлеуметтік, өндірістік салалардың қайсысы көбірек мұқтаж? Кітаптар қандай негізде басылуда? Міне, тақырып төңірегінде осы тектес сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап іздеп, салиқалы тұжырымдар жасау - бітіру жұмысымның негізгі мақсаты.
Зерттеудің дерек көзі ретінде “Алматыкітап”, “ Атамұра”, “Білім” баспаларының материалдары кеңінен пайдаланылды. Ағылшын тіліндегі аудармалардың сауатты жасалғанына көз жеткізіп, батыл баға беру үшін , әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шет тілдер кафедрасының маманы Айнагүл Өмірәліқызының көмегі тиді. Сонымен қоса, тақырыптың мұқтаждығын ашуда халақаралық қатынастарға байланысты бір қатар әдебиеттер қарастырылды. Бітіру жұмысында келтірілген кейбір фактілер “Алматы” қалалық телеарнасында эфирге шыққан өзім дайындаған сюжеттерде пайдаланылды.
Ағылшын тіліндегі кітаптарды тек мемлекеттік тапсырыспен шығып жатқан жоқ. Олардың көбі жеке ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, жекеменшік қоғамдық қорлардың қаржысының негізінде жарық көріп жатыр. Ал, олардың ішіндегі кітаптардың кейбірі қандай идеологияға сүйеніп, кімнің мүддесін қорғайтындығы әлі де белгісіз.
Тақырыптың маңыздылығы зор. Бұл зерттеу жұмысы мемлекетіміздің өндірістік, экономикалық дамуында аса жетекші орын алатын салалар бойынша, сонымен қоса қосымша қандай сала бойынша кітап басып шығару мұқтаждығын айқындап, бір ізділікке салып беруге көмекші құрал ретінде ұсынылмақ.
Түркі дүниесінің ортақ мақтанышы, ойшыл - ғұлама Жүсіп Баласағұнның “Қажетті керексізден кесіп тастар Ғалымдар тура жолға елді бастар,” – деген даналық сөзінде шындық бар.
Елді тура жолға бастайтын ғалымдар сияқты, дұрыс шығарылған құнды кітап та мемлекеттің ісінің алға басуына қызмет етеді.
Тарихи кітаптар көршілес елгедерге жіберілетін ұлт этикеті немесе елші сияқты/.
Б. Паскаль
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан 2030” атты Жолдауында елімізде “тұтас ақпарат жүйесін жасау” міндеті қойылған. // Әлеуметтік қатынас құралы – кітап бұл жүйеден лайықты орын алуы тиіс. Халықтың тәрбиешісі де, ағартушысы да, күллі адамзат дамуының ұйытқысы да кітап екені мәлім. Кітаппен басталған игілікті іс, тек игілікті мұраттарға жеткізу керек.
Бітіру жұмысымның өзектілігі – бұл тақырыптың алғашқы рет ғылыми жұмыстың нысаны болғандығында. Осыған дейін бұл тақырып баспасөз беттерінде жалпы аударма мәселелері жөнінде көтерілген мақалалардың көлеңкесінде қалып келді. Тақырып бұрын соңды ұзақ әңгіменің арқауы болмағандықтан, бұл мәселе жөнінде деректер де аз. Ал, жүйелі жазылған кітаптар әлі шыға қойған жоқ. Десек те, аталмыш тақырып жеке ізденіске итермеледі. Баспаларды аралап, ағылшын кітаптарын іздедік. Олардың өзі бірен-саран. Ізденіс барысында Қазақстан баспалары ағылшын тіліндегі сапалы аудармашы маман тапшылығын көріп отырғандығы анықталды. Және басқа кітаптарға қарағанда кітапты ағылшын тіліне аударып басып шығару біраз шығынға батыратын көрінеді. Себебі, таралымы 1000-нан төмен болмаса, одан аспайды. Ал, тиражы аз болған сайын өнімнің бағасы жоғарлай бермек. Баспалар бұл кітаптарды көп тиражбен шығарса, оларды тұтынатын аудиторияның көзі әлі де табылған жоқ. Сондықтан бұл кітаптар халықаралық көрмелерге қатысқанда, шет елдік қонақтар келгенде ғана бей ресми түрде экспортқа бір-бір дана болып шығу мүмкіндігіне ие болады. Бұл әрине, уақыт еншісіндегі мәселе.
Бұл жұмыстың құрлымы кіріспе, екі тараудан және қортындыдан тұрады. Әр бөлімді екі тақырыпшаға бөлдім. Бірінші бөлімнің алғашқы тақырыпшасында ағылшын тілінде кітап шығаруға еліміз қаншалықты мұқтаж екендігін анықтауға және бұл мұқтаждық уақыт табынан туындап отыр деген тұжырымдаманы дәлелдеу мақсатында материалдар жинап, бір жүйеге келтіруге тырыстым. Осы тараудың келесі тақырыпшасында сұраныстың деңгейін анықтап және кітап таратуда, оның тиражын көбейтуде қандай кедергілер тұрғанын анықтау мақсатында материалдар талданады. Екінші тараудың алғашқы тақырыпшасында қолда бар кітаптарға нақтырақ тоқталуды жөн көрдім. Соңғы тақырыпшада қазіргі технологияның кітап безендіруі ісіне алып келген жаңалығы туралы сөз етіп, оның жаңа мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырдым.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н. Ә. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996
2. Н. Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999
3. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері.–Алматы:Санат,1997
4. Елеукенов Ш.Р., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы.-Алматы:Санат,1999
5. Елеукенов Ш.Р. Сұлулыққа іңкәрлік. – Алматы: Білім,1999
6. Асылбекова Б. Книгоиздательство Суверенного Казахстана-Алматы:Агроуниверситет,2004
7. “Атамұра” каталогы 2001.-Алматы:Атамұра,2001
8. Коротовский М.П.,Калиев Ж.К. Книгоиздательское дело Казахстана-Алма-ата:Казахстан,1992
9. Котлер Ф. Маркетинг негіздері-Алматы:Жазушы,2000.
10. Комаров Е.И. Маковеев Н.П. Эффективное издательство-Москва:Логос,2000.
11. Мамажанов М. Асыл мұра.-Алматы:Қазақстан,1993
12. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы.-Алматы: Қазақ университеті,1999
13. Құрастырған: Қ.Жарықбаев.Ақылдың кені-Алматы:Қазақстан,1991
14. Сейтжан Сатыбалдыұлы. Маркетинг негіздері-Алматы: Білім,1999
15. Добкин С. Ф. Основы книгоиздательского дела и книгопечатания. Москва: Книга, 1972
16. Майсурадзе Ю. Ф., Мильчин А. Э., Маковеев Н. П. Энциклопедия книжного дела.
17. Бельчиков И.Ф. Техническое редактирование книг и журналов. Москва: Книга, 1968
Сілтемелер
1. Н. Ә. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996, 140 –бет
2. Қ. Тоқаев. Внешняя политика Казакхстана в условиях глобализации. – Алматы: Білім, 1997, 214-бет
3. Сол жерде. 218-бет
4. Н. Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999, 66-бет
5. “Егемен Қазақстан” газеті, 2000, №270
6. Н. Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999, 168-бет
7. “Қазақ әдебиеті” газеті, 2002, Наурыз айы
8. “Алматы” қалалық телеарнасының жаңалықтарынан. 12.11.2005
9. www. eurobook. ru - сайты
10. www. edu. gov.kz - сайты
11. www. parlam. kz – сайты
12. “Книжный бизнес” кәсіби мамандарға арналған журнал. 2004, наурыз
13. KITF 2005 Ресми каталог, “Туризм және Саяхат 5-ші Мерекелік Қазқстандық халықаралық туристік жәрмеңке” 28-30 сәуір Алматы
14. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, 2006
15. “Алматы” телеарнасының жаңалықтарынан. 2005.
16. Мұхтар Құл-Мұхаммед. Год триуфма Казахстана// Казахстанская правда, 2006 жыл, 28 ақпан
17. www. edu. gov.kz - сайты
18. Сол жерде
19. Ш. Елеукенов. Кітаптану негіздері. Алматы: Санат, 1997
20. З. Қабдолов. Сөз өнері. 144-бет
21. “ Айт” сыни-сараптамалық art-журналы, 2005 №1, 53-бет
22. “Ана тілі” газеті, 2000 жыл
23. “Қазақ әдебиеті” газеті, 2001жыл
24. Добкин С. Ф. Основы книгоиздательского дела и книгопечатания. Москва: Книга, 1972, 82-бет
25. Бельчиков И.Ф. Техническое редактирование книг и журналов. Москва: Книга, 1968, 121-бет

Алматыкітап, Білім, Атамұра баспалар материалдарының негізінде
Жоғарғы оқу орнын бітіру үшін қорғалатын бакалаврлық
Бітіру жұмысы
Ғылыми жетекші
________________________________ мәжілісінде талқыланып, қорғауға
жіберілді.
Кафедра меңгерушісі:
Мемлекеттік емтихан коммиссиясының сарапталуына қабылданды.
Коммиссия хатшысы ___________
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
I тарау. Ағылшын тіліндегі шыққан отандық кітаптардың мақсаты мен маңызы

... ... ... ... ... ... . 7-26
1. Ізденіске түсірген мұқтаждық
2. Ұсынысты анықтайтын сұраныс
II тарау. Мазмұн мен түр үйлестігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27-47
2.1 Тақырып таңдау талаптары
2.2 Безендіру ерекшеліктері
Қортынды

... ... ... ... ... 48-52
Әдебиеттер тізімі

... ... . 52-53

... ... ... ... ... 53-54
Кіріспе
Кітап – адамзат ақыл-ойының
інжу-маржанын бойына
жинайды да, оларды
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді,
біз бір уыс топыраққа
айналамыз, ал, кітаптар дәл бір
темір мен тастан қашалап
жасалған ескерткіштердей,
ғасырлар бойына сақталады.
М. Айбек
Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттың қай-қайсысы болсын атадан
қалған аманатты көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа дара қасиетін
жеткізу - этностық табиғи заңдалық. Бұл заңдылықтың орындалуы, алдымен,
ұлттың жұтылып кетпей, ғасырлар өтсе де ұлттың алғашқы сипаттағы ұлт болып
қалуы үшін қажет. Ал, ол даралық қасиетті жеткізуде неше түрлі әдіс бар.
Қазақтың бойындағы ақындық қасиет тектіліктен берілгендей, ұлттың
мәдениеті, әдебиеті, тарихы еш боямасыз бүгінгі күнге жетіп отыр.
Қазақтың ауыз әдебиеті арқылы тарихи тұлғаларды біліп, әдет-ғұрыптар
негізіде бой түзеп, дүние таныдық. Бұл құндылықтар - қазақтың жер
бетінде “Менін” айқындауда аса күшті құрал. Осы құндылықтарды насихаттау
арқылы мемлекеттерге танылуда, жаһандану процессінде ұлт ретінде
даралануда, әлемдік өркениетке ұлттық коллоритпен кіруде бұқаралық ақпарат
құралдарының алатын орны ерекше. Аманатқа қиянат жасамай, ауыр жүкті арымен
көтеретін де осылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде кітаптың атқарар
қызметі ұшан-теңіз. Оның ұлтқа берері де мол. Сондықтан осы тұрғыдан
келгенде мемлекет кітап ісінің маңыздылығына, күрделілігіне аса назар
аудару қажет сияқты.
“Мәдениетті ұлт болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем
өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың” 28.
М. Горький
Еліміздің ұлт құндылығын ұрпақтан-ұрпақтан жеткізуде кітапты
пайдалануы оның қасиетін арттыра түсуде. Мәселен, мемлекеттің “Мәдени мұра”
бағдарламасын іске асыруда кітап басып шығару ісі жетекші роль атқарып
отыр. Бұл бағдарлама көп тармақты жүйеде орындалып жатыр. Бірақ, негізгі
деттеген мақсаты біреу, ол - ұлттың мұраларын сақтап, шетелдерге таныту
және шет ел әдебиеттерін қазақ тіліне көптеп аударып, ұлттың ой -өрісін
әлемдік кеңістікпен теңестіру.
Мен “Қазақстанда баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың
ерекшелігі” атты тақырыпты кездейсоқ таңдаған жоқпын. Тақырыптың көтерер
жүгі ауыр болғанымен берер сауабы мол. Жоғарыда айтып кеткендей ұлт болып
сақталып қалуда негізгі концепциялардың орындалуы осы экспортқа арнайы
дайындалған кітаптарға байланысты. Кітаптардың алғашқы жетістігі олардың
ағылшын тілдінде басылуы болса, олардың мемлекеттің қандай да бір қоғамдық-
саяси идеясын жақтап, еркін насихаттай алатыны - екінші жетістік. Ал,
күрделі функцияларды орындауда кітаптардың сапасы қаншалықты? Олар
міндеттелген тапсырманы толығымен алып шығуға қауқарлы ма? Ағылшын тілінде
енді басылып жатқан кітаптарды көптеп шығаруда әлеуметтік, өндірістік
салалардың қайсысы көбірек мұқтаж? Кітаптар қандай негізде басылуда? Міне,
тақырып төңірегінде осы тектес сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап іздеп,
салиқалы тұжырымдар жасау - бітіру жұмысымның негізгі мақсаты.
Зерттеудің дерек көзі ретінде “Алматыкітап”, “ Атамұра”, “Білім”
баспаларының материалдары кеңінен пайдаланылды. Ағылшын тіліндегі
аудармалардың сауатты жасалғанына көз жеткізіп, батыл баға беру үшін , әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шет тілдер кафедрасының маманы
Айнагүл Өмірәліқызының көмегі тиді. Сонымен қоса, тақырыптың мұқтаждығын
ашуда халақаралық қатынастарға байланысты бір қатар әдебиеттер
қарастырылды. Бітіру жұмысында келтірілген кейбір фактілер “Алматы”
қалалық телеарнасында эфирге шыққан өзім дайындаған сюжеттерде
пайдаланылды.
Ағылшын тіліндегі кітаптарды тек мемлекеттік тапсырыспен шығып
жатқан жоқ. Олардың көбі жеке ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, жекеменшік
қоғамдық қорлардың қаржысының негізінде жарық көріп жатыр. Ал, олардың
ішіндегі кітаптардың кейбірі қандай идеологияға сүйеніп, кімнің мүддесін
қорғайтындығы әлі де белгісіз.
Тақырыптың маңыздылығы зор. Бұл зерттеу жұмысы мемлекетіміздің
өндірістік, экономикалық дамуында аса жетекші орын алатын салалар бойынша,
сонымен қоса қосымша қандай сала бойынша кітап басып шығару мұқтаждығын
айқындап, бір ізділікке салып беруге көмекші құрал ретінде ұсынылмақ.
Түркі дүниесінің ортақ мақтанышы, ойшыл - ғұлама Жүсіп Баласағұнның
“Қажетті керексізден кесіп тастар Ғалымдар тура жолға елді бастар,” – деген
даналық сөзінде шындық бар.
Елді тура жолға бастайтын ғалымдар сияқты, дұрыс шығарылған құнды кітап та
мемлекеттің ісінің алға басуына қызмет етеді.
Тарихи кітаптар көршілес елгедерге жіберілетін ұлт этикеті немесе
елші сияқты.
Б. Паскаль
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан 2030” атты Жолдауында елімізде
“тұтас ақпарат жүйесін жасау” міндеті қойылған. Әлеуметтік қатынас
құралы – кітап бұл жүйеден лайықты орын алуы тиіс. Халықтың тәрбиешісі де,
ағартушысы да, күллі адамзат дамуының ұйытқысы да кітап екені мәлім.
Кітаппен басталған игілікті іс, тек игілікті мұраттарға жеткізу керек.
Бітіру жұмысымның өзектілігі – бұл тақырыптың алғашқы рет ғылыми
жұмыстың нысаны болғандығында. Осыған дейін бұл тақырып баспасөз беттерінде
жалпы аударма мәселелері жөнінде көтерілген мақалалардың көлеңкесінде қалып
келді. Тақырып бұрын соңды ұзақ әңгіменің арқауы болмағандықтан, бұл мәселе
жөнінде деректер де аз. Ал, жүйелі жазылған кітаптар әлі шыға қойған жоқ.
Десек те, аталмыш тақырып жеке ізденіске итермеледі. Баспаларды аралап,
ағылшын кітаптарын іздедік. Олардың өзі бірен-саран. Ізденіс барысында
Қазақстан баспалары ағылшын тіліндегі сапалы аудармашы маман тапшылығын
көріп отырғандығы анықталды. Және басқа кітаптарға қарағанда кітапты
ағылшын тіліне аударып басып шығару біраз шығынға батыратын көрінеді.
Себебі, таралымы 1000-нан төмен болмаса, одан аспайды. Ал, тиражы аз болған
сайын өнімнің бағасы жоғарлай бермек. Баспалар бұл кітаптарды көп тиражбен
шығарса, оларды тұтынатын аудиторияның көзі әлі де табылған жоқ. Сондықтан
бұл кітаптар халықаралық көрмелерге қатысқанда, шет елдік қонақтар келгенде
ғана бей ресми түрде экспортқа бір-бір дана болып шығу мүмкіндігіне ие
болады. Бұл әрине, уақыт еншісіндегі мәселе.
Бұл жұмыстың құрлымы кіріспе, екі тараудан және қортындыдан тұрады. Әр
бөлімді екі тақырыпшаға бөлдім. Бірінші бөлімнің алғашқы тақырыпшасында
ағылшын тілінде кітап шығаруға еліміз қаншалықты мұқтаж екендігін анықтауға
және бұл мұқтаждық уақыт табынан туындап отыр деген тұжырымдаманы дәлелдеу
мақсатында материалдар жинап, бір жүйеге келтіруге тырыстым. Осы тараудың
келесі тақырыпшасында сұраныстың деңгейін анықтап және кітап таратуда, оның
тиражын көбейтуде қандай кедергілер тұрғанын анықтау мақсатында материалдар
талданады. Екінші тараудың алғашқы тақырыпшасында қолда бар кітаптарға
нақтырақ тоқталуды жөн көрдім. Соңғы тақырыпшада қазіргі технологияның
кітап безендіруі ісіне алып келген жаңалығы туралы сөз етіп, оның жаңа
мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырдым.
I тарау
Ағылшын тілінде шыққан отандық кітаптардың мақсаты мен маңызы
1. Ізденіске түсірген мұқтаждық
Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына
кіру алдында тұр. Еліміз бұл жетістікке жылдар бойы жасалып келген аса
күрделі даму стратегиялық жоспарының арқасында жетіп отырғаны белгілі.
Бұл мәселеге Елбасы биылғы халыққа жолдауында баса назар аударып, 50 ел
қатарына кірудің алғашқы дайындықтарын саралай келе, экономика саласына
бағытталған нақты ұсыныстарға тоқталды. Мәселен, олардың ішінде 2007
жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субъктілері үшін салық салудың
кемітілген бірыңғай мөлшері еңгізілуі туралы немесе 2006 жылы мұнай – химия
өндірісін дамытудың таяудағы он жылға арналған кешенді бағдарламасын
белсенді түрде іске асыруды бастау сияқты т.б. ұсыныстарды айтуға болады.
Нарыққа бет бұрған ел алдындағы ең өзекті мәселелерінің бірі - шет елдермен
экономикалық байланыстарды дамыту. Ал, экономикалық және мәдени
байланыстарды нығайтуда әлемнің жетекші тілдерінің алатын орны ерекше.
Оның ішінде ағылшын тілінің халықаралық байланыстар аренасында аса жоғары
роль атқарып отырғанын ұмытпауымыз керек. Ағылшын тілін білу арқылы
дүниедегі өркениетті елдердің ғылым мен білім құндылықтарын жинап, өнер мен
жаңа технологияны, іскерлік пен кәсіпкерлікті үйрену дамушы мемлекет үшін
ауадай қажет факторлар. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “2030
-даму бағдарламасының” екінші құрылымдық бөлімінде Қазақстан АҚШ-ты қоса
алғанда басты демократияшыл, индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысты
жоғары қарқынмен күшейтуді көздейді делінген. Бүгінде еліміз Біріккен
ұлттар ұйымы (БҰҰ), Халықаралық валюта қоры, Дүниежүлік, Азиялық, Еуропалық
және Ислам даму банктері сияқты Халықаралық институттар мен форумдардың
көмегі мен қолдауын барынша пайдалануға құлықты болып отыр 1. Бұл
маңызды қадамдарды жасауда Қазақстанның өзге мемлекеттер алдында
территориясы толық белгіленген, демократиялық даму жолындағы тәуелсіз
мемлекет ретінде өзіндік имиджін қалыптастыру керек. Уақыт талабы солай.
Рас, Қазақстанның имиджі бірінші кезекте қазба байлықтары мол, шикізат
көзін, соның ішінде мұнайды көп мөлшерде иеленуші мемлекет деген негізде
құрылған болатын. Бұл имиджді жасауда мемлекет арнайы жоспар құрып, күш
салған жоқ. Еліміздің егемендігін мойындаған елдер Қазақстанды дәл осы
имидждік тұрғыдан қабылдады. Мәселен, 1993 жылдың 30 - маусымында АҚШ-тың
Қазақстандағы У.К. Кортни АҚШ сенаторы Ричард Лугардың Қазақстанның дамуына
жоғары баға берген сөзінің арнайы нұсқасын әкеліп тапсырған болатын.
“Қазақстан, - депті ол,- дамуы жағынан ең үлкен үміт күттіретін елдердің
бірі. Қазақстандықтар прогметизмге бейімділігімен, тату-тәтті ұлттық
қатынастарымен белгілі. Демократия мен нарық экономикасы жолында да маңызды
қадамдар жасап келеді,”- деп түйеді 2. Бұл ретте Америка Қазақстанды –
1995 жылы төтенше маңызды стратегиялық қарулануды шектеу жөніндегі
Келісімді (ОСВ-1) бірінші болып бекіткен мемлекет ретінде танитынын ескерте
кету артық етпейді.
Жаһандану процессінде имиджді қалыптастырудың маңызы өте зор.
Белгілі саясаттанушы Ерлан Карин: “Мемлекеттің қай саласы болмасын сыртқы
және ішкі саясат үшін имидждің ұлттық негізде құрылуы кезек күттірмейтін
мәселе ”- дейді 3. Бұл пікірдің астарында шындық жатыр. Имиджді екі
бағытта қалыптастыру керек деп ойлаймын. Бағыттардың бірі жаһандану
табалдырығын аттауында ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен тілімізді
сақтап қалуға қызмет етуі тиіс болса, екіншісі, мемлекеттің саяси-
экономикалық даму жолдарын жеңілдету үшін құрылуы тиіс. Қазір баспасөз
беттерінде жаһандану тақырыбындағы жарияланған барлық мақалалар қазақ тілі
мәселесінен сырт айналып кете алмайды. Неге? Себебі, Мемлекет қазақ тіліне
қағаз жүзінде болғанымен, іс жүзінде мемлекеттік тіл мәртебесін бере
алмай отыр. Ал, бұл мәселе түбірімен шешілмесе, жаһандану “алаңында” біздің
ұлт ретінде жұтылып кетуіміздің қауіп бар. Осыдан 150 жыл бұрын әлем 15 мың
тілде сөйлесе, бүгін 8 мың тілде сөйлейді. Ал, зерттеушілердің
пайымдауынша, жиырма бірінші ғасырдың аяғында әлем не бары 800 тілде
сөйлеп, оның 100-ден астамы ғана мемлекеттік мәртебеге ие болады. Көптеген
мемлекет өзгенің құзырына амалсыз өтеді. Бұл құбылыс адамзаттың даму
тарихында аксиома ретінде қарастырып келеді. “Жаһандануда таза экономикалық
прогматизм де, технологиялық прогресс, әлемнің реализімі де, тұтыну мен
өндірістің стандарттау режимі де бар. Мемлекеттілік идеясы өлмей тұрып,
регионализм мен сепаратизм өлмейді” 4. Осы тақырып аясында Қазақстан
Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, философия ғылымдарының
докторы, профессор Амангелді Айталы мынандай пікір айтады: “Ұлтсызданудың
басы тілді құрметтемеуден басталады. Тілді өзгеге құрметете білуіміз
керек. Жаһандану бір жағынан ғылым, білім, технология және ақпарат
саласында ұлттарды жақындатса, екінші жағынан, адамзаттың алуан түрлі
табиғатына, мәдениетіне қайшы келіп, халықтардың бір қалыпта, бір үлгіде
тәрбиеленуіне итермелейді. Ұлттық құндылықтардың астарында терең қоғамдық
сұраныс, тіпті, мұқтаждық жатыр. Бүгін ұлттар компьютер тілін де өз ұлтының
тілінде білуге ұмтылады, ешқандай ұлт өзінің жұтылып кетуін қаламайды.
Жаһандану үрдісі жаңа технологияны меңгеруге, өзге тілді, мәдениетті
үйренуге, өзге тұрмыс-салтты қабылдауға мәжбүрлейді. Өз ұлтының
құндылықтарын, тілін, дінін меңгерген сырттан келген құнды ақпаратты өз
қазанына қайнатып, өз ой елегінен өткізіп отырады. Мұндайда отарланған,
тілі кесілген қазақ сияқты әлі де әлжуаз, әлсіз, өзгеге табынудан арыла
қоймаған ұлттар жұтылып кетуі мүмкін 5.” “Қазақ тілін дамыту дегеніміз
жалпы гуманитарлық тұрғыдағы қуатты қаруды шыңдау деген сөз 6.”
Жоғарыда айтылған имидж жасаудағы екінші бағыттың маңыздылығын
сөз етпес бұрын, бүгінде Құрама Штаттардың Ауғаныстанмен шектелмей
көршілес Орта Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанға дендеп енуінің
басталуымен күрт өзгерген қазіргі жағдайда Қазақстанның сыртқы саясатының
мән-мағынасын қайыра ой елегінен өткізу, елдің халықаралық саясатындағы
басым бағыттарға талдау жасап, оларға сын көзімен қарауға объективті
қажеттілік күрт өсіп отырғаның айта кету керек. Бүгінге дейін
көптармақтылық принципінен жазбай келе жатқан Қазақстанның сыртқы
саясатында кейінгі кездегі уақыттың бірқатар шындығы ескерілмей келеді.
Ресей және Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуропалық Одақ
мемлекеттермен, Қытаймен, Үндістанмен, Жапониямен, Түркиямен және Иранмен
арада бірқалыпты қарым-қатынас ұстау, өзара тең мүдделестікке ұмтылу қазір
қай кездегіден де қиындап барады. Қазақстан ең алдымен аймақтық мемлекет
болғандықтан республиканың өзі орналасқан аймақтағы ролін күшейтіп, алдынғы
орынға шығуға күш салуы керек. Себебі, АҚШ, Ресей және Еуропа одағы елдері
тәрізді ірі державалар Орталық Азия елдерімен өз қарым-қатынастарын олардың
аймақта алатын орнының қандай екендігіне байланысты құруға бейім. Демек,
сыртқы саяси күш-жігер ең алдымен аймақ ішіне, көрші мемлекеттермен қарым-
қатынасты ілгерлету ісіне жұмсалуы тиіс. Саясаттанушылар осы мәселеге
қатысты тың ұсыныстар білдіруде. Олар Президент алға қойған мақсат-
міндеттерін шешу үшін Елбасының жанынан сыртқы саясат жөніндегі Ұлттық
кеңес құру қажеттілігін айтып отыр. Мұндай орган құрылса, сыртқы саясаттағы
маңызды мәселелерді бүкіл мүдделі тоаптардың қатысуымен шешуге мүмкіндік
туар еді. Сыртқы саясат концепциясын жасауға жұртшылықтың әр тарабынан
өкіл тарту жүзеге асып, сыртқы саясаттағы мәселелерді жалғыз ел
Президентіне жүктеп қою тыйылар еді. Мұнын үстіне бұл мемлекет жүргізетін
сыртқы стратегиялық саясатты жоспарлауға жағдай жасайды. Қазақстанның
сыртқы саяси мәселелерінің тым күрделі екендігін келтірілген мысалдар
арқылы көз жеткіздік деп ойлаймын. Ал, оның салиқалы саясат жүргізіп
отырған мемлекет ретіндегі имиджін қалыптастыру аталған күрделі
мәселелерден де анағұрлым қиындау.
Мұхтаждық ізденіске түсіреді. Қазақстанның имиджін жасау -
негізінен бұқаралық ақпарат құралдарының еншісіндегі мәселе. Сондықтан
болар, кезек күттірмес мәселені шешуде Бақ – тың рөлі аса зор екенін
ескерте келе, Елбасы Астанадағы Қазақстан Журналистерінің бірінші
конгресінде “БАҚ-тар жекелеген топтардың қолшоқпары болмауы керек”-
деді. Сондай-ақ, Президент осы жиында Қазақстанда “күшті ақпараттық
компания” құру қажеттігі туындап отырғанын баса айтты.
Бүгінде имидж қалыптастыруын, елді танытуда негізгі күш
баспагерлерге түсіп отыр. Себебі, Шет елдерге, оның ішінде Батыс елдеріне
ағылшын тілінде ақпарат тарататын бізде радио мен телеарналар жоқтың қасы.
Сондықтан бұл олқылықтың орның экспортқа шығып жатқан (интернет
сайттарын айтпағанда) баспа өнімдері толтыруға мәжбүр. Оның өзінде бұл
үрдіс қазіргі кезде стихиялық түрде аяқ алып келе жатыр. Яғни,
баспагерлермен бірге жекешеленген ұйымдар, қоғамдық қорлар, шығармашылық
орталықтар өз қаржысына үш тілде қалаған салалары бойынша кітаптар
шығаруда. Өнер немесе әлеуметтік қай сала болмасын, қай-қайсы да жаһандық
процеске ілесуге мүдделі. Демек, үш тілде бірдей басылып жатқан кітаптар
қазіргі нарық заманының мұқтаждығын өзінше өтеуде. Бұған мысал ретінде
“Ілияс Есенберлин ” атындағы қордың толлассыз шығарып жатқан кітаптарын
келтіруге болады. Есенберлиннің “Көшпенділер” роман-эпопеясы әлемдік
нарықта өте жоғары сұранысқа ие . Бұған Қазақстан киномотаграфиясына жаңа
серпіліс алып келген “Көшпенділер” туындысының желісімен түсірілген кино
проектінің өмірге келуі түрткі болғаны белгілі. Бұдан өзге қазір Мұхтар
Әуезовтің қазақ ұлттының парасаттылығы мен даналығын бүкіл әлемге паш
еткен атақты “Абай жолы” роман-эпопеясы ең үздік технологиясымен
безендіріліп, үш тілде қайта-қайта басылып шығуда. Бұған қоса, өмірінің 40
жылын абақтыда өкізген, репрессия құрбаны танымал жазушы қандасымыз
Қажығұмар Шабданұлының “Қылмыс”, “Жат ұрпақ” секілді көркемдік деңгейі
жоғары, үлкен тарихи әлеуметтік шығармаларының ағылшын тілде аударылғанын
айта кету керек. Бұл игі бастама Қазақ ПЕН- клубының ұйымдастыруымен іске
асқан-ды. 2002 жылдың Наурыз айының 20-шы жұлдызы күні Қазақ ПЕН –
клубында Қазақстанда арнайы шығармашылық іссапармен жүрген Америка ПЕН –
орталығының өкілі, ақын Лэрии Симс, Финляндия ПЕН орталығының басқарма
мүшесі Юкка Маллинен, Белоруссия ПЕН – орталығының “Қамаудағы жазушылар”
басқармасының үйлестірушісі Анна Геросимовалар бас қосқан болатын. Бас
қосуды Қазақ ПЕН – клубының президенті, белгілі жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісов
ашып, қазіргі тәуелсіз қазақ әдебиетінің жәй-күйін сөз етті. Делегация
мүшелері саяси және басқа да себептермен қуғын-сүргінге ұшыраған
қаламгерлердің құқығын қорғаумен шұғылданып келе жатқандығына бірсыпыра жыл
болды. Осы шағын топ Қазақстан, Өзбекстан елдерін аралап, Орта Азиядағы ПЕН-
клубтардың хал-ахуалымен танысып, болашақта олардың жұмысын жандандыруға
ықпал етуді көздейді. Орта Азия елдері осы аймақта орын алған үлкен
геосаяси ойындардан бәрібір тыс қалмақ емес. Сондықтан да қаламгерлер
қауымы мұның бәріне селқос қарай алмайды. Қай кезде де әдебиет халықтар
арасындағы достықтың, ынтымақтастықтың алтын көпірі болуға ат салысқан, ат
салыса береді де. Дөңгелек үстел басындағы пікір алысу кезінде осы
мәселелер әңгіме өзегіне айналды. “Батыста қазақ әдебиеті туралы өте аз
біледі, - деді Юкка Маллинен, — Өйткені кешегі Кеңес дәуірі тұсында КСРО –
құрамындағы орыстардан өзге халықтар сыртқа кең насихатталмайтын. Оның
үстіне коммунистік идеология әсері де әдебиеттеріңізге айшықты белгісін
қалдырып кеткені анық. Батысқа Шығыс жұлдыздары - әйгілі парсы ақындары
жақсы таныс. Өз басым Омар Хайям жырларын жақсы көрем. Біз Қазақстан
жөнінде сіздер тәуелсіздікке қол жеткізген тұстан бері ғана біле бастадық
”. Шет ел қонақтарынан кейін сөз алған Мұрат Әуезов: “Бүгін өмір шындығын
көркем бейнелейтін тамаша романдарды бастыруға және шет тілдерге аударуға
қаржы бөлуді қарастырып жатырмыз. Онда да қатардағы жәй романдарды емес,
тарихи мәні бар, қазақ елін, жерін, мәдениетін танытатын, қазақ шежіресін
жырлайтын дүниелерді аударуды қолға алмақпыз”, - деп пікір білдірді 7.
Басқосуда Қазақ ПЕН – клубына ағылшын тілін жетік білетін мамандар
тартылу қажет екені құлақ қағыс етілді. Олардың ойынша басқа елдермен
әдеби қарым – қатынасты күшейту үшін бұл ауадай қажет.
Ағылшын тілінде жетік білетін сауатты аудармашы маманға тек
әдебиет саласы ғана емес, қоғамның қай саласы болмасын мұқтаж. Мәселен,
үстіміздегі жылы Алматыдағы Шанхай мәдени күндерінде шанхайлықтар біздің
көрермендерімізге халықаралық кинофестивальдардан жүлделі орындар алған
төрт көркем филімін ұсынды. Көрсетілімнен кейін ұйымдастырушылар бір жарым
сағатқа созылған “Шанхай красен” көркем фильмі төл тумасының кітабын
ағылшын, орыс тілдерінде шыққан нұсқалары негізінде таратты. Бұл кітап
тек фильмнің прозалық нұсқасы емес, оның соңғы 10 бетінде Қытай Халық
Республикасының киноматагрфия саласының тарихы баяндалады. Сонымен қоса
бүгінге дейінгі жеткен жетістіктерін тізіп тұрып сайратып қойған 8.
Шанхай күндері тек Қазақстанда ғана емес, Батыс елдерінде де өткенін
ескерсек, бір кітаптың қаншалықты функцияналды қызмет атқарып тұрғаны
өзінен-өзі түсінікті. Оның басты ұтымдылығы оның ағылшын тіліндегі
нұсқасының барлығында. Осы мәселеге қатысты “Мұраға қалған ескерткіштерді
сақтау жөніндегі тарихи-мәдениет ” бөлімінің бас маманы Самат Тергенбаев:
“Біз шет елдерде мәдени күндерді өткізген кезде бұндай деталдарға көңіл
бөлмеген екенбіз. Бұның өзі мемлекеттің мәдениет саласында жүргізіп отырған
ішкі және сыртқы саясатының көрінісі. Бұл аз да болса, мемлекетке, ұлтқа
жасалған пияр”, - деген түйін жасаған болатын 9. Елді таныту
мүмкіндіктері бізде жиі болып тұрады. Әсіресе, Алматыда. Мегополисті қала
болғандықтан мұнда арнайы шетел қонақтарынсыз жиындар өтпейді. Мәселен,
Алматыда қыркүйектің 21 мен 23 күндері аралығында “Атакент” көрме
орталығында “Транзит – Транс Қазақстан 2005 –көлік және логистика” атты
Қазақстандық халықаралық көрме өткізілді. Мұнда көліктің кешеннің барлық
түрлері – темір жол, автомобиль және әуе көліктерінің құрылымдық үлгілері
көрсетілді. Сондай-ақ, бұнда жүк тасымалдауға арналған жабдықтар,
кемежайлар мен курьерлік қызмет түрінің мүмкіндіктері жөнінде ірі
компаниялар өзара тәжірбие алмаса алады. Көрмеге әлемнің 10 шақты
елдерінен 100-ге жуық компания қатысты 10. Жалпы Орталық Азия бойынша ең
ірі акциялардың бірінші қатарында тұрған бұл көрменің мақсаты өндірушілер
мен тұтынушылардың араларындағы байланысты нығайту еді. Шет елдермен кәсіби
деңгейде қатынас жасауға ұмтылып отырған Қазақстан үшін осы сала бойынша үш
тілде бірдей нұсқаушы құрал ретінде немесе анықтамалық ретінде кітап
шығару артықтық етпес еді. Ұйымдастырушылар зор мүмкіндікті пайлдаланып,
Қазақстандағы жаңа бой көтеріп келе жатқан көлік кешенінің тәуелсіз
жылдардағы жеткен жетістіктерін сөз етіп қалуға асықпады. Есесіне, үш күн
бойы өткен бағдарлама аясында өнеркәсіп саласындағы американдық, жапондық
серіктестіктердің арнайы стенттері мен анықтамалық құралдары самсап тұрды.
Мемлекеттік емес ұйымдарды қолдау бағдарламасының аясында Алматыда
ақпараттық - ресурстық орталық құрылды. Орталық үлкен маштабта жұмыс
істегелі тұр. Үкімет 70 миллион теңге бөлген. Оның 54 миллионы әлеуметтік
маңызы бар жобаға бағытталып, қалғаны Мемлекеттік емес ұйымдардың бір-
бірімен ақпарат алмасуына жұмсалатын болады деп шешілген. Орталық кеңесінің
директоры Ғалия Бакированың айтуынша, орталық әр саладағы мәселелердің
шешу жолдарын қарастыратын болады. Осы арқылы Үкімет пен орталық арасындағы
қатынас нығая түспек. Орталықтың баса назар аурып отырған мәселесі - шет ел
мамандарымен тәжірбие алмасып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді кең
спекторда шешу 11. Осы орайда ақпараттық-ресурстар орталығы американдық
әлеуметтанушыларға арнайы Қазақстанның әлеуметтік жағдайын айқын көрсетіп
беретін кітап шығаруды ұйғарған болатын. Орталық қанша ұйымның мәселесін
қарастырса, сонша салада кітап басуды жоспарлап отыр. Мәселен, “Шығыс
әйелдер” қауымдастығы Қазақстан әйелдерінің құқығын қорғау және ауыл
азаматтарына үш секторлы жүйені түсіндіру жұмыстарын жүргізуге үшін көмек
берген ағылшын мамандарына арнап “Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы
әлеуметтік орны ” атты еңбекті ағылшын және орыс тілінде басып шығарды.
Қазақстандық мамандар мұндай кітаптардың басылуы заман талабынан, қарапайым
мұқтаждықтан туындап отыр дейді.
Жамбыл Жабаев атындағы мемлекеттік филормонияның “Ұлттық аспаптар”
бөлімінің ұсынысымен “Қорқыт ата” қоры “Қорқыттың көрі” атты аңызды
ағылшын тіліне аударып, кітап етіп шығаруды жоспарлап отыр 12. Қорқыт тек
қазаққа ғана емес, бүкіл Азия елдеріне - түркіменіңе, өзбегіңе т.б. ортақ
тұлға. “Дәдәли Қорқыт” деп олар да айрықша мақтан тұтады. Иран Ғайып ақын
бұл жаңалықты естіп: “Сонау 7-8 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт бабамызды
қойып, 16-17 ғасырларда өмір сүрген ұлыларымыздың сахналық бейнесін жасай
алмай жатқанда бұл ізденісті өз басым жақсылықтың нышаны деп қабылдадым”
деді. “Қорқыт ата” қорының мүшелерінің айтуынша, кітапта тек аңыз ғана
емес, Қорқыт ойнаған қазақтың музыка аспабы - қобыз туралы мәліметтер
көбірек болады екен. Осыдан біраз жыл бұрын қобызшы Раушан Бегалдинаның
“Түркістан” газетіне берген сұхбатында қобызды шет елдерге дәріптеп жатқан
тек музыканттар, ал, қобызды ұлтық аспап ретінде насихаттайтын шет
тілдердегі оқулықтар жоқ деп уәж айтқан болатын. Бұл олқылықтың орны осы
кітаппен толайын деп тұр. Әрине, бір кітапты “теңізге тамған тамшыға” да
теңей алмаймыз. Дегенмен мұқтаждықтан бірте-бірте арыла бастадық.
“Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” Заң қабылданғаны
белгілі. Міне, осындай нақтылықтан кейін Үкімет Қазақстандағы туризм саласы
бойынша арнайы туристік ұйыммен (ДТҰ) бірлесе жұмыс істеуге бекініп отыр
13. Бұл даму стратегиясының алғы шарттарына кіреді. Еліміздің жер аумағы
кең болғандықтан оның географиялық сипаты да әр алуан. Табиғаты көз
тоярлықтай жерде туристік саланың дамымай, әлі де ақсап келе отырғаны
нарық заманда тіпті сын көтермейтін жәйт. Десек те, біздің тыныс-
тіршілігімізбен жақын танысқысы келетін туристердің саны кейінгі екі жылда
көбейіп келеді. Туризм дегеніміздің өзі - ел мен елді табыстырып,
таныстырып қана қоймай, сол арқылы тың қарым-қатынас пен әдеби-мәдени,
саяси-экономикалық байланысты қалыптастыруға қызмет ететін кешенді сала.
Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауында “Кәсіби – техникалық
және жоғары білім беру мекемелері жүйесі арқылы білікті ұлттық кадрларды,
жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту немесе кәсіби жағынан даярлау жөніндегі
бағдарлама әзірленсін” делінген 14. Қазір дамушы мемлекет алдында өз
ісінің шебері, сол саланың қыр-сырын жетік білетін, бәсекеге төтеп бере
алатын маман дайындау талабы тұр. Туризмге осы тұрғыдан қарайтын болсақ,
саланың дамуына бірден-бір түрткі бола алатын негізгі құрал – жарнама.
Жарнаманың ең ұтымды түрі телерадиодан берілуі болса, туристік компаниялар
үшін шет елдің телерадио арналарынан еліміздің туристік орындарын жарнамлау
қыруар қаржыны талап етеді. Ал, қазір бізідің компаниялардың көбі шет
елдердің ірі компанияларының акциясымен жұмыс істейді. Яғни телеарнаға
жарнама беру қазақстандықтар үшін тиімсіз. Оларға ең тиімді құрал ол –
сапалы кітаптар мен буклеттер, альбомдар, күн тізбелер шығару. Бұл
жарнаманың кешенді түрі болмақ. Кітап - әрқашанда насихат құралы . Оның
артықшылығы көп. Мәселен, оны сырттан іссапармен келген кез-келген
делегатқа ұстатып жіберсеңіз болады. Жылына екі рет өтетін халықаралық
кітап көрмелеріне қоюға болады. Қазақстанда мыңнан аса туристік ұйымдар
мен фирмалар бар. Олардың көбі тек буклеттер шығарумен шектеліп отыр. Ал,
Қазақстанның демалыс орындары жөнінде толық мағлұмат алатын кітаптар аз.
Фирмалар бірігіп жылына жоқ дегенде бір - екі кітап шығарғаннын өзінде өнім
уақыт өте келе өз шығынын толығымен ақтар еді.
2. Ұсынысты анықтайтын сұраныс
Қазір Қазақстанда ағылшын тілінде шығатын кітаптарға туындап
отырған сұранысты ұсыныс өз деңгейінде қанағаттандыра алмауда. Бұған бірден-
бір себеп Қазақстанның кітап рыногының дамымай жатқандығы болып отыр.
Мәселен, әр баспаның үш-төрт жылдық жоспарындағы шыққан кітаптардың сандық
көрсеткішінің біреуі ғана ағылшын тілінде болуы мүмкін. Қалыптасқан
жағдайды баспагерлер тапсырыстың жоқтығымен түсіндіреді. Бірақ, әр салада
қарқынды дамуды мақсат тұтып отырған мемлекет үшін ағылшын тіліндегі
шығатын басылым саны шаш-етектен болуы тиіс. Бір ғана мысал: 2005 жылы АҚШ-
тың 41-ші президенті болған Билл Клинтон Қазақстанға жасаған бір
сапарында: “ - Мені сіздердің еліңіздегі экономикалық өрлеу жылдамдығы таң
қалдырады. Біздің көз алдымызда мемлекеттің экономика саласында жасаған
ұтымды реформаларының нәтижесі сайрап тұр. Сіздердің дамитын уақыттарыңыз
жетті. Ғасырды бағындыру сәті дәл осы бүгіннен басталады” – деп алғы сөзін
осындай жігерлендірулерден бастап еді 15. Бұл сөзді тек жігерлендіру
емес, әлемдік аренаға экономикасы дамыған ел ретінде көтерілуге жасалып
жатқан қадамдарға баға деп қабылдау керек. Осы тұрғыдан келгенде елімізді
шет елдерге танытып, олармен терезесі тең мемлекет ретінде кәсіби деңгейде
қарым-қатынас жасау қажеттілігін қамтамасыз ететін құрал тапшылығы
туындайды. Ол құралдың бірден-бірі - кітап, баспа өнімдері болу тиістігі
айтпаса да белгілі. Рас, Қазақстанда соңғы үш жылда баспалар саны күр
өсуде. Ресейлік БАҚ-тар олардың саны 100-ден асады деп ақпар таратуда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жыл сайын әр
баспаның өткізетін бір дана кітабының есебі бойынша санасақ 2001 жылы
жалпы тіркелген кітаптардың саны 150-ді құраған. Десек те, бұл көрсеткіштер
көңіл қуантарлық болғанымен, кітап дүкендерінің сөрелерінде отандық
кітаптардан гөрі Ресейлік басылымдардың көптеп тізіліп тұрғанын көресің.
Әрине, Ресейдің кітап рыногын Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Олардың
аудиториясы біздікінен үш-төрт есе үлкен. Ағылшын тіліндегі кітаптардың аз
басылатын себептерінің бірі - Ресейлік баспагерлер Батыс мамандарының
өндірістік саласындағы ең үздік жазылған құнды еңбектерін орыс тіліне
аударып, нарыққа шығаруды үрдіске айналдырғаны. Олар Батыс мамандарының
тек қана өндірістік емес, сонымен қоса гуманитарлы салалар бойынша шыққан
оқулықтарын өте тиімді аударып, сұранысты қанағаттандырып отыр. Шығарылған
өнімдер Қазақстан рыногында өте жоғары сұранысқа ие. Қазақстандықтар үшін
бұл басылымдар қымбатқа түседі. Осы орайда 2002 жылдың мамыр айында мәжіліс
депутаты С. Әбдірахманов Ресейдің “Просвещение” баспасымен кітап сатып алу
жөнінде келісім-шарт жасасу жөнінде ұсыныс жасағандығын тілге тиек ету
керек. Келісім-шарт жасалғанан кейін Ресейдің “Просвещение” баспасынан жаңа
заманға сай 21 түрлі кітап 12 390 000 мың ресей рубіне сатып алынды. 2003
жылдың 29 маусымында мәжіліс депутаты Татьяна Квятковская Мәжіліс
аппаратының баспасөз қызметінің отырысында осы жайында толығырақ қамтып,
еліміздің Білім және Ғылым министіріне арыз жазуға шағымдалған. Онда
Ресейдің “Просвещение” Қолда бар деректерге сүйенсек 1996-1997 жылдар
аралығында ресейлік баспасы авторлық құқық ретінде Қазақстанды еркін
қолданып, тапсырыстағы өнімнің жарты пайызын пайдалана алмай отырғандығын
және кітапқа көп мөлшерде қаржы жұмсалғандығы туралы айтылған. 1996-1997
жылдары Ресей кітап өнімдері Қазақстан кітап нарығының 98-99 пайызын
құраған екен 16. Одан бері қанша уақыт өтсе де, бұл жағдай аса өзгере
қойған жоқ. Бір ғана “Экономик´ С” дүкендерінде сатылып жатқан
қазақстандық жалпы өнімнің көрсеткіші 30 пайызды ғана құрайды. Мәселен,
Американың мектеп алды бағдарламасы бойынша басылған сериялық кітапшалардың
жобасын Ресей сатып алса, дәл осы жобаны қазақстандықтар орыс тілінен
ағылшын тіліне аударып екі есе шығындалуда. “Алматыкітап” ААҚ – ның
баспасы сатып алған жоба Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
министрлігі мектеп жасына дейінгі жәні жалпы білім беру саласына оқу құралы
ретінде ұсынылып отыр. Қарапайым әрі әдемі безендірілген 210210 мм.
пішіндегі кітаптар “Менің алғашқы кітабым” топтамасымен шығарылуда.
Олардың тізімі былай деп жалғаса береді: 1. Time (уақыт) 2. Colours
(түстер) 3. Shapes (пішіндер) 4. Opposites (қарсы мәндес сөздер) 5.
Counting (санау) 6. Weather (ауа райы) 7. Measuring (өлшеу). Аталған
оқулықтардың барлығы дерлік бүлдіршіндерді қоршаған ортаға бейімдеу және
ағылшын тілін үйрету мақсатында басылып отыр. Мәселен Opposites кітабының
анататциясында “Балаларға қарсы мәндес сөздер жөнінде алғашқы түсініктер
беретін кітап. Кітаптағы көрнекті суреттердің көмегімен салыстыру
анықтамаларындағы құндылықтарды бүлдіршіндер жеңіл меңгере алады,”- деп
жазылған.
Сонымен қоса баспа “Менің денем” атты сериясымен “My hads” кітабы
сияқты, адамның дене мүшелеріне анықтама беретін үш тілде оқулықтар басуды
жоспарлауда. Жоғарыдағы аты аталған кітаптардың барлығы 2001 жылдан
бастап әр біреуі 500 данадан шығуда. Кітаптың бірінші бетінде “
Көркемдеген: Джулия Парк және оның кеңесшісі Питер Потлиан” деп кітап
авторлары есімдерін жазуды ұмытпаған.Сонымен қоса “Алматыкітап” баспасы
америкалықтардың жобасы , Ресейліктердің аудармасы бойынша “A cautionary
tale” ( сақтандыру ертегісі ) атты сериясымен бір қатар кітаптар шығарған.
Олар: 1. “Fred the fire fighte” (Өрт сөндіруші Фред) 2. “Vicky the vet”
(Мал дәрігері Вики) 3. “Don´t tell lies, Lusy!” (Люси, өтірік айтпа!) 4.
“Transport” (Көліктер).
Осы ретте отандық баспагерлердің ескермей отырған бір мәселесі
бар. Ол - аталмыш жобанының безендірілуі мен ондағы кісі есімдерін
қазақшаламай, сол американдық үлгіде қалдырып қойғандығы. Кітап
балабақшаларда, мектеп алды дайындық орындарында оқытылатын болғандықтан
қазақтың қара балалары тілдерін Люси, Фред, Томсон сияқты есімдермен ашып,
өмірді суреттегі келтірілген американдық үлгідегі өмір тұрғысынан қабылдап,
дүние танымын кітапта берілген астыртын ұғымдармен қалыптастыра бастайды.
Астыртын ұғымдар дегенге кітаптағы кішкентай кейіпкерлер ата-анасына сен
деп сөйлеп немесе бес жасар қыздың “мамам екеуміз бір-бірімізбен ашық
сөйлесеміз. Мы сейчас подруги ” деген батыстық тәрбиені келтіруге болады.
Бұдан кейін кітап жобасының авторлық құқығы қорғалғандықтан жобаның
мазмұны, идеясы емес, есімдері де өзгертілмеу керек деген талап бар ма
деген сұрақтың тууы заңды. Жоба сатып алынғанан кейін оның кейіпкерлерінің
есімі өзгертілсе болмай ма. Бұл топтаманың авторторлары Фил Роксби Кокс
пен Мокка Фферди -төтенше жағдай жөніндегі арнайы мамандар. Келтірілген
кітаптардың көркемдік аудармасы жоғары деңгейде. Себебі жобаны ағылшын
тілінен аударғандар ресейліктер. Мәселенің бәрі сұраныстың анықталмауында
болып отыр. Яғни, аудиторияға әлі жеткілікті зерттеу жүргізілмеген.
Қазақстандағы тіркелген, тіркелмеген баспалар жылына кем-дегенде 1-2 кітап
шығарады. Ал, Ресейдің жетекші баспаларының бірі болып есептелетін “АСТ”
баспасы рынокты айына 600 аталымды кітаппен қамтамасыз етеді. Сонымен қоса
олардың кітап таралымы біздікімен салыстырғанда жер мен көктей. Ресейде
шыққан детиктивті романның бір реттік таралымының саны жарты миллионға
жетуі мүмкін. Қазақстандық бір кітаптың таралымының соңғы нүктесі – он
мыңға әрең жетіп қана қойылады. Соңғы он жылда қазақстандық кітап өнімінің
таралымы 2,5 есеге дейін төмендеген. Есесіне аталымды кітаптар саны
өсуде. Аталымды демекші, осы тұста қазіргі қоғамда қандай кітаптарды шығару
тиімді деген сұрақ өзінен өзі туындайды. Бұл сұраққа әлі де толық жауап
табылмаған, комерциялық әдебиттің көзін табу қиындау. Қазір Қазақстан баспа
өнімдері нарыққа екі негізде шығып отырады. Біріншісі – мемлекеттік
тапсырысқа негізделсе, еді бір баспалар өз қаржыларымен қалаған өтімді
деген кітаптарды шығарады. Оның соңғылары көбіне Ресей кітаптарын қазақ
тіліне аударып басумен немесе бар кітапты қайта безендіріп басып шығарумен
айналысады. Ал, “Атамұра”, “Білім”, “Рауан”, “Мектеп”, “Жеті жарғы”,
“Алматы-кітап”, “Жазушы” баспалары мемлекеттің тапсырысы бойынша қажетті
оқулықтар мен “әлеуметтік маңызы зор әдебиеттерді шығарады. “Қазір
қазақстандық баспалар үшін тек іздену керек. Табыс – көзі ізденісте” ,
-дейді “Бауыр” баспасының директоры Бауыржан Иманалиев 17. Оның айтуынша
бүгінде ағылшын тілінде шыққан әдемі безендірілген фотоальбомдар мен бағыт
сілтуші кітапшалар, сондай-ақ Қазақстанның жері мен елі туралы кітаптар
өте жоғары сұранысқа ие. Оларды көбіне-көп туристік компаниялар тапсырыс
беретін көрінеді. Мәселен, баспа сапалы фотоальбомды 1000 данамен шығарса,
оның әр данасын туристік компаниялар 35-40 доллар бағаға сатып алады.
Ағылшын тіліндегі “Весь Казакстан” фотоальбомы бастапқыда Туризм және спорт
Ұлттық агенттігінің тапсырысымен шыққан екен. Уақыт өте келе “Баур”
баспасынан шыққан бұл фотоальбом үлкен сұранысқа ие болған. Туристік
компаниялар бірігіп, жаңағы өнімді шығару үшін қаржылай дендеушілік жасап,
ақыры өнімнің жалпы таралымдық данасын 10 000-ға дейін жеткізген. Сонда
осыдан шыққан нәтиже оның әр данасы 4 долларға ғана бағаланған . Қазір
мамандар алматылық кітап рыногының жылдық көлемін 45-50 миллион долларға
бағалап отыр. Бұл қазақстандық рыноктың 40 пайызын құрайды. Қалай десек те,
Қазақстанның кітап рыногы 1995-1996 жылдармен салыстырғанда жеткен
жетістігі анағұрлым жақсы. Ол жылдары дүкендерде тұрған кітаптардың 90
пайызы ресейлік болып, 10 пайызы ғана қазақстандық болып еді. Қазір 65
пайызды ресей өнімдері құраса, 35 пайыз қазақстандықтарға тиісілі 18.
Мамандар Қазақстанда кітап саудасы дамымай, сапалы, өтімді әрі көп
мөлшерде өнім шығару мүмкін емес дейді. Жалпы кітап саудасы туралы білім
жүйесін зерттегенде кітап өнімнің тауарлық құнын ғана емес, тұтыну құнын
бірге қарастыру керек. Бұл – киер киім, ішер ас емес, бірақ адам болып
толысу үшін бірден бір азық. Ми, руханият азығы. Дәлірек айтқанда, рухани
тауар. Кітапты тауарға айналдырып саудалау санау папирус бумасына,
күйдірілген балшыққа тақтайға не қайын қабығына жазылған түрлерінен
басталған. Бабаларымыз жасаған жазуы бар тас ыдыс, құжаттар да су тегінге
түспеген шығар. Көне гректер кітап сатушыны “библиапол” деп атапты. Осы
сөзден француз кітаптанушысы Г. Пенью “Библиология жөніндегі түсіндірме
сөздік” (1802-1804) деген кітабында “библиопалистика” атты термин туғызған.
(Библиопалистика- кітап және сату деген екі сөзден құралады.)
Библиополистика кейін кітап саудасы деген мағынадан кітап саудасының
теориясы, тарихы ұйымдастырылу негіздері деген ұғымға ауысқан 19.
Кітап саудасының ерекшелігі оның атында емес, затында. Атына қарап ,
бұл саланы шаруашылық мекемеге жатқызуға болар еді. Рас, шаруашылық
мекемеге, жалпы сауда жүйесіне, елдегі сауда айналымына іске қатысы жоқ
емес. Бірақ, шын мәнінде бұл сату жолымен кітап тарататын ағартушы жүйе.
Кеңес кезінде ол заңды түрде коммунистік насихат ісіне жегілді . Кітап
саудасын идеологияға жатқызу сол кездегі ресми құжаттарда анық көрсетіліп
отырды. 1949 жылы Үкімет қаулысы бойынша КСРО Министірлер Кеңесі жанынан
Полиграфия өнеркәсібі, баспа және кітап саудасы бас басқармасы құрылған
кезде оған жаңа мекеменің атынан көрініп тұрғандай кітап саудасын басқару
және кітап өнімдеріне дұрыс баға қойылуын қадағалау міндеттері жүктеледі.
Ал, КОКП Орталық Комитетінің 1960 жылғы 31 мамырда қабылдаған қаулысында
жақсы жолға қойылған кітап саудасы жалпы мемлекеттік жұмыстың құрамды
бөлігіне енетіндігі айрықша көрсетілді. Ресейде революцияға дейін кітап
саудасымен негізінен арнайы фирмалар (үш жарым мыңнан аса), алып сатар
антикварлар, офени тасмалдаушылар дейтіндер айналысты. Кеңес дәуірінде
кітап саудасы мемлекет қарамағына көшті. 1918-1921 жылдары Центропечать
дейтін мекеме еңбекшілер арасына кітапты тегін таратты. Бұдан соң кітап
кәдімгі саудаға шықты. Онымен Госиздат секторы, тұтыну кооперациясы,
ал,1931-1949 жылдары кітап бірлестігі (КОГИЗ) шұғылданды. 1949 жылы кітап
саудасы мекемелері құрылып, 1959 жылдан Мәдени министрлігінің, 1972 жылдан
Баспа, полиграфия және кітап сауда комитетінің қарамағына берілді. Қалада
кітап саудасының жұмысын “Союзкнига”, ауыл-селода “Центрокоопкнига”
үйлестіріп, бағыттап отырды. “Наука” сияқты баспалардың өз кітап дүкендері
істеді. Кітаптың сыртқы саудасын “Халықаралық кітап бірлестігі ” жүргізді.
КСРО-да кітап дүкендерінің саны 15-тен асып жығылды. Қазақстанда
“Қазақкітап” атты республикалық бірлестік., Қазақстан тұтынушылар одағының
кітап саудасы басқармасы, Байланыс министрлігінің “Саясипечать” ,
“Академкітап”,” Әскери кітап”, “Тронспартная книга” атты мекемелердің кітап
дүкендері мен киоскалары істеді. Міне, осы жүйелердің кітап дүкендері 1970
жылы 1039 болса, 1985 жылы 1596 -ға жеткізілді. Кітап киоскаларының саны
1929-дан 2416-ға дейін артты. Кітап және басқа тауарлрдыі айналымы 34
милион сомнан 110 милион сомға дейін түсті. 1960 жылдары әр жан басына
шаққанда 2 сомнан кітап сатылса, бұл көрсеткіш 1985 жылы қала бойынша 410
жеткізілді. Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ-та 1960 жылдың бас кезінде 8500,
Ұлыбританияда 6303 кітап дүкені болған.
Сауда - экономикалық заңдылықтарға бағындырылған ұсыныс пен
сұраныстың тоғысатын тұсы. Ұсыныс өнім сатып алушының сұранысын
қанағаттандыру мақсатында шығады. Нарық заманында сұраныс және оған
қойылатын талаптар өте жоғары. Баспа кез-келген мекеме секілді аталған
сауда процесіне жоғарғы дәрежеге енеді. Ең бірінші баспа өз кітабын сатып
алушыларын, яғни тұтынушыларын білуі қажет. Сыртқы безендіруі, мазмұны,
бағасы және өнімнің өзіндік құнын ақтауы деген мәселеге баса назар
аударылады. Тұтынушының сұранысы баспаның үнемі назарында болады. Баспа оны
зерттеп отыру керек. Себебі сұранысқа қарай өз міндетін ұйымдастырады.
Өнімді саудаға шығармас бұрын мынандай мәселеледің басын ашып алу
керек. Тұтынушылардың мәселелері қандай? Сіз ұсынған өнім тұтынушыға
пайдасы бар ма? Олар не ұтады? Қаншалықты дәрежеде сіздің тауарыңызды
қажетсінеді? Өніміңіз кімдерге арналған? Сауда (базар) потенциялының
ауқымы қандай? Басылымды қанша тиражбен шығаруға болады? Жоспарыңыз табысты
болу үшін сауданың неше пайызын орындауыңыз қажет. Тұтынушы сіздің
бағаңызға келісе ме?
Кітапты халық арасында көптеп таратудың бір амалы – жарнама. Жарнама
маркетингтің бір бөлігі болғандықтан, оның стратегиясы мен мақсатын анықтап
алған дұрыс. Жарнама беруші өнімнің маркасын, сапасын және қызмет түрін
анықтайды. Өнім кімдерге және не үшін қажет? Оның өзектілігі неде? Осыларға
баса назар аударылады. Тұтынушы өнімді алғанда не ұтады, яғни пайдалы
жақтарын қысқа екі-үш сөзден тұратын сөйлемдермен жеткізеді.
Жарнама бір мақсаттағы аудиторияға арналған, тарату аумағына қарай,
шетелдік жарнама, аймақтық, жергілікті жарнама болып бөлінеді. АҚШ-тағы
алғашқы жарнамалық тіркестер 1704 жылы “Бостон Ньюс Леттер” газетінде пайда
болды. Кейінірек Бенджа мен Франклин жарнаманы ерекшелендіріп беруді
ұсынды. Ал, кітап басу және оны шығару ісіне жарнама қаржыны көп бөлуді
қажет етеді. Бүгінгі қазақ баспагерлері жарнаманы дұрыс жолға
қоймағандықтан, оқырман сұранысы зерттелмегендіктен қазақ кітаптары
тұтынушыларын таба алмай отыр. Кітап таратуда жарнаманың ықпалы өте зор.
Кітап мұқабасы салынған жарнамалық жобаны газеттерге беру - жарнаманың бір
ғана көрінісі. Мұндай тәсілдер бүгінгі біздің газет беттерінде де орын
алып жатыр. “Аграрный Казакхстан” газетіндегі “Книжная полка” деп аталатын
қазақ және орыс тіліндегі арнайы кітап жарнамалау беті бар. Ал, “Қазақ
әдебиеті” басылымдағы “Кітап әлемі” қосымшасы біршама оқырманға етене
таныс. Баспа өз өнімін саудаға шығармас бұрын кітап таратушы фирмаға, кітап
дүкендеріне, мекемелерге жарнамалық жобаны жіберу қажет. Кітап басу
ісіндегі мынандай жарнамалық шаралар бар:
1. Каталогтар шығару. Әр баспа өзінің қаражат деңгейіне қарай жылына 4
рет немесе одан да көп каталогтар шығарып отырады. Каталог тақырыпқа
қарай жүйеленеді, баспаның мекен-жайы көрсетіледі.
2. Тапсырыс тізімін тарату. Бұл бланклерде кітаптың тақырыбы, автордың
аты-жөні, қысқаша мазмұны көрсетіледі. Және тапсырыс берушінің аты-
жөні мен қызмет орны, кітап санына бос орындар қалдырады.
3. Жарнамалық парақтар мен жобалар тарату.
4. Сауда орындарына, мекемелерге, мәдениет сарайларына плакаттар ілу.
5. Радиожарнама.
6. Тележарнама
7. Мерзімді баспасөздегі жарнама.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін кітап саудасы саласында
да ойластыратын мәселе жетерлік. Қазіргі Қазақстан баспа орындары кітапқа
деген сан-қилы сұранысты толық өтей алмайтыны түсінікті. Нарық жағдайында
сырттан, әсіресе Ресейден түсетін әдебиет сан жағынан ғана емес, сапа
жағынан да төмендеп барады. Әсіресе, техникалық әдебиет кітап дүкендеріне
түспейді. Отандық кітаптар бәсекелестікке төтеп бере алмай отырғанда,
ағылшын тілінде сапалы әдебиет басып, оны экспортқа шығару мәселесі біз
үшін әлі туған жоқ. Бұл сала стихиялық түрде дамып келе жатқаны белгі. Ал,
оны бір ізділікке салып, мемлекет деңгейінде қарастырылатын болса, ағылшын
тілінде сапалы, жоғары деңгейде аударма жасайтын , редакциялайтын мамандар
да дайындау, олардың санының көбейту күн тәртібіне қойылатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz