Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
Кафедра
Қорғауға рұқсат
Кафедра меңгерушісі
(ғылыми дәрежесі, атағы)
«» 2010ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбына
(мамандық шифры, атауы)
Орындаған Т. А. Ж.
Пікір беруші Ғылыми жетекші
(ғылыми дәрежесі, атағы) (ғылыми дәрежесі, атағы)
А. Ж. Т. А. Ж. Т.
«» 2010ж. «___» 2010ж.
Алматы 2010
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
Институт
Кафедра
Мамандық шифры, атауы
Дипломдық жұмысты даярлауға
Тапсырма
Студентке
Т. А. Ж.
Жобаның тақырыбы
Университеттің № «___» бұйырығымен бекітілген
Орындалған жобаның өткізу мерзімі «___»
Дипломдық жұмыстың бастапқы мәліметтері
Есеп-түсініктеме жазбаның талқылауға берілген сұрақтарының тізімі мен қысқаша диплом жұмысының мазмұны
а)
б)
Графикалық материалдардың тізімі (міндетті түрде қажет сызбалар көрсетілген)
Ұсынылған негізгі әдебиеттер
Дипломдық жұмысты даярлау
Кестесі
Аяқталған дипломдық жобаның және оларға қатысты диплом жұмысының бөлімдерінің кеңесшілерінің және қалып бақылаушының
қолтаңбалары
Ғылыми жетекші, кеңесшілер
(аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, атағы)
Тапсырма берілген мерзімі
Кафедра меңгерушісі А. Ж. Т.
(қолы)
Ғылыми жетекшісі А. Ж. Т.
(қолы)
Тапсырманы орындауға студент алды
(аты, жөні, тегі)
Күні «___» 2010ж.
АҢДАТПА
Бұл дипломдық жобада Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары қарастырылған.
Дипмломдық жобаның мақсаты - жер сілкінісі салдарын жою, пайда болуын ескерту, күшті жер сілкінісі пайда болған кезде атқарылатын іс - шаралар, және пайдаланылатын күштер мен құралдар, ғимараттардың беріктігін, тұрақтылығын зерттеу, жер сілкінісі зардаптарына пайдаланатын қамтамассыздандандыру түрлері, тұрғындарды эвакуациялау және күшті жер сілкінісі болған жағдайда болатын экономикалық шығындар. Сонымен қатар сейсмикалық қауіпті алдын алу, зерттеу, болжау іс - шаралары келтірілген.
АННОТАЦИЯ
В этом дипломном проекте рассматривается вопросы краев народов Казахстана, здесь же рассматриваются вопросы по городу Алматы, опасные сейсмические и общие вопросы по территориальным, чрезвычайным ситуациям, также рассматриваются мероприятия по защите сильных землетрясений
Цель дипломного проектирования - предотвратить землетрясение, предупредить о возникновении землетрясении, мероприятие при возникновении сильном землетрясении, и использование сил и средств индивидуальных защит, прочность сооружений, проверка на устойчивость, обеспечение для пострадавших при землетрясении, эвакуация населения подсчет ущерба при сильном землетрясении. А также приведены упреждения сейсмических опасностей, исследований и предположение по мероприятиям.
ANNOTATION
This degree project it is considered questions of edges of Kazakhstan, questions on the city of Almaty, dangerous seismic and general questions on territorial, extreme situations here are considered, actions on protection also are considered are the earth to move.
The purpose of degree designing - to prevent the earth to move, to warn the earth to move, action at occurrence strong the earth to move, and use of forces and means.
Individual defenses, durability of constructions, check on stability, kinds maintenance for victims at the earth to move, evacuation of the population and calculation of damage at strong the earth to move. A preventions of seismic dangers, researches and the assumption of works on actions also are resulted.
МАЗМҰНЫ
сілкінісінің пайда болуы . . .
Жер сілкінісінің зардаптарынан қорғау және жоюға арналған
іс- шаралар, сонымен қатар пайдаланатын күштер, құралдар және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргзу . . .
Жер сілкінісі зардаптарын жоюға пайдаланатын медициналық,
көліктік өртке қарсы, материалды - техникалық қамтамассыздандыру түрлері . . .
Үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін жүктелуін
Есептеу . . .
Сейсмикалық қауіпке неғұрлым бейім елді мекендердегі үйлер
Мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігінің жалпы жағдайы . . .
Алматы қаласының Әуезов ауданындағы 8-9 баллдық жер
Сілкінісі болған жағдайда тұрғындардың мүмкін болатын шығындарын есептеу . . .
КІРІСПЕ
Адамзат тарихы алуан - алуан оқиғаларға бай. Соның ішінде, әсіресе жер сілкінуінің жойқын күші және оның әсерінен болатын алапат апаттар жайлы деректер көп - ақ. Мәселен жер сілкінуі әсерінен кейбір қалалардың, тіпті бүкіл мемлекеттің мүлдем жоқ болып, яки өшіп кеткені тарихтан мәлім. Сонымен қатар жер сілкіну құбылысы адамның рухани күйі мен ішкі сезіміне де терең әсер етеді.
Жер сілкіну кезіндегі негізгі қауіп сол сілкініс кезінде пайда болатын жарықтар, опырылған немесе ойылған жерлер ғана емес, ең алдымен сол сілкініс өңірі бетіне тән апаттар. Егер жер бетіндегі үйлер мен әр түрлі құрылыстар күшті сілкініске шыдайтын болса, онда жер асты дүмпүінің қауіптілігі мейлінше азайып жер сілкінуі біз үшін соншалықты сұрапыл апат болмас еді. Жер сілкінісінің қауіпті салдарынан құтылудың үш түрлі жолы бар: біріншісі және оңай тәсілі - жер беті әр дайым және күшті сілкінетін аймақты халық шаруашылығына пайдаланбау. Дегенмен мұндай сейсмикалық қауіпті аймақтар қазіргі кезде белгілі болғанымен, бірақ олар бүдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын игеріліп қойылған. Сонымен бірге ол жерлердің халық шаруашылығы үшін маңызы өте зор. Сондықтан бүл тәсілді пайдалану мүмкін емес. Ендігі қалған екі тәсіл: жер сілкінісін алдын - ала болжау және оның зардабын азайту үшін оған қарсы төзімді, берік құрылыс салу.
Жер сілкінісін болжау дегеніміз - оның күшін, орнын және дәл болатын уақытын алдын ала анықтау. Бұл жағдайда халықты алдын ала хабарландырып, қауіп қатерден сақтап, олардың кейбір бағалы заттарын қауіпсіз жерге алып кетуіне мүмкіндік туғызуға болады. Сонымен жер сілкіну құпиясын жан -жақты зерттеумен қатар жоғары сапалы, жер сілкінуіне төзімді, берік құрылыс салудың халық шаруашылығы үшін маңызы зор. Бұл саланы арнайы зерттейтін ғылым - берік сейсмикалық құрылыс салу ғылымы деп аталады.
Жер сілкінісінің жойқын күші, оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар.
Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық түрады, 27 қала, 400 - ден астам елді мекендер бар. Республикадағы неғұрлым сейсмикалық қауіпті аймақ ретінде Алматы қаласы мен Алматы облысының аумақтары айқындалды. Жалпы бөлім бойынша Есеп МSК-64 шкаласы бойынша үдемелі қарқыны 9-10 баллдық, Рихтер бойынша ошағы 8-ден астам магнитуда мен және аздаған эпиорталықтық қашықтықтарда болатын жергілікті әлсіз жер сілкіністерін болжаған кезде Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматы қаласы мен Алматы облысының сейсмикалық осалдығының кешенді проблемаларын жоғары дәрежеде ықшам әрі тұтас баяндайды.
Дипломдық жобаның мақсаты: Қазақстанның елді мекендерінің соның ішінде Алматы қаласы аймағының сейсмикалық осалдығын кешенді бағалау негіздерін жетілдіру; күшті жер сілкіністерінің болжанған ошақтарындағы елді мекендерін сейсмикалық осалдығын алдын ала жалпы бағалау болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер шешілді:
- ТЖ жөніндегі Алматы облыстық және Алматы қалалық басқармаларда сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша;
- Елді мекендер аумағындағы сейсмикалық қауіпті және Алматы сейсмикалық қауіпті аймағындағы жер сілкіністерінің мониторингін қамтамассыз етуді бағалау бойынша;
- Үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін бағалау бойынша;
- Жер сілкіністеріне дайындық мәселелері бойынша халықтың кейбір топтарына сауалнама жүргізудің нысаны мен мазмұны әзірлеу.
- Жер сілкіністеріне және оның осал тұстарына халықтың дайындығын жалпы бағалау
1 Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының сейсмикалық қауіпке бейімділігі
1. 1 Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының сейсмикалық қауіпке бейімділігі
Қазақстан Республикасы аумағының неғұрлым сейсмикалық белсенді бөлігі геодинамикалық қатынастағы күрделі жүйеге Еуро-Азияның сейсмикалық белсенді белдеуіне кіреді, онда таулардың пайда болуы ірі литосфералық қабаттардың өзара іс-әрекетінің салдары болып табылады. Қазақстанның сейсмикалық белсенді орогендік белдеуі Тұран плитасы мен қазақ қалқанының жаңа платформасының құрылымын оңтүстіктен және шығыстан қоршап тұрған таулы жоталардан тұрады. Олармен бірқатар сейсмикалық қозғалып тұратын аймақтар байланысты, оларға күшті жер сілкіністерінің ошақтары жақын орналасқан. Қазақстанның аумағында төрт сейсмикалық қауіпті аумақ бар: Тарбағатай-Алтай, Жоңғар-Солтүстік Тянь-Шань таулары, Қаратау және Каспий жағалауы [1] . 1-суретінде Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтары берілген.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысындағы неғұрлым сейсмикалық белсенді аудандарға соңғы 120 жылда күшті жер сілкіністері болған Іле жоталары, Күнгей Алатау және Қырғыз жоталары жатады:
Беловодское (1885ж., М -7, 3), Верный (1887ж., М = 7, 3), Шелек (1889 ж.,
М - 8, 3), Кемин (1911ж., М = 8, 2), Кемин-Шу (1938ж., М= 6, 9), Калаңаш-Түп (1978 ж., М - 6, 8) және басқалары. Жоңғар Алатауы барынша жоғары сейсмикалық аймақ болып сипатталады, мұнда көрсетілген кезең ішінде М=6, 1-6, 5 шкаласымен 4 жер сілкіністері болған.
1929 жылдан бастап 2005 жыл аралығындағы инструменталдық бақылаулар кезеңінде Қазақстанның сейсмикалық станцияларының желісі әр түрлі энергиядағы шамамен 30 000 жер сілкіністерін, және оның жұмысы барысында 5, 0 [2] дейінгі магнитудамен бірқатар жер сілкіністері тіркелді.
1 - сурет. Қазакстанның сейсмикалық белсенді аймақтарының жалпы сұлбасы көрсетілген
1 - Тарбағатай-Алтай, 2 - Жоңғар - Солтүстік Тянь-Шань таулары, 3 -Қаратау, 4 - Каспий жағалауы.
Соңғы уақытқа дейін Орталық Қазақстанның аумағы сейсмикалық емес деп есептелінді, бірақ соңғы жылдары сейсмикалық бақылау жүйелерінің дамуына байланысты ол жерлердеде жер сілкіністерінің болатындығы айқындалды. 1994 жылы ҚР-ның ұлттық ядролық орталығының станциялар желісі іске қосылды. Бұдан басқа, Қазақстанның батысында дәстүрлі түрде геодинамикалық белсенділігі әлсіз деп есептелетін аумақ бар. Алайда соңғы уақытта жер сілкіністері болғанға дейін жаңа әрі қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың болуының көптеген фактілері анықталды. Каспий жағалауы аймағында мұнай және газ кен орындарын қарқынды бұрғылау жүргізіледі, оның геологиялық ортаға техногенді әсерлері болады, соның салдары жер сілкіністерін қоздыруы мүмкін [3] . Жер сілкіністері мұнай құбыры желілерін, пайдаланып жүрген скважиналарды бүлдіруі, өндірістік және тұрғын үй кешендерін бұзуы мүмкін, нәтижесінде орны толмайтын экологиялық және әлеуметтік зиянға ұшыратады.
Сейсмикалық аудандандастыру картасы пайдаланады. Бұрыңғы карталармен салыстырғанда жақсы деп саналғанына қарамастан, онда болжанатын сейсмикалық белсенділік едәуір төмендетіліп сипатталды. Бір қатар аудандарда болжанған деңгейден асып түсетін жер сілкіністері болды. Осындай оқиғалардың қатарына Қазакстандағы Бақанаста (1979ж., М=5. 8, 1=6-7} және Зайсанда (1990ж., М=6. 8, 1=8) болған жер сілкіністері жатады.
Осының салдарынан сейсмикалық аудандарға бөлудің жаңа кезеңін
жүргізу қажеттігі пайда болды. Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтарында ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізілді, бұл жаңа сейсмикалық геофизикалық және сейсмикалық тектоникалық материалдарды талдауға мүмкіндік берді.
Тәуелсіз әдістерді бірлесіп пайдалану Жонғар, Солтүстік Тянь-Шань аумағы және Қаратау-Талас аймағы үшін сейсмологиялық деректер бойынша күшті жер сілкіністері ошақтарының пайда болатын аймақтарын анықтау мүмкіндігін арттырады, олардың ішінде неғүрлым сейсмикалық кауіпті аудандар Іле және Күнгей Алатау жоталары болып табылды, мұнда шамасы К тах =18(М тәх =8, 5), ал Жонғар Алатауы мен Қырғыз жоталарының шығыс бөлігінде К 1в; <=17 (М та =7, 5) . Қырғыз жоталарының батыс бөлігі және Қаржантау жоталарырының К Т) Х =16 (М тах =7, 0) шамасымен сипатталады. Аумақтың қалған бөлігінде К тах мәні 13-15 [4] шегінде болады.
Қазақстанның сейсмикалық аудандандастыру қартасымен М > 4, 7 күшті жер сілкіністері каталогы және тектоникалық қажетті ерекшеліктерді терең қазылып жасалатын құрылысты, сейсмикалық өлшемдерді және тағы басқаларды көрсететін карталар кешені қоса жүреді. Картаға елді мекеннің тізімі беріледі, олардың шегінде болатын баллдық шама көрсетіледі. Жасалған Қазақстанның сейсмикалық аудандастыру картасы ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің тұрғын үй және құрылыс саясаты комитетінің 1998 жылғы 26 наурыздағы № 3-2 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары сейсмикалық аудандардағы құрылыс (ҚНжЕ В 1. 2-4-98) құжатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол МSК-64 шкаласының балдарында әлуетті сейсмикалық карқындылықты бағалауды есепке ала отырып, күрделі құрылысқа қаражатты неғұрлым тиімді салуға мүмкіндік береді.
Неғұрлым халық тығыз орналасқан және өнеркәсібі дамыған қалалар мен мекендер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде
сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан. Елдің сейсмикалық қауіпті аумағында Республиканың өндірістік әлуетінің шамамен 40 пайыз орналасқан, онда 400-ден астам қала және елді мекен бар және 6 миллионнан астам адам тұрады. Сондықтан, табиғат апаттарының ішінде жер сілкінісі Қазақстанда манызды орында тұр және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасына ерекше назар аударады. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан барлық қалалардың ішінде Алматы қаласы сейсмикалық жағдайы неғұрлым ауыр жерде түр. Сондықтан «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен халықтың және халық шаруашылығы объектілерінің сейсмикалық қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздікпен теңестірілген.
Сейсмикалық қауіпті облыстарда орналасқан қалалар мен елді мекендерді дамыту және құрылыс салу сейсмикалық аудандарға бөлуді, жер сілкінісін болжау мәселелерін коюды талап етеді және сейсмикалық аумақты жан-жақты зерделемей және құралдармен бақылаулар желісін жетілдірмей жүргізу мүмкін емес. Құрылыстың қарқынды дамуына байланысты сейсмикалық жағдайды егжей-тегжейлі зерттеуге талаптар өсуде.
Қазақстанда сейсмикалық аудандарға бөлудің үш түрі бар: жалпы, жан-жақты және шағын аудандарға бөлу. Жалпы сейсмикалык ауданға бөлу (ЖСА) Республика ауқымындағы халық шаруашылығын дамытуды жоспарлау мақсатына қызмет өтеді. Қазіргі уақытта ЖСА картасында Қазақстанның
барлық аумағы қамтылған [5] .
Үдемелі қарқыны 9 баллға дейінгі және одан да үлкен жер сілкінісінің болуы мүмкін аймақтар Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар тау жоталарын және Алтайдың оңтүстік шығыс сілемдерін қамтиды. Неғұрлым әлуетті сейсмикалық қауіп Іле және Күнгей Алатауы шегінде болады. 8 баллға дейінгі күші бар сілкіністер болатын аудандарға тау жоталарының төменгі сілемдері бейім. Оларға Нарым, Солтүстік Зайсан, Малайсатин, Кіңдіктас және басқа да сейсмикалық аймақтар жатады. Үдемелі қарқыны 6-7 балл болатын жер сілкіністері тау баурайларындағы жазықтарда байқалады.
Сейсмикалық аудандастыру картасы түрғын-үй және өнеркәсіптік объектілерді салу мәселелерін реттейтін әкімшілік органдарға, сондай-ақ азаматтық өнеркәсіптік ғимәраттар кұрылысының сейсмикалық беріктігіне жобалау сметалық қүжаттама әзірлейтін жобалау-сәулет ұйымдарына арналған. Сейсмкалық аудандастыру картасы М8К-64 шкаласының баллмен көрсетілетін сейсмикалық күшін бағалауды ескере отырып, күрделі құрылысқа қаражатты неғұрлым тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Сейсмикалық әсерлердің әр түрлі қарқыны баллмен бәлінген аудандар белгілі формула ҚН және В 1. 2-4-98) арқылы үйлер мен ғимараттарға сейсмикалық салмақты бағалауға көшуді біле отырып, сейсмикалық жағдайдың барысын айқындауға мүмкіндік береді.
Картада көрсетілген ықтимал жер сілкіністерінің (М тах ) күтіп отырған ең
Жоғарғы энергиясы бойынша дифференциацияланған сейсмикалық козғалыстағы аймақтар әлуетті сейсмикалық тектоникалық деформациялар туралы түсінік береді, әрі сейсмикалық процестердің пайда болуының сипаты мен мөлшері олардың күшіне (магнитудасына) байланысты болады.
Мысалы, Солтүстік Тянь-Шань және Жоңғарда сейсмикалық аймақтарда
М = 5, 5-6. 5 (7-9 баллдық жер сілкінісі) болғанда жаппай қирауы мүмкін. 9 баллдық жер сілкінісі кезінде М=6, 5-7, 0 болатын аймақтарда жер қыртысының
қозғалуы жүз метрге дейін созылған жарық түсіруі мүмкін, ал жарық түскен аймақтын жалпы ұзындығы 2-3 шакырымға жететін болады.
Үдемелі қарқыны 10 баллдық жер сілкінісі кезінде М >7, 0 болған аймақтарда 7-8 метрге дейін тіке орын ауыстыру теңселістерімен 15-30 шақырымға дейін жарықтар пайда болады. Сейсмикалық қозғалысқа түскен тастасқындары көбіне керемет құлап-қирауларға әкеп соғады, сары топырақты дамыту аудандарында ол жер сілкінісінен да гөрі қауіпті болуы мүмкін.
Сейсмикалық қауіптің аймақтық жағдайларын бағалаудың жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктеріне қарамастан жасалған карта құрылыстын барлық инженерлік проблемаларын ескере алмайды. Сондықтан, сейсмикалық қауіпті
неғұрлым жан-жақты бағалау үшін мыналар қажет.
- Азаматтык және өнеркәсіптік объектілерді орналастыру мәселелерін шешу үшін облыстық және аудандық әкімшілік органдарына сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан аумақтарды жанжақты сейсмикалық аудандарға бөлу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруы қажет. Бұл жұмыс сейсмикалық қозғалыстағы аймақтарды нақты айқындауға мүмкіндік береді.
- Аумақтық өнеркәсіптік кешендердің қүрылыс жағдайларын нактылау үшін
сейсмикалық шағын аудандарға бөлу қажет, оның міндеттеріне нақты аймақтардың инженерлік-геологиялық жағдайларын және олардың сейсмиқалық әсерлерге (топырактың сейсмикалық қасиеттері, жарылып бұзылуларды, жер астындағы сулардың деңгейін белгілеу және тағы басқалары) ықпалын зерделеу кіреді.
- Аса маңызды объектілер (атом электростанциялары, мүнай өндіретін және мұнай өндейтін кәсіпорындар, гидроэлектр трастанциялары, металлургия және химия комбинаттары және тағы басқалары) үшін сейсмикалық қауіпті бағалау арнайы бағдарламалар бойынша жүргізілуі тиіс.
Аталғандармен бірге, Қазақстанда жер сілкінісінен және геологиялық орта экологиясының бұзылуынан болатын әлеуметтік-экономикалық зиянды болжау бағытында кешенді зерттеулер, сондаи-ақ ақпарат жүиесін әзірлеу және болатын жер сілкіністерінің зардаптарын жеңілдету және жою жөніндегі
инженерлік-техникалық шешімдер және ұйымдық іс-шаралар бойынша ұсыныстар жұмыстары жүргізілуде.
1. 2 Алматы қаласының сейсмикалық аудандарының жағдайы жәнежер сілкінісінің пайда болуы
Алматы қаласы ірі административті, эқономиқалық және мәдени орталық.
Ол Казақстан Республикасының оңтүстік шығысында орналасқан, координнаттары - 77 градусы шығыс бойлық және 43 градус солтүстік ендікте теңіз денгейінен биіктігі 500-1000 м.
Жалпы ауданы 324, 8 кв. км құрайды, тұрғындар саны 1247, 4 мын адам. Қала административті аудандарға бөлінген, бұл аудандардың тұрғындар саны сәйкесінше [6] :
- Алмалы ауданы - 19, 0 кв. км 177, 6 мың адам;
- Ауэзов ауданы - 77, 2 кв. км 315 мың адам;
- Бостандық ауданы - 27, 3 кв. км 275, 1 мын адам;
- Жетісу ауданы - 51, 0 кв. км, 162, 4 мын адам;
- Медеу ауданы - 83, 8 кв. км, 138, 7 мың адам;
- Түрксіб ауданы - 66, 5 кв. км, 174, 9 мың адам;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz