Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
1. ФИРМАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Шығындар туралы жалпы түсінік, құрылымы және жіктелуі ... ... ... ... ... ...6
1.2. Тұтыну нарығын талдау, шығындарды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3. Тауарларды сатудағы және өндірістегі шығындарды басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.4. Шығындарды жоспарлау және басқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2. ФИРМАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1. «КазТрансОйл» АҚ.ның негізгі экономикалық . қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.2. «КазТрансОйл» АҚ.ның ағымдағы шартты тұрақты шығындарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.3. «КазТрансОйл» АҚ.ның ағымдағы шартты өзгермелі шығындарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
3. ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Фирманың ағымдағы шығындарын төмендету жолдары ... ... ... ... ... ... ... 56
3.2. Фирманың ағымдағы шығындарын басқаруды жетілдіру жолдары ... ...59
3.3. Фирма шығындарының шетелдік тәжірибеде анықталуы ... ... ... ... ... ... ... 63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Соның ішінде біздер корпорациялардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайын қарастыруымыз керек. Әсіресе, кез-келген кәсіпорын дербес болғандықтан оның шығыстары мен кірістерін талдау қажет.
Өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық дамуы, жоспардың орындалуы, ғылыми техникалық прогресті жеделдету шаралары, кәсіпорынның өз немесе жабдықтаушылар кінәсынан өндірістік технологиялық процестің бұзылуы сияқты себептердің, нақты өндірілген өнімге жоспардың норма бойынша шығындардың, шикізат пен материалдың нақты шығындардың ауытқуларына қалай әсер ететіндігі өте маңызды. Бұл кәсіпорынның шығындар көрсеткішінің бірі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы болу үшін оның кірістері мен шығыстары тең мөлшерде болу керек. Шығындардың жоғарлауы кәсіпорының банкрот болуына себепші болып келеді, сондықтан біз кәсіпорын шығындарын ұтымды, тиімді басқару шараларын қарастыруымыз керек. Сондай-ақ кәсіпорын сатқан өнімдерінің, тауарларының, басқа да активтерінің өзіндік құны, сонымен қатар оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы кәсіпорын шығыстары болып табылады. Персоналға, жабдықтаушыларға шығындала отырып, бюджеттен белгілі бір мөлшерде ақша қаражаттарын бөледі, бірақ біраз уақыттан кейін сатқан өнімі үшін бюджетін қайтадан толықтыра бастайды, яғни біздің мақсат шығындарды тиімді басқару. Шығындарды жою мүмкін емес, себебі кәсіпорын шығындала отырып, кіріс мөлшерін толтырады.
Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Бұл тақырыптың өзектілігі - экономика дамуының қазіргі кезеңінде белсенді орынды иеленетіндер, ол негізінен өндіріспен айналысатын кәсіпорындар, ұйымдар, корпорациялар, егер осылардың жағдайы жақсы болса, яғни дұрыс өніммен қамтамасыздандырылған, ҒТП-ге сәйкес жаңа технологиялармен жабдықталған, шығындарын дұрыс басқара алатын мамандарының болуы, осылардың барлығы бірге кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсетеді. Егер кәсіпорынның экономикалық жағдайы жақсы болса, онда ол елдің экономикасының да жақсы дамуына жол береді.
Кәсіпорын шығаратын тауарлардың мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарын және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды дұрыс басқара білу, кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағдайының бірі болып саналады.

Нормативті-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Алматы: Жеті жарғы, 01.02.2007ж.- 53 бет
2. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. «Новый Казахстан в новом мире». Астана 28.02.07г.
Оқулықтар мен оқу құралдары:
3. Әмірқанов Р.Ә., А.Қ. Тұрғұлова. Қаржы менеджменті. Алматы, 2002 ж.- 105бет
4. Баймухамбетова С.С., А.Ш. Асрандин, С.С. Мусаева, Р.Х. Шәріпова. Қаржылық менеджмент: Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2000ж.-290 бет
5. Дүйсенов Н.Ш., Э.Т.Төлегенов, Ж.Г. Жумагалиева. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы , 2001ж.- 481 бет
6. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. Москва; 2000г. -768стр.
7. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы» Алматы, Экономика, 2003 ж.- 365 бет
8. Өсербайұлы С. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2005ж.- 108 бет
9. Бочаров В.В., Леонтьев В.Е. Корпоративные финансы. СПб Изд-во Питер-2004 г.- 591 стр.
10. Дюсембаева К.Ш. “Анализ финансового положения предприятия” Уч. пособие. Алматы: Экономика 2005г.-205 стр.
11. Румянцева Е.Е. Финансы организаций: Финансовые технологии управления предприятием. Изд. ИНФРА-М, 2003г.- 460стр.
12. Ермекбаева Б.Ж., Купешова Б.К. Корпоративные финансы: Учебное пособие / Под ред. Б.Ж. Ермекбаевой. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.- 80стр.
13. Жилкина А.Н. Управление финансами. Финансовый анализ предприятия. ИНФРА-М, 2005г. - 332стр.
14. К.Г. Ахметов «Өндіріс менеджменті» - Орал қ. 2001ж.- 155 бет
15. М.Б.Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері» Орал, 2001ж.-266бет
16. Өсербайұлы С.,Қалымбекова Ж.Қ., Оқу құралы: Қаржы менеджменті, Алматы, ҚазҰУ, 2009ж.- 215 бет
17. А.П.Данова «Маркетинг в предпринимательской деятельности», г.Уральск, 2003г.-63стр.
18. Бисенова Ж.К. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау/Оқу құралы.-Атырау: Жалын, 2001ж.-330 бет
19. Ковалев В.В., Уланов В.А. Курс финансовых вычислений. Изд. «Финансы и статистика» 2005г.-173 бет
20. Моляков Д.С. Теория финансов предприятий. Учебное пособие. Изд. Финансы и статистика, 2004г. – 112стр.
Мерзімді басылымдар:
21. Купешова Б.К. Смешанное финансирование в интегрированных хозяйственных структурах// Журнал «Каржы-каражат» 2006г., №5–63стр.
22. Научно-практический журнал «Финансы и бизнес». -2007г. - №7. –25стр.
23. Вестник Казну. Серия экономическая. №5(63).–Алматы: Қазақ университеті, 2007.-112стр.
Интернет:
24. Официальный сайт Министерства Финансов РК www.minfin.kz
25. Официальный сайт Фондового рынка РК. www.kase.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
______________________________факул ьтеті
_______________________кафедрасы
Диплом жұмысы
___________________________________ _________
Орындаушы __________________________ аты-жөні
Ғылыми жетекші __________________________ аты-жөні
(қолы, күні)
Норма бақылаушы __________________________ аты-жөні
(қолы, күні)
Кафедра меңгерушісі
Қорғауға жіберілді __________________________ аты-жөні
(қолы, күні)
Алматы, 20__
РЕФЕРАТ
Кәсіпорындардың өз өнімдерін нарыққа шығару ұмтылысы мен қабілетін
анықтайтын маңызды факторлар - өндірістің ағымдағы шығындары болып
табылады.
Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол
өнімдерді өндіргендегі жұмсалған ағымдағы шығындар мен ресурстардан тиімді
пайда алуға байланысты болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін
бағасына байланысты болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар
өздері өндірген өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Сондықтан нарықтық
экономикадағы фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін, ағымдағы шығындарын азайту
керек.
Зерттеу тақырыбымның өзектілігі. “Фирманың ағымдағы шығындарын
басқару” атты тақырыбы оның қажеттілігіне байланысты таңдалды. Бүгінгі
таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның
ағымдағы шығындары және оны азайту туралы мәселелер аса маңызды болып отыр,
нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің
мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде
кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді
бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді. Пайданы алмастан бұрын
ағымдағы шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдау керек.
Диплом жұмысының мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты нарықтық
экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен
құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету
жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау болып табылады.
Қарастырылған ағымдағы шығындар теориясы негізінде КазТрансОйл АҚ-ның
ағымдағы шығындарына талдау жасау (құрылымдық ағымдағы шығындарды
ескергенде) өнімнің өзіндік құнының өзгешелігін және оны төмендету жолдарын
анықтау керек.
Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
• ағымдағы шығындардың экономикалық мазмұнын және олардың қазіргі
экономикалық ойлаудағы негізгі концепцияларын қарастыру.
• нақты бір кәсіпорын мысалында ағымдағы шығындарын талдау және зерттеу.
• ағымдағы шығындарды азайту көздерін іздеу және т.б.
Зерттеу обьектісі нарықтық жағдайдағы КазТрансОйл АҚ-ның қызмет
етуі. Зерттеу пәні ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорындарда ағымдағы
шығындарды басқару, өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары алынды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 17
кесте, 3 сурет көрсетілген.
МАЗМҰНЫ
1. ФИРМАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Шығындар туралы жалпы түсінік, құрылымы және
жіктелуі ... ... ... ... ... ...6
1.2. Тұтыну нарығын талдау, шығындарды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3. Тауарларды сатудағы және өндірістегі шығындарды басқарудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..19
1.4. Шығындарды жоспарлау және басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2. ФИРМАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1. КазТрансОйл АҚ-ның негізгі экономикалық – қаржылық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...37
2.2. КазТрансОйл АҚ-ның ағымдағы шартты тұрақты шығындарын

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
2.3. КазТрансОйл АҚ-ның ағымдағы шартты өзгермелі шығындарын

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
3. ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Фирманың ағымдағы шығындарын төмендету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... 56
3.2. Фирманың ағымдағы шығындарын басқаруды жетілдіру жолдары ... ...59
3.3. Фирма шығындарының шетелдік тәжірибеде
анықталуы ... ... ... ... ... ... .. ..63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .71
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында ХХІ ғасырға күрделі
өзгерістермен аяқ басты. Соның ішінде біздер корпорациялардың,
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайын
қарастыруымыз керек. Әсіресе, кез-келген кәсіпорын дербес болғандықтан оның
шығыстары мен кірістерін талдау қажет.
Өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық дамуы, жоспардың
орындалуы, ғылыми техникалық прогресті жеделдету шаралары, кәсіпорынның өз
немесе жабдықтаушылар кінәсынан өндірістік технологиялық процестің бұзылуы
сияқты себептердің, нақты өндірілген өнімге жоспардың норма бойынша
шығындардың, шикізат пен материалдың нақты шығындардың ауытқуларына қалай
әсер ететіндігі өте маңызды. Бұл кәсіпорынның шығындар көрсеткішінің бірі
болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы болу үшін оның
кірістері мен шығыстары тең мөлшерде болу керек. Шығындардың жоғарлауы
кәсіпорының банкрот болуына себепші болып келеді, сондықтан біз кәсіпорын
шығындарын ұтымды, тиімді басқару шараларын қарастыруымыз керек. Сондай-ақ
кәсіпорын сатқан өнімдерінің, тауарларының, басқа да активтерінің өзіндік
құны, сонымен қатар оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын
шығындар сомасының жиынтығы кәсіпорын шығыстары болып табылады. Персоналға,
жабдықтаушыларға шығындала отырып, бюджеттен белгілі бір мөлшерде ақша
қаражаттарын бөледі, бірақ біраз уақыттан кейін сатқан өнімі үшін бюджетін
қайтадан толықтыра бастайды, яғни біздің мақсат шығындарды тиімді басқару.
Шығындарды жою мүмкін емес, себебі кәсіпорын шығындала отырып, кіріс
мөлшерін толтырады.
Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Бұл тақырыптың өзектілігі - экономика дамуының қазіргі кезеңінде
белсенді орынды иеленетіндер, ол негізінен өндіріспен айналысатын
кәсіпорындар, ұйымдар, корпорациялар, егер осылардың жағдайы жақсы болса,
яғни дұрыс өніммен қамтамасыздандырылған, ҒТП-ге сәйкес жаңа
технологиялармен жабдықталған, шығындарын дұрыс басқара алатын мамандарының
болуы, осылардың барлығы бірге кәсіпорынның экономикалық жағдайын
көрсетеді. Егер кәсіпорынның экономикалық жағдайы жақсы болса, онда ол
елдің экономикасының да жақсы дамуына жол береді.
Кәсіпорын шығаратын тауарлардың мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге
кететін шығындарын және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына
тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және
оны сатуға кететін шығындарды дұрыс басқара білу, кәсіпорынның шаруашылық
жүргізудегі тиімділігінің басты жағдайының бірі болып саналады.
Осы тақырыпты орындаудағы негізгі мақсатым – шығындардың кәсіпорын
экономикасындағы алатын орны, кәсіпорын үшін шығындардың кең таралған түрін
анықтау, басқару және оны минимизациялау жолдарын қарастыру болып табылады.
Кәсіпорынның алдыңғы жыл шығындары мен ағымдағы жылдағы шығындарын
салыстыру, қай жылы шығын мөлшері көп болды, соны анықтау, және сол
шығындарды минимизациялау жолдарын қарастыру.
Жұмыстың негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
• Кәсіпорындардың ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау;
• Кәсіпорынның ағымдағы шығындарын талдау;
• Кәсіпорын шығындарын басқару;
• Шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды
талдау;
• Шығындарды минимизациялау жолдарын анықтау;
• КазТрансОйл АҚ негізінде өнімді өндіріп өткізуге, тасымалдауға
кететін жоспарлы шығындарды талдау.
Зерттеудің ғылыми-методологиялық негізі – отандық, шетелдік
экономисттердің еңбектері. Жұмыста тақырыпқа байланысты экономикалық
оқулықтар, журналдар, нормативтік-құқықтық құжаттар қолданылады.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде экономика саласындағы
Р.Ә.Әмірқанов, Б.Ж.Ермекбаева., Б.К.Купешова, К.Ш.Дюсембаева, С.Өсербайұлы,
В.В.Ковалевтің және т.б. ғылыми еңбектері алынды.
Сондай-ақ КазТрансОйл АҚ-ның қызметі жөніндегі берілген
статистикалық мәліметтер, шығындар бюджеті, экономикалық бағдарламалар
және. т.б. дерек көздері пайдаланылды.
Диплом жұмысын орындауда логикалық, ғылыми абстракция әдістері,
салыстырушылық талдау, экономикалық моделдеу т.б. зерттеу әдістері
қолданылады.
Диплом жұмысы нарықтық экономика жағдайындағы өнім өндіруге кеткен
шығындар түрлерін анықтауға және өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын
талдауға арналған.
Зерттеу обьектісі. Зерттеу обьектісі нарықтық жағдайдағы КазТрансОйл
АҚ-ның қызмет етуі.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорындарда
өнім өндіруге кеткен шығындар түрлерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын
төмендету жолдары алынды.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Шығындар туралы жалпы түсінік, құрылымы және жіктелуі
Нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындардың құқықтық және
экономикалық жауапкершіліктері артады, сөйтіп шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылық тұрақтылығы мен бәсекелестік қабілеттілігінің
жоғары болуының маңыздылығына көп көңіл бөлінеді. Сондықтан кәсіпорындардың
негізгі мақсаты – пайданы максимизациялау, өндірістің тиімділігін көтеру,
өзін-өзі қаржыландыруды және өзін-өзі өтеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Өнімді өндіру және өткізу шығындарын аса тиімді басқармайынша жоғарыдағы
көрсетілген мақсаттарға жету мүмкін емес.
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін нарыққа ұсынуы, оны
өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың нарықта сатылатын
бағаларына тікелей байланысты болады. Осыдан шығатын қорытынды тауарларды
өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық
жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.[1]
Соңғы жылдары шикізат, материал, отын, энергияның қымбаттауына, несие
проценттерінің жоғары болуы, жарнама, маркетингтік шығындардың өсуіне
байланысты өндірістік шығындардың өсуі байқалады. Нарықтық жағдай өнімді
өндіру және өткізу шығындарын басқаруды жетілдіру, экономикамыздың
ерекшеліктерін ескере отырып шетел тәжірибесін қолдануды, халықаралық
стандарттарға жақындауды талап етеді. Сөйтіп кәсіпорындар бәсекелестікке
төтеп береді және пайданы молайту, шығындарды төмендету арқылы рентабельді
жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Экономикалық әдебиетте шығыстардың, шығындардың және өзіндік құндардың
ұғымы ұқсас болып саналады, бірақ олардың арасында айырмашылықтар бар.
Шығыс және шығын ұғымдары мынадай пәндердің терминологиясында қаржылық
менеджмент, экономикалық талдау, қаржы, аудит және бухгалтерлік есеп
теориясы және т.б. да Қазақстан Республикасының заңында және кәсіпорынның
қаржы-шаруашылық қызметінде қолданылады. Заңында бухгалтерлік есеп
мақсаттары үшін кәсіпорындардың шығындардың анықтамасы беріледі.
Экономикалық сипатына байланысты шығыстар – нақты уақыт ішіндегі
табысты алу үшін кәсіпорынның жасаған қаржылық шығындары. Кәсіпорынның
шығыстары қызметтің бағыттарына және жүзеге асыру шарттарына, сипаттамасына
байланысты мыналарға бөлінеді: қызметтіің қарапайым түрлеріне байланысты
шығыстар; операциялық шығыстар; өткізуден тыс шығыстар. [2]
Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін
іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай шығындары. Өндіріс
үдерісіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық
кызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары
өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
- өнімдерді өндіруге және сатуға кететін шығындар – бұл капиталдың
ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы
шығындар;
- өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар - әдеттегідей, бұл
жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы
шығындары;
- өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және
осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар – олар негізінде таза
пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады. [3]
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен
байланысты. Шығындар – активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс
шығындарымен байланысты міндеттердің артуы. Ақшалай формадағы субьект
шығынына өнімнің өзіндік құны жатады. Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру
үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7
Тауарлы-материалдық қор есебі стандартына сәйкес шығын мыналарға
жіктеледі:
1) пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше.
Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
2) өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша – оның өзіндік құндарын есептеу
үшін керек;
3) шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі
бойынша – экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен.
Сонымен бірге:
- экономикалық элемент бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін
көрсетеді. №7 БЕС-қа сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:
материалдық шығындар;
еңбекақы шығындары;
аударым;
құралдардың тозуы;
басқадай шығындар;
- калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік
құнын есептеу үшін пайдаланылады. №7 БЕС-қа сәйкес оған жататындар:
материалдар;
еңбекақы;
аударым;
үстеме шығындар. [4]
Алайда, экономикалық элемент және бап бойынша шығынды есепте
топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы (элементі) және мақсатты
тағайындауы ( калькуляция бабы) бойынша субьектінің бір ғана шығындарын
сипаттайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші
субьектінің тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша,
калькуляциялау баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп,
элементтік қимада қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын
әлдеқайда дұрыс есептелуіне және кәсіпорын шығындарына бақылауды күшейтуге
жағдай жасайды. Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын
зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және
талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының
талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын
бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және
өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін
ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады. [5] Өндіріске арналған шығындардың
басқа белгілері бойынша жіктелуін төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 1.
Өндіріске арналған шығындардың басқа белгілер қатары бойынша жіктелуі
№ Жіктеу тобы Шығындар
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық рөл негізгі
бойынша үстеме
2 Өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі тікелей
Бойынша жанама
3 Құрамы бойынша (біртектілік) бір элементті
кешенді
4 Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша өзгермелі
тұрақты
5 Пайда болу кезеңі бойынша Ағымдық
біруақыттық
6 Өндіріс процесіне қатысуы бойынша өндірістік
(басқару қызметі бойынша) әкімшіліктік
коммерциялық
7 Тиімділігі бойынша өндірілетін
өндірілмейтін
8 Бақылау мүмкіндігі бойынша реттелетін
реттелмейтін
9 Орташалау деңгейі бойынша Жалпы
орташа
Ақпарат көзі: Автормен құрастырылған.
Негізгі - өндірістің технологиялық прцесімен тікелей байланысты:
шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.
Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен
тікелей байланыста пайда болады.
Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты
және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін ( шикізат, негізгі
материалдар, аударым). Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше
шығындары деп аталады.
Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы
мүмкін жеке шығын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге
салынбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын – бұл
субьект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады).
Шығындар бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бөлімшеде жанама болуы
мүмкін (зауыт менеджерінің еңбекақысы – бұл жеке бөлімшелердің жанама
шығыны, тұтас зауыттың тікелей шығыны болып табылады).
Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі салалық ерекшеліктерге,
өндірістің ұйымдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
қабылданған әдісіне байланысты.
Бір элементті – бір элементтен тұрады ( еңбекақы, материалдар,
аударым). Бұл шығындар олардың мақсаттық тағайындалуына, орны мен пайда
болу уақытына қарамастан компоненттерге бөлінбейді.
Кешенді – бірнеше элементтен тұрады. Негізгі құралдарға қызмет көрсету
және жөндеу (бұл шығындардың құрамына негізгі құралдарға қызмет көрсету
және жөндеумен айналысатын қызметкерлердің еңбекақылары, әлеуметтік
мұқтаждықтарға бөлінетін шығындар, материалдық шығындар, жөндеу және басқа
шараларға арналған қажетті жабдықтардың амортизациясы).
Өзгермелі – оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне
тікелей үйлесімді болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы,
технологиялық энергия, отын және т.б) және бұл кезеңдегі өнім шығарылымын
үйлесімді (пропорционально) бөледі. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке
артатын болса, онда жалпы өзгермелі шығын да 10%-ға өседі. Өндіріс көлемі
100-ден 200-ге дейінгі бірлікке артқанда, жалпы өзгермелі шығын 1000-нан
2000 теңгеге дейін өсті. Алайда өзгермелі шығын өнім бірлігіндегі есеп
айырысуда көлем өзгерсе де, мейлі бұл қандай бірлік болса да – бірінші ме,
екінші ме, үшінші ме, оған қарамай тұрақты боп қалады. Сондықтан өзгермелі
және тұрақты шығындарды шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп атау
әдетке айналған, өйткені олар әр түрлі нүктелерден екі түрлі рөл ойнайды.
Енді осыларды 2 кестеден көруге болады.
Кесте 2.
Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын
Көлем, Бірлікке шаққандағы Бірлікке шаққандағы жалпы
бірлікте өзгермелі шығын өзгермелі шығындар, теңгемен
100 10 1000
200 10 2000
300 10 3000
400 10 4000
Ақпарат көзі: Жилкина А.Н. Управление финансами. Финансовый
анализ предприятия. ИНФРА-М, 2005. -332с.
Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу,
өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал (аренда), жарнама шығыны
және т.б). Егер көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын
өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады. Егер өндіріс
көлемі 10%-ке кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады. Егер
өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығын 300 теңгеге тең
болады, бірақ тұрақты шығын өндіріс көлемінің артуы кезінде бір бірлікке
ұдайы кеміп отырады. Осыған орай өнімнің өзіндік құны кемиді.
Кесте 3.
Бірлікке шаққандағы тұрақты шығын
Көлем, бірлікте Бірлікке кететін тұрақтыБірлікке кететін жалпы
тұрақты шығын, теңгемен
шығын, теңгемен
1 300 300
2 150 300
5 60 300
15 20 300
20 15 300
25 12 300
30 10 300

Ағымдағы – жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар
шығыны).
Бір жолғы – демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол бекітумен
белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.
Өндірістік шығынға– тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік
өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз
материалымен де, техникалық бақылауымен қабылданып, қоймаға өткізілген
тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны;
тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік
құны, сондай-ақ субьектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім).
Әкімшілік жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық,
әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен
байланысты шығын.
Өндірушілік (жоспарланған) – ұтымды технология мен өндірісті
ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.
Өндірушілік емес (жоспарланбаған) – технологияның жетіспеушілігінен
және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын
(жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы).
Реттелетін – атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі
ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех
бақылаушысы реттейді).
Реттелмейтін – қызметкер оның деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын
шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің
еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды).
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.
Орташа – есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын).
Кезеңге – кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары, тауарды
сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар).[6]
Калькуляциялау туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді
бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу
мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:
1.Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды
топтастыру:
- негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты;
- үстеме - өндірісті ұйымдастыруда пайда болады,
- тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және өзіндік
құнына тікелей қосылады;
- жанама – жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама
(шартты) бөлінеді;
- кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда
бар болуы);
- біткен (шығынға кеткен материалдар).
2.Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
- өзгермелі – оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді
(пропорционально) өзгереді;
- тұрақты - өнім өндіру көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
- қайтарылмайтын - өткен кезеңнің шығыны мен табысы;
- міндеттік – ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны
болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
- айыптық (өсетін) – қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша
пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы төлеу)
- маржиналдық (шектеулі) – қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне
келеді;
- релеванттық – тапсырыстардың сақталуы мен орындалуына байланысты.
3.Шығындарды басқару мақсатында бақылау және ретеу процесін жүзеге
асыру үшін шығындарды топтастыру:
- реттелетін;
- реттелмейтін;
- тиімді (өндірмелі);
- тиімсіз (өндірілмейтін);
- бақыланатын;
- бақыланбайтын. [7]
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда
алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағада
сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өткізуге және өндіруге кететін
ағымдағы шығындарды қысқартады. Кәсіпорынның табысын ұлғайтудың ең бірінші
қайнар көзі, ол оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден
кәсіпорынның өзіне ғана, яғни ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің
тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты.
Ағымдағы шығындар өнімдерді өндірумен және оларды сатумен тікелей
байланысты. Олар кәсіпорынның барлық ағымдағы шығындарының ішіндегі
үлесінің ең көбі. Ағымдағы шығындар кәсіпорынға өндірістік цикл
аяқталғаннан кейін өнімдерді өткізгеннен және сатылғаннан кейін түскен
түсімнің құрамында қайтып оралады.
Ағымдағы шығындардың құрамы әртүрлі және өнімдердің өзіндік құнына
жатқызу әдісіне,өндіріс көлеміне байланысты жіктеледі. Қаржы менеджментінде
ағымдағы шығындарды басқару өндірістің нәтижесімен тығыз байланыстылықта
қаралады. Ағымдағы шығындардың құрамын, құрылымын және көлемін жоспарлау
үшін келесідей мәліметті қолданады. Олар өнімдердің нақтылық өзіндік құны,
алынған пайда көлемі және жұмсалынатын ағымдағы шығындар мен түсілетін
табыстар туралы мәліметтер.
Ағымдағы шығындар, өзіндік құнның экономикалық сатысының бастысы
болып табылады. Олардың деңгейі көбінесе пайда көлемін, кәсіпорын
рентабельділігін, және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын
анықтай отырып, оның ағымдағы шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық
жетілдірудің негізгі бағыты. [8]
Көп экономистер ағымдағы шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз
үлестерін қосқан. К.Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік
ағымдағы шығындар, айналым ағымдағы шығындары. Өндірістік ағымдағы шығындар
түсінігінде жалақыға, шикізатқа, материалдарға кеткен ағымдағы шығындар
кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек құралдарының амортизациясы да
қосылған.
Тағы басқа өндірістік ағымдағы шығындар түсінігіне, ол кейінірек
тауарды шығару мақсатында кәсіпорындарды ұйымдастырушыларының жұмсалған
ағымдағы шығындары. Бір тауар құнында, өндірістік ағымдағы шығындар оның
екіден бір бөлігін құрайды. Өндірістік ағымдағы шығындарды тауар құнындағы
пайда көлеміне шаққаннан аз болады.
Қазіргі кездің ағымдағы шығындар тұжырымдамасын Шығыс экономистері
енгізген, олар көбінесе жоғарыда айтылып кеткен екі кезеңді де қамтиды.
Өндірістік ағымдағы шығындар түрлерінің орталығында, берілген тауардың
бағасымен, ағымдағы шығындармен және өндіріс көлемдерінің арасындағы қарым
– қатынасы ағымдағы шығындарды шығаратын өнім көлеміне байланысты және
байланыссыз деп бөлінеді.
Қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ағымдағы шығындары келесідей
түрге бөлінеді:
1) Шартты өзгермелі
2) Шартты тұрақты
3) Аралас ағымдағы шығындар
Шартты өзгермелі ағымдағы шығындар - өндірілген өнімнің көлеміне
байланысты және өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей пропорционалды түрде
өзгереді. Шартты өзгермелі ағымдағы шығындар өз кезегінде өндірістік және
өндірістік емес болып бөлінеді.
- Өндірістік шартты өзгермелі ағымдағы шығындарға мыналар жатады:
шикізат, материал, түрлі жанармай, энергия, өндірістік
жұмысшылардың негізгі еңбекақысы тағы басқа кіреді.
- Өндірістік емес өзгермелі ағымдағы шығындарға: транспорт,
тасымалдау өнімдерді сатумен байланысты болатын комиссиялық
төлемдер мен басқадай ағымдағы шығындар.
Шартты тұрақты ағымдағы шығындар – бұл ағымдағы шығындар белгілі уақыт
кезеңінде, өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты емес. Оларға жататындар:
амортизациялық төлемдер, басқару персоналдардың еңбекақысы, әкімшілдік-
шаруашылық қажетке байланысты ағымдағы шығындар және еңбекақы.
Аралас ағымдағы шығындар – кейде тұрақты, кейде өзгермелі болады.
Оған жататындар байланыс және телеграф ағымдағы шығындары, құрал-
жабдықтарды, ғимараттарды, ағымдағы жөндеу, іс-сапар, материалдық жабдықтау
ағымдағы шығындары. [8]
Кәсіпорынның еңбек қабілеттілігін ұстап тұру үшін, өнімді өткізу үшін
және өндірістік факторларды қолдану мақсатындағы ағымдағы шығындардың құны
ақшалай көрсеткіште бағаланады.
Ағымдағы шығындардың жиынтығы өнімнің өндірістік өзіндік құнын
құрайды.
Өнімнің өзіндік құны өнімнің өзіндік құнның құндылығын, өнім
өндірісінің үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың,
материалдардың, жанар – жағар майдың, энергияның, негізгі қордың, еңбек
ресурстарының және де тағы басқа өнім өндірісіне және өнімді өткізуге
кеткен ағымдағы шығындарды көрсетеді.
Өндірістік ағымдағы шығындар, өзіндік құн экономикалық категорияның
бастысы болып есептеледі. Олардың деңгейі көбінесе пайданың көлемін,
кәсіпорынның табыстылығын, оның шаруашылық қызметінің тиімділігін
анықтайды. Өндірістік ағымдағы шығындарды қысқарту және оптимизациялау әр
кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын
білдіретін, экономикалық қызметінің негізгі бағыты.
Жалпы ағымдағы шығындарды жақсы түсіну үшін олардың түрлерін
қарастырайық:
Бірінші мынаған көңіл бөлген жөн, экономист өндірістік ағымдағы
шығындарды қысқартуды ойластырады, ал бухгалтерді фирманың қаржылық балансы
қызықтырады. Бухгалтер фирманың бұрынғы қызметінің тиімділігін бағалап,
активі мен пассивін қадағалап және фирманың қаржысына ретроперспективті көз
қараспен қарайды. Экономистер мен басқарушылар керісінше фирманың
перспективасына қызығушылық білдіреді. Олар болашақ ағымдағы шығындарды
қалайша азайтып және рентабельділікті қайтсем көбейтемін деп қам жейді.
Сонымен ағымдағы шығындар экономикалық және бухгалтерлік деп
бөлінеді.
Экономикалық ағымдағы шығындарға ресурстарды қолдану үшін кәсіпорынның
жабдықтаушыға төленетін барлық ағымдағы шығындар жатады. Олар ішкі және
сыртқы ағымдағы шығындар деп бөлінеді.
Сыртқы ағымдағы шығындарға жабдықтаушыларға, ресурстарға, жанар-
жағар майға, материалдарға, шикізатқа, жұмыс күшіне және тағы басқаға
төленетін ақшалай төлемдер жатады.
Ішкі ағымдағы шығындар - бұнда кәсіпорын иесінің өндірістік
ресурстарды қолданғаны үшін ағымдағы шығындар көрсетіледі. Ішкі ағымдағы
шығындарда өзінің қосымша ресурстарын және пайданы көрсетеді.
Ал бухгалтерлік шығындар халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес жіктеледі. Олар көбінесе экономистер және
менеджерлер жағынан қарастырылады. Шығындар келесі топтар бойынша
жіктеледі:
1. Тауарлы-материалдық құндылықтарды бағалауға мүмкіндік беретін және
өндірген өнімнің өзіндік құнын есептейтін ағымдағы шығындар:
- өтіп кеткен ағымдағы шығындар;
- болашақта пайда әкелмейтін және жұмсалып болған қаржылар;
- бұрын сатып алынып, қазір қолда бар және болашақта пайда әкелетін
ағымдағы шығындар;
- өндірістік және өндірістік емес ағымдағы шығындар.
2. Басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін ағымдағы шығындар:
- шығындарды есептегенде қабылдайтын және қабылдамайтындар (яғни болашақ
кезең ағымдағы шығындары және өткен кезең ағымдағы шығындары);
- алып тастауға болатын ағымдағы шығындар, альтернативті дұрыс бағытты
таңдаса онда құтылуға болады;
- алып тастауға болмайтын ағымдағы шығындар, онда құтылуға болмайды;
- альтернативті ағымдағы шығындар – белгілі бір альтернативті бағытты
таңдағанда, басқа біреуінен бас тартуға тура келеді;
- өсімкі ағымдағы шығындар – қосымша өнім топтарының бірлігін шығарудың
нәтижесінде пайда болатын қосымша ағымдағы шығындар;
- маржиналды ағымдағы шығындар – қосымша бір өнім бірлігін шығаруға кеткен
ағымдағы шығындар.
3. Шығындардың деңгейін бағыттап және қадағалап отырумен байланысты,
ағымдағы шығындар бағытталатын және бағытталмайтын деп бөлінеді. [9]
Тұрақты және өзгермелі ағымдағы шығындардың соммалары жиынтық шығынды
құрайды, бұл деп отырғанымыз белгілі бір өнім түрінің өндірісіне кететін
ақшалай ағымдағы шығындар. Өнімнің бір данасына кеткен шығынның мөлшерін
білу үшін, ортақ тұрақты және ортақ өзгермелі ағымдағы шығындардың
категориялары қолданылады.
Ортақ ағымдағы шығындар, жеке жиынтық шығынды өндірген өнім көлеміне
бөлгенге тең.
Ортақ тұрақты ағымдағы шығындар, тұрақты ағымдағы шығындарды өндірген өнім
көлеміне бөлгенге тең.
Ортақ өзгермелі ағымдағы шығындар, өзгермелі ағымдағы шығындарды өндірген
өнім көлеміне бөлгенге тең.[10]
1.2. Тұтыну нарығын талдау, шығындарды басқару
Кәсіпорынның экономикалық жетістіктері оның өнімдері белгілі бір
талаптарды қаншалықты қанағаттандыратынына тікелей байланысты. Тұтынушы
өнімнің әкелетін пайдасы мен сатып алу шығындарын салыстыра отырып, өнімді
бағалайды. Өнімнің пайдалылығы тұтынушы көзқарасы бойынша, оның белгілі бір
мәселерді шешуге қабілеттігінде. Өз кезегінде, өнімнің проблемасын шешуге
қабілеттігі, оның объективтік техникалық немесе физикалық сипаттамасына
ғана емес, өнім туралы ақпаратты өндеудің психикалық процесіне, өнімді
қабылдауға байланысты да бағаланады. Нәтижесінде тұтынушы тауарды алу –
алмау туралы шешім қабылдайды. Ал бұл күтілетін талап барлық маркетинг
элементтері ықпал ету нәтижесінде болады.
Кәсіпкерлік қызметте стратегиялық міндетке бағытталған талдау жасауға
арналған бірқатар арнайы құралдар бар. Мысалы, макро жүйені талдау (осы
географиялық өнірдегі өндірушілерге бірдей әсер етуші қоршаған ортаның
жағдайларын зерттеуге бағытталған), бәсекелестерді талдау(нарық тез
өскенде, өнімнің жоғары ректабелдігінде, немесе накрыққа оңай кіргенде
үлкен маңызға ие), кәсіпорын әлеуетін талдау (ресурстарды тексеруге және
олардың стратегиялық жоспар бағытына сәйкестігін тексеруге арналған), және
нарықты талдау (нарықтың барлық элементтері туралы толық ақпарат алуға
бағытталған).
Тұтынушылық нарықта талдау тақырыбы болатын элементтерді бөлуден басталады.
Содан соң осы объектілер құрылымы және олардың даму үрдістері зерттеледі.
Жабуға үлес салу коэффициенті бойынша өнімнің тартымдылығын бағалау
ішінара шығын базасындағы калькуляция кезінде, яғни, директ – костинг
жүйесі көмегімен қолданылады (бұл жүйе барлық шығындарды айнымалы және
тұрақты деп бөледі). Мұны төменде берілген кестеден көруге болады.
Кесте 4.
Толық шығындар базасындағы калькуляция
Көрсеткіштер Өнімдер
А В С
1 Сату бағасы, тг 8,99 8,12 10,20
2. Өткізу, мың дана 170 510 290
3. Түсім, мың. т. 1528,3 4140,8 2957,7
4. Жалғыз дара шығындар, мың. тонна 1300,0 2800,0 2000,0
5.Жалғыздараға қосылған жалпы шығындар 492,5 1060,8 757,7
мың. т.
6.Пайда, мың т. (n3 – n4 – n5) -264,2 280,0 200,0
7.Кәсіпорын пайдасы, мың. т. 215,0
Ақпарат көзі: К.Г. Ахметов Өндіріс менеджменті - Орал қ. 2001ж.-
155 бет.
Кесте 5.
Салыстырмалы ішінара шығын базасында жабудың есептемесі
Көрсеткіштер Өнімдер
А В С
1.Сату бағасы, тг 8,99 8,12 10,20
2.Өткізу, мың теңге 170 510 290
3.Түсім мың теңге 1528,3 4140,8 2957,7
4.Бірлі – жарым(айнымалы шығындар) мың т1300,0 2800,0 2000,0
5.Тауар бойынша жабу, мың т(n3 – n4) 228,3 1340,8 957,7
Кестенің жалғасы
6.Пайда, мың т (n3 –n4 –n5) 2526,8
2311,0
215,8
7.Кәсіпорын пайдасы, мың т
Ақпарат көзі: К.Г. Ахметов Өндіріс менеджменті - Орал
қ. 2001ж.- 155 бет.
Кесте 6.
А өнімді алып тастағаннан кейінгі жалпы шығындарды жабудың есептемесі
Көрсеткіштері Өнімдер
А В С
1.Сату бағасы, тг 8,12 10,20
2.Өткізу, мың т 510 290
3.Түсім, мың т 4140,8 2957,7
4.Бірлі – жарым шығындар, мың т 2800,0 2000,0
5.Тауар бойынша жабу, мың т(n3 – n4) 1340,8 957,7
тауарлардың барлық соммасы 2526,8
2311,0
- 21,5
6.Пайда, мың т(n3 – n4 – n5)

Мысалды қарастырайық. Кәсіпорын А, В және С тауарларын өндіріп,
сатады. А өнімге арналған бағаны нарық қабылдамаған. 8.99 бағамен сату
залал шектірген(толық шығын базасында кері калькуляция көмегімен есептеулер
қорытындысы бойынша).
Бірақ бұл өнімді алып тастау туралы шешім дұрыс болмас еді. Бірлі –
жарым шығындар базасында жабу есептемесі көрсеткендей, мұндай шешім
қабылдаған соң жалпы пайда азайып кетеді. Берілген кестеден көретініміз, ең
аз залал келтіруші (10% құрайтын) жалпы шығын блогын жабу үшін 228,3 мың т
береді. А өнімді алып тастаған соң бұл сомға қалған өнімдер есебінен
жабылуы немесе Ажәне Б өнімдерінің сату бағасын ұлғайту есебінен, немесе
сату көлемі ұлғайтылуы есебінен жабылуы мүмкін.
Ассортиментті жоспарлаудағы маңызды кезен - өнімдер арасындағы
байланыс әсерін пайдалану болып табылады. Өнеркәсіптік, сауда
кәсіпорындары, жеке сатып алушылар көп ассортимент тауарларын бірден сатып
алды. Мұның себебі: бірнешеу болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір тауарлар
топтамасы қандайда бір талапты қанағаттандырған кезде бірін-бірі толықтыруы
мүмкін. Мысалы, белгілі бір құрылыс объектісін салғысы келген кәсіпорын
цемент, тас сосын т.б. құрылыс жабдықтарын алуы керек болады.[12]
Материалдар топтамасы – олардың бәрі бір дүкенде сатып алынады
дегенді білдірмейді. Егер мұндай ниет болса, сұраныс топтамасы туралы
айтады. Егер бір себептерден көптеген өнімдер бір барғанда (бірден) сатып
алынса, бұл олардын арасында сатып алу байланысы бар дегенді білдіреді.
Бұл өнімдер арасында олардың бір дүкенде сатылғанынан басқа еш байланыс та
жоқ.
Шығарылатын өнім көлемі өзгеруіне әсер етуші факторлардың ішіндегі
негізгілері;
1. Пайдаланылатын ресурстардың бағасы, соның ішінде ақша бағасы өзгеруі.
Бұл өндіріс шығындарының деңгейіне, алдымен оның айнымалы бөлігіне әсер
етеді, бұл көлемді үнемдеу әсерін пайдалануды мүмкін етпес.
2.Өндіріс технологиясындағы өзгерістер. Технологиялық жетілдіру шығарылатын
өнім өндірісін арзандату үшін жүргізіледі. (сонда өзгертілген немесе жаңа
өнім түрін шығаруды ұлғайту мүмкіндігі пайда болады)
3. Салықтар, міндетті төлемдер, жеңілдіктер және дотациялар әр кәсіпорын
үшін салықтар мен міндетті төлемдерді өндіріс шығындары ретінде қарауға
болады. Сондықтан салықтар өсуі – бұл кәсіпкерлік шығындардың ұлғаюы, ол
баға көтерілуіне әкеледі және ақырында ұсыныстар азаюы, жеңілдіктер мен
дотациялар кері бағытта әсер етеді.
4.Нарықтағы сатушылар саны. Тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында
сатушылар көп болған сайын, бәсекелестік т.с. жоғары, тұтынушылар үшін
күрес те қатаң, өнім шығаруды ұлғайту да қиын (демек, кәсіпорын шығынын
азайту да қиын). Егер кәсіпорын монополист рөлінде болса немесе нарықта
жұмыс істесе бұл міндет еді.
Сөйтіп, тұтынушы нарықтың белгісі бір саладағы күйі туралы толық
ақпарат көмегімен жоғарыда аталған сұрақтарға, яғни кәсіпорынның өндірістік
бағдарламасын құрайтынсұрақтарға жауап береді. Бұдан әрі, осы бағдарламаға
сәйкес кәсіпорын басшысы шығындарды басқару жөнінде шешім қабылдауы тиіс.
Тұтынушы нарық туралы ақпарат жинау және оны талдау – еңбекті көп
қажет ететін және қымбат процесс. Көптеген кәсіпорындарды өткізу қызметіне
ара – бура келіп түсетін өткізілген өнім туралы жедел мәліметтерді
талдаумен шектеледі. Бірақ, орта туралы, тұтынушылар, өткізу делдалдары,
бәсекелестер, жеткізушілер, нарыққа ықпал ету мүмкіндіктері және
тұтынушыларда артықшылық туғызу туралы мәліметтер, қысқа мерзімде
еңсерілмейтін өндірістік, қаржылық, кадрлық, т.б. сипаттағы ішкі шектеулер
туралы мәліметтер, қоршаған ортаның әр түрлі жағдайында әр түрлі
инструменттердің әр түрлі ықпалы туралы мәліметтерді – маркетингтік қазіргі
замаңғы реттеу әдістері көмегімен алуға болады, бұл зерттеу әдістерін
социологиялық зерттеу алынған, және жетілдірілген көптеген батыс фирмаларда
тұтынушы нарық туралы ақпарат алуға едәуір қаражат жұмсауы тегін емес. [13]

негіздері
Фирманың кәсіпкерлік қызметі белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындар фирманың қанша және қандай ресурстарды қолданғанын көрсетеді.
Өндіріспен және тауарды сатумен байланысты барлық шығындар көлемі өзіндік
құн деп аталады.
Тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны- кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің нәтижелерін көрсететін маңызды, сапалы көрсеткіш
болып табылады. Сонымен қатар ол басқару сапасының, еңбектің және
өндірістің технико- экономиканың сатысының бағалау құралы болып табылады.
Ол пайдаға, рентабельділік деңгейіне және барлық мемлекеттік қаржылық қор,
яғни бюджетке әсерін тигізеді.
Тауардың өзіндік құны – еңбек ресурстарының, негізгі қорлардың,
энергия, отынның, материалдардың, табиғат ресурстардың, тауар өндірісінің
процесінде қолданылатын құндық бағаны, сонымен қатар басқа да өндірістік
және сатудағы шығындарды көрсетеді. Келтірілген өзіндік құн анықтамасы
өндірістік шығындарға жатады және қабылданған классификация өндірістік
өзіндік құнды құрайды. Ал тауарды сатудағы шығындар есебі - өнеркәсіп
тауарының толық өзіндік құнын көрсетеді.
Тауардың өзіндік құнына мыналар жатады:
- өндірісті дайындауға кеткен шығындары;
- өндіріс ұйымдары мен технологиялармен шартталған тауар өндірісімен
байланысты шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- табиғат шикізаттарын қолдануымен байланысты шығындар;
- өндірістік ұйымдар мен технологияның дамуымен байланысты және тауар
сапасын жақсартумен байланысты капиталдық емес шығындар;
- таңдаумен, техникалық даму мен рационализаторлық ұсыныстармен
байланысты шығындар;
- өндірістік процестерге (ағымдағы, орташа және капиталдық жөндеу
жұмыстарына) қызмет көрсетуге байланысты шығындар;
- қауіпсіздік техникасы мен қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге
байланысты шығындар;
- жұмысшы күшін жинаумен байланысты шығындар;
- табиғатты қорғауды тағайындау қорының мазмұны мен пайдалылығына
байланысты ағымдағы шығындар;
- кадрларды дайындау және қайта дайындаумен байланысты;
- жұмысшыларды жұмыс орнына және керісінше үйіне жеткізуге арналған
көлік шығындары;
- еңбек туралы заңда көрсетілген төлемақылар;
- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақымен қамтамасыз етуге
шегерімдер, жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін мемлекеттік қор
шығындары;
- кәсіпорын мүліктерін сақтандыру үшін шегерімдер;
- банк қызметіне төлеу үшін және қысқа мерзімді ссуданы банктерге
пайыздарымен төлеу үшін шығындар;
- кепілдік қызмет көрсету шығындары;
- тұрмыстық өнімдермен байланысты шығындар(сыртын қаптау, сақтау,
көлікпен қамтамасыз ету);
- негізгі өндірістік қорды қайта өңдеп шығару үшін шығындар(толық қайта
қалыптастыру амортизациясы);
- материалдық емес активтердің тозуы(амортизациясы);
- жарамсыз өнім шығындары;
- ішкі өндірістік себептерге байланысты тұрып қалған өнімдер шығыны.
Шығындар көлемі ресурстар бағасына, өндіріске қажетті тауарларға,
оны пайдалану технологиясына байланысты. Өндірістік ресурстардың сатып алу
бағасы өнеркәсіп қызметіне байланысты емес.Ол ресурсқа сұраныс пен ұсынысқа
байланысты анықталады. Кәсіпорын үшін өндіріс шығындарының құралуының
технологиялық аспектісінің маңызы зор. Біріншіден, ол қатыстырылатын
өндірістік ресурстар көлемін, екіншіден, олардың пайдалану сапасын
анықтайды. Кәсіпорын технологиялық және экономикалық көзқарасынан тиімді
болатындай және өндіріс шығындарының аз болатындай өндіріс әдісін
қолданылуы керек.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің шығындары пайда болу орнына
байланысты қоймалық, өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Қоймада дайындалған өнімдер шығындары- қоймалық өзіндік құн болып
табылады.Өнімнің өзіндік құны учаскіге, бригадаға анықталуы мүмкін.
Өндірістік өзіндік құн- кәсіпорынды басқарудағы қосылған қойма мен
жалпы зауыттық шығындардың өндірістік шығындар сомасы(зауытты басқаратын
персоналының еңбек ақысы, жалпы зауыттық тағайындалған ғимараттың ағымдағы
жөндеу жұмысы мен амортизациясы ж.т.б.).Сонымен қатар өндірістік емес
шығындар да есепке алынады(жарамсыз өнім шығындары,материалдық бағалы
заттардыңжетіспеушілігі және бұзылуы ж.т.б.)
Мақсаттарына байланысты өзіндік құнның келесі түрлері қолданылуы
мүмкін: жалпы, тауарлық немесе сатылған өнімнің өзіндік құны,
салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны ж.т.б.
Сонымен қатар, жоспарлық, есептесу бойынша және есептеме бойынша өзіндік
құн болып бөлінеді.
Жоспарлық өзіндік құн – шығындардың максималдық көлемін бейнелейді
және оған кәсіпорынға қажетті өндіріс ұйымдары мен техника дәрежесін
жоғарылатуға кететін шығындар жатады. Ол негізгі капиталдың активтік
бөлігін, еңбек шығындарын, материалдық және энергетикалық ресурстар
шығындарын пайдаланылатын прогрессивті жоспарлы норма бойынша есептеледі.
Есептесу бойынша өзіндік құн – технико-экономикалық есептесулерде
ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу негіздемесі бойынша
қолданылады.
Есептеме бойынша өзіндік құн - өнімді сату мен өндіріс шығындарын
бейнелейді. Кәсіпорындағы есептеме бойынша өзіндік құн ереже бойынша
жоспардан төмен болуы керек. Үнемдеу режимі материалдық және еңбек
ресурстарының негізгі капиталын қолдануы жақсарғанда пайда болады. Есептеме
бойынша өзіндік құнның жоспардан жоғарылауы кезінде кәсіпорын жұмысының
төмендеуі байқалады.[14]
Отандық тәжірибеде жоспарлау, есептеу және калькуляциялау
мақсатындағы шығындарды басқарудың келесі классификациясы бар:
- өндірістік түрі бойынша – негізгі және көмекші;
- өнім түрі бойынша- жеке бұйым, бір түрлі бұйым тобы, тапсырыс,
жұмыстар, қызмет көрсетулер;
- шығындардың шығу орны бойынша- учаскі, қойма,өндіріс, шаруашылық
есептесу бойынша бригадалар;
- құрамы және экономикалық мазмұны бойынша- шығындардың элементтері мен
статьялары бойынша;
- өзіндік құнға қосу әдістері бойынша- тікелей және жанама;
- өндіріс процесіне қатысу деңгейі бойынша- негізгі және қосымша;
- өндіріс көлемін төментетудегі тәуелділік деңгейі бойынша
пропорционалдық(шартты-ауыспалы)жән е пропорционалдық емес(шартты-
күнделікті);
- өнімнің өзіндік құнына қатысты уақыт бойынша- ағымдағы шығындар,
болашақ кезеңдер шығындары;
- шығындардың бірқалыптылық деңгейі бойынша- элементтік комплекстік.
Шығындардың қалыптасуын басқару жүйесінде тәжірибелік пайдалануда
шығындардың элементтер және баптар классификациясы қолданыылады.
Экономикалық элементтер бойынша шығындар тобы барлық шығарылған
өнімнің өндірісі, өзіндік құнының төмендеуін жоспарлау, оның құрлымын
анықтау. Сонымен қатар айналым құралдарын нормалау смета шығындарын құрау
үшін қолданылады. Ол шығындар тобынан баптар бойынша ерекшеленеді, яғни
ондағы барлық шығындар пайда болу орнын есепке алмай, оның экономикалық
мазмұнын бейнелейтін түрлері бойынша анықталады.
Кәсіпорынның барлық өндіріс салалары келесі экономикалық
элементтер бойынша өндіріс шығындарының номенклатурасы орнатылған:
- материалдық шығындар.Мұнда технологиялық мақсатта және өндіріске
қызмет көрсету, өнім өндірісіне қажетті материалдар мен шикізаттар
комплекстік бұйым мен жартылай фабрикаттар, отын және энергияның
барлық түрлері жатады.Материалдық ресурстар шығындарына шикізат
қалдықтарымен түсіндірілетін қайтарылатын қалдықтар құны, өнімді
өндіру процесінде пайда болған және толықтай жойылған немесе негізгі
өнімнің пайдалану сапасы және жоғарыланған шығындармен қолданылатын
немесе тікелей мағынада мүлдем пайдаланылмайтын материалдар
қосылмайды;
- еңбекақы шығындары. Мұнда кәсіпорынның өнеркәсіптік-
өндірістікперсоналының негізгі және қосымша еңбекақысы, сонымен қатар
өндірістік нәтижелерге байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге
қосымша төлемақылар, ынталандырушы және орнын толықтырушы
төлемақы.Сонымен қатар кәсіпорынның негізгі қызметімен айналысатын
жұмысшылардың құрамына кірмейтін жұмысшылардың еңбекақы шығындары
жатады.
- әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар. Мұнда әлеуметтік сақтандырудың,
зейнетақы қорының, медициналық сақтандыру мен жұмыс бастылық
мемлекеттік қорының органдарымен орнатылған норма бойынша жұмысшылар
еңбекақысынан пайыздар түріндегі міндетті шегерімдер кіреді.
- негізгі қорлардың амортизациясы. Мұнда баланстық құнын, орнатылған
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz