Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару


Мазмұны
Бизнесті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау негізіндегі мемлекеттік шаралар кешені.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жагдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.
ҚҚС қосылған құн салығы
ИжЖТМ Индустрия және Жаңа технологиялар министрлігі
ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ИИС Индустриалды иновациялық стратегия
ШКМҚБ Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарлмсы
ЕО Еуропа Одағы
ЕДБ-Екінші деңгейлі банктер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: әлемдік тәжірибені есепке ала отырып Қазақстанда қалыптасып отырған нарықтық экономика, орталығында пайда, табыс, бәсеке болатын, коммерциялық есептілік мүддесіне негізделген еркін кәсіпкерлер, меншік иелері, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы еркін экономикалық қатынастарды көрсетеді. 2030 жылға дейінгі Қазақстан дамуының стратегилық жоспары шегінде жақын жылдарағы маңызды тапсырмалардың бірі жұмыссыздық пен кедейшілікпен күресу және неғұрлым қатаң ауыл мәселерін шешу, сонымен қатар шағын және орта бизнесті даиыту арқылы кәсіпкерлік қызметке Қазақстанның ауыл тұрғындарының көп бөлігін тарту болып табылады . Шағын және орта бизнес әр салаларда әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру және өткізу түрінде көрсетілген.
Шағын бизнестің көптеген кәсіпорындары өндірісті дамытуға экономикалық мүмкінділіктерінің болмауынан, жоғары салықтық ставкалардан, қаржылық қорлар мен басқа да ресурстардың жоқтығынан, сонымен қатар мемлекет жағынан әрекет етпейтін қолдаулардан өз қызметтерін кеңейте алмай отыр.
Дамыған елдерде шағын және орта бизнеске экономикада жұмыспен қамтылғандардың негізгі саны келеді, біздің еліміздегі өте өзекті мәселе болып отырған, жұмыспен қамтылмаған халықты жұмысқа тұрғызу мәселесін шешеді. Біздің елімізде шағын жіне орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары жұмыссыздық санына қарамастан 23, 7 пайызды (2 млн. адам), осы уақытта Шығыс Еуропа елдерінде ол 40-60 пайызға жуық, ал дамыған елдерде 90 пайыздан жоғары, оның ішінде шағын бизнес үлесіне экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың 50-60 пайызы келеді.
Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының экономикасында мәнді орын алады.
Өз алдына шағын бизнесті күрделі масштабты дамыту өркениетті нарықтық қатынастарды қалыптастыру тапсырмаларын тиімді шешуге мүмкіндік береді: олардың айналымсыздығына кепілдікті қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің дамыған инфрақұрылымын құру, барлық ресурстарды неғұрлым тиімді және икемді қолдану.
Қазақстанда шағын бизнес сұрақтары келесідей заңдылқ актілермен реттеледі: «Кәсіпкерлікті дамыту мен шаруашылық қызмет еркіндігі туралы», «Лицензиялау туралы», «Банкроттық туралы», «Шаруашылық серіктестіктер туралы», «Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы», «Кооперациялау туралы», «Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы»
Шағын бизнестің нақты артықшылықтарын қолдану кезінде кез келген елдің жағдайы тұрақтанады, өндіріс құлдырауы тоқтатылады, тапшылық жойылады. Шағын бизнесте әрбір адам өзінің іскерлік ерекшеліктерін қолдана отырып, өз жағдайын жақсартуға, өз мүмкіндіктері мен қаржылық құралдарын өткізуге мүмкіндігі бар.
Осыған орай, Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және ұйымдастыру үлкен ғылыми-тәжірибелік мәнге ие болады.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері: нарықтық экономиканың қызмет ету жағдайында шағын және орта бизнестің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін зерттей отырып, оның Қазақстанда дамуының қазіргі жағдайына талдау жүргізу және перспективаларын анықтау. Осы мақсатқа сай, жұмыста келесідей тапсырмалар қойылған:
- шағын және орта бизнестің экономикалық мәнін, мақсаттары мен дамуының негізгі бағыттарын негіздеу;
- нарықтық экономиканың қызмет етуінде шағын кәсіпкерліктің маңызды рөлін ашу;
- Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес субъектілері санының өзгеруін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштерін аймақтар және экономикалық қызмет түрлері бойынша бағалау;
- Қазақстанда шағын бизнесті мемлекет тарапынан қаржылық қолдау мен ынталандыруын талдау;
- Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мен дамытудың кейбір мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні ретінде қазіргі кездегі мемлекеттің шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауды іске асыру барысындағы тиімділігі мен экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.
Зерттеу объектісі Қазақстандағы шағын және ортабизнес мемлекеттік қолдаудың механизмі.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау саласында еңбек еткен батыс елдердің, Ресей және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері атап айтқанда: Назарбаев Н. А,
Шумптер А. И, Мураввьев А. И, БондаренкоВ, Тосканова А. Н, Сабденов О. С, Смагулова Н, Мухамеджанов Б. Г, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және қолдау, несиелеу жөніндегі нормативтік актілері болып табылады.
ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және қолдау, несиелеу жөніндегі нормативтік актілері болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында шағын және орта бизнес субьектілерінің экономикадағы орны анықталып, толық есептелінді. Мемлекеттік қолдауға қарамастан Республикада құқықтық, әкімшілік мәселелер бойынша қайта қарастырылуы қажет. Осы себепке байланысты келесідей ғылыми жаңалықтар анықталды:
1) Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субьектілерін дамытуға кедергі болатын мәселелер анықталып, шешу жолдары ұсынылды;
2) Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық нығайту жолдары анықталды;
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Шағын және орта бизнестiң нарық экономикасындағы алатын орны және оны қолдау мен басқарудың теориялық негіздері
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір іспетті болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға жанама бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- жалға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуын ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады.
Шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту - Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық мiндеттерiнiң қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры республика үкiметiнiң бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Қазақстан басшысының "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзiмдi стратегиялық еңбегiнде әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарының бiрi ретiнде қәсiпкерлiктi қолдау атап өтiлдi. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан халқына жолдауында да кәсіпкерлік мәселесі қалыс қалмады- «Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. »[35] Кәсiпкерлiк пен бизнестi тиiмдi қолдау мен дамыту - жекелеген тұлғаның, кәсiпорынның немесе шаруашылық саласының ғана емес, тұтас мемлекеттiң экономикалық болашағын айқындап беруге қабiлеттi. Әлеуметтiк басым бағыттағы нарық экономикасын дамытуға талпынған бiздiң мемлекетiмiз үшiн шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң мәнi мен құрылымын, ортақ тиiмдi үрдiстерiн зерттеп - зерделеп алу пайдалы. Сондықтан, шағын және орта бизнестiң әлемдiк тарихына шолу жасау аса қажет.
Адамзат дамуының қай кезеңдерiнде де кәсiпкерлiк әлеуметтiк-экономика ғылымының назарынан тыс қалмаған. Тек маркстiк теория ғана кәсiпкерлiктi адамзатты қанау ұғымымен бiржақты түсiндiрiп, ондаған жылдар бойы бұл сала, тiптi, ғылыми терминологиядан да шығып қалды.
Нарықпен қатар бiздiң өмiрiмiзге енген "кәсіпкерлiк пен бизнес" ұғымы бүгінгi таңда ешкiмдi таң қалдырмайтын, етене жақын дәрежеге жеттi.
Жалпы, француз тiлiнен тараған "кәсiпкерлiк" (еnttrерrеnеur) ұғымын -экономика теориясына тұңғыш XVIII ғасырда ағылшын банкирi әрi экономисi Р. Кантильон енгіздi. Р. Кантильон "кәсiпкер" деп - бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайында тауарларды сатып алу мен сату процестерiне қатысатын, бiрақ, кiрiстерiнiң жалпы сомасын бiле бермейтiн адамдарды (саудагерлердi, шаруаларды, қолөнершiлердi т. б. ) атаған. Кантильонның пiкiрiнше, кәсiпкердiң басты ерекшелiгi ретiнде тәуекелшiлдiк қарастырылады.
Кәсiпкерлiк ұғымын зерттеуге тұңғыш ден қойғандар "саяси экономиканың" ғылым ретiнде қалыптасуының iргесiн қалаған физиократия мектебiнiң өкiлдерi болды. Аталмыш мектептiң негiзiн салушы Ф. Кенэ (1694-1774), өнiм өндiрушi -фермерлерге әрқашан жоғары баға бердi. Физиократтардың пайымдауынша, жердi жалға алып, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi кәсiпкер-шаруа қоғамдық өнiмдi өткiзуде басты рөл атқарады. [26] . Бұл бағытты француздың мемлекеттiк қайраткерi әрi экономисi А. Тюрго (1721-1781) жалғастырған, ол кәсiпкерлердi үш топқа бөлдi: өнiм өндiрушi (жердi жалға алушылар), меншiк иелерi (жердi жалға берушiлер) және өнiм өндiрмейтiндер (осы жүмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы) . Соңғы топты А. Тюрго тағы да екiге бөлiп қарастырады: а) кәсiпкер - мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершiлер; ә) еңбек ақы алатын қарапайым жүмысшыларға аванс беретiн кәсiпкер - капиталистер, яғни тiкелей өнiм өндiрушiлер [27] . Ақырында, А. Тюрго кәсiпкер белгiлi бiр дәрежеде тәуекел етiп қана қоймайды, сонымен қатар, кәсiпкердiң белгiлi бiр дәрежеде басқарушылық қабілетi де болуға тиiс, деген түйін жасайды.
Саяси экономия өкiлдерiнiң бiреrейi, француз экономисi Ж. Б. Сэй (1767-1832) "кәсiпкердi өз есебiнен, өз тәуекелiмен, өзiне пайда табу үшiн өнiм шығарушы адам", - деп түсiндiрдi. [28] . Ғалымның ойынша, кәсiпкерде -тұрақтылық» айналадағы жағдайды сезriштiк, адамдармен түсiне алушылық қасиеттерiмен қатар, өндiрiстiң үш факторын: табиғатты, еңбек пен капиталды бiрiктiрiп, iске қоса алатын мықты қабiлеттiлiк болуы тиiс.
Кейiнiрек ағылшын оқымыстысы А. Маршалл (1842-1924) "кәсiпкердiң жаңашылдығын (инновация) ", немiс ғалымдары М. Вебер (1864-1920) мен В. Зомбарт (1863-1947) "кәсiпкерлiк рухты" дәріптедi. М. Вебер "кәсiпкерлiк дегенiмiз iс адам үшiн емес, адам iс үшiн өмiр сүру тәсiлi" десе [29], В. Зомбарт кәсiпкерлiкпен сәттi айналысу үшiн "әр заманның өзiне тән рухын терең сезiнiп, дөп баса бiлу керек" [30], тек осылай өткенде ғана кәсiпкердiң iсi оңға басады, деп түсiндiрдi.
Кәсiпкерлiк теориясына аса маңызды үлес қосушылардың бiрi австро-американдық экономист - социолог И. Шумпетер (1883-1950) екенiнде дау жоқ. М. Вебер мен В. Зомбарттың капитализмдегi "адам факторын" зерттеу дәстүрлерiн жалғастыра отырып, И. Шумпетер кәсiпкердi төл теориясының дiңгегi етiп қарастырды да, оларды шаруашылық субъектiлерiне жатқызып, олар "өндiрiстiң негiзгi факторларын пайдалана отырып" [31], экономикалық процестерге қатысушылар, деп тұжырымдады, Кәсiпкерлер тұлғасына маңызды мән берген И. Шумпетер "өз кейiпкерiн" әлемдiк өркениеттiң қозғаушы күшi, XX - ғасырдағы экономикалық өсiп-өркендеу мен ғылыми- техникалық прогрестiң көш бастаушысы деп ұғынды. Сондықтан, И. Шумпетердiң "кәсiпкерлiк теориясының атасы" аталуы тегiн болмаса керек.
ХХ-ғасырдың орта шенiне дейiн жаңа жұмыс орындарын тек iрi кәсiпорындар ғана ұсынады деген түсiнiк темiрдей бекiген болатын. Дегенмен, ірi американ экономисi Ф. Дракердiң "кәсiпкерлер қоғамы" тұжырымдамасы, ескi түсiнiктiң iргесiн сөгiп қана қоймай, экономика ғылымына жаңа кейiптегi кәсiпкерлiктi ала келдi. Ф. Дракер iрi өндiріс орындарының нарықтық өзгермелi iс-қимылына қолайсыздыгын дәлелдеп, бұл кемшiлiктiң орнын дер кезiнде толтыратын шағын кәсiпкерлiк пен бизнес екендiгiне көз жеткiздi. Ғалымның тұжырымдауынша, еркiн кәсiпкерлiктiң негiзiнде - өзiн - өзi басқарудағы еркiндiк жатыр.
Шағын кәсiпкерлiктiң басты екi экономикалық ерекшелігiн атайық: а) өндiрiстi ұйымдастыру нарықтың сұранысына сай жүргiзiлетiндiктен, шағын кәсiпкер соңғы тұтынушыға лайықтап қана өнiм шығарады; ә) шағын кәсiпкерлiк - бәсекелестiк ортада катализатор рөлiн атқарады. Ол-ол ма, шағын кәсiпкерлердiң неғұрлым көбiрек жиынтығы - iрi бизнеспен де бәсекелесе алады. АҚШ-тағы 1965-1985 жылдар аралығындағы шағын бизнестiң дамуы мәлiметтерiне талдау жасаған Ф. Дракер "Америкадағы басқару әкономикасында (iрi компаниялардың менеджерлерi билiгiн жүргiзген кезең) кәсiпкерлiктiң екiншi сатыға жылжығанын, мұның өзi АҚШ тарихында бұрын - соңғы кездеспеген революция" [32] екендiгiн атап көрсеткен.
Нарық экономикасы жеткiлiктi дамыған елдердiң өзiнде соңғы уақытта кәсiпкерлiк белсендiлiгi артып отыр. Шағын кәсiпкерлiпен айналысуға бел буған адамдар бизнестi, әдетте, өзiнiң жекеменшiк iсiмен бастауда. Айталық, АҚШ - та 1950 жылдары жыл сайын, орташа есеппен, 130 мың фирма тiркеуден өтсе, оның мөлшерi 60-шы жылдары - 200, 70-шi жылдары - 350, ал 90-шы жылдары - 600, 2000 жылдары - 900 мыңға жеткен.
Кәсiпкерлiктiң жандануына жоғары сапалы технологиялардың көбеюi де, қоғамдағы және жеке адамдар арасындағы қажеттiлiк те қатты әсерiн тигiзуде. Болашағы зор көптеген идеялар көбiне шағын фирмаларда дүниеге келiп, дәл сонда өндiрiске қосылып жатады. Мәселен, жаңашыл идеялар АҚШ-тың iрi компанияларынан гөрi шағын фирмаларында 2, 5 есе көбiрек туындайды екен.
Шағын кәсiпкерлiк пен бизнеске арналған АҚШ Конгресiнiң құжаттарында былай деп атап өтiлдi: "Бүгiнгi таңда экономикалық прогресс - кәсiпкерліктiң белсендiлiгiмен және жаңа шағын фирмалардың пайда болу деңгейiмен анықталады. Бұл екi бағыт та жаңашылдықтың дамуының шешушi шарты болып табылады" [33] .
Жалпы, кәсiпкерлiктiң өзi о баста - шағын бизнестен, кәсiпкерлiк белсендiлiгiнен пайда болғанын атап айтуымыз керек. Дамыған елдерде өнеркәсіптегi жұмыс iстейтiндердiң 45-80 пайыздай мөлшерi шағын кәсiпкерлiк пен бизнесте шоғырланған. Мұның өзi өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырады, қосымша бәсекелестік туғызады, яғни, шығарылған өнiмнiң сапасы жақсара түседi.
Нарық қатынастарын қалыптастыруда шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi дамыту шешушi рөл атқарады. Өйткенi, нарық реформаларының басты тұлғасы - кәсiпкер болып табылады. Батыс мамандарының пайымдауынша, қоғамның еңбекке жарамды мүшелерінiң 14-18 пайызы кәсiпкерлiкпен айналысса, бұл мәлiметтiң өзi жоғары дәрежелi есептеледi. Ал, соңғы мәлiметтерге сүйенсек, қазiргi ТМД елдерiнде бұл көрсеткiш, шамамен, 20-25 пайызды құрайтын көрiнедi. Кеңестiк жүйеде шағын кәсiпорындар тиiмсiз деп саналып, оларды тез жоюдың көздерi iздестiрiлдi. Олардың өркендеуi үшiн күрделi қаржы бөлiнбедi, шикiзат, жартылай фабрикаттар сатып алу үшiн, құрал-жабдықтармен жабдықтау мен қайта құруға, өндiрiстi жаңарту процестерiне тосқауыл қойылды. Мұның бәрi өндiрiстiк, техникалық және технологиялық базалардың артта қалуына, өндiрiс мәдениетiнiң кешеуiлдеуiне, жұмысшылардың еңбек жағдайының төмендеуiне, қол еңбегі үлесінің жоғары болуына, бiлiктi мамандардың кәсiпорындардан кетуiне және олардың мамандылық шеберлiктерiнiң төмендеуiне әкелiп соқты.
Елiмiздегi нарық қатынастарының тереңдеп дамуына байланысты шағын кәсiпорындардың денi тұтынушылардың сұранысын тиiмдi қанағаттандыру үшiн күресiп бағады. Сондықтан, тауарлы-ақша қатынастарына негiзделген нарық жүйесi шағын кәсiпорындардың үзiлiссiз дамуы мен толығуын тынымсыз талап етедi.
Қазақстанда шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi дамыту мәселелерiн зерттеу нарық реформаларының басталуына тұспа-тұс келдi. Республикада кәсiпкерліктiң қалыптасу теориясын әзiрлеуге Мамыров H. Қ., Қошанов A. Қ., Кенжеғозин M. Б., Оқаев Қ. О. және т. б. ғалымдар үлкен үлестерiн қосты. Олар кәсiпкерлiктi экономикалық дамудың түйiндi мәселесі, ел нарығын отандық тауарлармен толтырудың көзi, халықты жұмыспен қамтамасыз етудiң бiрден-бiр жолы, деп санады. Ал, макро және микродеңгейде кәсiпкерлiктi дамытудың әлеуметтік-әкономикалық мәселелерiн қарастырумен Ихданов Ж. О, Бiрәлиева H. Б., Күлекеев Ж. A., Әлімбаев A. A., Сәбденов О. Қ сияқты ғалымдар айналысты. Ғалымдардың алғашқы тобы кәсiпкерлiктi экономикалық дамудың қозғаушы күшi десе, екiншi тобы кәсiпкерлiктi зерттеудiң тәжiрибелiк - әдістемелiк жағына баса назар аударды.
Талас жоқ, нарық экономикасының ең қысқа түсiнiгi - еркiн кәсiпкерлiк экономикасы. Сол себептi, кәсiпкерлiктiң саналуан түрлерi мен нысандарының дамуынсыз толыққанды нарық реформаларын жүргiзу мүмкiн емес.
Отандық кәсiпкерлiктiң пайда болу тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең - комсомол ұйымдарының жанынан құрылған жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтарында қалыптасты. Екiншi кезең - 1988 жылдың маусымындагы "Кооперация туралы" одақтық заңның қабылдануымен тығыз байланысты. Бұл уақытта шамамен екi жүз мыңнан аса адамдар көлеңкелi шағын кәсiпкерлiкпен айналысып, қоғамда кәсiпкерлiк шапшаң дамып келе жатты. Yшіншi кезең - жалға беру туралы, бірiккен кәсiпорындар туралы, банк iсi туралы, шағын кәсiпорындар туралы, шағын бизнестi қолдау туралы және т. б. заңдар шоғырының қабылдануына байланысты болды. Төртiншi кезеңді - КСРО-ның күйреп, жаңадан құрылған тәуелсiз мемлекеттердiң өзiндiк жаңа заңдарын қабылдай бастаумен байланыстырсақ, қателеспеймiз. Қазақстан экономикасында кәсiпкерлiктiң қалыптасуының мүлдем жаңа кезеңi - жекеменшiктiң пайда болуымен жалғасын тапты. Бүгінгi таңда шағын кәсiпкерлік пен бизнестiң ел экономикасының құрамдас бiр бөлiгi болып қалыптасқаны шындық.
Қалай десекте, екпiнi әлі қайта қоймаған әлемдік дағдарыс пен осыған байланысты экономиканың кейбiр салаларындағы көрсеткiштердiң төмендеуiн ескерсек, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң iшкi мүмкiндiктерiнiң мол екендiгiн аңғарамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz