Оңтүстік Қазақстан облысы туралы мәлімет



Кіріспе
Табиғаты
Геологиясы мен кен байлықтары
Климаты
Гидрографиясы
Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Халқы
Шаруашылығы
Өнеркәсібі
Ауылшаруашылығы
Оңтүстік Қазақстан мұнай барлау экспеди.циясы
«Оңтүстік Мұнайгаз»
Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік 1932 ж. 10 наурызда құрылған. 1962-92 ж. Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км2. тұрғыны 2,18 млн. адам (2004ж). Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Табиғаты. Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200-500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батысынан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шаньның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800-2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
1. Егемен Қазақстан» газеті, 14 қаңтар 2004
2. «ҚазҰТУ хабаршысы, экология сериясы» журналы, №2(15) 2004;
3. «Экология пәні бойынша» СПОӘК, ҚазҰТУ, Алматы,2005
4. «Промышленность Казахстана» журнал, 08.2004;
5. Акбасова А.Ж.,Санкова Т.Ә., «Экология», Алматы, 2003;
6. Высшая школа Казахстана журнал №3. Алматы 2001 год.
7. Вестник «Экологическая версия». Алматы 2000 год.
8. История Казахстана очерк. Алматы 1993 год.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі
әкімшілік-аумақтық бөлік 1932 ж. 10 наурызда құрылған. 1962-92 ж. Шымкент
облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км2. тұрғыны 2,18 млн. адам (2004ж).
Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен
басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Табиғаты. Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері
негізінен жазық (орташа биіктігі 200-500 м). Солтүстігінде тасты-сазды
Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу
өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі
орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батысынан
оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз
(Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 –
1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-
Шаньның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800-2900 м), Қазығұрт тауы
(1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау
(3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м).
Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде
Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м)
жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

Геологиясы мен кен байлықтары. Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран
плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік,
девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы
бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат,
жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған)
түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары,
фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас,
гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай,
Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-шы
жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан
бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын
алады.

Климаты. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар
жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы
солтүстігінде -7 -9оС, оңтүстігінде -2 -4 оС. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және
аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29 оС. Шөлді
аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм, тау алдында
300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Гидрографиясы. Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік
Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария
өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98
км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс
өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбала,
Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын
Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс
орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өзенінің төменгі ағысында суы аз,
тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының
шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км2, су көлемі 5200 млн.
м3), Бөген (су көлемі 377 млн. м3), Бадам (су көлемі 61,5 млн. м3), т.б.
бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі
Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм
магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және
тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері:
Ақжайқын (48,2 км2), Қызылкөл (17,5 км2), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл,
Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі. Облыстың жазық бөлігінде
топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты
топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы
таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан.
Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп;
Сырдария, Шу өзендерінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде
бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын
өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке,
жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен
жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардың ұлар, кекілік, бүркіт,
шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді,
жануарлар дүгиесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында
мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926ж) ұйымдастырылған.

Халқы. Оңтүстік Қазақстан облысында республика халқының 14,5%-ы тұрады
(2004ж). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2ге 18,6 адамнан келеді.
Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға
22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына
(32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар
(69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%),
әзербайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара,
Сайрам, Сарыағаш аудандарында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс
тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

Шаруашылығы. Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті
аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің
5,9%-н өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы,
фармацевтик, препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-
ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы,
цементтің 19,7 %-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы
дерлік Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты,
жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1990 жылдан бастап Қазақстанның әкімшілік-аймақтық даму тарихы
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Қазақстан Республикасының табиғаты, облыстарының жалпы экологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Жергілікті бюджеттің табыстарын қалыптастыру
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Табиғи фосфорқұрамдас шикізат кенорындары
Сайрам ауданына тарихи-өлкетанулық шолу
Қазақстан туралы жалпы мәлімет
Пәндер