Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 120 бет
Таңдаулыға:
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР ЭК - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҚР ОК Қазақстан Республикасының Орман кодексі
ЕҚТА - Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
АҚТА - Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар
«Медеу» МТП - Медеу мемлекеттік табиғи паркі
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрілігі - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрілігі
ОА (CommunityBasedTourism - CBT) - туризмді қалыптастыруға байланысты халықаралық жобалар
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ПАА - Парламентаралық ассамблея
БТҰ - Бүкіләлемдік Туристік Ұйым
РФ Ресей Федерациясы
кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеудің ерекшеліктері және оны жүзеге асырудың құқықтық тетігі, қоршаған табиғи ортаға келтірілген экологиялық зиянды өтеудің әдістері мен қағидалары, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы туралы заңдарының даму тарихы, қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зияндарды өтеу саласындағы мемлекеттік реттеудің түсінігі, мазмұны мен жүйесі, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалары мен шетел мемлекеттерінің заңнамаларын салыстырмалы түрде талдау және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру мәселелері мен нақты осы саладағы заңнаманы қолдану тәжірибесі сараланады.
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі . Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алуы және нарықтық экономикаға көшуі туралы жариялауы табиғат пайдалану қатынастарының қайта құрылу, нарықтың талаптарына бейімделу, барлық меншік нысанының және содан туындайтын табиғат пайдалану құқықтарының тең негізде дамуына құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау, азаматтар мен заңды тұлғалардың табиғат ресурстарына байланысты құқықтарын қорғау қажеттілігін туындатты. Осыған орай, республикада табиғат ресурстарына байланысты табиғат пайдалану қатынасы субъектілерінің құрамы өзгерді, табиғат ресурстарына заттық құқықтардың жаңа түрлері пайда болды.
Бірақ, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау әлі де болса көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. « . . . көптеген онжылдықтар бойы Қазақстанда қоршаған ортаға аса қауіпті жоғары техногендік ауыртпалық түсіретін табиғат пайдаланудың шикізаттық жүйесі қалыптасты. Сондықтан, экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруына әлі қол жеткізіле қойған жоқ және ол әлі де болса, биосфераның тұрақсыздануына, қоғамның өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаның сапасын ұстап тұратын қасиетін төмендетуге әкеп соғатын табиғат жүйесінің құлдырауымен сипатталады» [1] .
Біздің мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңіндегі маңызды міндеттерінің бірі - қолайлы қоршаған табиғи ортаны сақтау болып отыр. Бұл негіз конституциялық деңгейде бекітілген. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды басты мақсаты етіп алады» делінген [2] . Қазіргі кездегі адам ресурстарын дамытуға байланысты мемлекеттік саясаттың бағыты қоршаған ортаны қорғауды аса қажетті мәселелердің бірі етіп қойып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» (Астана 19 наурыз 2004 жыл) атты Жолдауында: «Қазақстандықтардың тұлғалық және интеллектуалдық қабілеттіліктері жаһандану және әлемдік бәсеке күшейген кезде біздің жоспарларымыздың табысты болуының, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің және қазіргі жағдайлардағы оның жеңіп шығуының негізгі айғағы»деп атап көрсеткен [3] . Басты негіз ретінде адамзатқа көңіл бөлінген кезде халықтың денсаулығын сақтау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болмақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа Жолдауында: «Экономикалық даму өзінен-өзі біздің азаматтардың хал-ахуалының жақсаруының кепілі бола алмайды. Жылдан жылға ластанған қоршаған орта мен өз денсаулықтарына дұрыс қарамаған адамдардың ауыруларының нәтижесінде экономиканың өркендеуін көз алдына елестету қиын емес. Қажетті қаражат жоқ жағдайында аурулармен күрес және денсаулықты күшейту бойынша стратегиямыз біздің азаматтарымыздың салауатты өмір салтымен өмір сүруге деген дайындығынан басталады. Салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану, гигиена және санитария ережелерін ұстану бойынша ақпараттық кампания өзінің қарқынды жұмысын бастауы керек» [4] .
Сонымен, қазіргі кезеңде қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және қоршаған табиғи ортаны қорғау біздің мемлекетіміздің бірегей мақсатына айналып отыр. Осы мақсатқа жету үшін міндеттердің бірі Қазақстан Республикасы халқының толыққанды демалуына жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сарқылмастай етіп болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу маңызды болып табылады. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды анықтап, келтірілген шығынның құнын анықтау мүмкін емес. Сол себепті қоршаған ортаға келтірілген залал тек салыстырмалы түрде анықталып, құны есептеледі. Қазіргі таңда қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтыру барысында келтірілген зиянның көлемін, келтіруші тұлғаның кінәсын анықтау өте қиынға түседі. Сонымен қатар, қоршаған ортаға келтірілген зиянды нақты түрде құнын есептеп шығаруды анықтау сияқты сұрақтар өз шешімін таппай отыр.
Себебі, жаңа мемлекеттік-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар кезеңінде табиғат ресурстарына құқықтың пайда болуын, өзгеруін және тоқтатылуын реттейтін және осы саладағы дамып отырған қатынастар мен тәжірибе қажеттіліктерін реттейтін нормалардың сәйкес келуі көкейкесті мәселе екені анық. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларына жасалған талдау табиғат пайдалану қатынастарына бұрынғыдай өте аз көңіл бөлінетіндігін көрсетіп отыр. Сондықтан, Қазақстан Республикасы заңнамаларына терең және жан-жақты талдау жүргізу арқылы оны жетілдірудің, әсіресе табиғат пайдалану құқығына қатысты бөлімді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау өте маңызды болып табылады. Табиғат ресурстарына құқықтың пайда болуын құқықтық қамтамасыз ету мен оны тіркеу барысындағы кемшіліктер, аталған мәселе бойынша кешенді ғылыми еңбектердің жоқтығы осы тақырыпты магистрлық диссертациялық зерттеу ретінде таңдауға негіз болды және ол жұмыстың мақсатын, міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын анықтап берді.
Осыған байланысты, диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбы теориялық жағынан және тәжірибе жүзінде келтірілген экологиялық зиянның орнын толтыру мен табиғат пайдалану қатынастарының реттелуі де көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану қатынастары құқықтық реттеу тақырыбы барынша зерттелгендігін атап өткен дұрыс. Отандық заңгер-ғалымдар экологиялық құқықтың мәселелерін ғылыми зерттеу барысында кейбір аспектілерін ғана сөз етті. Мысалы: Б. Ж. Әбдірайымов [5], Д. Л. Байдельдинов [6], А. Е. Еренов [7], Ә. Е. Бектұрғанов [8], Ж. Х. Қосанов [9], А. Х. Хаджиев [10] және Л. А. Құсаинова [11] өз зерттеулерінде жерді пайдалану құқығын және жерге деген өзге де құқықтарды қарастырған болатын. Бұл мәселелер жас ғалымдар - С. Т. Төлеуғалиев [12], К. Досымбет [13], Г. Т. Айгаринова [14] еңбектерінде де қаралған.
Н. Б. Мұхитдинов [15], К. Т. Мәуленов [16], А. С. Стамқұлов [17] жер қойнауын пайдалану құқығының түрлері мен мазмұнын зерттеген.
С. Б. Байсалов [18], Н. Б. Мұхитдинов, А. Ж. Тукеев [19], С. Ж. Сүлейменова мен Л. Ильяшенко [20], К. Ж. Қуандықов [21], А. А. Мұқашева [22], өз еңбектерін суды пайдалану құқығына арнаған.
Жануарлар әлемін пайдалану құқығы мәселелерін өз еңбектеріне С. С. Константиниди [23], С. Т. Күлтелеев[24], С. Д. Бекишевалар [25] да арқау еткен.
Ж. К. Рысбекова [26] өз еңбектерінде ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдалану мәселелерін зерттеген.
Бұл мәселелердің Ресей Федерациясындағы құқықтық жағдайы негізінде де зерттеліп, ол белгілі ресейлік ғалымдардың, атап айтқанда: С. А. Боголюбов [27], М. М. Бринчук [28], Б. В. Ерофеев [29], В. В. Петров [30] және өзгелердің еңбектерінде жарық көрді.
Бірақ, көптеген сұрақтар толықтай ашылып, өз шешімдерін таппады. Біздің зерттеумізде белгілі бір жаңаша көзқарастардың белгілері бар. Мұнда табиғат пайдалануды құқықтық реттеудің ғылыми мәселелерін көтеру, өңдеу және шешу, аталған қатынастар саласында әрекет етіп отырған экологиялық заңнамаларды әрі қарай жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру алға қойылған.
Зерттеудің объектісі ретінде қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында келтірілген экологиялық зиянды өтеумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Жұмыстың зерттеу пәні қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құқықтық тетігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты нарықтық заңдылықтар мен әлеуметтік басымдылықтарды ескере отырып экологиялық зиянның орнын толтыру қатынастарының негізгі құқықтық мәселелерін кешенді түрде зерттеу.
Зерттеудің мақсатына қарай, автор оны жетілдіруді мынадай міндеттер арқылы шешуге болады деп есептейді:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану туралы заңнаманың қалыптасуын зерттеп, оның қазіргі кезге дейінгі даму кезеңдерін анықтау;
- Экологиялық зиянның түсінігі, түрлері және ерекшеліктері және экологиялық құқық жүйесінде алатын орнын анықтау;
- Қоршаған табиғи ортаға келтірілген экологиялық зиянды өтеудің әдістері мен қағидаларын көрсету;
- Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығына байланысты қолданыстағы заңдардың тәжірибеде қолданылуын бағалау арқылы олардың қайшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар жасау;
- Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зияндарды өтеу саласындағы мемлекеттік реттеудің түсінігі, мазмұны мен жүйесін анықтау.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі қоршаған орта мен экономиканың арақатынасы туралы қазіргі кездегі ілімдері, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы конституциялық ережелер болып табылады.
Диссертация нәтижелеріне қол жеткізу үшін ғылыми-танымдық сипаттағы салыстырмалы-құқықтық, қисындық, тарихи, жүйелік және басқа да әдістер қолданылды.
Жұмыстың теориялық жағын қалыптастыру барысында автор жалпы мемлекет және құқық теориясы, экологиялық, әкімшілік құқық ғылымдары саласын зерттеген отандық және шетелдік белгілі заңгер-ғалымдардың еңбектерін қолданған.
Жұмыста сонымен қатар, тақырып мәселесімен аралас түрде талдануға жататын экологиялық мәселелерді зерттеген басқа сала өкілдері-экологтардың, экономистердің де еңбектері қолданылған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияның ғылыми жаңалығы монографиялық деңгейде, Қазақстан Республикасының нарықтық жағдайында қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянның орнын толтырудың құқықтық мәселелеріне арналған кешенді зерттеулердің бірі болып табылатындығына негізделеді.
Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар:
1. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығының мазмұны Қазақстан Республикасы егемендігін алған кезден бастап айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Оның өзгеруі нарық жағдайында саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайдың, қоршаған ортаны қорғау қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық базасының өзгеріске ұшырауымен түсіндіреледі. Сондықтан қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу қатынастары келесі қағидалаға негізделуі тиіс: қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау (ескерту) жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi; Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау; қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi; табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану; табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру.
2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу құқығы бірнеше мағынада қарастырылады: құқықтық институт ретінде, құқық бұзушылық үшін қолданатын жауапкершілік шарасы ретінде, құқықтық қатынас ретінде және табиғат пайдаланушының нақты құқығы ретінде. Қоршаған орта мен табиғатқа келтірілген зиянды өтеу барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы экологиялық құқықтың құқықтық институтын құрайды. Жасалған құқық бұзушылық үшін қолданатын жауапкершілік шарасы ретінде, мемлекет тарапына жүзеге асырылатын келтірілген залаладың орнын толтыруға мәжбүрлейтін шара ретінде танылады. Құқықтық қатынас ретінде келтірілген зиянды өтеу бойынша туындайтын қатынастардың тараптарына тиесілі құқықтар мен міндеттер жиынтығы болып табылады. Ал табиғат пайдаланушының құқығы ретінде мемлекетпен кепілдік берілген келтірілген зиянның орнын толтыртып алумен байланысты субъективтік құқық болып табылады.
3. Қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру, ол зиянды келтіруші шет мемлекеттер болса да, әлі күнге дейін халықаралық құқықтық деңгейде қарастырылып, халықаралық құқықта көрініс таппағанына көңіл аударуымыз қажет. Осыған орай, халықаралық заң шығарушыға халықаралық экологиялық құқықтың негізгі жүйеленген актісі болып табылатын Әлемнің Экологиялық Конституциясын қабылдау қажеттігін ұсынып отырмыз. Ол кешенді құқық саласы ретінде заманауи теория мен тәжірибеге негізделген халықаралық экологиялық құқық жүйесін қалыптастыруға себепші болар еді.
4. Қоршаған ортаға залал келтіру табиғи объектілердің кез келген түріне зиян келтірумен ұштасады. Келтірілген зиянның орнын толтыру құқық қатынастарының негізін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жер туралы, жер қойнауы, жануарлар дүниесін пайдалану туралы, орман, су ресурстарын пайдалану туралы, сонымен бірге, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық заннамалар құрайды. Сол себептен, қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру құқығы кешенді құқық болып табылады.
5. Қолданыстағы экологиялық және өзге осы саладағы заңнамаларды саралау нәтижесінде экологиялық зиянның туындау негіздері мен көздері анықталып, оларды болдырмау жөнінде ұсыныстар жасалды. Қоршаған ортаға келтірілген зиянның көзі болып табылатын шаруашылық етуші заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін қайта қарау мәселесі ұсынылды және Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіндегі экологиялық қылмыстар тарауындағы формальды құрамды қылмыстарды материалдық қылмыс құрамына ауыстыру ұсынылды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:
Жұмыс бойынша берілген қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да маңызды орын алып отыр және олар табиғат пайдалану саласында құқық шығармашылық қызметінің негізгі бағыттарын анықтауға, атқарушы билік және басқару органдарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшіліктерінің қызметтерін жетілдіру үшін қолданылуы қажет.
Диссертациялық зерттеу жұмысының материалдарын экологиялық құқық пәнін және соған байланысты арнайы пәндерді оқу кезіндегі оқыту үдерісінде, атқарушы органдардың қызметкерлерінің, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін пайдалануға болады.
Диссертацияның негізгі ережелері экологиялық құқық бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулар құрастыруда, сондай-ақ жоғарғы және орта арнаулы заң оқу орындарының студенттерін, факультет тыңдаушыларын және қайта даярлау, біліктілігін арттыру тыңдаушыларын оқытуда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының қайнар көздері. Автор зерттеу жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы экологиялық, жер, жер қойнауы, су, орман, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамаларды сонымен қатар, табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттар мен конвенцияларды басшылыққа алған.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертация жұмысындағы негізгі теориялық, әдістемелік және тәжірибелік ережелер, қорытындылар және ұсыныстар табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелері бойынша өткізілген конференцияда баяндалып, баспасөз беттерінде жарық көрді.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстан Республикасының ЗАҢНАМАларЫ
БОЙЫНША қоршаған ортаға зиян келтірудің ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы туралы заңдарының даму тарихы
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы туралы заңнамаларының даму тарихын анықтау оңай емес, себебі қазіргі кездегі заңнаманың бір бөлігі, қалыптасқан кешенді ұғым болып табылады.
Табиғат пайдалану құқығы туралы заңдардың негізін жер туралы, жер қойнауы туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жануарлар дүниесін пайдалану туралы, орман, су ресурстарын пайдалану туралы заннамалар құрайды. Сол себептен, табиғат пайдалану құқығы кешенді құқық болып табылады.
Табиғат пайдалану құқығы туралы заңнамалар 1917 жылы 26 қазанда Кеңестердің Екінші съезінде қабылданған «Жер туралы» Декреттен бастау алады және ол жас кеңес республикасында табиғат пайдаланудың негізін қалаушы болып табылды.
Декреттің маңызыдылығы тікелей өзі арналған жер-құқықтық мәселелері шеңберінен шығып жатты. Бұл құжат барлық маңызды табиғи ресурстарды пайдалануды реттеу саласынадағы бірнеше жаңа ережелерді енгізді.
Декрет жерге қатысты жеке меншікті жойып, оны жалпы халықтық байлық деп жариялады. Ол жерге байланысты табиғат ресурстарын: жер қойнауын, орманды, суды, жануарлар дүниесін пайдалану үшін маңызды роль атқарды. Мысалы, ең алдымен, азаматтық соғыс және төңкеріліс жағдайында аса қарқынды түрде тоналуға ұшыраған орман мен жануарлар дүниесінің объектілері құқықтық жағынан қорғалуға алынды.
Жалпы Қазақстандағы жер қатынастарын реттеу тамыры терең тарихи өткен шақтан басталады. Адам қоғамының дамуы кезеңіндегі жер ресурстарын пайдалану сипаты белгілі бір аумақтың табиғи жағдайымен және материалдық өндірістің бағытына байланысты болып келген. Жерді шаруашылық пайдалану мен айналымға тарту адам қоғамының дамуындағы құқықтық реттеу жолдарын іздеуге негіз болады. Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін В. И. Лениннің қатысуымен, тікелей оның қол қоюымен табиғатты қорғау және оны қорықтарға айналдыру бойынша іс-шараларды қарастыратын Декреттер жасалып қабылданды.
Қазақстандағы социалистік жер қатынастары 1917 жылғы Қазан революциясының жеңуімен орнатылды. Жер айналысы саласындағы қоғамдық қатынастар 1917 жылдың 26 қазанындағы (8 қараша) Жер туралы декретпен және 1918 жылдың 27 қаңтарындағы «Жердің социалдануы туралы» Декретпен құқықтық бекітілді. Аталған декреттердің ең маңызды және негізгі ережелерін қарастырайық:
Жер туралы декрет келесіні жариялады:
«1) Жерге помещиктік меншік ешбір өтеусіз тегін түрде ауыстырылады.
2) помещиктердің жерлері, үлестік, шіркеулік, монастрьлық жерлер секілді, барлық жанды және жансыз құралдарымен, усадьбалық құрылыстармен Болыстық Жер комитеттерінің, Шаруалық Депутаттардың Уездік Кеңестерінің қол астына Құрылтайшы Жиналыс жер туралы мәселені шешкенге дейін өтеді.
5) Қарапайым шаруалар мен қарапайым казактардың жерлері тәркіленбейді [31, 211-б] .
Ары қарай, Жер туралы Шаруалар бұйрығында, одан тереңірек қарастырғандай:
1) Жерге жеке меншік құқығы мәңгі жойылады; жер сатылмайды, сатып алынбайды, жалға беру, кепілге қойылмайды немесе кез-келген басқа әдіспен оқшауланбайды. Барлық жер . . . ақысыз оқшауланып, бүкіл халықтық игілікке айналады және онда еңбек ететін барлық адамдардың пайдалануына өтеді.
5) Жерді пайдалану құқығын Ресей мемлекетінің жерді отбасының көмегімен немесе серіктестік арқылы өз еңбегімен өңдеуге ниет білдірген барлық азаматтары (жынысына қарамастан) өңдеуге күші бар мерзімге ала алады. Жалдамалы еңбекке жол берілмейді.
7) Жер пайдалану теңестіруші болу керек, яғни жер еңбектік немесе тұтыну нормасы бойынша жергілікті жағдайларға қарай еңбекшілердің арасында бөлінеді» [31, с. 312] .
«Жердің социализациялау туралы» Декрет, әрине, Жер туралы декретпен үндес болды. Онда жарияланғандай:
1-ші бап. РСФСР шегіндегі жерге, қойнауға, су, ормандарға және табиғаттың барлық жанды күштеріне кез келген меншік жойылады.
2-ші бап. Жер ешбір (анық және жасырын) өтемақысыз еңбекші халықтың пайдалануына өтеді.
3-ші бап. Осы заңмен ерекше қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жерді пайдалану құқығы оны өз еңбегімен өңдеушілерге ғана тиесілі.
4-ші бап. Жерді пайдалану құқығы жынысына, діни көзқарастарына, ұлты, бодандығына қарай шектелмейді.
35-ші бап. РФСФР социализмге тезірек жету мақсатында, жердің жалпы өңделуіне біртұлғалыдан көрі еңбектік коммунистік, артельдік және кооперативтік шаруашылықтарға артықшылық бере отырып, барлық көмегін (мәдени және материалдық көмек) көрсетеді.
45-ші бап. Өзінде бар жерге пайдалану құқығын ешкім басқа адамға бере алмайды.
46-шы бап. Жерді пайдалану құқығы осы заңда белгіленген тәртіптермен алынып, ешбір жағдайда бір тұлғадан екінші тұлғаға өте алмайды [31, с. 325] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz