Қазақстанда жер ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ СТРАТЕГИЯСЫ
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
1. Қазақстанның жер ресурстары туралы жалпы мағлұмат . . .
1. 1. Табиғи ресурстар . . .
1. 2. Қазақстанның жер жағдайы мен топырақ жамылғысы . . .
1. 3. Қазақстандағы жер ресурстарының сапалық жағдайы . . .
2. Қазақстандағы жер ресурстары, аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы . . .
2. 1. Қазақстандағы жер ресурсының құрылымы мен оны пайдалану ерекшеліктері . . .
2. 2. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жер ресурстарының рөлі . . .
2. 3. Қазақстандағы аграрлық қатынас . . .
3. Жерді тиімді пайдалану - еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты . . .
3. 1. Қазақстандағы жер ресурстарын нарықтық экономика жағдайында пайдаланудың негізгі тенденциялары . . .
3. 2. Жер нарығының қалыптасуы . . .
3. 3. Жер ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы . . .
ҚОРЫТЫНЫДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысының тақырыбы: Қазақстанда жер ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясы
Бітіру жұмысының көлемі: 100
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны: 50
Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: жер, жер ресурстары, табиғи ресурстар, топырақ жамылғысы, жер жамылғысы, аграрлық қатынас, нарықтық экономика, еңбек өнімділігі, т. б.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш үлкен бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: Жер нарығының қалыптасуы және дамуы Қазақстандағы жер реформасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады, әрі азаматтардың жерге және басқа жылжымайтын мүлікке деген құқығын, жерді пайдалану құқығын қамтамасыз етеді.
Жерді пайдалану және табиғатты пайдалану мәселелерінде жергілікті және орталық атқарушы органдардың іс-әрекетін үйлестіруді 2000-2010 жылдарға арналған өзге де табиғатты қорғау шаралары жиынтығымен қоса, жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын жақсарту, жер ресурстарын қорғау жөнінде Типтік бағдарлама әзірленді.
Кең-байтақ жерімізде топырақтың көптеген түрлері бар, олар табиғаттың құбылмалы жағдайына байланысты биіктегі шалғынды құнарлы қара топырақтан бастап ойпаттағы құнарлылығы төмен құба топырақтарды қамтып жатыр. Оның ішінде тұзданған және қайта тұзданған, сор және сортаң, шөл-шөлейтке айналған, деградацияға ұшыраған және ластанған жерлеріміз аз емес. Осындай жәйт Елбасы мен қарапайым халықты да, ғалымдарды да ойландырып, толғандырады. Мысал ретінде келтірер болсақ, қазіргі таңда жердің 75 пайызы деградацияға ұшырап, шөл-шөлейтке бейім алған, оның ішінде жайылым жеріміздің 14 пайызы өте жоғарғы деңгейде болып отыр. Осы фактордың белең алуы елімізде жиі кездесетін ауа райының құрғақшылығы мен су ресурстарының біркелкі болмауына байланысты құмдардың кең түрде таралуы, жердің сор, сортаң және тұздануы, су және жел эрозиясына ұшыраған жердің көбеюінен байқалады.
Табиғатты қорғау саласында, жерге мемлекеттік меншік құқығы басымдылығының маңызын мойындау, сондай-ақ қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде жер заңнамасы ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік экономиканың қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан құрылымдық қайта құрудың бір элементі болып табылатын жер реформасының маңызды кезеңдерінің бірі - жер учаскелер нарығының дамуы болып табылады.
Жерді ұтымды пайдаланудың мәні мен мазмұны туралы мәселе - қоғамдық өндірісте жер қатынастары мен жердің қызмет ету мәселелерін қарастырудағы маңыздылардың бірі. Ұтымды пайдалану дегеніміз - алдымен тиімді пайдалану. Жерге байланысты тиімділік пен ұтымдылық бір түсінік екенін зерттеушілер құптайды.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Елбасы алғашқы кезеңдерде жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе “Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады” деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдан бері Мемлекет бас-шысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізді жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Жер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өндірістік, экологиялық және т. б. саладағы барлық қоғамдық процестердің базисі ретінде құнға ие болады.
Жаңа жағдайда жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың маңызды функцияларының бірі - жер заңнамасын жетілдіру, жер меншігі мен жерді пайдаланудың көп түрлі формаларында жердің құқықтық қатынастарын нормативтік қамтамасыз етудің тұтас жүйесін қабылдау, сол сияқты жердің, оның құқықтық қатынастарының барлық басқа субъектілерінің құқығын қорғау арқылы жер қатынастарын реттеу болады.
Бітіру жұмысының дереккөздері: Зерттеу жұмысының ауқымдылығына орай негізгі дерек көзі ретінде қазіргі таңдағы әлеуметтік-саяси маңыздылықты құрайтын БАҚ көздерінен алдық. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының жер жағдайының статистикалық мәліметтерін негізге ала отырып, көптеген қорытындылар жасай отырып, мемелекеттегі жер ресурстарын басқа да мемлекеттердегі жер жағдайымен салғастыра отырып, ілгерілік пен артта қалушылықтың негізгі себебі неде екендігін анықтадық. Бітіру жұмысын Сонымен қатар жер мәселесімен, ауылшаруашылығындағы жер ресурстарымен, қазіргі табиғи ресурстарының мән-жайын анықтап жүрген зерттеушілердің еңбектеріне сүйендік. Олар: Байтілен С. А., Оспанов М. Т, Аутов Р. Р., Ертазин Х. Е., Мамыров Н. Қ., Тлеужанова М. Ә., Шеденов Ө. К., Сағындыков Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И., Байсарина Қ. Қ., Баймұқанов Т., Шарақымбаев А., Байдильдин Қ., Байтеков З., т. б.
Бітіру жұмысының зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама жасала отырып, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері мен кесте, диаграммалық сызбалар, статистикалық мәліметтер пайдаланылды
КІРІСПЕ
Елбасы алғашқы кезеңдерде жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе “Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады” деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдан бері Мемлекет бас-шысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізді жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Жер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өндірістік, экологиялық және т. б. саладағы барлық қоғамдық процестердің базисі ретінде құнға ие болады.
Кең-байтақ жерімізде топырақтың көптеген түрлері бар, олар табиғаттың құбылмалы жағдайына байланысты биіктегі шалғынды құнарлы қара топырақтан бастап ойпаттағы құнарлылығы төмен құба топырақтарды қамтып жатыр. Оның ішінде тұзданған және қайта тұзданған, сор және сортаң, шөл-шөлейтке айналған, деградацияға ұшыраған және ластанған жерлеріміз аз емес. Осындай жәйт Елбасы мен қарапайым халықты да, ғалымдарды да ойландырып, толғандырады. Мысал ретінде келтірер болсақ, қазіргі таңда жердің 75 пайызы деградацияға ұшырап, шөл-шөлейтке бейім алған, оның ішінде жайылым жеріміздің 14 пайызы өте жоғарғы деңгейде болып отыр. Осы фактордың белең алуы елімізде жиі кездесетін ауа райының құрғақшылығы мен су ресурстарының біркелкі болмауына байланысты құмдардың кең түрде таралуы, жердің сор, сортаң және тұздануы, су және жел эрозиясына ұшыраған жердің көбеюінен байқалады.
Табиғатты қорғау саласында, жерге мемлекеттік меншік құқығы басымдылығының маңызын мойындау, сондай-ақ қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде жер заңнамасы ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Адамзаттың әлеуметтік-экономикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын - табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы - оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады. Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны (отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі - адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
Мемлекеттік экономиканың қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан құрылымдық қайта құрудың бір элементі болып табылатын жер реформасының маңызды кезеңдерінің бірі - жер учаскелер нарығының дамуы болып табылады.
Жер кеңістігі шектелген әрі ештеңемен ауыстырылмайды. Өндіруші күштерді дамыту шаралары бойынша өндірістің басқа құралдары өзгеруі мүмкін, аз жетілгені жетілдіріледі және экономикалық тиімділікке ауыстырылады. Өндіріс құралы ретінде жерді пайдалану оның кеңістік жағдайымен және орнының тұрақтылығымен байланысты.
Елбасының халыққа арнаған жаңа Жолдауында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау халқымыздың алдында тұрған стратегиялық мақсат екені белгіленген. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сай агроөнеркәсіптік кешеннің барлық саласын жоғары деңгейде дамытып азық-түлікке деген сұранысты қанағаттандыру үшін отандық ауыл шаруашылығын жаңа үдемелі индустриялдық-инновациялық деңгейде дамыту қажет. Ол үшін бар күш-жігерді ауыл шаруашылығын дамытатын факторларға бағыттау керек. Соның негізгісі жердің жағдайына, оның құнарлылығына байланысты.
Көптеген зерттеушілер құптағандай, жер ресурстарын басқару негізінде жер қатыныстары мемлекетте жер құрылысын анықтайтын оның мазмұны, сол сияқты оларды реттеуде қолданылатын әдістер жатыр. Жер қатынастары негізінде меншік, меншік қатынастары орын алады. Мемлекет және құқық бар қоғамдағы жер меншігі экономикалық және құқықтық қатынастармен сипатталады. Жер меншігінің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастардың формасы ретінде меншік мәніне саяды. Сол сияқты жер және меншіктің нақты формалары оған қайта өндіру және өндірістік қатынастар процесінің сипатын анықтайтын өндірістің қоғамдық-материалдық жағдайлары жиынтығындағы аса маңызды компоненттердің бірін құрайды.
Жер ресурстарын басқарудың мәні жер қатынастарын өндіргіш күштер мен қалыптасқан өндірістік қатынастарға сәйкес келтіру мақсатында жер қатынастарының жүйесін реттеумен сипатталады. Бұлай әсер ету объектісінде жер қатынастарының заттай (меншік, жер учаскесі), жігерлі (құқықтық) сияқты формалары ғана емес, жанама түрде олардың материалдық негізгі, яғни жер ресурстары да орын алады.
Жерді ұтымды пайдаланудың мәні мен мазмұны туралы мәселе - қоғамдық өндірісте жер қатынастары мен жердің қызмет ету мәселелерін қарастырудағы маңыздылардың бірі. Ұтымды пайдалану дегеніміз - алдымен тиімді пайдалану. Жерге байланысты тиімділік пен ұтымдылық бір түсінік екенін зерттеушілер құптайды.
Қазіргі кезде бар қиындықтарға қарамастан, маңыздылығын бағаламау оларды республикадағы жер қорының жағдайы туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету мәселесін тудыратындықтан, мемлекет бұл жұмыстардың жүргізілуін жыл сайын қаржыландырып отыруы керек.
Жерді басқарудың өзіндік функциясы ретінде болжау, жоспарлау, және экономикалық ынталандыру, бөлу заңдылығы жер ресурстарын басқарудың негізгі тікелей әдісі болып табылады.
Жаңа жағдайда жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың маңызды функцияларының бірі - жер заңнамасын жетілдіру, жер меншігі мен жерді пайдаланудың көп түрлі формаларында жердің құқықтық қатынастарын нормативтік қамтамасыз етудің тұтас жүйесін қабылдау, сол сияқты жердің, оның құқықтық қатынастарының барлық басқа субъектілерінің құқығын қорғау арқылы жер қатынастарын реттеу болады.
ҚР жер қатынастарын реттеудің қызметтік жоспарында қазір бірнеше бағыт бар. Бұлар - құқықтық және әкімшілік, экономикалық және жерге орналастырушылық-экологиялық. Жер қатынастарын құқықтық және әкімшілік реттеу заңдарды, жарлықтарды, қаулыларды, нормативтер мен нұсқауларды дайындауға және қабылдауға негізделеді, сол сияқты оларды орындау мен заңнама талаптарын дұрыс орындауды бақылаудан тұрады.
Жерлерді түгендеу бұдан былай пайдаланылмайтын, тиімсіз пайдаланылатын немесе мақсатты тағайындалуы бойынша және рұқсат етілген пайдалануға сәйкес емес пайдаланылатын жер учаскелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Ғаламдық бәсекелесуге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жай-күйіне байланысты басқа да проблемалар орын алады. Ағымдағы жағдайдың талдауын ескере отырып, сондай-ақ, әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттер халықаралық ұйымында Қазақстанды мойындау бойынша қойылған міндеттерді ескере, жер ресурстары туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында стратегиялық бағыттар белгіленген, олар әрбір жердің рейтингін арттыруға ықпал ететін болады.
Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.
Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.
Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т. б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.
Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.
Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.
Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи, яғни жер ресурстары әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды.
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
... жалғасыҚазақстанның жер ресурстары туралы жалпы мағлұмат
1. 1. Табиғи ресурстар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz