Қайнар Олжай - публицист


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Біз бітіру жұмысымыздың тақырыбын жазушы, журналист, публицист Қайнар Олжайдың шығармашылық қырымен байланыстырып алдық. Дипломдық жұмыcтың жалпы сипаттамасында Қайнар Олжайдың жазушылық һәм журналистік қырынан гөрі публицистік шеберлігі жазылады. Кіріспе сөзде қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылып, тереңінен қамтылады.

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың тарихындағы асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап бүгінгі дәуірге дейінгі аралықтағы адам ақыл-ойының дамып, жетілгені, шарықтау шегіне жеткендігі бізге сөз маржаны арқылы келгені мәлім. Күнделікті өмірде орын алатын оқиғалар мен құбылыстар, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен көріністері осы күнге де сөз арқылы жеткені аян.

«Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз . . . » /1/ деп жазады қазақ әліпбиінің негізін салып, іргесін қалаған Ахмет Байтұрсынов.

Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп-өркендеп, дамып, жанданып келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.

Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ұрпақтың қорықпай, бұқпантайламай қарайтын, астарына үңілетін, шындықтың бетін ашып оқитын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, тереңдей еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне бүгінгі күнде жол айқара ашық.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: « . . . Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?» /2/ - дейді тебіреніп. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі іспетті. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, қазақтың дұшпанына қасқайып қарсы тұрып, қаһарын шашуға да тіл мен сөздің қуаты әсер етті. Осылайша қазақ публицистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажап екенін публицистика белгілі бір кезеңдегі болған жай мен нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдыңа жайып салады. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе - ол

публицистика өнері.

Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кешегі келмеске кеткен кеңестік кезеңде туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға беріліп келген рас. Қазақ публицистикасы да тамыры қураған, тек сынуға шақ қалған бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы қысым көрсетудің арқасында жүзеге асты. Зерттеудің зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды. Біріншіден, қазақ публицистикасын тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі туды. Екіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын қазақ публицистикасының көне түркілік тамырын, фольклорлық дәстүрін, шешендік негізін ашудың сәті түсті. Үшіншіден, Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ публицистикасының қалыптасуындағы қайшылықты кезеңнің әділ бағасын берудің қажеттілігі туды. Төртіншіден, кеңестік кезеңнің өзіндегі қазақ публицистикасына бүгінгі тәуелсіздік ұстанымдары тұрғысы-нан қараудың да кезі келді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы ғана жарыққа шығады, басқаларға білінеді. Тілдің адам баласын прогресске жеткізген ұлы да бірегей туынды екендігі дәлелденген. Осы себептерден де сөйлеу мәдениетіне жетілу, тілді дұрыс та тиімді, шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде-ақ жүзеге асырылған. Ата-бабасынан берік қалыптасқан билер институты бар қазақ халқы ел басқаруда болсын, жұрт алдына шығып сөз айтарда болсын тілдің шұрайлылығына, тазалығына, сөз шеберлігіне, сол арқылы көпшілік санасына ықпал етуге ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін өнердің өнері, «өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар. Халқымыздың баяғыдан бері қарай келе жатқан осы жақсы дәстүрі біздің заманымызда ұмытылмағаны былай тұрсын, қайта ғылыми негізде дамып, зертелу нысанына айналды. Бұл - қуанарлық іс. Әр жанрдың өзіндік нормасы, өзіндік сөз саптауы болады. Бірінде тілдік нормаға сыйымсыз болған құбылыс екіншісінде қолмен қойғандай болып шығатыны тағы бар. Бұл жағдай тілдік норма дегеніміз - бір жақты түсінуді көтермейтін қыры да, сыры да көп әр жақты құбылыс екендігін байқатса керек. Публицистика өзгешелігін анықтап алуымыз үшін А. Байтұрсынов, Т. Амандосов, Т. Қожакеев, Ә. Ыдырысов, Е. Прохоров, М. Гус, В. Даль еңбектері теориялық, методологиялық бағыт- бағдар ретінде пайдалануымен қатар, қозғап отырған тақырыбымыздың мәнін ашуға жәрдемін тигізді.

Зерттеу жұмыстың ғылыми әдістемелік негізі. Жұмыста салыстырмалы- типологиялық талдау, сипаттау, саралау, сараптау әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының қажеттілігі. Зерттеу барысында мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардағы сыртқы саясатының берік орнығуын жазған публицистің кітаптары ғылыми негізге айналдыру еді. Осы публицистикалық шеберлігінің дамуы әрі оның қыр-сырын оқырман қауымға аса байыптылықпен түсіндіре білген публицистің еңбегі зерттеліп отырғандық- тан халықаралық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын публицистің жазбалары студенттер мен магистранттарға көмекші құрал ретінде пайдалануларына мүмкіндік беруімен қажетті.

Жұмыстың нысаны. Қайнар Олжайдың публицистикалық қырын ашуымыз үшін зерттеу жұмысымыздың обьектісі ретінде оның өмір жолы мен қызметін әрі публицистикасын алдық. Осы қырлары арқылы оның шығармашылық ерекшеліктері мен жетістіктері, қоғамдық санаға ой салар мәні бар пікірлері айқындала түспек.

Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан ішкі тұрақтылыққа қоса халықаралық қатынастардың шынайы субьектісі болады. Біздің зерттеу тақырыбымыздың кейіпкері міне, осы халықаралық қатынас турасында да кесек турап, келелі ой айтып келеді. Бітіру жұмысында осы жағы да сырт қалған жоқ.

Ендеше, бүгінгі қоғамның да би-шешендері, сөз ұсталары осылар. Қазыбек бидің қаһарлы жауға қарата айтылған осы сөздері шешендік өнер мен публицистикалық сөздің асқақ үлгісі ретінде халық жадында мәңгілік қалды. Тарихымыздағы публицистиканың тамаша үлгілері, сөз зергерлерінің тапқырлықпен айтқан сөздері халық арасында жоғары бағаланып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болады.

Ал осы мирас қылып қалдырған мәмілегерлік үлгілерін қазіргі кезде жадында ұстап, халқымыздың мүддесін қорғап, көсемдігімен еліміздің марқабатына бөленіп жүрген шешендер бар ма? Болса кімдер? Міне, біз осы бітіру жұмысын жазу барысында осы сұрақтарға тұщымды жауап табуға көп күш салдық.

Зерттеу жұмысында публицистиканың табиғаты айқындалып оның жалпы адамзат дамуының алғашқы дәуірлеріндегі екі түрі болғандығы анықталды. Оның бірі ұрпақтан-үрпаққа ауызша жеткізілген ауызекі пуб-лицистика. Екіншісі - жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданысқа енген жазба публицистика.

Ғылыми жұмыста негізгі басымдық журналист Қайнар Олжайдың публицистикалық шеберлігіне берілді.

Тарихқа үңілер болсақ, орта ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да өз заманының елеулі қоғамдық мәселелерін өзек етті. Жыраулар поэзиясының өз заманындағы дәуір үнін жеткізумен қатар, мемлекетті басқару құралы болғандығы да публицистика функцияларымен қабысып жатыр.
Қазақтың тапқырлық пен даналыққа, шүрайлы тіл мен орайлы ойға негізделген шешендер сөздерінен де замана шындығын, өмір көріністерін, тіпті нақтылы дерек-дәйектерді де кездестіруге болады. Мұның өзі шешендік өнердің бойындағы публицистикалык белгілерді ашып, анықтауға жол ашты.
Бітіру жұмысын бастарда қазақтың жазба публицистикасының түп-тамырын тереңнен іздеуді жөн санадық. Қазақ публицистикасының қалыптасуында ХІХ ғасырдағы ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары зор орын алады. Бірақ кеңес дәуіріндегі кейбір ғылыми тұжырымдар сияқты қазақ публицистикасы Шоқан, Ыбырай, Абай шығармаларымен бірге туды деп емес, қалыптасты деген пікірге тоқтаған жөн. Өйткені, бүгінгі көзқарас тұрғысынан алғанда, қазақ публицистикасының туу, пайда болуы көне дәуірлерде жатқандығына бітіру жұмысын жазу барысында көз жеткіздік. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ баспасөзі дүниеге келді. 1870 жылы қазақ тіліндегі тұңғыш басылым «Түркістан уалаятының газетінің» шығуымен баспасөз бен публицистиканың тоғысуы жүзеге асты. Алғашқы қазақ газетінің бетіндегі қоғамдық маңызы бар жарияланымдарының маңызы күні бүгінге дейін жойылған жоқ. Сонымен қатар публицистика жанрларының алғашқы көріністері осы басылымда пайда болғанына нақтылы дәлелдерді де осы басылымнан табуға болады.
Қазақ публицистикасының қалыптасу дәуірінде «Дала уалаятының газеті» шықты (1888 ж. ) . Бұл басылымда XIX ғасыр аяғында қазақ халқының проблемаларын айқын көрсете алған көрнекті публицистер шоғыры калыптасты.

XX ғасырдың басында жарық көрген «Айқап» журналының (1911 ж. ) ұлттық публицистикамыздың қалыптасуындағы орны ерекше. Халқымыздың азаттығы үшін күрескен «Қазақ» газетінің (1913) жарыққа шығуымен бірге ұлттық публицистикамыз өзгеше сүрлеу жасап, өзіндік ізге түсті. «Қазақта» жарияланған мақалалар мен хаттарда қазақ даласындағы саяси, экономикалык, рухани мәселелер ұлттық мүдде тұрғысынан қозғалды. Зерттеу барысында бізге шығармашылығы беймәлім қаламгерлердің публицистикасындағы өткір ойлары мен батыл ұсыныстарының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі байыпталды.

1917-1990 жылдар аралығын қамтитын бұл дәуірде қазақ публицистикасы жанрлық, түрлік тұрғыдан байып, шектеулі тақырыптық, мазмұндық ауқымда өркендеді. Осы жылдардағы қазақ публицистикасының негізгі даму бағыттары айқындалды.

Біз Қайнар Олжайдың тек кітап басылған мақалаларын ғана емес, сонымен бірге жас кезінен күні бүгінге дейінгі жазған, газет-журналдарда жарияланған публицистикалық мақалаларына да зер салып, саралай, сараптай талдап, шама-шарқымызша қамтуға тырыстық.

Тәуелсіздік дәуіріндегі публицистика газет публицистикасы нұсқалары тұрғысынан талданды. Қазақ тілді басылымдардағы қоғамдық маңызы зор мәселелерді қозғаған мақалалардың тақырыптық және проблемалық ізденістер айқындалды.

Ғылыми еңбекте бұрын зерттелмеген қазақ публицистикасының гносеоло-гиялық негіздерін айқындауға талпыныс жасалды. Сонымен қатар қазақ, публицистикасының қалыптасу, даму арналары кең ауқымда, тұтас, сом күйінде жүйеленді. Публицистің бүгінгі күнмен байланыстыра жазылған өзектілігі және құндылығы жоғары материалдары да көзден таса қылған жоқ.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан әрі пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмысымыз екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда көрнекті публицистің өмірі мен журналистік қызметі туралы айтылады. Ал екінші тарауда өмір жолы мен қызметі сараланған соң, жазушылық публицистикасына мән беруді жөн санадық.

І ТАРАУ. ҚАЙНАР ОЛЖАЙ - ПУБЛИЦИСТ

1. 1. Қайнар қаламынан туған мәселелердің өзектілігі

Қазақ хандықтары құрылғаннан бастап, қазақ халқы дипломатиялық өнердің терең дәстүрлерін қалыптастырып ондағы сөз құдіреттілігін аса бағалай білген. Сонымен қатар тамаша үлгілерін мұра етіп қалдырған. «Ресей мемлекеті, Қытай, Жоңғар хандығы, басқа көрші мемлекеттермен және халықпен тұрақты тығыз байланыстарда қазақтардың халықаралық қатынастарының бай практикасы қалыптасты. Белгілі бір аумақтар үшін дау- дамайлар, титықтатқан соғыстар жүргізуі және жанжалдарды бейбіт шешу амалдарын іздестіру, одақтастық бірлестіктер құру және сауда байланыстарын өрістету қажеттігі дипломатия мен келіссөздер өнерінің дамуына ықпалдасты» /3/. Сыртқы саяси және дипломатиялық саладағы Тәуке ханның, Абылай ханның және басқалардың елеулі табыстары тарихқа мәлім. Өз мемлекетін нығайта отырып, Абылай хан Қытаймен, Ресеймен және басқа елдермен күрделі де қарама-қайшылықты қатынастар жағдайында икемді, тереңінен ойластырылған сыртқы саясат, шебер дипломатиялық қызмет жүргізді. Абылай ханның сыртқы саясаты мен дипломатиялық қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін тағлым аларлық көптеген жарқын үлгіге ие. Осы сыртқы саясат келіссөз сәттілігімен үндес. Қазақтар қашанда сөзге ерекше, тіпті тылсым мағына берді. Арғы тегі атақты болмағанымен, иландырарлық ғұлама сөз таба білетіндігімен, өзінің руластарын жалынды сөзімен жігерлендіре білетіндігімен немесе жасанған жауды өзінің бір ғана сөзімен тоқтата алатындығымен әйгілі адамдарды халық әр уақытта сыйлап ардақ тұтты. Еліміздің сыртқы саясатына шешен адамдарымыз белсене араласып отырған. «Қазақ шешендері Әлібекұлы Төле, Келдібекұлы Қазыбек, Датұлы Сырым, Қорлыбайұлы Досбол тағы басқалар қауым ішіндегі дау- жанжалдарды реттеуден бастап, елшілік-мәмігерлік қызметтерімен белгілі болған адамдар» /4/. Ал шешендік өнеріне қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдар: «Шешендік дегеніміз белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар» /5/ деген анықтама берген екен. Қазақ халқының Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұқар жырау секілді үздік қайраткерлері даналық, шешендік әрекеттері туралы халық жадында талай аңыздар сақталған. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкіл халықтық күресті ұйымдастырушылардың бірі Қазыбек би жоңғарлардың билеушісі Ғалдан Серенмен келіссөздерге бірнеше мәрте қатысты. Аңызда Қазыбек би өзінің «Қаз дауысты» деген мәшһүр атағын қазақ елшісінің шешендік өнеріне тәнті болған Ғалдан Серенің өзінен алған делінеді. Қазыбек бидің жас Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатып алу жөніндегі бастауы еліміздің классикалық үлгісі деп санау әбден орынды. «Атадан ұл туса - құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса - күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз-еріткелі келгенбіз, қазақ- қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең - шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан - алысқалы келгенбіз. Сен сәйгүлік тұлпар болсаң, мен ақиық сұңқармын, тұтқыр сары желіммін - жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең - жөніңді айт, бермесең - тұрысатын жеріңді айт». Міне, осындай қазақтың от ауызды, орақ тілді шешендері өз заманының публицистері деп атамау мүмкін емес.

Қайнар Олжай бала күнінде, қой бағыпты. Осы кәсібі жайлы жазылған естеліктен қалғанын тағы бір түйіндер болсақ, жас кезінде қой бағуға шыққанда, қойын-қонышында кәмпит-сәмпит емес, кітап, газет-журнал жүреді екен. Сонда кітап оқуға мұрса беретін жуас отар қайда, әлсін-әлсін өріп, мазасын ала береді. Содан Қайнар әдіс ойлап табады. Күнде отарын таудың етегінен бөктерлей шоқыға қарай қайырады екен. Сондай жайыла-жайыла таудың басына шыққан отар, самалдап, жусайтын көрінеді. Отары үйренген соң өзі төбе басына шығып алып, кітабын алаңсыз оқитын көрінеді. Міне, осылай бесіктен белі шықпай, бұғанасы қатпаған шақта-ақ рухани әлемнің есігін именбей ашқан, том-том, арасын шаң басқан кітаптарды ақтарып өсті. Ауыл балаларының тісі бата бермейтін кітапхананы қотарды. Осылайша өзіне рухани нәр алды. Бұл турасында жуырда ғана жарық көрген жаурналист Бауыржан Омарұлының эсселер жинағында былай дейді: «Бүгінде есімі елге танымал қаламгер Қайнар Олжайды ол кезде ешкім білмейтін. Оның есесіне іргедегі шұбартаулықтардың бастамасы бойынша құрылған «Кең өріс» комсомол-жастар бригадасында жұмыс істейтін Қайнар деген елгезек жас шопанды ауыл-аймақ, көрші-көлем, тіпті қозы-лаққа дейін түгел танитын. Өйткені, жұмысына тиянақты, шаруасына ұсынақты, мал-жанға мейірімді еді. Қолынан ертелі-кеш кітабы түспейтін бота тірсек бозбала өрістегі қойға қосып ой бағатын. Кішкене ғана қағілез қойшы «Кең өрісте» жүріп, өмірдегі өз өрісін кеңейтуге ұмтылды.

О бастан бұл әулет өлең-жырға бейім-ді. Атасы Олжайдың екі баласы бар еді. Үлкені - Қалиақпар, кішісі - Қоңырғазы. Қалиақпар - Қайнардың әкесі. Олжай ақсақал сонау Курск түбіндегі шайқаста бір қолын қалдырып, елге жараланып қайтқан. Ауруханада есін жиған ол бір қолы жоқ екенін көріп, екінші қолымен ауылға өлеңмен хат жазады. Олжай соғыстан келген соң колхоздың қойын бағыпты. Бір күні оған мектепте оқитын баласы Қоңырғазы: «Әке, бүгін сенің қойыңды мен бағайыншы», -депті. Сөйтіп, ол сол күні сабаққа бармай, әкесінің қойын жайып кетіпті. Бала кешке үйге келіп, шешесі Ханымияға: «Апа, апа, мен өлең шығардым», -дейтін» /6/ бала Қайнар осылай жазушы, публицист болып қалыптасты.

Біз негізгі бөлімдегі алғашқы тарауға кірісерде. Қайнар Олжайдың республикалық «Алтын Орда» газетінің 2010 жылғы 10 ақпандағы нөміріне берген сұхбатындағы мына бір кесек ойына тоқталмай кете алмадық. Респондент болып отырған Қайнардың бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалта қоймаған, әлі де замана зары болып келе жатқан ұлттық тіл төңірегінде айтады.

« . . . Осы арада тіл мәселесіне қатысты мына жайтты айтып кеткенім жөн шығар. Сол кездегі өзіммен қатарлас әріптестерімнің бәрінің де балалары қазақ мектебінің табалдырығын аттап, қазақ тілінде оқыды. Өзімнің екі ұлым да. Бүгінде екі ұлым да қазақтілді журналистер. Ал бізге дейінгі, мәселен Шерағаңнан басталатын ағалардың балалары орыс тілінде оқыды. Тізімдеп айтсақ, Кәкімжан Қазыбаевтың ұлы орыс тілді журналист болып шықса, Шерағаңның баласы да орыстілді журналист болды. Еркеғали Рахмадиевтің, Әнуар Әлімжановтың, Дүкенбай Досжановтың балалары орыс тілді журналист болып қалыптасты. Ал өзіммен оқыған Қали Сәрсенбайдың, Шархан Қазығұловтың, Салтанат Қажыкенованың балалары қазақ тілді журналистер болып шықты. Біздің буын қазақы рухты сақтауға, ұстап қалуға қатты тырыстық. Қысқасы, «Лениншіл жас» бізді ұлтшыл етіп шығарды . . . » /7/ Расында да бұл мәселе өзекті ме, өзекті. Бұл жайды өзімізде көріп жүрміз. Заманында қылмыс тақырыбына түрен салған, талантты жазушы Кемел Тоқаевтың ұлы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір беделді. Бертінге дейін Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрі, одан кейін ҚР парламенті сенатының төрағасы болған саясаткер алғашында тек, ағылшынша, орысша, қытайша сайраушы еді ғой. Ақиық ақын, ҚР Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың ұлы Дәурен де қазақша шатып-бұтып сөйлейді. Осылай тізбелей берсек, санауға саусақ жетпей қалады. Қайнар жоғарыдағы журналистке берген сұхбатында міне, осы мәселенің түп-тамыры қайда жатқанын айтады. Ол заманда еліміз КСРО атты алып империяның құрсауында болды. Сүркейлі одақтың іргесінен құс еркімен ұша алмайтын заманда елімізде орыс тілді мектептерді басым болғаны ақиқат. Сондықтан кейбір тараптар, сол кездегі қоғамды кінәлайды.

Расында да оның әрбір жазған мақалалары өзектілігін жоғалта қойған жоқ. Керісінше уақыт көшімен бірге мән-маңызы артып, салмағы ауырлай түсері хақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистиканың қоғамдағы орны
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
Репортаж жанры
Абай (Ибрагим) Құнанбаев
Телебағдарламадағы журналистің позициясы
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
Абай және қазіргі заман. Шоқан және географиялық детерминизм. З.Фрейд және психоанализ. Ф.Ницше және аса күшті адам
Жұмыстың мақсаты
Тұрмыстық қалдықтар сипаттамасы
Оралхан Бөкейдің монологтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz