Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды үйретудің ғылыми педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың негізгі бірі, дәстүрлі халық мәдениетінің бір бөлшегі халықтың ұлттық ойындары болып табылады.

Халықтың қалыптасуын айқындайтын оның ділі, тілі және этникалық тарихи айнасының жалғасы ұрпақтан-ұрпаққа мұрагерлік мирас жолымен жететін мәдениеті, оның ішінде біз қарастырып отырған дәстүрлі халық ойындарын қазіргі жас ұрпақ өміріне енгізу, сонымен қатар бұл мәселені бүгінгі жаңарған көзқараспен қайтадан жаңғырту қазіргі дербес қазақ ғылымының қалыптасу жылдарындағы зерделеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі.

Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасып бүкіл дүниежүзілік саяси аренадағы орны айқындалып жатқан сәтте, жеке адамның әлеуметтік дамуы мен ұлттық санасының өсуіне денсаулығын сақтау мәселесіне терең ден қойылуда.

Осы орайда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға бағыт бағдар беретін негізгі құжаттарға Қазақстан Республикасының Конституциясы [1], Білім беру туралы Заңы [2], Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу және білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы [3], «Балбөбек» бағдарламасы [4], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады [5] .

1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт заңында « . . . дене тәрбиесі-дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моралдік жағынан табанды жеткеншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қаблетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» екендігін атап көрсетеді [6] .

Осы заңның 9-бабында «Міндетті дене тәрбиесі сабақтары бүкіл оқу кезеңі бойынша аптасына мектепке дейінгі мекемелерде-кемінде 8 сағат» деп атап көрсетілген яғни мектеп жасына дейінгі мекемелерде негізгі сабақ түрі дене тәрбиесі екендігін көруге болады.

Адам тәнінің саулығын сақтауды сәбилік жастан бастау керек. Жалпы қай ұлттың болсада даму тарихына қарасақ өздеріне тән ұлттық ойындары қалыптасқандығын көреміз. Халықтық ұлттық ойындар көшпенді түрік әлемінде ерекше үлкен мәнге ие болып жас ұрпақты шыдамдылық пен төзімділікке шыңдауда өмір мектебінің бір бағыты ретінде қарастырылды.

Қазіргі Қазақстан Республикасының жергілікті тұрғындары-қазақтар өздерінің өскелең ұрпағын өсіру барысында қимыл-қозғалыс, яғни дене тәрбиесімен айналысуды тал бесіктен бастайды.

Ұлттық спорт түрлерінің арнайы және негізгі бағыты адамның бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттеріне оң әсерін тигізіп, кәсіптік және әлеуметтік белсенділігін сәби кезеңнен қартайған шағына дейін сақтауға арқау болады.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру проблемасына ұлттық ойындардан құралған қимыл-қозғалыс элементтерін енгізе отырып баланың сауаттылығына да оң әсер ете білудің маңызы зор. Ұлттық дәстүрлі ойындар балалар ағзасының мықты болып өсуінде және мінез-құлқының орнықты қалыптасуында негізгі рөлін атқарады. Осындай жағдайларды ескере отырып, біздің зерттеу ретінде қарастыратын мәселеміз: Мектеп жасына дейінгі 3-5 жастағы балалар үшін атын ұлттық дәстүрлі халық ойындарының маңызын дәлелдеп, яғни бала қимыл-қозғалысының дұрыс қалыптасуына әсерін зерттеп, бүгінгі күнгі өзекті тақырыптың бірі ретінде қарастыру болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық ойындар халық педагогикасының құрамды бір бөлігі ретінде бүгінгі оқу-тәрбие жұмысының белсенді көкейкесті мәселесін құрап, өсіп келе жатқан еркін елдің жас ұрпағының денсаулығын нығайтып өз Отанын сүйе білетін патриоттық, интерноционалдық рухта тәрбиелеуге қызмет етеді. Сонымен бірге ол балалардың бойына өзінің ана тілінің негіздерін қалап, салт-санасын, әдет-ғұрпын, дәстүрін сіңіріп өз ұлтына тән ділін қалыптастыруға мүмкіншілік жасайды. Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі «Дене шынықтыру» пәнімен қатысын әдістемелік байланыс арқылы қарастырған ғылыми еңбектер біршама баршылық. Олардың қатарына: Құралбекұлы А, Әкімбайұлы С «Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері» [7], Е. Уаңбаевтың «Дене тәрбиесінің негіздері» [8], З. Есмағанбетовтың «Дене тәрбиесінің теориясы әдістемесі» [9], К. Н. Менлибаевтың «Роль национальных традиции в формировании и развитии патриотизма» [10], М. Болғамбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері» [11], А. Қарақовтың «Студенттердің дене тәрбиесінде спорттық күрестің ұлттық түрлерін пайдалану» [12], Ж. К. Оңалбековтың «Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасындағы ұлттық қарым-қатынастарды дамытудағы орны» [13] атты еңбектерді жатқызуға болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі қазіргі қоғамдық дамуда үлкен әлеуметтік мәнге ие. Ал дене тәрбиесі мен халықтың ұлттық ойын спорты түрлерімен үйлесімді ұштастыру баланың болашағына зор әсер ететін үрдіс болып табылады. Соңғы жылдары зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, қалыпты жұмыс жасау қабілеті, шыдамдылығы тұрақты дәрежеде өсіп, осы жағдай баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей әсер ететін фактор есебінде дәлелденіп қарастырылды. Мұндай теориялық көзқарас тұжырымы дәлелдеген Э. Я. Степанкова [14], В. Л. Страковская [15], Е. Мухитдинов [16], А. Б. Нұрлыбекова [17] сынды ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде жарияланған көлемді еңбектерінде дәлелденген.

Кезінде қазақтың ұлттық ойындарының этникалық ерекшелігін саралап, талдап өз әлінше топқа бөліп, жіктеуге талпынған белгілі ғалымдар: Е. А. Алекторов [18], А. А. Диваев [19], М. Гуннер [20], Н. Пантусов [21], Е. М. Пещеровалардың [22] еңбектерін атауға болады. Алайда қазақтың ұлттық ойындарына ғылыми тұрғыдан мән беріліп, оны бірнеше сатыға бөліп, теориялық тұрғыдан тұжырым жасап дәлелдеу ХХ-шы ғасырдың басынан басталады. Тұңғыш рет ұлттық ойындардың ғылыми мәртебесін көтеріп, ойын түрлерін айшықтап ашып, даралап көрсете білген Н. Мелкованың «Игры киргизов» [23] еңбегі екендігі белгілі.

Қазақтың ұлттық ойындарының тарихи қалыптасуын, оның типтік түрлерін бірнеше топқа бөліп жіктеген қазақстандық ғалымдар: М. Тәнекеев [24], М. Төтенаев [25], Е. Сағындықов [26], Т. Ш. Қуанышев [27] сынды ғалымдар.

Қарастырып отырған тақырыбымызға қатысты еңбектерге ғылыми-әдістемелік талдау жасау арқылы тарихи деректер мен мұражай қорларының құжаттарына сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың халық ойындары арқылы денесін шынықтыру үрдісін дамыту мәселесі әлі нақты қолға алынып қарастырылмағанын байқадық. Сондықтан да бізге дейінгі ұлттық ойындарға қатысты жүргізілген ғылыми еңбектерді зерттеу нәтижесінде, аталған тақырыптың бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі екендігін айқын болды.

Зерттеу мақсаты. М ектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы денесін шынықтыру, ой сауаттылығын ашу және дәстүрлі ұлттық ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерінің бала өсуіндегі біртұтас сабақтастық жолын теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.

Зерттеу обьектісі . Мектеп жасына дейінгі балабақша балаларының дене шынықтыру сабағы, дәстүрлі халық ойындары.

Зерттеу нысаны. М ектеп жасына дейінгі балалар өмірдегі халық ойындарының орны.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

  • балабақша жасындағы балалардың дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолданудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалады.
  • сабақ мақсатына байланысты ұлттық ойындарды таңдап алу негізі жасалады.
  • балабақшадағы дене тәрбиесі жұмыстарының комплексті бағдарламасы жасалады.
  • дене шынықтыру сабағында ұлттық ойын түрлерін ойнатудың педагогикалық және әдістемелік жолдары көрсетіледі.
  • ұлттық ойын түрлерімен қатар басқа дене шынықтыру жаттығуларын қолдану негізі жасалады.
  • ұлттық ойындар арқылы балабақша жасындағы балаларға қоршаған ортаны қорғау, ұлттық салт-дәстүрлерді білу, оны орындауға тәрбиелеу жолдары көрсетіледі.
  • ұлттық ойындарды ойнау бала сауаттылығын ашу, тіл дамытуға болатындығы дәлелденеді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Халық ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру қабілетін дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау.
  2. Ұлттық ойындарды мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу.
  3. Ойындар түрлерінің баланың қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасуына бала физиологиясына тигізер әсерін айқындау.
  4. Балалардың денесін ширату мен шынықтыру үшін спорттық жаттығуларды халықтың дәстүрлі ұлттық ойындарымен үйлесімді ұштастыру әдістемелерін зерттеу.
  5. Мектеп жасына дейінгі балалардың денесін шынықтыруды ұлттық халық ойындары арқылы жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін талдау.
  6. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағында ұлттық ойын түрлерін қолданудың тиімділігін дәлелдеу.
  7. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын оятып, олардың салт-дәстүрді сақтау патриоттық сана-сезімін нығайту арқылы тәрбиелеу.

Зерттеудің жетекші идеясы.

Ұлттық х алық ойындары арқылы баланың денесін шынықтыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, ұлттық ойындарды насихаттау.

Зерттеудің теориялық, методологиялық негізі мен әдістері.

Зерттеудің әдістері салыстырмалы тарихи сипатта, яғни формациялық және өркениетті методология негізінде тарихи таным принципі бойынша көшпенді халықтардың ұлттық ойындарының маңызын және оның бірнеше бағытын қазіргі психологиялық-педагогикалық тұжырымдарға сүйене отырып дәлелдеп, келешек ұрпақты дене шынықтыруға баулудың ғылыми қажеттілігін жүйелі-салыстырмалы кешенді әдіс негізінде қарастыру.

Зерттеу әдістері- тарихи және тарихнамалық еңбектерді талдап, түркі әлеміндегі көшпенді номадтар өркениетін бірнеше ұлттық этногенездік өрлеу ерекшелігін ойындармен байланыстыра отырып, этнография ғылымы арқылы және мұражай қорларынан табылған деректер жинағын пайдалана отырып зерттелді. Сонымен қатар диссертацияны жазу барысында оқу-әдістемелік және халық ауыз әдебиеті жазбаларына көңіл бөлініп, ұлттық ойындарды жинау, оны жүйелеп балаларға үйретіп ойнату негізінде педагогикалық бақылау әдісі. Педагогикалық-теориялық ізденістерді басшылыққа ала отырып педагогикалық эксперимент өткізу. Балалардың ата-аналарымен жүздесіп сұрақ-жауап іс-шарасын өткізу, балаларды дидактикалық көрнекі құралдар арқылы тесті сынақ әдісімен ұлттық ойындар жүйесінің қажеттілігін қарастырып байқау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. тұңғыш рет мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшадағы дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды үздіксіз пайдалану арқылы бала денесін жан-жақты шынықтырудың педагогикалық негізі жасалды.

2. алғаш рет дене шынықтыру сабағындағы: жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау, қимыл-қозғалыс жаттығуларын ұлттық ойындар негізінде бала өміріне енгізудің жүйесі және бағдарламасы жасалып, балабақшаларға ұсынылды;

3. мектеп жасына дейінгі балаларға халық ойындарын күнделікті өмірдің тұрақты элементіне айналдыру барысы тек қазақ халқының ойындарымен ғана шектемей, басқа ұлттардың да дәстүрлі ойындарымен байланыстыра отырып зерттелді;

4. бірінші рет балабақша жасындағы балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындар жүйесінің педагогикалық жіктелуі құрастырылды;

5. ұлттық ойындардың ғылыми-педагогикалық негізі мен оны пайдаланудың әдіс-тәсілдері жасалып, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу үрдісін ғылымға енгізу жолдары қарастырылды;

6. мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай дәстүрлі халық ойындарын экспериментке енгізіп, соның нәтижесінде жеткен табыстардың ғылыми қажеттілігі анықталды.

Зерттеудің практикалық маңызы - диссертацияда қарастырылған мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық дәстүрлі халық ойындарын үйретудің ғылыми-педагогикалық негізі, әдістік жолдарын балабақшалардағы дене тәрбиесі сағаттарында тұрақты өткізіп, жалпы балалардың физиологиялық тұрғыдан дұрыс өсуіне байланысты ойын элементтерін күнделікті өмірде пайдалануға болады. Зерттеудің эксперименттік қорытындыларын жүйелі және жоспарлы бағытта мектеп жасына дейінгі балалардың пәндік сабағына енгізуге және жоғары оқу орындарындағы арнайы курстарды дайындауға, осы сала бойынша жазылатын ғылыми еңбектерге пайдалануға ұсынамыз.

Зерттеудің деректік қоры - қазақстан ұлттық кітапханасы Өзбекстан республикасы орталық мемлекеттік архивінің И-69 қоры, «Ресей императорының жағрафиялық қоғамының Түркістан бөлімі», Қалмақ Республикасының мемлекетттік мұражайынан Р-145-ші қор. Өзбекстан мемлекеттік орталық кітапханасынан «Түркістан ведомстісі» тағы да басқа қазан төңкерісіне дейінгі қазақ, өзбек, түркмен, қырғыз, орыс ғалымдарының және миссионерлердің жазбалары ендіріліп қарастырылды.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1-ші кезең 2001-2002 жылдар аралығында диссертацияның тақырыбы анықталып, оған дәлелді негіздеме жазылып, жұмыс құрылымы Қазақтың спорт және туризм академиясының «Күрес және ұлттық спорт» кафедрасында талқыланып, академияның Ғылыми Кеңесінде бекітілді. Тақырыпқа қатысты ғылыми-педагогикалық, теориялық және тарихи еңбектермен танысу, мұражай қорларынан деректік құжат жинау, оларды қарастырып, талдау ісі жүргізілді.

2-кезең 2002-2006 жылдар аралығында эксперименттік байқау жұмыстарын балабақшаларда және жеке отбастарында ұйымдастыру, балаларға ұлттық ойынның қажеттілігін түсіндіру, ата-аналармен сұрақнамалық жұмыс және тестілік сұрақ-жауап өткізу.

3-кезең 2006-2007 жылдар аралығы, жинақталған деректік қорлар мен материалдық құжаттар негізінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесін қорытындылап, диссертацияны жазып, қорғауға дайындау.

Қорғауға ұсынылатын мәселелер:

  1. Ұлттық ойындарды мектеп жасына дейінгі балаларға үйретудің ғылыми-педагогикалық әдістемелік бағдарламасын жасау.
  2. Тарихи-деректік құжаттарды педагогикалық-теориялық еңбектермен ұштастыра отырып, ұлттық ойындардың қоғамдағы саяси мәнін талдау.
  3. Ұлттық ойындардың әдістері мен негізгі құрылымын дене шынықтырудың ғылыми-педагогикалық бағытына сәйкестендіріп, жас баланың жеке тұлға ретінде тәрбиелеу жолдары.
  4. Спорттық жаттығуларды ұлттық ойындар арқылы күнделікті бала өмірінің қажеттілігіне енгізу әдістері.

Зерттеу қорытындыларының нақтылығы мен негізділігі. Зерттеу нәтижесінде анықталған негізгі теориялық, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар, методологиялық бағыттар, мәселені талдау жолдары дене шынықтыруға қатысты арнайы курстар мен педагогика ғылымында баланы тәрбиелеу мәселесіне өз үлесін қосады.

Ізденіс жұмысын зерттеу нәтижесінде жасалған пікірлер мен қорытынды тұжырымдар балабақшалардың оқу-тәрбие сағаттарына енгізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру обьектілері: Маңғыстау облысы , Ақтау қаласындағы № 59-шы С. Шапағатов атындағы балабақша, № 11-ші балабақша, № 46-шы «Ручеек» балабақшасы.

Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Ақтау филиалында 2002 мен 2005 жылдар аралығында өткізілген «Ғылым және жастар» атты конференцияда /1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші конф. /. тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды. 2006 жылы Алматы қаласында өткен «Дене тәрбиесі мен спорттың теориясы және практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Спорттық жаттығу ойындарын түрлі ұлттық ойындармен ұштастыру» тақырыбында баяндама жасалып, мақала жинаққа енгізілді. Диссертацияның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мерзімді баспасөздерде жарияланды.

Диссертацияның құрылымы- жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Кіріспеде мәселенің өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, деректік және методологиялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен қолданыстық маңызы анықталды.

Тарауларда мәселеге қатысты сұрақтар төңірегінде зерттеулер жүргізіліп, теориялық тұжырымдар негізінде ізденіс қажеттілігі дәйекті дәлелденді. Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының мазмұнынан туындайтын ойларға қорытындылар жасалып, тұжырымдалды.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Халықтың дәстүрлі ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі

Қай халықтың болмасын ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Халық ұлт ойындарын туғызушы, оны сан-салалы өмір талқысынан өткізуші, өзінің керегіне жаратушы ретінде, оны өзінің ұрпағын өмірге әзірлеу ниетінде дүниеге әкелген.

Ұлттық ойындардың ел арасында тарауы, қоғамдағы ролі, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы төңірегіндегі мәселелермен бізге дейін де ғалымдар ізденіс жасаған.

Осы мәселеге байланысты зерттелген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық тәртіп бойынша бірнеше топқа бөліп қарастырдық:

1. Патшалық Россияның қазақ жерін отарлау саясаты кезеңіндегі көшпенділер туралы зерттеу жұмыстары.

2. Кеңес заманы тұсындағы Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер.

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.

4. Егемендік алған Қазақстандағы аталған тақырыпқа қатысты ізденістері.

Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі И. С. Паллас өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігін бақылай келе ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы аңға шығу мен аңшылықты суреттейді [28] .

Ойынға дұрыс мән беріп, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың 1 -ширегінде қолға алынды. Ең алғаш неміс ғалымы психолог К. Гросс бала өміріндегі ойынның алатын орнын айқындап, жеке тұлғаның қалыптасу сатысындағы ойын құдіретін ашты. Ғалым К. Гросстың зерттеу жұмысы жарияланғанға дейін ойын әрекеті адамның аса күрделі іс-әрекетінің бірі екенін және оған сүйеніп өсіп келе жатқан баланың психикасын қадағалау, оның баланың жетілуі үшін қажетті компоненттердің қатарына жататынын дәлелдеу оған дейін ғылым ретінде зерттелмеді. К. Гросс ойын бала-өмірінде тұқым қуалаушылықтың негізінде пайда болатын, жас төл секілді, өздерінің енесі арқылы берілетін инстингті жаттығу арқылы өз бойына орнықтыра отырып, өмір сүруге әзірлену деп түсіндіреді [29] .

Неміс ғалымы А. Гумбольдт 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасап, көшпелі қазақ ауылдарының өмірімен танысып, олардың күнделікті тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттей келе: «Қазақ елінің жолаушы қонаққа көрсететін құрметімен бірге ұлттық ерекшеліктері күрестері мен ат жарыстары халықтың өзіндік ерекшелігімен сүйсіндіріп, сырт адамды қызықтырады», - дейді [30] .

Қазақ даласында тұңғыш география қоғамы бөлімшесін ашушылардың бірі, көрнекті орыс ғалымы, географ, тарихшы А. И. Левшиннің қазақтар туралы 1832 жылы жазған ең көлемді монографиясы: «Описание киргиз-казачьи или киргиз-кайсацких орд и степей» деп аталады. Осы еңбектің бірінші бөлімінде Қазақ даласына географиялық сипаттама берілген, екінші бөлімі қазақтардың тарихына, үшінші бөлімі олардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына арналған. А. И. Левшин ойын-тойлардағы ұлттық спорт түрлеріне: ат жарыс, теңге алу, қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан ерінбей қимыл-әрекет дағдысын қалыптастыруға ұмтылатынын көрсеткен [31] .

А. И. Левшин қазақ халқының балаларды атқа шабуға, садақ тартуға, күреске үйретудегі шеберлігін, әсіресе дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетінін атап өтеді. Қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін А. И. Левшин былай деп суреттеген: «Халықтың өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар ыстыққа, суыққа төзімді, көп жасайды, бас ауруы дегендер сирек кездеседі. Олардың көзі қырағы болып келеді. Алыстағы көрінген малдың түсі-түгін айнытпай дәл ажыратады. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығудың бір түрі сияқты болып кеткен» [32] .

Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын зерттеуде ғалым Е. Букиннің еңбегі ерекше. Е. Букин - дене тәрбиесін пән ретінде қарап, теориялық тұрғыдан зерттеген алғашқы ізденуші. Зерттеуші өзінің «Физическое и умственное воспитание у киргиз» атты еңбегінде алғаш рет «гимнастика» деген терминге ғылыми түсініктеме берген. «Гимнастика-адам ағзасына жан-жақты әсер ететін, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтетін, үйлесімді дамуына көмектесетін, арнайы іріктелген жаттығулар жүйесі» деп дәлелдеді [33] .

Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа шығарған орыс ғалымы А. Диваев. Өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде автор тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: 1-ші кішкентай балалар ойыны, 2-ші ересек балалар ойыны, 3-ші жігіттер ойыны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар
Ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі
Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Дәрістер бойынша қысқаша конспект
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
3-7 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарларының сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz