Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі


КІРІСПЕ
Диплoмдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» деп аталатын 2007-жылдың 28-ақпанында жасаған халыққа Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтады: «Осыдан 10 жыл бұрын, 1997- жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда біздің қоғамымызды болашақта қалай көретіндігіміз және мемлекетіміздің міндеттері жайлы 2030-жылға дейінгі Стратегия ұсынылған болатын. Біз бұл Стратегияны не орнатқымыз келетіндігін, біздің дамуымыздың басты траекториясы қандай болу керектігін анық білуіміз және түсінуіміз керек деген принциптен шыға отырып жасадық . Біз өзіміздің маңызды бағыттарымызды анықтап алып, сәйкес стратегияларды таңдап, ерік-жігер мен шыдам, мақсатқа тырысушылық таныта отырып біздің жолымызда тұратын кез келген қиындықтарды жеңе алатындығымызға сенімді болдық. Және біз адаспадық. Бүгін толық жауапкешілікпен айтуға болады: Қазақстан өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, өз дамуында сапалық жағынан жаңа деңгейге өтті.
Сөз берілгендей, экономиканың тұрақты дамуы реформалардың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге мүмкүндік туғызып отыр. Бұл біздің экономикалық саясатымыздың маңызды қорытындысы. «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүйелі түрде орындау ары қарай даму үшін сенімді негіз берді.
Бізде алға қарай бұдан да сәтті қозғалуға барлық негізіміз бар, және біз өзіміздің тарихи мүмкіндігімізді қолдан жібермейміз.
Қазақстан расында да тауарлардың, қызмет көрсетулер мен еңбек ресурстарының, қаржы және қазіргі заман технологиялар мен идеялар нарығының ажырамс қарқынды бөлігіне айналуы үшін он маңызды міндеттің бірін орындауымыз қажет. Олардың бірі:
Жұмыс істейтін әйел адамдардың жүкті болғанындағын, босануын, балаға аналық күтім жасау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру. Сонымен қоса олардың зейнетақылық жинақтамасы декреттік демалыста кезінде және бала бір жасқа толғанға дейінгі оған күтім жасауға байланысты алған мерізім барысында түсіп отырады.
Бұл жәрдем ақыны төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлістіру есебінен құрылған әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан жүргізіледі.
Бұған мемлекеттік бюджеттен қосымша 9, 2 млрд. теңге бөлу қажет.
Қазақстанның сақтандыру нарығы негізінен банктердің қосалқы құрылымдарынан тұрады және оның дамуы айтарлықтай дәрежеде банктік өнімдердің сақтандырылуымен байланысты .
Қазақстанның сақтандыру нарығы көптегн себептерге байланысты тенденциялар жиынтығымен сипатталады, олар : мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, сақтандыру саласы заңнамаларының жалпы жағдайы, сақтандырылушылар мен сақтандырушылардың төлемқабілеттілігі және мемлекеттік реттеу құралдары мен олардың тиімділігі. Маңызды ықпал етуші себептер қатарына тек қан ішкі фактоларды ғана емес, сонымен қоса сыртқы- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, ТМД елдері мен Шығыс Еуропа елднрінің сақтандыру нарықтарының дамуы.
Нарықтың қозғалысы мен көлемдерін сипаттайтын көрсеткіштерді сараптай отырып, отандық сақтандыру нарығының дамуын үш кезеңге бөлуге болады: қалыптаса бастауы, әлеуметтік сақтандырудың дамуы және банктік сақтандырудың дамуы. Төртінші кезең, біздің ойымызша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен және шет елдік сақтандырушылар тарпынан болтын бәсекелестіктің күшеюімен байланысты болатын сияқты.
1992-жылы Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы қабылданған болатын және ол бүкіл отандық сақтандыру нарығының қатысушылары үшін олардың іс қызметі барысындағы бағдар ретінде болды. Сол жылдар сақтандыру іс қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілді, яғни сақтандыру ұйымының капитализациясына талаптар күшейтілді, олардың сақтандырудан басқа кәсіакерлік түрімен айнаысуына тиым салынды, жекеленген келісімшарттардағы жауапкершіліктің барынша жоғары көрсеткіші енгізілді. Бірақ бұған қарамай, сақтандыру компанияларының саны өсе берді және 1999 - жылға қарай олардың саны 71-ге жетті.
1998-жыл мен 2004-жыл арлығы қазақстандық сақтандырушылар үшін сандық жағынан да, сапалық жағынан да ерекше кезең болды. Міндетті сақтандыру сыйақыларының көлемі бірден 2000%-ке өсіп кетті. Бұған айтарлықтай әсер еткен автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауап- кершілігіндегі сақтандырудың енгізілуі болды. Содан кейінгі жылдары әлеуметтік сақтандыру түрлері 9-ға дейін жетті және бұл жалпы сақтандыру нарығының дамуына түрткі болды.
Бірақ осы үрдіспен қатар, сақтандырушылардың саны қысқарды. Капитализация дәрежесіне, қаржылық тұрақтылығына және төлем қабілеттілігіне деген талаптардың күшеюі бірден бірнеше ондаған сақттандыру компанияларының жабылуына әкелді. 2004-жылы нарықта 34 сақтандыру компаниясы қалды.
Дәл осы кезеңде ерікті мүліктік сақтандыру түрлерінің айтарлықтай өсімі басталды: 2004-жылы осы саладағы сақтандыру кірістері 33%, ал 2005-жылы - 40%, ал 2006 -жылы 93% құрады. Мамандар сақтандыру сыйақыларының көлеміні ңжағымды қарқынмен өсуін банктік «жарылыспен» байланыстырады. Осылайша, егер қарыз алушы банктердің бірінде автокөлік немесе пәтер несиеге алғысы келсе, ол сол банктің қосалқы сақтандыру компаниясының сақтандыру полисін сатып алуы қажет. Бұл шартты орындамайынша несиелендіру жүзеге асырылмайды.
Банктік сақтандырудың үлкен қарқынмен дамуы өз өзінен ресми емес түрде отандық сақтандыру компанияларының банктік және нарықтық болып бөлінуіне әкелді. Біріншілерінің міндеттері айтарлықтай дәрежеде өзінің бас бөлімінің банктік өнімдерін сақтандыруды қамтамасыз ету деуге болады. Ал екіншілеріне диверсификацияланған сақтандыру бумасы бар сақтандыру компаниялары жатады.
Көптеген зерттеушілер мен осы сала мамандарының пікірінше банктік сақтандырудың біржақты даму тенденциясы отандық сақтандыру нарығының да, жалпы қаржы нарығының дамуына тиімді емес. Банктік сақтандыру компаниялары өздерінің басты құрылымдарының (банктің) қанатының астында өз қызметін жүзеге асыра отырып, тәуекелділіктерді басқарушылардың орнына банк кірістерінің оптимизаторларына айналып отыр. Бірақ мұнысымен банктік бизнес душар болып отырған жүйелік тәуекелділіктердің артуына салдарын тигізуде.
Нәтижесінде сақтандыру компаниялары қаржылық нарықта тұрақтандырушы рөл ойнай алмайды, себебі тәуекелділіктер өз құрылымдарының ішінде шоғырланады. Басқа сөзбен айтқанда, ақша жай ғана бір қалтадан екінші бір қалтаға өткізіледі.
Қалыптасып отырған бұл жағдай сақтандыру нарығының мүмкіндіктерін толық пайдалану мүмкіндігін бермей отыр. Банктік сақтандыру қауымдастығының күннен күнге өсіп отырған резервтері банктік трансакцияларға оралады да, қайтадан сол банктік индустриясының мүдделеріне бағынышты болып қалады. Нәтижесінде, сақтандыру нарығының шынайы капитализациясы шектеулі, жекеленген түрде жүзеге асады да, ал бұл өз уақытысында сақтандырушылық қызмет көрсету саласының ел экономикасна енуге кедергі болады. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сақтандыру компаниялары капитализация көлемі бойынша ол елдерде сөзсіз көшбасшы болып отыр. Онда сақтандыру компаниялары банктерге қатысты «кіші іні» емес, серіктес ретінде болады. Сондықтан, біздің пікірімізше, бүкіл Қазақстан экономикасы үшін отандық сақтандыру нарығын транспоренттілік бағытында және «ата аналық әлпештеусіз» дамыту тиімді болар еді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігіне баға беру.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды және шешілді:
- сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің мәні мен ерекшелігін ашу;
- сақтандыру ұйымын мемлекеттік реттеу органын қарастыру;
- Еуропалық Одақ елдерінің сақтандыру нарығын зерттеп-үйрену;
- сақтандыру ұйымының іс қызметі түрлеріне сараптама жасау;
- сақтандыру ұйымының қаржылық құрылымын зерттеу және оның төлем қабілеттілігін бағалау;
- сақтандыру нарығын жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмысты жазуда әдістемелік негіз болған осы саладағы отандық және шет ел авторларының еңбектері. Бұл бағыттағы ТМД елдері мен Қазақстан ғалымдарының еңбеңтерін өте құнды деп атауға болады.
Ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2007-жылдың 28-ақпанында халыққа Жолдауы, «Қазақстан-2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Президентінің Нұсқаулары, Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілері және «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның қаржылық есептерінің мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу пәні сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігіне баға беру және бақылау.
Зерттеу объектісі болып сақтандыру компаниясы табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, үш маңызды бөлімнен, қорытындыдан, 23 кестеден, 9 суреттен, 28 әдебиеттерден құралды.
Бірінші бөлімде сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілік ұғымы, төлем қабілеттілігінің мәні, және оның сақтандыру ұйымының ерекшелігі.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін мемлекеттік реттеу орган- дары, отандық және шетелдік үлгілерінің салыстырмалы анализі көрскетілген.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде сақтандыру ұйым төлем қабі- леттілк факторы ретінде капиталдың құрамы мен құрылымының қалыптасуы қарастырылады.
Үшінші бөлімдесақтандыру ұйымының дамуының қиындықтары мен басылымдықтары қарастырылады.
1 САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІК ҰҒЫМЫ
Ұйымның төлем қабілеттілігі- бұл Өз уақытында төлемді айтады.
Төлем қабілеттілік- ол сақтандыру ұйымының негізгі ағидаты болып табылады, оның аржылық тұрақтылығын және де көптеген компаниялардың тартымдылығы болып табылады.
1. 1 Төлем қабілеттіліктің мәні және оның сақтандыру ұйымындағы ерекшелігі
Қоршаған орта өзгерістеріне бейімделетін жүйе ретінде сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтығының 2 белгісін атап көрсетуге болады:
- төлем қабілеттілігі, яғни оның өз міндеттемелері бойынша төлеу мүмкіндігі;
- мүмкін сыртқы орта өзгерістеріне сай бола отырып даму үшін қажетті қаржылық потенциалының болуы.
Төлем қабілеттілігі - сақтандыру компания сенімділігінің, оның қаржылық тұрақтылығының ең маңызды белгісі. Осыған орай, потенциалды клиенттерді тартудың да басты көрсеткіші болып табылады.
Сақтандыру ұйымының қаржылық потенциалы деп сақтандыру операцияларын және инвестициялық қызметті жүзеге асыру мақсатында қолданылатын қаржылық айналымдағы қаржы ресурстарынайтады.
Сақтандыру ұйымының қаржылық потенциалы екі негізгі бөліктен құралады - жеке және тартылған капитал, мұндаға айта кететін жай, капиталдың тартылған бөлігі сақтандыру компаниясының жеке капиталынан айтарлықтай басым болады. /6, б. 110/
Барлық елдерде дерлік, сақтандыру қызметін жүргізуге рұқсат беру шарттарының бірі ретінде сақтандыру компаниясының минималды капиталының мөлшері алынады. Бұл шартқа қойылатын талаптар әр елде әр түрлі, Еуропалық одақ елдерінде сақтандыру түріне тәуелді. Еуропалық одақ құрамындағы кейбір елдер жеке капиталмен қоса ұйымдастыру қорының болуын талап етеді.
Сақтандыру туралы Заңға сәйкес сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін кепілдіктер төмендегідей:
- экономикалық тұрғыдан негізделген сақтандыру тарифтері;
- сақтандыру, қайта сақтандыру, өзара сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелерді орындауға жеткілікті сақтандыру резервтері;
- жеке қаражат;
- қайта сақтандыру мүмкіншілігі.
Сақтандыру резервтері және сақтандырушының жеке қаражаты диверсификация, ликвидтілік, қайтарымдылық және кіріс талаптарына сәйкес активтермен қамтамасыз етілуі керек. Сақтандырушының жеке қаражатының құрамына (тек өз мүшелерін сақтандырумен айналысатын өзара сақтандыру қоғамарын қоспағанда) жарғылық капитал, резервтік капитал, бөліске ұщырамаған пайда кіреді.
Сақтандырушылар толық төленген жарғылық капиталға ие болуы керек. Аталған жарғылық капитал мөлшері Сақтандыру туралы Заңда көрсетілген минималды жарғылық капитал мөлшерінен төмен болмауы қажет.
Сақтандырушының жарғылық капиталының минималды мөлшері Сақтандыру туралы Заңның 25 бабының 4 бөлімімен анықталады.
Сақтандырушы сақтандыру келісімі бойынша өз жауапкершілігіне алған міндеттерін (сақтандыру портфелін) бір немесе бірнеше өзге сақтандырушыларға беруіне болады (сақтандырушыны алмастыру) . Бұл үшін сақтандыру портфелі берілетін сақтандырушының аталған сақтандыру түрін жүзеге асыруға лицензиясының болуы және жүктеліп жатқан міндет бойынша төлем қабілеттілік талабына жауап беретін жеткілікті жеке қаражаты болуы тиіс. Сақтандыру портфелін беру Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. /6, б. 112/
Мына жағдайларжа сақтандыру портфелін беру жүзеге асырылмайды:
- берілуге тиіс сақтандыру келісімі Қазақстан Республикасының Заңына қайшы жасалған жағдайда;
- сақтандыру портфелін қабылдап жатқан сақтандырушы Сақтандыру туралы Заңдағы қаржылық тұрақтылық талаптарына сай келмеген жағдайда;
- сақтандырушыны ауыстыру үшін клиенттің жазбаша түрдегі келісімінің болмауы;
- сақтандыру портфелін қабылдаушы сақтандырушы лицензиясында аталған сақтандыру келісімі жасалған сақтандыру түрінің болмауы;
- сақтандыру портфелін беруші сақтандырушыда сақтандыру резервтерін қамтамасыз ететін активтердің болмауы.
Сақтандыру портфелін беру кезінде беріліп жатқан сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес сақтандыру резервтері мөлшеріндегі активтерді беру жүзеге асырылады.
Сақтандыру портфелін қабылдаушы сақтандырушының сақтандыру ережелері сақтандыру портфелін беруші сақтандырушының сақтандыру ережелеріне сәйкес келмесе, сақтандыру келісімінің шарттары клиент талабына сай өзгертілуі тиіс.
Сақтандыру компаниясының жеке қаражатының жеткілікті болуы төлем қабілеттілігін келесі екі жағдайда қамтамасыз етеді: нормативтік деңгейден төмен емес сақтандыру резервтерінің болуы және дұрыс инвестициялық саясат.
Сақтандыру компанияларының төлем қабілеттілігін қамтамасыз етудің қажетті шарты ретінде активтер мен төлем қабілеттілік маржаларының белгілі бір қатынасын сақталуын алуға болады.
Төлем қабілеттілік маржасы - сақтандырушының өз міндеттерін орындау кепілі. Еуропалық сақтандыру директиваларына сәйкес, сақтандырушылар сақтандыру қызметінің басынан-ақ минималды кепілдік қор түріндегі белгілі бір қаражатқа ие болуы қажет. Сонымен қатар, кез келген уақытта клиенттер алдындағы міндеттерін орындауға қажетті резервті қор түріндегі бизнес жүргізу қаражатын да иемденуі тиіс.
Сақтандырушылардың төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселелеріне Л. А. Орланюк-Малицкойдың еңбектері арналған болатын. Осы еңбектерде сақтандырушының төлем қабілеттілігін есептеуге қойылатын нормативтік талаптардың ғылыми негіздемесі салынды. /7, б. 115/
Сақтандырушының жеке капиталы жарғылық, қосымша, резервтік капиталдардың, есептік жылдың және бұрынғы жылдардың бөліске салынбаған пайдасы, жарғылық капитал салымдары бойынша акционерлердің қарыздары, акционерлерден сатып алынған акциялар, материалды емес акциялар мен өтелу уақыты аяқталған дебиторлық қарыздардың қосындысы арқылы есептеледі.
Активтер мен қабылданаған сақтандыру жауапкершіліктерінің нормативтік қатынасы ұғымы келесі шаманы білдіреді: материалды емес активтер және өтелу уақыты аяқталған дебиторлық қарыздар шегерілген сақтандырушы иемденуі тиіс жеке қаражат мөлшері. Бұл шама төлем қабілеттілік маржасының нақты мөлшері деп аталады. Айта кету керек, жеке қаражат иемденушілердің талап ету құқықтарынан басқа болашақтағы кез келген жауапкершіліктерден бос болы керек.
Адам өмірін сақтандыру бойынша төлем қабілеттілік маржасының нормативтік мөлшері адам өмірін сақтандыру резервінің 5 % пайзын түзету коэффициентіне көбейткенге тең.
Түзету коэффициенті қайта сақтандырушылар үлесі шегерілген адам өмірін сақтандыру резервінің аталған резервтің толық мөлшеріне қатынасы арқылы есептеледі. Егер түзету коэффициенті 0, 85-тен кем болса, онда есептеулер үшін ол 0, 85-ке тең деп қабылданады.
Адам өмірін сақтандырудан өзге сақтандыру түрлері бойынша төлем қабілеттілік маржасының нормативтік мөлшері түзету коэффициетіне көбейтілген келесі екі көрсеткіштің үлкеніне тең. /6, б. 115/
Бірінші көрсеткіш есептік күнге дейінгі есептік жылдағы (12 ай) сақтандыру салымдарының негізінде есептеледі. Ол сақтандыру, өзара сақтандыру, есептік кезеңде қабылданған қайта сақтандыру келісімдері бойынша аударылған сақтандыру салымдарының 16 пайызына тең. Аталған сома құрамынан төмендегілер шегерілген:
- сақтандыру, өзара сақтандыру, есептік кезеңде қабылданған қайта сақтандыру келісімдері бойынша келісімшарт шарттарының өзгеруі немесе келісімшарттардың бұзылуына байланысты клиенттерге қайтарылған сақтандыру салымдары;
- сақтандыру, өзара сақтандыру келісімдері бойынша сақатандыру салымдарын есептік кезеңде заңмен үшін аудару.
12 айдан аз уақыт қызмет етуші сақтандырушы бірініші көрстеткіш үшін
есептік кезең ретінде алғаш лицензия алған моменттен бастап есептік күнге дейінгі кезеңдң қабылдайды. /6, б. 116/
Екінші көрсеткіш есептік күнге дейінгі 3 жылдық (36 ай) есептік кезең ішіндегі төленген сақтандыру төлемдерінің негізінде есептеледі және келесілердің үштен бір бөлігінің 23 пайызына тең:
- сақтандыру, өзара сақтандыру, қайта сақтандыру келісімдері бойынша жасалған нақты сақтандыру төлемдері сомасынан осы есептік кезеңде жасалған сақтандыру нәтижесінде шығындарға жауапты тұлғалардан өндіріліп алынған төлемдер шегерілген сома;
- сақтандыру, өзара сақтандыру, есептік кезеңде жасалған қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша тапсырыс берілген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің және болған бірақ тапсырыс берілмеген шығындар резервінің өзгерісі.
Адам өмірін сақтандырудан басқа сақтандыру түрлерімен айналысатын 3 жылдан кем қызмет ететін сақтандырушы екінші екінші көрсеткішті есептемейді.
Түзету коэффициенті есептелетін есептік кезең ретінде 1 жыл алынады. Түзету коэффициенті:
- есептік кезеңдегі сақтандыру төлемдері құрамындағы қайта сақтандырушылар үлесі шегерілген сақтандыру, өзара сақтандыру, қайта сақтандыру келісімдері бойынша жасалған нақты сақтандыру төлемдері;
- есептік кезеңдегі қайта сақтандырушылар үлесі шегерілген сақтандыру, өзара сақтандыру, қайта сақтандыру келісімдері бойынша тапсырыс берілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві және болған бірақ тапсырыс берілмеген шығындар резервінің өзгерісі;
сомаларының төмендегілерге қатынасы арқылы есептеледі:
- сақтандыру, өзара сақтандыру және есептік кезеңде жасалған қайта сақтандыру келісімдері бойынша аударылған нақты сақтандыру төлемдері;
- сақтандыру, өзара сақтандыру және есептік кезеңде жасалған қайта сақтандыру келісімдері бойынша тапсырыс берілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві және болған бірақ тапсырыс берілмеген шығындар резервінің өзгерісі.
Сақтандыру, өзара сақтандыру, қайта сақтандыру келісімдері бойынша есептік кезеңде сақтандыру төлемдері болмаған жағдайда түзету коэффициенті 1-ге тең деп қабылданады.
Есептеуге сәйкес түзету коэффициенті 0, 5-тен кіші болса, 0, 5 деп, 0, 5-тен үлкен болса, 1 деп қабылданады.
12 айдан кем уақыт қызмет ететін сақтандырушы түзету коэффициент іүшін есептік езең ретінде алғаш лицензия алған күннен бастап есептік күнге дейінгі кезеңді алады.
3 жылдан кем емес уақыт ішіндегі міндетті сақтандыру түрі бойынша операциялар туралы нақты мәліметтер аталған сақтандыру түрі бойынша әр жылда тұрақты жағымды нәтижелерді көрсетсе және сақтандырудың осы түрінен жиналған сақтандыру салымдарының сомасы өмірінді сақтандырудан басқа сақтандырулар түрлері бойынша жиналған соманың кем дегенде 25 % құраса, онда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің келісімімен аталған сақтандыру аталған сақтандыр утүрі бойынша бірінші және екінші көрсеткіштерді есептегенде пайыздар мөлшері кемірек алынуы мүмкін, бірақ ол жоғарыда аталған шаманың 2/3-нен кем болмауы тиіс.
Сонымен қатар, өмірді сақтандырудан басқа сақтандыру түрлері бойынша төлем қабілеттілік маржасының нормативтік мөлшері міндетті сақтандыру мен тәуекелділік сақтандырудың ерікті түрлері бойынша төлем қабілеттілік маржаларының қосындысы ретінде есептеледі.
Өмірді сақтандыру және сақтандырудың басқа түрлерімен айналысатын сақтандырушылардың төлем қабілеттілік маржасының нормативтік мөлшері өмірді сақтандыру бойынша төлем қабілеттілік маржасының нормативтік мөлшеріне сақтандырудың басқа түрлері бойынша төлем қабілеттілік маржасының нормативтік мөлшерін қосқанға тең. Егер сақтандырушының төлем қабілеттілік маржасының нормативтік мөлшері Сақтандыру туралы Заңда көрсетілген жарғылық капиталдың минималды шамасынан кіші болса, онда сақтандырушының төлемқабілеттілік маржасының мөлшері ретінде заңмен орнатылған жарғылық капиталдың минималды шамасы алынады. Сақтандырушының өлем қабілеттілік маржасының нақты және нормативтік мөлшерлерінің қатынасын есептеу әр тоқсан сайын жүргізіледі.
Сақтандырушының төлем қабілеттілік маржасының нақты мөлшері оның нормативтік мөлшерінен кем болмауы керек.
Есептік жылдың аяғына қарай сақтандырушының төлем қабілеттілік маржасының нақты мөлшері оның нормативтік мөлшерінен 30 % кем шамаға артық болса, сақтандырушы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне өз қаржылық жағдайын жақсарту туралы жоспарын ұсынуы тиіс.
Төлем қабілеттілікті есептеудің жоғарыда сипатталған әдістемесін талдай отырып, төмендегідей қорытындыға келуге болады: өмірді сақтандырудан басқа сақтандыру түрлері бойынша алынған жауапкершілік көлемі үлкен болған сайын төлем қабілеттілік маржасының нормативтік мөлшерінің бірінші көрсеткіші сақтандырушының жеке капиталынан артып кетеді және сақтандырушының төлем қабілеттілік маржасының нақты мөлшері оның нормативтік мөлшерінен кем болады. Сол себепті, сақтандыру компаниясының сақтандыру көлемін үлкейту арқылы жүзеге асырылатын сыртқы жамуы жарғылық капиталды арттыру, резервтік капиталды арттыру нәтижесінде болатын ішкі дамумен қатар жүргені абзал.
Жарғылық капиталдың жеткіліктілігін бағалау үшін қажетті акционерлік қоғам түрінде жасалатын сақтандыру компаиясының таза активтерінің бағасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі орнатқан бухгалтелік есеп тәртібі бойынша бағаланады. Егер екінші және әр келесі қаржылық жылдарының аяқтылуына қарай акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеуші серіктестік) түріндегі сақтандыру компаниясының таза активтерінің бағасы жарғылық капиталдан кем болып шықса, онда қоғам Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сай орнатылған тәртіпте жарғылық капиталдың азаюын жариялауы және тіркеуі тиіс.
1. 2 Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігін мемлекеттік реттеу органдары
Құзіретті орган-сақтандыру қызметінің Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестігін бақылау және сақтандыру нарығын реттеу бойынша құзіреттіліктер мен функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. /2, б. 35/
Құзіретті органнның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен анықталады. Келесі жағдайларда тұлға құзіретті органның бақылаушы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкері бола алмайжы: сақтандыру ұйымының жоғары дәрежелі қызметкерлерінің жақын туыстары немесе сақтандыру ұйымының дауыс беруші акцияларының 5 пайызынан артық акцияларды иемденуші және басқарушы тұлғалар, сақтандыру брокерлері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz