Адам Смит және Давид Рикардоның теориялық жұмыстары



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:
1. Адам Смиттің «Халық байлығының табиғаты және оның себептері туралы зерттеу» еңбегі
2. Давид Рикардоның «Саяси экономиканың және салық салудың бастауы» еңбегі

III. Қорытынды
Адам Смит 1723 жылы Керколди қаласында шотландтық ауқатты отбасында дүниеге келген. Ол қалалық мектепте, кейін Глазго және Оксфорд жоғарғы оқу орындарын бітіріп, тарих, философия, әдебиет, математика және физика ғылымдарын тереңдетіп оқыған. А.Смит өз заманының аса дарынды да білімді адамдарының бірі болған. Ол 1751 жылы Глазго университетінің қоғамдық пәндер ғылымының профессоры болып, 1764 жылға дейін сонда сабақ берді. 1758 жылы оның «Теория нравствнных чувств» («Өнегелі сезімдер теориясы») атты философиялық мәселелерді қарастыратын алғашқы кітабы жарық көрді.
1767-1776 жылдар аралығында еңбек еткен Адам Смиттің саяси экономикалық саладағы негізгі еңбегі – «Халықтардың байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» («Исследование о природе и причинах богатства народов») Лондонда басылып шығарылды. Осы кітап бес рет қайта басылып, бірнеше тілдерге аударылды.
Өмірінің ақырғы жылдарын ол Эдинбургте өткізіп, 1790 жылы қайтыс болды.
Давид Рикардо 1772 жылы биржа қызметкерінің отбасында дүниеге келді. Ата-анасының үйінен кеткен соң биржадағы білімдері оны миллионер қылды. Сондықтан, оның алғашқы экономикалық еңбектері ақша айналым проблемаларымен тығыз байланысты болды.
Давид Рикардо – классикалық буржуазиялық саяси экономикасының соңғы ұлы өкілі. Ол 1823 жылы өмірден өтті.
1. «Всемирная история экономической мысли» в шести томах. Под редакцией В.Н. Черковеца, том 2, Москва: «Мысль», 1988
2. «Экономика. Әлемдік классика» 2 том . Кенжеғожин М.Б., Әлиев О.Ж. Алматы: «Таймас», 2006
3. «Әлем экономикасы» 1 бөлім. Сахариев С.С., Алматы: «Дәнекер», 2003

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Адам Смит және Давид Рикардоның
теориялық жұмыстары

Орындаған: Малдыбаева А.Б.

Тобы: ЭБЕжА-02, 2 курс

Тексерген: Алтыхан Р.А.

Алматы 2009
Жоспар:
I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:
1. Адам Смиттің Халық байлығының табиғаты және оның себептері
туралы зерттеу еңбегі
2. Давид Рикардоның Саяси экономиканың және салық салудың бастауы
еңбегі

III. Қорытынды

Адам Смит 1723 жылы Керколди қаласында шотландтық ауқатты отбасында
дүниеге келген. Ол қалалық мектепте, кейін Глазго және Оксфорд жоғарғы оқу
орындарын бітіріп, тарих, философия, әдебиет, математика және физика
ғылымдарын тереңдетіп оқыған. А.Смит өз заманының аса дарынды да білімді
адамдарының бірі болған. Ол 1751 жылы Глазго университетінің
қоғамдық пәндер ғылымының профессоры болып, 1764 жылға дейін сонда сабақ
берді. 1758 жылы оның Теория нравствнных чувств (Өнегелі сезімдер
теориясы) атты философиялық мәселелерді қарастыратын алғашқы кітабы жарық
көрді.
1767-1776 жылдар аралығында еңбек еткен Адам Смиттің саяси экономикалық
саладағы негізгі еңбегі – Халықтардың байлығының табиғаты мен себептері
туралы зерттеу (Исследование о природе и причинах богатства народов)
Лондонда басылып шығарылды. Осы кітап бес рет қайта басылып, бірнеше
тілдерге аударылды.
Өмірінің ақырғы жылдарын ол Эдинбургте өткізіп, 1790 жылы қайтыс болды.
Давид Рикардо 1772 жылы биржа қызметкерінің отбасында дүниеге келді. Ата-
анасының үйінен кеткен соң биржадағы білімдері оны миллионер қылды.
Сондықтан, оның алғашқы экономикалық еңбектері ақша айналым проблемаларымен
тығыз байланысты болды.
Давид Рикардо – классикалық буржуазиялық саяси экономикасының соңғы ұлы
өкілі. Ол 1823 жылы өмірден өтті.

I кітап. Еңбек өнімділігінің ұлғаю себептері және осыған сәйкес оның
өнімі халықтардың әр түрлі таптарының арасында табиғи түрде бөлінетін
тәртіп
Еңбек бөлінісі туралы. Еңбектің өндіргіш күштерінің дамуындағы ұлы
прогресс және ол бағытталып, күшін жұмсап отырған өнердің, шеберлік пен
пайымдаушылықтың елеулі үлесі, шамасы, еңбек бөлінісінің салдары болып
табылады.
Еңбек бөлінісінің нәтижесінде жұмысшылардың бірдей саны орындай алатын
жұмыс мөлшерінің елеулі түрде ұлғаюы әр түрлі үш жағдайға қатысты:
біріншіден, әрбір жұмысшының ептілігінің ұлғаюына; екіншіден, еңбектің бір
түрінен басқа түріне ауысуға әдетте шығындалып отыратын уақытты үнемдеуге,
сайып келгенде, еңбекті жеңілдететін және қысқаратын әрі бір адамға бірнеше
жұмысты орындай алуға мүмкіндік беретін машиналардың үлкен мөлшерін ойлап
шығаруға байланысты болады.

Ақшаның шығуы және қолданылуы туралы. Еңбек бөлінісі барлық жерде
белгіленгеннен кейін әрбір адамның қажеттіліктерінің тым аз мөлшері ғана
оның жеке еңбегінің өнімі арқылы қанағаттандырылады. Олардың едәуір үлкен
бөлігін ол өз еңбегінің артық өнімін айырбастау арқылы ғана
қанағаттандырады, бұл өнім өзі мұқтаж болып отырған басқа адамдардың артық
өніміне өзінің қажеттіліктерін айырбастап қанағаттандырғаннан кейін қалады.
Сонымен, әрбір адам айырбаспен өмір сүреді немесе белгілі дәрежеде
сауда жасаушы болады, ал қағамның өзі, былайша айтқанда, сауда одағына
айналады.
Бірақ, еңбек бөлінісі енді ғана туындағанда, айырбастың бұл мүмкіндігі
өте үлкен қиыншылықтарға жиі тап болып отырды. Бір адам оған өзі мұқтаж
болып отырған белгілі бір өнімнің үлкен мөлшеріне иелік етті, ал басқа адам
оған жетіспеушілікті бастан кешіріп отырды деп ұйғарайық. Сондықтан бірінші
адам осы артық өнімнің бір бөлігін бар ынтасымен берсе, ал екіншісі оны бар
ынтасымен иеленген болар еді. Бірақ егер соңғы адамның осы сәтте бірінші
адам мұқтаж болып отырған ештеңесі болмағандықтан, олардың арасында
ешқандай айырбас туралы сөз болуы мүмкін емес.
Осы мақсатта ең бір алуан түрлі тауарлар таңдап алынды және жүйелі
түрде қолданылды деп ойлау керек.
Әр түрлі халықтар осы мақсаттар үшін әр түрлі металдарды пайдаланды.
Ежелгі спартандықтар айырбас құралы ретінде темірді қолданды, ежелгі
римдіктер бұл үшін мысты пайдаланды; барлық бай және сауда жасайтын
халықтар алтынды және күмісті пайдаланды.
Тауарлардыңайырбас құнын айқындайтын негізгі ережелерді анықтап алу
үшін мыналарды көрсетуге тура келеді:
- біріншіден, осы айырбас құнының шын мәніндегі өлшемі қандай немесе
барлық тауарлардың шын мәніндегі бағасы неден тұрады;
- екіншіден, осы шын мәніндегі баға қандай бөліктерден тұрады;

Тауарлардың шын мәніндегі және номинал бағасы. Кез келген заттың шын
мәніндегі бағасы, яғни әрбір зат оны иемденгесі келген немесе осы затты
иемдену үшін керек болып отырған еңбек пен күш-жігерден тұрады. Кез келген
заттың шын мәніндегі құны оны иемденген және оны сатқысы келген немесе
қандай да бір затқа айырбастағысы келіп отырған адам үшін, сол адам өзі
бұлардан арыла алатын және оны басқа адамдарға жүктей алатын еңбек пен күш-
жігерден тұрады. Ақшаға сатып алынатын немесе басқа заттарға айырбасталып
иемделінетін нәрсе, біздің өз еңбегімізбен иемденген заттар сияқты,
осындай дәрежедегі еңбекпен иемделінеді. Шындығында да, бұл ақшалар немесе
тауарлар осы еңбекті біздерге жинақтайды. Олар еңбектің белгілі бір
мөлшерінің құнынан тұрады, оны біз өзіміздің ұйғаруымыз бойынша осы кезде
еңбектің осындай мөлшерінің құны болатын нәрсеге айырбастаймыз.
Тауарлар мен еңбектің шын мәніндегі және номиналды бағасының
арасындағы айырмашылықтың таза теориялық маңызы ғана емес, сонымен бірге
көп жағдайда маңызды практикалық мәні де бар. Шын мәніндегі бір және сол
бағаның әрқашан да бір құны болады, бірақ алтын мен күмістің ауытқушылығын
ескере отырып, сол номиналдық құнның өте әр түрлі құны болуы мүмкін.

Тауарлар бағасының құрамдас бөліктері туралы. Капиталды жинақту және
жерді жеке меншікке айналдыру алдындағы алғашқы және аз дамыған қоғамда әр
түрлі заттарды иемдену үшін қажетті еңбек мөлшерінің арасындағы қатынас,
шамасы, айырбас үшін басшылық ретінде қызмет ететін бірден-бір негіз
болады. Айталық, мысалы, егер аңшы халық әдетте құнсызды өлтіру үшін
бұғыны өлтіруге қарағанда екі есе көп шығындалса, бір құндыз табиғи түрде
екі бұғыға айырбасталады немесе екі бұғының құнына тұрады. Әдетте екі күн
немесе екі сағат ішінде дайындалатын өнімнің әдетте бір күн немесе бір
сағат еңбек ішінде дайындалатын өнімге қарағанда үлкен құнға ие болатыны
әбден табиғи нәрсе.
Жеке өзіне тиесілі көзден өзінің табысын алатын кез келген адам оны не
өзінің еңбегінен, не өзінің капиталынан, не өзінің жерінен алуға тиіс.
Еңбектен алынатын табыс жалақы деп аталады; өзінің жеке ісінде
қолданылатын адамның капиталынан алынған табыс пайда деп аталады; оны іске
қолданбайтын, оны басқа адамға қарызға беретін адамның одан алған табысы
басқаға қаржы пайыз немесе ақшалай өсім деп аталады. Ол қарыз алушының
қарыз берушіге осы ақшалардың көмегімен пайда табу мүмкіндігінде болатын
төленетінсыйақысы болып табылады. Тұтастай алғанда жерден алынатын табыс
рента деп аталады және жер иеленушілерге тиесілі болады. Барлық салықтар
және соған негізделген барлық табыс – барлық айлықақы, зейнетақы, кез
келген түрдегі жыл сайынғы ренталық табыстар – сайып келгенде, осы
бастапқы үш көзден алынып, тікелей немесе жанама жалақыдан, апиталдан
алынатын пайдадан немесе жерге рентадан төленеді.

Тауарлардың табиғи және рыноктық бағасы туралы. Әрбір қоғамда немесе
әрбір жергілікті жерлерде жалақының әдеттегі немесе орташа нормасы, сол
сияқты әркім үшін еңбек пен капиталдың әр түрлі қолдануынан түскен пайда
да болады.
Әрбір қоғамда немесе әрбір жергілікті жерлерде рентаның әдеттегі
немесе орташа нормасы бірдей дәрежеде болады, ол да бір бөлігі қоғамның
немесе жер орналасқан жергілікті жердің ортақ күш-жігерімен, бір бөлігі
болса, топырақты табиғи немесе жасанды құнарландырумен реттеледі.
Осы әдеттегі немесе орташа нормалар жалақының, пайданың және сол
уақыттағы және олар әдетте басым болатын сол жерлердегі рентаның табиғи
нормалары деп аталады.
Егер қандай бір тауардың бағасы жер рентасының табиғи нормаларына,
жалақыға және оны өндіру, өңдеу және рынокқа жеткізу кезінде капиталға
жұмсалған пайданы төлеу үшін қажет болатын бағаға сәйкес келетін болса,
онда бұл тауар өзінің табиғи бағасымен сатылады деп айтуға болады.
әдетте тауар сатылатын нақты баға оның рыноктық бағасы деп аталады. Ол
өзінің табиғи бағасынан асып түсуі немесе одан төмен болуы, немесе онымен
дәл сәйкес келуі мүмкін.
Қандай да бір тектегі тауарларды рынокқа жыл сайын жеткізуге
жұмсалатын еңбектің барлық мөлшері табиғи түрде осылайша шын мәніндегі
сұранысқа сәйкес болады – ол табиғи түрде үнемі осындай мөлшердегі тауарды
рынокқа жеткізуге ұмтылады, бұл оның үстіне осы сұранысты қанағаттандыру
үшін де жеткілікті болады.

Жалақы туралы. Еңбек өнімі еңбек үшін төленетін сыйақыны немесе оның
жалақысын құрайды.
Жерді жеке меншікке иемденудің және капиталды жинақтаудың алдында
жүрген алғашқы қоғам жағдайында еңбектің барлық өнімі қызметкерге тиесілі
болады. Ол жер иеленушімен де, қожасымен де бөліскен жоқ.
Қоғамның прогресшіл жағдайы шын мәнінде де оның барлық таптары үшін
қуанышты және молшылықты білдіреді, қоғамның қозғалыссыз жағдайы қуанышты
айырады, ал кері кеткен жағдайы толық қайғыға толы.
Еңбек үшін жомарт сыйақы қарапайым халықты көбейтуге көтермелей
отырып, сонымен бірге оның еңбексүйгіштігін де ұлғайта түседі. Жұмысшылар
жеке-дара жоғары ақы алғанда зорыға еңбек етуге бейім тұрады және осылайша
өздерінің денсаулығы мен күш-қуатын бірнеше жылда бұзады. Лондондағы және
кейбір басқа да жерлердегі ағаш ұстасы өзінің толық күшін сегіз жылдан
жоғары сақтай алмаймыз деп санайды. Жұмысшыларға жекелей төленетін
көптеген басқа да кәсіпшіліктерде осы сияқты жағдай орын алады.

Капиталға пайда туралы. Капиталға пайданың артуы немесе азаюы еңбек
үшін жалақыға өзгеріс туғызатын себептерге – қоғамның байлығының өсуіне
немесе азаюына қатысты; бірақ бұл себептер жалақы мен пайдаға тым әр түрлі
әсер етеді.
Капиталға орташа пайданың қазіргі кезде қандай екенін және капиталға
орташа пайданың бұрын қандай болғанын кейбір дәрежедегі дәлдікпен айқындау
мүмкін болмаса да, бұл туралы қандай да бір түсінікті ақшаға әдеттегі
пайыз негізінде жасауға болады. Қандай да бір іске ақшаны салудан жоғары
пайда алуға мүмкіндік болатын жағдайларда ақшаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Рикардоның өмірінен мағлұмат
Классикалық политэкономистердің құн теориясы
Экономикалық теорияның даму тарихы
Д. Рикардоның экономикалық ілімдері. Рикардоның «Саяси экономия және салық салудың бастамасы» еңбегі
Классикалық экономикалық теорияның негіздері, қосымша құн және пайда теориясы
К. Маркс пен Ф. Энгельстің идеялары
Құн заңы - тауар өндірісінің заңы
Меркантелизм туралы
Халықаралық сауда теориялары
Халықаралық сауданың классикалық теориялары
Пәндер