Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР: МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастардың объектісі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
II. ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАНЫҢ СУБЪЕКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ГЛОБАЛИЗАЦИЯЛАУ МЕН АЙМАҚТАНДЫРУ
2.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың субъектілері ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Елдерді экономикалық нышандарына байланысты топтастыру ... ... ... ... 16
2.3 Әлемдік экономикадағы интернационализация, глобализация мен аймақтандыру: тенденциялары мен қарама . қайшылықтары ... ... ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық-әдістемелік және тәжірибелік маңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағынды болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ойластыруды терең түсінуге ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық- экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық-техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты – оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік- экономикалық сипатын көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайтын мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз.
Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан-жақты дами алады.
Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи-географиялық, ұлттық, әлеуметтік-саяси құрылымы бойынша, бір-бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экономикалық жүйелердің әлемдік шаруашылыққа бірте-бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр, сондай-ақ оған ХХ ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қарау қажет. Бұл заңлыдықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлісіне итермелейді.

1. Елемесов Р.Е. «Халықаралық экономикалық қатынастар» - Алматы, 2002жыл
2. Мамыров «Халықаралық экономикалық қатынастар» - Алматы, 2000жыл
3. Г.Н. Доғалова «Халықаралық экономика» - Алматы, 2000 жыл
4. Хасбулатов Р.И. «Международная торговля» – М., 1994
5. В.Д. Щетинина «Международные экономические отношения» - М., 1996
6. Әкімбеков « Экономикалық теория» - Алматы,2002

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
1.1 Әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастардың объектісі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
II. Әлемдік экономиканың субъектері және оны глобализациялау мен аймақтандыру
2.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың субъектілері ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Елдерді экономикалық нышандарына байланысты топтастыру ... ... ... ... 16
2.3 Әлемдік экономикадағы интернационализация, глобализация мен аймақтандыру: тенденциялары мен қарама – қайшылықтары ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Кіріспе
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық-әдістемелік және тәжірибелік маңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағынды болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ойластыруды терең түсінуге ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық- экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық-техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты – оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік- экономикалық сипатын көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайтын мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз.
Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан-жақты дами алады.
Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи-географиялық, ұлттық, әлеуметтік-саяси құрылымы бойынша, бір-бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экономикалық жүйелердің әлемдік шаруашылыққа бірте-бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр, сондай-ақ оған ХХ ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қарау қажет. Бұл заңлыдықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Бұның өзі кәсіпорындардың ғылыми-техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ, бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарының құралы.
Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт ағымынан кейін артта қалып отыр, демек, тағыда бір мойындайтын қағида: ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭҚ-тар пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды.
ХХI ғарырдың басында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұр шешуші фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.

1.1. Әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастардың объектісі мен мәні
Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономикалық қатынастар да осы қағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі – мемлекет болып табылады.
Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, Халықаралық экономикалық қатынастар мәнін түсіну жеңіл. Бұл жерде экономистер арасында терминологиялық айрықшалықтар кездескенімен, аса көп қайшылықтар жоқ. Қысқаша сыртқы экономикалық сөздік-анықтамада Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық еңбек бөлісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі - деп жазылған. Ал басқа басылымда Халықаралық экономикалық қатынастар - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі - делінген. Басқадай көптеген оқулықтар мен оқу құралдарындағы анықтамалар бұлардан онша ерекшеленбейді. Бірақ та терминологиялық айырмашылықтар бірден көзге түседі: Халықаралық экономикалық қатынастар, Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары, Бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар және тағы басқаларының да мәні бір – ХЭҚ – болуы, ұлттық мемлекеттердің болуымен тікелей байланысты.
Оған көңіл бөліп отырған себебіміз, пайдаланылатын көптеген әдебиеттерде Бүкіл әлемдік қатынастар термині көп кездеседі. Оның пайда болуының себебі - әлем ондаған жылдар бойы әуелі кеңес, одан кейін социолистік ғылыми әдебиеттерде дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің екі системасы ретінде қарастырылып келді. Бұл системаларда қарама-қарсы экономикалық қатынастар жүйесі әрекет еткенімен, олардың арасындағы қатынастар жүргізіліп отырды. Сондықтан алғашқыларын соңғыларынан айыру үшін социолизмнің немесе капитализмнің халықаралық экономикалық қатынастары терминінің орнына бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар термині пайда болды.
Халықаралық экономикалық қатынастар мазмұны ешқандай қиыншылықтар туғызбаса да, осы қатынастар теориясы күрделі мәселе болып табылады. Болып жатқан ағымды жағдайлардың теориялық көрінісін беру оңай емес. Бірақ мұнда әлемдегі экономикалық мектептердің бағыттары тарихи, сонымен қатар логикалық жағынан алғанда әр алуан болуына байланысты қосымша қиындықтар туып отыр.
ХЭҚ теориясы жалпы саяси экономия теориясы негізінде пайда болып дамыды да, соңғысының шеңберінде арнайы ғылыми іздену саласын құрды. ХЭҚ арнайы теориясының зерттеу пәні жалпы саяси экономия теориясының пәнімен бірдей - деп жазылған отандық алғашқы оқулықтардың бірінде. Халықаралық экономикалық қатынастар арнайы теориясының зерттеу пәні саяси экономия теориясының пәнімен бірдей: ол адамдар арасында өмірге қажетті заттарды өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастары. Әлемдік шаруашылықтың, сонымен бірге халықаралық қатынастардың ерекшелігі – таптар арасындағы қарым–қатынас мемлекет шекарасы арқылы іске асырылып, халықаралық экономикалық қатынастар түрінде көрінуі - дейді басқа бір белгілі басылымда.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларда марксистік саяси экономияның методологиясы айқын көрінеді. Ал социализмнің күйреуімен Қазақстандағы марксизмнің басылымдағы тарихта қалды, бірақ соған қарамастан, марксизм қоғамдық ойларға бір бағыт ретінде сақталды. Сондықтан, бұл мәселені түсінгісі келгендерді біз экономикалық ілімдер тарихына бағыттаймыз, бұл жерде, марксизм халықаралық экономикалық қатынастарды елдің ішіндегі экономикалық қатынастардың жалғасы және дамуы ретінде саяси экономия теориясына енгізуге тырысқан әлемдегі аз ғана экономикалық мектептердің бірі екендігіне арнайы тоқталып өтуіміз керек. Мәселенің бұл жағының практикалық мәні зор, біз оны ұлттық және дүниежүзілік экономиканың өзара байланысын қарастырғанда талдаймыз.
Бұл оқулықта зерттелуі үшін ерекше, басқа экономикалық теорияға тән тәсілдерден өзгеше тәсілді қажет ететін құбылыстар туралы айтылады. Себебі, жекелеген мемлекеттердің болуына байланысты, дүниежүзілік шаруашылық экономикасын талдауға кіріспестен бұрын, біз, экономикалық талдаудың әдеттегі құралдарын жаңартуымыз қажет. Осы әлем экономикасының өзгешелігі, оны зерттеуді тартымды, кейде күрделі іске айналдырады делінген белгілі батыс оқулықтарының бірінде.
Көріп отырғанымыздай, бұл жерде ХЭҚ ерекше тәсілдерді қажет ететін объект ретінде көрінеді. Біз Қазақстанда әртүрлі елдер мен бағыттардағы әдебиеттерді пайдаланатындығымыздан, әрқашан олардың әртүрлі мектептері, экономикалық талдау дәстүрлері, идеологиялық негіздері және тағы басқадай ерекшеліктері барын есімізде сақтауымыз қажет. Сонымен бірге, соңғы уақыттағы жағдайлар көптеген адамдарды екінші бір шекке қаша шығуға мәжбүр етті, бұл әсіресе, кейбір ресей басылымдарына тән. Мұнда кеше ғана өткен кеңес заманындағы нәрсенің бәрі жоққа шығарылады. Осыған байланысты кеңестік экономистердің әлемдегі алғашқылары болып, ХЭҚ арнайы теориясын жасауға және дамытуға талпынғанын атап кету қажет. Егерде идеологиялық айлаларды алып тастасақ, кеңес заманының зерттеулерін пайдалануға әбден болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей тұжырым жасауға болады. Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктердің зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Сондықтан ол жалпы саяси экономия теориясы шеңберінде дамыды. Бұл жағдай арнайы халықаралық экономика бөлімдері бар батыс оқулықтарымен расталады. Ал ХЭҚ теориясының ерекшеліктеріне келсек, олар өз объектісінің ерекшеліктерімен немесе П.Х.Линдерт сөзі бойынша, әлемдік өзгешелігімен анықталады.
Бұл жерде қандай өзгешелік бар деуге болады? Әлемдік экономика бізде дербес мән ретінде бөлінсе де, біз бұл түсінікке толығырақ тоқталуымыз қажет, өйткені бұл жерде ХЭҚ түсінігіне қарағанда түсініспеушілік көбірек.
Осы мәселені зерттеуде кездесетін алғашқы қиындық – терминдердің көптігі болып табылады: әлемдік экономика, халықаралық экономика, глобалды экономика, дүниежүзілік шаруашылық, әлемдік шаруашылық және тағы басқалар. Негізінде осы түсініктердің бәрі де әлемдегі ұлттық экономикалық жүйелердің өзара байланыстығы мен тәуелдігін көрсетеді. Бірақ бұл экономист-ғалымдар арасындағы әр түрлі түсінікті түсіндірмейді және мәселенің мәнін ашпайды.
Қанша ерсі көрінгенімен, осы терминологиялық былық өз бастауын экономика ұғымынан алады. Бұл ұғым ескі грек сөзінен алынғаны және экономикалық ғылым тарихына сан ғасырлар болғанына қарамастан, экономика сөзіне біркелкі түсінік әлі қалыптасқан жоқ. Тіпті үлкен кеңес энциклопедиясы да осы сөздің үш түрлі ұғымын берген.
Арнайы әдебиеттерде де жағдай мәз емес. Сондықтан экономика немесе шаруашылық деп айтқанда, әр түрлі авторлар бұл түсініктерге әр түрлі мазмұн беруі мүмкін Әлемдік экономика мен дүниежүзілік шаруашылық туралы да осыны айтуға болады. Бұл жерде әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылықтың ондаған анықтамасын келтіруге болар еді, бірақ оның біреуі де қарастырылатын құбылысты толық ашып көрсете алмайды, себебі, оның күрделілігіне ғана емес, авторлардың экономикалық ғылымның әр түрлі бағытына жататындығына байланысты.
Бұл өзгешеліктерді талдауды мақсат етпегендіктен, біз бұл жұмыста экономикалық жүйе деп адамдардың материалдық және рухани ресурстарды пайдаланып, тауарлар мен қызмет көрсетулерді белгілі бір ұйымдық құрылымдарда өндіру арқылы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру іс-әрекетін түсінеміз. Әрине бұл жүйе өте күрделі екені түсінікті. Өйткені оның құрамында ресурстық, техникалық, технологиялық, ұйымдық, құқықтық және тағы басқадай компоненттері болып, олар әрқайсысы өз кезегінде жеке ғылым немесе экономикалық ғылымның жеке тармағы бола алады. Сондықтан біз әлемдік экономика дегеніміз де, оны ұлттық шекарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйе деп түсінеміз. Бұл өте күрделі процестің өзіндік тарихы, пайда болу мен даму этаптары, әрекет ету заңдылықтары бар. Осының бәрі де ХЭҚ түсінік аппаратында өз көрінісін табады.
Осы мәселенің толық күрделілігін көрсету үшін, француз професоры М.Бо-ның пікірін келтіруге болады: Экономист ғалымдардың жұмыстарында, саяси қайраткерлердің, журналистердің, кәсіпкерлердің сөздерінде кең пайдаланылатын әлемдік экономика ұғымына әр түрлі мағына беріледі. Әлемдік экономика деп мынаны түсінуге болады:
1. Адамзаттың өндіріс іс-әрекетінің жиынтығы. Оны әлемдік жалпы өнім, әлемдік астық өндірісі және тағы басқадай көрсеткіштер арқылы сипаттауға болады.
2. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар ұлттық экономикалар жиынтығы.
3. Халықаралық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Алғашқы классикалық мектептер экономистері мен меркантилистерден бастап, ХЭҚ сферасы экономикалық ғылымның бір бағытына бөлінген болатын.
4. Трансұлттық компаниялар (ТҰК) мен банктердің (ТҰБ) планетарлық іс-әрекеті.
5. Ірі Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-Батыс блоктарына құрылымданған ансамбль.
6. К.Маркс пен В.И.Ленин ізбасарлары мен неомарксистердің әлемдік экономиканы қарастырғандай, - өндірістің капиталистік тәсілінің даму нәтижесінде ұйымдасқан және қалыптасқан әлемдік жүйе.
7. Бәрін анықтайтын, ұйымдастыратын және құрылымын жасайтын, (машинадан шыққан құдай деуге болатын), бірақ шығу тегі ешкімге белгісіз, әлемдік капиталистік жүйе.
8. Қоршаған орта жағдайын және қолда бар ресурстарды есепке ала отырып қарастырылатын, адамзаттың экономикалық іс-әрекетінің нәтижесі.
Ол өз шолуын, мынандай тұжырыммен аяқтайды: Әлемдік экономика – ұлттық және әлемдік деңгейдегі капиталистік дамудың азды-көпті құрылымданып, интеграцияланатын жергілікті деңгейде үйлестіру мен құрылымдану негізіндегі жер шарының экономикалық іс-әрекетінің жиынтығы. Қазіргі кезде әлемдік экономика біртұтас интегралданған деп айтуға болмайды, өйткені оның өзіндік ұдайы өндіру механизмі жоқ; ол тек екі логика: адамзат ұдайы өндіріс логикасы мен капиталистік ұдайы өндіріс логикасы нәтижесінде өзара іс-әрекеттің әсер беруімен пайда болған.
Бұл жерге Ұлыбритания мен АҚШ зерттеушілері әлемдік экономиканы екінші бір қырынан талдайды. Олар оны халықаралық экономикалық тәртіп пен реттелетін нормалар жүйесі ретінде қарастырады деген пікірді қосуға болады.
Басқа да анықтамаларды қорытындылай келе, Л.А.Зубченко мынандай тұжырым жасайды: Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі қарым-қатынастарын және оның құрама бөліктері мен факторларының өзара әсерлерін, себеп-салдарының қайшылықты бірлігін, өткір даулар мен қақтығыстарды, сонымен қатар, екінші жағынан, өзара тиімді бірлесе қызмет жасауды ескеретін жалпылама анықтама мен тәсіл бүгінгі күнге дейін жоқ.
Біз бұл ұғымға анықтама беру талпыныстарының бәрін келтіре алмаймыз. Өйткені, оның әрқайсысы қазіргі әлемдік экономиканың әр түрлі күрделі болмысының бір жағын көрсетеді. Курстық жұмыс процесінің барысында біз барлық анықтамаларымен кездеспесек те, оның көбісімен жолығамыз, бұл дүниежүзілік шаруашылықты жан-жақты позицияларын талдауға талпыныстарға байланысты болған. Қандай да экономикалық жүйе сияқты, әлемдік экономика да әрқашан өзгерісте болатын динамикалық жүйе болып табылады. Әлемнің шынайы жағдайы өте күрделі, сондықтан біздің өмірдегі өз орнымызды табуға деген әрекетіміз сол әлемді қабылдауымызға тікелей байланысты болады. Қоршаған ортаны жау ретінде санап, өз ұлттық пәтерінде қамалуға тырысуға болады немесе көз жұмып халықаралық бәсекеге кіріп, өз әл-ауқатымызды күрт жоғарылататын ресурстарды табамыз деп ойлауымыз мүмкін. Әлемдегі күштердің ара қатынасы мен экономикалық тәртіпті дұрыс бағалауға тырысып, соған байланысты шешім қабылдауға да болады. Осының бәрі де біздің осы күрделі және өзгеріп отыратын процестерді қаншалықты білгенімізге байланысты.
Әлемдік экономика мен ХЭҚ-дың жалпы даму бағыттылығын белгілі ресей экономисі Н.Шмелевтің сөзімен аяқтағым келеді. Қазіргі заманғы жағдайда ұлттық шаруашылықтардың тұйықтылығы, экономикалық жабықтылығы, қандай да бір төтенше жағдайларды айтпасақ, орынсыз және тиімсіз болуымен қатар, мүмкін емес. Ұлттық шаруашылықтардың ашықтылыққа ұмтылу, ұлттық ұдайы өндіру процестерінде сыртқы факторлар ролінің өсу тенденцияларының ұлғаюының жалпылама көрініс алды.
1995 жылғы мәліметтер бойынша, БҰҰ-на мүше болған 185 елдің біреуі де сыртқы экономикалық байланыстарсыз өмір сүре алмайды. Олардың ішінде үлкен және кіші мемлекеттер экономикасы қуатты державалар мен артта қалған елдер әртүрлі саяси режимдері мен экономикалық жүйелері бар мемлекеттер, әлемдік экономикада әр түрлі орын алатын мемлекеттер бар. Біреулері дүниежүзілік шаруашылыққа толығымен интеграцияланса, кейбіреулері өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне байланысты ХЭҚ-ың бір бөлігіне ғана тереңдей енуде. Кіші және әлі жетілмеген елдер үшін ХЭҚ-дың барлық салаларына қатысу аса қиын болуы мүмкін, сондықтан оларға ХЭҚ-дың өзіне ең пайдалы, тиімді түрлерін табу қажет.
1.2. Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері.
Халықаралық экономикалық қатынастар басқа экономикалық қатынастар сияқты бір реттік, мызғымас қатынастардан тұрмайды. Оған ұдайы өндірістің горизонталды ғана емес, вертикалды қатынастар сияқты әр түрлі реттік қатынастар енеді. Негізінде ұдайы өндірістік байланыстың кез келген бөлігі халықаралық болып келуі мүмкін. Бұл көптеген жағдайларға байланысты, бірақ ең біріншіден, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне енуіне байланысты болады. Осыған сәйкес, Халықаралық экономикалық қатынастар әр түрлі түрлерге ие болады.
Көптеген оқулықтар мен оқу құралдарында ХЭҚ түрлеріне үлкен мән берілмейді. Материалдар қандай да бір түріне бағытталып, кез келген ретте орналасуы мүмкін.
Ал ХЭҚ тарихы ғана емес, даму логикасы да бар. Сондықтан, біздің пікірімізше, оқулықтар мен оқу құралдары ХЭҚ түрлерінің тарихи және логикалық байланыстығын ескеруі қажет. өйткені ол осы пән құрылымын анықтайды. Ең бастысы, ол материалдың лонгикалық жүйелілігін беру арқылы, осы курсты оқушылардың қабылдауын жеңілдетеді.
Халықаралық экономикалық қатынастар - әлем елдері арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі. ХЭҚ маңызды түрлеріне халықаралық сауда, жұмысшы күші миграциясы, капиталды шетке шығару мен халықаралық несие, халықаралық валюталық және есеп айырысу қатынастары, халықаралықғылыми-техникалық және өндірістік байланыстар жатады. Бұл түрлері өзара тығыз байланысты және өзара әсер береді.
ХЭҚ алдыңғы қатарындағы түрі халықаралық сауда болып табылады.
Жоғарыда аталып кеткен профессор М.Бо былай жазады: Халықаралық экономикалық және қаржы қатынастарына халықаралық сауда, қызмет көрсетулермен айырбас, ноу-хау мен білім, ағымдағы төлемдер мен есеп айырысулар, халықаралық капитал қозғалысы мен несие, еларалық адамдар миграциясы, халықаралық туризм, идеялар мен ақпараттармен алмасу кіреді. Көптеген оқулықтар мен оқу құралдары ХЭҚ-ың бірнеше түрін атаумен шектеледі. Жоғарыда көрсетілген екі басылымды жай салыстырудың өзі сандық қана емес, логикалық жүйелілігінде айырмашылықтар бар екенін көрсетеді. Соған қарамастан, қазіргі ең қысқа деген оқулықтардың өзі ХЭҚ түрлерін талдаудан ондаған бөлімдер мен тараулардан тұрады.
Біз ХЭҚ түрлерін толық тізіп шығуды мақсат етпейміз. Бұл мүмкін емес те шығар. өйткені бұл қатынастардың дамуы, тұрақты түрде өзара байланыстары мен қатынастары оның жаңа түрлерін тудырады. Сондықтан әлемдік экономика мен ХЭҚ категорияларының даму тарихы мен логикалық жүйелілігіне сәйкестендіре құрылымын жасауымыз қажет.
Бұл негізден қарағанда, халықаралық сауда ХЭҚ-ның ең алғашқы және басты түрі болып табылады. Сауда халықаралықболып бастамасын ішкі рулық еңбек бөлінісіне әсер еткен тайпалар арасындағы саудадан басталған. Бүгінгі күнде сауда айналым көлемі жағынан ХЭҚ-дың басты түрі болмауы да мүмкін, бірақ та осы қатынастардың негізгі болатындығы сөзсіз. Тіпті бүгін халықаралық сауда экономика ғылымының жеке саласы болып, ары қарай дамып, жаңа түрлерін тудыруда.
әрбір сауда қатынастары нәтижесінде ақшаны тудырады. Ақшасыз халықаралық сауданың дамуы мүмкін емес. Сондықтан келесі ХЭқ-дың маңызды түрі – халықаралық қаржы қатынастары болып табылады. Халықаралық деңгейде ақша валюта түріне ие болғандықтан, бұл түрін валюта-қаржы қатынастары деп атау қабылданған. Бүгінде ол ХЭҚ-дың ең дамыған және тармақталған түрі шығар. Ақша әр түрлі функция атқаратыны белгілі, оның ішінде ең бастылары айналым құралы, құн өлшемі мен қор жинау болып табылады. Ақшаның бұл функциялары тарихи даму барысында бөлініп, жеке дара жаңа түрлерін тудыруда. Тіпті ақшаның өзі де сауда объектісі болып, ерекше тауарға айналып, жаңа рыноктарды қалыптастыруда.
Көптеген қысқа оқулықтарға көбінесе осы екі түрі еніп, олар екі бөлімнен тұрады. Бірақ тарихи даму барысында халықаралық сауда номенклатурасы мен бағыттары өзгеруімен, қаржы және несие рыноктары дамуымен қатар, ұдайы өндіріс процесі ұлттық шекаралардан шығып, ХЭҚ субъектілерінің орны мен мәні өзгеріп, олар бірлесуі және тағы басқадай жағдайлар болып жатады. Бұл өз кезегінде ХЭҚ жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі. Алдын ала айта кетсек, ХЭҚ тарихи және логикалық тізбегін былай көрсетуге болады: Халықаралық еңбек бөлінісі - халықаралық сауда - әлемдік нарық – дүниежүзілік шаруашылық.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы өндірістің халықаралық мамандануы мен кооперациясы сияқты түрлерін өмірге келтірді. Олардың шаруашылық өмірінің интернационализациясына ғана емес, белгілі даму деңгейінде ұлттық экономикалардың интеграциясын тудырады. әлемде интеграция процесі бір қалыпсыз, қайшылықты өтуде. Қазір ол әлемдік экономикалық процестердің ажырамас бөлігі болып жер шарының белгілі бір аймақтарында ХЭҚ-ы шоғырландыруда.
ХЭҚ-дық тағы бір маңызды түрі ХЭҚ субъектілерінің орны мен маңызының өзгеруімен байланысты. ХЭҚ теориясы халықаралық экономикалық қатынастарды ұлттық мемлетектер арасындағы шаруашылық қатынастар ретінде талдаудан дәстүрлі түрде туындап отыр. Бірақ бұл мемлекеттер экономикалық жағынан даму деңгейімен ғана емес, экономикалық жүйенің типтері мен модельдері бойынша да әр түрлі. өздерінінің мүдделерін қорғау үшін олар топтарға бірігеді. Бұл жерде мұндай топтарды ұйымдастырудың формальды негіздерінің ешқандай маңызы жоқ. Бірақ бұл мәселенің нақты жағы Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-Батыс, Еуропа-Солтүстік Америка-Жапония, тағы басқадай топтардың арасында ХЭҚ пайда болуында. Саяси өмірден социалистік блоктың жойылуы ХЭҚ-тағы шиеленісті жұмсартқанымен, бұл тенденцияны өзгерте алмас.
Бұл тенденцияға қарама-қарсы трансұлттық компаниялардың маңызы тез өсуде. Трансұлттық компаниялар ұлттық шекараларды жойып, ХЭҚ-ға ішкі фирмалық қатынастарды әкелді. Трансұлттық компаниялар экономикалық қатынастардың жаңа түрлерін әкелмесе де, олрадың іс-әрекеті тұрақталған ХЭҚ-дың түрлерін өзгертеді.
Енді әлемдік қауымдастықтың ХЭҚ даму қажеттілігіне байланысты институционалды құрылымдарын құру мен ойын тәртібін жасақтау әрекеті – ХЭҚ ұйымдық түрлерін атап кету қажет. Бұл түрлерінің маңызы мен орны күнде өсіп жатқан халықаралық экономикалық ұйымдармен байланысты.
Сонымен қазіргі ХЭҚ-дың негізгі түрлеріне: халықаралық сауд, халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастар, халықаралық мамандану мен кооперация, халықаралық интеграция, елдер топтары арасындағы және олардың ішкі экономикалық қатынастары, трансұлттық компаниялардың экономикалық қатынастары, ХЭҚ ұйымдық формалары мен халықаралық өндіріс факторларының қозғалысы жатады.
Бірқатар басылымдарда ХЭҚ-ң тек бірнеше түрі ғана беріледі, ал кейбірінде оларға біршама нақтырақ тоқталғанымен, ауытқашылықтар кездеседі. Осыған байланысты айта кететініміз: халықаралық экономикалық қатынастар дамыған сайын тауарлар мен қызмет көрсетудің жаңарған топтары халықаралық мәселе объектісі болып, экономикалық қызметтің жаңа түрлері пада болуда. Бұлар да халықаралық айналымға кірігіп отырады. Мысалы халықаралық сауданың классикалық теориялары тауар айырбасына негізделген, ал өндіріс факторлары аз қозғалмалы болып есептелген. Бірақ ХЭҚ-дың дамуы халықаралық айналымға өндіріс факторларын да түсірді. Ұзақ мерзім бойы кеңестік экономикалық әдебиетте негізгі бөлімі капиталды шетке шығару болған, ал қазіргі басылымдар еңбек күші миграциясын бөле қарайды. Бірақ ХЭҚ объектісі болып лицензия, ноу-хау түріндегі білім мен тәжірибе, басқару қызметтері бола бастаған. әзірше жер рыногы туралы әңгіме естіліп жатқан жоқ, бірақ та оның өзі де халықаралық сауда объектісі болды.
Әрине мәселе ХЭҚ түрлерінің тарихи және логикалық себептерінде емес, бұл түрлерінің бір-бірімен байланыстылығы мен өтімділігінде. Ақша қатынастары сауда негізінде пайда болып, қазір ХЭҚ-дың үнемі жаңа қатынастар туындатып отырған кең түріне айналды. Сондықтан бұл түрлерді зерттелуіне байланысты кез келген тізбекте талдауға болады. Ал біздің ойымызша, оқулық пен оқу құралдарында материалды қабылдауды жеңілдетуі үшін ХЭҚ курсының логикалық құрылымының тізбегі сақталуы тиіс.

2.1. Халықаралық экономикалық қатынастардың субъектілері
ХЭҚ-тар субъектісі дегенде, осы қатынастардың дамуы мен өзгеруіне белсенді іс-әрекетімен әсер ететін ХЭҚ қатысушыларын айтамыз. Бұл ұғымның негізгі мазмұны халықаралық құқықта ашылған, бірақ ол әр түрлі субъектілерінің ХЭҚ-ғы орнының өзгеру әсерінен дамиды.
Әлемдік экономика шығу тегі мен мәніне нарықтық экономика болып табылады. Әлемдік экономиканың пайда болуының шарты әлемдік нарық болған. Нарықтық экономика өндіріс факторларына жеке меншіктің болуын жоспарлайды, осыған сәйкес оның қатысушылары белгілі бір функциялары бар, тең құқылы меншік иелері болып табылады. Нарықтық экономика субъектілерінің өзара байланыстылығының жалпы схемасын былай көрсетуге болады: үй шаруашылықтары (ресурс иелері) - кәсіпорындар – мемлекет (шаруашылық процестердің реттелуі). Әлемдік экономика нарықтық болғандықтан, мұнда да сол субъектілер іс-әрекет етеді: жекелеген индивидтер; кәсіпорын, фирмалар; мемлекеттер мен оған қосымша ретінде халықаралық экономикалық ұйымдар.
ХЭҚ-дың дәстүрлі теориялары мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды қарастырады. Бұл үшін тарихи себептермен қатар, осы қатынастардың қазіргі нақты жағдайлары да дәлел бола алады. Халықаралық экономикалық қатынастар мемлекеттердің бір-бірінен тәуелсіз өмір сүруіне тікелей байланысты. Сондықтан дербес мемлекетер өмір сүріп отырған уақытта дүниежүзілік шаруашылы экономикасы жеке ғылыми пән болуы қажет. әрбір елдің саясатында көптеген бағыттар бар және оның әрқайсысы сол елдің сайлаушыларының бір бөлігінің мүдделерін басқа елдің мүддесінен ешқашан төмен қоймайды. Көбінесе оларға тіпті ешқандай көңіл бөлінбейді.
Белгілі бір батыс оқулықтарының бірінен алынған бұл цитата бізге ХЭҚ-дың ішкі экономикалық қатынастардан айырмашылығы мен күрделілігән көрсетеді. Әрбір елдің ішінде өзіндік экономикалық жүйесі бар, тек осы бір жағдай ХЭҚ-дың күрделілігін түсінуге мүмкіндік береді. Қазір әлемде екі жүзжей егеменді ел бар. Олардың әрқайсысы экономикалық даму деңгейімен, саяси тәртіптерімен, ХЭҚ-ға тартылудың түрлі дәрежесімен, территориясымен, халық санымен, жалпы ұлттық өнім көлемі және тағы басқадай көрсеткіштерімен қатты ерекшеленеді. Осының бәрі әр елдің халықаралық экономикалық қатынастарда салыстырмалы салмағы болуына әкелді. Осы сұраққа басқа тарауларда әлі талай тоқталамыз. Ал бұл жердегі әңгімені біз осы ерекшеліктерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz