Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

Фашизм негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Италияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

Муссолинидің үкімет басына келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

Италиядағы «Маттеоти дағдарысы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Герман үкіметінің Франция, Ұлыбритания, Италия және Бельгия үкіметтеріне меморандумы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Италияның сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
XX ғасырдың 20-жылдарында корпоративтік идеологиялар – фашизм және ұлтшыл-социализм (национал-социолизм – нацизм) қалыптасты. «Фашизм» деген түсінік Италияда шықты. Бұндағы алғашқы ұйымдар «жауынгер одақтар» («фаши ди комбаттименто») деп аталды, осыдан барып «фашизм» деген термин қалыптасты. Германияда бұл қозғалысқа «нацизм» деген атау берілді. Фашизмнің шығуының Италия мен Германияға қатысты ортақ жағдайлары бар. аталған екі ел орталықтанған, біртұтас ұлттық мемлекетін өте кеш құрды. Соған орай Англия, Франция т.б. батыс елдерінде демократиялық бостандықтар мен азаматтық құқықтар ХVII-XVIII ғғ. негізгі мемлекеттік заңдарға енгізілген болса, Германия мен Италияда алғашқы конституциялар ХІХ ғ. екінші жартысында дүниеге келді және демократиялық бостандықтар мен құқықтар өте шектеулі түрде болды. Бұл елдерде жеке тұлғаның ой еркіндігі мен мүддесі мүлде ескерілген жоқ, оның орнына билікке, күшке табынушылық сезімі орнықтырылды. Осы екі елде де соғыстан кейінгі экономикалық қиыншылықтар, революциялық қозғалыстың өрлеуі ұсақ және орташа топтардың меншігінен айырылып қалу қауіпін күшейтіп, олардың бір жағынан, ірі капиталға, екінші жағынан, революцияшыл күштерге деген ашу-ызасын тудырды. Революциялық қозғалысқа да, ірі капиталға да қарсы тұра алатын күш ретінде олар фашизмге жүгінді.
Сонымен қатар соғыста жеңілу және ауыр Версаль бітім шарты – Германияда, ал Париж конференциясында мүдделерінің ескерілмеуі – Италияда ұлттық қорлану сезімін тудырып, шовинизмді күшейтті. Бұл жағдайлар фашизмнің саяси қозғалыс ретінде қалыптасуына негіз болды. Ал фашизмнің идеологиясына негіз болған ілімдер бұдан ертерек уақытта шықты.
Фашизмнің идеологиясы бұрынғы дәуірлердегі барлық ұлтшылдық, нәсілшілдік, зорлық идеяларын насихаттаған ілімдерден өсіп шықты. Соның ішінде фашизм мен пангермандық шовинизмнің тікелей байланысы бар.
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында қалыптасқан пангерманистердің іс-әрекетін мынандай идеялар анықтады:
1. Германияның континенттік Еуропадағы үстемдігі
2. Барлық неміс тілінде сөйлейтін халықтар мен ұлттарды Германия империясына топтастыру
1. Г.Б. Поляков. Всемирная история. Москва «Юнити» 2000
2. Армин Мелер “Консервативная Революция в Германии 1918-1932” Минск 1997
3. Булгаков С. “Христианство и еврейский вопрс” Париж 1991
4. Муссолини Б. “Доктрина фашизма” сайт www. resist. gothic. ru
5. Гитлер А. “Моя борьба” сайт www. an –press. virualave.net
6. Правин Д. “Нацизм и фашизм с христианской точки зрения”
7. Всемирная история. М.,2005.
8. Совет Одағының Ұлы Отан Соғысы. Алматы «Қазақстан» 1972.
9. СССР тарихы.Т1. Алматы «Мектеп» 1970.
10. СССР тарихы. Т2. Алматы «Мектеп» 1973.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық
жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

Фашизм
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..8

Италияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

Муссолинидің үкімет басына
келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...12

Италиядағы Маттеоти дағдарысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Герман үкіметінің Франция, Ұлыбритания, Италия және Бельгия
үкіметтеріне
меморандумы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..17

Италияның сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24

Кіріспе

XX ғасырдың 20-жылдарында корпоративтік идеологиялар –
фашизм және ұлтшыл-социализм (национал-социолизм – нацизм)
қалыптасты. Фашизм деген түсінік Италияда шықты. Бұндағы
алғашқы ұйымдар жауынгер одақтар (фаши ди комбаттименто)
деп аталды, осыдан барып фашизм деген термин қалыптасты.
Германияда бұл қозғалысқа нацизм деген атау берілді.
Фашизмнің шығуының Италия мен Германияға қатысты ортақ
жағдайлары бар. аталған екі ел орталықтанған, біртұтас ұлттық
мемлекетін өте кеш құрды. Соған орай Англия, Франция т.б.
батыс елдерінде демократиялық бостандықтар мен азаматтық
құқықтар ХVII-XVIII ғғ. негізгі мемлекеттік заңдарға енгізілген
болса, Германия мен Италияда алғашқы конституциялар ХІХ ғ.
екінші жартысында дүниеге келді және демократиялық
бостандықтар мен құқықтар өте шектеулі түрде болды. Бұл
елдерде жеке тұлғаның ой еркіндігі мен мүддесі мүлде
ескерілген жоқ, оның орнына билікке, күшке табынушылық сезімі
орнықтырылды. Осы екі елде де соғыстан кейінгі экономикалық
қиыншылықтар, революциялық қозғалыстың өрлеуі ұсақ және
орташа топтардың меншігінен айырылып қалу қауіпін күшейтіп,
олардың бір жағынан, ірі капиталға, екінші жағынан,
революцияшыл күштерге деген ашу-ызасын тудырды. Революциялық
қозғалысқа да, ірі капиталға да қарсы тұра алатын күш
ретінде олар фашизмге жүгінді.
Сонымен қатар соғыста жеңілу және ауыр Версаль бітім
шарты – Германияда, ал Париж конференциясында мүдделерінің
ескерілмеуі – Италияда ұлттық қорлану сезімін тудырып,
шовинизмді күшейтті. Бұл жағдайлар фашизмнің саяси қозғалыс
ретінде қалыптасуына негіз болды. Ал фашизмнің идеологиясына
негіз болған ілімдер бұдан ертерек уақытта шықты.
Фашизмнің идеологиясы бұрынғы дәуірлердегі барлық ұлтшылдық,
нәсілшілдік, зорлық идеяларын насихаттаған ілімдерден өсіп
шықты. Соның ішінде фашизм мен пангермандық шовинизмнің
тікелей байланысы бар.
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында қалыптасқан пангерманистердің
іс-әрекетін мынандай идеялар анықтады:
1. Германияның континенттік Еуропадағы үстемдігі
2. Барлық неміс тілінде сөйлейтін халықтар мен ұлттарды
Германия империясына топтастыру
3. Германияның отарлық иеліктерін кеңейту.
Фашистер бұл идеяларды Пруссияның милитаристік рухымен
ұштастырды. Фашистік (нацистік) идеологияның ең басты құрамдас
бөлігі – нәсілшілдік теориясы, ұлтшылдық, шовинизм. Немістер
– нордтық, арийлік нәсіл, олар барлық нәсілдерден жоғары
тұрады. Фашистер нордтық нәсілдің тазалығын қалпына келтіруді
міндет етіп қойды. Нәсілшілдік теориясы шовинизммен тығыз
байланыста болды.
Фашистік идеологияның құрамында демократияға қарсылық, ақыл-
ойға қарсылық (антиинтеллектуализм) зорлық пен күшке табыну
(вождизм) сияқты өте бір реакцияшыл ілімдер болды.
Фашистер өзіндік этика негіздерін жасады: борыш, ар-ождан,
туысқандық т.б. қасиеттер адамшылық тұрғыдан емес нәсілдік
теория негізінде түсіндірілді. Борыштан бас тартпау ардан
аттамау, туысқандық байланыстар, т.б. қасиеттер тек жоғары
арийлік нәсілге жататын адамдар арасындағы қатынастарда ғана
орын алады. Ал төменгі нәсілдер алдында олар белгілі бір
моральдік жауапкершілік атқармайды. Фашистер өз идеологиясын
шын мәнінде түсініп қабылдауды емес, оны соқыр сеніммен
қабылдауды талап етеді. Демек, фашистерге ақыл-ойы жоғары,
зейінді адам емес, фанаттар ғана қажет. Сондықтан да
Германияда ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялылар қудаланды.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - ХХ ғасырдағы Италия
еліндегі ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы, оның ішкі
және сыртқы саясаты мен келешекте адамзатқа тигізетін әсерін
анықтау.
Мен өзімнің курстық жұмысымда мынандай әдебиеттерді
қолдандым, олар:
✓ СССР тарихы. Т2.Алматы, 1970.
✓ Г.Б. Полякова. Всемирная История.М.,2000.
✓ Совет Одағының Ұлы Отан оғысы.Алматы, 1972.
✓ Всемирная история. М., 2005.
Бұл әдебиеттерде фашизмді ХХ ғасырдың адамды әлсірететін
материалистік позитивизміне қарсы, жеке адамның нақты шындығы
ретінде түсіндіреді. Егер еркіндік индивидуалистік либерализм
түсінігіндегі абстрактылы қуыршақ емес, нақты адамның бөлінбес
қасиеті болса, онда фашизм еркіндікті жақтайды. Ол жалғыз
ғана еркіндікті, мемлекеттің еркіндігін және жеке адамның
мемлекеттегі еркіндігін жақтайды. Өйткені фашизм үшін ешқандай
адамдық немесе рухани нәрсе мемлекеттен тыс өмір сүрмейді
және құндылыққа ие бола алмайды, барлық мәнділік тек қана
мемлекетте болады деп түсіндіреді.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық
жағдай.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында адамзат қиян-кескі екі
дүние жүзілік соғысты басынан кешірді, бұл екі соғыстың
екеуіне бірдей күнәкар империализм системасы болды. 1914-1918
жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс Антанта елдерінің
(Англия, Франция және АҚШ) Германияны жеңуімен аяқталды. Бұл
жеңіс халықтарға берік және баянды бейбітшілік әкеле алмады.
1919 жылғы Версаль бітімі бірінші дүние жүзілік соғысты
аяқтағанымен, ол соғыстың өзін тудырған қайшылықтарды жоя
алған жоқ. Товар өткізу рыноктары, шикізаттың қайнар көзі
және капиталды жұсау сфералары үшін талас, өзінің үстемдігін
орнату үшін күрес бұрынғысынша капиталистік державалардың
сыртқы саясатының негізгі мазмұны болды. Дүкен капиталистік
елдер дамуының әркелкілігі бірінші дүние жүзілік соғыстың
нәтижесінде капиталистік дүниеде қалыптасқан және Версаль-
Вашингтон договорлары системасында жазылған күштердің ара
салмағының өзгеруіне әкеп жеткізді.
Бірінші дүние жүзілік соғыс пен Россиядағы Ұлы Октябрь
социалистік революциясы негізін салған капитализмнің жалпы
дағдарысының асқынуы империалистік қайшылықтардың бәрін қамтушы
жүйе болудан қалды. Россияда болған социалистік революция
дүниежүзілік капитализмнің бүкіл ғимаратын түп негізіне дейін
шайқалтты. Дүние қарама-қарсы екі системаға жарылды. Совет
Одағы күллі халықаралық саясатқа орасан зор ықпалын тигізді.

Империалистік қайшылықтар капитализмнің бүкіл тарихындағы ең
күйрете күйзелткен дағдарыс – 1929-1933 жылдардағы дүние
жүзілік экономикалық дағдарыс кезінде ерекше күшті білінді.
Дағдарыс Америка Құрама Штаттарында басталды да, одан кейін
басқа да капиталистік елдерді қамтыды. 1933 жылы АҚШ-тың
өнеркәсіп өндірісі 1929 жылғы дәрежесімен салыстырғанда 64
процентке дейін, Англияда – 88, Германияда – 65, Францияда
– 81 процентке дейін кеміді. Дүние жүзілік сауда 65
процент азайды. Дағдарыс нәтижесінде жаппай жұмыссыздық етек
алды. АҚШ-та жұмыссыздар саны 13700 мыңға, Германияда, - 5
миллионға дерлік, Англияда – 2600 мың адамға жетті. Бүкіл
капиталистік әлемді алғанда жұмыссыздар саны 30 миллионға
барды.
Дағдарыс кезінде империалистік державалардың рынок, ықпал
жасау сфералары, отарларды қайта бөліске салу жолындағы
таласы мейлінше шиелінісіп кетті. 1931 жылы Жапония Солтүстік
Шығыс Қытайға басып кірді. Қиыр Шығыста соғыс ошағы,
міне, осылайша пайда болды.
Европадағы дағдарыс бәрінен де гөрі Германияға қаттырақ
тиді. Жаппай жұмыссыздық, еңбекшілердің хал-ақуалының күрт
нашарлап кетуі нәтижесінде елдегі экономикалық дағдарыс дереу
саяси дағдарысқа айнала бастады. Буржуазиялық партиялардың
көпшілігінің позициясы күйреген болып шықты. Буржуазиялық
онысыз да қатал қаналуға ұшырап отырған жұмысшы табы мен
еңбекшілерді қанауын күшейту арқылы дағдарыстан құтылудың жолын
тапқысы келген әрекеті халық бұқарасының наразылығы мен
қарсылығын бұрыңғыдан бетер арттыра түсті. Буржуазия
диктатурасының парламенттік формалары қаналушы халықты ауыздықтап
ұстауға жеткіліксіз бола бастады. Бұл жағдайларда талайдан
бері мықты қолдағы үкімет құру және дүние жүзілік
үстемдікті жеңіп алу мақсатымен жаңа соғысқа дайындалу
жоспарларын жасап келе жатқан герман монополиялық капиталының
әр түрлі топтары национал-социалистерге айналды. Олар фашистік
сұрқиялар тобын герман халқының бейбітшілік шовинистік
жүгенсіз насихат жүргізудің көмегімен халық бұқарасын
революциялық күрестен аулақ ұстайтын, оларды кек алу жолына
салатын ең жақсы қару деп білді. 1933 жылдың январында
герман монополиялары өкімет басына фашистерді қойды. Мемлекет
билігі ең агрессияшыл және реакцияшыл топтардың қолына көшті.

Герман фашизмінің идеологиясы – барып тұрған шовинистік
және нәсілшілдік идеология – фашистік партияның басшысы
Гитлердің Майн кампф (Менің күресім) атты кітабында
баяндалған. Ол герман нәсілінің артықшылығы теориясын
уағыздады және Германияның жер көлемі тіршілік етуіне
жетімсіздеу-міс дегенді дәлелдеуге тырысты.

Фашизм негіздері

Фашизм 1919 жылы Италияда Бірінші дүние жүзілік соғыстан
кейінгі нәтижелер барысында пайда болған. Сол уақытта
Евпропада демократиялық космополиттік күштер консервативтік,
монархиялық күштерді жеңді,бірақ демократияның жеңілісі күткен
игіліктерді әкелген жоқ, керісінше үлкен дағдарыс басталды:
хаос, инфляция, жалпылама жұмыссыздық. Осындай демократияға
қарсы реакция басталды. 1930 ж.ж. қарай европалық пар-
ламенттердің жартысы өз жұмысттарын тоқтатты, барлық жерде
диктатура пайда болды – бұл құбылыс сол жылдар үшін тән.
Фашизм “фашина” деген сөзден шыққан, бір буда, бір
буда шыбықты – Ежелгі Рим мемлекеінің символын білдіреді,
оны Муссолини “Жаңа Рим” ұғымы ретінде пайдаланылған,осылай
ол өз мемлекетін атады. Жалпылама, фашизмның, шолып өтсек,
жақсы жақтары көп болды.Фашизм буда ретінде ұлт бірлігін
кластар күресі туралы марксистік тезиске қарсы, либерал-
демократиялық партиялық принципке қарсы жариялады. Ол
корпоративті мемлекет жариялады, бірақ партиялық принцип
бойынша қүрылған емес(сайлауға партиялардың қатысуы), корпорация
негізінде құрылған – адамдардың өндірістік, кәсіби бірігу
нәтижесінде төменнен жоғары өсетін табиғи демократия негізінде
құрылған. Мысалға, металлургиялық өндіріс жұмысшылары, медицина,
ауыл шаруашылық корпорациялары да болуы мүмкін. Қазіргі
уақытта Жапония осындай қатынастарға, бірақ фирмалық,
негізделген – фирма қоғам ұясы ретінде құралады; оны
Муссоли-ни “кәсіби демократия” деп атаған сол сияқты қоғам
құрғысы келген.
Несімен фашизм адамдарды өзіне тартты? Неге осыншама
көп адам фашизм ықпалына түскен – “жаңа” құру арқылы сол
кездегі хаоста бүкіл Европаны жандарғысы келгендері ме?
Муссолинидің “Фашизм доктинасынан”мысал : “Фашизм- ... ол
күшін жойған XIX ғасырдың материалистік позитивизмге қарсы
біздің ғасырымыздың жалпы қозғалысынан пайда болған рухани
позиция ... Ол адамды жоғары заңмен, рухани қоғамның саналы
мүше етіп жасайтын, жеке тұлғадан діни көзқарас...Халық –
раса да, географиялық об- лысы да емес”...
Әуелде фашизмде гитлерлік режимдегі расизм болған жоқ;
итальяндықтар өз халқын басқалардан жоғары және әлемді
иеленуші жоғары ұлт деп санаған жоқ.
“...Халық – раса да, георафиялық облыс та емес,
тарихи дамуында үзіліссіз сақталатын адамдар бірлігі, ...
тұлға, рухани құбылыс” . Фашизмнің адамға қойған талаптары
: “Фашизм адамы эгоистік ықалас инстинктін басып, орнына
кеңістік пен уақытпен шектелмеген ұлттың жоғары өмірін
негіздейді. Бұл өмір жеке тұлғаның өз мүддесін құрбандыққа
шалу арқылы, өз өмірін өлімге кесу арқылы оның адами
намысы жүзеге асатын рухани болмысқа негізделеді ... Еш
әрекет моралді бағалаудан кете алмайды. Сондықтан да фашист
түсінетін өмір – діни, байсалды, қатаң. Ол өзін лайықты
өмір құралы етіп жасайды ...”.
Дәл осы тәртіпті, жинақтаушы негіз көпшілікті өзіне
қаратты. Католиктік шіркеу де фашисттік реформаларды, фашисттік
қозғалысты қолдады, өйт-кені бұл қозғалыс социалистік
католиктік ілімге сәйкес болып келеді және фашизм негізінде
қоғамды корпоративті ұйымдастыруға болады.
Алғашқы фашизмді біз қылмыстық құбылысқа жатқыза алмаймыз.
Барлық европалық мемлекеттерде фашистік деп атай алатынымыздай
партиялар құрыла бастады, демократиялық мемлекеттердің өзінде
де, мысалға Францияда, Англияда пайда болды. Ал корпоративтік
мемлекет принциптері Италияда, Австрияда (христиандық негізде,
бұл Дольфус канцлері уақы-тында). Сонымен қатар Испания мен
Португлияда (Франко мен Салазар уақытында) пайда болды.

Италияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан Италия жеңген ел қатарында
шықты. Италия соғыста өзінің негізгі бақталасы Австрия-
Венгрияға соққы берді. Соғыста жеңген ел қатарында
шыққанымен, Версаль бітімінде Франция мен Ұлыбритания Италияға
толық еркіндік бермеді. Бірақ та соғыста жеңген ел ретінде
Италия қозғалысында ұлы державалық саясат үстем болды.
Италия буржуазиясы Балқан түбегінде және Жерорта теңізінде
өзінің үстемдік саясатын жүргізуді көздеген еді. Балқан
түбегінде Антанта елдері Италияның емес, Сербияның үстемдігін
қолдады. Бірінші дүниежүзілік соғыс Италия буржуазиясын саяси
дағдарысқа әкелді. Ұлы держава құру идеясы іс жүзіне
аспады. Франция мен Ұлыбритания жеңген ел ретінде өздерінің
Европадағы билігін нығайту үшін Италия буржуазия менсінгісі
келмеді. Италияда ұлы державалық ойды жүзеге асыру үшін
күрес жүргізетін буржуазиялық саяси партиялар жоқ болды.
Соғыстан кейін халықтың арасында беделді бірден-бір саяси
партия – Италия социалистік партиясы (ИСП) болды. Италия
парламенттік Республика болғанысымен, Италия социалистік партиясы
парламентте көпшілік болды да, ұсақ буржуазиялық (либерал,
республика, радикалдар) парламентте айтарлықтай саяси күшке
айнала алмады. Сондықтан Италия парламенті шынайы демократиялық
институтқа айнала алмады. Италия парламенті ұсақ буржуазия
мен католик шіркеуінің бірігуіне жол ашты. Бұдан былай елді
басқара алатындай саяси партия құру қажет болды. Сөйтіп,
1919 жылы Италияда Халық партиясы құрылды. Бұл партияның
әлеуметтік тірегі католик шіркеуі ықпалындағы буржуазия мен
шаруалар болды. Италия халықтық партиясының құрылуы Ватиканның
католиктерге саяси жұмысқа араласуына рұқсат беруін білдірді.
Бірақ Ватикан мен Италия үкіметіндегі қарама-қарсылық толық
жойылған жоқ болатын. Либералдар католик шіркеуіне деген
сенімсіздігінен бас тартпай, антиклерикалық саясатын жалғастырып,
Италия халық партиясына қарсы боды.
Соғыстан кейін Италия парламентіндегі саяси топтар
демократиялық сайлау жүйесін енгізді. Парламенттегі депутаттар
мандатының алған дауыс санына сәйкес бөлінуі принципі
енгізілді. 1919 жылы жаңа сайлау заңы негізінде парламент
сайлауы өтті. Сайлау барысында Италия социалистік партиясы
мен Италия халық партия депутаттар палатасында 154 және 94
депутаттық орын алды. Ал либералдар және басқа ұсақ
буржуазиялық партиялар 181 депутат өткізе алды. Саяси күштер
сайлаудан кейін біріккенімен, ұсақ буржуазия мен соғысқа
қатысқан әскери топтар Италияның соғыста жеңіп шыққанын
малданып, өздерін жеңуші ретінде бағалап, содан ұлы
державалық, шовинистік пиғылдағы адамдар саны көбейе бастады.
Ұсақ буржуазия мен майданнан келген топтар арасында ұлттық
шовинизм рухы жоғары болды. Сөйтіп, Италияда көптеген саяси-
қоғамдық ұйымдар Италияны ұлы державаға айналдыруға бағыт ала
бастады.
Саяси-қоғамдық ұйымдардың арасында фашистер әлдеқайда
белсенді болды. Ұлттық шовинизм кең етек алып Версаль
бітімінің шешіміне қарсы шығып, қайта қарауын талап етті.
Италияның Фиулле аралын аннекциялау талабын Антанта елдері
қолдамай, 1920 жылы аралды Югославияға бергізді. Антанта
елдерінің мұндай шешімі фашистік ұйымдардың қарсылығына, ұлттың
намысын оятуға негіз болды.
1919- 1920 жылдардағы саяси дағдарыс, сыртқы саясаттағы
сәтсіздіктер итальяндықтардың шовинистік ойларын күшпен орындауға
шақырды. Италия армиясын бүлікке шақырушылар көбейе бастады.
Олар Адриат теңізінің жағасына, Албанияға әскер жіберуді
талап етті, Италия әскерінің арасында бүлік шығып, либерал
партиясы үкіметтен полиция мен жандармерияның санын көбейтуді
талап етті.
1920 жылдан бастап Италияда саяси күштерінің ара салмағы
ұлтшыл шовинистік топтарға қарай ауысты.
Елдегі буржуазия дәрменсіздік білдірді. Италия социалистік
партиясы революциялық жолды қолдап, Кеңестік Ресейді қолдап,
халықты революцияға шақырып жатты. Экономикалық дағдарыстар,
революциялық толқулар Италия буржуазиясының террорлық саясатқа
көшуіне жағдай жасады. Фашизмнің халық арасында беделі өсті.
Фашизм Италияда ірі әлеуметтік күшке айналып, жаңадан әскери
ұйымдар мен құрылымдар құрып, Италияны дағдарыстан алып
шығатын бірден-бір күш деп жарияланды. Елде саяси үкіметтік
дағдарыс жалғасты.

Муссолинидің үкімет басына келуі.

Либералдық үкімет революциялық толқулардан соң террорлық
қимылға көшті. Буржуазия дағдарыстан шығудың жолын таба
алмады, фашистік қозғалыс кең етек алып, халық арасында
жаңа беделге ие бола бастады. Фашистік топтар күштерін
біріктіріп, 1919 жылы әскери одақ (Fasci di combattmento)
құрды. Әскери одақ фашистік ұйым ретінде құрылып, оның
жетекшісі Бенито Муссолини болды. Фашистер елде өздерінің
шовинистік, ұлтшылдық үгіт-насихатын кең түрде жүргізді. Италия
үкіметінің дәрменсіздігін сынға алды. Ұлттық мүдде, Ұлы
ұлт идеясын таратты. Жұмысшы табының арасында таза
экономикалық саясатты, ереуілдік қозғалысты қолдап, жұмысшы
табының мүддесін қорғады. Шаруалар арасында жерді кім
өңдесе, жер соныкі ұранын тастады. Италияд фашизмді негізгі
әлеуметтік топтар, халықтың кедейленген саласы қолдады.
Фашизмнің негізгі тірегі қалалық ұсақ буржуазия болды.
Олар өз меншіктерін қорғау үшін үкімет қолдап отырған ірі
буржуазияны қатты сынға алып, фашизмнің ұрандарын насихаттады.
Фашизмнің шабуылы күшейген кезде халық арасында ықпалы бар
дәстүрлі Италия Социалистік партиясы оқшауланып, тек қана
социалистік идеяны уағыздаумен шектеліп қалды. Жұмысшы табы
реакциялық буржуазия жағына шықты.
1920 жылдың аяғында Солтүстік және Орталық Италияда
фашистер ашық террорға шығып, коммунистер ықпалындағы
жергілікті ұйымдарды талқандап, большевиктерден елді құтқаруға
шақырды. Жұмысшы табын әлсіретіп, ұсақ буржуазия ықпалын
күшейту бағытын ұстанды.
Италия үкіметі де біртіндеп фашизмді саяси жағынан
қолдап, 1921 жылы соғыс министрі И. Бономи әскерлерді
фашистік ұйымдарға көмекке жіберіп, фашизмнің қарулануына жол
берді. Италия премьер-министрі либерал Дж. Джолити
парламенттегі 35 фашистік депутаттармен бір блоққа кіріп,
Италия социалистік партиясы мен Италия коммунистер партия
депутаттық тобына қарсы күресіп отырды. Италияның ірі
буржуазиясы елдегі либерал-парламенттік сяси күшті сақтай
отырып, фашизмді ашық қолдады. 1921-1922 жылдарда антифашистік
күштер өте әлсіз болды. Италияның ұлылығын қалпына
келтіретін бірден-бір саяси күш фашизм деп түсінді.
Фашизмнің үкіметті өз қолына алуына жол ашылды.
1922 жылдан бастап фашистер парламентті таратып,
диктатуралық билікті орнатуға шақырды. Фашизм Ватиканмен тығыз
байланыс орнатып, католиктер де фашизмді қолдай бастады.
Италияда саяси тұрақсыздықтан 1921 және 1922 жылдарда үш
рет үкімет ауысты.
Италия социалистік партиясының реформалық тобы, үкіметті
қолдап, елде фашизмге қарсы тойтарыс беру үшін жұмысшы
тобын көтеріп, ереуілдер ұйымдастырып, Парме қаласында
фашистердің қарулы құрамдарына қатты соққы берді. Италия
социалистік партияның максималистік тобы реформистерге қарсы
шығып, партиядан бөлініп, Унитарлық Социалистік партия (ҮСП)
құрды. Бұл жұмысшы табын әлсіретіп, олардың арасында жік
туғызды. Фашизмге үкіметті өз қолына алуға толық жол
ашылды. Олар 1922 жылы Неаполь қаласында өткен фашистер
съезінде, үкіметке ашық ультиматум қойды. Фашистер әскерлерін
мобилизация жасады. Сөйтіп, Неаполь қаласынан Римге жорық
ұйымдастыруға кірісті. Үкімет амалсыздан отставкаға кетуге
мәжбүр болды. Италияда төтенше жағдай жарияланды. Король
үкіметтің кетуін қолдамай, Муссолиниді шақырып, үкімет құруға
шақырды. 1922 жылдың 22 қазанда фашистік отряд салтанатты
түрде Рим қаласына келіп, Муссолини үкімет басына отырды.
Италияда фашистік диктатура орнады. Еуропада тұңғыш рет
фашизм үкімет басына келді.
Италияда соғыстан кейінгі либералдық-парламенттік жүйе
тарады. Саяси дағдарыс, революциялық күштердің жеңілуі,
антифашистік қозғалыстың әлсіздігі, Италия буржуазиясының
фашизмді қолдауы, Италияда демократияның жеңіліс табуына
әкелді.

Италиядағы Маттеоти дағдарысы.

Италиядағы фашистік диктатураның құрылуы, буржуазиялық
демократияның кейбір басқару жүйесінің уақытша сақталуына
әкелді. Парламент сақталды, саяси партиялар ашық жұмыс
істеді. Муссолини үкіметі құрамында либералдар да сақталды.
Бірақ та фашистік диктатура біртіндеп өзінің саяси құрылымын
өз қолдарына ала бастады. 1923 жылы жаңадан сайлау орнына,
мажоритарлық жүйесін енгізді. Сайлауда 25 % ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайын талдау
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ССРО және дүниежүзілік қоғамдастық
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бенилюкс елдерінің жағдайы
Пәндер