Банктік менеджмент


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Тарау. БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің 6
экономикалық маңызы және ролі
1. 2. Коммерциялық банк әрекетін қаржылық
талдаудың объективті қажеттілігі 24
2. Тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚАРЖЫСЫН БАНКТІК
БАЛАНС НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ
2. 1. Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің
реті және ұйымдастыру жүйесі 28
2. 2. Банк балансы материалдарын банк активтерін 33
және пассивтерін талдауға қолдану
2. 3. Банк балансы негізінде банк өтімділігін талдау 54
2. 4. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына
кепілдік беру қорын құруды ұйымдастыру 66
3. Тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ҚАРЖЫ
МЕНЕДЖМЕНТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ЖӘНЕ МӘСЕЛЕСІ
3. 1. Коммерциялық банктің қаржы тұрақтылығын 72
басқаруды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
КІРІСПЕ
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы - тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктың басты қызметі - елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.
Сонымен бірге банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, мемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шарушылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады. Сондықтан, банктегі қаржылық менджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз етеін маңыздылығында болып табылады.
Банктің қаржылық менеджменті банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталады және банктік жұмыстағы ең бастысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталатын ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85℅) - қоғамдыкі, яғни банктен тыс субъектілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаржысын сеніп тапсырған коммерциялық банктердің қаржылық белсенді болуын сәйкес заңдар мен нормативті актілер арқылы қамтамасыз ететін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша мәселенің маңыздылығының деңгейі дипломдық жұмысымның тақырыбына бірден-бір арқау болды.
Сонымен қатар, соңғы 7 жылда елдегі коммерциялық банктердің саны 237-ден (1995 ж. шырқау шегі) қазір 40-қа тарта қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни ішкі қаржылық басқару мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.
Осы орайда, дәл осы процестерді ашу, қаржыны басқаруды түсіну, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу дипломдық жұмысымның тақырыбына қызығушылық танытты және мақсатына айналды.
Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің барысында жүргізіледі. Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктың жалпы экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сол себепті, банктегі қаржылық менджменттің негізгі бағыты келесі мәселелерге жұмылдырылуы керек:
1. Тарау. БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы және ролі
публикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес Қазақстанда банктер - қаржы нарығында әр тарапты операциялар орындайтын айрықша хұқыққа ие әмбебап несие мекемелері. Олар әр түрлі түрде және әр түрлі мерзімге несие берумен, бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сату және сатып алу, сақтаумен айналысады1.
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер - өз клиенттеріне әр түрлі қызметтер көрсететін ерекше кәсіпорын. Қазіргі кезде банктің клиенттерге ақы негізінде көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін операциялардың дәстүрлі және нарық талабына сай дәстүрлі емес формалары көбеюде. Осыған байланысты банк қызметінің коммерциялық сипаты арта түспек. Сондықтан коммерциялық деген термин екінші деңгейдегі банктердің қандай да болмасын меншіктің формасына жататындығынан емес, олардың ақы негізінде (%-к ставкамен - немесе комиссиондық төлеммен) клиенттерге көрсететін қызметтерінің сан алуандығымен байланысты. Коммерциялық банктер - коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын.
Коммерциялық банк2 - бұл қоғамдағы экономикалық және саяси өзгерістерге әсер ететін әлеуметтік-экономикалық сала. Экономикалық және қаржылық қызметтерден басқа банктік жүйе әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асырады, яғни әлеуметтік бюджеттік бағдарламаларды салықтық төлемдер арқылы қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қалыптастыру, салымшылар үшін қосылған құнды қалыптастыру.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығының негізгі проблемасы болып Қазақстан экономикасының тұрақтылығы табылады.
Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін факторлар :
а) әлеуметтік-саяси жағдай , яғни үкімет тұрақтылығы, оппозиция әсері, әкімшілік-территориялық мамандықтың орнықтылығы;
ә) жалпы экономикалық жағдай - экономиканың нақты секторының потенциалы, өндірістік күштердің жаңартылуы, тауар өндірушілердің бәсекелестік қабілеттілігі, инвестициялар (капиталдың келу/кетуі) ;
б) қаржы нарығындағы жағдай , яғни банктік салымдардың пайыздық мөлшерлемесі, ақша нарығының табыстылығы, бағалы қағаздар нарығының табыстылығы, ұлттық валютаны алмастыру курсы, сұраныс көлемі (валюталарға ұсыныс, валюта биржасындағы операциялар, ақша эмиссиясы, инфляция қарқыны, Қазақстан Ұлттық банкінің саясаты, алтын валюта қорының көлемі, банк өнімінің бәсекелестігі) ;
в) несиелік ұйымның ішкі тұрақтылығы - банктің стратегиясы мен миссиясы, кадрлардың кәсіби мамандануы, банктік менеджменттің сапасы, капитал жеткіліктілігі.
Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлары 1. 1-ші суретте келтірілген.
Елдің төлем балансы қалдығы (экспорт/
импорт)
Капи-тал
жеткілік-тілігі
Кадр
лар-дың
ма-ман-дан-уы
Банк
миссиясы
және
стратегиясы
Банктік өнімдер
мен
қызмет-тердің
бәсе-келес-тігі
Валюта
бир-жасындағы
опера-ция
Ақша
масса-сы-ның
ұсы-ны-сы
ҰБ
саясаты,
ақша эмис-сиясы,
инфляциялық күтілім-дер,
валюта
ақша
нарығының
валюта
нарығының
бағалы
қағаздар
нарығының
Валю-таның
сұра-нымы/ ұсы-нымы
Сур. 1. 1. Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін факторлар.
«Коммерциялық банктің тұрақтылығы» сипаттамасын жалпы қарау үшін оның жалпы экономикалық мазмұнының құрылымын қарау керек:
1. Коммерциялық банктің капитал тұрақтылығы. Бұл банктың меншікті капиталының мөлшерімен анықталады. Банктің меншікті капиталының мөлшері банктік салымдар туралы талаптарды қанағаттандыру үшін ақша қорларының көлемін, күтілмеген шығындар мен қарыздарды жабу және банкті дамыту үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
2. Коммерциялық банктің коммерциялық тұрақтылығы, яғни мемлекетпен қарым-қатынас байланысының дәрежесі, банкаралық қарым-қатынасқа қатысу, елдегі қаржы ағымын бақылау, банктың ақша капиталының нақты капитал нарығымен тығыз байланысы.
3. Коммерциялық банктың функционалдық тұрақтылығы:
а) коммерциялық банк қызметінің шектелген щеңберде мамандандырылуы;
ә) банк қызметінің нығаюы немес әмбебаптануы.
4. Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығы. Банктің ұйымдық құрылымы және оны басқару банктің мақсаты ретінде сәйкес болуы керек. Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығының басты параметрі болып функционалды-технологиялық құжаттар негізінде банктік іс-әрекеттің ұйымдық-технологиялық жіктелуі табылады.
5. Коммерциялық банктің қаржылық тұрықтылығы. Бұған банк іс-әрекеті жағдайының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жатқызуға болады: жеке құрылымдардың көлемі және құрылымы, өнімділік, банктің қосылған құн құруы.
Банктік менеджмент - жалпы стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен, реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді басқарумен байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда банктік менеджмент - бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-қатынасты басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және қызметшілерді басқару жиынтығы.
Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді басқаруға бөлу коммерциялық банктегі объект құрылымына байланысты. Сондықтан оны банктің іс-әрекеті ретінде қарауға болады (1. 1-ші кестені қара) .
Кесте 1. 1.
Банктік менеджменттің қызметі
1. Активтерді және пассивтерді басқару.
2. Өтімділікті басқару.
3. Меншікті капиталды басқару.
4. Қарыз капиталын басқару.
5. Банктік тәуелділікті басқару.
6. Несие қоржынын басқару.
7. Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру.
1. Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және еңбек ақы.
2. Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру.
3. Қызметшілерді дайындауды ұйымдастыру.
Банк - жеке және қарыз капиталдарын басқаратын ұйым. Бірақ “капиталды” әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады. Капиталға берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Сондықтан адам капиталын басқару - бұл несиелік ұйымды басқару процесінде адамға деген қатынас. Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық т. б. болуы мүмкін. Банктік менджменттің үлгісі келесі кестеде көрсетілген (1. 2-ші кестені қара) .
Кесте 1. 1. 2.
Банктік менеджменттің міндеті
Банктік саясат
Банктік маркетинг
Банктік өнімдерді құру
Клиенттерге қызмет көрсету, қызметтерді сату, банктің клиенттік базасының құрылуы.
1. Негізгі міндеттердің қойылымы.
2. Кешенді бағдарлама мен жобаны өңдеу.
3. Банк іс-әрекетін басқару әдістемесін өңдеу.
4. Банкті дамыту саясатын таңдаумен байланысты банктің ұйымдық құрылымын өңдеу.
5. Банктің қызметшілерін басқару стратегиясы
қызметші жұмысын ұйымдастыру;
қызметшіні ынталандыру.
1. Нақты нарықты таңдау.
2. Банктік қызметті дамыту үшін ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды орнату.
1. Клиенттерге қызмет көрсету үшін жаңа банктік технологияларды енгізу.
2. Банк клиенттерінің қажеттілігін қанағаттан-дыру үшін банк іс-әрекеті процесінде ақша қорларының нысанын өңдеу.
1. Банктік қызметтің жаңа нарығын жаулап алу. Бәсекелестікті нығайту, банктің ресурстық базасын кеңейту, қосымша пайда әкелетін ақша ағымдарын құру.
2. Пайда табу
1. 1. 2-ші кестенің жалғасы
Экономика және қаржы
Ақпараттық қамта-масыз ету
Әкімшілдік
1. Капитал өсімі.
2. Өтімділікті және пайданы басқару.
3. Банк дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
4. Банк шығындарын басқару.
1. Қаржы операциясын жоспарлау жүйесі.
1. Банктің даму стратегиясын таңдаумен байланысты қызметшінің мамандығы.
Банктік менеджменттің жүйесі:
1. Банк іс-әрекетін бағдарламалау - банк іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасының құрылуы.
2. Банк іс-әрекетін жоспарлау - несие ұйымының бағдарламалық мақсатына сай сандық параметрлерді өңдеу.
3. Ақпараттық қамтамасыз ету - банк клиенттерімен жасалған шарттарды тіркейтін алғашқы құжаттар.
4. Экономика және қаржы - банк бағдарламасының орындалу дәрежесін бағалау.
5. Технология - функционалды-технологиялық құжаттарды өңдеу.
6. Маркетинг - сыртқы ортаның қажеттілігін анықтау.
7. Әкімшілік - бақылау қызметі.
8. Кеңес беру және сарап (экспертиза) - сыртқы ортаның басқару әсерімен байланысты кеңес беру, сараптама жүргізу.
9. Қамтамасыз ету - материалды-техникалық және кадрлық қамта-масыз ету.
10. «Паблик рилейшнс» - ақпараттық-зерттеуді қамтамасыз ету, жарнама.
Банк өзінің экономикалық табиғаты бойынша қаржы делдалы болып табылады, ал клиент керсінше, өндірістік тауар және қызметтің иесі. Бірақ экономиканың нақты секторына айналым қорларының қаржыландырылуы және инвестиция керек, ал банктерге актив көлемінің өсімі керек. Коммерциялық банк нарықтық экономикада өз міндетін жүзеге асыруы үшін, осы екі мақсат бір-бірімен байланысты болуы керек.
Банктік менеджмент - коммерциялық банктің өз функцияларын атқару процесін тікелей басқарумен байланысты тәжірибелік қызмет. Бұл аспектіде банктік менеджмент басқару объектісіне басқарушылық ықпалдарды өңдеу жүйесі ретінде көрінеді: активтік және пассивтік операциялар, есеп-кассалық операциялар, нормативтік қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, банктік аудит және бақылау және т. б.
Қаржылық қорды жасауды және оны тиімді пайдаланудың жан-жақты әдістері мен кешенді технологиялары, тұтынушыларға реинжинирингті бизнес - әдістемелерін қолдану, коммерциялық банктің жұмысын және оның қаржысын бақылап отыратын жүйелік басқару "қаржылық менеджмент" деп аталады.
Қаржылық менеджменті
1. Активтер мен пассивтерді басқару.
2. Өтімділікті басқару.
3. Жеке капиталды басқару.
4. Қарыз капиталды басқару.
5. Банктік тәуелділікті басқару.
6. Несие портфелін басқару.
Банкілік ішкі бақылауды ұйымдастыру.
Қызметкерлерді басқару.
1. Ұйымдастыру жүйесі мен еңбек ақысын администрациялау.
2. Қызметкерлерді іріктеу мен орналастырудың ұйымдастырылуы.
3. Қызметкерлерді дайындау жүйесінің ұйымдастырылуы. Банктердің алға қойған мақсаттары да маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта кеңінше қолданылып жүрген "қаржы менеджменті" деген бірлес көп ұғымды қамтиды. Мамандар қаржы менеджменті дегенімізді ақша ресурсын пайдалану және қалыптастыру, қатынастарын басқару деп санайды. Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент мәселесі ТМД ғалымдарының еңбектерінде аз мөлшерде болса да шешімін тапты.
Коммерциялық банктердің қаржы делдалы сияқты ақша ағымын басқаруы әрекеттерінің себебі ақша функциясының өзінше тән барлық жиынтығын қамтуында. Бұл мәселені жандандыру мемлекеттік басқару органдарының нормативтерін сақтау ережесімен дәл келеді. Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент және реттеу органдарының талаптарын сақтау позициялары туралы мәселелерге еңбектер арналған.
Коммерциялық банктердің жұмыс істеу процестері микроэкономикалық - факторлар мен клиенттердің тұрақтылығына байланысты.
Қазіргі уақытта мұндай байланыс өте тұрақты, 1-ші топтағы өнім шығару бұл материалдық құндьшықтар болып табылады. Коммерциялық банк нарықтық экономика үшін алғашқы, ал ұлттық банк банк жүйесіндегі қайта құру ұйымдарымен сәйкес келеді.
Шетел банктерінің тәжірибелері қызықты. Бірақ шетелдік қаржы жүйесінің Қазақстанның несие - банк жүйесінен елеулі айырмашылықтары бар. Мысалы: АҚШ-ң Федеральды Резерв жүйесінің тәжірибесі Қазақстан жерінде таралуы керек. Ал Қазақстан банктік жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк талаптарына негізделген.
Қаржылық менеджменттің өзіндік ерекшелігіне несие банктік жүйенің экономикалық процестердегі біркелкі технологияларды қамтымауында деп білуге болады. Коммерциялық банктегі қаржыңың, менеджменттің басты ерекшелігі де - нарықтық экономикасының алғашқы тобындағы барлық ақша функциясын жүйелі түрде басқару, яғни ерекше экономикалық субъект болуында. Қаржылық менеджменттің негізгі банктегі қаржылық операцияларды зерттеу және банк клиентінің ақшасын басқару процестері болып табылады.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент - бұл ақша ресурсын пайдалану мен құрылымдық процестерді басқару. Ол ұйымдастырушы - технологиялық менеджмент банк бөлімшелерін басқарумен және банк қызметін әртүрлі процестердегі олардың өзара қатынастары. Сонымен бірге банк қызметтеріне басқарумен бірге тығыз байланыста. Қаржылық несиелермен қатар, коммерциялық банктің ұйымдастырушы - технологиялық сипатында маңызды мәселелер болып, коммерциялық банктің менеджментін сәйкес - аналитикалық қамтамасыз ету. Коммерциялық банктің пайдалы қызметін субъектік түрде қарастыру және технологиялық процестердің өндірістілігі мен ұйымдастырушылық құрылымдары болады.
Банктер әрқашанда нарықтың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек, банктік емес қаржылық ұйымдармен бәсекелесуге даяр болуы керек. Банктік менеджменттің негізгі міндеті болып қатынастар жүйесін құру табылады. Осыған байланысты банктік менеджмент қатынастар жүйесі ретінде қаржы-экономикалық, құрылымды-функционалдық және функционалды-технологиялық параметрлер байланысын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, банктік менеджмент бір-бірімен байланысты және бір-біріне қатысты парметрлер жүйесін білдіреді:
қаржы-экономикалық көрсеткіш (ҚЭ) ;
ұйымдық құрылым (ҰҚ) ;
функционалды-технологиялық басқару (ФТ) .
Бұлардың байланысын көрсетсек:
ҚЭ
ҰҚ
ФТ
Банктік менеджмент қаржы-экономикалық, ұйымдық және технологиялық параметрлердің өзара байланысын басқарушы ретінде келесі 1. 2-ші суреттегі схема арқылы беріледі.
Сур. 1. 2. Банктік менеджменттің функционалды-технологиялық жіктелуі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коммерциялық банктердегі қаржы менеджментіндегі ерекшелік - ол банк-несие жүйесі шеңберінде несиелік ұйымдағы экономикалық процестерді басқару технологиясының біркелкі болмауы. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің негізгі ерекшелігі - бұл ақшаның барлық қызметін жүйелі басқаратын экономикалық субъект.
Коммерциялық банктегі қаржы менджментінің іс-қимыл объектісі - банктің қаржы операциясын басқару процесі.
Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің мақсаты - банктің қаржы операциясын жоспарлауды қамтамасыз ететін функціионалды-технология жүйесінің қызметінің тәртібін талап етуді анықтау3.
Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер тететін параметрлер келесі 1. 3-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 1. 3.
Қызметтер тәртібінің парметрлері
Банк пайдасын максимизациялау
Банк өтімділігінің максимизациясы
Пайда мен өтімділіктің тепе-теңдігі
Төменгі мөлшердегі өтімділік нормативі
Пайда мөлшері
Нарықтық табысты қамтамасыз ететін пайда мөлшері
Коммерциялық банктегі қаржы менеджменті екі жүйеден тұрады:
басқарылатын жүйе немесе басқару объектісі;
басқарушы жүйе немесе басқару субъектісі.
Коммерциялық банктің қаржы менеджментінде басқару объектісінің негізі болып, ақша қорлары табылады.
Коммерциялық банктің қаржы менеджментінде басқару субъектісінің негізі болып, банк менеджменті табылады (банк қызметкерлері, басқару аппараты) .
1. 3-ші суретте коммерциялық банктегі қаржы мнеджментінің тұрақтылық негізінде басқару схемасы айқын бейнеленген.
1. 3-ші суретке түсініктеме.
Басқару объектісі - банк клиентурасының ақша қаражаты. Бұл процестің хұқықтық жағы, яғни басқару субъектісі коммерциялық банк арқылы жүргізіледі. Экономикалық жағы банктың қаржы операциясы негізінде жүргізіледі.
Сур. 1. 3. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің қағидасы.
1. 3-ші суретте тұрақтылықтың бес блогы көрсетілген, олар өз кезегінде 12 блоктан тұрады. Төменде коммерциялық банктің тұрақтылығының блоктары мазмұндарымен келтірілген:
Қаржы менеджментінің мақсаттарын іске асыру үшін коммерциялық банктің негізгі қызметтерін анықтау керек (1. 4-ші суретті қара) .
1. Стратегиялық жоспарлау - болашақтағы қаржылық міндеттерді анықтау және іс-шаралар бағдарламасын өңдеу.
2. Үлгілеу (моделирование) - ақпараттарды дайындауда, сонымен қатар басқару объектісінің ағымдағы жағдайын бағалауда құрал-жабдықтарды және технологияларды қолдану әдісінің жиынтығы. Үлгі (модель) - материалды объект немесе таңбалы жүйе.
3. Оперативті жоспарлау ағымдағы қаржылық міндеттерді тиімді анықтау тәсілі болып табылады.
Басқару субъектісі
Сур. 1. 4. Басқару субъектісінің функционалдық жүйеге әсер ету схемасы.
4. Мониторинг - қоршаған орта және басқару объектісінің жағдайы туралы ақпараттар жиынтығы.
5. Диагностика - объект жағдайын мінездейтін парметрлердің ағымдағы мәндерінің сәйкестігін бағалау.
6. Басқару мақсаты - басқару объектісінің сенімділігін қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктердегі бизнес стратегияны жоспарлау кезеңдері:
1. Банктың микро және макро орталарын оқыту - банктің бизнес -стратегияның бәсекелес ортасын анықтайтын экономикалық, қаржылық, құқықтық, банк қызметінің ұйымдастырушылық және ресурстық жағдайлары.
2. Әр жағдайдағы анализ.
3. Мақсаттар мен міндеттердің қайта құрылымы.
4. Банктің басты мақсаттары мен тапсырмаларын жоспарлау.
5. Банк бағдарламасын құрастыру.
6. Несие беру ұйымдарының күнделікті есебіндегі ортақ стратегиясындағы банктің барлық деңгейіндегі басқарудың параллельді стратегиялық құрастырылуы.
7. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың жолдарын бөлініп алған және потенциалды ресурстар есебімен бірге анықтау.
8. Қаржылық мақсаттардың қайтадан құрылуы.
9. Басқарудың барлық деңгейіндегі банктің басқару жүйесінің (эндогенді және экзогенді) ақпаратты - басқару ағымдарын жоспарлау.
10. Банк құрылымының бейімделу жобасын жасау.
11. Банктің кадр саясатын жоспарлау.
12. Іс-қағаздарының функционалды - технологиялық құрастырылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz