Тұтыну және өндiрiс



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДIРIС ЭКОНОМИКАДАҒЫ СУБЪЕКТИВТI ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТI КӨЗҚАРАСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1 Тұтыну теориясы туралы жалпы түсiнiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Өндiрiс теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

II ТҰТЫНУ МЕН ӨНДIРIС ТЕОРИЯСЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2.1 Тұтынуға және өндiрiске әсер етушi факторлар ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Рынок құрылымының түрлерiне қарай тұтыну мен өндiрiстiң iс.әрекетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Қазақстан Республикасындағы тұтыну және өндіріс нарықтары ...22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кез келген тұтынушы ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анықтайқын тұтыну жоспарын жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен сұраныс теориясы осы параметрлердiң белгiленгенiн басшылыққа алып талдау жасайды.
Тауардың пайдалылығы бар ма немесе жоқ па, белгiлi бiр адам үшiн егер пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол игiлiк қандай деңгейде тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес баға деңгейiн белгiлейдi.
Тұтынушы рынокта белгiлi көптеген тауарлар мен қызметтердiң iшiнен таңдау жүргiзедi. Сұраныс деп тұтынушылардың белгiлi бiр өнiмдi таңдау және сатып алу қабiлетiн айтады. Экономика деген ғылым шектеулi ресурстарды таңдау және оларды пайдалану тәсiлдерiмен шұғылданады. Осы мәселенi шешкенде әрбiр рынок субъектiсi, яғни өндiрушi мен тұтынушы максималды пайдалылыққа жетуге тырысады. Ол кез келген рынок субъектiсi оңтайлы мiнез-құлығымен әрекет жасауы керек.
Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтынушылар мiнез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Пайдалылық пен бағының ара қатынасы келесiдей анықталады:
1) егер игiлiк құнды болмаса, оның бағасы жоқ;
2) неғұрлым игiлiктiң құны жоғары болса, соғырлым оның бағасы жоғары болады.
Алайда пайда деңгейiне тек қана пайдалылық емес, одан басқа өндiрiс шығындары әсер етедi. Өндiрiс шығыны анығында бағаның ең төменгi деңгейiн белгiлейдi. Сондықтан әйгiлi экономистер Маршалл мен Маркс осы екеуiнiң арасындағы байланысты айтып кеткен. Сонымен, игiлiктiң пайдалылығы бағаны анықтайды, ал баға тұтынушының мiнез-құлығын анықтайды. Былайша айтсақ пайдалылық сұранысты қалыптастырады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3

I ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДIРIС ЭКОНОМИКАДАҒЫ СУБЪЕКТИВТI ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТI
КӨЗҚАРАСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Тұтыну теориясы туралы жалпы түсiнiк
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Өндiрiс теориясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 7

II ТҰТЫНУ МЕН ӨНДIРIС ТЕОРИЯСЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...10

2.1 Тұтынуға және өндiрiске әсер етушi факторлар
... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Рынок құрылымының түрлерiне қарай тұтыну мен өндiрiстiң iс-әрекетi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Қазақстан Республикасындағы тұтыну және өндіріс нарықтары ...22

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

I ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДIРIС ЭКОНОМИКАДАҒЫ СУБЪЕКТИВТI ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТI
КӨЗҚАРАСТАР

1.1 Тұтыну теориясы туралы жалпы түсiнiк

Кез келген тұтынушы ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң
табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анықтайқын тұтыну жоспарын жасады делiк.
Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде
қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен сұраныс теориясы осы
параметрлердiң белгiленгенiн басшылыққа алып талдау жасайды.
Тауардың пайдалылығы бар ма немесе жоқ па, белгiлi бiр адам үшiн егер
пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол
игiлiк қандай деңгейде тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр тұтынушы
өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес баға деңгейiн белгiлейдi.
Тұтынушы рынокта белгiлi көптеген тауарлар мен қызметтердiң iшiнен
таңдау жүргiзедi. Сұраныс деп тұтынушылардың белгiлi бiр өнiмдi таңдау және
сатып алу қабiлетiн айтады. Экономика деген ғылым шектеулi ресурстарды
таңдау және оларды пайдалану тәсiлдерiмен шұғылданады. Осы мәселенi
шешкенде әрбiр рынок субъектiсi, яғни өндiрушi мен тұтынушы максималды
пайдалылыққа жетуге тырысады. Ол кез келген рынок субъектiсi оңтайлы мiнез-
құлығымен әрекет жасауы керек.
Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер
етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар
көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтынушылар
мiнез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Пайдалылық пен бағының ара қатынасы келесiдей анықталады:
1) егер игiлiк құнды болмаса, оның бағасы жоқ;
2) неғұрлым игiлiктiң құны жоғары болса, соғырлым оның бағасы жоғары
болады.
Алайда пайда деңгейiне тек қана пайдалылық емес, одан басқа өндiрiс
шығындары әсер етедi. Өндiрiс шығыны анығында бағаның ең төменгi деңгейiн
белгiлейдi. Сондықтан әйгiлi экономистер Маршалл мен Маркс осы екеуiнiң
арасындағы байланысты айтып кеткен. Сонымен, игiлiктiң пайдалылығы бағаны
анықтайды, ал баға тұтынушының мiнез-құлығын анықтайды. Былайша айтсақ
пайдалылық сұранысты қалыптастырады.
Тұтыну теориясында пайдалылыққа қай тұтынушылар өздерiнiң қажетiн
максималды қанағаттандару үшiн игiлiктердi таңдайды. Өйткенi тұтынушы неше
түрлi қажеттiлiктер қанағаттандыруы мүмкiн. Осы таңдау екi тәсiлмен
атқарылады:
1) Әрбiр игiлiктiң пайдалылық деңгейiн сан арқылы бағалау негiзiнде
бiрiмен-бiрiн салыстырып, олардың құндылығын бағалау. Бұны
экономикада “кординалистiк” теория деп те атайды;
2) Екiншi “ординалистiк” теория пайдалылық сандық мөлшерде анықталмайды
деп, ұнатымдығы игiлiктер жиынтығы бiр-бiрiмен салыстырылуы керек
дедi 2, 26 бет .
Тұтынушылар бiрiгiп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың
бағасы мен көлемiнiң арасындағы тiкелей байланысты көрсетедi. Сонымен,
сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен
жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның
көлемi арасындағы тәуелдiлiк. Яғни, ол келесi түрде берiледi:
Q = QD (P) (1)
Мұндағы, Q - өнiм көлемi;
Р – тауар бағасы;
QD (P) – сұраныс функциясы 1, 22 бет .
Сұраныс көлемi – сұранысқа әсер ететiн басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғандағы, әр түрлi бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетедi. Бұл
жерде сұраныс заңы тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс көлемi
соғұрлым төмен болады, яғни Q = QD (P) тәуелдiлiгi керi. Ол “D” сұраныс
қисығы болып табылады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз:

Баға

Р1

Р2 Сұраныс “D”

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-1 – Сұраныс қисығы

Тұтынушылардың талғамы келесiдей анықталған гиотезалардан тұрады.
Мысалы:
1) Күнделiктi өмiрде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде
алғысы келедi. Бiрақ, тауарларды сатып алу кезiнде тұтынушыға ең басты
кедергi болатын көрсеткiш – баға. Жоғары деңгейдегi баға сатып алушыға
үлкен кедергi болады да, ол өнiмдi көп алғысы келмейдi, ал төмен
деңгейдегi баға оның сатып алу қабiлетiн күшейтедi.
2) Әр уақытта да тұтынушы өнiмнiң алғашқы бiрлiгiнен көп қанағат алады.
Мысалы, сiздiң бiрiншi iшкен стакан суыңыз сiзге өте әсер етедi, ал
екiншiсi ондай дәмдi болмайды, үшiншiсi екiншiден де аз қанағат
әкеледi. Бұл жағдайда тауардың шектi пайдалылығының азаю принципi
тұтынуға әсер етедi. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбiр келесi бiрлiгiн
тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады;
3) Тұтынушылардың iс-әрекетiн табыс әсерi және ауыстыру әсерi арқылы
түсiндiруге болады.
4) Бюджет шектеулігі мен талғамсыздық қисық екеуі жанасқан нүкте –
оптималды таңдау. Қосымшадан тепе-тең жағдайының графигін көре аламыз.
2. Өндiрiс теориясы
Тұтынушылардың шексiз сұранысын қанағаттандыратын бұл өндiрiс болып
табылады. Өндiрiс теориясы бұл қызметтер мен өнiмдер өндiру барысы болып
табылады. Өндiрiс теориясының тұтыну теориясынан басты ерекшелiгi тұтыну
теориясы экономиканың күрделi субъективтi жағы болса, ал өндiрiс теориясы
бұл нақты қолда бар игiлiктермен белгiлi шығындар жұмсап тауарлар өндiретiн
экономиканың объективтi жағы болып табылады.
Сондай-ақ өндiрiсте фирмалар белгiлi бiр тауарлар өндiрiп, оны
нарықта тұтынушыларға сатады. Өндiрiстi жалпы келенде нарықтағы ұсыныс деп
те айтсақ болады. Өйткенi ол ұсыныс заңына сәйкес егер тауар бағасы өссе
өндiрiстi ұлғайтады, ал тұтыну теориясы сұраныс заңына сәйкес баға өссе
тұтыну көлемiн кемiтедi немесе екi жағдайда да керiсiнше болуы мүмкiн.
1, 281 бет .
Өндiрiс теорисында келесi сұрақтар туындайды:
“Қажеттiлiк” бойынша – не өндiремiз?
“Ресурстар мен технология” бойынша – қалай өндiремiз?
“Өнiмдер” бойынша – кiм үшiн өндiремiз? 3, 7 бет .
Осы сұрақтарға жауап беру үшiн өндiрiс теориясында өндiрiсте
қолданылатын өндiрiс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы
өндiрiлетiн тауарлардың мөлшерi арасындағы байланысты зерттейдi.
Өндiрiлетiн тауарлардың саны өндiрiстегi технологиялық әдiстердiң
ерекшелiктерiне байланысты 3, 168 б. .
Өндiрiстегi технологиялық әдiс деп өндiрiстiк факторлардың, яғни
шикiзаттар мен ресурстарды, белгiлi бiр өңдеу процестерi арқылы дайын
өнiмге айналдыруды айтамыз. Өндiрiстiк процесте қолданылатын факторларды
негiзгi төрт түрге бөледi:
1) шикiзаттар мен материалдар;
2) басқа өнеркәсiптiң өндiрген өнiмдерi;
3) еңбек күшi;
4) капитал.
Өндiрiстегi игiлiк дегенде тек қана материалдық игiлiктiң өндiрiсi
емес, оны бөлу, айырбастау және тұтыну үрдiсiн бiрге қарастыруымыз керек.
Өндiрiс теориясы ең алдымен өндiрiсте қолданылатын факторлардың және
өндiрiстiк өнiмнiң ара қатынасын анықтайды. Сұраныс теориясына қарағанда
ұсыныс (өндiрiс) теориясы белгiлi бiрлiктердiң объективтi табиғатын және
олардың өзгерiсiн анықтайды.
Нақты өмiрде өндiрiстiк процестi зерттеу үшiн көптеген өндiрiс
факторларын пайдаланады.
Өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде, әдетте, өндiрiстiк процесс тиiмдi
болуын қалайды, сондықтан өндiрiс функциясы, өндiрiстiк шығындар құрылымы
тұрақты деп ұйғарғандағы шығаратын өнiм көлемiнiң ең жоғары деңгейiн
көрсетедi деп айтады.
Өндiрiс функциясы белгiлi технология үшiн жасалады. Бұларды түсiндiру
үшiн, өндiрiс шығындары тек қана L – еңбек және K – капиталдан тұрады деп
қарастырайық. Осы жағдайда өндiрiстiк функцияны келесi жағдайда қарастыруға
болады 5, 98 бет .
Q = F ( K, L ) (1)
Мұнда, Q - өндiрiлетiн өнiмнiң ең жоғары көлемi;
F – функциялық тәуелдiлiгi қолданылатын технология.
Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн
өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк
функцияны кесте түрiнде беруге болады ( Кесте-1 ) 5, 98 бет .
Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15)
болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады.
Кесте 1 Еңбек және капитал шығынының өндiрiстiк функция кестесi

Капитал Еңбек шығыны, L
шығыны, K
10 20 30 40 50
5 8 16 22 26 30
10 16 24 30 34 36
15 22 30 36 40 42
20 26 34 40 44 46
25 30 36 42 46 48

Изокванта деп шығарылатын өнiм көлемiнiң бiр деңгейiн қамтамасыз
ететiн, өндiрiс факторларының әр түрлi үйлесiмдiлiктерi орналасқан қисығын
айтамыз. Q =22, 30, 36, 40 өндiрiс көлемiнiң изоквантасын 2-шi суреттен
көруге болады 5, 99 бет .
K

25
20
15 Q=40
10 Q=36
5 Q=22 Q=30
0 10 20 30 40 50
L

Сурет-2 – Изокванталар

Изокванта мен изокостаның жанасу нүктесі - өндірушінің тепе-теңдік
жағдайы. Қосымшада тепе-тең жағдайдың графигі берілген.

ТҰТЫНУ МЕН ӨНДIРIС ТЕОРИЯСЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

2.1 Тұтынуға және өндiрiске әсер етушi факторлар

Тұтынушылардың сұранысына әсер ететiн негiзiнен бағалы және бағалы
емес факторлар бар. Бағалы факторға тауарлардың бағасының өзгеруi жатады,
яғни егер сұранысқа бағалы фактор әсер етсе, онда ол қисық бойымен
қозғалады. Ал тұтынушының табысы өзгерсе немесе бiр тауардың
алмастырушысының бағалары өзгерсе, онда оларды бағалы емес факторлар деп
атайды.
Ендi бағалы емес факторлардың тұтынушы сұранысына әсерiн зерттеп
көрейiк. Бiрiншi, ауыстыру әсерiн мысал ретiнде көрсек. 3-шi суретте екi
тауарға деген сұраныс қисығы көрсетiлген. Мысалы, шайдың қорабының бағасы
150 теңге болып, белгiлi бiр уақыттан кейiн 200 теңгеге дейiн жоғарылады
делiк. Соның нәтижесiнде шайға деген сұраныс бiр айдың iшiнде 30 қораптан
20 қорапқа дейiн кемидi.

P P

250 250
200 B 200
150 A 150 A1 B1
100 100
50 D 50 D2
D1
10 20 30 40 50 Q 0 10 20 Q
(а) Шайдың мөлшерi, қорап (ә) Кофенiң
мөлшерi, қорап

Сурет-3 – Шайдың бағасының өсуi кофеге деген сұранысқа тигiзетiн ықпалы
(а) суреттен көрiп отырғанымыз, басқа факторлар тұрақты болғанда,
шайдың қорабының 150-ден 200 теңгеге өсуi шайға деген сұраныс көлемi А
нүктесiнен В нүктесiне дейiн кемидi. Кофенiң бағасы өзгемейдi деп алғанда
тұтынушылар шайдың орнын кофемен қанағаттандырады, оны (ә) суреттен көруге
болады 3, 35 бет .
3-шi (а) суреттегi сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономикада
сұраныс көлемiнiң өзгеруi деп , ал (ә) суреттегi сұраныс қисығының
түгелiмен жылжуын – сұраныстың өзгеруi деп атайды. Бұл мысалда тұтынушылар
шайдың бағасы қымбаттағанда олар кофенi көбiрек тұтынады, себебi бұл екi
тауар бiр-бiрiн ауыстыра алады. Мұны кейде ауыстыру әсерi деп те атайды
және оларды субститут тауарлар дейдi. Мысалы, сары май мен маргарин, сиыр
етi мен қой етi.
Ал ендi бiрiн-бiрi толықтыратын тауарларды қарастырайық. Мысалы,
автомобиль мен бензидi алайық. Бензиннiң 1 литрiнiң бағасы 60 теңге
болғанда тұтынушы 1 жетiде 40 литр алады дейiк, ал баға 80 теңгеге дейiн
көтерiлгенде, сұраныс көлемi 30 литрге дейiн кемидi. Әдеттегiдей 4-шi (а)
суретте өзгерiс сұраныс қисығының бойымен болады.

P P

100
80 B 400
60 A 300 В1 А1
40 200
20 D 100
D1
D2
20 30 40 80 100 Q 0 50 100 Q
(а) Бензин мөлшерi, литр (ә)
Автомобиль саны, дана

Сурет-4 –Бензин бағасының өсуi автомобильге деген сұранысқа әсерi
Суреттен көретiнiмiз басқа факторлар тұрақты деп есептегенде бензин
бағасының өсуi автомобильге деген сұранысты азайтады, яғни сұраныс қисығы
солға жылжиды. Сондықтан, бұл екi тауар бiрiн-бiрi толықтыратын немесе
комплементарлы тауарлар деп аталады. Мысалы мұндай тауарларға: теннис
ракеткасы мен добы, шай мен қант жатады.
Сонымен қатар, тауарға деген сұраныс көлемiне тұтынушылардың табысы
үлкен әсер етедi. Бұл көрсеткiшке байланысты тауарларды келесiдей екi түрге
бөледi: 1) кәдiмгi тауарлар; 2) сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде зерттелiп отырған
тауарға деген сұраныс көбейетiн болса, онда бұл тауарларды кәдiмгi тауарлар
деп атайды. Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын олардың ет өнiмдерiне
деген сұранысы өседi.
5-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, табыс өзгергенде ет өнiмдерiне
сұраныс D1–ден D2-ге дейiн оңға қарай жылжиды. Табысы аз кезiнде тұтынушы
20 кг. ет алатын болса, ал табысы жоғарылағанда В нүктесiне сәйкес 40 кг.
ет алады. Мысалда ет өнiмiнiң бағасы тұрақты 150 теңге төңiрегiнде қалады.

Р

250
200
150 A B
100
50 D2
D1
20 40 Q
Ет өнiмi мөлшерi, кг

Сурет-5 – Тұтынушы табысының өсуi ет өнiмдерiне деген сұранысқа әсерi
Ендi өндiрiске әсер етеiн факторларға келетiн болсақ, өндiрiске әсер
ететiн бағалы факторлар ұсыныс қисығынының бойымен жылжиды. Сондай-ақ
өндiрiске әсер ететiн басты факторларға өндiрiс шығындары мен өндiрiс
функциясының орналасуы жатады.
Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi
шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында
тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ, яғни нан
өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1
жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер
5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемiн келесi кесте және
графиктен көруге болады 7, 281 бет .

Кесте 2 Өндiрiс функциясы және жиынтық шығындар

Жұмысшылар Шығарылған Еңбектiң Құрал – Жұмыс күшiн Ресурстардың
саны бөлке саны шектi жабдықтарға жалдау жиынтық
өнiмдiлiгкеткен шығындары шығыны
i шығындар
0 0 0 30 0 30
1 50 50 30 10 40
2 90 40 30 20 50
3 120 30 30 30 60
4 140 20 30 40 70
5 150 10 30 50 80

Кестеден көрiп отырғанымыздай жұмысшы саны өсуiне байланысты нақты
шығарылған бөлкенiң саны өскенiмен еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаяды. Мысалы
кесте бойынша 1-шi жұмысшының шектi өнiмдiлiгi 50 болса, ал соңғы 5-шi
жұмысшыныкi 10 ғана бөлкенi құрайды. Мұнда құрал-жабдықтардың шығыны
тұрақты, өзгеретiн жұмыс күшiн жалдау шығындары өсiп отыр, сондықтан жалпы
жиынтық шығындарда өседi.
Бұл кестедегi мәлiметтердi келесi графикке салу арқылы қолданылған
ресурстың көлемi өсуiне байланысты өнiм көлемiнiң өсуiн көрсетiп тұр. Бiрақ
бұл функция шексiз өсе бермейдi, өйткенi еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаюына
байланысты бiр мезеттен кейiн кемуi мүмкiн. Бұл дегенiмiз егер фирма
өндiрiстi қайта ұйымдастырмаса банкротқа алып баратын жағдай. Себебi
жұмысшы көбейген сайын олар бiр-бiрiне кедергi жасайды, қосымша құрал-
жабдық қажет етедi. Графиктен өндiрiстiк функцияның қисығынан шектi
өнiмдiлiктiң кемуiн анық көруге болады.

Шығару көлемi

150 Өндiрiстiк
функция

100

50

0 1 2 3 4 5
Жұмысшы саны

Сурет-6 – Нан заводының өндiрiстiк функциясы.

Жалпы өндiрiстiк функция белгiлi өндiрiс факторларын қолдана отырып
максималды өнiм өндiрiсiн сипаттайды. Әдетте өндiрiс теориясында үлгi
бойынша екi факторлы өндiрiстiк функция қарастырылады. Яғни капитал (К)
және еңбек (L) 3, 169 бет .
Q = f (L K) (1)
Бұл функцияны алдындағы мысалдың функциясы деп айтсақ болады. Әрбiр
технологияға арналған осы тәрiздi өндiрiстiк функциялар әрқалай
белгiленедi. Егер технология өзгерсе өндiрiс көлемi де өзгередi, сондықтан
өндiрiстiк функциялар да қайтадан жасалады. Алайда осыншама өндiрiстiк
функциялардың түрлерi көп болғанымен олардың барлығына тән қасиеттерi бар.
Өндiрiс функциясының жалпы қасиеттерiн төмендегiдей топтастыруға болады:
3, 170 бет .
1) Фирмалар өндiрiс факторларын барынша көп тиiмдiлiкпен қолданылуы
мүмкiн, яғни қолданылып фактордың санының көбеюi шығару көлемiнiң
төмендеуiне әкелiп соқтырмайды. Оны математика бойынша былай көрсетуге
болады:
dy dL ≥ 0; dy dK ≥ 0.
2) Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бiр фактордың санын көбейту
арқылы өнiм шығару көлемiн ұлғайтқан уақыт оның жоғарылау шегi болады,
яғни айнымалы фактордың өнiмдiлiгiнiң төмендеу заңы орын алады.
d2 y d L2 ≤ 0; d2 y d K2 ≤ 0.
Бұл екi қасиет өндiрiстiк функцияның бiр факторлық графигiн салуға
мүмкiндiк бередi. Зерттелiп отырған тәуелдiлiк төмендегiдей болған уақытта,
Y=f(x), оның жазықтықтағы графигi 6-шы суретте көрсетiлгендей болуы мүмкiн
6, 208 бет .
3) Өндiрiс факторлары бiрiн-бiрi өзара алмастырады және толықтырады.
Өндiрiстiк процестi зерттеген кезде уақыт мерзiмi 2 түрге бөлiнедi:
қысқа және ұзақ мерзiмдi кезең.
Өндiрiсте фирма өз өндiрiсiнiң көлемiн максималдау және өндiрiс
факторларын тиiмдi пайдалану үшiн оларға уақыт мерзiмiнiң орны ерекше.
Қысқа мерзiмде өндiрушi фирма тек қана айнымалы шығындарды өзгерте алады.
Мысалы, еңбек күшiн өзгертуге болады. Ал ұзақ мерзiмде өндiрушi фирма
өндiрiстiк факторларының барлығын өзгерте алады және өндiрiстiк факторларды
тиiмдi пайдалану шартын да орындайды. 3, 171 бет .

2.2 Рынок құрылымының түрлерiне қарай тұтыну мен өндiрiстiң iс-әрекетi

Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, тұтынушылардың әрекетiне,
әрбiр фирманың көлемiне, рынокта өндiрiлетiн тауардың сипатына, ол рынокқа
ену жеңiлдiгiне, ақпараттың қолда болуына тәуелдi. Рынок құрылымын
сыныптағанда оның негiзгi белгiсi болып сатушы мен аларманның ықпалдылық
деңгейiне, әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне байланысты 2, 268 бет
.
Рынок құрылымының негiзгi түрлерiне келесiлер жатады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн көптеген фирмалар және тұтынушылар бар
деп есептелiп, олар рынокта әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға
мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып
табылады, ал оның мақсаты - тауар өндiру мен қызмет көрсету және оларды
нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру. Жетiлген бәсеке кезiнде
тұтыну рыногында ұсынылған тауарлар көп және еркiн таңдау құқы
болғандықтан, олар өздерiнiң сұранысын максималды түрде қанағаттандыру үшiн
жағдайлары бар.
Жетiлген бәсеке кезiнде өндiрушi фирмалар бағаға өзгерту енгiзе
алмағандықтан, олар тек қана максималды пайда табу шартын өндiрiстiк
факторларды тиiмдi қолдану арқылы ғана жетедi. Оңтайлы фирма көлемi
қалыптасуы үшiн шегiне жеткен шығындар шегiне жеткен түсiмдерге тең болуы
тиiс. Оны келесi формуламен көрсетедi:
MR = MC (1)
Мұндағы: MR – шектi түсiм;
MC – шектi шығын.
Яғни, бәсекелес фирманың пайдасын максималдау шарты (1)
формуладағыдай болып, фирманың оңтайлы iс-әрекетiнің графигiн келесi 7-шi
суреттен көруге болады 3, 300 бет .

Баға және
табыс

MC2

P=MR1 =MR2 P=MR=AR

MC1

0 Q1 QMAX Q2 Көлем

Сурет-7 – Бәсекелес өндiрушi фирманың пайдасын максималдау шарты

Сонымен, бәсекелес фирманың пайдасын максималдау QMAX өнiм көлемiн
өндiргенде орындалады. Яғни, бұл көлемде шектi шығындар мен шектi табыс
қиылысып тұр. Осы қиылысу нүктесi бәсекелес фирманың максималды пайда табу
шарты болып табылады.
Рынок құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың
қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр рынок құрылымы
монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып
табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.
Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм
нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет
нарығында көрiнiс табады.
Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері
Тауарлық өндіріс
Тауарлы өндірістің ролі
Ұдайы өндіріс
Тауар өндіріснің түрлері мен үлгілері
Аралық тұтыну
Өндiрiс шоты
Тұтыну және өндіріс теориясы
Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі ерекшеліктері мен түрлері
Қоғамдық өндірістің негіздері
Пәндер