Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының біліім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

Диплом жұмысы

Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару

Орындаған 4 курс студенті Б. Г. Канжанова

Ғылыми жетекші,

э. ғ. к., доцент А. Н. Тургинбаева

Норма бақылаушы,

аға оқытушы А. Г. Жумагазиева

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді,

э. ғ. д., профессор К. Е. Кубаев

Алматы, 2009

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Жобаларды басқарудың теориялық - әдістемелік аспектілері

1. 1 Жоба мәні және жобаларды басқару қажеттілігі . . . 6

1. 2 Жоба сапасы және оны басқару қағидалары . . . 16

1. 3 Cапаны басқару қажеттілігі және сапа менеджменті жүйесі . . . 23

2 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамындағы сапаны басқарудың қазіргі деңгейін талдау

  1. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрылымы және оның қызметін экономикалық талдау . . . 31
  2. Жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсетуді басқару . . . 51
  3. Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын басқару жүйесі және мәселелелері . . . 59

3 жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және шаралары

  1. Теміржол көлігі саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері . . . 68
  2. Жолаушыларды тасымалы қызметінің сапасын жетілдіру жобасы . . . 77
  3. Жолаушыларды тасымалы қызметінің сапасын жетілдіру шаралары . . . 85

Қорытынды . . . 90

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 91

Кіріспе

Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында мемлекет эконмикасының ұзақмерзімді даму стратегиялық бағыттарының бірі көлік деп аталған [1] .

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Жолаушылар теміржол көлігі Қазақстандағы теміржол тасымалдарының 60%-дан астам көлемін жүзеге асыратын аймақтық және аймақаралық қатынастардағы маңызды көлік түрі болып табылады. Қазіргі таңда көлік қызметтері саласындағы тасымалдау процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда өзгерістер туындап, нәтижесінде тасымалдау процесінің ресурс үнемдегіш және ақпараттық технологияларын қолдану, мемлекет ішінде сауда қатынастарын дамыту және көлік түрлерінің арасындағы бәсекелестікті күшейту жүзеге асырылуда.

Көлікті басқару бұл тауарды басқарумен қатар қызмет көрсетуді басқаруды да қажет ететін күрделі процесс. Сондықтан теміржол жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру үшін сапаны басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырып, әртүрлі ғылыми бағыттардағы көзқарастарды қолдана білу керек, яғни сапаны басқаруда оны ұйымның барлық салаларымен ұштастыра отырып, кәсіпорын мақсатына жетудің тиімді жолдарын жетілдіру - алға қойылған талаптардың бірі. Сонымен қатар, қазіргі таңда жолаушылар тасымалы қызметіндегі сапаны жақсарту жолындағы мәселелер теміржол саласының дамуына кері әсерін тигізеді.

Қазақстанның теміржол көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі, қазіргі заманға сай перспективалы ұлттық теміржол көлік инфрақұрылымын құру, транзиттік әлеуетті дамыту және оны тиімді пайдалану, көлік процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу сияқты мақсаттарға жету үшін алдымен мемлекетішілік теміржол кешеніндегі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын басқарудағы мәселелерді шешу қажеттігі туындайды.

Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапа мәселесін талқылай отырып, оны басқару процесін және жетілдіру шараларын қарастыру зерттеу жұмысының өзекті бағыты болып саналады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу дәрежесі. Көлік экономикасының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне И. Б. Белов, В. Г. Галабурды, В. П. Носов және т. б. сияқты экономист ғалымдардың еңбектері арналған.

Қазақстанда экономика және көлік - байланыс кешенінің жалпы мәселелері Т. Б. Мамаева, Н. К. Исингарин, Е. Д. Атамкулов, К. К. Жангаскин, В. Парамзин, М. Өмірзақова, М. У. Жарилкаганов, Т. Б. Баяхметов, М. Бекмагамбетов, Б. К. Ахметованың еқбектерінде қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - көлік қызметіндегі негізгі сервис элементтерін зерттей отырып, қызмет сапасының деңгейін, оны басқару мәселелерін анықтау нәтижесінде қызмет сапасын жетілдіру. Дипломдық жұмыстың мақсатына cәйкес келесідей міндеттерді жүзеге асыру керек:

  • жоба сапасын ұтымды басқару мақсатында жобаларды және жобас сапасын басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілерін зерттеу;
  • кәсіпорынның құрылымын анықтап, компанияның қызмет жағдайына экономикалық талдау жүргізу арқылы компаниядағы қызмет көрсету сапасын басқару процесін сипаттау;
  • жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы ұсыну, жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін сипаттап, күтілетін нәтижелерді айқындау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ - ның жолаушылар тасымалы жөніндегі «Оңтүстік» аймақтық филиалы болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне сервистік қызметтерді басқару саласындағы шетел және Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері жатады. Сонымен қатар, республикалық және мемлекетаралық деңгейде қабылданған нормативтік актілер мен заңдар, соның ішінде, мемлекеттің әлеуметтік және тұрақты экономикалық дамуы процесінің ажырамас бөлігі болып саналатын теміржол көлігіндегі сервис тиімділігінің арттыру бағыттарын анықтайтын «Қазақстан 2030» даму стратегиясы, 2001 жылдың 11 маусымында қабылданған «Ұлттық көлік саясаты туралы» Үкіметтің қаулысы кіреді.

Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің деректерді және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқармасының есептік мәліметтерін және нормативтік - құқықтық актілерін, кәсіпорынның интернет желісіндегі ресми сайтындағы мәліметтер қарастыруға болады.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, 3 тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі мен зерттелу дәрежесі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеудің пәні мен ақпараттық негізі қарастырылады.

Бірінші тарауда жоба және жоба сапасын басқарудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу нәтижесінде жобаларды басқару жүйесінің мәні мен оның негізгі ерекшеліктері, кезеңдері мен түрлері, жоба сапасын басқару ерекшеліктері және оның функциялары анықталған.

Екінші тарау негізінде ««ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жалпы сипаттамасы және құрылымы, дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылатын еншілес компания «Оңтүстік» аймақтық филиалының қызмет түрлері мен қаржылық жағдайын талдау және компаниядағы қызмет көрсетуді басқару процесі қарастырылған. Берілген мәліметтер негізінде сапаны жақсарту мәселелері анықталған.

Үшінші тарауда теміржол саласындағы жобаларды басқару моделі қарастырылған және жолаушылар тасымалы қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы ұсынылған, оны қаржыландыру көздері анықталған, сонымен қатар осы жобаның нәтижелерін талдау жүзеге асырылды.

Дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімінде жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар жасалынған. Жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

1 Жобаларды басқарудың теориялық - әдістемелік аспектілері

1. 1 Жоба мәні және жобаларды басқару қажеттілігі

Кез келген ұйым және кәсіпорын белгілі бір мақсатқа бағытталған қызмет түрлерін жүзеге асырады. Бұл қызмет түрлері өнімнің сериялық өндірісі және қайталанып отыратын операциялардан немесе жеке жобалардан құралады.

«Жоба» түсінігі жаңа өнім немесе қызмет түрін шығаруға арналған өзара байланысты іс-шаралар жиынтығы. Жоба жаңашылдық және қайталанбастық сипатқа ие, сонымен қатар жобаның нақты басталу және аяқталу уақыты болады [2] .

АҚШ-тың жобаларды басқару Институтының (PM BoK, PMI) стандарттарында жобаны ерекше өнім өндіру немесе қызмет түрін ұсыну үшін қолданылатын уақытша іс-әрекет деп түсіндірген [3] .

И. И. Мазур, В. Д. Шапиро, Н. Г. Ольдерогге келесідей анықтама береді: жоба - бұл мақсатқа бағытталған, алдын ала әзірленген және жоспарлы түрде технологиялық процестердің, физикалық объектілердің құрылуы немесе жаңғыртылуы және осы процесті жүзеге асыру шаралары мен басқару шешімдері [4] .

Жоба басқару объектісі ретінде келесідей негізгі ерекше белгілермен сипатталады:

  • нақты соңғы мақсаттың болуы;
  • шектеулі ұзақтық белгілері;
  • шектеулі бюджеттің болуы;
  • қажетті ресурстардың шектеулілігі;
  • жобаны жүзеге асырушы ұйым және жоба өнімінің нарығы үшін жаңашылдық белгілері;
  • құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілу белгісі, яғни жобаны жүзеге асыру барысында уақытша арнайы ұйымдастырушылық құрылымның болуы;
  • көптеген өзара байланысты әрекеттердің орындалуын үйлестіру.

Жоба белгілерін негізге ала отырып, жоба түсінігінің жалпы анықтамасын алуға болады.

Жоба - бұл өнім шығару, қызмет көрсету немесе басқа да пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылатын идея және әрекет. Сонымен қатар, жоба уақыт бойынша шектелген нақты мақсатқа бағытталған жеке жүйенің өзгеруі және бұл мақсатқа жету уақытқа, нәтижеге, тәуекелдікке, ұйымдық құрылымға және ресурстар мен қаражаттарды жұмсау шектеріне қойылған талаптарға сай жобаның аяқталуы болып саналады.

Жобалар масштабы, ұзақтығы, құрылымы, қатысушылар құрамы, күрделілік дәрежесі, нәтиже әсері бойынша ерекшеленеді. Көптеген жобалар әртүрлі негізде сыныпталуы мүмкін [5] .

1 сурет. Жоба классификациясы

Жоба түрлерінің ерекшеліктерін бөліп, көрсетуге болады.

  • Инвестициялық жобаларерекшеліктері:жобаның мақсаты, шығындары, аяқталу мерзімі және ұзақтылығы анықталған және тіркелген; жобаның нақты құны және жобаға қажетті ресурстар жұмыстардың орындалу деңгейіне және жоба прогресіне тәуелді; қажетті жабдықтар мен мамандар жобаның аяқталуымен және жоба кезеңдерінің дайын болу мерзімімен және графигімен сәйкес ұсынылу керек.
  • Ғылыми - зерттеушілік және инновациялық жобалар-жаңа өнім шығару немесе қызмет түрін ұсыну және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша келесі ерекшеліктермен сипатталады:жобаның негізгі мақсаты анықталған, бірақ жеке нәтижелерге қол жеткізу шаралары бойынша өзге мақсаттарды нақтылау қажет; жобаның аяқталу мерзімі және ұзақтылығы алдын ала анықталған және жобаның осы жоспар бойынша жүзеге асырылуын қадағалау маңызды болып саналады, сонымен қатар, аралық нәтижелерге байланысты жоспарға түзетулер енгізілуі керек; негізгі шектеулер қажетті жабдықтар мен мамандарды пайдалану мүмкіндіктерінің шектеулігіне байланысты. Осы жағдайда жобаның шығындарын және оның дайын болу мерзімін қажетті қуаттылық анықтайды.
  • Ұйымдастырушылық жобаларғаұйымды қайта құру, басқару концепциясын жүзеге асыру, жаңа ұйым құру немесе жоба ретінде форумдар өткізу жобалары жатады және олардың негізгі ерекшеліктері:жоба мақсаты алдын ала анықталған, бірақ жүйені ұйымдық жақсартумен байланысты болғандықтан бұл жоба нәтижесін сандық және сапалық тұрғыда анықтау қиын болып саналады; жобаның жүзеге асырылу уақыты және ұзақтығы алдын ала бекітіледі; жоба шығындары тағайындалады және жоба прогресі жағдайында түзетулер енгізіледі, сонымен қатар үнемді жұмсалуы бақыланады.
  • Экономикалық жобаларғакәсіпорынды жекешелендіру, аудиторлық жүйе құру, салық төлеудің жаңа жүйесінің енгізілуі және т. б. жатады және келесідей ерекшеліктері бар:жүйенің қызмет етуінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту жобаның негізгі мақсаты болып табылады, сондықтан нәтижені бағалау қиын болады; жобаның негізгі мақсаты алдын ала анықталады, түзетулер енгізуге болады. жоба уақыты да бекітіледі; жоба шығындары да есептеледі және үнемділікке бақылана отырып, қажетті көлемде жеткізіліп отырады.
  • Әлеуметтік жобаларғаәлеуметтік қамтамасыз етудің жүйесін қайта құру, денсаулық сақтау, жағдайы нашар тұрғындарды әлеуметтік қорғау сияқты жоба түрлері жатады және белгісіздік сипаты көп кездеседі және келесідей спецификасы бар.
  • жоба мақсаты ескеріледі және аралық нәтижелерге қол жеткізу бойынша түзетулер енгізіледі, сандық және сапалық бағалау күрделі болады;
  • жоба уақыты мен ұзақтылығы ықтимал факторларға тәуелді немесе олар алдын ала ескеріледі де, соңында нақтылануға жіберіледі;
  • жобаға жұмсалатын шығындар бюджет ассигнованиясына тәуелді;
  • қажеттілік туындаған жағдайда ресурстар бөлінеді [4] .

Жобаны жүзеге асыру дегеніміз жоба мақсатына жетуге бағытталған әрекеттер мен шаралар жиынтығы. Нәтиже - бұл жобада көрсетілген талаптарға сәйкес шығарылған өнім немесе ұсынылған қызмет түрі.

Жобаларды басқару түсінігіне әртүрлі анықтамалар берілген.

Энтони Уокер жобаларды басқару түсінігін жоба пайдалылығын, сапасын, жүзеге асыру мерзімі мен шығындарын есепке ала отырып, жобаны жоспарлау, координациялау және бақылау, ресурстар арасында өзара байланыс орнату, жоба қатысушыларын және олардың жалпы нәтижеге қосқан персоналды үлесін бақылау және үйлестіру, сонымен қатар, тапсырыс берушінің қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыру үшін баламаларды бағалау және таңдау ретінде түсіндіреді [6] .

В. Д. Шапиро, И. И. Мазур «Жобаларды басқару - бұл жобадағы жұмыс құрамы және көлемі, құны, мерзімі, сапасы және жоба қатысушыларын қанағаттандыру үшін нақты нәтижелерге жету бойынша басқарудың заманауи техникасын және технологиясын, әдістерін қолдану арқылы жоба мақсатына тиімді қол жеткізуге бағытталған жобаны жүзеге асыру кезінде еңбек, қаржы және материалды-техникалық ресурстарды жоспарлау, ұйымдастыру, координациялау және басқару әдістемесі» деген анықтама берген [4] .

Жобаларды басқару - бұл жоба мақсатына жетуге бағытталған әрекеттер мен шаралар жиынтығын басқару және жоба қатысушыларының ойын жүзеге асыру мақсатында жобалық қызметте білім мен біліктіліктің, әдістердің, құралдар мен технологиялардың қолданылу процесі [7] .

Жұмыс бағдарламасына жалпы өзгеріс енізбей жиі модификация жүргізу үшін жобаларды басқару жүйесі икемді болу керек.

2 сурет. Жобаның жүйелік жоспары

Жүйелік жоспарда жоба қаржылық жағдай мен техникалық талаптарды қажет ететін және атқарылған жұмыс соңында белгілі нәтижеге қол жеткізетін объект ретінде сипатталады. Жұмыстардың орындалуы материалдар (М), жабдықтар (Е), адам ресурстары (Н) сияқты қажетті ресурстардың болуымен қамтамасыз етіледі. Жұмыстың тиімділігіне М, Е, Н ресурстарын бөлуді, жұмыстың атқарылу реттілігін үйлестіруді және әсер ететін ішкі (V) және сыртқы (W) факторларды бақылауды қамтамасыз ететін жобаны жүзеге асыру процесін басқару (U) арқылы қол жеткізуге болады[5] .

Жобаларды тиімді басқару үшін ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық нақты жағдайлар құрылуы қажет және бұл жиынтық ұйымның жобаларды басқару жүйесін сипаттайды. Жобаларды басқару жүйесі негізгі үш блоктан тұрады: басқару субъектісі, басқару объектісі және басқару процестері.

Жобаларды басқару жүйесіндегі басқару субъектісі ретінде басқару шешімдерін шығаруда және қабылдауда өзара жұмыс атқаратын жобаның белсенді қатысушылары қарастырылады:

  • тапсырыс берушінің өкілі болып саналатын барлық қажетті ұйымдар және бөлімшелер кіретін жобаның тапсырыс берушісінің басқару аппараты, мысалы, инвестор, функционалды тапсырыс беруші, басты тапсырыс беруші.
  • орындаушы рөлін атқаратын барлық қажетті ұйымдар және бөлімшелер кіретін жобаның орындаушыларының басқару аппараты, мысалы: басты мердігер, басты жүйелі интегратор, мердігер, субмердігер, жеткізуші.
  • жоба командасы - жобаны орындауға тапсырыс берушімен және орындаушылармен ажыратылатын басқару және техникалық персонал кіретін жобаларды жүзеге асыру мерзіміне құрылатын арнайы ұйымдастырушылық құрылымдар.

Жобаларды басқару жүйесіндегі басқарудың негізгі объектісі жоба болып табылады. Басқару объектісі ретінде келесілер қарастырылады:

  • жоба портфелі - бір жауапкершілікті орталыққа тәуелді жобалардың жиынтығы;
  • бағдарлама - бірдей мақсатпен және оларға қол жеткізу жағдайларымен біріккен, әртүрлі іс - шаралар және өзара байланысты жобалар тобы. Бір бағдарлама шеңберіндегі жобаларды басқару үйлестіруді қажет етеді;
  • жоба - тапсырылған уақыт аралығында және бекітілген бюджетпен нәтиженің сапасына қойылған талаптармен жоба мақсатына қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар жиынтығы.

Қызметі барысында жоба туындайтын ұйымды басқару объектісі ретінде сипаттауға болады [8] .

Жоба миссиясы - бұл жобаның іске асырылуының негізгі себебін нақты көрсететін басты мақсаты және жобаның статусын нақтылайды, келесі деңгейдегі мақсаттарды анықтауға бағытты, сонымен қатар, әртүрлі ұйымдастырушылық деңгейдегі стратегияларды қамтамасыз етеді.

Жоба стратегиясы - жоба нәтижесінің белгіленген мақсатына және миссиясына қол жеткізу мақсатымен әрекеттердің бағыттарын анықтаудағы орталық түйін[4] .

Кез келген жоба оны жүзеге асыруға қажет жұмыс күрделілігіне және көлеміне қарамастан дамуы барысында белгілі жағдайлардан өтеді. Идея пайда болғаннан жобаның толықтай аяқталуына дейінгі жобаның даму сатыларының жиынтығы жобаның өмірлік циклін көрсетеді және оны фазаларға бөлу керек.

3 сурет. Жобаларды басқару моделі

Жоба фазалары жобаның өмірлік циклының құрылымдық элементі болып табылады. Әрбір фазаның аяқталуы жобаның бір немесе бірнеше нәтижесіне қол жеткізу сатылары. Жобаның өмірлік циклының төрт фазасы бар:

  • бастапқы фаза (концепция) ;
  • жобаны әзірлеу фазасы;
  • жүзеге асыру фазасы;
  • аяқтау фазасы.

Бастапқы фазадағы жұмыстардың негізгі мазмұны жобаның концепциясын дайындау, яғни жобаға қажеттіліктерді және жоба инициациясын анықтау, барлық базалық мәліметтерді жинау және ұйым жағдайына талдау жасау болып табылады.

Жобаны әзірлеу фазасында жобаны басқару жүйесінің негізгі компоненттері өңделеді. Бұл фаза жұмыстарына жоба командасының және басқарушысының тағайындалуы, концепцияны дамыту, жобаның пәндік облысын және басқа да элементтерін жоспарлау, жобаның негізгі жоспарын әзірлеу, жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру кіреді.

Жобаны жүзеге асыру фазасының мазмұны жобаның мақсатына жету үшін қажетті келісімшарттар жүргізу, жұмыстарды оперативті жоспарлау, жұмыстардың орындалуын бақылау үшін ақпараттық жүйе орнату, жұмыстарды материалды - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және басқару жұмыстарды үйлестіру, прогресс мониторингі, жоба жағдайын болжау, жобаның негізгі көрсеткіштерін бақылау және реттеу туындайтын мәселелерді шешу сияқты негізгі жұмыстарды атқарудан тұрады.

Жобаны аяқтау фазасында жоба қатысушылары жобаның соңғы өнімін эксплуатациялық тексеру, құжаттама дайындау, объектіні тапсырыс берушіге өткізу және пайдалануға беру, жоба нәтижесін бағалау және қорытынды жүргізу, жобаны бітіру жұмыстарын атқарады [2] .

Жобаларды басқару процестері жобаның өмірлік циклының барлық сатыларында жүзеге асырылады және қолданылу аймағы және басқару фазалары бойынша классификацияланады.

Қолданылу аймағы бойынша басқару процестеріне жобаның мазмұны, уақыты және құндық параметрлері бойынша, сапасы және ауытқулары бойынша басқару жатады.

Жобаларды басқару процестері басқару функцияларының көмегімен басқару объектісі мен субъектісі арасындағы тікелей және кері байланыс арқылы жобалардың өмірлік циклында жүзеге асырылады. Жобаларды басқарудың негізгі процестері:

  • Инициация- жобаның немесе оның өмірлік циклының кезекті сатысының басталуын мақұлдау, яғни жаңа жобаға инвестиция жұмылдыру процесі және жобаны жетілдіру бойынша жұмыс атқару.
  • Жоспарлау- жобаның сәтті орындалуы үшін әрекеттер көлемін және бағытын анықтау. Негізгі жұмыстарды анықтау мен жобаға әсер ететін ішкі және сыртқы күштерді есептеу - жоспарлаудың маңызды бөлігі. Егер жоспарлау барлық жоба жұмылдырылған қатысушыларының тікелей қатысуымен жүзеге асырылса, жоспарлау сәтті болып шығады. Жобаны тиімді басқару үшін жобаның өмірлік циклының барлық сатыларын жүзеге асырудың жоспары жасалады.
  • Жоба жұмыстарын орындау- жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес жоспарлы орындалатын жұмыстар, яғни жоба сатыларындағы тапсырма бергеннен нәтиже алған кезге дейінгі жоспарын жүзеге асыру. Жоба бойынша жұмыстар орындаушылар және орындаушылар тобы арасында бөлінуі қажет.
  • Бақылау- жобаны жүзеге асыру барысында өлшеу есеп беру, болжау және жобаның нақты орындалуының жоспардан ауытқуларын анықтау жүйелерін құру және уақытылы түзету шараларын жүргізу үшін жоба жұмытарының шығын сметасын және графигін жасау. Жобаны жүзеге асыру процесінде жобаны басқарушы қажетті шараларды қабылдауы үшін ақпараттар үздіксіз есепке алып отыру керек. Бақылау жобаларды басқарудағы қиын функция болып саналады.
  • Жобаны аяқтау- бұл жоба нәтижесін тұтынушыға немесе тапсырыс берушіге сәтті жеткізу үшін жағдай жасау. Жобаны аяқтау процесінде қажетті құжаттама дайындалады, тапсырыс берушімен, мемлекеттік қадағалау органдарымен және басқа да қызығушылығы бар тұлғалармен келісім жүргізіледі, сонымен қатар, байқалған кемшіліктерді жояды және қажетті жетілдіру шаралары жүзеге асырылады.
  • Кепілдік міндеттеме. Генконтрактілі кәсіпорынның жоба нәтижесіне жауапкершілігі оны тапсырыс берушіге жеткізумен шектелмейді. Қазіргі кезде мердігер кәсіпорындар орындалған жұмыстардың сапасына кепілдк береді, сонымен қатар, жоба нәтижесінің (тауар, өнім, бұйым және т. б. ) эксплуатациясы кезінде сапасыз жасалған жұмыстың себебінен ақау пайда болса, осы дефектіні жоюға жауапты болады [5] .

Инвестициялық жоба тиiмдiлiгi - бұл жобаға оның қатысушылардың мүддесi және мақсаттардың сәйкестiлiгiн көрсететiн категориясы. Сондықтан, жалпы жобаның және жобадағы әр қатысушының тиiмдiлiгiн бағалау керек. Жобаның тиiмдiлiгi жобаға ықтимал қатысушылар және қаржының көздерiн анықтау үшiн бағаланады. Бұл жобаның әлеуметтiк - экономикалық және коммерциялық тиiмдiлiгiнен тұрады [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және шаралары
Жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсетуді басқару
Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын басқару жүйесі және мәселелелері
Көлік қызметіндегі негізгі сервис элементтерін зерттей отырып, қызмет сапасының деңгейін, оны басқару мәселелерін анықтау нәтижесінде қызмет сапасын жетілдіру жолдары
Көліктегі сервистік қызметті жетілдіру
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Туризм саласындағы қонақ үйдің ерекшелігі
Көлік инфрақұрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz