Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
РЕЦЕНЗИЯ
"Құқықтану" мамандығының студенті "Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу" тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Автор өз жұмысында меншік құқығының түсінігін, меншік құқығының нысандары мен түрлері, меншік құқығының және өзге де азаматтық құқықтарға ие болу негіздері, азаматтардың меншік құқығы, олардың түрлері, меншік құқығын қорғаудың тәсілдері, меншік құқығының тоқтатылуы.
Дипломдық жұмыс жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қолданыла отырып орындалған.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста тәжірибеден алынған мысалдар да бар». Жалпы алғанда, жеке меншікті құқықтық реттеу проблемелары толық зерттеліп оған талдау жасалған.
Дипломдық жұмыс әдістемелік талаптарды дұрыс пайдаланған және жақсы деген бағамен бағаланады.
"Құқықтану" мамандығыныңстуденті
жазған дипломдық жұмысына
ПІКІР
Студент өз жұмысын "Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу" тақырыбына арнаған. Тақырып аясында 2 тараудан тұратын жоспар түзілген. І-тарауда меншік құқығы, соның ішінде меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны, азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері, меншік құқығының және өзге де азаматтық құқықтарға ие болу негіздері мэселелері қарастырылған.
ІІ-тарауда азаматтық меншік құқығы, яғни азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері, азаматтардың меншік құқығының субъектілері, меншік құқығың қорғаудың азаматтық тәсілдері, меншік құқығының тоқтатылуы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативті заң актілерін пайдаланып жазалған.
Тақырып бойынша тәжірибелік мысалдар жеткілікті. Жалпы алғанда дипломдық жұмыс жақсы жазылған және қорғауға жіберілсін.
Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1 Тарау. Меншік құқығы . . . 8
1. 1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмүны . . . 8
1. 2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының
нысандары мен түрлері . . . 12
1. 3. Меншік құқығына және өзге азаматтық құқықтарға
ие болу негіздері . . . 27
2 Тарау. Азаматтық меншік құқығы . . . 40
2. 1. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері . . . 40
2. 2. Азаматтардың меншік құқығының субъектілері . . . 45
2. 3. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық тәсілдері . . . 47
2. 4. Меншік құқығының тоқтатылуы . . . 50
Қорытынды . . . 61
Қолданылған әдебиеттер . . . 65
Кіріспе
Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйксі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғаңда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ шынайы демократиялық бостандықты пайдалана алатындай кемелденуінсіз мемлекеттің тәуелсіздігін баянды ету де мүмкін емес.
Демек, тәуелсіздік -қоғамдағы демократиялық принциптердің орнығуы мен халықтың рухани жаңаруының іргетасы болса, демократия мен рухани жаңару- елдің саяси және экономикалық тәуелсіздігін баянды етудің басты құралы.
Тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанында аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ XX ғасырдың аяғында қол жеткізді. Әлем жұртшылығы Қазақстанның дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмытылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті.
Біз - тәуелсіздігімізді нығайту, экономикалық жүйемізді түбірінен жаңарту, демократиялық принциптерді орнықтыру, мемлекеттік, ұлттық және мәдени бірегейлену сынды күрделі-күрделі процестерді басымыздан өткізіп жатқан елміз. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында, халықтың басым көпшілігінің рухани және мәдени жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін процестер. Міне сондықтан да ел Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстанның XXI ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген "Қазақстан-2030" 1 атты стратегиялық бағдарламасында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. "Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттік қолынан келмейді, -делінген, аталған еңбекте, -бірақ мемлекет өзгерістер процесін, обьективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпататты халыққа жеткізу жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады".
Адамдар санасының өзгеруі, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға береді. "Қоғамыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік, -дейді Президент, -қысқасы біз азаматтық алдық. Мемлекеттік ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасу біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті". Бір ескере кететін жай -Президент еңбегінде айтылған "азаттық" сөзі бұл тұста мемлекеттің тәуелсіздігі мағынасында ғана емес, сонымен қатар адамдардың рухани бостандығы мағынасында қолданылып отыр. Ал рухани бостандық, ой еркіндігі, ұлттық философия мен тарих, қазақ ұлтының сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен ұлы тарихи жолын өркениеттік әдіс тұрғысынан тереңірек зерделеу тәуелсіз және егемен Қазақстан жағдайында ғана мүмкін болады. Тек тәуелсіздік пен егемендік жағдайында ғана Қорқыт Ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, т. б. ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың ұлттық дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге, халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, біртұтас ұлт болып бірегейленіп ұюға мүмкіндік алдық.
Жаһандану (глобализация) заманындағы бүгінгі өркениеттің аса бағалы көп сипаттарының ішінде адам құқы мен бостандығы ерекше орынға ие. Сөз жүзіңде адамдардың еркіндігі мен құқын айғайлай жариялағанмен де, тоталитарлық қоғам өз табиғатында шынайы демократия орнатуға дәрменсіздігін танытты. Сондықтан да елдің қожасы деп жарияланған еңбекшілер іс жүзінде партиялық-мемлекеттік мәшиненің елеусіз тегершігіне айналады. Адам қоғамының идеологиялық диктат пен өмір ағысын қатар реттеу жағдайында өзіндік тандау құқығынан мүлде айрылды. Бұл жағдайда ең алдымен тұлғаның демократиялық құқығы мен еркіндігін жоққа шығарған тоталитарлық саяси режим басқаруының салдарынан болды.
Бұл орайда демократияны дамыту -меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемленеттің қалыптасуына қолойлы жағдай туғызудың толласыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат -жас егемен мемлекетті қуатты президенттік республика етіп қалыптастыру болды. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың тендігі, барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша мемлекеттік билік атқарушы, заң шығарушы және тәуелсіз сот сияқты үш тармаққа бөлінген. Елбасы Н. Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиясы негізінде бүкіл халық қолдайтын ішкі және сыртқы саясатты іске асырып келеді. Ішкі саясат жаңа қоғамды одан әрі тереңірек топтастыруға, тұрғылықты, азаматтық бейбітшілікті және рухани келісімді дамытуға, мемлектті және оның институттарын қалыптастыру мен нығайтуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Сыртқы саясат жаһандану, әлемдік ауқымдану заманында Қазақстанның көп векторлы және көп деңгейлі интеграциялық іс-әрекетіне, аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға, әлемдік қауымдастықта еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, жоғары технологияны пайдалана отырып, экономикалық өсуге бағытталған. Мемлекет басшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының VIII сессиясында және Ғылым академиясының жуырда өткен жылдық сессиясында сөйлеген сөздерінде бұл тұрғыда атқарылған іске баға беріп, олқылықтарды орынды сынға алды. Қазіргі кезде ел бірлігін нығайту және жаһандану жағдайында ғылыми-зерттеулерді уақыт талабына орай дамудың жетелдетретінде пайдалану міндеттерін қойды.
Нарықтық экономиканы қалыптастыруда қоғам алдында туындаған басты экономикалық басымдықтар мен мақсатты саралау аса маңызды мәнге ие болды. Сондай мақсаттардың ішінен мыналарды бөліп атауға болады:
- өндірістің мол да сапалы тауарлар шығаруы, сервистік қызметтер көрсетуі жағдайындағы экономикалық өсу, яғни лайықты өмір сүру жағдайында ұмтылу;
- жұмысқа ынталы және қабілетті нақты іспен айналысуына заңнамалық және экономикалық негіз қалау;
- шектеулі ресурстардан аз қалдықпен жоғары өнім алуға тырысатын экономикалық тиімділік;
- бағаның тұрақты деңгейі мен валюталық тұрақтылық, яғни инфляция көрсеткіші болып табылатын бағаның жалпы деңгейін өрескел көтеруден сақтау қажеттігі. Сондай-ақ елдің экономикасының көрсеткіші болып табылатын ұлттық валютаның - теңгенің әлемдік қаржылық рынокта тұрақтануына қол жеткізу;
- кәсіпорындарды, тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуді, сондай-ақ тұтынушыларды басқарудың негізгі принциптері ретіндегі экономикалық еркіндік;
- мүгедектерге, жұмысқа жарамайтындарға, қарт адамдарға қамқорлық;
- бүгінгі және келешек ұрпақтың өмірі мен денсаулығының кепілі - айнала қоршаған ортаны, табиғатты аялау;
- елден шығатын және кіретін тауарлар мен қызмет бағасының сәйкестігін жүзеге асыратын сауда тепе-теңдігі.
Осыған орай қазіргі кезендегі мүмкіндікке сәйкес Қазақстан тауар өндіруде бәсекелестікке негізделген экономикалық қарым-қатынас жүйесінде әрқайсысы өз қызметін атқаратын жеке және мемлекеттік меншікті біріктірген әлеуметтік нарық экономикасын қалыптастыру мақсатын іске асырдық.
Егер өндірісті ұйымдастырудың нарықтық үлгісіне тән еркін икемділік, кәсіпкерлік жүйесінің ережелерін сипаттар болсақ, алдыңғы лекке жекеменшік шығады. Жекеменшік ұғымына бұл жерде еркін ілімділік жүйесі жағдайында иеленуге, пайдалануға, сатып алуға, сатуға немесе мұра қалдыруға болатының барлығы жатқызылады. Көп жағдайда нарықтық жүйеде материалдық ресурстар өкімет емес, жеке адамдардың және жеке институттардың меншігі құрайды. Мұндай жеке меншік жеке адамдар мен кәсіпорындарға келісім-шарт жасауға еркіндік бере отырып, материалдық ресурстарды өз қалауынша тұтынуға, бақылау жасауға, пайдаланып жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бәсекелестіктің нәтижелі жұмыс істеуі және оның залал тигізу мүмкіндігін шектеу үшін елімізде арнайы монополияға қарсы заңдар қабылданды, ол заң жеке тұлғалардың өз пайдасын өсіруге тырысқан кезде бір-біріне зиян келтірмеуін қамтамасыз етті. Бәсекелестік тұтынушылар мен сатушылардың істеріндегі жеке мүддесіне шек қояды, сондықтан да ол еркін ілкімділік жүйесінде негізгі реттеуші күш болып табылады. Бұл орайда, бәсекелестік өндірушінің өзін қызықтырған нақты сала өндірісінде кедергісіз енуіне немесе қандай да бір заңды шектеусіз-ақ шығып кетуіне жағдай жасайды. Бәсекелестіктің бұл қыры экономиканың уақыт ағынында өзінің тиімділігін сақтауына аса қажет икемділік сипатының шарты болып табылады. Белгілі бір салаға ену еркіндігі экономиканың тұтынушылар талғамын өзгеруі, ұсынылған ресурстарға немесе жаңа технологияға бейімделуі қажет. Біз киім сәнінің қаншалықты тез өзгеріп жатқандығын көріп отырмыз, сол сияқты нарықтық экономика жағдайында күнделікті тұрмысқа қажетті жаңа тауарлар жарық көріп жатады, автомобильдер де, тағы басқалар да өзгеріп тұрады.
1 тарау. Меншік құқығы
1. 1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің азамат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамда белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне қатысуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Меншік құқығы объективті мағына тұрғысында алғаңда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын айқындайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқылары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке - жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188-ші бабывда анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс -жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заң түрінде қамтамассыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенімен өз мүлкінің иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық меншігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру және т. б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамассыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерінін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда болуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мыс: жалға беру шарты. Негізінен пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамассыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мыс: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т. б. сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттілігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.
Меншік және жеке меншік құқығы дегеніміз - әр түрлі ұғымдар. Меншік туралы айтылғанда еңбектің өнімдерінінің тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйектейтін өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болады.
Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағыналарға байланысты бөлінеді. Объективті мағына тұрғысынан алғанда меншік құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және өкімдік жүргізу қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормаларының жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы дегеніміз субъективті мағынасында - белгілі бір адамның нақты мүлікке қатынасты құқығы болып табылады. Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған өкімдігін жүргізу құқықтары тиесілі. Бұл құқықтар дәлірек айтқаңда, меншік иесінің өкілеттілігі адамның меншік құқығының мазмұнын құрайды.
Иелену құқықғы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету: Ие болу құқы деп -адамның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізуінің мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақты ие болуды айтады. Мысалы, мемлекет жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және т. б. ие болса, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т. б. ие.
Ие болу құқы заңмен қорғалады. Мүлікке ие болу құқығы басқа адамға берілуі мүмкін. Мысалы, комиссия шарты бойынша берілген мүліктің сақтаушысы, комиссионер, заңдық негізде ие болу құқығын және т. б. жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз - заттың пайдалы табиғи қасиеттерін шығарып, одан табыстар, сондай-ақ басқа да тиімді игіліктер көру мүмкіндігі. Пайдалану құқы кезінде меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы, өзнінің тұтынушылық сезінуін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кір жуғыш машинаны өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық-түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т. б.
Мүлікті, техниканы шаруашылық мақсатта пайдалану, сондай-ақ ұғымдарда жүзеге асырады. Олар өз алдарына қойылған мақсатты орындау үшін пайдаланады. Пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеуін қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің мүліктін заңдық жағдайын анықтап, өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілейді немесе тоқтатады (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау, жойып жіберу, жедел басқармаға өткізу және т. б. ) . Билік ету құқығы тек меншік иесіне ғана тиесілі.
1. 2 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Меншік азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттің меншігі болып бөлінеді.
Азаматтардың меншігі. Азаматтардың меншік құқығы объектісінің ауқымы кең. Бұл зерделілік және материалдық қызметтің, кәсіпорындардың тұтыну заттарын қосқандағы материалдық объектілердін өнімдері, өндірістін құрал жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақшалар, соның ішінде шетел валютасы, акциялар, басқа да бағалы қағаздар мен басқа да мүліктер. Азаматтардың меншігі жеке түрде де болуы мүмкін.
Ол азаматтардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
Азаматтардың жеке меншігі оларға пайда алу үшін қажет (мысалы, өндіріс құрал-жабдықтары) .
Азаматтардың меншік құқығының иайда болуына мыналар негіз болады:
Мемлекеттік немесе басқа да кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмыс істеудің нәтижесінде алныған, қоғамның өндіріске қатысудан түскен еңбек табыстары;
Қолөнерлік, іскерлік өнеркәсіптін, ауылшаруашылығының, халыққа қызмет етудің аумақтарындағы және тағы басқа жеке шаруашылықты жүргізу, азаматтардың жеке еңбек қызметі;
Несиеге, сақтандыру және басқа да мекемелерге салынған қаражаттар, акциялар және басқа да бағалы қағаздардан жеке меншік ретінде түскен табыстар;
Мұрагерлік бойынша және заң рұқсат ететін басқа да негіздер бойынша мүлікке ие болу. Мысалы, еңбекшілер қажеттіліктерінің біраз бөлігі қоғамдық қорлар есебінен зейнетақы, жәрдемақы, тегін білім алу, медециналық қызмет көрсету және т. б. есебінен қанағаттандырылады.
Сөйтіп, меншік құқығының пайда болуының негізгі бастаулары деп азаматардың қоғамдық өндірістегі еңбегінен түсетін ақыларды айтамыз. Азаматтардың меншік құқығының пайда болуына азаматтар жасайтын әр түрлі азаматтық-құқықтық мәмілелер жатады.
Азаматтардың меншік құқығының субъектілері сол азаматтардың өздері болып табылады.
Азаматтардың меншік құқығының мазмұны ретінде меншік иесінің иелену, өзіне тиісті мүлікті пайдалану және оған өкімдігін жүргізу құқығын түсінген жөн. Меншік иесі өзінің бұл құқықтарын ешқандай шектеусіз пайдалану мүмкіндігіне ие. Заң жеке мүлікті азаматтардың қоғам мүддесіне нұқсан келтіріп пайдалануына тыйым салады. Бұл талап бұзылған жағдайда мүлік сот тәртібімен ақысыз тартып алынып, мемлекет меншігіне өткізілуге жатады.
Меншік иесі өз мүлкіне өкімдік жүргізуге кез келген уақытта құқылы. Атап айтқанда, ол мүлкін сатуға, кепілдікке беруге, сыйға тартуға, мұрагерлікке қалдыруға және т. б. өкімдерін жүргізе алады.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншік құқығы. Заңды тұлғалардың жеке меншігі деп ұйымдық кәсіпорындардың және басқа да кооперативтердің, шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік емес басқа да заңды тұлғалардың, бірлестіктердің мүлкі танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz