Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халықты несиелендіру жүйесінің экономикалық мәні, мазмұны және қажетттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Қазақстан Республикасында несие беру нысандарының қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.3 Екінші деңгейлі банктерде халықты несиелендірудің кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2 ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕ ХАЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ («КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 « Казкоммерцбанк» АҚ.ның халықты несиелендіру жобасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2 «Казкоммерцбанк» АҚ тұтыну несиесін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
2.3 «Казкоммерцбанк» АҚ тұрғын үй құрылысы несиеленуін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Екінші деңгейдегі банктердің халықты тұтынушылық несиелеуін оңтайландыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
3.2 Екінші деңгейлі банктердің тұрғын үй құрылысы несиелеу механизмін жетілдіру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі несиелік қатынастардың дамуы болып табылады. Жалпы несиелендіру банктік қызмет түрінің ең негізгісі және ол көптеген екiнші деңгейлі банктер үшін табыс алудың ірі көздерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, несие тек банк жүйесін дамытып қана қоймай қарапайым халықтың да қажетін қанағаттандырады. Сондықтан несие мәселесін, несие түрлерін және беру шарттарын қарастыру өзектілігі орын алып отыр. Осындай несиенің негізгі түрлерінің бірі-тұтыну несиесінің рөлі мен атқаратын қызметі ерекше. Себебі, қазіргі таңда халыққа тауарларды сатуды ынталандыратын тұтыну несиесі. Тұтыну несиесі, бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемін өсіріп, тауарға несие алу сұранысын туындатады, екінші жағынан халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады.
Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» атты жаңа қойылған стратегиясы бойынша 14.12.12 жылғы жолдауында мемлекеттің тұрақтылығын қамтамассыз етуімен байланысты экономикалық жағдайын да айта кеткен. Соның ішінде ақша – несие саясатына ерекше көңіл бөлген. Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының несиелік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиістігін атап өткен. Сондай-ақ, қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайтындықты, банктерді проблемалық несиеден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажеттігін айтты. Ол үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша – несие саясатының жаңа жүйесін мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясатын енгізді. Сонымен қатар еліміздің қаржысын жай ғана бөліп қоймай оны ойлы да салмақты инвестициялау қажеттігін айта кетті.[1.б.45-51]
Қаржыгерлердің 6- Конгрессінде өткен жылдардағы қаржы секторының даму тұжырымдамасының іске асырылуы нәтижелері талқыланып, Қазақстан Республикасының қаржы секторының алдағы жылдарға арналған тұжырымдамасы жасалған болатын. Тұжырымдамада ең бастысы банктік сектордың бәсекелестік қабілеттігін арттыру, соның ішінде банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестікті күшейту мақсатында қаржы секторын ырықтандыру, банктік мекемелердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, міндеті белгіленді.
1. Қазақстан Республикасы президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
2. Шелекбай Ә.Д. «Банк ісіндегі тәуекел менеджмент» теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007 жыл.
3. Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казакстане» Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2001 г.
4. Аникеева А.В. Ипотека в РК «Казахстан на пути к новой модели развития: тенденции, потенциал и императивы роста» Алматы: Экономика, 2002г.
5. Хенни ван Грюнинг, Соня Брайович Братанович «Анализ банковских рисков». Система оценки корпоративного управления финансовым риском. Весь мир издательство. Москва, - 2007.
6. Правила предоставления займов физическим лицам в АО «Казкоммерцбанк» №389 15.09.2005 г. 13.01.2006 г.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және жеке бөлім).
8. «Ұлттық банк туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 30 наурыздағы № 2155
9. «Егемен Қазақстан» газеті «Тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы» (мақала) 16.05.13ж. А.Донских
10. «Айқын» газеті «Тұтыну несиесіне сұраныс бар ма?» (мақала) ақпан 2011ж. А.Мұхаметжанова
11. Мақыш С.Б., «Банк ісі», Алматы, 2009 ж.
12. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер» Оқулық. Алматы: Экономика баспасы, 2006 жыл.
13. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» Оқу құралы Алматы: ИздатМаркет баспасы, 2004 жыл.
14.
15. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» Оқулық Алматы: Издатмаркет баспасы, 2000 жыл.
16. Правила предоставления займов физическим лицам в АО «Казкоммерцбанк» №389 15.09.2005 г. 13.01.2006 г.
17. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы»№ 213 қаулысы 03.06.02ж
18. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заңы 19 шілде, 2003 ж.
19. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-сы заңы № 281-1 10.06.98 ж. №415-2 13.05.2003ж.
20. www.kkb.kz – «Казкоммерцбанк» АҚ ресми сайты
21. Статбюлетень Национального банка РК на 2010 года.
22. Сауытбекова Ә. «Банк жүйесінің өзекті мәселелері» (мақала ) «Дала мен Қала» газеті – 2009 жыл, 14 – сәуір, 5 – бет
23. www. Bankеr. kz. - Бірінші банктік форум
24. Лисак Б.И., Современные методы оценки и управления операционным риском банков Банки Казахстана, № 9, 2009
25. www.nationalbank.kz. – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайты
26. Морозова Т.Ю. Подходы к оценке системы управления рисками в банках (зарубежный и российский опыт) Банки Казахстан, №1, 2009
27. www.kkb.kz – «Казкоммерцбанк» АҚ ресми сайты
28. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане.-Алматы: Экономика, 2001.-186б.
29. www.Wfin.kz - Мир Финансов ресми сайты
30. Банковское дело/Под ред. Сейткасимова Г.С. – Алматы: Қаржы-қаражат,2003. – 576 б.;
31. Абдильманова Ш.Р. Некоторые аспекты системы кредитования в Казахстане, «Банки Казахстана» №1 2010 ж.
32. Жарковская Е.П. Банковское дело. – Москва: Омега-Л, 2008
33. Абдильманова Ш. «Вопросы развития ипотечного жилищного кредитования» Банки Казахстана . 2000. №3. 32-35б.б
34. Банковское дело/Под ред. Е.Ф.Жукова, Н.Д.Эриашвили. – М.:ЮНИТИ – ДАНА: Единство,2009. – 574с.;
35. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, № 2444 01.12.2005ж.
36. Хамитов Н.Н. «Банк ісі» Лекциялар курсы. Алматы: Экономика баспасы 2006 жыл.
37. Хамитов Н.Н. «Банк бизнесі» оқу құралы 2011жыл.
38. Жукова Е.Ф. «Банки и банковские операции», Москва, 2005 г.
39. Лаврушин О.И. Банковское дело. - Москва: «Финансы и статистика», 2008.-655 бет.
40. www.stat.kz - Қазақстан Республикасы статистикалық Агенттігі ресми сайты.
41. Исаев А. «Қазақстанның банк секторының күйі қандай» ( текст ) «Айқын» газеті – 2009 жыл, 26 – қаңтар, 11 – бет.
42. Муканова Ж. « Банктердің қарызы» (мақала) «Түркістан» газеті – 2009 жыл, 5 – сәуір, 11 – бет.
43. Садвакасов К.К. «Потребительские кредиты » Управленческий анализ деятельности. Планирование и контроль. – Москва: Ось – 89 , 2002 г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Халықты несиелендіру жүйесінің экономикалық мәні, мазмұны және
қажетттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.2 Қазақстан Республикасында несие беру нысандарының қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. Екінші деңгейлі банктерде халықты несиелендірудің
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2 ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕ ХАЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ (КАЗКОММЕРЦБАНК АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Казкоммерцбанк АҚ-ның халықты несиелендіру жобасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.2 Казкоммерцбанк АҚ тұтыну несиесін талдау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
2.3 Казкоммерцбанк АҚ тұрғын үй құрылысы несиеленуін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..65

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Екінші деңгейдегі банктердің халықты тұтынушылық несиелеуін
оңтайландыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...71
3.2 Екінші деңгейлі банктердің тұрғын үй құрылысы несиелеу механизмін
жетілдіру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...81

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .91

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 93

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың
негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі несиелік қатынастардың дамуы
болып табылады. Жалпы несиелендіру банктік қызмет түрінің ең негізгісі және
ол көптеген екiнші деңгейлі банктер үшін табыс алудың ірі көздерінің бірі
болып табылады. Сондай-ақ, несие тек банк жүйесін дамытып қана қоймай
қарапайым халықтың да қажетін қанағаттандырады. Сондықтан несие мәселесін,
несие түрлерін және беру шарттарын қарастыру өзектілігі орын алып отыр.
Осындай несиенің негізгі түрлерінің бірі-тұтыну несиесінің рөлі мен
атқаратын қызметі ерекше. Себебі, қазіргі таңда халыққа тауарларды сатуды
ынталандыратын тұтыну несиесі. Тұтыну несиесі, бір жағынан, тауар
айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемін өсіріп, тауарға несие алу
сұранысын туындатады, екінші жағынан халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың
төлем қабілеттігін ұлғайтады.
Елбасымыздың Қазақстан – 2050 атты жаңа қойылған стратегиясы бойынша
14.12.12 жылғы жолдауында мемлекеттің тұрақтылығын қамтамассыз етуімен
байланысты экономикалық жағдайын да айта кеткен. Соның ішінде ақша – несие
саясатына ерекше көңіл бөлген. Әлемдік экономикадағы қолайсыз
ахуалды Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және
нақты экономика секторының несиелік ресурстарға деген қажеттілігін
қамтамасыз етуге тиістігін атап өткен. Сондай-ақ, қаржылық жүйеге бақылауды
әлсіретуге болмайтындықты, банктерді проблемалық несиеден тазарту және
қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажеттігін айтты. Ол үшін Ұлттық
Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті
ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша – несие
саясатының жаңа жүйесін мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясатын
енгізді. Сонымен қатар еліміздің қаржысын жай ғана бөліп қоймай оны ойлы
да салмақты инвестициялау қажеттігін айта кетті.[1.б.45-51]
Қаржыгерлердің 6- Конгрессінде өткен жылдардағы қаржы секторының даму
тұжырымдамасының іске асырылуы нәтижелері талқыланып, Қазақстан
Республикасының қаржы секторының алдағы жылдарға арналған тұжырымдамасы
жасалған болатын. Тұжырымдамада ең бастысы банктік сектордың бәсекелестік
қабілеттігін арттыру, соның ішінде банктік қызметтер нарығындағы
бәсекелестікті күшейту мақсатында қаржы секторын ырықтандыру, банктік
мекемелердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, міндеті белгіленді.
Халықты несиелелендіру белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес
тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі
әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы
айырмашылықты жояды. Ал ол өз кезегінде осы жұмыстың өзектілігін білдіреді.
Тұрғындарды тұтынушылық несиелендіруге тоқталатын болсақ, жеке тұлғалар
көбінесе тұтыну несиесін пайдаланады.
Тұтыну несиесі – қазіргі кездегі екінші денгейлі банктердің жеке
тұлғаға беретін несие түрі. Бір жағынан, бұл несие нысаны ұзақ мерзім бойы
қолданылатын тауарлар болуы мүмкін, ал екінші жағынан, тұтынушылық
мақсатындағы банктік несие болуы мүмкін. Тұтыну несиесі халыктың әр түрлі
тұтынушылық қажетін қанағаттандырудың құралы ретінде кызмет етеді.
Сондай-ақ, несиенің бұл түрінің негізгі артықшылықтарына мыналарды
жатқызуға болады:
1. Несиесіз затты сатып алу қиынға соғады, яғни ұзақ уақыт бойы тосуға
тура келеді немесе тіптен сатып алынбауы да мүмкін;
2. Қолайлылық: Қолайлы уақытта арзан бағамен сатып алу арқылы тиімді
шарттар жасай алу, бiзде қолмақол ақша болмай қалған жағдайдың өзінде;
3. Қауіпсізідік: Қолма-қол ақшаға қарағанда несиелік карточкалар
мен шығыс шоттары саяхаттап немесе сауда жасауда неғұрлым қолайлы, әрі
сенімді төлем құралы болады;
4. Көмекші қызметі: несиенің бұл түрі байқалмайтын (болжауға болмайтын)
жедел шығындарды өтеуге мүмкіншілік береді.
Қазіргі кездегі мемлекеттік тұрғын үй саясаты ең алдымен халықтың
әлеуметтік қорғалуын және оның негізгі бөлігін қамтитын орташа табысты
жұмысшы халықтың тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталуы қажет. Яғни, бұл
мәселені шешудің басты жолы ипотекалық несиелеу.
Ипотекалық несиелеу тиімді салым жасаудың шынайы баламасын көрсетеді.
Негізінен банктер тарапынан тартылып жатқан несиелер қысқа мерзімді болып
келеді және де егер соңғы кездердегі тартылып жатқан қаражаттар бойынша
пайыздық ставкалар қарқынының төмендеуін есепке алсақ, онда ұзақ мерзімді
ипотекалық несиелеуді қаржыландыру ушін қажетті ұзақ мерзімді қаражаттардың
құнын бағалау шын мәнінде олардың болмауына байланысты қиынға соғады. Дәл
осы қысқа мерзімді қаражаттарға қарағанда ұзақ мерзімді құралдардың
жетіспеуі банктердің тұрғын үй саласын несиелеудегі жігерсіздігінің негізгі
қаржылық себебін түсіндіреді.
Жеке тұлғаларды несиелендіру көптеген елдерде маңызды рөл атқарады.
Осыған орай, ол мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол
қадағаланады әрі банктік және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады Жеке
тұлғаларды несиелендіру халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі
олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады. Сондықтан жеке тұлғаларды
несиелендіру ақша-несие саясатының басым бағыты болып қала береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Екінші деңгейдегі бактердің халықты
несиелендіру жүйесін талдау арқылы банктердегі несиелік портфель жағдайын,
оның ішінде тұтынушылық және ипотекалық несие деңгейін қарастырып, несиелік
портфель сапасын жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер
қойылған:
- несиелендірудің экономикалық мәнін анықтау;
- несиесінің берілу ерекшеліктерін қарастыру;
- Екінші деңгейдегі банктерде несие беру үрдіс кезеңдерін
қарастыру;
- Халықты несиелендіру және несие қабілеттілігін анықтау әдісі;
- Казкоммерцбанк АҚ бүгінгі таңдағы қаржылық жағдайына талдау
жасау;
- Казкоммерцбанк АҚ мәліметі негізінде несие портфелін және
тұтынушылық несие деңгейін талдау;
- Екінші деңгейдегі банктерінің жеке тұлғаларды несиелеуінің даму
болашағын қарастыру.
Зерттеу объектісі: Казкоммерцбанк АҚ болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні: Екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларды
несиелеуі болып саналады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасында
несиелендірудің заманауи нысандарын енгізу және несиелеу тәртібінің сапасын
жоғарылату мен жетілдіруге байланысты ғылыми-тәжірибелік ұсыныстардың
жасалуымен сипатталады.
Жұмыстың методологиялық негізі: Диплом жұмысымның теориялық әдістемелік
негізіне: Казкоммерцбанкі АҚ-ның ережелері, статистикалық мәліметтері,
экономика ғылымдарының классиктері мен қазіргі заманғы ғалымдардың
еңбектері,атап айтқанда солардың ішінде Лаврушин О.И., Колесников В.И.,
Кроливецкая Л.П., Садвакасов К. К., Соколинская Н. Э., Смирнова Л. Н. және
сонымен қатар Қазақстандық ғалымдар атап айтқанда Сейқасымов Г.С., Искаков
У.М., Хамитов Н.Н., Макыш С.Б. және т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектері, оқу
құралдары мен тақырыпқа қатысты заңды және нормативтік актілер
пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда, тұтыну және
ипотекалық несиенің мәні, құрылымы, қағидалары туралы, яғни банктік
несиелеудің теориялық аспектілерін қарастырдым;
Екінші тарауда, Казкоммерцбанк АҚ жеке тұлғаларды несиелендіру
қызметін талдау, яғни жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру тәртібі
қарастырылған;
Үшінші тарауда, Қазақстанда халықты заманауи нысандар бойынша
несиелендіру және оларды жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды
жасалған.
Диплом жұмысына таңдап алған тақырыбымды өз денгейінде ашу мақсатында
мәліметтерді 9 сурет, 14 кесте түрінде өрнектедім.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Халықты несиелендіру жүйесінің экономикалық мәні, мазмұны және
қажеттілігі

Жеке тұлғаларға берілетін несие халыктың әр түрлі тұтынушылық қажетін
қанағаттандырудың құралы ретінде кызмет етеді.
Тұтыну несиесі – қазіргі кездегі екінші денгейлі банктердің жеке
тұлғаға беретін несие түрі. Бір жағынан, бұл несие нысаны ұзақ мерзім
бойы қолданылатын тауарлар болуы мүмкін,ал екінші жағынан, тұтынушылық
мақсатындағы банктік несие болуы мүмкін.
Тұтыну несиесінде қарыз алушыға жеке тұлға, ал несие берушіге несие
мекемесі, сондай-ақ, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар
жатады.
Нарықтық экономикалы елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі
пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды.
Сондықтан да, ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие
берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады, әрі бұл реттеу
несиеленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі,
процент мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушының несиеленуін макұлдауда
немесе несиелеу режимін қатайтуда көрінеді.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы
заңдар қолданылады, алайда, олардың бәрі баршаға ортақ нұсқама біріктіреді:
тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде несиеге қол
жеткізу. [2.б.73-78]
Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін экономикада екі түрлі
тұтыну несиесі басымдыққа ие болды:
- ұзак уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие;
- тұрғын үй кұрылысының (жеке және кооперативтік несиесі)
Ұзақ уақыт пайдалануга жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие
жанама сипатта болды, өйткені оны Мемлекеттік банктің делдалдылығы арқылы
әр түрлі сауда ұйымдары беріп келді.
Тұрғын үй құрылысынын (жеке және кооперативтік) несиесін несие
мекемелері (Мемлекеттік банк және Құрылыс банкі) тікелей берді.
Өндірістің құлдырауымен, соған орай тауар айналымының әлсіреуімен,
сондай-ақ, бөліп – бөліп төлеумен тауарларды сатып алу формасында халықты
несиелейтін жекеше коммерциялық құрылымдардың бөлшек саудада белсенді түрде
құрылуымен бірге, шаруашылык жүргізудің нарықтық формасының қалыптасу
процесі басталған кезде қолға алынған осы шаралардың нақты мәні болмай
қалды.
Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар, тұтыну несиесінің кейбір түрлерін
беру жүзеге асырылды. Мәселен, несиелер мыналарға: құрылысқа және бау
учаскелерін көріктендіруге; ауылдық жерлердегі маусымдық тұруға арналған
үйлердің құрылысына, оларды сатып алу мен жөндеуге; мал төлдерін сатып
алуға және асырауға берілді; 1987 жылы құрылған Қазақстан Жинақ
банкісі тұрмыска аса қажетті тұтыну несиесін берді.
Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Халық банкісі заңды тұлғаларды
несиелеуде қолданатын, атап айтқанда, несиенің қайтарылуы, несие мерзімі,
несиенің мақсатты бағыты, несиенің ақылылығы және қамтамасыз етілуі секілді
принциптерді сақтай отырып берді.Ссуданы беру кезінде басшылыққа алынатын
маңызды өлшемге қарыз алушының төлем қабілеттілігі жатады.
Бүгінгі таңда Қазақстан банктері тұтыну ссудасының екі түрін ұсынады:
ағымдағы мақсаттарға (кезек күттірмейтін мұқтажға берілетін)
арналған несие; капиталдық сипаттағы шығынға берілетін несие.
Кезек күттірмейтін қажеттілік несиесін (орта мерзімді несие)
Казкоммерцбанк дербес табыс көзі бар азаматтарға (оның ішінде,
зейнеткерлерге де), олардың тұрғылықты жері бойынша бөлімшелері арқылы
береді. Мынаны айта кету керек, бүгінгі таңда осы несие бойынша мерзімі
өткен берешектердің мөлшері күрт артып кетті. Оған мыналар себеп болды:
жұмыссыздықтың өсуі; ай сайынғы төлемдердің артуы кәсіпорын
бухгалтерлерінің несиені өтеуге арналған төлемдерді аударудан бас тартуы.
Бұл өз кезегінде аталмыш ссуданы банктердін беруін шектейді.Кезек
күттірмейтін қажеттілікке арналған несиені коммерциялық банктер де
біртіндеп бере бастады. Бұл өз несие ресурстарын қалыптастыру үшін жеке
салымшылардың қаражатын тартудың негізгі тәсілі болып табылады.Кейбір
Екінші деңгейдегі банктер өз акционерлеріне банк акциясымен және өзге де
құнды қағаздармен қамтамасыз етілген несиені ұсынатын болды.
Несиенің мөлшері несие келісімшартының әрекет етуі және несиелеу
мерзімі басталған сәттегі өз иесінің қолындағы акцияның нарықтық құнына
қарай белгіленеді. Несиенің ең көп шамадағы мөлшері акцияның нарықтық
құнының 85%-ін құрайды.
Тұтыну несиесінің екінші түрі – капиталдык шығындарға арналған несие
(ұзақ мерзімді) – кезек күттірмейтін қажеттілікке арналған несиеден
айырмашылығы – халықтан оны қалай пайдаланатыны жөнінде есеп беруді және
банктен алынған соманың мақсатты бағыты туралы құжаттарды талап етеді.
- Азаматтардың құрылыс салуына (реконструкция) және тұрғын үй сатып
алуына көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің үш
түрін ұсынады:алдағы тұрғын үй құрылысына жерді сатып алуға және
жайғастыруға арналған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер
(жер несиесі);
- тұрғын үй құрылысына (реконструкция) яғни, құрылыс жұмыстарын
тікелей қаржыландыруға арналған қысқа мерзімді иесие (құрылыс
несиесі);
- тұрғын үй сатып алуға арналған ұзак мерзімді несие. Тұрғын үй
проблемасын шешуде халыққа көрсетілетін қар-жылық несиелік қолдау
азаматтардың өз қаражаттарымен, сондай-ақ, құрылыс салуға немесе
тұрғын үй сатып алуға демеу-қаржыны өтеусіз берудің негізінде
жүзеге асырылады.Тұрғын үй құрылысын несиелеу құрылысшыға
белгіленген тәртіпте жер учаскесін бөліп беру және тиісті
органдардың тұрғын үй құрылысына рұқсат ету шартымен жүзеге
асырылады. Бұл жөніндегі тиісті құжаттарды қарыз алушы банкке
ссуданы беру туралы өтінішімен қоса ұсынуы керек.Оған қоса,
банкке белгіленген тәртіпте келісілген және бекі-тілген сметалық
жобалау құжаттамалары және клиенттің төлем қабілетін анықтауға
қажетті құжаттар (жұмыс орнынан берілетін анықтама), сонымен
бірге, қамтамасыз етілген міндеттеме берілуі тиіс. [3 б.28-37]
Азаматтардың қамтамасыз етілген міндеттемесі ретінде жылжымайтын
мүлік кепілзатының келісімшартын, бір немесе одан да көп азаматардың,
сақтандыру компаниясының және өзге де занды тұлғалардың кепілгерлігін
ұсынуға болады.
Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға өз
жұмыскерлерінің түрғын үй жағдайын жақсартуда олардың алған тұрғын үй
несиесінің өтелуіне кепілдік беру арқылы жәрдемдесуіне және бұл несиені
өздерінің (кәсіпорындар мен ұйымдардың) қаражат есебінен бөлектеп немесе
толық өтеуіне рүқсат етілген.
Кепілге салынатын затқа мыналар жатуы мүмкін:
- қарыз алушының меншігіне жататын құрылыс салуға арналған жер
учаскесі немесе осы учаскеге өзге де мүліктік құқықтар;
- дайын түрғын үй немесе аяқталмаған құрылыс, өзге де мүлік түрлері
мен кепілзат ретінде пайдалануға болатын, ҚР-ның қолданыстағы
заңына сәйкес келетін мүліктік құқық. Кепілге салынған мүлікті
кепілзат беруші одан айырылып қалмау үшін сақтандыра
алады.Негізгі қарыздың сомасы және ссуда бойынша процент толық
өтелмейінше қарыз алушының жылжымайтын мүлікті үшінші түлғаға
сатуына немесе оның мүліктік құқығын беруіне банктің жазбаша
келісімінсіз құқығы болмайды. Банк тұрғын үй несиесін
несиелеудің, атап айтқанда, мақсатты пайдаланылуы, қамтамасыз
етілуі, мерзімділігі, кайтарылуы және ақылылығы секілді негізгі
принциптерін сақтай отырып береді.
Құрылыс салу үшін немесе тұрғын үй сатып алу үшін алынған ссуданың өз
максатында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда банк берілген несиені
мерзімінен бұрын өндіріп алуға құқылы болады, ал, қарыз алушы несиені
қайтармаған жағдайда банк несиені кепілге салынған мүліктен немесе
кепілгерден - өндіріп алады. Тұрғын үй несиесі туралы ережеге сәйкес банк
беретін несиенің сомасы жерді сатып алудың және жайғастырудың құнына,
құрылыстың (реконструкция) немесе сатып алынған тұрғын үй құнының 70%-ынан
аспауы керек. Несиеленетін объектінің калған бөлігіне (30%-дан төмен
болмайтын мөлшерде) қарыз алушы өз қаражатымен қатысады. Осы сәт пен тұрғын
үй несиесінің өзге де нақты шарттары (мерзімі, мөлшерлемесі және т.б.)
қарыз алушы мен банк арасында бекітілетін несие келісімшартында айтылуы
тиіс.Тұрғын үй несиесінің тағы бір түрі - құрылыс несиесі - қарыз алушы
ашқан несие желісінің негізінде беріледі. Әрі-беріден соң ссуда құрылыстық-
монтаждау жұмысының аяқталған кезеңінің құнына сәйкес бөлектеп (біртіндеп)
беріледі. Банк кезеңдерді кейін инспекциялаумен құрылыс графигіне сәйкес
кезең сайын аванс беру арқылы жұмысты қаржыландыра алады. Тұрғын үй
проблемасын шешу заңды тұлғалар шығаратын облигацияның айрықша түрі болып
табылатын және азаматтардың ақшалай қаражатын тарту мақсатында тапсырыс
берушінің тұрғын үй құрылысын жүргізуге құқығы барын білдіретін тұрғын үй
сертификаттарының айналымға енуіне себепкер болады. Тұрғын үй сертификаты
эмитент анықтайтын шарттармен оның иесіне өз меншігіне пәтер сатып алуына
құкық береді. Оны сатып алу ұзақ уакытқа созылатындықтан бұл жағдайды
тұрғын үй сертификатын тұтыну несиесінің өзінше өзгешелегі болатын формасы
ретінде бағалауға болады. Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік
формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша
жүзеге асырады (баға кейін өзгеретін болса да қайта есептелмейді). Несиеге
автокөлік, жиһаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар және т.б. секілді
ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несие алынатын тауардың қолма-қол ақшамен төленетін бастапқы жарнасы,
сондай-ақ, оны бөліктеп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың құнына
қарай анықталады. Егер несиеге сатылатын тауардың бағасы ең аз шамадағы бір
айлық еңбекақының 12 еселік мөлшерінен аспайтын болса, онда сатып алушы
бірден осы тауар құнының ең аз дегенде 20%-ын төлейді және қалғанын 6 айдан
үш жылға дейін бөліктеп төлейді. Егер тауардың бағасы аталған шектен асатын
болса, онда тауарды несиеге алу барысынын бастапқысында оның құнының 40%-ын
төлейді, ал, қалған бөлігі 5 жылға дейінгі мерзімде төленетін болады.Ұзақ
уақыт пайдаланылатын тауарларды несиеге сатудың жаңа ережесіне сәйкес
несиелеудің шегі (шекарасы) азаматтардың еңбекақы (табыс) деңгейіне қарай
анықталып белгіленетін болады. Мәселен, алты айға дейінгі мерзімде бөліктеп
төленетін тауар сатылатын болса, берілетін несиенің сомасы тауарды сатып
алушынын екі айлық еңбекақысынан аспауы керек, ал, 24 айға 8 – айлық
еңбекақыдан, 36 айға - 12 айлык еңбекақыдан, 48 айға – 18 айлық еңбекақыдан
аспауы тиіс және 60 ай мерзімінде төленіп бітуі тиіс несиенің шекті сомасы
сатып алушының 24 айлық еңбекақы деңгейінде белгіленеді. Тауардың кұны
несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы
арасындағы айырмашылық қолма-қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу
бойынша төленуі қажет. Сатып алушыдан сауда кәсіпорнының пайдасына несие со-
масының проценті өндіріліп алынады. Бұл проценттің мөлшерін сауда кәсіпорны
банк несиесінің қолданыстағы мелшерлемесін ескере отырып белгілейді,
берілген несие сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір рет бірдей
үлестермен өтейтін болады. Тұрғын үйге арналмаған жеке тұлғалар ссудасының
маңызды көзіне, оны қалыптастыратын әрі ауыстыратын құралға несие
карточкалары жатады.
Банк карточкалары үш тараптың қатысуын ұйғарады: несие карточкасының
эмитент-банкісі; несие карточкасының иесі; несие карточкасын тауарлар мен
қызмет көрсетулердің төлем кұралы ретінде қабылдайтын сауда ұйымдары.
Клиент несие карточкасын алу үшін банк белгілеген ақшалай қаражат сомасын
банкке аударуы қажет. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің ақысын несие
карточкасымен клиент шотында қаражат болмаған жағдайда да, яғни, банк
несиесінің есебінен төлеуге болады.Банк өз қызметі үшін әрбір операцияның
сомасынан белгілі бір процентті өндіріп алады. Төлем карточкасын
пайдаланушылар, сонымен бірге, жыл сайын белгілі бір соманы карточкаға
қызмет көрсетуі үшін және оны жыл сайын жаңартуға аударып отыруға
міндетті.Тұтыну несиесін тұрақты түрде берудің бұл тәсілі шетелдерде де
кеңінен тарап отыр. VISA, American Express, Master Card секілді
халықаралық қаржы ассоциациялары осы пластикалык карточканың иелеріне
қызметтің кез келген түрін көрсетуде. Бүгінгі танда көптеген қазақстандық
банктер де әр түрлі несие карточкаларын шығара бастады. Тұтыну несиесіне,
сондай-ақ, ломбард та жатады. Ломбардтар (несиені) халыққа жеке
пайдаланылатын және үйде тұтынылатын заттың кепілдігімен береді. Ссуданың
мөлшері кепілге салынған заттың түріне, оның нарықтық құнына және ломбард
белгілеген кепілдікті қамтамасыз етудің шегіне карай анықталады.
Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты
сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай
жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін
қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің
рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста
коммерцияның арзанға сатып алып, қымбатқа сату принципі орын алады. Бұл,
әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық
несиеге де тиісті.
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және
тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді
несиелеуді жүзеге асыратын Екінші деңгейдегі банктер үшін Орталық банк
бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді.
Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару
нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде Екінші
деңгейдегі банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі
несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты
банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы
белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.[4.б.56-68]
Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа
негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк
арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы
төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады.
Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз
алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз
алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі
– бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу
жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-
материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені
алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау
жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына
автоматты түрде кепіл болады. [5.б. 27-40]
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге
негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол
сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың
бірқатарының мазмұны түбірімен өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар
бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір
сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау
негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды.
Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін
төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, Екінші
деңгейдегі банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны
қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер
болды.Тәжірибе көрсеткендей,ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар
қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады.
Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде
қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару
тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді
несиелер болып табылады.
Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін
жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын
қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді
формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру
жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке
өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету
мүмкіндігін береді.
Тұтыну несиесінің дамуына банктердің инерциясы және олардың жағдайына
қарай жаңа бизнестерінің тұрақтанбауы әсерін тигізіп отыр. Яғни, жаңа
бизнеске әлі мүмкіндіктің жоқтығы болып табылады. Олардан басқа тағы да
тұтыну несиесіне сауда инфрақұрылымы қажет, көптеген көлемде кеңселер мен
бөлімшелердің сауда орындарына жақын болуы. Тұрақтылық біздің
республикамызда басқа шараларға қарағанда, еліміздің қаржы институттарының
келісумен екі жоба - ҚР қаржы секторының концепциясының өркендеу жобасы
және Несие бюросы және несие тарихының құрылуы заң жобалары бар. Бұл
сұрақтардың бәрі негізгі проблемаларды шешуде көздеп отыр, сонымен қатар
шағын, және орта бизнестердің қаржы ресурстарының көбеюі және тұтыну
несиесінің өркендеуіне өз ықпалын тигізеді. Бұл несие бюросының құрылуы
елдің банктік жүйесіне, нарық проблемаларын қысқартуға, несие ұсынысын одан
әрі пайдалы етуге көзделген. Бәрімізге белгілі несиенің әртүрлері болады:
инвестициялық несие, тұтыну несиесі және т.б. Тұтыну несиесі туралы айтатын
болсақ, тұтыну несиесінің мынандай артықшылықтары бар:
1. Несиенің көмегінсіз керекті затты алу қиын болған жағдайда, тұтыну
несиесінің көмегімен тұтынушы өзіне қажетті затын немесе бұйымын
сатып алуға қол жеткізеді.
2. Бағаның төмендігінен ыңғайлы келісімдер жасауға болады.
3. Клиент тұтыну затын сатып алған кезде немесе демалысқа шыққанда,
қолма-қол ақшаға қарағанда несие карточкаларын пайдалану өте
ыңғайлы.
4. Несиемен әртүрлі шығындарын төлеуге көп мүмкіндік береді.
5. Несие бізге көп уақыт жанұяға, денсаулыққа қарауға мүмкіндік береді.
Ең негізгісі, өзінің жұмысын ұмытпау керек. Тек, сол арқылы тұтыну
несиесін ала аламыз.
Тұтыну несиесі дегеніміз - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Тұтыну несиесінің басқа несиелерге қарағанды оның объектісі тауарлар
мен ақша болады, несие субъектісіне, бір жағынан кредиторлар қатысады,
Екінші деңгейдегі банктер арнайы тұтыну несие мекемесі, дүкендер т.б.
кәсіпорындар, екінші жағынан - жеке тұлғалар.
Тұтыну несие өркендеуі капитализм кезінде (ІІ дүние жүзілік соғыстан
кейін ( 1939-1945жж) болған.
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.
Тұтыну несиесінің басты тағайындауы халыққа тауарларды сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабылеттігін ұлғайтады. Мұндай
тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда
болуда.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі
ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып
келеді.Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде
кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар:біріншісі, субъективті, яғни бұл
несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге
қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның
дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек,
ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады,
сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру
қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөлуге болады: берілу және пайдалану
деңгейінде реттеу.Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға
тиіс. [6.б.39-45]
Қазақстан Республикасында тұтыну несиесі дамып отырған несиеге жатады.
Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынан дай түрлері
қолдануда:
- автомобильдік несие;
- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
- кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу, тұрғын
үйді жөндеу және тағы с.с.) берілетін несие.
Автомобильдік несие – мақсатты несие болып табылады. Несиенің бұл түрі
бойынша сауда ұйымдары мен  арнаулы базарлардан жаңа және қолданыста болған
автокөлікті сатып алуға беріледі.Осы бағдарлама шеңберінде берілген заемды
өтеу мақсатында пайдалану міндетті болып табылады және бұл тексеріледі.
Сауда ұйымдары түтынушылық несиені тауар ретінде ұсынады, ал банктер - сол
ұзақ мерзімде қолданылатын және қымбат тұратын тауарларды сатып алуға қысқа
немесе орта мерзімді ссудалар ұсынады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие –
тұтынушыларды несиелендірудің ерекше бір түрі болып табылады. Ол ұзақ
мерзімде қолданылатын тауарларды төлеуді кейінге қалдырып олраға иелену
мүмкіндігін береді.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
- жиһаз;
- сантехника;
- аудио-видео және тұрмыстық техникалары;
- компьютер және оргтехника;
- басқа да тұтыну тауарлары.
Сауда ұйымдараның көп тауарларын тұрғындарға несиеге ұсынады. Мұндай
сату жаңа клиенттерді тартуға ықпал тигізеді, және сауда айналымын
көтереді. Осындай несиелендіру мақсатында Банктер мен сауда ұйымдараының
арасынд келісімшарт жасалады. Несиенің бүл түрі барлық тараптар үшін де
пайдалы:
Сатып алушы үшін: мысалы, ол тауардың нақты құнының 20% төлейді, ал
қалғанын бір жылдың ішінде төлеп шығады. Сондай бола тұра, ол бірінші
төлемнен кейін-ақ сатып алған тауарын қолдана алады.
Сауда ұйымы үшін: ол жаңа клиенттер тарту арқылы өзіне жақсы PR-акция
жүргізеді, тауар айналымын көбейтеді. Ол ешқандай жоғалтулараға тап
болмайды, өйткені сатылған тауардың ақшасы оға н толық көлемде жіне бірден
сатқан кезде түседі, ал жетпейтңн 80% оған Банк төлейді.
Банк үшін: осы схемада Банк өзіне тән - несие беруші функциясын
атқарады. Тауар сатып алушы жеке тұлға фирмаға тауарлың бағасынан 20%
төлейді, қалған сомаға Банкпен несие шартына қол қояды. Банк бұл
операциядан өзінің пайызын, сонымен қатар комиссияларын алады.
Көп жағдайда несиенің бұл түрі кепілсіз болады, банк үшін ол тәуекелі
өте жоғары болып келеді.
Кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу, тұрғын
үйді жөндеу және тағы с.с.) берілетін несие – мақсатты емес несие болып
табылады. Оның негізі басқа тұтынушылық несиелендіруден (ипотека,
автокөлікті несиеледніру) артықшылығы – банктен тауар емес ақша алуға
мүмкіндік. Несиелік карталарға қарағанда бұл несиенің түрі үлкен сомаларды
қамтиды, және ұзақ мерзімге беріледі. Несиенің барлық сомасы бірден ашылғын
шотқа немесе дебеттік карточкаға түседі, бірінші күннен бастап несиелік
пайыз жүре бастайды. Бұл несиенің ыңғайлылығы – оны кез-келген мақсатқа
жұмсауға болатындығында.

1.2 Қазақстан Республикасында несие беру нысандарының қалыптасуы
және дамуы

Соңғы кездері жеке тұлғаларға берілетін несие үлесі өсіп ол банк
тарапынан экономиканы несиелендіру ресурстар базасының өсуіне әкелді.
Қазақстандағы банктік қызмет нарығындағы жаңа тенденциялардың біріне –
банктердің жеке қарыз алушыларға деген қызығушылығының тез артуы жатады,
соның нәтижесінеде несиелік әрекеттердің дамуына байланысты бүгінгі күні
банктерде көптеген несие түрлері пайда бола бастады. Олардың ішінде
тұтыну несиесі және ипотекалық несиесін кіргізуге болады.
Тұтыну несиесінің дамуы әртүрлі елдерде әрқалай дәрежеде қалыптасуда.
Мысалы, Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы сол елдердің
ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда – 30%-ын, ал
Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде
тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электрлік тұрмыс
құралдарын, жиһаздарды және тағы сол сияқтыларды сатып алу барысында жиі
пайдаланған. Бұл елдердегі тұтыну несиесінің жартысынан астам бөлігі
автомобильдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну
несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде ұғынылады, оның басты бағыты
тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да несиенің
бұл формасын экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі
себебі бар: біріншісі – субъективті, яғни бұл несие халықтың ең жоғарғы
деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуіне қолайлы жағдай жасаса;
екіншісі – объективті, яғни кез-келген қоғам дамуының басты бір
экономикалық мәселесі – бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну
несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі
көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да оны
мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай
реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу.
Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.
70-ші жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты
несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жағдайда тауарларды сырттай
каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан тұтынушылар сатып алатын
тұтыну несиесі қолданылады. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты –
клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар
тиісінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай-ақ бұл елдердегі банк мекемелері тұтыну несиесі жүйесіне
қосылған. АҚШ пен Ұлыбританияның Екінші деңгейдегі банктері жеке тұлғаларға
дербес несиелер деп аталатын несиелерді беруді қолға ала бастады. Бұл
несиелерді тұтыну несиесінің бір түрі деп қарастыруға да болады, бірақ
олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада
беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық
мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді
кейінге қалдыру ісіне қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден,
делдалдардың болмауы мұндай несие жүйесін едәуір қолайлы әрі қарапайым
етеді, өйткені оған тек банк және қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелерді – тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір
қызметтерді алу үшін (мысалы, туристік сапарларды төлеу кезінде)
пайдаланады. Бұл несиелерді көбінесе отбасын жаңа құрған жастар және білім
алуға төленетін қарызын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер
алады. Әдетте, дербес несие сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы
мөлшерімен шектеледі, өтелу мерзімі 36 айдан аспайды.
Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері дұрыс жолға
қойылған. Бұған несиелік карточканы жаппай қолдану ықпал етті. Аталған
карточкалардың көптеген түрлері бар. Олардың барлығын ортақ сипат
біріктіреді, яғни тауар төлемін болашақта өтеу арқылы сатып алу мүмкіндігі.
Экономикалық дағдарыс және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты
елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну
несиесіне жеңілдіктер енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде төленетін
бөлігін қысқарту, несиенің мерзімін ұзарту оның құнының төмендетілуі.
Экономиканың қызған, ақшаның инфляциялық құнсыздануы күшейген жағдайда
қарама-қарсы саясат жүргізіледі. Қолма-қол төлемнің үлесі жоғарылайды,
несиенің мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды. Дамыған
елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол халықтың тауарға сұранысын
ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің ұлғаюына жағдай
жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен
қызметкерлер пайдаланады. [30.б.128-150]
Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады.
Еліміздің банктерінде берілетін тұтыну несиесі екі түрге бөлінеді:
- кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге;
- күрделі шығындарға берілетін несиелер.
Кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге берілетін несиелер – жеке табыс
көзі бар азаматтарға (оның ішінде зейнеткерлерге де) беріледі. Несиенің бұл
түрі тұтыну мақсатының әртүрлілігіне қарай, мысалы, жиһаз сатып алу,
тұрмыстық техникалар, көлік құралдары, сонымен қатар мерекелік салтанаттар
ұйымдастыру, жолдама құнын төлеу және т.б. мақсаттарға берілуі мүмкін.
Тұтыну несиесі жасы 23-ке толған және 70 жасқа дейінгі азаматтарға мынадай
шартпен беріледі: келісім бойынша несиені қайтару мерзіміне дейін қарыз
алушының жасы 75-тен аспауы тиіс. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай банк:
- тұрақты табысы бар азаматтан кепілдік;
- төлем қабілеті бар кәсіпорындар мен банктің клиенттерінің
ұйымдарынан кепілдіктер;
- кепіл ретінде тапсырылатын өтімді бағалы қағаздар
қабылдайды.
Қазіргі кезде аталған несие бойынша мерзімі өтіп кеткен борыштар көлемі
шұғыл арта түскенін айта кету керек.Мұның себебі,біріншіден, жұмыссыздықтың
өсуі, екіншіден ай сайынғы төлемдердің ұлғаюы, үшіншіден, кәсіпорынның
бухгалтер-қызметкерлерінің несиені өтеуге қажет төлемді аударудан бас
тартуы. Сол себепті банктер аталған қарыз түрін беруді шектеуге мәжбүр.
Екінші деңгейдегі банктер төлемді төлемеу қаупін төмендету мақсатында
құнды қағаздарды (негізінде өздерінің немесе мемлекеттің құнды қағаздарын),
сондай-ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктерді, тауар және материалдық
құндылықтарды кепілге алу несиесін ұсынады.
Тұтыну несиесінің екінші түрі – күрделі шығындар несиесін (ұзақ
мерзімді) бірінші несиеден айырмашылығы сол – бұл кезде тұрғындардан
банктен алынған соманың қандай мақсатқа бағытталатыны жөнінде құжаттар мен
пайдаланылу есебін тапсыру талап етіледі.
Тұтыну несиесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі рұқсатымен
анықталатын белгілі статусы бар банктер жүргізеді. Тұтыну несиесі Қазақстан
Республикасының бірнеше заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес
орындалады. Сондай – ақ Президент жарлықтары, Қазақстан Республикасы Ұлттық
банк қаулылары мен ережелерге, Пруденциалдық нормативтерге сай несие
беріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 желтоқсандағы №1278
Қаулысы негізінде азаматтарға құрылыс салуға немесе тұрғын үй сатып алуға
өтеусіз жәрдем ақша бөлу, сондай-ақ өз қаражаттарын пайдалану арқылы тұрғын
үй мәселесін шешу үшін халыққа несие-қаражат қолдауы көрсетіледі.[7.б.170-
179]
1993 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 895 қаулысы бойынша
Азаматтарға ұзақ мерзімге пайдаланатын тауарды несиеге сатудың жаңа
Ережелері бекітілді. Осы қаулыға сәйкес меншік формалары әртүрлі барлық
бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарды несиеге сату ісі жүргізілуі тиіс.
Тауар сатылған күнгі баға бойынша босатылады (келесі күнгі бағадағы
өзгерістер есепке алынбайды).
Тауардың 16 атауын несиеге сату ұсынылады: автомобильдер, жиһаздар,
тоңазытқыштар, тоңазыту камералары, телевизорлар және т.б.
Азаматтарға ұзақ мерзімді пайдаланатын тауарларды несиеге сатудың жаңа
Ережелерінде азаматтардың еңбекақысының деңгейіне (табысына) қарай
несиелендіруді шектеу де қарастырылған.
Жеке тұлғалардың тұрғын үй алуына, көлік құралдарына және білім алуға
арналмаған маңызды қарыз көздерінің бірі - несиелік карточкалар болып
табылады. [8б.245-260]
Несиелік карточкалардың қатысуы 3 жақты қарастырылады: несиелік
карточканың банк - эмитенті, карточканы иеленуші және несие карточкаларын
төлем құралдары ретінде қабылдайтын сауда ұйымдары. Несие карточкасын алу
үшін клиент банкке банк белгілеген ақша сомасын аударуы тиіс.
Несие карточкасын тауар және қызмет көрсету үшін пайдаланарда клиенттің
шотында ақша болмаған кезде де қолданылуы мүмкін, яғни банк несиесі
есебінен төленеді.
Банк өзі көрсеткен қызметі үшін әрбір операция сомасынан белгіл бір
пайызды ұстап қалады. Несие карточкасын пайдаланушылар да жыл сайын белгілі
бір ақша сомасын карточка қызметіне және оны жыл сайын жаңартуға аударып
отыруға міндетті.
Ломбардтық несие де тұтыну несиесіне жатады. Ломбардық несие –
тұрғындардың жеке пайдаланатын және үйде тұтынатын заттарын кепілге ала
отырып берілетін несие. Қарыз мөлшері кепілге алынатын заттың түріне,
нарықтық құнына және ломбард белгілеген кепілді қамтамасыз ету шегіне
байланысты. Қазіргі уақытта жеке меншік ломбардтарының дамуы кеңейе түсуде.
Сондықтан да ломбард несиесінің пайыздық ставкасы банктің пайыздық
ставкасына қарағанда жиі жоғарылап отырады, сол үшін де ломбардтың несие
көлемі азаюда.
Банк операциялары табыстары деңгейінің жаппай төмендеуі. Аталған
жағдайда тұтыну несиесі несие құнының айналысы басқа қаржы құралдарына
салынған салымның пайдасымен салыстырғанда пайда деңгейі жоғары деңгейге
жетеді деп сипатталады, әрі тартымдылығы да бар. Алайда, банк жүйесінің
жеке бизнеске қарай бұрылуы қаржы активтері табысының төмендеуі мен ақылы
ресурстардың үлесінің өсуінен пассивтердің қымбаттауы арасындағы қарама-
қайшылықтар болып табылады.
Корпоративті несиелендіру рыногындағы бәсекелестіктің шиеленісуі: шетел
банктері қызметінің жандана түсуі, бірінші сыныпты қарыз алушылар
сегментінен ірі отандық банктердің отандық ұсақ және орташа банктерді
ығыстырып шығаруы, банктерді халыққа несие беру рыногына шығуға
итермелейді.
Халықтың нақты табысының өсуі: Аталған көрсеткішке қоса халықтың саны
және тығыздығы бойынша көрсеткіштері жеке бизнеске қарай мамандандырылған
несие ұйымдары үшін өз бөлімшесін сол өңірде немесе басқа өңірден ашуға
шешім қабылдаған кезде көп ықпал етеді.
Сауда ұйымдарының қызығушылығы: соңғы жылдардағы еліміздегі халықтың
ақшалай табысының тұрақты өсуі халықтың тұтыну сұранысын анағұрлым
қанағаттандыра түсуге ықпалы тигізді. Тұтыну несиесінің енгізілуі азық-
түлік емес тауарлардың тауарайналымы көлемінің өсуіне анағұрлым әсер етті.
Тұтыну несиесін пайдаланудан несиеге алған тауарлардың үлесінің өсе түсуі
сауда кәсіпорындарының сауда көлемін анағұрлым ынталандыруға мүмкіндік
береді.
2010 жылы жеке тұлғаларға несие берудің әртүрлі жаңа бағдарламалары
жасалып, дағдарысқа дейінгі және одан кейінгі жылдардағы айырмашылықтың
арасын қысқартатындай маңызды қадамдардың жасалғанын жоққа шығаруға
болмайды. Өткен жылы тұтыну несиесі саласында біраз тіршіліктің пайда бола
бастағанын еңбек нарығының қалпына келе бастауымен байланыстыруға болады.
Соған сәйкес тұрғындардың табыс көзі де орныға бастады. 2011 жылы берілген
тұтыну несиесі 2010 жылмен салыстырғанда 60 пайызға артты. Банктер бірте-
бірте кепілсіз несие нарығына орала бастады. Бірақ бұл көрсеткіш дағдарысқа
дейінгі тұтыну несиесінің көрсеткіштеріне жете қойған жоқ. Әзірге жете де
алмайтыны белгілі.
Демек, тұтыну несиесі рыногын дамытуға қатысты барлық тараптардың
көзқарастарының бір-біріне сай келуі соңғы жылдары оның өсуінің ұлғаюына
нақты негіз болды.
Біріншіден, 2010 жылдың екінші жартысынан кейін сыртқы қарыздарын қайта
құрылымдаудан өткеріп алған банктер бірінен кейін бірі тұтыну несиелерінің
әртүрлі формаларын ұсына бастады. Ұсынып ғана қойған жоқ, сыйақының
пайыздық мөлшерін белсенді түрде төмендетті. Сонымен қатар, несиені
ұйымдастыру үшін алатын комиссияны да кейбір банктер сылып алып тастады
деуге болады. Кейбірі ссудалық есепке қызмет көрсеткені үшін қойылатын ай
сайынғы комиссияны да алып тастап, несие сомасын және қарызға берілетін
мерзімді ұлғайтты. Өткен жылдың екінші жартысынан бастап, бірқатар банктер
белсенді түрде тұтыну несиелерін бере бастады. Әлеуетті клиенттер үшін
қойылатын талаптарды қарапайымдандырып, тіпті қарыз алушының ең төменгі
табысына да көз жұмып қарайтынын сездірді. Әйтсе де банк бұл жерде
клиенттің несие алуы үшін бар жағдайды жасай отырып, екінші жағынан
несиелердің параметрлерін либерализациялап, берілетін сома, несие мерзімі
мөлшерін барынша ұлғайтты
Екіншіден, кез-келген сатып алушы не туралы ойлайды және
тауарларды немесе қызметті бірден өз ақшасына емес, несиеге алуды
ойлайды, бұл несиеге қол жеткізу. Ең алдымен қарыз алушы өзінің
сенімді және төлем жасаудағы қабілетті тұлға екендігіне толық
сенімді болуы керек. Яғни банк оң шешім қабылдау үшін, қарызгердің
банкке ай сайынғы төлемді төлеуге және қажетті тұрмыстық
шығыстарды жабуға мүмкіндік беретін тұрақты табыс көзі болуы керек.
Орташа алғанда несие ізденушісінің (оның және отбасы
мүшелерінің) таза табысы және отбасы шығындарын төлеуге қаражат
қалуы үшін, олар бойынша болжанып отырған ай сайынғы
төлемдерінен шамамен екі есеге артуы қажет. Тұтынушылар табысының
қанша бөлігін несиеге жұмсайтынын келесі диаграмма арқылы көруге
болады.[9.б.5]
Төмендегі диаграмада көрсетілгендей, халықтың 39 % несиені тұтынбайды
екен, ал несиені тұтынушылар бойынша яғни табысының 10 % несиені өтеуге
жұмсайтын қарыз алушылардың деңгейі 20 % көрсетуде, табысының 10 % - 30%
жұмсайтындардың деңгейі 18 %, ал табысының 30 % - 50 % бойынша олардың
деңгейі 14 % көрсетуде, табысының 50 % -нан көбін несиені өтеуге жұмсайтын
несие алушылардың деңгейі 9 % көрсетуде.
Бұл көрсеткіштер халықтан сұрау жүргізілу арқылы анықталды.
(2978 адамнан).

Кесте 1. Несиені өтеуге бағытталған табыстың бөлігі

Несие Табысының 10 Табысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы ипотекалық несиелендіру жүйесі
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Нарықтық экономикадағы ипотеканың алатын орны мен ролі
«Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеуді дамытудың негізгі бағыттары»
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің болашағы
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
Қазақстандағы ипотекалық несиелендіруді бағалау мен талдау
Пәндер