2011 жылғы «Азиада» ойындарының туризмдегі рөлі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 АЗИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азиада ойындарының тарихи және қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ..7
1.1.1 7.ші Азия Ойындарының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1.2 Астанадағы Азиаданың бағдарлама жобасы ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.1.3 Мәдени Азиада ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2 Туризмнің, теориялық негіздері, түрлері және оның маңызы ... ... ... ..17
2 АЗИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Алматы қаласының Азиада ойындарына байланысты мүмкіндіктері..29
2.2 Астана қаласының туристік инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
3.1 Туризм дамуының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 53
3.2 Азиада ойындарының қазақстандық туристік инфрақұрылымды
дамытудағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан өкіметі 2015 жылға дейінгі туризмді дамыту мемелкеттік бағдарламасын қолдады. Бұның ішінде 2010-2014 жж. аралығындағы туристік индустрия бағытарының болашақ дамуының мемелекетттік бағдарламасының жобасы қарастырылды. Бұл бағдарламаны тарату нәтижесінде 2015 жылға дейін туризм аймағының негізгі өндірістік капиталының инвестициялық өсімі 2009 жылға қарағанда 30%-ке өседі- деп белгіленуде. 2009 жылы инвестиция көлемі 123 млрд тенгені құраса, қазіргі таңда ол, 147,5 $ құрайды. Бұл бағдарламада «Батыс- Европа-Батыс -Қытай» халықаралық транспорттық коридор бойынша туристік кластер құрамыз деп жоспарлануда. Атап айтқанда, халықаралық жол - Алматы, Тараз, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында әртүрлі категориялы жол инфрақұрылымы бойынша салынады [1]. Сондай-ақ, Ақмола облысында «Бурабай» туристік-ойынсауық кешенін, Шығыс-Қазақстан облысындағы «Алакөл» көлінің жағасында қонақ үй кешендерін, Алматы облысындағы «Қапшағай» суқоймасы жағалауынан «Жаңа-Іле» халықаралық туристік орталықтарын салуды және Манғыстау облысынан «Кендерлі» халықаралық курортын дамыту қарастырылған. Бағдарламада 2015 жылы «Бәсекеге қабілетті туризм және саяхат индексі» бойынша 92 орыннан 90 орынға көтрілу міндеттері қойылды. Осы бағдарламаның жүзеге асуының тағы бір көрінісі Қазақстан Республикасындағы 7-ші қысқы Азиада ойындарын өткізу болып табылады. Қазіргі кезде қоғамның рекреациялы іс-әрекеті әлемде қатты дамып келе жатыр. Бұл құбылыс қызмет көрсету көлемінің кеңеюіне, халықтың білім деңгейінің көтерілуіне және халықтың материалды жағдайының жақсаруына байланысты көптеген дамыған индустриалды мемлекетерде жүріп жатыр. Қазіргі таңдағы еңбек түрінің өзгерісі, адамның жүйке жүйесіне әсер ететін қысымның көбеюі, қоршаған ортаның экология-сының бұзылуы, адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіруге деген қажеттілігінің өсуі және бос уақыттың болуы жергілікті тұратын жерден тыс рекреациялық іс-әрекетпен айналысатын халықтың санының өсуіне әсерін тигізді. Осыған орай қазіргі кездегі Азиада ойындарының туризмді дамытудағы ролі ерекше және маңызды мәселе. Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдай-ларына әсер етеді. Туризм саласының қоршаған ортаға, аудандардың экономикасы мен халықтың тұрмыстық жағдайына жағымды қуатты әсері анықталды. Осыны негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік саланы ұзақ мерзімді бағдарламаға енгізіліп, болашағы бар сала ретінде қарастырды. Туризмді дамытудың негізгі мақсаты – оның жоғарғы рентабельді индустриясын құра отырып, кіріс беретін салаға айналдыру. Қазіргі кезде бұл мақсатқа жету үшін еліміздің әр түрлі аудандарының туристік-рекреациялық әлеуетін тиімді түрде пайдаланудың, дамытудың негізгі бағытын жасау керек. Сол, бағыттардың бірі ретінде спорттық туризмге жататын Азиада, Олимпиада ойындары.
1 Ердавлетов С.Р. Экономическая и социальная география Казахстана. Алматы: Қазақ Университеті, 1991 г.-287 с.
2 Под ред. Джамагамбетова С. Ж. Акмола энциклопедия. Алматы: Атамура. 1995 г.- 128 – 182 с.
3 Носов Д.С. Жемчужины Казахстана. Алма-Ата: Кайнар, 1989 г.-150с.
4 Кольцов С. В. По Акмолинской области. Краеведческий очерк. Алма-Ата: Академия наук. 1986 г.- 26-58 с.
5 Резванцев Б.Б. Сердцевина Евразии: Удивительнон и прекрасное вокруг новой столицы Казахстана. Алматы: Онер, 2003 г.- 78-89 с.
6 Ред. Коллегия Акушкаров М.М., Колпаков П.П. Государственный Национальный природный парк «Кокшетау». По заказу Инфармационно-аналитического центра геологий. Кокшетау, 2001 г.
7 Михайлов В. Ф.Боровое: Путевые очерки. Алма-Ата: Кайнар, 1993 г.8-57 с.
8 Чигаркин А. В. Памятники природы Казахстана. Алматы: Кайнар, 1994 г..
9 Шабельникова С. А. Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма. Алматы, 2000 г.-15-25с.
10 Евдокимов С.В. Вопросы археологии Центральното и Северного Казахстана. Караганда, 1989 г.- 115-136 с.
11 Евдокимов С.В. История материальной культуры Казахстана. Алматы: 1995 г.-253 с.
12 Акмолинская область в годы независимости Р.К. Кокшетау: Управление статистики Акмолинской области, 2001 г.- 5-17 с Управление статистики Акмолинской области. Управление статистики Акмолинской области.
13 http:// w.w.w. kazstat. Asdc.
14 Регионы Казахстана. Агентство РК по статистике.Алматы: 2004 ж.-455
15 Азар В.И. Введение в экономику иностранного туризма. – М.: Главинтурист, 1975. – 87 с.
16 Биржаков М.В. Введение в туризм. – СПб.: Издательский Торговый Дом «Герда», 2000. – 192 с.
17 Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. – М.: Изд-во МГУ, 1975. – 299 с.
18 Tourism: 2020 Vision. – Madrid: WTO, 1998. – 230 p.
19 Индустриально-инновационное развитие экономики Республики Казахстан // National Business. – 2004. – №9. – С. 30–67.
20 Осадин Б. Туризм и экономика // Туризм: практика, проблемы, перспективы. – 1999. – № 5. – С. 14–15.
21 Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебное пособие для вузов. – М.: Аспект-Пресс, 2001. – 464с.
22 Темный Ю.В. Введение в экономику туризма: Учебное пособие. – М.: Советский спорт, 2001. – 184 с.
23 Туризм и гостиничное хозяйство / Под ред. проф. А.Д. Чудновского. – М.: Изд-во ЭКМОС, 2000. – 400 с.
24 Папирян Г.А. Международные экономические отношения: Маркетинг в туризме. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 160 с.
25 Пузакова Е.П. Международный туристический бизнес. – М.: Экспертное бюро, 1997. – 176 с.
26 Даль В. Толковый словарь живого русского языка. – М.: Издат. группа «Прогресс», «Универс», 1994. – Т.4. – С. 127–128.
27 Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. – Алма-Ата: Галым, 1992. – 190 с.
28 Теоретические основы рекреационной географии / Отв. ред. В.С. Преображенский. – М.: Наука, 1975. – 224 с.
29 Котляров Е.А. География отдыха и туризма. – М.: Мысль, 1978. – 238 с.
Мироненко И.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. – М.: Изд-во МГУ, 1981. – 207 с.
30 Республика Казахстан. Закон от 13.06.2001 г. № 211. О туристской деятельности в Республике Казахстан // Казахстанская правда. – 2001. – 23 июня.
31 Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы: Галым, 2000. – 336 с.
32 Надыров Ш.М. Экономическая и социальная география Казахстана: теория и практика // География в школах и вузах Казахстана. – 2006. – № 2. – С. 2–3.
33 Герасименко В.Т. Основы туристского бизнеса. – Одесса: Черноморье, 1997. – 60 с.
34 Правительство Республики Казахстан. О программе развития туристской отрасли на 2007–2011 гг.: Указ Президента Республики Казахстан от 35..12.2006 г. № 231 // Казахстанская правда. – 2006. – 10 января.
36 Правительство Республики Казахстан. Концепция развития туризма в Республике Казахстан: одобрено пост. от 6 марта 2001 г. № 333 // Туристская деятельность. – Алматы, 2003. – С. 16
37Гуляев В. Г. Организация туристской деятельности: Учебное пособие. — М.: Нолидж — 1996.
38 Сенин В. С. Организация международного туризма: учебник. — М.: Финансы и статистика, 2000.
39 В. Е. Арефьев. Введение в туризм: Учебное пособие. Изд-во АГУ, 2002. — 282 с.
40 Ополченов.Е. Проблемы развития национального туризма // Туризм. – 2006. – №7. – с.24-25.
41 Каукенов Ж. Кирпичики государственной архитектуры // Деловой мир. – 2005. – №6. – с.10-12.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ
ал-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қорғауға жіберілді
Туризм кафедрасының
меңгерушісі ________А.М. Артемьев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: 2011 жылғы Азиада ойындарының туризмдегі рөлі
050902 –мамандығы бойынша - Туризм
Орындаған
Жұмағұлова М.С.
Ғылыми жетекшісі
Сабиров Д.З.
Алматы 2011
Бекітемін
Туризм кафедрасының меңгерушісі
______________ Артемьев А.М.
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінің
туризм кафедрасының 4 курс студенті Жұмағұлова Махфузаның 2011 жылғы
Азиада ойындарының туризмдегі ролі тақырыбындағы дипломдық жұмысына
Тапсырма
№ Тапсырма мазмұны Орындау мерзімі Орындау туралы
1 Тақырыпты бекіту қараша 2010
2 Жұмыс құрылымын орындау желтоқсан 2010
3 Тақырып бойынша ақпараттық 18.01 –
ізденіс жұмыстары, өндірістік 06.02.2011
практика кезінде материал
жинау
4 Кіріспе 08 – 22.02.2011
5 1 тарау 23.02 – 12.03.2011
6 2 тарау 13.03 – 04.04.2011
7 3 тарау 27 – 30.04.2011
8 Қорытынды 27 – 30.04.2011
9 Пайдаланылған әдебиет 04 – 08.05.2011
тізімінжәне графикалық
материалдарды рәсімдеу
10 Қосымшаларды рәсімдеу 11 – 15.05.2011
11 Презентация мен баяндаманы 17 – 25.05.2010
дайындау
12 Алдын – ала қорғалу 20.05.2011
13 Дипломдық жұмысты қорғау 03.06.2011
Тапсырманы алды
Жұмағұлова М.С.
Ғылыми жетекші
Сабиров Д.З.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 АЗИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Азиада ойындарының тарихи және қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ..7
1.1.1 7-ші Азия Ойындарының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1.2 Астанадағы Азиаданың бағдарлама жобасы ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.1.3 Мәдени Азиада
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.2 Туризмнің, теориялық негіздері, түрлері және оның
маңызы ... ... ... ..17
2 АЗИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Алматы қаласының Азиада ойындарына байланысты мүмкіндіктері..29
2.2 Астана қаласының туристік инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
3.1 Туризм дамуының
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 53
3.2 Азиада ойындарының қазақстандық туристік инфрақұрылымды
дамытудағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 65
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан өкіметі 2015 жылға дейінгі туризмді
дамыту мемелкеттік бағдарламасын қолдады. Бұның ішінде 2010-2014 жж.
аралығындағы туристік индустрия бағытарының болашақ дамуының мемелекетттік
бағдарламасының жобасы қарастырылды. Бұл бағдарламаны тарату нәтижесінде
2015 жылға дейін туризм аймағының негізгі өндірістік капиталының
инвестициялық өсімі 2009 жылға қарағанда 30%-ке өседі- деп белгіленуде.
2009 жылы инвестиция көлемі 123 млрд тенгені құраса, қазіргі таңда ол,
147,5 $ құрайды. Бұл бағдарламада Батыс- Европа-Батыс -Қытай халықаралық
транспорттық коридор бойынша туристік кластер құрамыз деп жоспарлануда.
Атап айтқанда, халықаралық жол - Алматы, Тараз, Оңтүстік-Қазақстан,
Қызылорда және Ақтөбе облыстарында әртүрлі категориялы жол инфрақұрылымы
бойынша салынады [1]. Сондай-ақ, Ақмола облысында Бурабай туристік-
ойынсауық кешенін, Шығыс-Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағасында
қонақ үй кешендерін, Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасы жағалауынан
Жаңа-Іле халықаралық туристік орталықтарын салуды және Манғыстау
облысынан Кендерлі халықаралық курортын дамыту қарастырылған.
Бағдарламада 2015 жылы Бәсекеге қабілетті туризм және саяхат индексі
бойынша 92 орыннан 90 орынға көтрілу міндеттері қойылды. Осы бағдарламаның
жүзеге асуының тағы бір көрінісі Қазақстан Республикасындағы 7-ші қысқы
Азиада ойындарын өткізу болып табылады. Қазіргі кезде қоғамның рекреациялы
іс-әрекеті әлемде қатты дамып келе жатыр. Бұл құбылыс қызмет көрсету
көлемінің кеңеюіне, халықтың білім деңгейінің көтерілуіне және халықтың
материалды жағдайының жақсаруына байланысты көптеген дамыған индустриалды
мемлекетерде жүріп жатыр. Қазіргі таңдағы еңбек түрінің өзгерісі, адамның
жүйке жүйесіне әсер ететін қысымның көбеюі, қоршаған ортаның экология-сының
бұзылуы, адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіруге деген
қажеттілігінің өсуі және бос уақыттың болуы жергілікті тұратын жерден тыс
рекреациялық іс-әрекетпен айналысатын халықтың санының өсуіне әсерін
тигізді. Осыған орай қазіргі кездегі Азиада ойындарының туризмді
дамытудағы ролі ерекше және маңызды мәселе. Туризм өзінің масштабтарымен,
көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің
әлеуметтік және экономикалық жағдай-ларына әсер етеді. Туризм саласының
қоршаған ортаға, аудандардың экономикасы мен халықтың тұрмыстық жағдайына
жағымды қуатты әсері анықталды. Осыны негізге ала отырып Қазақстан
Республикасының Үкіметі туристік саланы ұзақ мерзімді бағдарламаға
енгізіліп, болашағы бар сала ретінде қарастырды. Туризмді дамытудың негізгі
мақсаты – оның жоғарғы рентабельді индустриясын құра отырып, кіріс беретін
салаға айналдыру. Қазіргі кезде бұл мақсатқа жету үшін еліміздің әр түрлі
аудандарының туристік-рекреациялық әлеуетін тиімді түрде пайдаланудың,
дамытудың негізгі бағытын жасау керек. Сол, бағыттардың бірі ретінде
спорттық туризмге жататын Азиада, Олимпиада ойындары. Осы мәселелерге
қатысты зерттеу жұмыстары мемлекет тарапынан қолға алынбағандығы
байқалады. Кез келген спорттық ойындардың өтуі сол елге инвестиция
алып келумен қатар, өтілетін аймақтың туристік рекреациялық
ресурстардың игерілуіне ықпал ететіні сөзсіз. Туристік шаруашылықты
дамыту мәселесі Азиада ойындары өтетін Алматы мен Астана аймағындағы ең
негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Бұл өңірлер туристік-
рекреациялық ресурстарға өте бай өңір. Аудан рекреациялық сұранысты
туғызатын әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің жоғарылығымен және
туристік салада рационалды түрде пайдалану мен жан-жақты зерттеуді қажет
ететін бай туристік-рекреациялық әлеуетімен сипатталады. Туризм геграфиясы
тұрғысынан алып қарасақ осы жерлер табиғи және мәдени-тарихи ресурстарының
бай кешенімен республикамыздың жартылай талап етілетін туристік-
рекреациялық әлеуетіне жатқызылады. Сондықтан да аймақтың туристік
сферасының даму болашағын анықтау демалыс пен рекреация үшін мүмкіншіліктер
мен жағдайларды терең түрде, жан-жақты талдауды қажет етеді [2].
Дипломдық жұмыстың Азиада ойындарына байланысты мәселелерді талдай
отырып туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі бағытын құрастыру,
аймақтың туристік әлеуетінің жиынтығын анықтау мен туристік-рекреациялық
ресурстарын туризм мен демалыс саласына пайдаланудың негізгі жолдарын
қарастыру жатыр. Зерттеу жұмысы өте маңызды халықшаруашылық мәселелерді
шешуге бағытталады. Аймақтың демалыс пен туризм саласын ұйымдастыру жолдары
ауданның әлеуметтік кешенінің құрылуына, экономикалық деңгейінің өсуіне,
мәдениет пен тарих объектілерінің, табиғи ландшафттардың кешенді түрде
зерттелуіне, тарихи-мәдени мұра ескерткіштердің сақталуына, халықтың
экологиялық және географиялық мәдениетінің дамуына және халық арасында
тәрбиелік маңызы бар қоршаған ортаны қорғау туралы насихат жүргізуге үлкен
мүмкіншіліктер береді.
Зерттеу объектісі Алматы мен Астана аймағының туристік-рекреациялық
ресурстары болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде ауданның туристік-рекреациялық ресурстарын туризм
мен демалыс саласына пайдалану жолдарын зерттеу және туристік саланың даму
болашағын анықтау алынады.
Зерттеудің мақсаты 2011 жылғы Азиада ойындарының туризмдегі рөлін
теориялық тұрғыдан зерттеу және аймақтың демалыс пен туризм саласын дамыту
үшін туристік-рекреациялық ресурстарды белгілеу және оларды пайдалану
жолдарын анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін ғылыми зерттеу жұмысының алдына келесі
міндеттер қойылды:
1. Азиада ойындарының спорттық туризмдегі орнымен шаруашылық саласын
дамытудағы мәнін анықтау;
2. Аймақтың физикалық-географиялық орнына сипаттама беру;
3. Аймақтың туризм мен демалыс саласын дамытудың табиғи және әлеуметтік-
экономикалық алғышарттарын анықтау;
4. Аймақтың туризм мен демалыс саласының қазіргі көрінісіне талдау жасау;
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізін туризм және
рекреациялық география облысындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектері құрайды. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстандағы жаңа
бағыттағы қоғамдық географияның негізін қалаушы, география ғылымының
докторы, профессор С.Р.Ердавлетовтың еңбектері және сонымен қатар
И.В.Зориннің, В.С.Преображенскийдің, Ю.А.Ведениннің, М.Б. Биржаковтың,
Г.Т.Кубесованың, С.А.Щабельникованың, Ж.Н. Алиеваның, К.С. Турсинбаеваның
және тағы басқалардың ғылыми жұмыстары пайдаланылды.
Зерттеу әдістері: салыстырмалы-аналитика, жүйелі түрдегі талдау,
синтез, тарихи тұрғыдан зерттеу, экономикалық және статистикалық зерттеу,
картографиялық зерттеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Азиада ойындарының спорттық туризмдегі орнымен шаруашылық
саласын дамытудағы мәнін анықталды;
Аймақтың физикалық-географиялық орнына сипаттама берілді;
Аймақтың туризм мен демалыс саласын дамытудың табиғи және
әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықталды;
Аймақтың туризм мен демалыс саласының қазіргі көрінісіне талдау
жасалынды;
Яғни, Азиада ойындарына қатысты туристік-рекреациялық сфераның қазіргі
көрінісі мен туризм мен демалыс саласының табиғи және әлеуметтік-
экономикалық даму алғышарттарын анықтау мен бағалауда кешенді түрде зерттеу
жұмысы жүргізілді. Ауданның туристік әлеуеті мен экскурсиялық әлеуеті
анықталды.

1.1 Азиада ойындарының тарихи және қазіргі жағдайы
2006 жылы 4 марта Кувейте Азия Олимпиада кеңесінің мәжілісінде 2011
жылдары Азиада ойындарын Алматыда өткізу туралы шешім қабылданды.
Бұл жаңалық өте үлкен резонанс тудырды. Себебі, Азиада ойындары қысқы
олимпиада ойындарына алғашқы баспалдақ ретінде саналады. Мок шешімі
тарихи деректерге байланысты қабылданған бірде бір шешім еді. Жапония
Қытай Корей елдеріде алдымен Азиада ойындарын өткізіп содан соң
олимпиада өткізуге қол жеткізді.
Азиада тарихына шолу. Алғаш рет Азиада ойындарының тұсау кесері 1986
жылы басталды. Сол жылдардан бері тек қана 3 ірі қуатты мемлекеттер
Жапония Қытай Корей аймақтарында өтті. Бұл елдер қысқы спорт түрінен
және экономикалық тұрғыда қарқынды дамып келе жатқан елдер санатында
болатын. Алғашқы старт Саппоро қаласында Жапон жерінде өтті. 1986 жылы
жеті ел спортшылары қаттысқан болатын. Алғашқы қысқы Азиада ойындары
жеті спорт түрін қамтыды. Алғашқы қысқы Азияда ойындарының эмблемасы 1-
суретте көрсетілді. Ең алғаш рет ойын иелері Жапондықтар 29 алтын медалды
ұтып кетті. Бұл рекорд әлі өзгерген жоқ. Жылдан жылға команда саны
көбеюде.
Екінші Азиада ойындары қайтадан Саппоро қаласында 1999 жылы
өткізілді. Он спорттың қысқы түрінен жарыстар өтіп, тағыда Жапон
командасы 18 алтын медалді иемденді.
Үшінші Азиада ойындары 1996 жылы Қытай Республикасының Харбин
қаласында өтті. Тұрақты қатысушылар қатарына алғаш рет Қазақстан мен
Өзбекстан құрама командалары келіп қосылды. Қазақстандық команда Қытай
спортшыларынан кейінгі орынды иеленді [3].
Келесі Азиада оңтүстік Корея территориясында орналдасқан Кангвон
провинциясында өтті. Тағыда Қытайлықтар басым болды. Қазақстан коман-
дасы үшінші орынға иеленді. Ал, бесінші Азиада ойындары Жапонияның
Аомори қаласында 2003 жылы тағыда бірінші орында болып,Қазақстан-дықтар
төртінші орынга ие болды. Жапон командасы 24 алтын медалді, ал
Қазақстандықтар бар болғаны 7 алтынды қоржынына сала алды.
Алтыншы Азиада ойындары Қытай Республикасының Чангчуан
қаласында 2007 жылы өтсе, 2011 жылы қантар –ақпан айларында Алматы
қаласында өту жоспарланған болатын. Азиада ойындары Қазақстанда өтуі
заңды нәрсе. Себебі Қазақстан командасы бірнеше Азиада ойындарына
қатысып жақсы көрсеткіштер көрсете алды. Тағыда басты аргумент ел
экономикасының тұрақтылығңы мен елдегі саяси геосаяси факторлардың
барлығы. Өкімет шешімімен Алматы қаласында өтетін ойындар қазірде екі
қалаға бөлінді. Астана мен Алматы қалаларының инфрақұрылымы мен
спорттық кешендері Азиада ойындарына дайындық барысында. Бұл шешімнің
дұрыстығын ойын кезінде нақты біле аламыз. Біздің ойымызша, мұндай
шешімдерді қабылдауда басты мақсат елорда аймағы мен климаттық фактор
болуы мүмкін. Дұрыс менеджмент болған жағдайда екі қалада өтуі орынды
нәрсе. Біз, Азиада ойындарының Олимпиада ойындарына ұласатынын тарихтан
білеміз. Сондықтанда Қазақстан болашақта Олимпиада ойындарын өткізе
алары анық. 2014 жылғы олимпиада ойындарын өткізу турына қатысу үшін
алдымен қысқы Азиада немесе Әлемдік универсиада ойындарын өткізіп
спорттық құрылымдарды сынап көру қажет. Бұл мәселе Алматы 2014
концепциясында көрсетілген. Азиадасыз Олимпиада болмайды деген
тұжырымдамаға сүйену керек. Халықаралық олимпиада комитетінің бұрынғы
президенті Хуан Антонио Самаранч Ташкенттегі өткен Орталық Азия
ойындарында осы ойындардан кейін Ташкентте немесе Алматыда өткізу
туралы көзқарасын тегінен тегін айтқан жоқ болатын. Себебі, бар
спорт кешендерін одан ары жетілдіре отырып жаңа стадиондар салу
мәселесіне тоқталған болатын. Азиада тарихында қабылдаушы елдер спорт
түрлерін таңдауға құқылы. Онда негізгі өтілуге тиісті спорт түрлері:
шаңғы жарысы, биатлон, жылдам сырғу, өрнектеп сырғанау, хоккей, шорт –
треке, таушаңғы түрлері сақтала отырып басқада спорт түрлері енгізілуге
болады. Азиада 2011 жылы Алматыда 11 спорт түрінен 59 медальді сарапқа
салу дайындығы өтілуде. 17 мемлекеттен 800 спортшылар, 700
жаттықтырушылар,1000 жуық ақпарат құралдары өкілдері, 700 волонтерлер,
1500 қызмет көрсететін адамдар және 60 мыңға жуық туристер қатысатын
шығар деген болжамдар да бар. Шамамен 35-45 млн доллар АҚШ доларын
ел экономикасына қосуға мүмкіндік туатыны сөзсіз.
Алматы қалалық акимат өкілдері,Ұлттық Олимпиада комитеті, Туризм мен
спорт министрлігі, экономика мен бюджетті жосспарлау, транспорт және
коммуникация, индустрия және сауда, қоршаған ортаны қорғау , төтенше
жағдайлар, ішкі істер, мәдениет жәнен ақпарат, сыртқы істер министрліктері
тарапынан Азиада ойындарына қатысты мәселелер талқыланып талданды.
Спорт инфрақұрылымдары мен көлік қатынасы есептелініп талданды.
Республикалық бюджеттен жалпы көлемі $722,2 млн. бөлініп, 15 мың орындық
спорт сарайы салынбақ. Ол спорттың көптеген түрлерінен жарыс өткізуге
арналмақ (хоккей, өрнектеп сырғанау. шорт-трек, волейбол, баскетбол,
гандбол, мини-футбол және гимнастикадан) жарыстарға қолайлы болуы шарт.
Кейін бұл объект концерт, көрмелер ұйымдастыруға жарамақ.
спорткомплекс Медеу және Б. Шолақ спорт сарайларына ірі реконструкция
жасалынды. Қалған ақшаларға транспорт, жол мәселелерін шешуге, салуға
кетті [30].
$218,4 млн. жергілікті бюджет қаражатынан Азиаданың ашылу жабылу
салтанатына электр жылу жүйкелерін ретке келтіруге, ұйымдастыру
жұмыстарына тағы да қаржы жұмсалу көзделді.
$480 млн. инвесторлар ақшасына тау шаңғысы мен Олимпиада қалашығын салуға
жұмсалатын қаржы түсті.
2007 жылы 5,5 млрд. тенге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 2008-
2009 жылдары спорт құрылымдарын салуға, 2010 жылы енгізуге жұмсалады.
Осы қаржы көлемінде ауытқулар болуы да мүмкін. Қантар-ақпан 2011
жылдары Алматы мен Астана қалалары қысқы Азиада ойындарына дайын
тұрды.
Салынған құрылымдар халықаралық денгейге сәйкес болуы басты
шарт. Азиада ойындары елімізге жаңа спорт кешендерін, жұмыс күшін
пайдаланудың жаңа жолдарын алып келді. Алғашқы саты Азиада ойындарының
эмблемасын, логотипін жасау гимн ,спорт түрлеріне қатысты пиктограммалар,
жарналармен буклеттерге конкурс жарияланған болатын. Ынталандыру
жүлдесі 5 номинация бойынша әрқайсысы $1000 көлемінде бағаланбақ.
Сурет 1. Эстафета қабылдау [26]
Алматы қаласы қысқы Азиада ойындарын өткізетін қала болып 4
наурызда 2006 жылы Кувейтте Алматы қаласы әкімі И.Тасмағамбетов және Азия
Олимпиада кеңесі арасында контракт жасалынды. 30 қаңтар мен 6 ақпан 2011
жылы өтілетін болып мерзімі анықталды. Сонымен, асыға кұткен келісімге
қол қойылуы тарихи оқиға айналды, Азиада ойындарының жалауы Чанчунь
қаласының мэрі – А. Жу Еджин.
Азиада ойындарын жабу кезінде Иманғали Тасмағамбетовке 4 ақпан күні
Changchun Wuhuan Dome атты Қытай стадионында Олимпиада кеңесінің вице-
президенті Хо Чжэньтин тапсырғанының куәсі болдық.
Сол, Чанчунде өткен VI қысқы Азиада ойындарының іс -тәжрибесіне
көз салсақ Спорттық ойындарды өткізу тікелей инфрақұрылым мен келетін
туристерге қызмет көрсету қиыншылықтары барлығын анықтадық.
Чанчунь Қытайдың ел орталығынан алыста орналасқан провинциясының бірі
Қытай туралы дерек беретін туроператорлардың буклеттерінен таппайсыз.Ұлы
Қытай қабырғасы алыста ,туристерді апаратында тарихи орындар жоқтын
қасы. 200 жылдық тарихы бар Қытай қаласы Ал Харбин көрші жатқан провинция
тарихы да,ескерткіштері де жеткілікті болғанына қарамастан осы қаланың
таңдалып алынуы түсініксіз [31].
Чанчунь орыс тілінде Мәнгі көктем деген мағынаны білдіреді. Кенес
одағы кезінде елуінші жылдары автомобиль зауыты салынған еді. Чанчун
студент-тер қалашығы жұмысшылардың жалақысы Пекин қаласындағылардан 3 есе
аз. Көшелерін қолмен тазалайды. 2 миллион халқы бар қала Азиада
ойындарын өткізуге дайындықтары мен өткізу жолдарын жоғары денгейде
ұйымдастыра алды. Оны біз, Рессей прессаларынан көреміз Спортивную
базу китайцы подготовили весьма современную и в то же время отличающуюся
простотой. Два хоккейных дворца спорта, крытая конькобежная арена, дворцы
для фигурного катания, керлинга, да и главный крытый стадион для проведения
в нем церемоний торжественного открытия и закрытия Игр представляют из себя
модульные металлические конструкции. Ни бетона, ни кирпича, один сплошной
металл в обрамлении стекла. Еще проще хозяева подошли к решению вопроса
проведения соревнований на открытом воздухе. В районе горнолыжной базы они
возвели стадионы для лыжных гонок и биатлона, и получился второй центр
спортивной программы Азиады – в Жилине. Правда, это в 160 километрах от
Чанчуня, два с лишним часа пути, но транспортные неудобства испытывали
только болельщики, так как спортсмены и их тренеры жили, тренировались
практически рядом с основными трассами Газета Спорт 2006 жыл Алматы
қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Чанчун қаласында делегация
құрамында болып қайтты. Азиадаға арналған кешенде-рдің салынуы мен
сапасын,ұтымды жақтарын Алматы қаласындағы кешен-дер салуда
пайдаланбақ. 1,424 млрд доллар көлемінде Азиада ойындарына жұмсалатын
шығын есептелген [16].
Туризм және спорт министрлігінің мәліметтері бойынша Қазақстанға
800 спортсмендер келіп 59 медальді сарапқа салмақ көрінеді.
Қазақстандық топ жетекшісі Азиада өткізу жөніндегі көзғарасын былай
деп тұжырымдайды: Нам необходимо кардинально менять концепцию подготовки
к Азиаде 2011 года. Мы приступаем к строительству олимпийской деревни и
спортивных объектов. Все они должны быть спроектированы и построены с
учетом особенностей той категории людей, о которой мы сегодня говорим. Надо
серьезно подумать о том, чтобы и городская инфраструктура могла принимать
таких спортсменов. Это станет мощным импульсом для дальнейшего развития
нашего города, потому что, к сожалению, в Советское время людям с
ограниченными возможностями уделялось недостаточно внимания в вопросах той
же инфраструктуры. А потому предстоит немало работы для того, чтобы здесь
было комфортно всем.
Қысқы ойындар өткізу үшін Алматыда және Астанада қандай стадиондар
мен спорт кешендерін салу басталып қана қойған жоқ қарқынды жұмыстар
жүргізілуде. Ол, туралы (Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы ) ҰОК
Тимур Досымбетов мәлімдеген болатын. Қазақстандағы спорттық кешендер
салуды Жапондықтар ынта білдірген.
Жапон архитекторы К.Ватанабэ Шымбұлақ тау шаңғы кешені туралы өз
проектісін қала әкіміне ұсынды. Ол жоба әлемдік стандартқа сай. Қысқы
спорт түрлерінен жарыс өткізуге қолайлылығымен ерекшеленеді. Бірақта
соңғы жылдары Азиада ойындарының екі қалада өтуіне байланысты көп-теген
жобалар іске аспайтын болып тұр. Азиада ойындары екі қалада қалай
бөлінбек деген сауалға тоқтасақ. Ел астанасында конькимен сырғанау
жарыстары,мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, ерлер мен әйелдер хокейі
өтетіні белгілі болды. Ал, Алматы үлесіне спорттың келесі түрлері;
шаңғы,тау шаңғысы, биатлонистер, бағдарлаушылар трамплиннен секірушілер
жарысы тимек. Өкінішке орай, Алматыда салынбақ болған 20000 орындық спорт
сарайы салынбайтын болды. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы таршылық
жасайды және стандартқа сай болмай тұр. Жаңа спорт сарайы әлемдік
күрес ,баскетбол,волейбол ойындарын өткізуге қажет ақ. Азиада ойындарының
кейбір спорт түрлерінен салынған құрылымдар уақытща боады. Мысалы,
бобслей-шана жарысына салынған трасса маусымдық сипатқа ие болмақ. Оның
алып келер шығыны жетеді. Олимпиада нысандары Грек еліне көптеген
шығындар алып келгені белгілі. 3 млрд доллар жұмсалады деп есептелініп
жалпы шығын 8 млрд жетті. Оның барлығы мемлекет бюджетінен алынғанын
естен шығармау керек сияқты. 1976 жылғы Монреаль олимпиадасы да
қарыздарға батты. 2000 жылғы Сидней 1,4 млрд долларға есептелініп
кейінгі шығын мөлшері екі есеге артқанын естен шығармауымыз керек [24].
7-ші Азия Ойындарының тарихы
2006 жылдың 4 наурызында Азиялық Олимпиада Кеңесі (АОК), ҚР Ұлттық
Олимпиада комитеті (ҚР ҰОК) және Алматы қаласы әкімдігі арасында Қазақстан
Республикасында, Алматы қаласында 7-ші қысқы Азия Ойындарын өткізу туралы
келісімге қол қойылды. 2007 жылғы 29 қазанда АОК ҚР ҰОК-нің 7-ші қысқы
Азия ойындары бағдарламасын Алматы және Астана қалалары арасында бөліп
өткізу туралы ұсынысын қолдады [17].
Азиада мен Эстафетаның басталуы
7-қысқы Азия ойындарының ресми бөлігі 2011 жылы 30 қаңтар мен ақпанның 6-сы
аралығында Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Алайда Азиада негізінен
бұдан ертерек басталады. Астаналық Дирекцияның жобалық бастамасымен
Олимпиадалық Алауы эстафетасының басталуы жоспарланған. 2011 жылғы 11
қаңтарда Эл-Кувейтте Азиада алауы тұтанып. 12 қаңтар күні Алматы қаласына
әкелінеді. Алау Эстафетасын салтанатты қарсы алудан соң Оңтүстік астананың
көшелерін бойлай жүріп, онан соң аймақтарға жіберіледі. Алау 20 күн бойы
Қазақстанды аралап, соңында Астанаға - Азия ойындарының ашылу салтанатына
жеткізіледі.
Астанадағы Азиаданың бағдарлама жобасы
Астана қаласындағы Азиада ойындарының бағдарламасында келесідей шараларды
өткізу жоспарланған:
- Азиялық Олимпиада Кеңесі Бас Ассамблеясының отырысы (2011 жылғы
29 қаңтар, Рэдиссон отелі);
- Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі (30 қаңтар, жаңа
Қажымұқан жабық стадионы);
- Конькиде жылдамдық бойынша жарыс (29 қаңтардан 6 ақпанға дейін,
Қазақстан спорт сарайы).
- Мәнерлеп сырғанау (2-5 ақпан. Республикалық велотрек).
- Шорт-трек (31 қаңтардан 2 ақпанға дейін. Республикалық велотрек)
жарыс бағдарламасында өзгерістер мен толықтырулар болуы мүмкін.
Азиада қонақтары: Астанада Азиада ойындарын өткізу кезінде жақын және алыс
шетелдерден екі жарым мыңнан астам қонақтар келеді деп күтілуде. Оның бес
жүзі ресми қонақтар, сегіз жүзі спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар,
спорт төрешілері, дәрігерлер және т.б. , сондай-ақ, мыңға жуық
аккредитациядан өткен шетелдік журналистер мен үш жүз республикалық және
қалалық БАҚ өкілдері [23].
Ойынның баспасөз орталығына Думан қонақ үй кешенінің көрме павильонын
жабдықтау ұсынылуда. Осы қонақ үйде шетелдік журналистер орналасатын
болады. Бұдан басқа қонақтардың ішіндегі жақын және алыс шетелдік жарты мың
туристердің келуі ұйымдастырылуда.
Ойынның ашылу салтанаты: Азиаданың ең басты маңызды оқиғасы 30 қаңтарда
елордадағы Қажымұқан стадионында өтетін Ойынның ашылу салтанаты болып
табылады. Оның салтанатты ашылу рәсімі тәуелсіз Қазақстан тарихында және
қысқы Азия ойындарын өткізу тарихында ең маңызды айтулы мерекенің бірі
болмақ. Салтанатқа Республика басшысы, достас мемлекет басшылары,
Халықаралық Олимпиада комитеті мен Азиялық Олимпиада кеңесі Президенттері,
көптеген құрметті қонақтар қатысады.
Мәдени Азиада
Астаналық Дирекция Астанада Мәдени Азиада деп аталатын үлкен жоба
бойынша қосымша мәдени шаралар өткізгелі отыр.
Мәдени Азиада - бұл жарыс емес. Бұл Ойын идеясын одан әрі жандандыра
түсетін локомотив және де барлығына мәдениеттің түсінікті тілінде спорттық
басты оқиғаларды жүргізеді. Мәдени Азиада қазақтың мәдени мұралары мен
Қазақстанның жаңа мәдениетінің алға басуындағы жоба болып қалмақ. Мұның
барлығы Республикамызды және оның астанасын барлық елге таныту үшін
жасалынуда.
Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) - төрт жыл сайын 1951 жылдан бері
Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт жарысы.
Есептеу Нью Делиде өткен бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың
жалпы ұзақтығы - Ашылу және Жабылу салтанатын қоса кем дегенде 7 және ең
дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК)
қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының
эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстар өз
елін білдіретін Ұлттық Олимпиада комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен
әнұран марапаттау рәсімінде бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27
қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында бірінші рет
Крикет өтеді [19].
Азия ойындарының туындауы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды.
Көптеген жаңа елдер өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей
жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда
Он төртінші Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті
Гуру Дутт Сонди тұлғасында Азия спорт командаларының басшыларына Азия
Атлеттік Федерациясын құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын
талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда Азия ойындарының федерациясы
формалды құрылып аталды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім
қабылданды.
Федерацияның түрленуі
1962 жылы Федерацияда Тайвань мен Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау
туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия осы елдерді Федерацияға қабылдауға
қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын
қауіпсіздікке қауіп туындауына байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар
Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы - Бангкокта өткізілді. 1973
жылы АҚШ пен Тайваньның бірнеше елдері мен Израильде Араб ұлттық
оппозициясын танумен байланысты дау туындады. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш
пен Үндістанмен қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы
Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада
комитеттері Азия ойындары Федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім
қабылдады.
Кесте 1
Қысқы Азия ойындары [38]
Ойын №
Қала, өткізген ел
жыл
Қатысатын елдер саны
Спорт түрлерінің саны
Спортшылар мен ресми тұ
ғалар саны
1-інші
Саппоро, Жапония
1986
7
7
425
2-нші
Саппоро, Жапония
1990
10
6
414
3-інші
Харбин, Қытай
1996
16
7
660
4-інші
Кангвон, Корея
1999
21
7
799
5-інші
Аомори, Жапония
2003
17
11
641
6-ншы
Чангчун, Қытай
2007
45
10
1100
Азиялық Олимпиада кеңесі аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес
ойындарды 1986 жылдан бері қадағалайды. Тайвань қабылданды, бірақ АОК ХОК
стандарттарына сәйкес оны Қытай (Тайбэй) деп атайды. Израиль шығарылып
тастап, еуропалық жарыстарға қосылды. Ойындарға 1994 жылы бірнеше елдердің
қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын шақырды:
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан.
Логотип сипаттамасы:
Қысқы Азия Ойындарының логотипі (эмблемасы) олимпиадалық спорттық қозғалыс
идеясын білдіріп, Азия Ойындары өтетін елдің ерекшелігін көрсетіп тұруы
тиіс. Азиаданы ұйымдастырушы мемлекет логотип жасайды, кейін ол Азиялық
Олимпиада Кеңесімен бекітіледі. Азиялық Ойындардың барлық элементтерінің
ажырамас бөлігі жоғарыда жарқыраған күн көзі болып табылады.
2007 жылы 2011 жылғы 7-қысқы Азия Ойындарының ресми логотипіне байқау
жарияланды. Байқауда 50 жұмыс қаралып, финалға 10 жоба шыққан болатын.
Кесте 2
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны
[17]
Ойын №
Қала, өткізген ел
жыл
Алтын
Күміс
Қола
Жиыны
1-інші
Саппоро, Жапония
1986
Қатысқан жоқ
2-нші
Саппоро, Жапония
1990
Қатысқан жоқ
3-інші
Харбин, Қытай
1996
14
9
8
31
4-інші
Кангвон, Корея
1999
10
8
7
25
5-інші
Аомори, Жапония
2003
7
7
6
20
6-ншы
Чангч
н, Қытай
2007
6
6
6
18
Байқаудың қорытындысы бойынша Тигран Туниянц жетекшілік еткен
дизайнерлердің шығармашылық тобы жүлделі болды. Ертеректе аталмыш ұжым
Пекин қаласында болатын Олимпиадалық Ойындардың алдында Алматыда өткен
Олимпиада эстафетасының стилистикасы мен безендірілуін жасаған еді.
Жоба жетекшісі Тигран Туниянц атап өткендей, көптеген нобайларды есепке
алмағанда, осы уақытқа дейін біз жасаған 20 жобаның ішінен таңдауымыз дәл
осыған түсті. Мұнда 4 негізгі түс бар: изумруд, бирюза, рубин мен алтын.
Азиада Ойындарының эмблемасында түрлі түстер бұған дейін қолданылмаған.
Мысалы, Сочиде өтетін Қысқы Олимпиадалық Ойындар логотипінің түсі ресейлік
триколорға сай – ақ, көк, қызыл [5].
Солт Лейк Сити-2002 эмблемасы қар бүршігінде бейнеленген және ашық
түстерге боялған – сары, қызғылт сары және көк. Бұл түстер Қысқы
Олимпиадалық Ойындар өткен Юта штатының табиғатына тән.
Өз кезегінде 7-қысқы Азия Ойындарының логотипі көшпелі арба доңғалағына
ұқсас. Геральдикалық өнерде доңғалақ кеңістікте де, уақытта да үнемі
қозғалыс белгісін білдіреді. Тұрақты даму идеясының белгісі бола отырып,
логотип – өмірдің алға қарқынды жылжуын білдіретін эмблема болып табылады.
Доңғалақ бейнесі дөңгелек символикасына жақын болып келеді және көне
нанымдарға сәйкес, ол Күн құдайының Жерді айналу идеясын береді. Бұл ретте
логотип солярлы белгі, сондықтан ол өмір мен амандық-саулықты сыйға
тартатын шырақтың сәулелі қуатын білдіреді. 7-ші қысқы Азия Ойындарының
эмблемасы үш түстен, сонымен бірге, олардың бірінің үстіне бірін салумен
жасалған. Дайын нұсқасында ақ кристалл түріндегі кесінді мен айналасы сары
түсті суреті қолданылады. Мағынасы мейірімді бола тұра, ол суық көк пен
жылы қызыл түстің қарсыластығы есебінен әсерлі әрекетті күшейтеді.
Түрлі-түсті гамманың өзінің мағынасы бар (суық көк пен жылы қызылдың
қарсыластық үйлесуі), бұл динамиканы сезінуді және эмоциялық жақсаруды
күшейтеді [8].
Мысалға, көк түс шексіз мүмкіндіктердің еркіндігі мен кеңдігін символмен
көрсетеді, сонымен бірге, ол жинақылық пен мақсаттылық сияқты спорттың
аспектісін бейнелейді. Қызыл түс жеңіске деген ырықсыз күш-жігерді,
спорттық құмарлықты және жарыстардың жалынын бейнелейді. Үйлесе келе, осы
екі түс жарқын спорттық оқиға болып келетін қысқы Азияда рухының өзін
көрсететін мұз бен жалынның бірігу идеясын береді, оны келесі 2 суреттен
көруге болады.
Сурет 2. Азиада Ойындарының эмблемасы [37]
Азияда ойынының ұраны:
7-ші қысқы Азия Ойындарының ұраны: Мақсаты бірдің – рухы бір!. Аталмыш
ұран (3 сурет) спорттық Азияның біртұтас рухын, мемлекеттер мен
халықтардың бір мақсатқа жетудегі ауызбірлігі мен достығын бейнелейді. Бұл
ұран 7-ші қысқы Азия Ойындарын ұйымдастырушы-ел Қазақстанның олимпиада
идеалдарына адалдығын тағы бір дәлелдейді (Қосымша А,Ә).
Сурет 3. Азия Ойындарының ұраны: Мақсаты бірдің – рухы бір! [22]
7-ші қысқы Азиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы
директоры Анатолий Кульназаровтың айтуы бойынша билет сатудан түскен
пайда 432 млн. тенгені құрады десе, ал Қазақстандағы туристік
ассоциациясының директоры Рашида Шайкенова әрбір елімізге келген турист
2000 доллардан пайда келтіреді деп, сондай-ақ, негізгі турист-жанкүйерлер
Азия еледерінен келеді деп есептеді.
2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойыны кезінде Астана мен Алматы қаласына
келетін туристерді 4 категорияға бөліп қарастырды. Азияның олимпиадалық
кеңесінің жанұялары (АОК), 274-vip-қонақтар мен ресми өкілдер, 1524-
спортсмендер, жаттықтырушылар, командаларға арнайы қызмет көрсетушілер,
дәрігенлер мен масажистер, 1300- шетелдік БАҚ өкілдері, құқық қорғаушылар,
барлығы 3897 адам, оның 1694 Астана қаласына, ал 2203 адам Алматы қаласына
жайғастырылады [12].
Жалпы Азиада ойыны кезінде Республикамызға келетін пайда қонақүйлерден,
мирамханалардан, тасымалдау көліктерінен, сондай-ақ, мәдениет үйлері,
концерт залдары, театрлар және кинотеатрлар, ойын-сауық орталықтары деп
есептелінеді. Дегенмен нақты сандық көрсеткіштерді айту қиын, бірақ та
күнделікті келетін табысқа қарағанда 70-80 % -ке көтеріледі деген болжам
бар. Сонымен қатар, Азиада кезінде елімізге келетін пайда көздерінің бірі
сувенирлер болып табылады. Ал, нақты қанша табыс екендігі комерциялық
құпия болғандықтан ашық айтылмайды. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді
қорытындылай келе, спорт және туризм министрі Талғат Ермегияевтің айтуы
бойынша Азиада ойынын өткізу 233, 5 млрд. тенгені құраса, ал келген
пайда 5 млрд. тенге болды деп атап көрсетті.
1. Туризмнің, теориялық негіздері, түрлері және оның маңызы
Туристік іс әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүдені, демалудың
белсенді түрлерін, емделуді камтамасыз етумен қатар транспорттық қызметті,
тамақгану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін
тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде.
Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең
маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі:
қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік:
саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары: саяхаттың ұзақтығы: топ
құрамы: ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі
принциптері және т.б. Туризм келесі түрлерге бөлінеді:
Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның
күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни
қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді:
- діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:
- әулие жерлерге бару:
Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге
бару
мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға, оның
ішінде
конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және
т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға байланысты
ұйымдастырылады.
Конгресске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығынына
қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес тиімді үйымдастыру қажеттілігі
туады.
Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы
орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
Өз бетінше ұйымдастырылған туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы,
тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын
белсенді
демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айрықша
ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет
ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің
өздері туристік-спорт клубтарымн және бірлестіктермен біріге отырып
ұйымдастырады.
Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бүл саласына әр
түрлі
серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру
мақсатындағы сапарлар жатады.
Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда
білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру қүрайды.
Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі
түрлі
қажеттілік жатыр, осыған байланысты:
Белсенді (активті) және пассивті түрге бөлінеді. Активті
спорт туризміне туризмнің белгілі түрімен айналысу кажетілігі, ал
пассивті туризмге қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын
көру мақсатында саяхатқа шығу жатады. Қозғалыс құрамдарына байланысты
туризм келесі түрлерге бөлінеді.
Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрін ішкі туризмде кеңінен
тараған.
Тәжірбие жүзінде бір туристік саяхатта транспорттың бірнеше түрін
пайдалану да ұшырасады, мысалыға, ұшақ-автобус, темір жол-автобус
және т.б. түрлерін айтуға болады. Мұндай түрлері аралас түр деп
аталады.
Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс
қүралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық
турлар туристік-экскурциялық (транспорт туры, үсынатын қызметтің
барлық түрін, яғни тамақгану, экскурсиялық қызметті ұсынумен)
және "денсаулық автобусы" деп аталатын - серуендік туры болуы
мүмкін (бір күндік автобус).
Велосипед туризмі. Туризмнің бүл түрін туристердің
шектеулі
контингенттері ғана пайдалана алады.
Автокөлік туризмі. Туризмнің бүл түрі XX ғасырдың екінші
жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
Әуежолы туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені
туристердің баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы 1960
жылдан 1980 жылға дейіннің өзінде туризмде қодданылатын үлес салмағы үш есе
өскен.Әуе жолдары турлары үшақгағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін
пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған
әуе сапарларына бөлінеді [4].
Теплоход (су) туризмі. Туризмнің бүл түрінде бағыттар өзен және
теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді
(ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар
порттарға тоқгамауы да мүмкін.
Өзен бағыттары-өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы
үйымдастырылады. Оларға: бір тәуліісген үзаққа өзен су кдйығын жалға алып
саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу
мақсатындағы экскурциялық серуендер жатады.
Круизді және туристік-экскурциялық сапарларды ұйымдастыру үшін
негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.
Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы
туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен
камтамасыз етілуінде.
Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі XIX ғасырдың 40-шы
жылдарынан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы
оны тұрғындардың аз кдмтамасыз етілген бөлгіне қолайлы болады. Қазіргі
кезде теміржол мен транспорттың баска түрлері арасында бәсекелестікте болып
тұрады.
Туристік өнім бағасын құрау принципін анықтауға байланысты коммерциялық
және әлеуметтік туризм болып бөлінеді. Әлеуметтік туризм мемлекеттік,
қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ
тұрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі
жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы: зейнеткерлер, студенттер, төмендегі
деңгейдегі жалақы алатындар және т.б.
Әйгілі американ социологы Т.Бертон бос уақытты өткізу сипатына, яғни
туристік демалыс моделіне, әсер ететін факторлардың үш тобын бөледі:
- технологиялық (жаппай коммуникация құралдары);
- институттық (зандылық);
- әлеуметтік-экономикалық (демография, кіріс шамасы, мамандық).
Өз кезегінде бос уақытты өткізу сипаты туризмді дамытуға әсер ететін
негізгі факторлардың бірі болып есептелінеді.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статистикалық және
динамикалық болып бөлінеді.
Статистикалық табиғи-географиялық факторлар жиынтығы жатады. Өйткені ол
тұрақгы мәнге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп кана
қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи-климаттық және географиялық
факторлар өз мазмүнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті
рельефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторларға жатады.
Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-динамикалық,
материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олардың мәні уақыт және
кеңістікте өзгеретін әр түрлі шамада болуы мүмкін.
Жоғарыда аталған бөлулерден басқа туризмге әсер ететін факторлар ішкі
және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер
арқылы әсер етеді. Факторлардың бұл тобы құрамына: түрғындардың жасы, жүмыс
істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз
басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұяның кірісінің
өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және
жанұя күру тенденциясы, тұрғындар құрамындағы баласыз жұптар санының өсуі,
иммиграция шегінің қыскаруы жатады. Ақылы іс сапарлар, жұмыс уақыты
кестесінің икемділігі демалыс кезеңін көбейтеді, іскерлік туризмнің сипатын
өзгертеді. Бұл турлардың ұзақтылығына әкеледі.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік-
демографиялық жағдайын жасайтын түрғындардың бос уақыт қүрылымына әсер
етеді. Сондықган да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың
уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықгау керек болады.
Тұрғындардың бос уақыт кұрылымы:
- қоғамдық өндістегі еңбек;
- физиологиялық кажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты;
- үй шаруашылығындағы еңбек;
- білім алуға келетін уақыт шығыны;
- еркін уақыт.
Туризмге әсер ететін сыртқы факторларга: экономикалық және қаржы
жағдайлары (төмендеуі): жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген
кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат
шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады.
Туризмнің дамуына әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға
сонымен катар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық кажеттілік
деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде
адамдардың әр түрлі түрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру
жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады.
Сонымен қатар, сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу
өзгерістері: технологиялық өзгерістер: транспорт инфрақұрылымы мен сауданың
дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады.
Ішкі (эндогендік) факторлар - бұл туризмге тікелей әсер ететін
факгорлар. Оған ең бірінші материалды-техникалық факторлар жатады [9].
Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық
тамақгандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т.б. дамуымен
байланысты.
Ішкі факторға туристік нарықтың төмендегі факторлары жатады.
а) Ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі
нарықгық кдтынастардың ерекшелігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың
түрақты сұраныска айналуын, сонымен катар жеке туризмнің өсуін айтуға
болады).
б) Нарықты сегменттеу ролінің өсуі (аймақ ішінде жаңа туристік
сегменттердің пайда болуы, саяхат баратын жерлердің қашықтығының ұлғаюы,
демалысты әр түрлілігі және т.б.).
в) Туристік қызмет пен монополия процесіндегі сәйкестілік ролінің
өсуі (көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және
кіші фирмалармен серіктік кдтынастарының өсуі: туристік одақтарды
қүра отырып тікелей интеграциялау және т.б.)
г) Туризмдегі кадрлар рөлінің өсуі (жұмысшылар санының
өсуі,
маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту
және т.б.)
д) Жеке туристік кәсіпкерліктің рөлінің артуы.
Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті
және негативті болып бөлінеді.
Экстенсивті факторлар: жұмысшылар айналымына енгізілетін материалды
ресурстар көлемінің өсуі, туризмнің жаңа объекгілерін салу.
Интенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік
құрылымды дамыту: ғылыми-техникалық прогресс жетістіісгерін пайдалана
отырып материалды базаны техникалық жетілдіру: қолда бар материалдық
ресурстарды тиімді пайдалану және т.б.
Негативті факторлар: экономиканы милитаризациялау: тұтыну заттарына
бағаның өсуі: жүмыссыздық: ақшаның түрақсыздығы, жеке түтыну көлемінің
қысқаруы, қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкротка
үшырауы және т.б.
Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал ретінде мына
жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының тұрақсыздығы: туристік
қызмет көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі: қонақ үй қызметінің нашарлауы:
сапардың ұзақгығығының, оған кететін шығынның қысқару: шетелге шығу
сүранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін
әлсіз сезінетін әлеуметтік және жастар туризміне маңызды әсерін тигізеді.
Казіргі кезде негативті факторлар Қазақстанда туризмнің дамуына үлкен
кері әсерін тигізуде.
Республикамыздың Президенті Н. Назарбаевтың Казақстан халқына арналған:
"Казақста-2030" жолдауында қызмет көрсету, оның ішінде туризмге тікелей
қатысы бар салаларды дамытудағы үзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге
асырудағы нақты міндеттер көрсетілген.
Мұнда туризмді дамытуға катысты төмендегідей ерекше стратегиялық
мәселелерге тоқталуға болады. Олар: туризм саласы болашағының жалпы
алғандағы "моделінің" көрінуі:
әрбір Министрліктер мен ведомстволардың туризм индустриясын
дамытуға, оның мақсаты мен басты бағыттарына қатысты
функциональдық жауапкершілікті сезінетіндей "туризм" жүйесінің
қалыптасуы:
- туризм саласына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz