Сапа менеджменті


МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
1 САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Жаһанды әлемдік экономикада сапаның рөлі . . . 9
1. 2 Фирма табыстылығындағы сапалық фактордың теориялық
аспектілері . . . 18
1. 3 Өнім сапасын басқару қызметін дамыған мемлекеттерде жетілдіру
жолдары . . . 26
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КҮРІШ ӨНДІРІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2. 1 Күріш компанияларының өндірістік - қаржылық және өтімділік
қызметін талдау . . . 34
2. 2 Күріш компанияларының рентабельділігін талдау . . . 47
2. 3 Қызылорда облысында күріш өндірісінің сапасын басқарудың
технико- экономикалық алғы шарты . . . 63
3 КҮРІШ ӨНДІРІСІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ
3. 1 Күріш сапасының технологиялық факторларын қалыптастыру . . . 70
3. 2 Күріш өндірісі сапасының экономикалық факторлары мен
көрсеткіштері . . . 83
3. 3 Күріш өндірісінің сапасын басқарудың
ұйымдастырушылық - экономикалық жобасы . . . 93
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 127
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 132
Белгілеулер мен қысқартулар
ИСО - стандарттау бойынша халықаралық ұйым
TQM (total quality menegment) - жалпы сапа менеджменті
ТШ - техникалық шарттар
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ГОСТ - мемлекеттік стандарт
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
ХЭК - халықаралық электротехникалық компаниясы
ССЕҰ - сынақтармен сертификаттау бойынша Еуропалық ұйым
TQSC - сапаны жаппай басқарудың статистикалық концепциясы
БС - британдық стандарт
ӨАД - өнімді ақаусыз дайындау
САСЕРБББ - сапа, сенімділік, ресурс бірінші бұйымнан бастап.
МЖҒҰ - моторесурстарды күшейту бойынша ғылыми жұмыстарды
ұйымдастыру
ЕӨБҒҰ - еңбекті, өндірісті және басқаруды ғылыми ұйымдастыру
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ӨСБКЖ - өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі
АЕЖ - ақаусыз еңбек жүйесі
АҚ - акционерлік қоғам
КС - кәсіпорындар стандарттары
МС - мемлекеттік стандарт
QS - сапа стандарты
СБЕФ - сапаны басқарудың Еуропалық қоры
СЕҰ - сапа бойынша Еуропалық ұйым
ӨК - өндірістік кооператив
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
т - тонна
тг - тенге
млн - миллион
% - пайыз
ц - центнер
га - гектар
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық зерттеу жұмысында күріш өндірісінің сапасын басқарудың ұйымдастырушылық, технологиялық және экономикалық жолдары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына Жлдауында 2003-2015 жылдарға арналған индустриальды - инновациялық стратегияны жүргізу тапсырмасындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар бизнесінің тиімділігіне аса назар аударады. Елдің тұрақты экономикалық өсуі отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық, технологиялық және техникалық бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауынсыз жүзеге аспайды. Өнімнің сапасын тиімді басқару жұмыстарын іске асыратын және өндіріске кеткен шығындарды қатаң бақылап отыратын кәсіпорындарда бәсекеге қабілеттілік болады. Нарықтық өндірістік процестерге көп көңіл аударылады.
Қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткізіп, біз тағы да бір стратегиялық міндетті - Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойдық. Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығу үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған.
Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидалары негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Яғни, Елбасы айтқандай: «Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарысы мол салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық ұлттық инновация, кластерлік жүйесінің дамуына жол аштық», алдағы уақытта ғылыми - техникалық дәуірлердің көшіне ілесу, тіпті, оның алдыңғы сапында болу осы жүйенің пәрменін талап ететіні де даусыз екендігін аңғартады. Мұны әлемдік ауқымда дамыған елдердің бай тәжірибелері айқын көрсетеді.
Кез келген шаруашылық жағдайында, сонымен қатар қазіргі нарықтық қатынастың даму жағдайларында да өнім сапасының себептері әрқашанда көптеген аспектілерге ие болады. Экономика саласындағы зерттеулер негізінде өнім сапасы философиялық, инженерлі - технологиялық, құқықтық, әлеуметтік, статистикалық және экономикалық тұрғыдан жан - жақты қамтылып, өнім сапасының көпсалалы кибернитикалық, саясаттық, математикалық аспектілері негізінде қарастырылады.
Бүгінгі таңда күріш өндіру объектілерінде негізі техникалық қордың төменгі жағдайы, нарықтық жағдайда басқару тәжірибесі, қажетті қаржы құралдарының жетіспегендігі және де сапа менеджменті саласындағы өнім сапасын басқарудағы жаңа жүйелердің енгізілмегендігі, отандық өнімнің бәсекеге қабілетсіздігін айқындап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін, тұрақтылығын, рентабельділігін шешуде жаңа жолдардың шараларын қарастырудың мүмкіндігі туындайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелуінің дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде өндірістік экономикалық тиімділікті, өнім сапасын, өндіріс рентабельділігін көтеру, сапа менеджменті мәселелері туралы көзқарастар қолданбалы және теориялық тұрғыдан жеткілікті түрде баяндалған. Әсіресе бұл мәселелер Л. И. Абалкин, Р. Р Аутов, Я. А. Әубәкіров, Қ. М. Белгібаев, С. Б. Байзақов, В. В. Григорук, Е. Б. Жатқанбаев, Е. Р. Елемесов, А. Х. Ералиев, Т. А. Есіркепов, Т. И. Есболов, Ғ. Ә. Қалив, Қ. Е. Құбаев, Р. Ю. Қуватов, Қ. С. Мұхтарова, С. Н. Нысанбаев, Р. Ө. Рахметова, К. Ә. Сағадиев, М. И. Сигарев, С. С. Сатыбалдин, П. Л. Шевчик және басқа отандық және шет елдік экономист ғалымдар еңбектерінде жақсы шешімін тапты.
Аталған авторлардың ғылыми еңбектерінде шаруашылық жүргізудің алуан түрлерінің және олардың рентабельділік деңгейі мен өнім сапасын көтерудің мән - мағынасы жүйеленіп, нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді рентабельді жүргізудің теориясы мен тәжірибесі жинақталған. Бірақ нарықтық экономикаға көшу жағдайында өнім өндірісінің сапасын жақсарту мәселесі теориялық, әдістемелік, жекеменшік және шаруашылық формалары есебінен терең зерттеуді әлі де болса талап етеді, сонымен қатар өнім сапасын қазіргі жағдайда кеңінен қарастырып, айталық Қызылорда облысының аумақтық ерекшеліктері, күріш өндірісіндегі өнім сапасы, кластерлік жүйесі, корпорациялық басқарылуы, сапа жүйесі әлі күнге дейін диссертациялық зерттеудің арнайы пәніне айнала қойған жоқ. Орындалған зерттеу жұмыстарында күріш өндірудің аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, күріш шаруашылығының сапасын көтеру үшін қолдануға қажетті нақты ғылыми - тәжірибелік және әдістемелік әзірлемелер жеткіліксіз. Аталған кемшіліктің орнын толтыру, соның ішінде Қызылорда облысы аумағындағы күріш өнімінің сапасын көтерудің аумақтық мәселесін зерттеу және шешу үшін диссертациялық жұмыс негізге алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Сапаны басқаруды дамыту У. Э. Деминг, Дж. М. Джуруна, Р. Ж. Додж, К. Исанов, Ф. Б. Кросби, А. М. Ляпунов, Г. Г. Роминг, А. Шухарт, П. Л. Чебышев және тағы басқа да ғалымдар үлкен үлес қосқан. Сапа мәселесі деген мемлекеттің және бизнестің көп көңіл бөлінуінің себебі - әлемдік нарықтағы қатаң бәсеке жағдайында, оның жоғары тиімділігі болып табылады. Тек сапа менеджменті сипатындағы сапалы жұмыс қана өнім сапасын, яғни оның бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде, жалпы фирма сапасы ғана оның бәсекелік тиімділігін қамтамасыз етеді. Қызылорда облысы аумағындағы күріш және күріш ауыспалы егістігінде өндірілетін өнімдердің сапасын жақсарту жөнінде ғылыми тәжірибелік ұсыныстар және әдістемелік жасау.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:
- нарықтық категория ретінде өндірістің сапасының түсінігі мен мағынасын анықтау;
- Қызылорда облысы бойынша күріш өсіретін шаруашылықтың өндіріс сапасын көтеру жөніндегі шаралар жүйесін жасап, дәлелдеу;
- әр түрлі меншік формалары мен шаруашылық жүргізуші ауыл шаруашылық құрылымдарының экономикалық механизмінің үдемелі дамуын қамтамасыз ету.
Зерттеу жұмысының пәні мен нысаны . Зерттеу объектілері ретінде Қызылорда облысындағы құрылған нарықтық типтес шаруашылықтар: өндірістік, ауыл шаруашылық, акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктері, шаруашылық қожалықтары алынды.
Зерттеу пәні күріш және күріш өсіретін ауыспалы егістегі дақылдардың сапасын көтеру мақсатында тауар- ақша қатынастары негізінде аграрлық өндірісті жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, сапа менеджментінің қалыптасуы, сондай - ақ өндірісті сапалы жүргізуге ықпал ететін факторларды және ДСҰ - на кіру жағдайында осы мәселені шешудің жолдары болып табылады.
Осы зерттеу жұмысымызда ақпараттық база ретінде Республикалық Ұлттық статисткалық материалдары, ауылшаруашылығы Департаментінің материалдары, Қызылорда облыстық статистика агенттігінің материалдары, әр түрлі күріш шаруашылығы агроқұрылымдарының жылдық есептерінің деректері, ғылыми - зерттеу институттың және жобалау ұйымдарының материалдары пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде отандық және шетелдік аграршы - экономистердің ғылыми еңбектері мен зерттеулері, сапа менеджменті теориясы мен тәжірибесі саласындағы отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, сапа жүйесін басқару бойынша конференция материалдары, сондай - ақ, меншік пен шаруашылықтардың талдамалы шолулары қалыптастырылды.
Ақпарат көзі болып шаруашлықты жүргізудің және басқарудың үкімдері, Қазақстан Республикасы Жолдауы, жарлықтары, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Заң актілері, Үкіметтің мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бойынша қаулылар және олардағы өндіріс сапасын арттыру мәселелері, Қызылорда облысының ауылшаруашылық Департаментінің материалдары, Ғылыми - зерттеу институтының материалдары алынды.
Зерттеудің жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығын анықтайтын және қорғауға ұсынылған төмендегідей нәтижелер алынды:
1 бүгінгі таңда жаһанды әлемдік экономика даму барысында ауыл шаруашылық саласында сапаны басқаруда өнім сапасының тұрақтылығы және орнықтылығы қарастырылып, менеджмент сапасының сертификациялық маңызы жүйеленді;
2 кәсіпорын қосымша табыс табуында бағалық және тұтынушылық факторлары зерттеліп, өзара байланыстары мен мақсаты кешенді түрде қарастырылды;
3 сапаны басқарудағы Батыс Еуропалық іс - тәжірибелерге талдау жүргізіліп, сапаны және тәжірибені басқарудағы тұжырымдамасы жан - жақты қарастырылды;
4 ауыл шаруашылық күріш компанияларының өндіріс тиімділігін бағалау және сапасын арттыру жолдарына талдау жүргізілді;
5 ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік әлуетті толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында әр түрлі шараларды іске асыру көзделді;
6 күріш өндіру саласында күріш кластерін құру негізінде корпорация құрып, практика жүзінде оны өндірістерде болашақта енгізу жолдары қарастырылды.
Зерттеу жұмысының қорғауға шығарылған ұстанымдары:
- ауылшаруашылық саласында сапаны басқаруда өнім сапасының тұрақтылығын және орнықтылығын қарастыру;
- күріш өндіретін Республика аумақтарында күріш өндірісінің тиімділігін талдау нәтижесінде күріш өндірісінің сапасын басқарудың әртүрлі аспектілерін есептейтін өндірістік - қаржылық және өтімділік қызметіне кешенді қадамның негізделуі;
- Қызылорда облысында күріш шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу және рентабельділігін жоғарлату мақсатында әр түрлі шараларды іске асыру;
- ұсынылған әдістерді қолдану арқылы күріш кластерінің негізінде өндіріс сапасын басқаруда корпорация жобасын ұсыну.
Зерттеу жұмысының теориялық және іс - тәжірибелік маңыздылығы. Қызылорда облысы аумағында күріш егістігіндегі дақылдарды өндірудің сапасын арттыру және басқару, оларды өндіріске енгізуге мүмкіндік тудыратын теориялық қағидалар мен іс- тәжірибелер қорытындылары, сондай - ақ нақты ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.
Зерттеу жұмысының талқылануы. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары «Анализ добавленного качества» (Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті, «Орта Азия Одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы» Халықаралық конференция материалдары, ІІ бөлім, 27. 04. 2005 ж), «Экономические методы качества в стандартах ИСО серии 9000-2000», «Кәсіпорынның табыстылығын басқарудағы сапалық факторлар» (Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚАЗҰУ хабаршысы, экономика сериясы №6, 2006 ж), «Управление качеством продукции и конкурентоспособность продукции» (Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті, «Орта Азия елдерінің ІІ Түркістан инстеграциялық форумы» Халықаралық конференция материалдары, ІІІ бөлім, 29. 04. 2006 ж) .
Диссертациялық жұмыстың жарияланымы. Зерттеудің таңдап алынған тақырыбы бойынша 10 мақала жалпы көлемі 1, 5 б. т. болатын ғылыми мақалалар мен ғылыми - тәжірибелік конференциялардың тезистері жарияланған. «Өндірістік менеджмент» оқу- әдістемелік құралы авторлық бірлестікте жарыққа шықты, көлемі 5 баспа табақ.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған 75 - әдебиет тізімінен, 35 -кестеден, 10 - суреттен, мәтіні машинкаға басылып 135 беттен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың жалпы сипаттамасы, оның зерттелу дәрежесі көрсетіліп, мақсат пен міндеттер тұжырымдалған, зерттеудің объектілері мен әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы берліген, мақұлдануы және зерттеу нәтижесінің жүзеге асырылуы жайлы мәлімет келтірілген.
«Сапа менеджментінің теория - экономикалық негізі» атты бірінші тарауда жаһанды әлемдік экономика даму барысында ауыл шаруашылық саласында сапаны басқаруда өнім сапасының тұрақтылығы және орнықтылығы қарастырылып, менеджмент сапасының сертификациялық маңызы жүйеленді.
«Қазақстан Республикасында күріш өндірісінің тиімділігін талдау» атты екінші тарауда ауыл шаруашылық күріш компанияларының өндіріс тиімділігін бағалау және сапасын арттыру жолдарына талдау жүргізілді, күріш өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік әлуетті толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында әр түрлі шараларды іске асыру қажеттігі туындады. Сондай -ақ, күріш егістігіндегі өнімді өндірудің рентабельділігін көтеру факторлары көрсетіліп, жіктеледі.
«Күріш өндірісінің сапасын басқару жүйесі» атты үшінші тарауда күріш өндіру саласында күріш кластері жүйесі негізінде корпорация құрылып, практика жүзінде оны өндірістерде болашақта енгізу жолдары қарастырылды.
1 САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
- Жаһанды әлемдік экономикада сапаның рөлі
Адамзат тәжірибесінде қоршаған өмірдің болмыстық шынайлылығының құбылыстары мен объектілерінің сан түрлілігіне байланысты күнделікті сапа түсінігі толық емес, көп түрлі, нақты емес, бірақ соған қарамастан әрбір жағдайда нақты қарым - қатынас талаптарына жауап береді. Сапа және оның ұғымы көпғасырлық даму жолынан өткен, соған талдау жүргізу кезеңінде ең алғаш рет біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда жүзіне белгілі философ Аристотель сапа түсінігіне талдау жасаған. Мысалы, сапаға Гегельдің (ХІХ ғ. ) берген философиялық анықтамасы бар: «Сапа - бұл ең алдымен болмыспен теңестірілген айғақтық, яғни бұл қандай да бір нәрсе өзінің сапасын жоғалтқанда, өзі де жоқ болады деген сөз» [1] .
Ал Қытай дерегінде сапаны көрсететін Иероглеф екі элементтен тұратынын көрсетеді: біріншісі - тепе - теңдік, екіншісі - ақша , яғни сапа ұғымы «жоғары дәрежелі» және «қымбат» деген мағынада түсіндіріледі.
Сапа категориясы - объектінің объективті болмысының маңызды жағы айғақтықты қарастырады. Объект сапасы - оның белгілі бір қасиеттерін ғана қарастырмайды, ол объектіні толық қамти отырып, бөлінбейтін біртұтас сипатта қарастырады. Сондықтан да сапа түсінігі зат болмысымен байланыстырылады. Мысалы: Шухарт ХХ ғасырдың 30 - шы жылдарында сапа негізінен екі аспекті бөле қарастырған:
- сапаның физикалық объективті сипаты;
- сапаның субъективті сипаты, яғни заттың қаншалықты «жақсы»
екендігіне байланысты [2] .
ХХ ғасырдың 50 - ші жылдарында зерттеуші К. Исикава да аталған аспектілерді негіздей отырып, тұтынушыларды нақты қанағаттандыратын өнімнің сапасы деп түсіндіреді. Тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру бұл тауардың нақты мүмкіндіктерін қабылдау мен тауардың дәрежелік сәйкестілігінің функциясы болып табылады. Яғни, тұтынушы тек ғана өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарды талап етеді.
Дж. Джуран М. ХХ ғасырдың 70 - ші жылдарындағы ғылыми еңбегінде сапа ұғымы пайдалану үшін беріледі дей отырып, негізінен сапа тұтынушыны қанағаттандыру дәрежесі деген түсінікті қолдайды [3] .
Американдық зерттеуші Ральф Недер сапаны «сұраныстан шыға тұра, сатып алушының қажеттілігін қанағаттандыру ретінде сипаттайды» десе, 1987 жылы Францияның мемлекеттік стандартында: «қызметкер мен өнімдердің сапасы фирманың өмір қабілеттілігімен сипатталады» деп айтылған. Атақты француз маркетологы Жан - Жак Ламбен сапаны «берілген нарықтағы әр өндірілген тауардың даму деңгейінің анықталуы ретінде» сипаттайды. Ресей экономистері Д. С. Львов және Ю. А. Зыков сапаны тұтыну деңгейін анықтайтын параметрлер жиынтығы ретінде қарастырса, ал А. Я. Боярский, В. И. Сиськова, В. И. Седова, П. М. Рабинович, Г. И. Кузнецова еңбектерінде сапа «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі ретінде», «сатып алушының сұранымын қанағаттандыру дәрежесі ретінде» сипатталған.
Сапа көрсеткіштері тек салыстырмалы тауарларды бағалайды. Сонымен қатар, жекелеген тауарлардың тұтынушылық сипаты болады, оларды стандарттауға және тәртіптеуге, яғни олардың сапасын бақылауға болады.
Американдық ғалым - инженер Ф. У. Тейлордың тәжірибесі бойынша «тұтынушы тек қана стандартқа сәйкес «жарамды өнімдер» алуға тиісті, «негодные изделия» тұтынушыдан тазаланып отырылады». Мұның мәні, сапаның жоғарылауы әрқашан шығынның өсуін қамтамасыз етеді [4, ] .
Сапаны арттыруға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ең негізгі факторлың бірі ретінде бағдарлау, қазіргі кезде әлемдегі ең жетекші фирмалардың ұзақ мерзімді стратегиясы болып табылады. Сапалы өнімді шығару тұтынушыға да, өндірушіге де экономикалық пайда әкеледі. Тұтынушы үшін пайдалылық әсері артады, тиісінше жоғары сапалы өнімді тұтынумен және пайдаланумен байланысты шығындар төмендейді. Ал өндіруші үшін өнімнің сапасын жақсарту, оны өндіру шығынының өсуі кезінде де өнімді өткізуді кеңейту және сату көлемін ұлғайту есебінен табысының артуына және пайдасының жоғарылауына әкеледі.
Қазіргі кездегі энергетикалық және экологиялық дағдарыстардың жағдайында және же жергілікті рыноктағы шетелдік өндірушілердің тарапынан бәсекенің нығаюынан, сондай -ақ халықаралық сапа стандарттарының талаптарының артуына байланысты отандық кәсіпорындар үшін сапа мәселесі өте қауыртты және күрделі, маңызды болып отыр.
Сапаны өнімнің өндірілу бағытына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын өзіндік құрамының жиынтығы ретінде түсінеміз.
Сапа мәселесі әрқашан әлемнің дамушы елдерінің басты назарында болған. 1998 жылы Парижде жаһандану процесі (глобализация) кезіндегі әлемдік нарықтағы өз тауарларының бәсекеге жарамдылығын қамтамасзы ету мақсатымен сапаның Еуропалық Партиясына қол қойылған.
Терең және масштабты әлемдік тенденция әсерінен пайда болған, ХХІ ғасырдағы жаһанданған әлемдік экономиканың негізгі белгілері мынадай:
- тауарды сату және әлемдік табысты бөлу жүйесіндегі дайын трансұлттық сипаттағы қоғамдық өндірістік ұйымдарға және технологиялық қағидаларға негізделген әлемдік экономиканың жаңа құрылымын құру;
- технологиялық негіздер және әлемдік экономиканың трансұлттық сипаты нарық субъекттерінің еңбекті және мамандандырылуы, масштаб тиімділігін халықаралық бөлудің тиімділігі есебінен табысты көбейтуге ұмтылумен түсіндіріледі;
- жаңа әлемдік құрылымның қызмет ету шарттарының бірі ұлттық экономиканың ашықтығы, өндіріс факторларының мобильділігі, әлеуметтік - саяси тұрақтылық және әлемдік нарық қатысушыларының экономикалық белсенділігі;
- жаһандану жағдайындағы экономикалық жүйелердің өзгермелілігі және масштабтылығы білім және технологияның тез ескіргенін білдіреді;
- ашық ұлттық экономика жағдайында, әлемдік экономиканы жабық экономикалық жүйе ретінде қарастырған жөн. Тиісінше, Борето бойынша халықаралық қатынастарды және елдің экономикалық бәсекеге жарамдылық деңгейін басқару үшін әлемдік өнімді бөлу тиімді болып табылады;
- жаңа әлемдік экономикалық құрылғыны техникалық қамтамасыз ету жаңа ұйымдық технологиялық мәдениеттіліктің, яғни «ақпараттық қоғамның» пайда болуы болып табылады.
Сапа - тек қана нарықтық экономикаға тән емес категория. Ол адамдар санасында кез - келген көзқараста, кез - келген жағдайларда жоғарыда айтылған факторларға байланысты жоғарылап немесе төмендеп отырады. Дегенмен, адам үшін қиын жағдайдың өзінде тауардың жеке түріндеде сапаның шегі болады, ол кезде адамдар өнімді тауар ретінде қабылдамайды. Бұл адамдар үшін сапаның үлкен маңызын көрсетеді, олар оны белгілі бір деңгейлер бойынша бағалайды:
- бірінші деңгей - «стандартқа сәйкестігі»;
- екінші деңгей - «пайдалану сәйкестігі»;
- үшінші деңгей - «нарықтың нақты талаптарына сәйкестігі»:
- төртінші деңгей - «жасырын қажеттіліктерге сәйкестігі».
Сапа бірінші деңгейде мемлекеттік стандарттың, техникалық жағдайдың, коммерциялық келісімдердің талаптарына сәйкес бағаланады.
Екінші деңгей тек ғана өндірістік технологияның стандарттарының сәйкестігіне емес, сонымен қатар тұтынушының эксплуатациялық талаптарына да сәйкес болу керек.
Үшінші деңгей арзан баға мен жоғары сапа талабының орындалуын көрсетеді.
Төртінші деңгейде тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын тауарларды өндіру.
Сапаны басқару кезеңдерінің мазмұнына толығырақ тоқталайық.
Бірінші кезеңде, сапа тауар немесе фирма қызметінің оның, ішкі техника шарттарының сай келу деңгейін білдіреді. Сапаның бұл аспектісін сапаның техникалық шарттарға сәйкестігі деп атайды.
Екінші кезеңде, конструкция сапасы бағаланады. Сапа өнім конструкциясына деген фирманың техникалық талаптарына жауап бере алады, бірақ конструкцияның өзі жоғары және сонымен қатар төмен сапалы бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz