Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау


Мазмұны
Кіріспе2
1. Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері4
1. 1. Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде4
1. 2. Банктік депозиттердің классификациясы8
1. 3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері14
2. «АТФбанк» АҚ-ның депозиттік саясаты26
2. 1. Қазақстанның депозиттік нарығындағыАТФбанк АҚ-ның рөлі
26
2. 2 «АТФбанк» АҚқызметінің жалпы сипаттамасы35
2. 3 “АТФбанк” АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау37
3. Депозиттік саясатты жетілдірудің жолдары43
3. 1 «АТФбанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары43
3. 2 Халық салымдарын сақтандыру қоры47
Қорытынды53
Қолданылған әдебиеттер тізімі56
Кіріспе
Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің өзіндік ерекшелігі оның ресурстарының басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттемеленеді. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті экономикалық нормативтер арқылы реттейді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, халық және басқа банктердің құралдарын салым (депозит) нысанында және осы салымға сәйкес шоттарды ашу арқылы тарту мүмкіндігін иеленеді. Банкпен тартылатын қаражаттар құрамы бойынша әртүрлі болып келеді. Олардың басты түрлері − клиенттермен жұмыс істеу үрдісінде банкпен тартылған құралдар (депозиттер), меншікті борышқорлық міндеттемелерді (депозиттік және жинақ сертификаттарын) шығару жолымен шоғырландырылған құралдар.
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі - бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Біздің елімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті көңіл аударылмай келді. Бұл жоғары инфляция және арзан ресурстардың қолда бар болған кезде банктік операцияларға сұраныс ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар тәуекелінің табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімді валюталық нарықтағы операциялар сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші орынға шығарды. 1998, 2008 жылдардағы болған банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде экономистердің еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статистикалық материалдар және мерзімді басылымдардың мәліметтері табылады.
Дипломдық жұмыста ресурстарды тарту аясында коммерциялық банктердің депозиттік саясат қалыптасуының теориялық аспектілері, депозиттердің жіктелуі егжей-тегжейлі қарастырылған, олардың ерекшеліктері, сонымен қатар екі жақ үшін де депозиттердің артықшылықтары мен кемшіліктері айқындалды.
Дипломдық зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- ақша-несие қатынастары жүйесіндегі «депозит» экономикалық категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
- банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
- халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
- коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы бағыттарын анықтау;
- депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.
Зерттеу пәні коммерциялық банктің депозиттік саясаты және оның қалыптасуы, жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.
Зерттеу объектісі − «АТФбанк» АҚ-ның депозиттік қызметі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс 57 беттік компьютерлік терім мәтінін құрай отырып, 7 кестені, 13 суретті және 4 қосымшаны қамтиды.
1. Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
1. 1. Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын
құрудағы негізгі көзі ретінде
Банктік депозит (латынан depositum - сақталуға берілген зат) - бұл банкке клиенттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. Әлемдік тәжірибеде депозит - бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Қазақстанда заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың - салымдар деп аталады. Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталымен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу тәуекелін төмендетеді. Үшіншіден банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материялдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктарге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.
Каценеленбаум З. С. банктік депозиттің мәнін зерттей отырып оның қос табиғатында тұжырымдалатын ерекшеліктерін атап көрсетеді: «Депозиттер салымшы үшін әлуетті ақша болып табылады . . . Салымшы үшін олар екі рөлде шығады: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан пайыз әкелетін капитал рөлінде… бірақ капитал әкелетін пайызға қарағанда депозит аз пайыз әкеледі. Бұл төменделген пайыз - кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынада: депозит бойынша төленетін пайыз банк әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін алатын пайызға қарағанда төмен. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар бойынша алатын пайыздардың ¼ бөлігін құрайды».
Сонымен, депозит тек қана салымшы үшін ғана емес, және банк үшін тиімді. Көптеген депозиттер банкке несие капиталды құруға ықпалын тигізеді, банк кейін бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез келген аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздармен және қарызгерлер төлейтін пайыздар арасындағы айырма - банк атқарған бос ақша қаражатты тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып табылады.
Банк үшін пассивті операциялар маңызды орын алады. Пассивті операцияларға пассивті шоттағы ақша қаражаттардың ұлғаюына әсер ететін банк операциялары жатады. Осылардың көмегімен банктер ақша нарығында несие ресурстарын таба алады.
Коммерциялық банктердің 4 түрлі пассивті операциялары бар:
- бағалы қағаздардың алғашқы эмиссиясы;
- қор құруға немесе ұлғайтуға банк табысынан аударым;
- басқада заңды тұлғалардан алынған несиелер мен борыштар;
- депозиттік операциялар.
Пассивті операциялар айналымда бола отырып банкке ақша қаражаттар тартуға мүмкіншілік тудырады. Жаңа ресурстар банк жүйесінде активті операциялар нәтижесінде құрылады. Алғашқы екі пассивті операциялар (1, 2) түрімен бірінші ірі несиелік ресурстар тобының меншікті ресурстары құрылады. Келесі екі пассивті операциялар (3, 4) түрі екінші ірі ресурстар тобын - қарыздық немесе тартылған несиелік ресурстарды құрайды. Банктің меншікті ресурстары банк капиталы мен оған теңестірілген баптарын көрсетеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен көлемі түрлі басқа қызметтермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекшеленетін айрықша өзгешелікке ие. Банктер меншікті капиталы арқылы қаражаттарының жалпы қажеттілігінің 10%-дайын жабады. Жалпы мемлекет банктердің меншікті ресурстары мен тартылған ресурстарының арасындағы қатынастың шекті мөлшерін белгілейді. Қазақстанда банк ресурстарының арақатынасы белгіленген. Қазақстанның қаржылық қадағалау агенттігі (ҚҚА) банктердің меншікті капиталына қойылатын талаптарды қатайтты. Осыған орай ҚҚА банктердің меншікті капиталын қазіргі 1 млрд. теңгеден 1, 5 млрд. теңгеге дейін, ал 2010 жылдан бастап 2 млрд. теңгеге дейін көтеруге шешім қабылдады [46] .
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал- жабдық, жалақыға жұмсалатын және т. б. шығындар жабылады. Меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрады. Нәтижесінде, меншікті капитал ұзақ мерізімді активтерге салынатын салымның негізгі қаражат көзі болып табылады [17, 126 бет] .
Банктің төртінші пассивті операциялар тобы банктік тәжірибеде негізгі болып табылатын - депозиттік операциялар. Бұл коммерциялық банк қызметіне еркін нарықтағы несиелік ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ егер жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Депозиттер - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары [17, 137 бет] .
Егер Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттік нарықтың даму ерекшелігін ескеретін болсақ, онда депозит анықтамасы келесідей болып түсіндірілуі керек:
Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі-бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіc, сақтандырыла отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Депозиттік операциялар банктік ресурстардың бос ақша нарығында ресурстарды иемденуде инвесторлармен құралдарды пайдаланушылар арасындағы делдал ретіндегі банк қарекетін көрсетеді. Депозиттерді тарту арқылы банк клиенттерге, басқа банктерге несие беру мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс алуға негіз жасайды. Депозиттік операциялар бұл - салымға ақша қаражаттарын тарту (пассивті депозиттер) немесе қолда бар құралдарды басқа банктер немесе несие-қаржылық институттарда орналастыру бойынша (активті депозит) операциялар. Депозиттік операциялардың негізінде банктің несиелік ресурстарының басым бөлігі құралады. Депозиттік операциялар заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк операцияларының біріне жатады.
Депозиттік операциялардың барысында коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселесіне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінің өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер бойынша бөлінген, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген еді. Елімізде депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан, біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды ғана талап етіп қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек:
- банк балансының жедел өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімді салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Депозиттердің келесідей қызметтерін атап айтуға болады:
1) Коммерциялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негіз болады.
2) Ынталандыру қызметі - депозиттік салымдардың әр түрлі шартпен құрылуы, салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде алу түрінде болады.
3) Қорлану қызметі - депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады. Олар - банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеуші органдардың талап етуімен және өз қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.
4) Банк ресурстарын құру қызметі - депозиттік салымдар тарихи қалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені бұл ресурстар банк - үшін арзан және әр уақытта бар болып тұратын қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80 % құрайтын ресурс болғандықтан, олар активтік операцияларды жүргізуге қажетті банк ресурстарының негізін құрайды.
Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз - бұл оның жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде құралған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Банктің несиелік ресурстары - бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегі активті-несиелік операцияларға бағытталатын бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы - тәуекелді операция), ол орналастырылған несиелік ресурстарға айналады.
1. 2. . Банктік депозиттердің классификациясы
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Активті депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар, олар пассив жағының көп бөлігін алады, сонымен қатар банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі [17, 138 бет] .
Банктік депозиттер бірнеше шарттар бойынша жіктеледі: ақшаны алу нысыны бойынша (1. 2. 1-сурет), салымшылар категориясы бойынша (1. 2. 2-сурет), мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.
Коммерциялық банктерде депозиттердің әртүрлі шарттары бойынша жіктелуі реті 1. 2. 1, 1. 2. 2-суреттерде көрсетілген.
Талап етілетін депозиттер - белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк Талап етілетін салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап етілетін депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда - қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап етілетін шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін [21, 160 бет] .
Кері алу нысаны бойынша депозиттер
1. 2. 1-сурет
Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен Талап етілетіншоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.
Талап етілетін салымдар депозиттік немесе контокоррентік шоттарда орналастырылуы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та транзакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Салымшылар категориясы бойынша депозиттер
1. 2. 2-сурет
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) - шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап етілетін шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот - наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz