Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл түсінігі



1. Тұлғаның әлеуметтік.психологиялық тосқауылдары
2. Әлеуметтік.психологиялық тосқауыл түсінігі
3. Әлеуметтік.психологиялық тосқауыл тұлғаның тіршілік ету факторы ретінде.
4. Әлеуметтік.психологиялық тосқауылдың табиғаты мен қызметі.
5. Әлеуметтік.психологиялық тосқауыл индивидтің өзінің қызметіне дайын болмау компенсациясы негізінде.
6. Қызметтің әлеуметтік.психологиялық тосқауылы
7. Қарым.қатынастың әлеуметтік.психологиялық тосауылы.
8. Әлеуметттік.психологиялық тосқауылдарды жеңу жолдары
Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл спецификалық жағдай немесе тұлғаның өзіндік ерекшелігі іспеттес. Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл – бұл тұлғаның рухани-психолоиялық потенциалын немесе оның тіршілік ету әрекеті процесінде жүзеге асуын төмендететін не тежейтін құбылыс.
Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл ретінде ол өзінің тұрақсыздығы мен белгіленген тұлғаның ерекшелігіне тәуелді емес, оның өмір қызметіндегі нақты жағдайларының сырт бейнесінің жағдайына байланысты шығады. Мәселен, адамның белгілі бір жағдайлар әсеріне байланысты көңіл-күйі, осындай жағдайларда оның өз жұбымен қарым-қатынасындағы түсіністігі мен көңіл бөлуіндегі өзгерістер психологиялық тосқауыл болуы мүмкін.
Тұлғаның өзіндік ерекшелігі жағдайында әлеуметтік-психологиялық тосқауыл өтпелі жағдайдағыдай емес, тұрақты көріністерді ұсынады. Тұлғаның мінез-құлық ерекшелігінде пайда болған немесе, керісінше, нақты жағдайға қарамай тұлғаның мінез-құлық ерекшелігі болып табылатын өзге адамдарға сенбеушілік, күдікпен, сақтықпен қарауда қарым-қатынас үстінде әлеуметтік-психологиялық тосқауыл болады.
Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл тұлғаның тіршілік ету факторы ретінде. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық тосқауылы – бұл адами тіршілік ету процесінде психиканың әрекетінде пайда болатын кедергі мен шиеленіс. Әлеуметтік-психологиялық тосқауылдың кең етек алған формаларының бірі – индивид психикасының бүкіл көріністеріне жағымсыз әсер ететін не өзгеруге итермелейтін жүйке жүйкесінің жұқаруы. Мысалы адамның шегіне жеткен жүйке жүйесінің психологиялық жұқаруы эмоционалды кері кетуге, сол сияқты қарапайым тапсырманы орындауға да қабілетсіздігі ойдың шырмалуына әкелуі мүмкін. Психиканың шегіне жеткен қысымы салдарынан жүйке жүйесінің көптеген функцияларының қызметі бұзылады. Мысалы, жадыда күңгірттену құбылыстары, зейін қою, зер салы, адекватсыз қабылдау және өзге адамның іс-әрекетіне сүлесоқ қарауы т.б. Байланыссыз сөйлеу немесе, керісінше, тұтықпа сынды сөйленістегі ауытқушылықтардың пайда болуы күйзеліс жағдайына тәуелді. Күйзеліс әсеріне ұқсас индикатор ол сөйлеу барысында ымдау, қол сермеу қимылының көп орындалуы. Осыған орай “Фантомас” көркем фильміндегі француз актері Луи де Фюнестің рөлін сомдаған өте ширақ полиция қызметкері Жюваны еске түсіріңіз.
Осының барлығы тұлғаның өзіндік шығармашылық реализациясын немесе психикалық әл-қуатын тиімді іс-әрекетке толығымен жұмсауына кері әсерін тигізеді. Бірақ дәл осындай жағдайда психологиялық тосқауыл ретінде психиканың индифференттілік жағдайы, яғни парықсыздық, бейжайлық немесе дағдарыстың да өтуі мүмкін. Осындай сәтте қызулық кезіндегідей адамның кез-келген салада жекелік потенциалы нәтиже беру деңгейі төмендейді, қызметте психологиялық енгізулер іске аспайды.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық тосқауылдары
2. Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл түсінігі
3. Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл тұлғаның тіршілік ету факторы ретінде.
4. Әлеуметтік-психологиялық тосқауылдың табиғаты мен қызметі.
5. Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл индивидтің өзінің қызметіне дайын болмау компенсациясы негізінде.
6. Қызметтің әлеуметтік-психологиялық тосқауылы
7. Қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тосауылы.
8. Әлеуметттік-психологиялық тосқауылдарды жеңу жолдары

Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық тосқауылдары

Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл түсінігі

Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл спецификалық жағдай немесе тұлғаның өзіндік ерекшелігі іспеттес. Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл – бұл тұлғаның рухани-психолоиялық потенциалын немесе оның тіршілік ету әрекеті процесінде жүзеге асуын төмендететін не тежейтін құбылыс.
Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл ретінде ол өзінің тұрақсыздығы мен белгіленген тұлғаның ерекшелігіне тәуелді емес, оның өмір қызметіндегі нақты жағдайларының сырт бейнесінің жағдайына байланысты шығады. Мәселен, адамның белгілі бір жағдайлар әсеріне байланысты көңіл-күйі, осындай жағдайларда оның өз жұбымен қарым-қатынасындағы түсіністігі мен көңіл бөлуіндегі өзгерістер психологиялық тосқауыл болуы мүмкін.
Тұлғаның өзіндік ерекшелігі жағдайында әлеуметтік-психологиялық тосқауыл өтпелі жағдайдағыдай емес, тұрақты көріністерді ұсынады. Тұлғаның мінез-құлық ерекшелігінде пайда болған немесе, керісінше, нақты жағдайға қарамай тұлғаның мінез-құлық ерекшелігі болып табылатын өзге адамдарға сенбеушілік, күдікпен, сақтықпен қарауда қарым-қатынас үстінде әлеуметтік-психологиялық тосқауыл болады.
Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл тұлғаның тіршілік ету факторы ретінде. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық тосқауылы – бұл адами тіршілік ету процесінде психиканың әрекетінде пайда болатын кедергі мен шиеленіс. Әлеуметтік-психологиялық тосқауылдың кең етек алған формаларының бірі – индивид психикасының бүкіл көріністеріне жағымсыз әсер ететін не өзгеруге итермелейтін жүйке жүйкесінің жұқаруы. Мысалы адамның шегіне жеткен жүйке жүйесінің психологиялық жұқаруы эмоционалды кері кетуге, сол сияқты қарапайым тапсырманы орындауға да қабілетсіздігі ойдың шырмалуына әкелуі мүмкін. Психиканың шегіне жеткен қысымы салдарынан жүйке жүйесінің көптеген функцияларының қызметі бұзылады. Мысалы, жадыда күңгірттену құбылыстары, зейін қою, зер салы, адекватсыз қабылдау және өзге адамның іс-әрекетіне сүлесоқ қарауы т.б. Байланыссыз сөйлеу немесе, керісінше, тұтықпа сынды сөйленістегі ауытқушылықтардың пайда болуы күйзеліс жағдайына тәуелді. Күйзеліс әсеріне ұқсас индикатор ол сөйлеу барысында ымдау, қол сермеу қимылының көп орындалуы. Осыған орай “Фантомас” көркем фильміндегі француз актері Луи де Фюнестің рөлін сомдаған өте ширақ полиция қызметкері Жюваны еске түсіріңіз.
Осының барлығы тұлғаның өзіндік шығармашылық реализациясын немесе психикалық әл-қуатын тиімді іс-әрекетке толығымен жұмсауына кері әсерін тигізеді. Бірақ дәл осындай жағдайда психологиялық тосқауыл ретінде психиканың индифференттілік жағдайы, яғни парықсыздық, бейжайлық немесе дағдарыстың да өтуі мүмкін. Осындай сәтте қызулық кезіндегідей адамның кез-келген салада жекелік потенциалы нәтиже беру деңгейі төмендейді, қызметте психологиялық енгізулер іске аспайды.
Адамның психологиялық мүмкіндіктерін әлсірететін мынадай түрлері бар: қорқыныш немесе өзіне сенімсіздік, жағымсыз эмоция күші және ұзақ жөнсіз уайым.
Тосқауыл ретінде тек жоғарыда көрсетілген жалпы психологиялық жағдай ғана емес, сонымен қатар тұлғаның өзіндік ерекшелігі де түсуі мүмкін. Мысалы оған тұйықтықты жатқызуға болады. Тұлғаның жоғары герметикасы өзге адамдармен қарым-қатынасында тосқауыл ретінде көрініс береді.
Психологиялық тосқауылды ұяңдық, жоғары әсерлілік, ұялшақтық сынды қасиеттерден көруге болады. Баспа беттерінде америкалық бойжеткеннің “секс” деген бір сөзінен ғана ес-түссіз құлап қалғанын хабарлаған еді.
Психологиялық тосқауылдың табиғаты бойынша түрлі психикалық жағдайларды немесе ақыл-ой жағдайы негізінде тұлғаның психикалық бағдарын таныту не тұрақты бағдар ретінде көріне алады.

Психологиялық тосқауыл мен қағида. Тұлғаның өзін өзі қалыптастырудағы кедергілердің психологиялық қағидалардың нұсқаулары жеткілікті көп қырлы – оған бекітілген кемшіліктерінен бастап мөлшерден тыс бекітілген жетістіктеріне дейін.
Таным үрдісінде қолданылатын шындыққа сәйкес адамның гностикалық қызметінің позитивті нәтижесі формасына бұл мінездеме толығымен сай келеді.
Әлбетте, адам танымының даму жолында психологиялық тосқауыл ретінде шындық өздігінен рөл атқармайды. Мұндай қарым-қатынас, яғни шындықтың таным қызметінің жетістігі нәтижесінде алынған субъективті қабылдау арқылы өтіп, кейін адамның гностикалық белсенділігінің құрылымы мен бүкіл фонына белгілі бір жағдаймен әсер етеді.
Ықпал ету екі жақты сипатпен анықталады. Бір жағынан ол ғылыми қызмет төңірегінде шығармашылық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан шығармашылық ізденістің мүмкіндігіне сол салада белгілі бір шектеу қояды. Өйткені белгіленген шындықтың нақты бекітілген бедел фактісі негізінде альтернативті шешім мен қадамдарды ысырады.
Дәл осы мағынада шындықтың консервативті ролі шығармашылық үрдістің таратпаушылық факторы ретінде, -деп Ф. Бэкон өз дәуірінде жазған еді. Ол: “Шындық анықталған кезде ол адам ойларына шектеу қояды”,-дейді.
Психологиялық тосқауыл идеясы ретінде мойындалған және саналып жүрген шектеулі және тыйым салынған рөлдер көп таралған және танымалдыққа ие болған кезеңінде ерекше айқын көрінеді. Әсіресе осы кезеңде дамуына жаңа идеялардың және гипотезалардың қалыптасу принциптеріне оның күші аса үлкен.
Ал бұл тапсырманы орындауда психлогиялық тосқауылды айтарлықтай күрделендіреді. Бұл жерде әйгілі ағылшын оқымысытысы әрі ғалым тарихшысы Джон Берналмен келіспеуге болмайды. Ол: “Ғылым заңдары мен теорияларын жалпы қауым мойындаған уақытта, олар ғылыми жаңалықтарды ашуға кедергі келтіреді. Жаңалықтарды ашуда көптеген қиындықтар тек қажетті бақылауларды жүргізуде ғана емес, сондай-ақ дәстүрлі идеяларды түсіндіруде күйреулермен жасалады. Жердің өз осінен айналуын дәлелдеген Коперниктен бастап, қан айналымын зерттеген – Гарвей, Эйнштейн эфир туралы ескі теорияны жоққа шығарса, ал Планк кванттық постулаттарды айқындағанда ғылымдағы шынайы күрес табиғат сырларының түсінуге бағытталып, өз уақытында ғылым дамуына өзіндік үлес қосқан еді”.
Айтылған дәлелдерден ғылыми зерттеулерде психологиялық тосқауылдарды жеңу жолында қиындықтар деңгейі дәстүрлі білім мен психологиялық тосқауылдар жүйесін қамтитын сәйкестенген фундаментальды деңгейге тікелей тәуелді екендігі көрінеді.

Әлеуметтік-психологиялық тосқауылдың табиғаты мен қызметі.

Тосқауылдың негізгі қызметі. Әлеуметтік-психологиялық тосқауылдың негізгі қызметі тұлғаның қауіп-қатерлерде жойылған ықпалынан қорғануынан тұрады.
“Қорғау” терминін бірінші болып (1894жылы) З. Фрейд енгізді, кейіннен ол психологиялық қорғауды амал не әлеуметтік орта талаптары индивидтің инстинктивті импульстері қақтығысуымен болған шиеленістің ішкі психикалық механизімінің әлсіреуі негізінде функционалды қызметін белгіледі. Бірақ қорғаушы механизмдерінің толық теориялық жүйесін шығарудағы қадамдары А.Фрейдке тән. Ол “Мен” талаптануындағы жоғары белсенділік бекітілген кезде немесе оларға қауіп төндіретін аффектілердің сәйкестенуі арқылы бастау алатын “Мен” қызметі ретінде анықтады. Мұндай механизмдер сананың келісімінсіз автоматты түрде іске асады.
Мұндай психологиялық механизмдер мәселен, ығыстыру, түс көру, орнын басу, теңестіру, проекция сублимация, рациоализация және т.б. З.Фрейд ашып жазған. Ал кейіннен А.Фрейд жүйелеген. Тұлғаның ішкі және сыртқы шиеленісінің әлсіреуіне және оның қабілеттілік деңгейінің көтерілуі, қоршаған орта мен өзін өзі ұстай білетін бейімделуге бағытталған.
Бірақ тұлғаның өзін өзі ұстаудағы қалыпты жағдайдан шығару стрессогенді факторлардан психологиялық қорғанысты қамтамасыз етеді. Бұл механизмдер өз кезегінде психологиялық тосқауыл жолында адекватты қабылдау мен соңғы тұлғалық табиғатты түсіну болып табылады.
Осылайша тұлға үшін қауіп-қатер белгілеріне қысым жасау, шетке ығыстыру және индивидтің ішкі психологиялық күйін, сезімін қолдау үшін бұл механизмдер психикалық тосқауыл ретінде көрінеді немесе сол сияқты тұлғаның адекватты бағалауы қалыптасу жолындағы кедергілер өзге де ситуациядағыдай өзінің соңынан психикалық жағдайымен индивидтің әрекетін қайта құруды талап етеді.
Бұл тосқауылды психологтар әлеуметтік нормаға индивидтің талаптануының сәйкес келу, келмеуі дәрежесіне бақылау ретінде қарастырады. Сонымен, Грановский Р.М. мен Крижанской Ю.С. еңбектерінде психологиялық тосқауылдарды әлеуметтік тұрғыдан қолданылмайтын талаптарды бақылау мен адамдарға кері әсерін тигізетін ақпараттардан қорғау жүйесі ретінде квалификациялайды. Психологиялық қорғаныс жүйесінің өзі әлемнің өзгеріссіз моделі мен тұтастықты қолдайтын механизм ретінде бейнелейді, адамның әлем туралы түсінігіне сәйкес келмейтін, ал кей жағдайда жаңа шешімдердің пайда болуына кедергі келтіретін, егер де олар қазіргі уақыттағы түсініктерге қарсыласа алса, ақпараттарды блокадада калдырады, сыртқа шығармайды.
Әлеуметтік-психолгиялық тосқауылды белгілі бір мөлшерде тасбақаның әлсіз әрі қорғансыз денесіне қажет сауытына ұқсатуға болады. Бұл көзқарас негізінде психологиялық тосқауыл адамның жүйке жүйесі әсерлілігінің сезімталдылығына қарағанда қажеттірек.
Психологиялық тосқауыл адамның рухани әлемінің ішкі жағдайынының құлазуы мен оның өмірінің сыртқы шарттарынан күйзелістің көтерілуі мен қауіпті қызығулардың бүлдіруші әсерлерінен сақтайтын тоңазытқыш сыңайлы.
Бірақ тосқауылды ішкі шиеленіс пен ішкі әсерлерден сақтай отырып, бір мезетте тұлғаның қозғалысын, интеллектуалды белсенділігін, әсерлілігін, эмоционалды реактивтілігін тежейді.
Басқаша айтсақ, психологиялық тосқауыл индивидтің әлеуметтік ортамен эпизодтық байланысын үзеді немесе шектейді.
Адамға мұндай қорғаныс не үшін қажет? Ол жақталған ба? Онда табу мен жоғалтудың қайсысы басым?
Әлеуметтік-психологиялық тосқауылдың табиғаты. Психологиялық қорғаныстың қажеттілігі тұлғаны ішкі шиеленіс сияқты бүлдіру салдарынан, сондай-ақ тосқауылды туғызушы сыртқы әсерлер көптеген факторлар мен адамның өмір қызметіндегі шарттарынан туындайды. Олар төмендегі жолдармен беріледі:
Индивидтің психикалық жағдайы мен сананы басқару қаупі;
Адамның қажеттілік нәтижесі ішкі зейінін топтау мақсатында қоршаған ортамн үздіксіз қарым-қатынастан жекеленуі;
Күйзеліс ситуациясындағы қатердің нәтижесі;
Өзгелермен тайталасуда белгілі бір тұтастықтың толық идентификацияның соңы;
рөлді немесе тұлғаралық қарым-қатынас қиындықтарының пайда болуы.

Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл индивидтің өзінің қызметіне дайын болмау компенсациясы негізінде.
Тұлғаның психикалық немесе әлеуметтік-психологиялық тосқауылының табиғаты бойынша индивидтің әсерлі қызметіне эксперименттілік шартына сәйкес психологиялық дайын болмауының компенсациялық нәтижесі.
Мұндай даярсыздық психикалық қорғаныс, сондай-ақ индивидтің психологиялық потенциалы резервтерінің консервациясын іске асыратын психологиялық тосқауылды тежеуішін қосуды міндеттейді.
Мұндай тежелудің мағынасы – тұлғалық потенциалдың қауіпті аймақтан шығуы экстримальды ситуациядан өзгермейінше, ситуацияның өзі немесе тиімді әрекетке қажетті психологиялық дайындық қалыптаспайды. Әрине, мұндай қорығаныстың өлшемі тұлғаның әртүрлі қасиеттері ғана емес, оның дамуы мен қызметінің толық процесі де болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана түсінігі
Діндарлық туралы ұғым
Діннің тарихы
Діндарлық
Психология және дін психологиясы
Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері
Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
Тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуі
Коммуникативті үрдістің құрылымдық-функционалдық талдамы
Пәндер