Қолданыста бар деректер мен зерттеулер негізінде әлеуметтік-саяси және діни процестерге жан-жақты талдау жасап, сонымен қатар осы кезеңде кең өріс алған шаруалар соғысына жаңа баға беру


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. ХҮІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ГЕРМАНИЯНЫҢ САЯСИ - ӘЛЕУМЕТТІК ТАРИХЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1. 1 Әлеуметтік қайшылықтар . . . 6

1. 2 ХҮІ ғ. бірінші жартысындағы Германияның саяси дамуының сипаты . . . 15

2. ХҮІ ғ. РЕФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ҰЛЫ ШАРУАЛАР СОҒЫСЫНЫҢ СИПАТЫ

2. 1 Реформацияның алғышарттары . . . 24

2. 2 Германиядағы шаруалар соғысының сипаты және саяси, қоғамдық реакцияның басталуы . . . 33

Қорытынды . . . 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі: Қай қоғамда, мемлекетте болмасын саяси билікте, ішкі сыртқы саяси жағдайдың даму деңгейі әлеуметтік экономикалық құрылымға тікелей тәуелді немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар мемлекет саяси даму дәрежесінің жоғарғы деңгейіне қол жеткізе алмайды және де осы халықтың хал-ахуалының көрсеткіші, сол кезеңнің, мәдениетінің даму көрсеткішін білдіреді. Сондықтан біз тарихшылыр қай кезде болмасын саяси дағдарыс, рухани тоқырау немесе өрлеудің себептерін анықтау үшін және оған объективті баға беру үшін зерттелініп отырған мемлекеттің әлеуметтік саяси жағына және ондағы болған ішкі қайшылықтарға баса назар аударуымыз керек.

Қарастырылып отырған кезеңде Германияның саяси - әлеуметтік дамуына келетін болсақ, елдегі экономикалық құрылыстың өзгешелігі, саяси бытыраңқылық пен феодалдық озбырлықтың дөрекі формалары әлеуметтік жанжалдарды туғызды. Жағдайдың ерекшелігі езілгендер мен қанаушы таптардың арасындағы жанжал билеуші таптардың - өзара бәсекелес дербес княздердің, ақсуйек және діни княздер мен феодалдардың ең жоғарғы діни және ақсүйек феодалдар мен рыцорлардың арасындағы шиеленіскен күреспен астасып жатты, сондай-ақ елдің әртүрлі аудандарындағы бюргерліктердің өз ішіндегі ала ауыздықтар мен мақсаттардың қарама-қарсылығымен бейнеленеді. Осы алауыздықтардың арқасында елде шаруалар соғысы да бет алды. Бытыраңқы Германияда оппозицияның әртүрлі ағымдарын ымыраға келтіріп, біріктіру ісі ерекше қиыншылықтарға кездесті.

Территориялық жүйеге негізделген саяси құрылысқа қарсы шыққан оппозицияның қатарында неміс рыцорлары да болды. Бірақ рыцорлардың бұл реакцияшылдық идеалары, бюргерліктің тарапынан да, әсіресе халық тарапынан да ешқандай тілектестікті кездестіре алмады. Алайда осыған қарамастан, княздерге қарсы күрескен рыцорлар идеологтары ХҮІ ғасырдың бас кезіндегі саяси оппозицияның жалпы өрлеуінде едәуір рөл атқарды.

Міне осындай ХҮІ ғасырда Германияның ішкі жағдайында болып жатқан шиеленіскен жағдайларды шешу зерттеуіміздің негізі болып келеді. Бұл сөзсіз, тарих тағылымдарын зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Аталған тақырыпта бітіру жұмысын жазудағы мақсатымыз қолданыста бар деректер мен зерттеулер негізінде әлеуметтік-саяси және діни процестерге жан-жақты талдау жасап, сонымен қатар осы кезеңде кең өріс алған шаруалар соғысына жаңа баға беру жұмысымыздың басты мақсаты болып отыр. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып бітіру жұмысымыздағы келесі мәселелерді қарастыруды міндетіме алдым.

1. Әлеуметтік қайшылықтарды зерттеу;

2. ХҮІ ғ. бірінші жартысындағы Германияның саяси дамуын сипаттау;

3. Реформацияның алғышарттарын айқындау;

4. Германиядағы ұлы шаруалар соғысының сипаты және саяси, қоғамдық реакцияның басталуын қарастыру.

Мәселенің деректік қоры мен зерттелу деңгейі: Бітіру жұмысын жазу барысында В. М. Володарскийдің Социально-политические взгляды Ульриха фон Гуттена атты еңбегін пайдаландық, сонымен қатар бұл мәселеге қатысты Циммерманның «История крестьянской войны в Германии» атты еңбегін атап кетуге болады. Бұл еңбекте 1524 - 1525 жылдардағы германиядағы шаруалар соғысы тарихынан көптеген фактілік материалдар келтірілген [1-2] .

1950 жылы «Хрестоматия по истории средних веков» және «Источники по истории реформации» сынды еңбектер материалдары деректер ретінде бітіру жұмысын жазуда әсері зор болды [3] .

Германияның саяси - әлеуметтік өмірін айтатын болсақ, ол әрине реформациямен тікелей байланысты, сондықтан біз соған қатысты келесі еңбектерді пайдаландық. Бұл құбылыс Еуропа тарихының ірі көріністерінің бірі. Германияда Реформация үлкен бетбұрыс жасап, адам дүниетанымының жетілуіне алып келді. Сондықтан, неміс реформациясы тарихнамадағы көп зерттелеген мәселелердің қатарын құрайды. Әсіресе кеңестік тарихнамада реформация тарихы, оның ішінде М. Лютер, Т. Мюнцер бейнелері саяси тұлға ретінде, діни тұрғыдан, педагогикалық тұрғыдан зерттелген. Мысалы, Смирин М. М., Чистозвонов А. Н., Соловьев Э. т. б. Орыс тарихнамасына Смирин М. М. өзінің салалы еңбектерімен көзге түсті. Оның «Очерки истории политический борьбы в Германии перед реформацией» еңбегінде Германиядағы шаруалар тобының антифеодалдық қозғалысы тек тікелей қанаушыларға, сеньерлардық қатынас жүйесіне қарсы бағытталып қана қоймай, территориялық князьдер билігіне қарсы, реакциялық территориялық жүйеге қарсы не себепті бағытталғанын көрсетеді. Автор еңбектің соңғы тарауларында XV ғасырдың соңы мен XVІ ғасырдың басындағы феодалдық билікке қарсы шаруалардың таптық күресінің күшейгендігін, бұл күрестің неміс халқының басқа қабаттарына әсері және реформация және Ұлы шаруалар соғысы дәуірінде жалпы халықтық көтерілісті дайындаудағы оның маңызы туралы көрсетуге тырысты [4-5] .

Аграрлық мәселелерге байланысты Сказкин С. Д. «Основные проблемы так называемого второго издания крепостничества в средней и Восточной Европе» еңбегінде XV - XVІ ғасырлардағы Эльбаның батысында қалыптасқан аграрлық құрылым түрлері туралы мәселелерді қарастырады. Әсіресе оның «Очерки по истории Западно - Европейского крестьянства в средние века» еңбегін атауға болады. Осы еңбегінде Сказкин С. Д. XVІ ғасырда Эльбаның батысында қалыптасқан аграрлық құрылымның басты белгілерін сипаттай келе, бүкіл батыс Еуропалық елдерде феодалдық экономикада қалыптасқан жағдайларға тәуелділігі мен олардың өзара қарым - қатынасын ретімен баяндап баға берген [] .

Бұл мәселе туралы Ермолаев В. А. Франконский город в крестьянской войне. 1525 г. «Средние века», 1954. Т. 5. Екі өндіргіш күштер арасында қарама - қайшылық нәтижесінде болған реформация мен шаруалар соғысы буржуазиялық революция ретінде қарастырылды. Туындап келе жатқан неміс буржуазиясы мен неміс бюргері алдында буржуазиялық революция мақсаты тұрды. Ермолаев артта қалған, феодалдық, оянбаған қаланы көрсетеді. Аудандары феодалдарға тәуелді барщина мен басқа феодалдық міндеткерліктерді төлеп тұрады, шаруалардан айырмашылығы жоқ. Бұл қала жартылай аграрлы қолөнер нашар дамыған, феодалдық реакция дейді [6] .

Липшиц Г. М. «реформационное движение в Чехии и Германии» деген Минскіде 1978 жылы еңбегң жарық көрді. Онда Германия мен Чехиядағы реформация толық нақты тарихи құбылыс ретінде сипатталады. Онда феодалдық қағида таптық қайшылықтардың орын алғандығы бейнеледі [7] .

Сонымен қатар бітіру жұмысының дерек көзі ретінде, сол заманның ағартушыларының тікелей еңбектері пайдаланылды. Яғни, гуманистердің, оның ішінде Э. Роттердамскийдің, У. Гутенің еңбектері, сонымен бірге М. Лютердің, Томас Мюнцер шығармалары [8] .

Диплом жұмысының әдістемелік негізі мен әдіс - тәсілдері. Диплом жұмысын жазу барысында тарихилық, ғылыми танымдық, жүйелік, объективтілік принциптері әдістемелік негіз етіп алынды. Тақырыптың мақсат - міндеттерін орындау үшін жалпы ғылыми әдістер және арнаулы тарихи әдістер қолданылды. Жалпы ғылыми әдістерден индукциялық (жалпыдан жалқыға көшу) және дедукциялық (жалқыдан жалпыға көшу) әдістер, пәнаралық байланыс әдісі өте тиімді деп табылды. Арнаулы тарихи әдістерден тарихи - салыстыру, тарихи жүйелеу тарихи - генетикалық, тарихи - аналитикалық әдістер пайдаланылды. Тарихи - салыстыру әдісі тарих ғылымында деректерді, зерттеулердің негізделген концепцияларын салыстыруда, бір - бірінен ажыратылуында, жіктеуде кең қолданылатын әдіс болып табылады. Ол әдіспен біз мәні жағынан бір - бірінен елеулі алшақтайтын еуропалық және ресейлік деректерді, зерттеулерді салыстырып, орташа тұжырым жасауға ұмтылдық.

Тарихи генетикалық әдіс феодализмнің, капитализмнің шығу, қалыптасу заңдылықтарын анықтап, сипаттауда маңызды болып табылады. Жүйелеу, жіктеу әдістерімен ғылыми айналымдағы дерктер мен көзқарастар мазмұны, мәні, тілі т. б. параметрлері жағынан реттестіріледі.

Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен құралған. Әр тарау өз кезегінде екі бөлімге бөлінген.

1. ХҮІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ГЕРМАНИЯНЫҢ САЯСИ - ӘЛЕУМЕТТІК ТАРИХЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

  1. Әлеуметтік қайшылықтар

1437 жылы Люксембургтер династиясы орнына Габсбургтер келді. Династияның ауысуы император билігін күшейтпеді. Император уақыт өте келе басқалар сияқты князьға айналды. XVI ғасырдың басында Герман империясы шамамен мыңға жуық бытыраңқы дербес княздіктерден тұрды. Осы ірі территориялар мен қатар аумағы қала немесе бір шіркеу көлеміндегідей кішігірім территориялар да өмір сүрді. Осы көп территориялар билеушілері үнемі бір - біріне қарсы одақ құрып жауласып жатты. Бұдан бытыраңқылықта орталықтанған княздар жеңіске жетті [9] . Княздар өз бетінше соғыс жүргізді, бейбіт келісімге келді, ландтаг шақырды, салық жинады, монета соқты, сот инстанциясының қызметін бақылады және т. б.

XVI ғасырдың басында “Герман ұлтының қасиетті Рим империясының” бірқатар өңірінде әлі де талас тудыратын территориялар бар, саяси бытыраңқы ел болып қала берді. Германияда үстемдік еткен княздар тобы елді мемлекеттік біріктіруге ұмтылмады. Өткен ғасырдың соңында жүргізген империялық реформалар мақсаты империяны біршама нығайту еді. Бұл Еуропада орталықтанған мемлекеттердің құрылуына байланысты қажет болды. XVI ғасырдың басында реформалардың сәтсіздікке ұшырағаны анықталады. Территориялық княздіктер мен графтықтардан тұрған империя көрші орталықтанған мемлекеттерге орын бере бастады. Императордың Швейцарияны өз қол астына біріктірудегі әрекеттері сәтсіздікке ұшырады, 1499 жылы император мен княздар әскері талқандалып, 1511 жылы Швейцар одағы тәуелсіздігін мойындады. Осы кезде италияндықтармен соғысып жатқан герман императоры Максимилиан І Франция мен Венециядан жеңілді. XVI ғасырда халықаралық қатынаста герман империясы жағдайы аянышты болды. Бірақ XV ғасырдың соңында Габсбургтер Еуропаның феодалдық - католиктік реакциялық күштерінің, бірінші кезекте папаның қолдауына сүйенеді [10] . Әскери күштер мен бағынышты жерлердің байлықтарын пайдалана отырып сол уақыттағы ірі сауда фирмаларымен финанстық келісімдерге келіп, династиялық неке саясатын жүргізе отырып, император Максимилиан І мен Австрия эрцгерцогтар неміс княздарын бағындыруға ұмтылып, бірқатар еуропалық мемлекеттерге Габсбургтер билігін орнатуға дайындалды. Габсбург державасы бұл мақсатына кейінірек, Максимилиан І немересі Карл V (1519 - 1556) кезінде жетті. Карл шешесі жағынан испан католик королі (Фердинанд пе Изабелла) немересі. 1516 жылы Еуропа және ар жағындағы иеліктермен испан тағы мұрагерлікке қалды. Максимилиан ықпалымен Карл “Қасиетті Рим империясының” мұрагері болып тағайындалды. Осылайша, 1519 жылы Максимилиан қайтыс болғаннан кейін, Карл империя құрамына енген барлық территориялар мен испан тағын біріктірді [9; 58б] .

Экономикалық құрлыстың өзгешелігі, саяси бытыраңқылық пен феодалдық озбырлықтың формалары елде әлеуметтік қайшылықтар туғызды. Осы кезде қалаларда болашақ буржуазиялық қоғам элементтері туындай бастайды. Цех қолөнершілері мен көпестерден тұратын қалалық бюргерлер топтана бастады. Осымен қатар шаруалардан бұрын ешқандай артықшылықтары болмаған адамдардан тұратын қала плебстарының тобы топтана бастайды.

Қала бюргерлерінің орта табының көбі байлар, орташалар, ұсақ меншік иелері, шеберлер, саудагерлер болды. Олар ауыр салықтардан өзара қырқыстардан зиян шекті. Бюргерлер арасында оппозиция күшейе түсті. Бірақ ішкі қарым - қатынастардың жеткіліксіз дамуы, саяси бытыраңқылық неміс бюргерлерінің тап болып қалыптасуына мүмкіндік бермеді. Ол өз мүдделерінен аса алмай, алдарына саяси мақсаттар қоя алмады.

Шаруалар мен феодалдар арасындағы жан - жал, үстемдік етуші таптар - княздар, ақсүйек және діни княздар феодалдар мен діни және ақсүйек феодалдар, рыцарлар арасындағы күреспен астасып жатты [9] .

Германия бытыраңқылығы, сол кездегі қалыптасқан жағдай рыцарлар - наразылығын тудырды. Рыцарлар ауыл шаруашылық және саяси өмірде позициясынан айырылып жағдайлары нашарлады. Мылтық және жаяу әскердің маңызының өсуіне байланысты, соғыс техникасының дамуы енді рыцарларды әскери қызметтен ығыстырады. Өздерінің жағдайларын сақтап қалудың амалын рыцарлар империяны нығайтудан, өзінің империялық әскери сословие ретінде өздерінің саяси рөлін қайта қалпына келтіруден көрді [11] . Бірақ неміс дворяндары мемлекеттің ішкі экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға ұмтылмады, рыцарлардың әскери күштеріне сүйенген, онда крепостнойлық құқық шексіз үстемдік еткен, ал қалалар саяси мәнінен айырылған империя құруға ұмтылды. Рыцарлардың идеологтары княздар мен топтарды ығыстыруға, Рим папасының қанауынан Германияны босатуға шақырды. Рыцарлардың идеологтары XVI ғасырдың басындағы саяси оппозицияны жалпы өрлеуінде рөл атқарды [12] .

Ақша - тауар қатынасының дамуына байланысты рыцарлар қажеттілігі күшейді. Олардың табыс көзі азайды. Сондықтанда рыцарлар шаруаларды қанауды күшейтіп, оларға жаңа міндеткерліктер мен салықтар” салды. Дворяндар княздардың әлсіреп, империялық биліктің күшеюін қалады. Олар дін қажет емес деп, олардың жерлерінің мемлекеттік меншікке ауысуын қалады. Дворяндар мен қалалар арасында қақтығыстар өршіді. Рыцарларі көпес каравандарына шабуыл жасап, қала халқына контрибуция салып, өздерімен соғыста қолға түскендер үшін ақша талап етіп отырды [13] .

Дін екіге бөлінді: аристократиялық және плебейлік. Алғашқысының құрамында: шіркеу сановниктері, архипископ, епископ, аббат және т. б. Олардың қарамағында халықтарымен үлкен жер иелігі болды. Плебейлер жағында: ауыл шаруашылығы мен қала дінбасылары болды. Төменгі дін иелері бюргерлер ме плебейлермен байланысты болды. Бұлардың басында папа тұрды [14] .

Неміс ғалымы Вильгельм Циммерман (1807 - 1878) өзінің “Германиядағы шаруалар соғысы тарихы” деген еңбегінде қызықты материал келтірді. Папаның, шіркеудің дінге сыйынушылардан әртүрлі салық алғандығын айтады. Күнәні кешіру үшін дейді неміс тарихшысы “қыран құстың қауырсынан архангел Михаил қанатының қауырсыны деп немесе құдай жатқан сабан деп оларды ақшаға сатқан, бұл чумаға қарсы дәрі деген”. Тағы мынадай дерек келтірген. Шіркеу қызметіне тағайындалу үшін діни адамдар Рим папасына ақша төлеген. Мұны малықтан төлеп отырды. Әрбір басшы 15000 - ден 2 гульден төлеуі керек [15] .

Рим сарайы қызметті қымбатқа сата отырып, өзінің барлық шығынын осы арқылы жаппақшы болды, бұл үшін халыққа ауыр салықтар салды.

Ірі жер иесі католиктік шіркеу, орта ғасырда барлық феодалдық құрылымның идеологиялық тірегі болды. Бүкіл әлем және ондағы барлық тәртіптер, соның ішінде қоғамдық құрылыс та құдайдың құдіретінен жаратылған, сондықтан ол ешқандай өзгеріске жатпайды, ал халықтың үлесіне өкіметке бағыну ғана тиеді деп үйретті католиктік шіркеу. Ол адамның ежелгі бергі күнәһарлығы туралы идеяны ұсынды. Осы ілімге сәйкес, адам жаратылысынан күнәһар және өз бетімен одан құтылуға қабілетсіз. Тек шіркеу өзінің құдіреті арқылы адамды күнәдан “арылтуды” қамтамассыз етеді.

Папалар және жоғарғы католиктік дін қызметкерлері өздерінің ілімі мен ұйымының феодалдық дүниедегі мәнін жақсы түсінді. Папалық Рим өзін өмір сүріп отырған құрылыстың тірегі санады және бас көтере бастаған антифеодалдық күштердің бәрін де жойып отыруға тиістімін, ал орта ғасырдың соңында халықтардың ұлт болып қалыптаса бастауы процесінің тірегімін деп білді. Папа басшылығындағы католиктік дін иелері өздерінің саяси гегемониясын орнату өкімет билігін өз қолдарына алу өзінің ықпалын ең алдымен баю мақсатында пайдалану жөніндегі талаптары да міне осыдан туған еді.

Католиктік шіркеудің қойған талаптары тіпті ақсүйек феодалдардың, қала тұрғындарының наразылықтарын туғызды. Шіркеудің талаптары XV - XVI ғасырларда Папаның саяси әрекеттері мен озбырлықтары алдында бытыраңқы Германия дәрменсіз еді [16] .

Сауда мен қолөнердің дамуына байланысты әрбір неміс қалаларында әр топтың жеке - жеке территориялары қалыптасты: патрициат, бюргер, плебей. Қалалардағы тұрғындардың басында ауқатты патрициат руы тұрды. Олар қаладағы жоғарғы қызметтерді иеленіп, салық жинап отырды. XVI ғасырдың басында барлық қалаларда бюргерлер мен плебейлер патрициатқа оппозициялық қарым - қатынаста болды. Бюргерлік оппозиция бай, орташа, ұсақ кәсіпкерлерді қамтыды. Оның талаптары біркелкі сипатта болды. Олар қалалық бұқараны бақылауға және бірқатар аристократиялық жанұялардың олигархиялық билігін шектеуге тырысты. Бюргерлер шіркеуді қатты сынға алды. Олар монахтарды қысқартуды, олардың артықшылықтарын қысқартуды талап етті. Олар арзан шіркеуді талап етті.

Плебейлік оппозицияның сол кездегі құрамы өте күрделі болды, оның құрамында аралас топтар болды. Ол өзінің қатарына ыдырауға айналған феодалдық құрылыстың және жаңа туындап келе жатқан буржуазиялық қоғамын элементтерге біріктірді.

Шаруалар соғысына дейін плебейлер саяси күресте топ ретінде қатысып, ал шаруалар соғысында партия құрып шаруалар жағында күресті.

Плебейлерден басқа империяның барлық сословиесі еңбегі арқылы күн көрді. Феодалдар әртүрлі әдістер арқылы шаруалар салықтары арқылы өз кірістерін молайтуға әрекеттенеді. Олар шаруалар жер иеліктерін қысқартты. Кейбір жерлерде жер иелері барщинаны көбейтіп, шаруаларды крепостнойлық тәуелділікке түсірді. Шаруаларға әртүрлі салықтар салды. Осылайша тауар өндірісінің өсуіне байланысты феодалдық қанау күшейді. Неміс шаруаларының жағдайының нашарлауы XV ғасырдың соңында айқын білінді. Шаруалардың тәуелсіздік процессі басталды [17] .

XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басы Германияның экономикалық өмірінде өрлеу байқалды. Елдегі халықтың көпшілігі феодалдарға тәуелді шаруалардан тұрды, елдегі өндірісте феодалдық үстемдік жалғаса берді. Қалаларда цехтың қолөнер кәсібі сақталынды. Бірақ XVI ғасырдың басында капиталистік өндіріс элементтері кең тарай бастайды.

Осы кезеңде тау - кен өндірісінде, әсіресе күміс, металл өндірісінде, тоқыма өндірісінде үлкен табыстарға жетті. Сауда да сапалы дамыды. XV ғасырдың соңында Ұлы жағрафиялық ашуларға қарамастан Германия XVI ғасырдың ортасына дейін әлемдік сауда саласында өз позициясын жоғалтпады. Германия арқылы шығыс елдерін Батыс Еуропа елдерімен байланыстыратын орталық сауда жолдары өтті.

Үндістаннан солтүстікке қарай өтетін ұлы сауда жолы Васко да Гамманың ашылуына қарамастан Германиядан өтеді, бірақ Аусбург бұрынғыдай Левантаның барлық туындыларының, үнді татымды заттарының, итальян жібек бұйымдарының ірі қоймасы болып қала берді.

Сондай - ақ Вимфелинг Германияның Оңтүстік және Батыстағы қалаларын және басқа үлкен сауда айналымдарын көрсетті. Аусбург пен Нюрнбергке қарағанда кіші Ульм жылына жарты миллион гульден алып отырды. (Гульден Ортағасырлық Германиядағы алтын монета)

Эльзас қалаларының ішіндегі өзінің сауда табыстары мен байлығымен Страсбург ерекшеленеді. Страсбург және Оңтүстік - Батыс Германиядағы басқа қалалар арқылы Германия Франциямен, Испаниямен, Жерорта теңізімен сауда байланыстарын орнатты. Дунайдағы орналасқан қалалар арқылы, неміс саудасы Оңтүстік - Шығыс Еуропадағы славян жерлерімен қарым - қатынас орнатты. Германияның сауда пункты Франкфурт - на - Майне болды. Бұл жерге әртүрлі аудандардан тауарлар келіп тұрды. Германияның сауда жолдарындағы жағдайы, оның өндіріс орындарының дамуында үлкен маңызы болды. XV ғасырдың өзінде Германияда жүннен тоқылған мата өндірістің негізгі саласына айналды. Солтүстік Германияда мал шаруашылығы жақсы дамығандықтан және елде болатын заттардың бар болуы сукно материалының дамуына жағдай жасады. Неміс жүнінен жасалған тұрпайы сукно, Англия мен Фландрияның жұқа сукносына қарағанда арзан тұрып, солтүстік теңіз сауда жолдары бойындағы аудандарда үлкен сұранысқа ие болды.

Ал төменгі Рейндегі неміс қалалары ағылшын жүнінен жұқа сукно өндірді. XV ғасырда тоқыма өндірісінің басқа салалары да жетістіктерге жетті. Мақта - мата бұйымдары - жергілікті рыноктан басқа Италия, Испания және т. б. елдерге шығарылды.

XVI ғасырдың басында Германияда сауда - өсімқорлық және өнеркәсіптік фирмалар Фуггер, Вельзер, Имгоф және басқа неміс фирмалары өз қызметтерін жалғастыра берді. Олар өз қолдарына маңызды өнеркәсіп салаларын алып, ал егер кең мағынада айтсақ нан және шикізатты алып, үстеме бағамен сатты. Бұл фирмалардың ішінде ірі капитал иесі, Фуггерлер үйі ерекшеленді. Фуггер фирмасы Рим папасын, Габсбургтерді және басқа басшыларды ақшамен қаржыландырып, осы арқылы Еуропалық елдердің саясатына едәуір ықпал етті.

Халықаралық сауда мен кредиттік операциялар барысында байыған бұл неміс фирмалары, өз капиталдарын Германиядағы тау - кен өндірісінен басқа елдеріндегі тау - кен өндірісіне жұмсады. Вельзер фирмасы Америкада мыс пен күміс өндірумен айналысса, Фуггер тек қана тау - кен өндірісімен қатар басқа өндіріс салаларына капиталын жұмасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
Кеңес өкіметінің Алаш автономиясын жоюы
Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты
Қазақстан жаңа заман тарихы
Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба
Византия империясының құлауы
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
ХІІІ ғасырдағы Англияның саяси дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz